Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании



бет10/16
Дата05.02.2022
өлшемі1,2 Mb.
#2743
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
АННОТАЦИЯ(Abstract)
(Мұхтар Әуезовтің халық әдебиетін саралау сабақтары. Классификация Мухтара Ауэзова народного фольклора.)
Академик-жазушы, дәріскер-профессор Мұхтар Әуезовтің(1897-1961) бүкіл ғұмырының оқу, іздену, толғанумен өткендігі әмбеге аян. Сан-салалы, әр тарапты әдеби-қоғамдық жұмыстарының арасындағы ең алдымен назар аударатыны оның халық әдебиеті турасындағы зерттеулері болды. Әсіресе, Мұхтар Омарханұлы қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, жүйелеу ісінің аса байыпты жанашыр ұстазы ретінде танылды. Көптеген мән-мағынасы ескірмес, құнды ойлар айтты. Арғы замандарда өмір сүріп, дүниеден баяғыда көшіп кеткен жыру-жыршыларымыз, ертекші-аңызшыларымыз, айтыскер ақындарымыз бен шешен-билеріміз бүгінгі көркем жазба әдебиетіміз үшін, ақын-жазушыларымыз үшін үлгі-өнеге болып саналады. М.Әуезов қазақ ауыз әдебиетінің барлық жанрлары бойынша аса бағалы зерттеулер жүргізді, алуан түрлі ғылыми мақалалар, монографиялық еңбектер жариялады, орта және жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар жазды. Мысалы, халық ақындары поэзиясының келелі мәселелері «Әдебиет тарихы»(1927), «Әр жылдар ойлары»(1959), (Уақыт және әдебиет»(1962) дейтін кітаптарында жан-жақты сөз етілсе, 1960 жылы Ұлттық Ғылым академиямыз шығарған «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты көп томдықтың бірінші кітабының әрі авторы, әрі жалпы редакциясын басқарды. Мұнан басқа да көптеген қоғамдық жұмыстарына қоса, көңілі көреген оқымысты өмірінің соңына дейін қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қазақ ауыз әдебиеті пәнінен дәріс оқыды. Қазақ халық әдебиеті мұраларын мазмұн-мағынасына орай жіктеп, топтастыру ісін М.Әуезов 1920 жылдардан бастаған. Нәтижесінде, өзі жинаған материалдарының негізінде 1927 жылы «Әдебиет тарихы» оқулығы Қазақстанның сол кездегі астанасы Қызылорда қаласында басылып шықты. Бірақ та империялық-большевиктік идеологияның кесірінен бұл кітап көп уақыт бойы қалың оқырман қауым назарынан тысқары қалды. Тек қазақ елі тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ғана 1991 жылы «Ана тілі» баспасы М.Әуезовтің аталған еңбегін жұртшылыққа қайта ұсынды. Зерттеушінің «Әдебиет тарихы» кітабы, ақиқатында, ұлттық фольклордың зәру проблемаларын қозғаған, тың тұрпат-түрі басқаша монография еді. Бұрындарғы тәжірибеде, көбінесе, халық әдебиеті үлгілерін жинау-жариялау жағы ғана басым болатын. Біздіңше, халықтың ауызша сақталған әдеби шығармашылықтарын жоғары деңгейдегі ғылым объектісіне айналдыра отырып қарастыру, ұлтжандылық сезім-күйменен байыптау Мұхтар Омарханұлының тура осы еңбегінен басталады. Сондықтан біз Мұхтар Әуезовті қазақ халық әдебиетінің саралашысы деп бағалаймыз. (309 сөз)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет