Білім және ғылым министрлігі



бет3/19
Дата21.04.2017
өлшемі11,8 Mb.
#14457
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Қызылша бітесіAphis fabae Scop. (Hemiptera отряды, Aphididae тұқымдасы). Қызылшаны, күнбағысты, асқабақты, бұршақ және алқа тұқымдастарын зақымдайды, сонымен қатар арамшөптермен қоректенуі керек. Есейген дараның денесің балауыз қабаты жапқан. Дене тұрқы – 1,5-3 мм, ал түсі жасыл реңді қара. Жамбасы мен сирағы ақ түсті. Қызылша қандаласы таралатын түрге жатады. Жұмыртқалары шәңшіктің бұтақшасының жоғарғы басында қыстайды. Ерте көктемде температура 8-90С жеткенде негізгі өсімдіктерде дамитын аналық орналастырушы туады. 2-4 ұрпақтан кейін бітелер мекенінде қанатты даралар пайда бола бастайды, кейін олар мәдени өсімдіктерге, сонымен қатар қызылшаға ұшып қонады. Бітемен залалданған жапырақтар пішінің өзгертеді, сондықтан қызылша тамыржемісінің салмағы мен қанаттылығы төмендейді, ал тұқымдықта тұқымның шашылуы және оның сапасының төмендеуі байқалады. Сонымен қатар олар қауіпті вирустық арулардың таратушысы болып табылады. Күзде бітелер негізгі азықтық өсімдігіне қайтып келеді және қос жынысты ұрпақ береді. Ұрықтанған аналықтар қыстауға жылтыраған қара жұмыртқалар салады. Бітелер тіршілік аралығында 14-ке жуық ұрпақ береді.

Күресу шаралары. . Ауыспалы егіс қатаң сақтау, жоғары сапалы тұқыммен қолайлы мерзімде себу, топырақты сапалы өңдеу, минералды және органикалық тыңайтқыштарды енгізу, егінді сепкеннен кейін топырақты тығыздаса, зиян кестердің санының азаюына және өсімдіктің өсу тұрақтылығын реттеуге мүмкіндік туғызады. Арамшөптерді жою және гүлдейтін өсімдіктерді себу энтомофагтарды таратуға жағдай туғызады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қызылшаның зиянкестерін және олардың отряды мен тұқымдастарын атап беріңіз.

  2. Қызылша бүргесінің түр құрамы, дамуы және зияндылығы.

  3. Қызылша бүргесіне қарсы қандай күресу шараларын қолданады?

  4. Қызылша бізтұмсығының ішкі белгілері, даму циклі, зияндылығы.

  5. Қызылша бізтұмсығымен күресу шараларын атаңыз.

  6. Қызылша қандаласының биологиялық және морфологиялық ерекшелігі. Күресу шаралары.

  7. Қызылша тамыр бітенің биологиялық және морфологиялық ерекшелігі. Онымен күресу шаралары.

Дәріс 8

Көкеніс және бақша дақылдарының зиянкестері және қорғау шаралары

Жоспар:


  1. Көкеніс және бақша дақылдарының зиянкестері

  2. Көкеніс және бақша дақылдарын қорғау шаралары

Түсініктеме

Көкөніс және бақшада дақылдары зиянкестерінің түрлік құрамы сан алуан.Олардың аса қауіптілеріне мынадай көп қоректі зиянкестер жатады:шыртылдақ қоңыз бен қара қоңыздың дернәсілдері,бұзаубас,кеміргіш көбелектердің жұлдызқұрттары ,шырыштар (ұлулар).Көкөніс дақылдарының бейімделген зиянкестеріне қатты қанаттылар,қабыршақ қанаттылар,тең қанаттылар ,қабыршақ қанаттылар ,қос қанаттылар мен трипслердің түрлері жатады.Жабық жерде көкөніс өсімдіктеріне сорғыш зиянкестердің бірнеше түрлері зиян келтіреді.

Сәбіз шыбыны- Psila rosae L(Diptera Psiliade тұқымдасы).

Шыбынның түсі қара,жылтыр,басы қоңырқай қызыл,төбесінде қара ұшбұрышты дағы бар,мұртшалары мен аяқтары күрең қара түсті.Қанаттары түссіз,жасыл реңді болып келеді.Денесінің ұзындығы 4-5 мм.Дернәсілдері жұқа,жылтыр ,қоңыр сары түсті.Денесінің ұзындығы -7мм.Дернәсілдер топырақтың жоғарғы қабатында пупарийлерде(пілләда),кейде көкөніс қоймаларында,тамыр жемістерінде қыстайды.Шыбындардың ұшу мезгілі шетен мен алма ағашының гүлдеуімен сәйкес келеді.Ересек шыбындар гүлдеп келе жатқан шатыргүлдер тұқымдасына жататын өсімдіктердің шырынмен қоректенеді .Ұрғашы шыбын ұшып шыққан соң көп кешікпей жұмыртқа салуға кіріседі.Жұмыртқаларын 10 данадан және одан да көп мөлшерде топыраққа қоректік өсімдіктердің түбіне жақын жерге салады. Арада 4-17 күн өткен соң дернәсілдер жұмыртқадан шығып жемістің ішкі етті бөлігімен қоректенеді. Зақымданған өсімдіктердің жапырақтары қызғылт түске боялады, ал дернәсілдер көп болғанда жапырақтар тез сарғайып қурап калады. Дернәсілдің өсіп жетілу мерзімі 20-25 күн. Бұдан кейін дернәсілдер тапырақта қуыршақтанады да, 15-20 күннен кейін шыбынның екінші ұрпағы ұшып шығады. Олармен зақымдаңған сәбіз ащы, пайдалануға жарамсыз болып калады. Сақтау кезінде тез бұзылады. Сәбіз шыбыны бір жылда, 1-2 ұрпақ береді.

Күресу шаралары. Ауыспалы егісті пайдалану. Арам шөптерді уақытылы отау және сәбіз өскіндерін сирету. Топыраққа сапалы түрде жүргізілген өңдеу жұмыстары көктемде шыбындардың ұшып шығуын қиындатады. Сәбіз жер бетіне көктеп шыққаннан кейін 2-3 апта өткен соң әрқайсысы 10 өсімдіктен құрайтын 10-12 үлгі алынады. Бір өсімдікте 3-4 тен көп жұмыртқа табылған жағдайда химиялық күресу шаралары қолданылады. Инсектицидтерді «Тізім...» бойынша қолданылады.

Пияз шыбыны –Hylemyia antique Mg (Diptera отряды, Muscidae тұқымдасы).

Шыбынның ұзындығы 5-7 мм, түсі сұрғылт, арқа жағы жасыл реңкті. Еркек шыбынның құрсағында қара түсті, ұзынша келген жолағы болады. Дернәсілдердің ұзындығы 10 мм, шамасында түсі ақ, пішіні цилиндр тәрізді, бас жағы жінішкерген.

Топырақта 10-20 см тереңдікте қуыршақтары қыстайды. Ұшып шыкканнан кейін (Мамырдың екінші жартысында) Ұрғашысы жұмыртқаларын жапырақтарға, бадананың қабықшасының астына және пияз бен сарымсақтың айналасындағы топырақ түйірлерінің астына салады. Жұмыртқадан 5-7 күнен кейін дернәсілдер шыгып, баданаға түпше жағынан енеді. Дернәсілдер 15-25 күн қоректенгенен кейін тапырақта қуыршақтанады. Зақымданған баданалар тез шіриді, олардың жапырақтары сарғайып қурап қалады. Пияз шыбыны 1-3 ұрпақ береді.



Күресу шаралары. Дақылдарды кезек орналастыру, өсімдік қалдықтарын жою. Өткен жылы пияз егілген жерлермен арақашықтықты сақтау. Пиязды ерте отырғызу. Пияз бен сәбізді қатар егу. Егер пияз жуасының өсуі кезінде зиянкестер саны ЭЗШ-тен (1өсімдікте 3 жұмыртқадан болса және пияз егістігінің 25% қоныстанылса немесе аулағышты 100 рет сілтегенде 50-80 данадан астам шыбын түссе) асып кетсе, онда химиялық өндеу жүргізу қажет (Қосымша).
Пияздың ызылдақ шыбыны - Eumerus strigatus Fall. (Diptera отряды, Syrphidae тұқымдасы)

Шыбын жасыл қола түстес. Құрсағының екі жағында үш-үштен ашық жартылай ай тәрізді дақтары болады.Оның ұзындығы 5-9 мм.Құрттары сұрғылт сары,ұзындығы 7-11 мм.Денесінің артқы жағында қоңырқай түтік тәрізді өскіні бар,екі жағында бір-бірден ірі терісі болады.

Құрттар егістік танаптағы жуашықта немесе сақтау қоймаларына қыстайды.Шыбындардың ұшуы мамырдың ортасында байқалады.Ұрғашы жәндіктер жұмыртқаларын жуашықтың үстіне,қабыршақтарының астына,жуашық мойнына немесе жуашық маңындағы топыраққа салады.Құрттар жуашық мойнына немесе жуашық маңындағы топыраққа салады.Құрттар жуашық мойны мен жуашықтың өзіне кіріп ,ішкі бөліктерін түгел жеп қояды.Зақымдануының салдарынан түтік тәрізді жапырақтар сарғаяды,ал пияз мойны шіріп кетеді.Одан кейін жуашық түгелдей шіриді де,едәуір зақымдануы нәтижесінде қара шірігін массаға айналады.18-25 күннен кейін ұрпақ шыбындары ұшып шығады.Көбінесе 2 ұрпақ дамиды.

Күресу шаралары.Пияз шыбынымен күресуге ұқсас.


Бақша бітесі-Aphis gossypii Glov(Homoptera отряды,Aphididae тұқымдасы).Бұл жәндік қиярды ,асқабақты,патиссонды,кәдіні зақымдайды.Бақша бетінің ұзындығы -1,2-2мм ,түсі сарыдан бастап қара жасыл,тіпті қара болып келеді.Баланқұрттары сары және жасыл.Ересек бітелер немесе баланқұрттар сары және жасыл.Ересек бітелер немесе баланқұрттар арамшөптерде қыстайды. Көктемде 12 С температурада бітелер ұрықтанбаған күйінде көбейе бастайды, бастапқыда арамшөптермен қоректенеді, одан кейін екпе өсімдіктерге көшеді. Ашық алаңда біте қиярда шілде-тамыз айларында, ал жабық алаңда көктемде пайда болады. Бітелер тобы жапырақтардың төменгі бетінде, өскіндерінде, гүлдері мен түйіндерінде орнығады да, олардың бүрісуіне, қатпарлануына және кеуіп қалуына әкеп соқтырады. Кейде жапырақтар бетінде, бітелердің тәтті шырынына күйе саңырауқұлақтары орнығады.


Күресу шаралары. Арамшөптерді жүйелі түрде жойып отыру, себебі біте екпе дақылдарына тек арамшөптерден ғана көшеді. Тускен жапырақтардың астындағы қыстап жатқан қанқызын жинап, оларды жылыжайларға жіберу; сілті (10 л суға 200 г күл мен 50 г сабын араластырып) бүрку. Инсектицидтерді «Тізімге…» сәйкес қолдану.

Кәдімгі өрмекші кенеTetranychus urticae Koch. ( Arachnida класы, Acariformes отряды, Tetranychidae тұқымдасы)

Өрмекші кене өте ұсаққ, ұзындығы -0,4-тен 0,6 дейін болады.Кененің денесі сопақша келген, оның түсі бозғылт сарыдан янтарь түске дейін немесе қызғылт реңкті жасыл түске айналады. Ересек дарақтарында 4 жұп аяқ, ал баланқұрттарда – 3 жұп аяқ болады.

Ұрықтанған аялдаушы ұрғашы жәндіктер өсімдік қалдықтарының астында, топырақ кесектерінің астында немесе құрылыс саңылауларында қыстайды. Ашық алаңда олар жыртылған жерлерде өліп калады және кенелер жолдың жетегінде, сондай-ақ ағаштар мен бұташықтар түбінде сақталады. Кене бәрінен де жаздың ыстық уакытында қарқынды түрде дамиды. Өрмекші кененің ұрғашысы ормек астына жұмыртка (140-600 дана) салады. Жұмыртқалары дөнгелек шыны тәрізді мөлдір, анықтап қарамаса, көрінбейді. Ұрықтың дамуына қарай жұмыртқалар көмескіленеді және құрттар шағар алдында інжу тәрізді түске енеді. Кенелер жапырақтың төменгі бетіне орнығады және өсімдіктің клетка шырынымен қоректенеді. Зақымданған жапырақтар түссізденеді де, қурап, түсіп қалады. Орныққан жері мен температуралық жағдайда байланысты зиянкес 6-дан 18-ге дейін ұрпақ бере алады, ал кененің бір ұрпағынаң дамуы 7-ден 20 күнге дейін уақыт алады.
Күресу шаралары. Кенемен аса көп зақымданатын дақылдар (қияр) аз зақымданатын (қызанақ) және зақымдайбайтын дақылдармен (гүлді қырыққабат) араластырып отырғызу қажет. Жабық алаңда қорғау шараларын бірлі-жарым дарақтар байқала бастағанда жүргізеді. Зиянкестің алғашқы ошағы біліне бастағанда өсімдікке жыртқыш кенені – фитосейулюсті, яғнижыртқыштың 15-60 дарағын бір өсімдікке шаққанда жібереді, бірақ жыртқыш пен оның құрбанының арақатынасы 1:80 кем болмауы тиіс. Өрмекші кене өсімдіктерді жаппай басып кетсе, фитосейулюсті есеппен 50-100 дарағын 1 м алаңға жібереді. Акарицидтермен өңдеу «Тізім…» регламенті бойынша жүргізіледі. Ашық алаңда өндірістік себу үшін өткен жылғы егістерден, жылыжайлардан, асқабақ дақылдарынан 1000 метрден аса ара қашықтықты сақтау қажет.Егін орағынан кейінгі егістердегі арамшөптер мен өсімдік қалдықтарын жою.Ашық алаң үшін ЭЗШ саны 10% отырғызылған өсімдіктер өрмекші кенесімен қоныстанылса және кененің даму дәрежесі 1 балдан жоғары болса (кенелер тобы жапырақ бетін 25% -ке дейін алып жатады.)
Жылыжай аққанаты –Trialeurodes vaporarium Wstw.(Homeptera отряды, Aleyrodidae тұқымдасы ).Қиярды ,қызанақты бұрышты салат жапырақтарын,бүлдіргендерді және басқа өсімдіктерді зақымдайды.Ересек аққанаттының сары денесінің ұзындығы 1,5 мм дейін жетеді және көлемі жағынан бірдей болып келетін екі жұп аппақ қанаттары болады.Бір жастағы дернәсілдері мөлдір болып келеді және дамудың жалғыз –ақ жылжымалы сатысы болып табылады.Ересек дернәсілдері ұзындығы 0,8-0,9 мм-ге дейін жетеді,ол ақшыл жасыл және қызыл көздері бар,үстін қысқа түктер басқан,денесінің шетінде 2 жіпшесі болады.

Ұрғашыларыақшыл жасыл кішкене жұмыртқаларын тобы мен салады,жас жапырақтардың төменгі бетіне көбінесе дөңгелек түрінді 10-20 данадан салады.Жұмыртқалары жапырақ бетіне сабақшалар арқылы орнығады және бастапқы кезде өсімдіктен оларды көру мүмкін емес.1-2 күннен соң жұмыртқалар қоңыр түске айналады. Ұрықтықтық даму 7-12 күн ішіндегі температураға байланысты жалғасады. Жұмыртқадан шыққан дернәсілдері,одан кейін ересек дарақтар өсімдік шырынымаен қоректеніп,олардың өсуін қатты әлсіретеді.Қою шырынды сұйықтықта күйе саңырауқұлақтар дамиды,олар жапырақтың фитосинтетикалық қызмтін әлсіретеді.Сондай-ақ саңырауқұлақтары толықтай немесе жартылай балауызды сұйықтықпен жабылады.7-15 тәуліктен кейін құрттар қозғалыссыз нимфаларға, 10-16 күннен кейін ересек жәндіктерге айналады.Жылыжайларда аққанат жыл бойы 10-15 ұрпақ беріп дами алады.

Күресу шаралары Өткен жылғы егін орағынан кейін қалған барлық өсімдік қалдықтарын жою.Өсіп келе жатқан арамшөптерді жүйелі түрде жойфп отыру.Аз зақымдалатын дақылдарды өсіру.Жылыжайлардың желдеткіштері мен есіктерін бір қабат дәкемен жабады,желімді торлар құрады.Ол үшін фанер кесіндісін алып ,оны сары немесе ақ түске боялады,бұлар жәндіктерді тартады және оларды вазелинмен ,бал қосылған канифольмен немесе касторамен майлайды.Жәндіктер оған қонады да,жабысып қалады.Көшетте аққанат байқалған жағдайда 1:10 арақатынасында энкразиялар жібереді.

Темекі трипсі- Thrips tabaci. Lind (Thysanoptera отряды , Thripidae тұқымдамасы) Темекі өсімдітерін,қозаны,қытай бұршағын,қиярды,асқабақты,пиязды,картопты ,гүлді және басқа да дақылдарды зақымдайды.Ұсақ зиянкес (ұзындығы 1-мм шамасында )ақшыл сары немесе қара қоңыр түстес.Дернәсілдері қанатсыз,ақшыл немесе қара қоңыр түстес.Дернәсілдері қанатсыз,ақшыл немесе жасыл сары түсті болып келеді.Ұрғашылары ұсақ қоңырқай жұмыртқалар салады,оларды бір –бірден жапырақ ұлпасы қабықшаларының астына орналастырады.3-5 күннен дернәсілдері шығып,жапырақтар мен гүлдің шырынын сорып алады.Осының нәтижесінде өсімдік өспей қалады.Бітелер өсімдік қалдықтарында ,пияздың құрғақ қабықшаларының астында,сондай-ақ топырақтың жоғарғы бетінде қыстайды.Бір ұрпақтың дамуына15-30 күн қажет.Темекі бітесі вирустық ауруларды таратушы болып табылады.

Күресу шаралары Дақылдарды кезектестіріп отырғызу және барлық өсімдік қалдықтарын жинау.Терең сүдігер жырту қажет.Пиязды егу алдында 45С суда 10 минут бойы залалсыздандыру ,кейін салқын суда суыту.Өскіндер айналасындағы топырақты жиі қопсытып отыру.Инсектицидтерді тізімге сәйкес қолдану.Егін орағынан кейін жылыжайларды өсімдік қалдықтарынан мұқият тазарту.Дезинсекциялау үшін 50г/м2 есеппен күкіртті 1-2 тәулік бойы 18С ауа температурасын жағу арқылы қолдануға болады.
Тапсырмалар:

1.Сәбіз шыбынының тіршілік оралымы мен зияндылығын зерделеу.

2.Пияздың қос қанаттылар отрядына жататын зиянкестердің морфологиялық және биологиялық өзгешіліктері мен өсімдіктерді зақымдау белгілерін зерттеп танысу.

Дәріс 9,10,11
Ауыл шаруашылығына зиян келтіретін карантиндік зианкестер

Жоспар:

1.Картоп рагының морфологиялық, биологиялық ерекшеліктері

2. Жүзім филлоксерасы морфологиялық, биологиялық ерекшеліктері

3. Калифорниялық қалқанша сымыр морфологиялық, биологиялық ерекшеліктері



Картоп рагы. Қоздырғышы – Synchytrium endobioticum Pers. Бұл СССР-да карантиндік ауру қатарына жатады. Ауру тамырдан басқа мүшелердің бәрін, әсіресе түйнектерді күшті зақымдайды. Аурудың бірінші белгілері жас түйнек көзшелерінен басталады, кейіннен ісік өсінділері үлкейе береді, кейде тіпті оның көлемі түйнек көлемімен бірдей болады. Ісік өсінділерінің ішінде саңырауқұлақтың қыстық споралары өсіп жетіледі. Ауру түйнекпен бірге жерге түскен ісік өсінділеріндегі споралар қыстап шығып, көктемде зооспорангия құрады және өніп шығады. Зооспорангияда жетілген талшықты зооспоралар сау түйнекке жабысып, оның эпидермисіне енеді. Осылай түйнекке түскен зооспора көбейіп дамып зооспорангия жиынтығына айналады. Зооспорангия споралары арқылы қоздырғыш жаз бойы жаңа өсімдік түйнектеріне тарайды.Саңырау құлақ жапырақта 5-6 жыл бойы өзінің тіршілігін сақтай алады.Бұл ауру картоптан басқа томатта, меңдуанада, т.б. алқа гүлді өсімдіктерде кездеседі.

Күресу шаралары. Карантиндік шараларды қолдану; картоп егілген танапқа 5-6 жыл бойы ісікпен ауырмайтын өсімдік еккен соң ғана қайтадан картоп егуге болады; ісік ауруы кездескен топврақты 1,5 процентік нитрафенмен немесе хлорпикринмен залалсыздандыру.

Жүзім филлоксерасы – Viteus vitifolli Fitch. Тең қанаттылар отрядының филлоксера тұқымдасына жатады. Бұл зиянкестік отаны Солтүстік Американың оңтүстік- шығыс бөлігі. Европаға XIX ғасырдың аяғында әкелінген. 1880 жылы ол Қырымда, одан кейінгі жылдары Кавказдың Қара теңіз жағалауында, Кубаньда және Тбилисидің маңында табылған. Қазіргі уақытта филлоксера Молдавияда, Украинада, Солтүстік және Күңгей Кавказда таралған. Карантин зиянкесі болып есептеледі. Тек жүзім өсімдігін ғана зақымдайды.

Филлоксераның тіршілік әрекеті мен өсімдікті зақымдау сипаты жағынан бір-бірінен өзгеше болып келетін 2 түрі кездеседі; тамырлық және жапырақтық түрі.

Тамыр филлоксерасының қанатсыз ұрғашыларының пішіні сопақша, түсі сарғылт-қоңыр, арқасымен бүйір жақтарында 6 қатар болып, бойлай орналасқан күңгірт түсті бұдырмақтар болады, тұмсығы ұзын, артқы аяқтарының денемен жалғасатын деңгейінен асып тұрады, мұртшалары қысқа, 3 буыннан тұрады, денесінің ұзындығы 1 мм шамасындай. Бұл белгілер тамыр филлоксерасының личинкаларына да тән. Жұмыртқалары алғашында ақшыл-сары болады да соңынан қоңыр түске көшеді, ұзындығы 0,3 мм шамасындай. Жапырақ филлоксерасының қанатсыз ұрғашысы сарғылттау жасыл түсті, жұмыр денелі, ұзындығы 1,25 мм-дей болады, тұмсығы қысқа, артқы аяқтарының денемен жалғасатын деңгейінен аспайды, арқасы мен бүйір жақтарында бұдырмақтар болмайды. Филлоксераның бұлардан басқа нимфа, қанатты және жынысты ұрпақ деп аталатын түрлері де болады.

Жүзімнің америкалық сорттары мен америка-европалық будандарында филлоксера толық циклді болып, екі түрде де дамиды. Ал жүзімнің европалық және азиялық сорттарында тек тамыр филлоксерасы ғана дамиды.

Филлоксера толық циклмен дамығанда I-II жастағы личинкалары жүзімнің тамырында қыстайды. Көктемде топырақтың температурасы 130 С-қа жеткенде олар жіңішке тамыршалардың шырынын сорып, қоректене бастайды.20-30 күннен кейін личинкалар тамыр түрінің қанатсыз партеногенездік ұрғашыларына айналады. Олардың әрқайсысы40-100 жұмыртқа салып, одан соң өледі. Солтүстік аудандардың жүзім шаруашылықтарында филлоксераның бұл түрі осындай жолмен өсіп-өніп 4-5, ал оңтүстік аудандарда 7-8 ұрпақ беріп дамиды. Жаз кезінде личинкалардың бір бөлігі жер бетіне шығады. Одан соң жердің жарықтары арқылы топыраққа қайтадан енеді де көрші өсімдіктердің тамырларын мекендеп, тіршілік әрекетің жалғастыра береді.

Маусым айының орта кезінен бастап кезбе личинкалардың кейбіреулері жүзім сабағының бойымен өрмелеп жоғары көтеріледі де қанатты ұрғашы бітелерге айналады. Олар ұшып-қонып жүріп жұмыртқаларын жүзім өсімдігінің жер үстілік мүшелеріне салады. Жұмыртқалардың үлкен-кішілігі әр түрлі болады. Олардың ірілерінен филлоксераның ұрғашылары, ал ұсақтарынан еркегі дамиды. Одан соң ұрғашы бітелер ағаш қабығының ішіне қыстайтын жұмыртқаларды салуға кіріседі. Олардың әрқайсысы бір-бір жұмыртқадан ғана салады. Көктемде сол жұмыртқалардан шыққан личинкалар жапырақтың үстінгі бетіне сүлікше қадалып шырынын сора бастайды. Зақымданған ткань қалыптан тыс өсіп, жапырақтың астынғы жағынан бұлтиып шығып тұрады, сөйтіп беріш пайда болады. Ал личинкалар беріштің ішінде қоректеніп, дамуын одан әрі қарай жалғастыра береді. 18-25 күннен кейін бұл личинкалар жапырақ филлоксерасының қанатсыз партеногенетикалық ұрғашыларына айналады. Олар беріштің ішінде 500 дейін жұмыртқа салып, одан соң өздері өледі. 6-8 күннен кейін бұл жұмыртқалардан личинкалар шығады да жапырақтарда қоректеніп, жаңа беріштер түзіледі. Зақымданған жапырақтардың ассимиляциялық қызметі нашарлайды, өсімдіктің өсуі тежеледі, беретін өнім азаяды, көпшілік жағдайда өсімдік біржола тіршілігін жояды. Филлоксераның бұл түрі бір маусым ішінде 7-9 ұрпақ беріп өсіп-өнеді.

Екінші ұрпақтан бастап жапырақ филлоксерасының арасында ұзын тұмсықты личинкалар да пайда бола бастайды. Олар топыраққа еніп, одан тамырға өтеді де тамыр филлоксерасына айналады. Бірте-бірте тамырға көшетін ұзын тұмсықты личинкалардың саны өсе бастайды. Күзгі суық басталысымен жапырақ филлоксерасының личинкалары түгел қырылады да тек тамыр филлоксерасы ғана қалады.

Филлоксера зақымдаған өсімдік тамырында пішіні құстың тұмсығына ұқсас ірілі-ұсақты ісік тәрізді өсінділер пайда болады.Олар әр түрлі микроорганизмдердің әсерінен тез бұзылып, шіри бастайды. Тамырдың өсуі тежеледі. Нәтижесінде зақымданған жүзім бұталары біржола өледі.

Күресу шаралары. Ерте көктемде бүршік жарылмай тұрғанда жапырақ ширатқыш көбелектердің қыстап шыққан қуыршақтарын және кенелерді құрту үшін жүзімнің сидам сабақтарын және оның тарамдарын қабықтарынан тазарту. Одан соң оларды акрекстің 50%к.э. немесе антионың 25 %к.э. бүркіп өңдеу.

Жапырақ ширатқыш көбелектердің жұлдызқұрттарына қарсы жүзім бұталарын бірнеше рет бүркуге тура келеді: көктемде жүзім гүлдемей тұрған кезде, және жидектер пісер кезде. Бүрку үшін мына препараттардың біреуін қолдануға болады: фозалон 35 к.э.(1,0-2,8 кг\га), фосфамид 40%к.э. (1,2-3 л\га), карбофос 50% к.э. (1,0-2,5 л\га), антио 25% к.э. (1,2004 кг\га).

Фозалон зиянкестің бірінші және екінші ұрпақтарына қолданылады. Ал көрсетілген препараттардың басқаларын өнімді жинау мерзіміне 30 күн қалғанға дейін пайдалануға болады.

Жүзім плонтацияларында филлосерамен күресу шаралары мынадай 3 зона бойынша дифференциаланады: 1 – филлоксера жоқ зона, 2 – филлоксера бірен-саран таралған зона, 3 – филлоксера мекендеген зона. Филлоксера жоқ зонада жаңа плантация жасауда және ескі плантацияларды жөңдеуде филлоксераның жапырақпен қоректенетін түрі дами алмайтын сорттарын пайдалану, сонымен қатар карантин ережесін бұлжытпай орындау керек.

Төрт ноқатты бұршақ қоңызы – Bruchus pisorum L. Қатты қанаттылар отрядының дәнек қоңыздар тұқымдасына жатады.

Денесін тотық түсті түктер басқан қара қоңыз. Ұзындығы 4-5 мм. Мұртшалары 11 бунақты, алдыңғы бунақтары қызғылт. Алдыңғы арқасы өте жалпақ, көлденең ұзындығынан 2 есе артады. Үстінгі қанаттарында ақшыл дақтармен қиғаштау орналасқан ақ жолақтар бар. Құрсағының ең соңғы бунағы(пигидий) қанаттармен бүркелмеген, онда крест тәрізді ақ таңба болады.Личинкаларында аяқ болмайды, жуан денелі, ұзындығы 6 мм жетеді.

Бұршақ қоңызы негізінен Қазақстанның оңтүстігімен оңтүстік-шығысындағы облыстарында зиян келтіреді. Қазақстаннан басқа далалық және орманды дала аймақтарда, яғни Украинада, әсіресе оның оңтүстік-батыс бөлігінде, Солтүстік кавказда, Батыс Грузияда, Армения мен Азербайжанда, Орта Азия республикаларында және Қиыр Шығыста таралған.

Зиянкес жылына бір генерация беріп көбейеді.Көбінесе ол ересек қоңыз күйінде қамбадағы және өнімді жинаған кезде егіс далаларында шашылып қалған бұршақ дәндерінің ішінде қыстайды. Оңтүстік аудандарда қоңыздардың біразы дәннен шығып, ағаш қабығының астын және өсімдік қалдықтарын паналап қыстап шығады.

Егіс далаларында қоңыздар бұршақтың гүлдену кезінде пайда болып, гүлдің күлте жпырақтарымен және тозаңымен қоректенеді. Қоңыздардың жұмыртқа салу кезеңі өте шұбалыңқы. Жұмыртқаларын бұршақ жармасының үстіне салады. Орташа өсімталдығы әр ұрғашы қоңызға 130-750 жұмыртқадан келеді. Эмбриондық дамуы 6-10 күнге созылады. Жұмыртқадан шыққан личинка жарма үстін кеміріп теседі де дәннің ішіне енеді. Бір дәнге бірнеше личинка кіруі мүмкін, бірақ олардың ішінен біреуі ғана дамып, қалғандары өледі. Қоректену процесінде личинка дәннің ішін үңгіп едәуір кең қуыс жасайды.

Личинкамен қуыршақтың дамуы толығымен бір дәннің ішінде өтеді де 1,5-2 айға созылады. Қуыршақтанар кезде личинка дәннің керегісін іш жағынан кеміріп, беті жұқа қабықшамен жабылған дөңгелек тесік жасайды. Қуыршақтан шыққан жас қоңыз осы «терезе» арқылы сыртқа шығады. Қуыршақтың дамуы 20-23 күнге созылады.

Бұршақ қоңызының личинкалары зақымдаған бұршақ дәндерінің салмағы кеміп, сапасы нашарлайды, дәмі жағымсыз болады да, шығымдылығы 75 % дейін төмендейді. Ондай дәндердің ішкі қуысы личинканың экскрементімен толы болады.

Күресу шаралары. Ауыспалы егіс жүйесінде дақылдардың кезектілігін сақтау, бұршақ дәнді дақылдар өсірілген учаскіде оларды аз дегенде 2-3 жылдан соң ғана қайталап егу керек. Бұршақ дәнді дақылдар егісінкөпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер егісінен қашықтау учаскіге орналастыру қажет. Өнімді жинап алған соң егістік жерді өсімдік қалдықтарынан тазартып, қысқа қарай терең етіп жырту тиімді.

Жерге себілген тұқымды және жаңадан шыққан егіс көгін топырақты мекендейтін көп қоректі зиянкестерден және ауру қоздырғыштардан қорғау үшін себер алдында тұқымды ТМТД-мен 80%с.ұ. немесе фентиурамен 65с.ұ. молибдатпен қоса өңдейді.

Көктемде бұршақтың көгіне зиян келтіретін бізтұмсық қоңыздарға және басқа зиянкестерге қарсы күресте мына препараттардың біреуін қолданады: фосфамид 40% к.э(0,5-1 л\га), вофатокс 30 % с.ұ. (0,35-0,7 кг\га).

Бұршақ қоңызына қарсы күресте егісті инсектицидтермен 2 рет өңдейді. Ең алдымен бұршақ гүлденер алдында егістің көлденеңі 50- 100 метрлік шет жиектерін, одан кейін 10 күн өткен соң егісті тұтас бүркіп өңдейді. Ол үшін карбофос 50%(0,5-1,2 кг\га), немесе вофатокс 30% с.ұ. (0,35-0,7 кг\га) пайдаланылады.

Калифорниялық қалқанша сымыр – Quadraspidiotus perniciosus Comst. Қауіпті зиянкес, ішкі карантин объектісі болып есептеледі. Бұрынғы КСРО-да бірінші рет 1931 жылы Кавказдың Қара теңіз жағалауынан табылған. Қазіргі уақытта Молдавияда, Украинада, Грузияда, Краснодар және ставрополь өлкелерінде, Орта Азияда, Хабаровск және Приморье өлкелері мен Сахалиннің оңтүстігінде таралған. Ал қазақстанда Шымкент обылысының оңтүстік аудандарында кездеседі.

Зиянкестің ұрғашысының ұзындығы 1,3 мм, лимондай сары түсті , денесі дөңгелек болады, аяғы, қанаты мен көзі редукцияланған, бір жерде қозғалмай тіршілік етеді, шаншып-сорғыш ауыз аппараты жақсы жетілген, қалқаншасының орта бөлімі дөңестеу, түсі бозғылт қоңыр, диаметрі 2 мм жетеді. Еркектері бірнеше сағат қана өмір сүреді, түсі қызғылт-сары, кеудесінде көлденең орналасқан қара жолақ бар, ауыз аппараты редукцияланған, бір жұп қанаты, 3 жұп аяғы, ұзын мұртшалары болады, денесінің ұзындығы 0,8-0,9мм, қалқаншасының ұзындығы 1 мм жетеді. Личинкасының денесі сопақша, түсі сарғылт, жақсы жетілген ұзын тұмсығы ба, көздері, мұртшалары және 3 жұп аяғы болады.

Калифорниялық қалқаншалы сымыр 1 жастағы личинка күйінде қалқанша астында қыстайды. Кейбір жағдайларда II-жастағы личинкаларыжәне ересектеріде қыстап шығады. Көктемде жеміс ағаштарында «шырын жүру » кезеңі басталысымен личинкалар қысқы ұйқыдан оянады да10-12 күн ішінде 2 рет түлеп, ересек насекомдарға айналады.Ұрықтанған ұрғашы сымырлар50-60 күн өмір сүреді. Осы мерзім ішінде олардың әрқайсысы 60-80 личинка табылады. Кейіннен олар ағаштың діңімен бұтақтарының қабығына сүлікше қадала жабысады да бірте-бірте қозғалу қабілетін жоғалтады және арқа жағында қалқанша пайда болады. Зиянкес қоректенетін жеміс ағашының діңі мен бұтақтарының ескіре бастаған қабығында ұзын салалы және көлденең сызықтар, ал жапырақтары мен жемістерінде және жас қабығында осы түрге ғана тән қызғылт дақтар пайда болады. Нәтижесінде ондай ағаштардың беретін өнімі азайып, жемістерінің сапасы төмендейді. Ол әсіресе питовниктермен жас бақтарға қатты зиян келтіреді. Мекендеген жерлердің географиялық ендігіне байланысты калифорниялық қалқаншалы сымыр жылына 2-4 генерация беріп өсіп өнеді.

Шығыс алма жемірі – Laspeyresia pomonella L. Қабыршақ қанаттылар отрядының жапырақ ширатқыштар тұқымдасына жатады. Жер жүзі бойынша алма ағашы өсетін зоналардың барлығында тегіс таралған ең қауіпті зиянкес.

Көбелектің алдыңғы қанаттары артқыларына қарағанда ұзын, көлденең орналасқан көптеген қара сызықтары бар ағаштың қабығына ұқсас қара сұр түсті болады. Сонымен қатар олардың ұшында қола түсті жылтыр 3 жолағы бар қоңыр дақ орналасқан. Артқы қанаттары қоңырлау сұр, жиектерінде ақшыл-сұр түсті қысқа шашақтары бар. Қанаттарының өрісі 20 мм жетеді.

Көбелектің жетіліп қоректенуін тоқтатқан жұлдызқұрттар алма ағашының діңі мен бұтақтарының өлі қабықтары астында, жарықтарында , кеуектерінде жерге түскен жапырақтардың және басқа өсімдік қалдықтарының арасында, сонымен қатар жеміс сақтайтын орындарда қыстап шығады.

Көктемде жұлдызқұрттар қыстап шыққан орындарында қуыршаққа айналады. 2-3 жетіден соң қуыршақтардан көбелектер ұшып шығады. Әдетте олардың ұшу мерзімінің басталуы алма ағашының гүлдену кезеңінің аяқ кезіне тура келеді. Көктем кешіккен жылдары көбелектің жалпы ұшу мерзімібір айға, ал жаппай ұшу кезеңі 7 күннен 14 күнге созылады.

Қуыршақтан шыққан соң бірнеше күннен кейін көбелектер жұмыртқалауға кіріседі. Жұмыртқаларын бір-бірлеп алғашында жапыраққа, одан соң жеміс түйіндеріне салады. Көбелектер кешке қарай күн батқан соң және түнде ұщады. Ауа райының жылылығы 160 С төмен болатын салқындау күндері көбелектер жұмыртқалауын тоқтатады. Әрбір ұрғашы көбелек өз өмірінде 100 және одан да көп жұмыртқа салады. Оншақты күн өткен соң жұмыртқадан жұлдызқұрт шығады. Ол дереу немесе 1-2 сағаттан кейін жемістің қабығын кеміріп, жұмсақ тканіне енеді де онда тұқым дәнегіне қарай жол салып, жемістің тұқымдарымен қоректенеді. Одан соң келесі жеміске көшеді. Жұлдызқұрттардың қоректенуі 25-30 күнге созылады. Дамуы аяқталған жұлдызқұрттар қоректенуін тоқтатып, жемістен шығады да, ағаштың өлі қабықтарының астында, жарықтарында және басқа орындарда қуыршаққа айналады. Оңтүстік аудандарда бұл кезең мамырдың соңғы оңкүндігінде, ал Алматы облысының тау бөктеріндегі аудандарында маусымның екінші жартысына немесе аяқ кезіне тура келеді.

Қуыршақтану кезеңі басталғаннан соң 10-15 күннен кейін жаңа ұрпақтың көбелектері ұшып шығады. Олар жұмыртқаларын көбінесе жемістің үстіне салады. Бұл ұрпақтың жұлдызқұрттары да жемісті кеміріп, ішіне жол салып енеді де оның тұқымдарымен қоректенеді. Зақымданған жеміс түйнектері пісіп жетілмей төгіліп қалады, пісуі жеткен кезде зақымданғандары төзімсіз келеді.

Алма жемірі республиканың оңтүстігіне жылына 3, оңтүстік шығысына 2, ал батыс, орталық және солтүстік аймақтарында бір ұрпақ беріп дамиды.
Картоптың колорад қоңызы Leptinotarsa delemlineata Say. Картопты, қызанақты, баялдыны, бұрыш пен темекіні зақымдайды, сондай-ақ олар жабайы өсетін алқа тұқымдастарымен де қоректенеді. Қоңыз сопақша пішінді, ұзындығы – 9-12 мм, алдыңғы арқасы мен қанатының үсті сарғыш түсті. Басында үшбұрышты қара дақ, алдыңғы арқасында он бір қара дақ болады, ортасындағы дақ V рим цифріне ұқсайды, ал әрбір қанат қабағында бес-бестен ұзынша қара жолақтар орналасқан.

Дернәсілдің ұзындығы – 15-16 мм, бүкіл денелі, басы мен аяқтарыь және денесінің бүйіріндегі ұзынша екі қатар дөңестер қара түсті. Бір жастағы дернәсіл қара сұр, екі жастағы – қызыл, үш пен төрт жастағылар – қызғылт сары түсті болады.Қоңыздар топырақта 15-25 см тереңдікте қыстайды. Көктемде 20 см тереңдіктегі топырақ 14-15 С дейін қызғанда, қоңыздар оның бетіне шығады. Олар картоп пен басқа өсімдіктердің жер үсті бөліктермен қоректенеді. Қорек ізлеген қыстап шыққан қоңыздар ұша алады, олар 1-1,15 км қашықтыққа дейін жетеді. 17 С жоғарғы температурада жұптасып, жұмыртқа салады. Ұрғашы жәндіктер жұмыртқаларын картоптың жоғарғы жапырақтарының астына, әрбір ұяға 30-40 жұмыртқадан салады. Өсімталдығы 900-ден 2000 жұмыртқаға дейін өзгеріп тұрады. Ұрықтық даму қоршаған орта жағдайына қарай 7-14 күнге созады. Колорад қоңызының құрттары 20-30 күн бойы жапырақтармен қоректенеді. Даму кезеңі аяқталғанда, олар топыраққа, 8-10 см тереңдікке кетіп, сонда қуыршақтанады. 1-2 аптадан кейін жаңа ұрпақ қоңыздары пайда болады, олар картоп жапырақтарымен қоректенеді. Бірінші-екінші жастағы құрттар жапырақта қисық формадағы саңылаулар тесіп шығарады. Ересек жастағы құрттар мен қоңыздар жаппай жапырақтар мен сабақтарын жейді де, нәтижесінде өсімдіктің өсуін баяулап, картоптың түсімі төмендейді. Күн қатты ысып құрғақшылық болғанда жекеленген қоңыздар диапаузаға кетеді, ал кейбіреулерінің 2-3 жылдан 5 жылға дейін диапаузаға кете алатын қабілеттері бар. Тіршілік циклінің өзгергіштігі колорад қоңызының жылына 1-3 ұрпақ бере алады.

Күресу шаралары. Картоптың аз зақымданатын сұрыптарын пайдалану. Тыңайтқыштар еңгізу, топырақтың уақытылы қопсыту, картопты түптеу және арамшөптерді отау. Әр түрлі мерзімдерде қатарлар арасына сөлді өсімдіктер егіп, пайдалы этномофагтарға қолайлы жағдайлар туғызу. Кішірек алқаптарда қоңыздарды, құрттарды және колорад қоңызының жұмыртқаларын қолмен жинап, жоюға болады. Гендік инженерия әдістерімен инсектотоксикалық белок синтезін бақылайтын, геномында Bacillis thuringiensis бактериялы гені бар картоптың трансгендік формаларын алу бойынша зерттеулер жүргізілуде. Вегетация кезеңіңде әрбір сынамада 10 қатар түптен 100 ден 500 сынамадан немесе алқап диагоналі бойынша қатарда 2 түптеп келеді. ЭЗШ саны – 5-8% қыстап шыққан қоңыздар мен құрттар орын алған түптер, шанақтау – гүлдену кезеңінде 1 түпке 20 құрттан келетін 10% түп.Картоп егістерін "Тізімге..." келтірілген инсектицидтердің бірімен өңдейді.

Картоптың сабақ нематодасы Ditylenchus destructor Thorne. Картопты, шамалы түрде ас бұршақты, сәбізді, қызанақ пен кейбір басқа дақылдарды зақымдайды. Ересек нематодалары құрт тәрізді формада, алдыңғы және артқы жағына қарай кішірейіп келетін жұқа шыны тәрізді түссіз денесі бар. Ұзындығы – 0,7-1,3 мм. Личинкалары кішірек. Нематода бірнеше ұрпақ береді. Бір ұрпағы 15 тен 45 күнге дамиды. Нематодалар картоп түйнектрінде сақталады.

Картоп екпе материалы арқылы зақымданады. Нематодалар жас сабақтарға еніп, өсімдіктін өсуін тоқтатады. Зақымданған өсімдіктерде жапырақтар өтекішкентай және толқынды. Түптің төмеңгі қабатындағы жапырақтар өліп қалады, қалғандары солып, сарғайып кетеді. Нематодалар қалыптасып келе жатқан түптерге енеді. Бұдан кейін түптерде қисық формалы сұр дақтар пайда болады, ал сақтау кезеңінде-түптердің жоғарғы бетінде бастапқыда татты-қоңыр ұсақ жарықшалар, одан кейінірек түптердің толықтай бұзылуына және құрғақ шіріктің дамуына әкеліп соқтырады.

Күресу шаралары. Тек сау түйнектерді ғана отырғызу қажет. Сақтауға жіберу алдында тиянақты іріктеу жүргізіледі. Түптерді сақтау ережелерін орындау қажет (85-90% ылғалдылық, температура +1 - +3 градус денгейде).



Дәріс 12

Дәнді дақылдардың қара күйе аурулары

Түсініктеме

 

Дәнді дақылдардың қара күйе ауруларын кәдімгі саңырауқұлақтар (Eumycota) бөліміне, Базидиомицеттер (Basidiomycetes) класына,  қаракүйе (Ustilaginales) қатарына жататын қоздырғыштар тудырады. Олар бейімделген паразиттер болып табылады, әрбір түрі белгілі бір дақылды залалдайды. Ұлпалар бұзылып, түрі күйік тәрізді болады. Қара түсті телиоспоралар (бір дәнде 8-20 млн. дана) пайда болып, зақымдалған жер қарайып кетеді.



 

Бидайдың тозаңды қара күйесі. Қоздырғышы: Ustilago tritici (Pers) Rostr.                           

Бидай өсіретін аудандарда жаппай таралған. Тозаңды қара күйенің қоздырғышы екі вегетациялық кезеңде дамиды. Бидай бірінші жылы гүлдеген кезде залалданады, ауру екінші жылы бидайдың масақтану кезінде байқалады. Бидай гүлдеген кезде ауадағы телиоспора аналықтың аузына түседі,  телиоспородан диплоидті жіпше өсіп аналықтың түйініне енеді. Зақымданған  дәннің сырттай сау дәннен айырмашылығы болмайды. Саңырауқұлақ жіпшумагы  өскіннің ішінде масақтану кезеңіне дейін диффузиялық жолмен өсу нүктесінің артынан бойлап дамиды. Жапырақ қынабынан масақ бүлінген күйінде шығады, тек өзегі ғана (гүл шоғырының сағағы) сақталып қалады. Кейде жекелеген сағақтар немесе масақтар сақталады. Ауру масақтың жұқа түссіз қабығы оңай жыртылады да, споралар жеңіл шашылады. Саңырауқұлақ жіпшелері тұқымда 3 жылдан аса уақыт сақтала алады. Өсімдіктердің зақымдануына ауаның жоғары ылғалдылығы (60%-дан астам) немесе гүлдену кезінде тамшылы-сұйық ылғалдың болуы  қолайлы.

 

 



 

 

 Бидайдың қатты қара күйесі. Қоздырғышы: Tilletia caries (DC.)Tul.

Жаппай таралған. Ауру өсімдіктің масағының  қабыршақтары аналық түйіннің үлкейінуінің әсерінен ашылып кетеді. Түйіннің ішінде саңырауқұлақтың споралары дамып жетіліп, тұздалған балықтың иісі шығып тұрады. Аурудың әсерінен тұқымның өнгіштігі төмендейді, өнім түсімі азаяды.

Егінді орып бастырған кезде қара күйе қапшықтары (ішінде телиоспоралар бар түйін) жарылып, телиоспоралар сау дәндерге түседі. Залалдану құрал-жабдықтар, ыдыс және т.б. арқылы да жүзеге асады. Тұқым өніп-өскен кезде  телиоспоралар да өседі. Олардың жіпшелері дамып бидай өскінінің ішіне өтеді. Өскіннің ішінде саңырауқұлақ диффузиялық жолмен дамиды. Аурудың сыртқы белгілері бидайдың сүттенуі кезінде білінеді. Егін ору кезінде қара күйе қапшықтары жарылады да, споралар шашылып дәндерді залалдайды. Қыста телиоспоралар тұқым бетінде сақталады және өнгіштігін 5 жылға дейін жоғалтпайды. Ал егін орағы кезінде топыраққа түскен телиоспоралар өнгіштігін ұзақ сақтай алмайды.

Өскіндердің залалдануына топырақтың ылғалдылығының 60% -дай болуы және  5-10С температура, тұқымды терең сіңіру қолайлы болып табылады.



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет