Білім және ғылым министрлігі



бет6/19
Дата21.04.2017
өлшемі11,8 Mb.
#14457
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Арпаның тозаңды қара күйесі. Қоздырғышы: Ustilago nuda (Jens) Kellerm et Swingle.

Жаппай таралған. Ауру қоздырғышының биологиясы және ауру белгілері бидайдың тозаңды қара күйесіне ұқсас.

 

 



 

 

 



Арпаның'>Арпаның қатты (тас) қара күйесі. Қоздырғышы: Ustilago hordei (Pers) Lagerh.

Қылтанақтан басқа масақтың барлық бөліктері зақымдалып, жұқа түссіз қабықпен жабылған қара түсті споралар жиынтығына айналады. Споралар біріне бірі тығыз, жабысып орналасқан, сыртқы ортаның әсерінен жеке кесектерге оңай бөлінеді. Споралар өздігінен шашылмайды. Дән астық бастыру және өңдеу кезінде залалданады. Залалданған дән тұқым ретінде пайдаланылғанда,  аурудың әсерінен өскіндердің өліп қалуынан егістік сиреп кетеді. Өскіндер топырақтан залалдануы да мүмкін.

Аурудың дамуына 5-10С температура мен топырақ ылғалдылығының 60-70%  болуы өте қолайлы.

 

Арпаның (жалған тозаңды) қара күйесі. Қоздырғышы: Ustilago nigra Tapke. (U. medians).

Біліну белгілері бойынша арпаның тозаңды қаракүйесінен айырмашылығы болмайды. Өзек пен қылтанақтардан басқа масақтың барлық бөліктері залалданады. Ауру тұқым өне бастаған кезде жұғады. Биологиялық жағынан қоздырғыш қатты қаракүйемен ұқсас, дән қабықшаларында және олардың астында сақталады. Өзінің өнгіштігін 3 жылға дейін жоғалтпайды. Зақымдалған масақ жапырақ қынабынан шықпай қалады.



 

 

Сұлының тозаңды қара күйесі. Қоздырғышы: Ustilago avenae (Pers.) Rostr.  



Гүл шоғырының бұтақшаларынан басқа барлық бөліктерін зақымдайды. Оларды оңай шашылатын споралар жиынтығына айналдырады. Астық бастыру кезінде дәннің қабығының астына түскен телиеспоралардан жіпшелер өседі, олар геммаға ыдырап сол күйінде көктемге дейін сақталады.  Тұқым өне бастаған кезде, геммалардан жіпшелер дамып өскінді зақымдайды.

 

 



 

 

 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет