Білім және ғылым министрлігі



бет16/19
Дата21.04.2017
өлшемі11,8 Mb.
#14457
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Беденің қатерлі ісігі. Қоздырғышы Sclerotinia trifoliorum Eriks. (Ascomycetes класы, Helotiales ќатары) саңырауқұлағы.

Ауру бедені, жоңышқаны, эспарцетті зақымдайды. Ауру көктемде білінеді. Жапырақтар  ширатылады, сұрғылт түстенеді, ал тамыр мойыны қоңырланып бүлінеді. Зақымданған өсімдіктер өліп қалады. Зақымданған жерлерде қара қарамықтар пайда болады. Ауру өсімдіктер топырақтан жеңіл жұлынады. Өсімдіктердің өліп қалуы ошақ-ошақ болып байқалады. Ауру аскоспоралар арқылы тарайды. Қарамықтар топырақта өміршеңдігін 5-6 жыл сақтайды.

Бұршақ тұқымдас дақылдардың микоздарымен күресу шаралары: бұршақ тұқымдас дақылдарды 2-3 жылға дейін бұрынғы орнына қайтаруға, көпжылдық бұршақ тұқымдас дақылдарға жақын отырғызуға болмайды;  өсімдік қалдықтарын жою; тұқым алу үшін 2-3-ші жылғы көпжылдық  шөптерден алу дұрыс; көпжылдық бұршақ дақылдарының тұқымдарын мұқият тазалау қажет (оны флотация әдісімен тазалайды, яғни ас тұзының қаныққан ерітіндісінің бетіне өнбейтін тұқымдар қалқып шығады да, қалған тұқымдарды жуып, кептіріп тұқымдыққа пайдаланады); себер алдында тұқым дәріленеді; өсу кезеңінде жапырақ, сабақ ауруларының қатты дамуы болжанғанда егістік «...Тізім » бойынша  фунгицидтердің бірімен өңделеді.

 

 



 

Жапырақтардың бұрышты дағы. Патогені - Pseudomonas glycinia Coerper бактериясы. Қытай бұршағының жер бетіндегі мүшелерін дамудың барлық кезеңінде зақымдайды. Өскіндердің тұқым жарнағы мен гипокотилінде майлы ашық-қоңыр түсті дақтар пайда болады. Дамудың соңғы кезеңінде жапырақтар мен бұршақтардағы дақтар кішірек және қызғылт қоңыр түсті, ал шіріген жерлері тесіліп қалады. Ауру сабақтарда қоңыр қызыл түсті, ұзынша жолақтар түрінде білінеді. Зақымданған дәндер бүрісіп қалады, олардағы дақтар басылған, ақшыл қоңыр түсті. Ауру тұқым мен өсімдік қалдықтарынан тарайды.

 

Бактериялық солу. Қоздырғышы - Pseudomonas solanacearum бактериясы. Аурудың белгілері - өсімдіктің солуы, жапырақтардың сарғаюы мен сұрлануы. Өткізгіш ұлпалар бактерияларға толады,  ал сабақтың  қиындысында өткізгіш ұлпалардың қарайғандығы байқалады. Ауру зақымданған өсімдік қалдықтарынан тарайды.



Бұршақ тұқымдас дақылдардың бактериоздарымен күресу шаралары: ауыспалы егісті пайдалану; тұқымдық және  азықтық  егістіктерді бір бірінен алыс отырғызу; минералды тыңайтқыштарды қолдану; тұқымды кептіріп, тазалап, іріктеп, «...Тізім » бойынша дәрілеу;  өсу кезеңінде қажет болған жағдайда фунгицидтерді пайдалану.

Асбұршақтың кәдімгі мозаикасы. Қоздырғышы - Bean common mosaic  вирусы.

Ауру асбұршақта, жемдік бұршақта, бедеде және басқаларында байқалады. Белгілері – жапырақтардың мозаикалануы, өзгеріске түсуі, өсімдіктің өсуі мен дамуының нашарлауы. Қоздырғыш көпжылдық бұршақ дақылдарында сақталады. Бітелер арқылы тарайды.

 

 



 

 

 



 

Үрме бұршақтың кәдімгі мозаикасы. Қоздырғышы - Bean yellow mosaic  вирусы. Үрме бұршақ пен жемдік бұршақ зақымданады. Жапырақтары мозаикаланып, кейін тарамдары шіріп, олардың айналасындағы ұлпалар сарғаяды.

Бұршақ дақылдарының вироздарымен күресу шаралары: ауыспалы егісті пайдалану; тұқымдық егістіктер мен мал азықтық егістіктерді бір бірінен алыс отырғызу (1 км); тұқымды дәрілеу және фунгицидтерді пайдалану «....Тізім » бойынша; ерте егу; минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру; вирустарды таратушы жәндіктермен күресу; өсімдік қалдықтарын жою; сүдігер жырту.

 

 



 

 

 



Жоңышқа мен беденің арам шырмауығы (арамсояу). Cuscuta текті гүл тоғышарлары.

Сабақтары жіңішке, жіп тәрізді. Арам шырмауық жарықсүйгіш, көбінесе өсімдіктің орталық және төменгі бөліктерінде тығыз оратылып дамиды. Аязға төзімді. Сабақтары мен тұқымдары қыстайды, ал тұқымның өнгіштігі 5 жылға дейін сақаталады.

Күресу шаралары: арам шырмауық өскен жерлерді айналасындағы екі метр жерді қамтып гүлдегенге дейін орып тастайды және тұқымды мұқият тазалайды.

 

 



 

 

 



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет