«bilimnur» баспа редакциясы «ЖАҢартылған білімге – жаңашыл ұстаз»



Pdf көрінісі
бет11/30
Дата23.01.2020
өлшемі10,09 Mb.
#56375
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30
Байланысты:
forum toptama2020 (1)


Т2.  Саралау тәсілі 
«Қарқын» арқылы  
жүргізіледі. 
Қарқынды оқушыға: 
ойдан сөйлем құрап жаз. 
Қарқыны баяу оқушыға 
қолдау көрсету, үйрету.  
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру 
деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Т1.  ҚБ: «Бас бармақ»  әдісі 
Жоғары  - Ө дыбысы бар сөзді тапса, дыбыстық 
талдау жасай алса;
Көлденең - Ө дыбысы бар сөзді тапса, дыбыстық 
талдау жасауда көмек қажет етсе;
Төмен – Ө дыбысы бар сөзді табуда, дыбыстық талдау 
жасауда қиналса.
Т2.  ҚБ: «Смайлик» әдісі 
Керемет  - Тапсырмаларды орындап, берілген 
сөйлемдерді талапқа сай көшіріп жаза алса;
Жақсы  - Тапсырмаларды орындап,  берілген 
сөйлемдерді көшіріп жазуда аздаған қателіктер болса;
Қалыпты  - Тапсырмаларды орындауда,  берілген 
сөйлемдерді көшіріп жазуда көптеген қателіктер 
болса.
Кері байланыс «Бес саусақ» әдісі
Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?
Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?
Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?
Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?
Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?
Денсаулық және 
қауіпсіздік 
техникасының 
сақталуы
Топтық жұмыста 
материалды 
пайдаланып, жасауда 
қауіпсіздік  
техниканың ережесі 
сақталады. 
Сергіту сәті сәйкес 
қимыл жасау арқылы 
орындалады:
Бас бармағым - әкем,
Балаң үйрек – шешем,
Ортақ тірек – ағам,
Шылдыр шүмек апам,
Кішкентай бөбек – 
мен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
Сабақ бойынша рефлексия 
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған 
ба?  Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? 
Жеткізбесе, неліктен?  
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? 
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? 
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, 
неліктен?
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін  
пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ 
бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз
«Өрмекші»әдісі бойынша сабақты 
қортындылау.Өрмекшінің әр аяғына бүгінгі 
сабақтан үйренген жаңа сөздерін жазады.
Жалпы баға 
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да  ойланыңыз)? 
1:                                                                           2: 
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 
1:                                                                           2: 
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары  туралы  
нені  білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? 
71

БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ АРҚЫЛЫ ГЕОГРАФИЯНЫ 
ОҚЫТУДЫҢ НӘТИЖЕЛІГІН КӨТЕРУ
Қызылорда облысы  «Шиелі аудандық  кешкі жалпы білім беретін мектебі» КММ
География  пәнінің мұғалімі Молдабаева Динара  Ниязбековна
Бүгінгі   таңда   мектептің   оқу   үрдісін   жетілдіру   үшін   белсенді   оқыту   әдістерін   пайдаланудың   тиімділігін 
практиканың өзі дәлелдеп отыр.техника мен ғылым көлемінің ұлғая түсуі мектептегі білім беру мазмұнының 
жаңашалануына, әсіресе мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл педагогикалық үрдістің тұлғалық 
бағдарлануына қойылатын талаптардың сөзсіз арта түсуіне алып келді.мұғалімнің қазіргі білім беру әдістеріне 
деген қатынастарын қалыптастыру , олардың құндылықтарын тану  маңызды болып табылады. 
Ұстазда   ұйымдастырушылық,   құрылымдылық,   бейімділік,   сараптамалық   қабілеттердің   де   болуы   шарт. 
Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра 
отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТны қолдану, коммуникативті 
қарымқатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты 
қолдана   білуді   және   оны   тиімді   жүзеге   асыру   үшін   қажетті   тиімді   оқыту   әдіс-тәсілдерді   курс   барысында 
ұғындық. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Спиральділік 
қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» (1960) атты еңбегінде 
қарастырылған   танымдық   теорияға   негізделеді.   Оған   оқу   мақсаттарын   зерделей   отырып   тапсырмаларды, 
сабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздік. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалды 
бағалау   жүйесіне   өтеді.   Критериалды   бағалау   кезінде   оқушылардың   үлгерімі   алдын   ала   белгіленген 
критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: 
қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Бұл бағалау 
жүйесінің   артықшылығы,   баланың   ойлау   қабілетін   дамытып,   ғылыммен   айналасуға   ықыласын   туғызады. 
Кеңестік заманнан қалған бес балдық бағалау жүйесі жойылды. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен 
оқу үрдісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы 
бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және 
балл   немесе   баға   қоймастан   оқу   үрдісін   түзетіп   отыруға   мүмкіндк   береді.   Жиынтық   бағалау   оқу 
бағдарламасының бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір) оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім 
деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерім туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. 
Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады. Критериалды бағалау 
жүйесі   Филиппин,   Сингапур,   Жапония,   Франция,   Финляндия   сынды   дамыған   елдерде   пайдаланылады. 
Кіріктірілген білім беру бағдарламасында қазақ тілі пәнінің берілу жайы да өзгеше. Бағдарлама оқушының төрт 
тілдік   дағдысын:   тыңдалым,   айтылым,   оқылым,   жазылымды   жетілдіруге   бағытталған.   Бұл   төрт   дағды   оқу 
жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір-бірімен тығыз байланысты.
8-сынып бойынша «Географияның  маңызды зерттеулері» сабағында  8.1.1.2  география ғылымы салаларындағы 
маңызды зерттеулерді анықтау мақсаты бойынша өтілген сабақта төмендегідей әдіс тәсілдер тиімді болды.

Алдыңғы сабақты еске түсіру:

«Автобус аялдамасы» ойыны

Оқушыларға стикер парактары беріледі. Сол стикерлерге географиядағы дұрыс сұрақ қою ережелерін 
ескере отырып (Не, Қайда, Қашан, Неге?), өткен сабақ бойынша бір сұрақ жазады. Соңында барлық стикерлерді 
араластырып, оқушылардың өзіне әрбір аялдамада таратылып беріледі. Сұрақтарға жауап беріп, өткен сабақты 
еске түсіреді.

Топқа бөліну: Жауын-шашын әдісі арқылы топқа бөлініп отырады.

Видео – ролик көрсету арқылы:

Ой  пікірлерін  айтқызу.

Осы сұрақтар арқылы  тақырыпқа  болжам жасату.
Оқушыларға географиялық ашылулар және саяхатшылар туралы ақпараттар және барлық салалардағы 
зерттеушілер туралы ақпараттар презентация арқылы түсіндіріледі. Оқушылар дәптерлеріне жазады.
Топтық жұмыс:  Берілген мәтіннен әр саладағы зерттеушілер мен зерттеулердің түрлерін анықтап постер 
дайындайды.  Постерді сағат тілі бойымен бір біріне алмастырып бағалайды. Өзара топтық бағалау жүреді. 
Постерге қойылатын бағалау критерийі:

Картография саласының зерттеушілерін анықтаған

Экономикалық география саласының зерттеушілерін анықтаған

Физикалық география саласының зерттеушілерін анықтаған

Гидрология ғылымының зерттеушілерін анықтаған

Геология ғылымының зерттеушілерін анықтаған
Картамен жұмыс. Саяхатшылардың жүрген жолдарын графикалық түрде бейнелеу.осы саяхатшылардың 
ашылуларының маңыздылығын түсіндіру
Әрбір топқа жер шарындағы құрлықтардың кескін карталары, флипчарт пен желім таратылып беріледі. 
72

Оқушылар флипчартқа дүниежүзінің кескін картасын орналастыра отырып, зерттеушілердің жүріп өткен 
жолдарын шартты белгілер арқылы орналастырады. Алдыңғы тапсырмадағы мәтінді қолданса болады. Әрбір 
топқа 2 саяхатшы ғалым беріледі.
1.
Станция әдісі арқылы тапсырмаларды таныстырады. Әрбір спикерге 3 минут уақыт беріледі.
Бағалау: Критерийлер арқылы бағалау
Дескриптор:  
Саяхатшылардың жолдарын картадан көрсете алады;
Осы саяхатшылардың ашуының маңызын түсіндіре алады;
Осы секілді «Географияның салалары» тақырыбында  8.1.1.1  География ғылымының салаларға бөлінуін 
графикалық түрде көрсетіп түсіндіру мақсатында «Үш факт», топтық, жұптық жұмыстар өз нәтижесін берді:
-
Оқушылардың зейінін ортаға шоғырландыру:
-
Тақтада түрлі түсті стикерлер ілініп тұрады. Оқушылар сол стикерлерді таңдап, жұп болып диалогқа 
түсу арқылы бір-біріне география туралы «үш факт» жазады. Осылайша барлық өткен материалдарын еске 
түсіреді.
Топқа бөліну: Оқушылар өздері таңдаған стикер түрлеріне қарай топтасады.
-
Видео-роликпен жұмыс. Роликті талдау
-
Ой  пікірлерін  айтқызу.
-
Осы сұрақтар арқылы  тақырыпқа  болжам жасату.
-
Географияның салаларын ажырату
4.
Топтық жұмыс. Мәтінмен жұмыс 
 География ғылымының салалары туралы үлкен мәтін ұсынылады. Осы мәтіннен география салаларын 
анықтайды, оларды флипчартқа тізіп жазып шығады, олардың әрқайсысының немен айналысатынын 
түсіндіреді.  
 Осы жұмыс арқылы оқушылар ресурстармен жұмыс жасауды үйренеді.
Станция әдісі арқылы жұмысты қорғайды. 
Бағалау: Өзара топтық бағалау жүргізеді
Дескриптор: География ғылымының салаларын біледі. 
                  Салалардың атқаратын қызметін анықтай алады
Мұғалім таныстырылым жасайды.
Жұптық жұмыс: оқушыларға барлық география ғылымының салаларының атауы жазылып беріледі. Осы 
атауларды енді топтастырып жіктеуі керек. оны графикалық түрде көрсетуі керек. 
Графикалық түрде көрсетіп жазғаннан соң әр ғылымды географияның осы саласына неге жатқызатынын 
дәлелдейді, түсіндіреді. Мұғалім тексеріп шығып дескриптор бойынша жұлдызша немесе смайликтермен 
бағалайды, қателерін түзейді
Дескриптор:
География ғылымы слаларын жіктей  алады;
География ғылымы салаларын графикалық түрде бейнелеп, түсіндіре алады;
Сергіту сәті. Кез-келген географиялық құбылысты көрініс арқылы көрсету. Оны қай салаға жататынын айту
Білім берудің негізгі жолы – оқыту. Оқыту – ұстаз бен оқушы белгілі бір мақсатты жүзеге асыратын біртұтас 
процесс.  Ал  белгілі   бір  мақсатты   жүзеге   асыру   оқытуды  тиімді  ұйымдастырумен  сипатталады.   Әр  сабақта 
белменді   әдістерді   тиімді   пайдалану   сабақтың   мазмұнын   ашып,   оқушының   білімін   тереңдетіп, 
шығармашылығын   шыңдай   түспек   .   жаңартылған   бағдарлама   бойынша   оқытудың   әдістері   оқушылардың 
өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе  алатындай болуы қажет.
Жаңартылған бағдарлама бойынша әлемдік білім беру жүйесі бәсекеге қабілеттілікке қарай білім алушыны 
баулу, қоғамнан өз орнын таба білетіндей сапалы маман болуына бағытталынған. Ал осы уақытқа дейін біздің 
елімізде жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар күтілетін нәтижеге көз жеткізбей, түрлі әсер етуші 
факторлар ықпалымен мамандық таңдап, ақыр соңында сол оқыған мамандықтары бойынша жұмысқа тартыла 
алмай   отырғаны   бәрімізге   белгілі.   Орта   білім   мазмұнын   жаңарту   аясында   әзірленген   оқу   бағдарламалары 
оқушылардың   бір   сыныптан   екінші   сыныпқа   өтуі   кезінде   білімі   мен   дағдылары   қайталанып   тексеріліп 
отыратын спиральділік қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы моделіне негізделген. Оқу үдерісінің 
алға   ілгерілеуі   айқан   көрінуі   үшін,   оқу   мақсаттары   өзара   тоғысқан   бөліктер   мен   бағыттарға   біріктірілген. 
Айталық,   қарапайымнан   күрделіге   қарай   шиыршық   бойымен   өрлей   түскені   жай   эссе   жазудан   әңгіме   тіпті 
повесть   жаза   алатындай   дағдыға   ие   болып,   тілдік   құзыреттіліктері   шыңдала   түседі.   Мұғалімдердің 
пайдаланатын оқыту әдісі оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз ету үшін маңызды. 
Осы орайда жаңа бағдарламаны меңгеру барысында ерекше есте қалған мына әдіс-тәсілдер сабақтың тиімді 
өтуіне, оқушы бойында қажетті 4 дағдыны (тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым) қалыптастыруға ықпал 
ететіні сөзсіз: «Қабырғадағы роль», «Ыстық орындық», «Пікірлер сызығы», «Саналылық аллеясы», «5 сұрақ, 5 
жауап», «5 қадам», «Драма әдісі», «Маңыздылық аймағы», графикалық органайзерлер – «Дара диаграмма», 
«Қос диаграмма», «Оқиға тауы», «Хикая картасы», «Стоп кадр» т.б
73

Мұғалімдер   пайдаланатын   әдіс   оқудың   тиімділігіне   елеулі   әсерін   тигізеді.   Педагогикалық   әдістерді 
жетілдірмей тұрып, оқу бағдарламасын өзгерту білім беру стандарттарына қатысты реформалау шараларының 
мүмкіндіктерін және нәтижелілігін төмендетеді. Жаңартылған бағдарлама бойынша әр мұғалім төмендегідей 
нәтижелерге қол жеткіздік:
• жаңартылған оқу бағдарламасының құрылымына;
• жаңартылған оқу бағдарламасының мазмұны мен жүйесіне;
• оқу бағдарламасының және оны іске асырумен байланысты құжаттамалардың мақсаты мен рәсімделуіне;
• білім беру бағдарламасын іске асыруға көмектесетін тиісті педагогикалық тәсілдерді меңгеруге.
Қорыта   келе,   Міржақып   Дулатовтың   «Жалғыз   сүйеніш,   жалғыз   үміт   –   оқуда.   Теңдікке   жетсек   те, 
жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. 
Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі – тұман». Өркениетті 
дамудың өзегі білім, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Кезінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: 
«Мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы, яғни ұстаз білімді болса, ол мектептен балалар көбірек 
білім алып шыкпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, 
жақсы оқыта білетін ұстаз» – деп айтқан болатын XXI ғасыр – ғылым ғасыры. Мақсатты білім беру – тұлға 
дамуын жүзеге асыратын мәселе. Ал осы жалпы еуропалық стандартқа сай жаңа білім беру – жеке тұлғаның 
жан-жақты дамуына әкелетін бірден-бір жол! Ұстаздардың шығармашылық қабілеті, жаңашылдық әрекеттері, 
біліктілігі,   физиологиялық   және   психикалық   сапасы,   педагогикалық   кәсіптік   біліммен   сәйкестенеді.   Бұл 
педагогикалық   бағытта   оқытушы   мен   оқушының   өзара   ықпалы,   өзара   дамуда,   ынтымақтастықтан 
теңгермешілікке, дамудың жоғарғы деңгейіне жетуде мәні зор.
* * * * * * * *
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫНА САЙ ОҚУШЫЛАРДЫҢ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылы
Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейі
Бастауыш сынып мұғалімі  Серикова Балжан Дарибековна
Мақсаты:  Жаңартылған   білім   мазмұнына   сай   бастауыш   сынып   оқушыларының   алған   білімдерін   өмірде 
пайдалана білу, оқу мен жазу арқылы функционалдық сауаттылығын арттыру, ғылыми – зерттеу жұмыстарымен 
өз бетінше ізденіп білім алуы арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Міндеті: 

Оқу мен жазу сауаттылығын қалыптастыру

Функционалдық және шығармашылық қабілетін арттыру;

сыни ойлауын дамыту;

зерттеу жұмыстарын жүргізу;

Ақпараттық – коммуникативтік дағдыларды пайдалану;

әртүрлі коммуникация тәсілдерін пайдалану;

топта және жеке жұмыс істеу ептілігі;

проблемаларды шешу және өз бетімен шешім қабылдауға, бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыру.

Оқушыларға әдеби кітаптар оқыту; 

Оқыған кітаптарын, ертегілерін сахналату ; 

Тіл байлығын, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

Жеңімпаз, бәсекеге қабілетті жеке тұлға болып 
      қалыптасуына ықпал жасау;
Өзектілігі: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Болжам: Егер біз   оқу мен жазу арқылы оқушылардың ізденушілік, зерттеушілік, шығармашылық қабілетін 
дамыту, мақсатында дұрыс бағыт – бағдар бере отырып, шығармашылықпен жұмыс жасай білсек, болашақта 
еңбекқор, өзгерістерге бейім, шығармашыл, көшбасшы тұлға болып қалыптасады;
Күтілетін нәтиже: Оқушыларды сауатты оқу мен жазу және ғылыми – зерттеу жұмыстарымен ізденуге, зерттеу 
жұмысын жүргізуге дұрыс бағыт – бағдар бере отырып, шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында ізденіс 
жұмыстарын жасай білсек, болашақта шығармашыл, көшбасшы тұлға қалыптасады;
 І. Кіріспе 
  Оқушылардың шығармашылық, ізденушілік, зерттеушілік қабілетін арттырудағы ең  негізгі    -оқу мен  жазу 
дағдысы. Сауаттылықтың басымдық дағдысын дамыту – оқу мен жазу және барлық пәндер арқылы қарым- 
қатынас жасауда жатыр. Жазу оқушының оқыған  мәтіні туралы өз  ойын сыртқа шығару дағдысын  дамыту 
мүмкіндігі   ретінде   қарастырылады.Оқу   дағдысы   сауатты   оқуды   қалыптастырады.   Оқытудың 
дағдылары:Айтылым,   тыңдалым,   оқылым,   жазылым.   Оқушылардың   ізденушілік,   зерттеушілік  қабілеттерін, 
дамыту негізінде сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін, өз бетімен іздену дағдысын дамытады. «Сын тұрғысынан 
ойлау» сыни көзқараспен қарау деген мағына емес, талдап, ойлаумен ұштастыра білу.
     
74

   ІІ.Негізгі бөлім
А) Оқу мен жазудың тиімділігі. 
  Оқушылардың   сауатты   оқу   мен   жазу   арқылы   шығармашылық,   ізденушілік,   зерттеушілік   қабілетін 
арттыру.Міне, мұны қалай жүзеге асыру керек деген сұрақ туындайды.Оқу мен жазу арқылы оқушының сыни 
тұрғыдан   ойлауын,   шығармашылық   қабілетін   дамыту,   ізденушілік,   зерттеушілік   қабілеттерін   дамытуда   ең 
бірінші ақпаратты жақсы меңгере отырып, заманауи сабақ үлгілерін  құрастыру. Мен оқу мен  жазу арқылы 
оқушылардың сыни ойлауын, шығармашылық қабілетін дамытуда ең бірінші, белгілі тақырыпта эссе жазудан 
бастадым. Оқушылар ең бірінші эссе жазуда өз ойларын толық жаза білуге тырысты. Бірақ эссе жазу кезіндегі  
жіберген   кемшіліктері,   сөйлемдегі   сөздердің   бір-бірімен   байланысының   жоқтығы,.   оның   тақырыбы   мен 
мазмұны және мағынасына көп мән бере қойған жоқ. Сонымен қатар сөздерін қате жазуы, сөйлемдегі сөздердің 
тыныс   белгісін   дұрыс   қоймауы   сияқты   қателіктер   де   болды.   Қате   жазған   сөздерімен   жекелей   түзету 
жұмыстарын жасадық. Тақырыбына сай эссе мазмұнын жазуға талап қойдым. Эссені байланыстыра жазу жолын 
түсіндіргеннен кейін оқушылар өз ойларын көркем сөздермен байланыстыра жаза отырып, еркін жеткізе алатын 
болды. Мәтінмен жұмыс барысында ең бірінші сыныпта барлық оқушы үнсіз оқу, дауыстап оқу, кезекпен оқу,  
музыка әуенімен оқу, аудиодан тыңдау.  Мәтінді әр түрлі әдіс арқылы оқу барысында мәтіннің мазмұнын өз 
сөздерімен айтуға үйреніп, тіл байлығы артты.
       Ә) Түрлі әдіс-тәсілдер арқылыоқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін арттыру
Мен өз тәжірибемде оқушының шығармашылық қабілетін, сыни ойлауын дамытуда сыни тұрғыдан ойлаудың 
миға шабуыл , ой ашар , ойлан, жұптас, топтық жұмыс, топтас, талқыла, ой шақыру, кубизм, топтастыру, бес  
жолды   өлең   ,   эссе   жазу.   т.б   әдістерін   қолдандым.  Оқушы   мен   мұғалім   арасында   байланыс   орнату. 
Психологиялық   т.б   тренингтер   арқылы   оқушы   көңіл-күйін   көтеру.   Әр   оқушының   мінез-құлқымен   жете 
танысып,   сын   тұрғысынан   ойлау   технологиясының   үш   кезеңнен   тұратын   сабақ   жоспарларын   құру   арқылы 
жұмыс жасау.
Миға шабуыл. Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар  қойылады.  Оқушылар тез жауап беруі керек. Оңай 
сұрақтардан бастап қиындатуға болады.
Адасқан әріптер: арпынсоқал , тұнауқыр,  ыұқр, содмэнмреп, ытмұқ, лідүг  ретмісөдік, ытражсоққан. 
Ытражарадқан, лүг, ысграмаидма, имбайк.
Б) Оқу мен жазу арқылы оқушылардың сауаттылығын дамыту
    100 кітап жобасында қазақстан жазушыларының шығармаларынан оқу. Оқу күнін өткізу. Белгілі тақырыпта 
шығарманы таңдап алып оқу. Оқу күніне ата – ананы қатыстыру. Баласымен бірге отырып, кітапты оқиды, 
талқылайды, өз ойын айтып, белсенділік танытады. Біріншіден өз баласының сабаққа деген білімін бақыласа, 
екінші жағынан мектеп өміріне, мұғаліммен байланыста болып, баланың оқуына, дамуына ат салысады. Үштік 
одақ   іске   асады.   Бердібек   Соқпақбаевтың   «Менің   атым   Қожа»   оқу   барысында  үнсіз   оқу,   дауыстап   оқу, 
кезекпен оқу, музыка әуенімен оқу, оқыған ертегілерін сахналау. Сахнада ертегі қойылымын қою. Мәнерлеп 
оқу сайысын ұйымдастыру.
Кубизм стратегиясы
1 жақ – талдаңыз     2 жақ – салыстырыңыз
3 жақ – зерттеңіз    4 жақ – суреттеңіз
5 жақ – ойларыңызды байланыстырыңыз
6 жақ – келісіңіз не қарсы шығыңыз
Сабақ  кезінде оқушы мен  мұғалімнің      арасында  қатынастар нығайып, өз  бетімен  ізденуге, саралап  нақты 
шешім қабылдауға, сыни ойлауға,   өз ойын дәлелдеуге, шығармашылық белсенділікке ұмтылды.  Оқушы өз 
бойынан өткізіп, топпен, жұппен, жеке орындаған жұмысы шығармашылыққа жетелейді.
«Автор   орындығы»Оқушының   өзі   жазған   шығарма,   эссесін   оқытқанда   отырғызып   оқыту.   Бұл   әдістер 
қызығушылығын оятуда үй тапсырмасын сұрауда, ой толғаныс кезеңінде де қолданып отырдым.
Синквейн стратегиясы: Бес жолды өлең құрастыру:

Не?   –  Көгершін.

Қандай?  –  мейірімді, адал.

Не істейді? –  ұшады, жем жейді.

Құмырысқа  -  бейбітшілік құсы..

Түйін   сөз     –  Мейірімділік,   адалдық   адамдықтың   белгісі.Осындай   жұмыстар   арқылы   оқушының 
шығармашылығы, белсенділігі артып,
өздеріне   сенімді   бола   алады.  Ертегі   сахналауда   оқушылардың   актерлық   шеберліктері,   тіл   байлығы, 
шығармашылық   қабілеттері   артты.  Қалалық   сайыстар,   «Мәнерлеп   оқу»,   шахмат,   тоғызқұмалақ   сияқты 
мектептегі интелектуалды сайыстарға қатыстыру шығармашылығын шыңдап, ізденіске баулиды. 
В) Оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік қабілетін дамыту
Кезбе   тілші.  Топтарда   ……….туралы   жаңалықтар   бағдарламасын   жасау   қажет.   (мысалы:   су   тасқыны, 
Гастингстегі шайқас және т.б.)
1-оқушы: Телефон соғылып жатқанға ұқсатып, тәулік бойы орын алған оқиғалар туралы хабарлайды. (мысалы: 
су тасқынының деңгейі)
2-оқушы:  Телестудиядағы диктор; жиынтық ақпарат береді. 
75

3-оқушы: Тілші; оқиға орнынан ақпарат ұсынады.
4-оқушы:  Тілші сұхбат алатын куәгер.
Ғылыми   жобамен   жұмыс:  Оқушылар   таңдау   курстарында   өздері   таңдаған   тақырып   бойынша   ең   бірінші 
реферат жазды. Ары қарай ғылыми жобалар жазды. Кітапханамен жиі байланыс жасап, ғаламтордан іздеді. 
Мектеп   кітапханасында   ата-анамен   жиі   байланыс   жасап,   отбасылық   оқуды   қолға   алдық.   Кез-келген   мәтін, 
ертегі,   әңгімелерді   оқи   отырып   мазмұнын   өз   ойымен   еркін   жеткізумен   бірге,   тіл   байлықтары   артты.   Оқу 
жылдамдықтары көбейді. 
Оқыған ертегілерін сахналады. Актерлық шеберліктері артты.
«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі арқылы  Мақта қыз бен мысық» ертегісін оқыту, оқи отырып, сұрақтарға жауап
Г)   Жаңартылған   білім   беру   мазмұнына   сай   оқушылардың  шығармашылық   деңгейін   көтеруде  білім 
сапасына әсер ететін негізгі факторлар.
«Бір қадам артқа»әдісіне негізділген алдыңғы сабақтағы кері байланыстан басталады. Әр сабақты осылай кері 
байланыстан бастау оқушылардың қателік жіберуге қорықпай, тәуекелге бару мәдениетін қолдау, оқушылардың 
ішкі  уәжін  сақтау және арттыру үшін  жағымды  кері  байланыс ұсыну, оқушылардың  өзіне беретін  бағасын 
көтеріп, олардың алдағы уақытта нәтижені жетілдіре алатынына сенім ұялату болғандықтан сабақты осылай 
бастауды жөн деп санаймын.
Сабақтың   басы   «Ыстық   алақан»   әдісі  арқылы   оқушылардыңарасында   ынтымақтастық   орта   орнату.«Бес 
бармақ» әдісі арқылы 5 топқа бөлу.(бас бармақ, балаң үйрек, отан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек).
Сабақтағы кері байланыс: «Коллаж әңгіме» әдісі 
Ұйымдастыру: топпен жұмыс.
Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау және коммуникативтік дағдыларын дамыту.
Сипаттамасы:оқушыларға   түрлі-түсті   геометриялық   фигуралар   беріледі.   Оларды   қиып   алып   фигураларын 
флипчартқа жабыстырып, кеңістік фигура ма, жазықтық фигура ма табады. Айтып, түсіндіріп әңгімелейді.
«Бас   бармақ»,.«Ашық   микрофон»   ,   «Жазбаша   кері   байланыс»   ,   «Пікір   алмасу»,   «Қосу,   алу, 
қызықты»әдістері арқылыбағалаймын.
Сабақты«Гамбургер» әдісібойынша кері байланыс жасау арқылы тәмамдаймын.
«Он сұрақ!» әдісі. (мұғалімдермен жұмыс, гүл, семинар, сабақ, оқу сөздерін келтіру)
Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – 
қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.
«Серпілген сауал» әдісі:  Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол 
жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз.
«Сұрақтар жаңбыры»Ұйымдастыру:топпен жұмыс.
Мақсаты:оқушылардың сұрақ қою және сыни ойлау дағдыларын дамыту.
Сипаттамасы: оқушылар топтарға өз еркімен, қалауымен бөлінеді. Әр топ параққа сұрақтар жазып, бір-біріне 
лақтырады. Алған сұрақтарына жауап жазып, кері лақтырады. Жауап жазылған парақты қағып алған ойыншы, 
сол жауаптан сұрақ тудырып, ары қарай лақтырады. Ойын осылай жалғасады.
Қалыптастырушы бағалау:  «Активатор 3, 2, 1» әдісі арқылы жүзеге асырамын.
Мақсаты:Сабақтан нені игерді, қандай жетістікке жеткені туралы кері байланыс.
3 - сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;
2 – қиындық келтірген 2 мәселе;
1 – сабақта ұнаған 1 жағдай
Кері байланыс бутерброды Кері байланыс әр түрлі тәсілдермен берілуі мүмкін.
Кері байланыс «бутерброды» дегеніміз бұл:
І. бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру;
ІІ. Жағдаяттық мәлімдеме –Маған ұнады ......, себебі ..... Енді/келесіжолы .....
«Детектив» әдісіҰйымдастыру:топпенжұмыс.
Мақсаты: Оқушылардың сыни ойлау, көшбасшылық дағдыларын дамыту.
Сипаттамасы:Оқушылар екі топқа біріктіріледі. Екі топқа да шытырман оқиғалы мәтін шағын бөліктерге 
бөлініп, қима қағаздарға жазылып беріледі. Олар 15 минут ішінде осы мәтіндегі шытырман оқиғаның шешімін 
табуы тиіс. Әр топ өз шешімдерін айтады. Қандай тәсілмен анықтағандары талқыланып, ақпараттармен жұмыс 
істеу туралы ой бөліседі.
«Бағдаршам»  Түсінгендікті көрсету үшін бағдаршамның түстерін көрнекі құрал ретінде пайдаланамын. 
Мысалы: Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, оны олар өз парталарына қояды немесе 
жоғары көтереді (қызыл = түсінбеймін, жасыл = барлығы түсінікті).
Оқушылар бағдаршамның түстерін пайдалана отырып, өздерін бағалайды. Мұғалімге көрсетілген бағалауды 
оқушылардың күнделіктеріне жазуына болады. Сыныптастары бағдаршам түстерінің көмегімен 
таныстырылымдарды жәнет.б. бағалайды.
2 жұлдыз, 1 тілек.Оқушыларды бағалау үдерісінде оқушылардан екі жұлдыз қоюды және бір тілек айтуды 
сұраймын.Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 затБір тілек = бұл жақсартуға болатын  
нәрсе.  Жаңартылған   білім   беру   мазмұнының   тиімді   әдіс-тәсілдері,   формативті   бағалау   түрлері   және   кері 
байланыс топтамаларын қолдану білім сапасының өсуіне зор ықпалын тигізеді.
76

Мынадай нәтижелерге қол жеткіздік:
1. Оқушының сабаққа деген белсенділігі артты.
2. Шығармашылық қабілеттері артты.
3. Өз пікірін дәлелдей алады.
4. Шығармашылықпен сұрақ қоя біледі.
6. Білім сапасы артты.
7. Ұйымшылдыққа үйренді.
8. Есте сақтау қабілеті мен ой-өрісі дамыды.
9.Кез – келген ертегіні оқи отырып сахналық қойылым жасауға үйренді
10. Ғаламторды ойын ойнау емес, білім алуға іздену үшін пайдаланады
11.Кез – келген тақырыпты зерттеуге үйренді
ІІІ. Қорытынды  Қорыта айтқанда, оқушының шығармашылық, ізденушілік, зерттеушілік қабілетін арттыруға, 
өз   бетінше   білім   алуға,   шығармашылығын   қалыптастыруға   ықпал   етеді,   оқушылар   оқудың   қызықты   жеңіл 
өтетіндігін,   ұжымда   бірлесіп   жұмыс   жасауға   үйрететіндігін,   білімнің   тереңдігі,   әрі   тиянақтылығы 
артатындығын   түсінеді.   Оқушы   өз   ой-пікірін   ашық   еркін   айтады,   тіл   байлығы   артады,   бір-бірін   тыңдауға 
үйренеді, сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Жан-жақты дамыған, болашағы айқын, бағдары 
анық,   бәсекеге   қабілетті,   рухани   бай,     шығармашылығы   жоғары,   жеке   тұлға   қалыптастыра   алатынымызға 
сеніміміз мол.
ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер
1.Қазақстан Республикасы жаңартылған білім берудің жалпыға міндетті стандарты. Нормативтік құжаттар, 
Астана 2016ж.
2.Қазақстан Республикасы 12 жылдық орта білім берудің жалпыға міндетті стандарты. Нормативтік құжаттар, 
Астана 2016ж.
3.Райысов У. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Бастауыш мектеп, 2016жыл.
5. С. Қожагелдиева, Н. Нұртазаева.Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі. Бастауыш мектеп, 
2017ж №4
6.Авторы: С.Мирсеитова Оқыту ізденіс ретінде Ізденіс оқыту ретінде оқушылардың сыни тұрғысынан ойлауын 
дамыту нысандары мен әдістері. Қарағанды 2014 жыл 
7.С.С.Мирсеитова З. Қ. Кульбаева, Ана тілі сабағында «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясын 
қолданудың тиімділігі. Бастауыш сынып №7. 2013, 2 бет
8. Т.Д. Тағаева, «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы әдістерін сабақтарда қолданудың тиімділігі», Бастауыш 
сынып №10. 2014, 7 бет
9. А.Отарбай «Оқытудың жаңа әдістерімен», Бастауыш мектеп №3. 2014, 27 бет
* * * * * * * *
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫНА САЙ САБАҚТА
 ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылы
Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп – лицейі
Бастауыш сынып мұғалімі  Джумабекова Назгуль Мухаметжановна
Мақсаты: Жаңартылған білім мазмұнына сай жаңа  технологияларды сабақта, оқу процесінде тиімді қолдана 
отырып, оқушылардың шығармашылық деңгейін көтеру, білім сапасын арттыру.
Міндеті: 

шығармашылық қабілетін арттыру;

сыни ойлауын дамыту;

логикалық қабілетін дамыту;

Ақпараттық – коммуникативтік дағдыларды пайдалану;

топта және жеке жұмыс істеу ептілігі;

проблемаларды шешу және өз бетімен шешім қабылдауға, бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыру.

Білім сапасын арттыру.

Шеберліктерін дамыту

Функциональдық сауаттылығын арттыру 
Болжам:  Егер,   қазіргі   заман   талабына   сәйкес   жаңартылған   білім   берубағдарламасы   негізінде   жаңа 
технологияларды   оқыту   мен  оқу   процесінде  дұрыс   қолдана   білсек   оқушылардың   шығармашылық   деңгейін 
көтеріп,   алған білімдерін өмірде пайдалана білуіне, өз бетінше білім алуына, білім сапасын көтеруіне жол 
ашқан болар едік. 
Күтілетін нәтиже:   Жаңартылған білім беру мазмұнына сай педагогикалық тиімді әдіс – тәсілдерін қолдану 
арқылы   оқушылардың  жеке,   жұппен,  топпен   жұмыс   істеу   барысында   сыни   ойлауын,   шеберлігін, 
шығармашылығын арттырып, алған білімдерін өмірде пайдалана білуіне,өз бетінше білім алуына, білім сапасын 
77

көтеруге жол ашылып, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптасады     
І.Кіріспе
        Жаңартылған білім беру мазмұны іске асқалы үш жыл болды. Көптеген ата-аналар мен ұстаздар қауымы, 
қарапайым халық қатты наразы болды. Әлі де қарсылық білдірушілер бар. Деседе жаңартылған білім беру 
мазмұны қазіргі таңда өте тиімді дер едім. Оқушылар өз бетімен білім алып оны өмірде пайдалана біледі.  
Жаңартылған білім беру аясы кең, болашаққа сеніммен қарай алатын жастардың білім алуына жол ашады. 
Жаңартылған білім беру мазмұнында қолданылатын жаңа технологиялар өмір бойы білім алуына ықпал ететін 
базалық факторлардың біріне айналуда.
ІІ.Негізгі бөлім: 
А) Жаңартылған білім мазмұны
               Жаңартылған  білім беру бағдарламасының  ең негізгі  мақсаты-білім алушылардың оқу нәтижелерін  
жетілдіру болып табылады. Жаңартылғанг білім беру мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау 
жүйесін   енгізу   және   оқытудың   әдіс-тәсілдері   мен   әртүрлі   құралдарын   қолданудың   тиімділігін   арттыру. 
Негізінен жаңартылған білім берудің маңыздылығы-оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын 
құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, жеке, 
жұппен, топпен жұмыс жасай білу, функциональды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді тиімді 
жүзеге асыру үшін қажетті оқыту әдіс-тәсілдерін қолдану болып табылады.  
Ә) Оқушылардың шығармашылық деңгейін көтеруде қолданылған тиімді әдіс-тәсілдер
       Жаңартылған білім мазмұнының тиімді әдіс-тәсілдерін, технологияларын оқыту мен оқу процесінде тиімді 
қолданса оқушылардың шығармашылық деңгейін көтеріп, білім сапасын арттыру. Бәсекеге қабілетті дара тұлға 
қалыптастыру.   Оқушылардың шығармашылық деңгейін көтеру үшін, әр оқушының мінез-құлқымен жете 
танысып,   жаңартылған   білім   беру   мазмұны   бойынша   жаңа   технологияларды   қолдана   отырып   сабақ 
жоспарларын құру арқылы жұмыс жасадым.
 Айғақ па, пікір ме?” әдісі
Айғақ па, әлде пікір ме ?
Айғақ әрдайым дәлелдемелерге негізделген.  Пікір әдетте біздің эмоцияларымыздың өнімі немесе   айғақтың 
жеке интерпретациясы болып есептелетін субъективті тұжырым. 
Мысалы:  1986   жылы   16  желтоқсанда   Қазақстан   тәуелсіз   мемлекет   болып   жарияланды  (Айғақ)  Қазақстан 
тәуелсіз мемлекет. (Пікір)
Оқушылардың  шығармашылығын   дамыту   барысында  ертегі,   әңгіме,   мәтінді,   үнсіз   оқу,   дауыстап   оқу, 
кезекпен оқу, музыка әуенімен оқу,  QR  штрих код  сканерден өткізіп оқу,  kitap.kz  сайтынан оқу,  аудиодан 
тыңдау.  Бұл жерде цифрлық сауаттылық жүзеге асады. Осындай әдіс арқылы оқу барысында оқушылардың 
есте сақтау қабілеті мен ой-өрісі, шығармашылығы, оқу жылдамдықтары артты.
 Шеңбер бойымен әңгімелеу. Мәтінмен жұмыс
Адасқан әріптер: Ұмрқысақ, ңекербро, қнатағлшы. Клебөке, қруаышқ, рәлнедісл. Кргіншөе, ықсұ тейбшлібкі, 
дладыақ. Оқушы өз бойынан өткізіп, топпен, жұппен, жеке орындаған жұмыс шығармашылыққа жетелейді. 
Бұрысын тап” әдісі  Оқушылар «Құмырсқа» тақырыбына байланысты 8 сөйлем жазады. Сөйлемдердің 3 
бұрыс, 5 дұрыс  (санын әр түрлі алуға болады) етіп береді. Келесі топ мүшелері 8 сөйлемнің ішінде бұрыс 
жазылған сөйлемдерді табады.
«Автор   орындығы»   Оқушының   жазған  шығарма,  эссесін  отырғызып  оқыту,  үй   тапсырмасын  сұрауда,  ой 
толғаныс кезеңінде де қолданып отырдым.
Синквейн стратегиясы:
Бес жолды өлең құрастыру:

Не?   –  Көбелек

Қандай?  –  нәзік, әдемі.

Не істейді? –  ұшады, гүлді тозаңдандырады.

Көбелек  -  жаздың көркі.

Түйін сөз  – Гүлден-гүлге қонып, жазға сән береді
Ғылыми жобамен жұмыс:  Оқушының өзі таңдаған кез-келген тақырып бойынша тақырып бойынша таңдау 
курстарында ең  бірінші  реферат  жаздыру. Ары  қарай  ғылыми  жобалар  жазды. Кітапханамен  жиі  байланыс 
жасап, ғаламтордан іздеді. Мектеп кітапханасында ата-анамен бірге отбасылық оқуды қолға алды. Кез-келген 
мәтін, ертегі, әңгімелерді оқи отырып  мазмұнын өз  ойымен еркін  жеткізумен бірге, тіл байлықтары артты. 
Оқыған ертегілерін сахналау. Ертегі кейіпкерлерінің рөлін шеберлікпен сомдай білді.
Шығармашылық, топтық жұмыс: Әріптердің орнына сандарды қою арқылы орындау.
   АПА    АТА     ППП        484+404=888      
Жұппен оқып, жұппен мазмұндау.  Сынып оқушылары жұппен (А, Б оқушы) отырады. Берілетін мәтін 2-ге 
бөлінген. 1-ші бөлімін А, 2-ші бөлімін Б оқушы оқиды. Сосын бір-біріне оқығандарын айтады. Екеуі бірігіп 
мәтін бойынша сұрақтар дайындайды. Сынып болып сол сұрақтарға жауап береді. Топпен де орындауға болады. 
Топта 4 оқушы болса, екеуден бірігіп мәтіннің 1 бөлігін оқиды. Қалған екеуі мәтіннің келесі бөлігін оқып, бір-
біріне баяндайды.
78

Стикер . Стикерлерді оқу үдерісін талдау үшін қолданыңыз. Оқушылар топтарда, жұппен немесе дербес түрде 
мынадай сұрақтарға жауап бере алады:  
мен нені үйрендім?   Маған не қиын болып көрінді?  Не күрделі болды?   Мен енді нені үйренгім келеді? 
Дөңгелек стол Топқа 1 парақ беріледі. Топ оқушысының бірі сол параққа осы тақырып бойынша 1 сөйлем 
жазады. Екіншісі оның жазған ойын әрі қарай жалғастырып, екінші сөйлемді жазады. Соңында  тақырып жайлы 
мәтін шығады.  Бір оқушы мәтінді оқиды, сынып болып талдайды.  
В)  Жаңартылған   білім   беру   мазмұнына   сай   оқушылардың  шығармашылық   деңгейін   көтеруде  білім 
сапасына әсер ететін негізгі факторлар.
Жаңартылған білім беру мазмұнының тиімді әдіс-тәсілдері, формативті бағалау түрлері және кері байланыс 
топтамаларын қолдану білім сапасының өсуіне зор ықпалын тигізеді.
Қалыптастырушы бағалау – бұл тапсырмаларды орындау барысындаоқушылардың білімді игергендіктеріне 
қалай көз жеткіземін? Ол үшін сабақтағы қалыптастырушы бағалау атқаратын функциясы маңызды қызмет 
атқарады. ҚБ –дың нәтижесінде алынған ақпараттың негізінде оқушылар оқу барысында өздерінің тапсырманы 
қаншалықты дұрыс орындағанын біле алады. Қалыптастырушы бағалау кезінде оқушы оқыту үдерісіне белсене 
араласып,   одан   қандай   нәтиже   күтілетінін   түсінеді.Оқылым,   жазылым   дағдылары   бойынша   сабақты 
қалыптастырушы бағалау«Бас бармақ»,.«Ашық микрофон» , «Жазбаша кері байланыс» , «Пікір алмасу», 
«Қосу, алу, қызықты»әдістері арқылыбағалаймын.
Сабақты«Гамбургер» әдісібойынша кері байланыс жасау арқылы тәмамдаймын.
Қалыптастырушы бағалау:   «Активатор 3, 2, 1» әдісі арқылы жүзеге асырамын.
Мақсаты:Сабақтан нені игерді, қандай жетістікке жеткені туралы кері байланыс.
3 - сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;
2 – қиындық келтірген 2 мәселе;
1 – сабақта ұнаған 1 жағдай
  «Бағдаршам»  Түсінгендікті   көрсету   үшін   бағдаршамның   түстерін   көрнекі   құрал   ретінде   пайдаланамын. 
Мысалы: Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, оны олар өз парталарына қояды немесе 
жоғары   көтереді   (қызыл   =   түсінбеймін,   жасыл   =   барлығы   түсінікті).  Оқушылар   бағдаршамның   түстерін 
пайдалана отырып, өздерін бағалайды. Мұғалімге көрсетілген бағалауды оқушылардың күнделіктеріне жазуына 
болады. Сыныптастары бағдаршам түстерінің көмегімен таныстырылымдарды және т.б. бағалайды.
2 жұлдыз, 1 тілек.  Оқушыларды бағалау үдерісінде оқушылардан екі жұлдыз қоюды және бір тілек айтуды 
сұраймын. Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат Бір тілек = бұл жақсартуға болатын 
нәрсе.  Мынадай нәтижелерге қол жеткіздік:
1. Оқушының сабаққа деген белсенділігі артты.
2. Шығармашылық қабілеттері артты.
3. Өз пікірін дәлелдей алады.
4. Шығармашылықпен сұрақ қоя біледі.
5. Достарының ойын тыңдайды.
6. Білім сапасы артты.
7. Ұйымшылдыққа үйренді. 
8. Есте сақтау қабілеті мен ой-өрісі дамыды.       
ІІІ.Қорытынды:  Қорыта айтқанда, қазіргі заман талабына сәйкес жаңа технология негізінде оқушылардың 
шығармашылық деңгейін көтеріп, білім сапасын арттыру үшін, жаңартылған білім мазмұнына сай тәсілдерді 
сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз, оқушылардың шығармашылық қабілеті арттып, өз бетінше білім алуға, 
шеберлігін   дамытып,   шығармашылығын   қалыптастыруға   ықпал   етті.   Оқушылар   оқудың   қызықты   жеңіл 
өтетіндігін,   топта,   жеке,   жұппен   бірлесіп   жұмыс   жасауға   үйреніп,   білімнің   тереңдігін,   әрі   тиянақтылығы 
артқанын   түсінді.   Оқушы   өз   ой-пікірін   ашық   еркін   айтады,   бір-бірін   тыңдауға   үйренді,   сыныпта 
ынтымақтастық   атмосферасы   қалыптасты.   Жан-жақты   дамыған,   болашағы   айқын,   бағдары   анық,   бәсекеге 
қабілетті, рухани бай тұлға қалыптастыра алатыныма сенімім мол.
ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер
1.Қазақстан Республикасы жаңартылған білім берудің жалпыға міндетті стандарты. Нормативтік құжаттар, 
Астана 2016ж.
2.  Қазақстан Республикасы 12 жылдық орта білім берудің жалпыға міндетті стандарты. Нормативтік құжаттар, 
Астана 2016ж.
3.Райысов У. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Бастауыш мектеп, 2016жыл.
5. С. Қожагелдиева, Н. Нұртазаева. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі. Бастауыш мектеп, 
2017ж №4
6. С.С.Мирсеитова З. Қ. Кульбаева, Ана тілі сабағында «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясын 
қолданудың тиімділігі. Бастауыш сынып №7. 2013, 2 бет
7. А.Отарбай «Оқытудың жаңа әдістерімен», Бастауыш мектеп №3. 2014, 27 бет
8.Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты 2017 жыл.
9.Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі 2018 жыл 
* * * * * * * *
79

АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ 
АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ  ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
ШҚО, Абай ауданы, Архат ауылы «С.Бекбосынов атындағы орта мектебі» КММ.
Биология пәнінің мұғалімі. Педагог –зерттеуші Нығыметжанова Гүлжан Қымбатқызы
Қазіргі еліміздегі  білім беру  жүйесінің басты  мақсаты-бәсекеге қабілетті,  жан-жақты дамыған, білімді  де, 
білікті жеке тұлға дайындау. Ал   ол  өз кезегінде   білім жүйесіне  түбегейлі  өзгеріс  енгізуді     талап  етеді. 
Осыған орай   бүгінгі күні   еліміз   мектептерінде жаңартылған білім мазмұны   бойынша білім беру жүйесі 
енгізілген.     Кез келген мемлекеттің   мәдениетті даму   деңгейін, рухани мазмұнын, интеллектуалдық қуатын, 
өркендеу  әлеуетін айқындайтын  бірден-бір көрсеткіш – білім берудің-жүйелілігі  мен  сапасы.  
Сондықтан   ұстаздар   қауымы   үшін жеке тұлғаның   өзіне, қоғамға     қажетті     қабілетін   қалыптастыру,  
дамыту және өз   бетімен білім   алуына-өз-өзін сапалы білім мен саналы   тәрбие     берудің   түрлі жолдарын  
іздестіруі қажет. Әр  ұстаз  күнделікті  сабағын  шығармашылық ізденіспен  өткізгенде  ғана    күтілген нәтижеге 
қол жеткізері сөзсіз. Ақпараттық технологияны   меңгеру бүгінгі заманның басты талабы,   АКТ-ны меңгеру 
оқушының шығармашылық шабытын ашып, ғылыми көзқарасын қалыптастырып,   олардың болашақта түрлі 
бағдарламалармен жұмыс істеу қабілеттерін дамытуға,   тіпті болашақ кәсібін таңдауына жол ашуы мүмкін. 
Себебі, қазіргі ғылым мен техника қарышты дамыған заманда, қай салада болсын     ақпараттық құралдармен 
жұмыс істей білу заңды құбылыс болып табылады. 
Сондықтан ақпараттық –коммуникациялық технологияны жетік меңгерген,   жүйелі, тиімді   қолдана білетін 
болашақ мамандардың   елімізді  дамытуға  өз үлесін қосатыны сөзсіз. Осыған орай ұстаздардың міндеті  АКТ-
ның   мүмкіндіктерін   тиімді   пайдалана   отырып,   оқушылардың   танымдық,   шығармашылық     қабілеттерін 
жетілдіру болып табылады. Сондықтан   мен әр сабағымда ақпараттық технология құралдарын жүйелі, тиімді 
қолдана   отырып   оқушылардың   қызығушылығын   арттыру,  ұқыпты,   тиянақты   болу,   ақпараттық   құралдармен 
сауатты   жұмыс істей білу   міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған жұмыстарды жиі ұйымдастырамын. ХХІ 
ғасыр –бұл  ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет  дәуірі. 
Бүгінгі біздің алдымызда отырған  білім алушылар соңғы ақпараттық технология пен электронды құралдарды 
жетік меңгерген   жандар. Сондықтан оларды     таң қалдыру   өте қиын. Осыған   орай     оқушылардың пәнге,  
қызығушылығын,   арттырып,   шығармашылық   қабілеттерін     дамыту     үшін   ақпараттық   құралдарды   тиімді 
пайдаланудың   маңызы зор . Бүгінде     көптеген   мектептер интернет желісіне қосылып, АКТ құралдарымен 
толыққанды жұмыс істей бастады. Сондықтан  ұстаздар үшін білім сапасын арттыруда ақпараттық құралдармен  
жүйелі жұмыс істеу,  тиімді қолдану  өзекті мәселенің бірі болып  саналады.  Алайда,   ақпараттық құралдармен 
сауатты   жұмыс   істей   отырып,   кабинеттерде   тұрған   интерактивті   тақталар   мен   актив   панелдерді   тиімді 
пайдаланып,  оқушылардың осы ақпараттық құралдар арқылы танымдық, шығармашылық қабілетін арттыруға 
бағытталған   жұмыстар   жүйелі   де,   сапалы     жүрмей   отырған   жағдайлар   кездесіп   қалып   жататыны   белгілі. 
Сондықтан да  бүгінгі  білім жүйесінің алдына қойып отырған міндеті,  педагогтердің  ақпараттық біліктілігін  
көтеру арқылы ,  білім сапасын арттыруға  мүмкіндік  жасау. 
 Көптеген  әріптестер тарпынан сабақ  процесінде  АКТ-ны   қолдану өзекті мәселе емес   деген  ой туындауы  
әбден   мүмкін,   алайда   жоғарыда   атап   өткендей,   «біз   ақпараттық   технологияның       мүмкіндігін   толық  
пайдаланып жүрміз бе?», «қалай пайдаланып жүрміз?» , «ол білім сапасын көтеруге қалай әсер етіп жатыр?» 
деген сұрақтар  төңірегінде  бір сәт ой жүгіртіп көрсек, біраз мәселенің туындайтынын көруге болады. 
Ең бірінші мәселе, мектептердегі ақпараттық құралдар өз дәрежесінде жұмыс істеп тұр ма? Жабдықталған 
кабиенттерде оқушылар   қандай дәрежеде білім алып отыр? , ұстаздардың ақпараттық білімі жеткілікті ме? 
деген   сұрақтардың   алдын   шығатыны   белгілі.     Алайда,       мектептерде   ұстаздардың     мультимедия,   ІТ 
кабинеттерінде ақпараттық- құралдармен , сондай-ақ   интерактивті тақтамен   жұмыс істеу дәрежесінің әлі де 
талапқа сай  емес  екенін    байқауға болады,   көпшілігі  тек    проектормен  слайд, анимация, видеороликтерді  
көрсетумен шектеледі, кей жағдайда осы аталған ақпарттық-құралдардың  сабақ үрдісінде тіпті еш пайдаланбай  
тұратын сәттерді де жиі кездестіреміз.  Көбінесе,  ақпараттық-құралдармен жұмыс істеу тек информатика пәні 
мұғалімдерінің міндеті  тәрізді болып есептеледі.  
Сондықтан әр пән мұғалімі  өзінің    сабағын  қызықты, тартымды өткізу үшін , ақпараттық сауаттылығын 
жетілдіріп, үнемі ізденісте болуы керек деп ойлаймын.  Сондай-ақ әр пән мұғалімі өзінің күнделікті сабағына  
қажетті   тест   түрлерін   құрастыруда,   олимпиада   материалдарын   дайындауда,   суреттер   мен   видеороликтерді 
дайындауда     ақпараттық–технологиялық   құралдармен   тиісті   дәрежеде   жұмыс   істей   білсе,   өзінің   уақытын 
үнемдеуге, жұмыстың көлемін азайтуға мүмкіндігі зор болар  еді. 
Сондай-ақ тек сабақ үрдісінде ғана емес,   сыныптан тыс шаралар барысында да ғылыми жоба дайындау, 
слайд-презентация  қорғау, зияткерлік ойындар, онлайн дәрістер өткізуде  ақпараттық құралдар таптырмайтын 
көмекші болар еді. Яғни, «Bilimland.kz» , «Learningapps.org», «iTest»  және «Kahoot» сияқты бағдарламаларын 
жетік   меңгеру     арқылы   қажетті   тест,   жаттығу   жұмыстарын   құрастыруға     қол   жеткізуге   болады.   Мен   өзім 
биология пәнінің мұғалімі бола тұра осы АКТ-ны жиі қолданудың  оның сабақ үрдісінде және сыныптан тыс 
шаралар   барысында   өте   қажет   екендігіне   көз   жеткіздім.   Әсіресе,   оқушылармен   бірлесе     отырып 
«Bilimland.kz» , «Learningapps.org», «iTest»  және «Kahoot» сияқты бағдарламаларды  меңгеру мен үшін үлкен 
80

табыс болды. Бұл  бағдарламалар мен сайттармен жұмыс істеу менің  осы АКТ –ны жетік меңгеруге деген  зор 
қызығушылығымды туғызды.  
Мен  әр сабағымда осы бағдарламалар көмегімен білім сапасын арттыру мақсатында  қызықты да тартымды 
тест түрлерін , пән бойынша әртүрлі тапсырмалар  құрастырып  практикада   жүзінде қолданып жүрмін.  Білім 
беру  саласында көп  қолданыста жүрген ақпараттық құралдар:   интерактивті тақта, электронды  оқулық, веб-
камера, актив панел, мультимедия .   Біздің   мектепте де ақпараттық технологияны   қолдану  жақсы  жолға 
қойылған, әр сынып  кабинттері  проектор мен экран, 2 кабинетте  интерактивті тақта, 2 кабинетте  актив панел, 
оның ішінде 1 ІТ кабинеті ,1 мультимедия кабинеті жабдықталып, толықтай интернет желісіне қосылған.  Өзім 
жетекшілік ететін биология кабинеті бүгінгі заман талабына сай   актив панел, документ-камера, электронды 
микроскоп   сияқты ақпараттық құралдармен толық жабдықталған. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып,   мен 
күнделікті  сабағымды қызықты да ,әсерлі етіп өткізуді жоспарлаймын.  Мен  өз сабақтарымда    актив панел,  
документ-камера,   ұялы   телефон,   электронды   оқулық     сияқты   ақпараттық   құралдарды   пайдалану   арқылы 
оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін   арттыруға болатынына көз жеткіздім.     Ең алдымен 
ақпараттық құралдарды  сабақтың қай кезеңінде, қалай қолдану керектігіне баса  назар аудаған жөн. Мен   сабақ 
барысында қажетті бейнефильмдер мен тапсырмаларды    көбінесе  «Bilimland.kz» , «Learningapps.org», «Twig» 
сайтынан,  ютуб  желісінен  аламын, сондай-ақ    оқушыларды      ҰБТ,ОЖСБ  –ға  дайындау  үшін,  жалпы  білім 
алушылардың  білімін  анықтау  үшін  «iTest»    сайттарын  және   «Kahoot»  бағдарламасын    үнемі   қолданамын. 
Мысалы: «Bilimland.kz» , «Learningapps.org»  сайттарынан  жаттығулар мен тесті  параққа шығарып әкеп жеке 
немесе   жұпта   орындатып,   өте   аз   уақыт   аралығына   оның     дұрыс   жауабын   тақтада   көрсету   арқылы   үй 
тапсырмасын     тексеруге   болады,   немесе   бірден     тапсырманы     тақтада   орындату     арқылы   оқушы   білімін 
тексеруге   болады.   Сондай-ақ   ұялы   телефон   арқылы   «Kahoot»»   ойынын   ойнау   оқушылардың     зор 
қызығушылығын туғызды. 
Бұл  бағдарлама да  оқушының  білімін  анықтауда таптырмас  көмекші  құрал болып  табылады.    Сондай-ақ 
оқушылар биология, химия сабақтарында түрлі графиктер мен диаграммаларды салып, ақпараттық құралдамен 
жұмыс   істеу   дағдыларын   меңгереді.   Зертханалық   және   практикалық   жұмыстарды     виртуалды   лаборатория 
арқылы көруге мүмкіндік алады. Электронды оқулықтар оқушының танымдық белсенділігін арттырып қана 
қоймай   логикалық   ойлау   жүйесін     қалыптастыруға,   шығармашылықпен  жұмыс   жасауына   жағдай   жасайды. 
Бұл     сабақ   барысында   уақыты   үнемдеу   үшін   тиімді.   Сондай     ақ   оқушылар     сабақ   барысында   жасаған 
постерлерін, салған суреттерін   документ-камера арқылы экранда көрсетіп  қорғай алады.  Бұл да оқушының 
танымдық қығыушылығы  мен  шығармашылық қабілетін арттыруға септигін тигзері сөзсіз. Ұлы орыс педагогы 
Ушинский    «мұғалім   үздіксіз   білімін   көтеріп   отырғанда   ғана   мұғалім,   ал     оқуды,   ізденуді   тоқтатса  
мұғалімдігі де жойылады»  деген болатын. Сондықтан әр ұстаз күнделікті   сабағында   заман   талабына сай 
ақпараттық   –коммуникациялық   технологияларды     кеңінен     пайдалана   білуі   тиіс.    Оқу-тәрбие   үрдісінде 
оқушылардың   оқу-танымдық   белсенділіктері   мен   оқуға   деген   көзқарастарын   өзгертуде   ақпараттық 
коммуникациялық технология (АКТ) зор мүмкіндік береді.  АКТ-ны оқу-тәрбие үрдісінде қолдану  оқушының 
қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырады.    Басты 
айырмашылық   мұғалімнің   ролі   өзгереді,   ол   бағыт-   бағдар   беруші   қызметін   атқарады.  Жаңа   электрондық 
оқулықтарды,   практикалық   тәжірибелерді   қолдануда   интернет,   компьютерді   білу,   яғни     ақпараттық 
құрылғылармен сауатты жұмыс істей білу  ұстаздың негізгі міндеті болып табылады. 
АКТ-ны тиімді қолдану  мұғалімге не береді?
Оқушыларың білімін (жаттығу, тест) тексеру;

Көрнекіліктерді  таңдау(слайд, анимация, видеоролик);

Есептердің шешу жолдарын көрсету;

Практикалық , зертханаалық жұмыстар жүргізу:

Зияткерлік ойындар өткізу;

Олимпиада материалдарын дайындау:

Уақытты  үнемдейді; Жұмыстың көлемін азайтады:
АКТ-ны  тиімді технологияны қолдану оқушыға  не  береді? 

Оқу мазмұнын түсінікті, қызықты етеді;

Виртуалды лаборатория арқылы көрсетуге болады;

Қиындық туғызатын заңдылықтарды бейнефильм арқылы көрсетуге болады;

Тұлғаға бағытталған оқу жүзеге асады;

Ақпараттық-құралдармен жұмыс жасауға ықпал етеді;

Танымдық, шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді;

Көру, есту, тыңдау, жазу дағдыларын дамытады;

Ақпараттық-құралдармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіреді;

Ақпараттық мәдениетін жетілдіреді:

Ғылыми жұмыстармен айналысуға мүмкіндік береді:

Уақытты үнемдейді, қайталап көруге мүмкіндік береді,

Қатесін түзетуге мүмкіншілік беріледі;
81

 Ақпараттық  технологияны пайдалану   сабақта оқушы белсенділігін  арттыруға, сабақты шапшаң жүргізуге, 
өзіндік жұмыстың көлемін арттыруға, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Яғни, ақпараттық технологияны 
қолдану уақыт  талабы десек болады. АКТ-ны қолданудың  оқушы үшін де, мұғалім үшінде тиімді екендігіне 
мен тәжірибе барысында көз жеткіздім. Себебі, оқушылардың танымдық қызығушылығы болмаған  кезде  пән 
бойынша сапалы білім  болуы да мүмкін  емес.  Ал, оқушының танымдық қызығушылығын арттыратын, сапалы 
білім алуға  жетелейтін, бұл ақпараттық  технологияны сабақ  үрдісінде  жүйелі  де,  сапалы пайдалану болып 
табылады. «Сабақ беру үйреншікті  жай   шеберлік емес, ол үнемі жетілдіруді қажет ететін, үнемі  жаңааны 
табатын өнер деп» Ж.Аймауытов айтқандай әр ұстаз өз шеберлігін шыңдау үшін үнемі ізденісте болу керек. Әр 
ұстаз өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес,   ақпарттық –компютерлік технология құралдарын жан-жақты 
игерген, ақпараттық құзырлылығы қалыптасқан маман болуы қажет  және оқушылардың білімін  арттыру үшін 
сабақта АКТ құралдарын тиімді қолдана білуі керек.
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1.
Б.Б.Жолдасова инновациялық технологияларды білім беруде қолдану. Білім, №5,2007ж
2.
Н.Т. Ошанова Білім беру жүйесінде коммуникациялық технологиялардың көмегімен оқушылардың 
дүнитанымдық көзқарастарын қалыптастыру. Вестник КазНПУ им. Абая, Алматы, №2, 2005 ж
3.
Г.Әбдурахманова Коммуникациялық технологиялардың дидактикалық мүмкіндіктері. Қазақстан 
мектебі. 2006 ж 
* * * * * * * *
Ақмола облысы. Көкшетау қаласы 11 «Арай» балабақшасының
тәрбиешісі Наурузбаева Нұргуль Салижановна 
 
 Тақырыбы: Анашым - Анажаным
 1-ұл. Ұлдар айтындаршы мерекеге барлығы дайынба ?
2-ұл. (залға қарап) Барлығы жиналған сияқты қонақтарымыз да келіпті.
3-ұл. Иә, бүгін аналар, әжелер, қыздар мерекесі ғой.
Ендеше мерекені бастайық.
4-ұл. Тоқтандар, қыздар жоқ ғой.
5-ұл. Ә, олар топта өздерін әдемілеп жатқан, қазір келіп қалар.
6-ұл. Ұлдар, тыныш, міне қыздарымыз да келіп қалыпты.
7-ұл. Ендеше қыздарымызды қарсы алайық.
Музыка залы әсем безендірілген
Жүргізуші: Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі –Аналар
Ана деп бас иеді күллі халық.
Қайырлы күн! Қымбатты аналар,ақ жаулықты әжелер,аяулы әріптестер! Барлығыңызды көктемнің алғашқы 
мейрамы 8-наурыз Аналар мерекесімен құттықтаймыз! Әрқашан дендеріңіз сау,көңілдеріңізжайдарлы бола 
берсін дейміз!  Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ән:«Анашым - Анажаным»
Музыка әуенімен залға гүлдер шашып Бәйшешек кіреді.
Бәйшешек: Армысыздар балақайлар,
         Әзиз әже, назды апайлар
          Мол шуақты ала келдім
          Қуаныңдар балақайлар
          Мен құлпырған бәйшешекпін
          Келіп жеттім көктемменен
          Шаттаныңдар мейірімді аналар
          Бұл мереке тек сіздерге аналар.
Жүргізуші: Рахмет, Бәйшешек біздің балалар сізге 
сыйлық ретінде дайындаған тақпақ-әндері мен билері 
де бар.
     Қандай қызық көктемде
         Күн шуағын төккенде
         Гүл тереміз алуан,
         Шығып алып көк белге
 Көктем күні керемет
 Жаңбыр жауар себелеп
 Күн ашылса болғаны,
 Көлдеңдейді көбелек.
    Бар табиғат нәр алып,
         Шыға келер жаңарып
         Қызғалдақ боп құлпырап
         Көктем – біздің балалық.        
  Би: «Таңғажайып әлемде көбелектермен гүлдер »
 Сегізінші наурыз келді,
       Шаттық сезім, ой келді.
       Қуанышты күні енді,
       Құттықтаймыз сіздерді.
      
Жанымызды жайнатқан,
Сіздер ғой аналар
Зор денсаулық, мол бақыт
Тілейміз біз аналар.
Қандай бала болмайық,
Анамызға балдаймыз,
Көтерейікші көңілін 
Ән салайық бәріміз.
Анам менің асыл жан,
82

Құшағы нұр шашылған.
Күн секілді күледі
Сипап ылғи басымнан.
Ойын: «Кім бірінші қызға гүл сыйлайды»
Шарты:Ортада үстел үстінде құмыраға салынған 
гүлдер тұрады. Ойынға 5-6 ұл бала қыздарды вальс 
биіне шақырады. Әуен ойналып, вальс билейді. Әуен 
тоқтаған кезде, ұлдар жүгіріп барып құмырадағы гүлді 
алып бірінші қызға сыйлау керек. Кім бірінші қызға гүл 
сыйласа, сол бала жеңіске жетеді.
 
 Анашым, құтты болсын мейрам күнің
 Ешқашан үзілмесін думанды үнің
 Құшақ-құшақ гүл сыйлайын, гүлдей жайна
Шаттанып қуанатын күнің бүгін
Әжемді мейрамымен құттықтаймын,
Айтатын ән,беретін гүлім дайын
 Әжетай сені жақсы көремін деп,
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.
Жүргізуші: Құрметті де ардақты әжелермізді ерекше атап құттықтаймыз. Қариясы бар үйіміздің қазынасы бар 
деп, халқымыз текке айтпаған ғой, ардақты әжелерімізді ортаға шақырып олардың ойын тыңдайық. 
Ортаға әже киім киген төрт ұл шығады. Айқын, Омар, Олжас, Дархан.
Әзіл ән: «Әжелер әні»
Бәрі: Келіннен қорқып саспайық,
Келіңдер өсек бастайық.
Немеренің әртүрлі
Қылығын айтып тастайық.
қ/сы: Ойбай, белім-ай,
Қайда кетті келін-ай.
1-бала: Немерем менің блатной,
Күндіз тыным таппайды.
«Видео көру керек керек»-деп,
Кешкі ұйқыға жатпайды.
қ/сы: Ойбай, сұмдық-ай.
Ұят екен масқара ай.
2-бала: Немерем менің кір-кір боп,
Үйдің бетін көрмейді.
«Киндер» сатып әпер деп,
Еш тыныштық бермейді.
қ/сы: Ойбай, сұмдық-ай
Ұят екен масқара-ай.
3-бала: Немерем менің теңгеге,
Үйір болып алыпты.
Мың теңгені сағызға,
Аямай бере салыпты.
қ/сы: Ойбай, сұмдық-ай
Ұят екен масқара-ай.
4-бала: Немерем менің ән салса,
Махаббат деп айтады.
Қызың бар ма деп едім,
«Жоқ»,-деп басын шайқады.
қ/сы: Ойбай, сұмдық-ай
Ұят екен масқара-ай.
Бәрі: Келіндер келіп қапты ғой,
Бізде үйге кетейік.
Немере шіркін тәтті ғой.
Барына шүкір етейік.
қ/сы: Ойбай, белім-ай,
Қайда кетті келін-ай.
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ
Ана деген – асыл жандар болаттай,
Ана десең –мөлдір жандар бұлақтай
О, адамдар, қадірлей біл Ананы,
Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.
Ана десем сезім билер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірін
Орнап еді бар әлемге тыныштық.
Ана десем – шешек атып жанары
Өмірімнің бастау алар жаңа әні
Ана деген тіршілікте пана боп
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
Диалог: 1ұл: ( галстугін дұрыстап)Бекзат маған қарашы мен әдемімін  бе?
        2ұл: И....и...Омар саған не болған?
        1ұл : Не болушы еді, қазір біздің қыздар өнер көрсетпекші
        2ұл: Ия өмір зымырап бара жатыр,
            ал біздің қыздар күннен күнге құлпырып бара жатыр
        1ұл:Ия... (күрсініп)
        2ұл: И... Омар күрсінбе, ол қыздармен әлі мектепте де кездесеміз 
Ән: «16 қыз» (әзіл сықақ ән ұлдардың орындауында)
Бекзат, Дархан, Нурасыл, Қонысбек, Шаттық
Бәйшешек: Менің де балаларға әкелген сыйым бар, қабыл алыңыздар!
Сыйын үлестіріп болған соң қоштасып шығып кетеді)   
Жүргізуші: Осымен құрметті аналар, әжелер
          Біздің балаларымыздың дайындаған
           Мерекелік шарамыз аяқталды!
           Келесі кездескенше сау-сәлеметте болайық.
* * * * * * * *
83

Жамбылская область, Жуалинский район, село Б.Момышулы
Школа-гимназия № 19 имени Д.Конаева
Учитель русского языка и литературы Шинасилова Дамира Жуматаевна


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет