Білім және ғылым министрлігі



бет18/19
Дата21.04.2017
өлшемі11,8 Mb.
#14457
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Шоқа шірігі. Сақтау кезінде саңырауқұлақ және бактериялар тудыратын ауру.  Қоздырғышына байланысты өсімдіктерінің бетінде түрлі-түсті (ақ, сұр, қызғылт және басқа да түрлі) зең дамиды. Ауру қызылшаны дұрыс өсірмеуден, тасымалдамаудан және сақтамаудан пайда болады. Көп жағдайда зақымданған тамыржемістер сұр, қоңыр немесе қара түске боялады.  Егер ауру саңырауқұлақтан дамыса онда шірік құрғақ болады, ал бактериялардан болса  онда тамыржемістер кілегейленіп жұмсарып кетеді. Ауру тамыржемістің механикалық зақымдануынан басталады және олардың қанттылығы азаяды.

Күресу шаралары: тыңайтқыштар салу; зиянкестермен және аурулармен күресу; механикалық зақымдануды болдырмау, қоймаға салардың алдында ауру тамыр жемістерден тазарту қажет.

 

 



Ризомания. Қант қызылшасының әлемнің барлық елдерінде таралған қауыпты вирус ауруы. Қоздырғышы  плазмодиофоралық Polymyxa betae Keskin саңырауқұлағы арқылы тарайтын, қызылша тарамыстарын сарғайтып, бүлдіретін вирус (Beet necrotic vein yellow virus, BNVYV).

Аурудың қоздырғышы топырақта жиналып сақталады. Вируспен залалданған тамыржемістерде көптеген қосалқы тамырлар пайда болады, сондықтан бұл ауруды «тамыржемістердің сақалдануы» деп атайды. Залалданған тамыржеміс кішкентай және қатты болады. Аурудың дамуына жоғары температура (25°С), топырақтың ылғалдылығы, мөлшерден көп суару, жер асты суының жақын орналасуы, сондай-ақ топырақтың бейтарап немесе сілтілі реакциясы қолайлы болады.

 

Тапсырма:

1. Қызылша ауруларының сыртқы белгілері, сипаттамасы және күресу шаралары.

2. 6-кестені толтыру және аурудың біліну белгілерінің суретін салу керек.

 

6 кесте - Қызылша ауруларының сипаттамасы

 

 



Қоздырғыш және оның жүйелік орны

Зақымданған мүшелер

Аурудың белгілері

Аурудың таралуы

Күресу жолдары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Бақылау сұрақтары:



1.     Қызылша ауруларының біліну белгілері.

2.     Ауру қоздырғышының жүйелік орыны.

3.     Ауру қоздырғыштарының даму кезеңдері.

4.     Аурудың қоздырғыштарымен алғашқыда және екінші рет қалай зақымдалады.

5.     Аурудың таралу жолдары және қызылша өсімдігін зақымдауы.

6.     Күресу шаралары.

 Мақта дақылының аурулары



Мақта ауруларымақта дақылында саңырауқұлақтар мен бактериялар қоздыратын өсімдік аурулары. Олардың ішінде республикада кең таралып, көп зиян келтіретіні тамыр шірігі, вилт (солдырма), гоммоз, т.б. аурулар. Тамыр шірігін “Rhіzoctonіa аderholdіі”, кейде “Fusarіum”, “Pythіum” саңырауқұлақтары мен бактериялары қоздырады. Қоздырғыштар мақта орылып болғаннан кейін топырақта қалған өсімдік қалдықтары арқылы тарайды. Ауру белгілері алғаш жапырақ (4—5) өсіп жетілгенге дейінгі, жаңа шыққан көк өскіндерінде байқалады; мақтаның тамыры мен одан тараған тамыршалары сарғайып, қараяды. Өсімдік тез арада солып, қурап кетеді. Бұл егіс алқабының сиреуіне әкеледі. Вилт (ағылшынша “wіlt” — солу), мақтаның Fusarіum oxysporum саңырауқұлағы қоздыратын ауруы. Қоздырғыш топырақта дамып, тамыры арқылы өсімдікке өтеді де, оның су өткізгіш жүйесін — ксилемасын зақымдайды; осының салдарынан дақыл өзіне қажетті суды ала алмай солып қалады. Гоммоз — мақтадан сары немесе қоңырқай түсті созылмалы, жабысқақ сұйықтықтың ағуы. Бұл аурудың қоздырғышы — Xanthomonas malvacearum бактериясы. Бактериялар мақтаны дән жарнағы пайда болғаннан бастап, вегетациялық кезеңі аяқталғанға дейін зақымдайды. Егер қоздырғыш сабаққа түссе, дақылдың солуына, ал қауашақта болса, өнімнің түсімділігі кеміп, мақтадан алынатын талшық сапасының нашарлауына әкеледі. Күрес шаралары: ауыспалы егістікті игеру, оның айналымына жүгері егу; топыраққа әр түрлі микроэлементтерге бай органикалық тыңайтқыштар шашу; себер алдында тұқымдарды бронокот, фентиурам, т.б. химиялық препараттармен бүрку қажет.

Күнбағыс аурулары

 

 



Түсініктеме

Күнбағыстың саңырауқұлақтар туғызатын көптеген аурулары бар. Олардың әсерінен өсімдік әлсіреп, өзгеріске түседі, өнім түсімі төмендеп, өсімдіктің өліп қалуы да мүмкін. Күнбағыстың барлық мүшелері зақымдалады.  Аурулардың ішіндегі ең көп тарағандары шірік аурулары.



 
        Күнбағыстың ақ шірігі - Sclerotinia libertiana Fuck. (Ascomycetes класы, Helotiales ќатары).   Ақ шірікпен көптеген мәдени дақылдар мен жабайы өсімдіктер даму кезеңінің кез-келген сатысында ауырады.

 Күнбағыстың  өскіндері шыға бастағанда тұқым жарнағы асты мен сабақтың төменгі бөлігінің шіруінен жас өскіндердің өлуі байқалады. Өсімдіктің 3-5 жұп жапырағы пайда болғанда саңырауқұлақ сабағын зақымдап ішіне енеді, мицелийлер түзіледі. Себеттер қалыптаса бастаған кезде, оның сыртында суланып тұратын қоңыр дақ пайда болады. Кейін саңырауқұлақ дән араларына тарап, олардың ішіне енеді. Залалданған дәндер түссізденеді, өзектері қарайып, сасыған ащы иіс шығарады. Себеттер жұмсарып, дәндері жерге шашылып қалады. Өсімдіктердің зақымданған мүшелерінде бастапқыда ақ өңез түзіледі, кейін қолайсыз жағдай туғанда қара түсті қарамықтар пайда болады. Қарамықтар көптеген жылдар бойы топырақта, өсімдік қалдықтарында және тұқымда сақталады.



Күресу шаралары: Қарамықтарды көму үшін аудара терең жырту; ауыспалы егісті пайдалану; тұқымды қарамықтардан тазарту (оларды 35-40° С дейін ысыған суға араластыра отырып салу арқылы бөледі); тұқымды құрғақ жайларда жиі желдетіп сақтау; керек болған жағдайларда «...Тізім» бойынша фунгицидтерді пайдалану қажет.

 

Күнбағыстың жалған ақ ұнтағы - Plasmophora helianthi Nov. (Oomycetes класы, Peronosporales қатары).



Ауру өсімдіктер нашар өседі, сабақтары жіңішкереді, буынаралықтары қысқарады, жапырақтары өзгеріске ұшырайды, оның жоғарғы бетінде ақшыл дақтар, ал төменгі бетінде ақшыл түсті өрмек тәрізді өңез пайда болады. Кейде аурумен қалыптасып келе жатқан себеттер мен өсімдіктің жер астындағы мүшелері зақымданады. Ауру өсімдік қалдықтары мен топырақта және тұқымда сақталатын ооспоралардан дамиды.

Күнбағыстың зақымдануы көбінесе өскіндер шыққаннан кейін байқалады. Залалданған ұлпаларда түзілетін ооспоралар түрінде қыстайды. Ооспоралар өсе келе күнбағысты тамыры арқылы залалдайтын зооспораларды түзеді. Өсімдіктің ішіне енген мицелийлер диффузиялық жолмен дамып өсімдіктің барлық мүшелерін зақымдайды. Конидилік спора түзу жапырақтарда ғана емес, тамырларда да пайда болады. Өсімдіктің конидиилермен тамыр арқылы да зақымдануы мүмкін.



Күресу шаралары: ауыспалы егісті пайдалану; егістерді бір-бірінен оқшаулау; өсімдік қалдықтарын жою; тұқымды егу алдында «...Тізім»  бойынша дәрілеу; фитотазалау жүргізу; өнімді уақытылы жинап алу. Егуге бірінші класты іріктелген тұқымды пайдаланады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет