Тарының қара күйесі. Қоздырғышы: Sphacelotheca рanici – miliaceai (Pers) Bub.
Ауру гүл шоғыры шыға бастағанда білінеді.Ауру өсімдіктерде гүл шоғырының орнына жұқа қабықшамен қапталған гүл шоғырының қалдықтарынан тұратын ақшыл күлгін түсті немесе қоңыр кір түсті зат пайда болады. Споралар тұқым мен топыраққа егін орағы кезінде жұғады.
Жүгерінің толарсақ қара күйесі. Қоздырғышы: Ustilago zeae Ung.
Аурудың қоздырғышы жүгерінің жас ұлпаларын өсімдіктің бойы 30-40 см болғаннан бастап ұлғайған шағына дейін зақымдайды. Ауру сабақты, жапырақтарды, буын аралықтарын, масағын, жер бетіндегі тамырларын залалдайды. Зақымданған мүшелерде көлемі мен пішіні әр түрлі байланымдар түзіледі. Споралар жетілген кезде каптары жарылып шашылады. Олар тұқымда және топырақта сақталады. Ауырған мүшеге байланысты түсім шығыны әр түрлі.
Жүгерінің тозаңды қара күйесі. Қоздырғышы: Sorosporium reilianum (Kuhn) Mc. Alpine f. sp. zeae.
Гүл шоғыры зақымданады. Собық зақымданғанда, сырты ақ немесе қызғылт қабықшамен қапталған споралар жиынтығына айналады.
Гүл шоғырында жекелеген гүлдер зақымданады. Ауру өсімдіктердің өсу жағдайы нашарлап, көп бұтақтанып кетеді және өнім бермейді.
Телиоспоралар орақ кезінде дәнге, өсімдік қалдықтарына және топыраққа жұғады. Өскіндерді зақымдайды.
Ауру қоздырғышының дамуы температурамен тікелей байланысты. Саңырауқұлақтың өсуі мен дамуына қолайлы температура - 28-300 С шамасында.
Дәнді дақылдардың қара күйе ауруларымен күресу шаралары: төзімді сорттарды өсіру; тұқымды ғылыми негізделген мөлшерде және мерзімде себу; тұқымды жылы ауамен желдету; құрамында қара күйе қапшықтары (қатты қара күйе) жоқ 1 және 2 классты тұқымды пайдалану; 3 классты тұқымды пайдаланғанда қара күйе қапшықтарының қоспасы 0,02%-дан аспауы керек; тұқымды дәрілеу. Тұқымды дәрілеуді фитосараптама нәтижесі бойынша жүргізген дұрыс. Дәнді дақылдардың тұқымдары сумен ылғалдандырылып дәріленеді (10 л/т). Тұқымды дәрілеу «…Тізім» регламентінде көрсетілген дәрілермен жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |