«bilimnur» баспа редакциясы «ЖАҢартылған білімге – жаңашыл ұстаз»



Pdf көрінісі
бет1/30
Дата23.01.2020
өлшемі10,09 Mb.
#56375
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
forum toptama2020 (1)


«BILIMNUR» баспа редакциясы 
«ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМГЕ
 – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» 
Республикалық ғылыми практикалық
форумның топтама жинағы
Шығармашылық еңбектердің
іс-тәжірибелік жинағы
«Қаламгер ТЕН» ЖШС
Алматы, 2020

УДК  37.0
ББК  74.00
Ж      28 
«ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМГЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» - Республикалық ғылыми 
практикалық форум топтамасы
Ж   28  Шығармашылық еңбектердің іс-тәжірибелік жинағы/Редактор Нағиев. І. Б  
– Алматы, 2020. – 200 б.
ISBN    978-601-7954-46-8
Қазіргі таңда дүниежүзілік білім жүйесі деңгейіне сәйкес келетін, сапалы білім  
беруге   жағдай   жасайтын,   үйлесімді   дамытуға   бағытталған   білім   беру   көзделіп  
отыр. Білім мекемелерінде үш тілді оқыту жүйесі, бірыңғай мектеп формасы, 12  
жылдық білім беру стандарттары тақырыптарын БАҚ беттерінде ұстаз, ата-
ана   арасында   түсіндіріп,   пікірлесу   қазіргі   заман   талабы   қажет   ететін  
маңыздылығы бар. 
"Ашықтық қағидаты" шеңберінде білім беру саласының барлық қызметкерлері  
үнемі   құзыреттіліктері   мен   білімдерін   жетілдіріп   отырулары   заманауи  
қажеттілік.
Іс-тәжірибелік   жинақ   қазіргі   күнгі   талаптарға   сәйкес   құрастырылған,  
енгізілген   ақпараттар   жеткілікті,   теориялық   және   тәжірибелік   мағынасы   бар.  
Республика көлемінде таратуға ұсынылатын ұстаздардың көмекші  құралы.
УДК  37.0
ББК  74.00
ISBN      978-601-7954-46-8
© Нагиев И.Б., 2020

«ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМГЕ   – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» 
Республикалық ғылыми практикалық форум
Ұйымдастырушы: «BILIMNUR» баспа редакциясы 
Ақпараттық қолдау: «Матрица» қоғамдық, ақпараттық порталы, Республикалық 45minut.kz 
газеті, Республикалық «Білім жолы Нұрлы жол» журналы редакциясы 
Мақсаты: Білім беру үрдісінде жаңартылған мазмұнды іске асырудың өзекті мәселелерін 
талқылау және тәжірибе алмасу үшін ашық алаң құру. 
Қазіргі таңда дүниежүзілік білім жүйесі деңгейіне сәйкес келетін, сапалы білім беруге жағдай 
жасайтын, үйлесімді дамытуға бағытталған білім беру көзделіп отыр. Білім мекемелерінде үш тілді 
оқыту жүйесі, бірыңғай мектеп формасы, 12 жылдық білім беру стандарттары тақырыптарын БАҚ 
беттерінде ұстаз, ата-ана арасында түсіндіріп, пікірлесу қазіргі заман талабы қажет ететін 
маңыздылығы бар. «Ашықтық қағидаты» шеңберінде білім беру саласының барлық қызметкерлері 
үнемі құзыреттіліктері мен білімдерін жетілдіріп отырулары заманауи қажеттілік.
Міндетi: Мұғалімдерге жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқу үрдісін ұйымдастыру 
мәселелері бойынша ақпарат беру. 
Қатысушылар: Білім беру мекемелері, орта білім беру мекемелері, бастауыш, балаларға арналған 
қосымша білім беру мекемелерінің педагогтері, мектепке дейінгі және балабақша тәрбиешілері мен 
тәлімгерлері қатысуына болады. 
Нәтижесі: 
* Қатысушы сертификаты, Алғыс хат; 
* Ең үздік баяндама — Арнайы диплом; 
* Ең үздік мақала — Арнайы диплом; 
* Белсенді және Үздік қатысушылар — «Төсбелгі» 
* Форум топтама жинағы 
Форум тақырыбы аясында баяндама, презентация, ашық сабақ, мастер класс өткізуге ұсыныс 
білдірген ұстаздар бағдарламаға енгізіледі. 
Қорытынды, Марапаттау, Еркін пікірлесу. Естелік фотосесия
3

АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН
ОРТА МЕКТЕПТЕ БЕЛСЕНДІ  ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНЫП ОҚЫТУ
Қызылорда облысы Шиелі ауданы «№ 50 Абай атындағы орта метебі» КММ 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Молдабаева Нурила Ниязбековна
                                                                    
Абай Құнанбаев шығармаларын оқыту мектепте әдебиетті оқыту принциптерімен тығыз байланысты. 
Абай   шығармалары   сөз   өнерінің   биік   үлгісі   ретінде   әдебиетті   оқытудың   мақсат-мүддесіне   толық   жауап 
береді. Мектепте оқытылатын пәндер қатарында әдебиеттің де пән ретіндегі оқытылу мақсаты оқушының білім 
алуына, білік дағдысын, таным, түсінігін қалыптастыруға, тәрбиелуге бағытталады. Әдебиет басқа оқу пәндері 
сияқты осы мақсат, міндеттерді арқалай отырып, басқа қырларымен де ерекшеленеді. Ол – әдебиеттің қоғамдық 
сана тудырған көркем өнердің бір саласы ретіндегі айырмашылығы. Әдебиет – адамтану, әлемтану ғылымы.
Әдебиет адам табиғатының алуан сипаттарын, сондай-ақ өмірдің қат-қабат құбылыстарын сұрыптап бере 
отырып,   қоршаған   ортаны,   болмысты   дұрыс   қабылдауға   жағдай   жасайды,   адамның   логикалық   ойлауын 
жетілдіріп,   сана-сезіміне   әсер   етеді.   Жинақталған   көркем   образдар   арқылы   адамгершіліктің   биік   үлгісін  
танытады.
Көркем әдебиетті мектеп қабырғасында оқыту көптеген маңызды мәселелерге баса назар аударуды қажет 
етеді.   Мектептерде   басқа   пәндердің   қатарында   әдебиеттің   оқытылуында   да   білім   деңгейін   берілген 
материалдың көлемімен өлшеу, тек ақпарат құралына айналдыру жағы жиі аңғарылады. Белгілі бір мәтінді, 
өлеңді оқытуда оқушы автор туралы не біледі, шығарма мазмұны не туралы дегенмен шектелушілік басым.
Ал   оқушының   сол   мазмұнды   қабылдауы   қандай   болды,   қандай   әсер-   күй   қалыптасты   немесе   оқушы   өз 
тарапынан шығарманың ішкі мазмұнын қабылдай алды ма, сол шығармаға баға беруге талаптана ала ма деген 
мәселелер көмескі қала береді.
Оқушы оқылатын шығарманы дайын күйінде басқа авторлардың берген бағасы, түсіндіруі арқылы ұғынбай, 
өздігінен   түсінетін,   мұғалімнің   жүргізетін   жұмысы   барысында   талдай   алатын,   қорытынды   жасай   алатын 
дәрежеге жеткізу, оқушыға шығармашылық  жағдай  жасау,  еркіндік  беру әдебиетті  оқытудағы  басты міндет 
болса керек.Абай шығармалары сөз өнерінің асқақ үлгісі ретінде әдебиетті оқытудың мақсат болмысына толық 
жауап береді.Мектепте оқушыларға әдебиет пәнін оқытудың алдына қойған мақсаты: оқушының білім алуына, 
білік-дағдысын, түсінігін, көркем сөзге шешендігін қалыптастыруға, жан-жақты дүниедегі өзгерістерге деген 
көзқарасын білдіріп, оны танып үйренуі де тәрбиелеуге бағытталады.
9-сынып бағдарламасындағы «Болыс болдым, мінеки» өлеңі осы бір айтылған ойға дәлел секілді. Бұл өлең 
1909   жылғы   кітапта   басылған   (19-21-беттер)   Осы   өлең   1889   жылы   «Дала   уәлаяты»   газетінің   12   санында 
жарияланған.Өлеңге: «1888 жылда, мамыр айында Ақшатау деген жерде Семей облысы мен Жетісу облысының 
шербушайнай сиез болғанда бір ояздың ел билеушілерінің түрі»,-деп түсінік берілген.
Өлеңде   ақын   ең   алдымен   болыстың   өзін   сөйлетіп,   оның   жиренішті,   жексұрын   қылықтарын   ,ішкі 
психологиялық портретін өз аузымен баяндатып:
Күштілерім сөз айтса,
Бас изеймін шыбындап.
Әлсіздің сөзін салғыртсып,
Шала ұғамын қырындап...
Антұрғанмын өзім де,
Бір мінезбен өтпеймін...-деп, құбылмалы мінез-құлқын, қимыл-әрекетін танытып, «Болыс болдым мінеки,бар 
малымды шығындап» дей отыра,
оңбаған сұрқия болыс өзін-өзі әшкерелей бастайды. Ол өзінің өтірікшілігін, жалтақтығын, қорқақтығын, екі 
жүзділігін өз аузымен айтып, ашып береді. Шен-шекпенге сатылған азғын , мансапқор болыс атаулының бәріне 
тән,   масқара   айтқызу-Абайдың   жаңадан   тапқан   өте   ұтымды,   шебер   әдісі.   Кейіпкердің   бір   сәт   ойға 
кетіп,болыстыққа жету үшін қандай қам жасағанын, қанша малын шашып әуреге түскенін, болыс болғандағы іс-
әрекеттерін,   әртүрлі   адамдармен   қарым-қатынасын   –бәрін   көз   алдынан   өткізіп,   өзіне   өзі   есеп   бергендей, 
тұжырымдап бағалағандай болып отырған қалпы мейлінше нанымды да, әсерлі-ақ! Абай осы өлеңінде алдына 
жан салмайтын мысқылшыл,сатирик ақын, кемел психолог –суреткер ретінде танылады. Бір ғажабы –өлеңде 
әдейі   әсірелеу   арқылы   күлкілі   жағдай   туғызу   деген   мүлде   жоқ.   Баяндалып   отырған-   сол   заманда   қазақ 
қоғамында   болыстық   үшін   таласқан   адамдардың   басында   үнемі   кездесіп   отыратын   жағдайлар.   Осы   өлеңді 
талдай келе оқушылар арасында адамдарды мінез-құлқына сай топтастыра талдау әдісі,адамдардың шынайы 
бет-жүзін анықтай отыра, қазіргі замандағы атаққұмарлықтың айырмашылығын тізбектей алады .Ондай мінезді 
адамдардың арманы асқақтай алмайтыны, сонымен қатар өзімен бірге талайын суға батыратыны айдан анық 
дәлелденеді.
Абайдың   шығармаларында   ойшылдық   пен   суреткерлік   ажырамас   бірлік   тауып,   аса   маңызды   қоғамдық 
,азаматтық,халықтық мәселелерді терең толғайтын шығармалардың тууына негіз болды.
Абай Құнанбайұлының табиғат лирикасы үлгісіндегі өлеңдерінде ақынның ой-сезімі, жан дүниесі де терең 
ашылған.   Ол   өзінің   шығармаларында   жыл   маусымдарын:   қысты,күзді,   көктем   мен   жазды   қайталанбас 
бояулармен бейнелеп  берді. Туған  ел табиғатын сипаттауда оның  суреткерлік шеберлігі  айқын  аңғарылады. 
4

Абай пейзажды адамның тұрмыс кешетін табиғи ортасы, мекен-жайы ретінде ала отырып, әлеуметтік өмірмен , 
қазақ халқының көшпелі тұрмысымен тығыз байланыстыра көрсетеді.
7-қазақ сыныбында Абай Құнанбайұлының «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі берілген (1882). Бұл 
өлең ең алғаш «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбай ұғылының өлеңі» деп аталған жинақта басылған (71-72-
беттер). Өлеңде ақын өз басынан кешкен, өзі көріп, терең сезінген оқиғаны жыр етіп, толғана суреттеп,шыншыл 
шеберлікті танытады.
Өлеңнің шығу тарихынан.
-Қыс өлеңін Абай атамыз 1884 жылы Семей өңірінде қыс қатты болып ел жұтаған, мал қырылған екен.Қыста 
жауған қар сәуір айында бір-ақ еріген.Бұл өлең сол кезеңде жазылған.
 Сондықтан ақын қысты «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды” зор тұлғалы адам ретінде сипаттаған.
Кейіптеу – жансызды жанды түрінде суреттеу
3.Іштей оқу. Оқу барысында қиын сөздерді белгілеп отыру.
4.Сөздікпен жұмыс:
1.
Шидем- қой жүнінен тоқылған киім.
2.
Бұрқ-сарқ- қатты дауыл, боран.
3.
Боран долданғанда- аяз, жел тым күшейгенде.
4.
Домбығып-суықтан ісіп,қызарып.
5.
Ұшпа- бұлт (шоқ бұлт).
6.
Қондыбай , Қанай – адам аттары.
Өлеңді жалғастыр:
Жұптық жұмыс
1.
Қар жауады...
2.
Ойнауға жақсы-ақ.
3.
Осындай...
4.
Кім үйде жатпақ?
1.
.Жаңа сабаққа кіріспе Қызығушылықты ояту.Сөзжұмбақ шешеді.
2.
Өлең жазатын адам кім?
Батыл, ер сөздеріне мағынасы жуық сөз?
Республикамыздың бас қаласы?
Түнде аспанда не шығады?
«Абайды оқы таңырқа»атты слайд көрсетемін.
Абай кім? «Жұпта талқылау» стратегиясы./ өз білетінін қағазға түсіру, көршісімен бөлісу, жаңа білім жайлы 
ақпарат жинап, оны байырғы білімімен ұштастырады/
«Абай - ақындардың ақыны» С. Торайғыров
лы ақын Абай өзінің бірқатар өлеңдерін жастарға арнаған. Бүгінгі ұсынылып отырған «Ғылым таппай 
мақтанба» өлеңі ұрпағына өсиет ретінде жазылған. Ақын бұл өлеңінде адам бойындағы ең үлкен қазына ғылым, 
білім, өнер екендігін айтады.
. Мақсат қою кезеңі: «Ғылым таппай мақтанба»
- Осы тақырып бойынша нені меңгеруге тиіспіз?
1. Автор туралы дерек білу.
2. Өлең мазмұнын түсіну
3. Жақсы және жаман қасиеттерді тану.
5. Мағынаны тану:
1. Топтық тапсырма:
А) Абай Құн анбаев туралы мәлімет сызбада көрсету, қорғау, толықтыру 
Ә) Өлеңді мәнерлеп тізбектеп оқу;
Б) Өлең мазмұнына талдау жасау:
- Әр топ жобамен қорғайды.
аудармалары Ибраһим 1845-1904ж
8 мыңға жуық өлеңдері әкесі Құнанбай
45 қарасөзі Шешесі Ұлжан
Ахмет-Риза медресесі әжесі Зере
Дарынды баламен жұмыс.
Өлең – поэзиялық жанр түріне жатады. Онда ұйқас /рифма/, ырғақ /ритм/ болады. Мысалы:
Ғылым таппай/ мақтанба, -а
Орын таппай/ баптанба, -а
Құмарланып/ шаттанба, -а
Ойнап/ босқа күлуге. -б
Өлеңнің құрылымдық жүйесі

1- шумақ 

4 тармақ 2 бунақ ұйқас – 1-а, 2-а, 3-а, 4-б.
5

Өлеңді мұғалімнің оқуы
Топтық жұмыс:
1 - топ: ------------- 2 - топ:
Бес асыл іс ------------ Бес дұшпан
Талап ---------------- Өсек
Еңбек ----------------- өтірік
Терең ой --------------- мақтаншақ
Қанағат -------------- еріншек
Рақым ----------------- Бекер мал шашпақ
Қорытындылау   . Сабақты қорытындылау, оқушы білімін бағалау
 Біз не үйрендік?
Абай  Ұлы ақын Семей өңірінде туған 1845 - 1904ж
Ғылым таппай мақтанба Ойшыл 
«Бес жолды өлең» құру
Не? Ғылым  Қандай? Қызықты, қиын,
Не істеді? үйренді, ашты, оқыды
Сөйлем  Синоним білім
Үйге тапсырма:мазмұндау, жаттау  Өлеңді тізбектей оқыту
Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша ой пікірлерін кері байланыс қағазға толтырады
«Сұраққа жетіп ал» әдісі:
 1. Абай Құнанбаев қай ғасырда,қай жылдары, қай өлкеде, қандай қоғамдық ортада өмір сүрген?
 2. Абай қандай тақырыптарда өлеңдер жазды?
 3. Абайдың лирикалық өлеңдеріне мысалдар келтір.
 4. Абайдың оқу-білім туралы өлеңдерін жаз?
 5. Абай өлеңмен бірге әдебиеттің тағы да қандай жанрында шығармалар жазды?
 6. «Қыс» өлеңі қандай өлеңге жатады?
 7. Кейіптеу дегеніміз не?
«Сана аллеясы» әдісі бойынша өлеңмен танысу:
а) Жаңа тақырыпты балалар  өз бетінше оқиды.
ә) Жұпта және топта талқылайды.
б)топтар бір-бірінің қаншалықты түсінгендерін талқылайды.
Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңін оқыту барысында қандай белсенді 
оқыту әдістері қолданылып жүр?
Осы сабақ  арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
6.1.1.1 - әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау;
6.1.2.1 - әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық  мәселені идеясы арқылы түсіндіру;
6.1.3.1 -әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау;
Диалогтық оқыту.(Оқушылар бір –біріне сұрақтар қояды)
1.   Өз заманында Абай өлеңдерінің маңызы болдыма?
2.   Қазіргі заманда Абай өлеңдерінің маңыздылығы қанша?
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:
Өлең жолдарында келтірілген «_______» сөзі «________» деген мағынаны білдіреді. Өмірден мысал келтіретін 
болсақ, _______________. 
3. “Еркін жазу” стратегиясы.
Абай өлеңдерінен өз бойларыңа қандай жақсы қасиеттерді сіңірдіңдер?Абай кім?
Жоғарғы сыныпта өтілетін Абайдың қарасөздері сабағында топтық жұмыстың төмендегідей түрлерін жүргізген 
тиімді:
І топ:Берілген қарасөздің тақырыбын анықтап, кестені толтыр.

Қандай тақырып қамтылған
Қарасөздері
1
25,23
2
7,10
3
13
4
15
ІІ топ: 29 қарасөзге тоқтала отырып, кестені үлгі бойынша толтыр

Мақал мәтел
Абай сөзі
Өз пікірім
1
2
Атың шықпаса жер өрте
Ата анадан мал тәтті, алтын үйден жан 
тәтті.
Жер өртеп шығарған аттың несі мұрат?
Ата анасын малға сатқан - ең арсыздың ісі
ІІІ топ:  Абай қара сөздеріндегі нақыл сөздер мен мақал-мәтелге айналып кеткен айшықты сөз тіркестерін 
табады.   Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей
Әкесінің баласы – адамның дұшпаны, адамның баласы - бауырың Бақпен асқан патшадан, мимен асқан қара 
6

артық    Қайғысыздан сақ бол, қайғылыға жақ бол
Қайратсыз ашу – тұл, тұрлаусыз ғашық – тұл, шәкіртсіз ұстаз - тұл
Биік мансап – биік жартас, ерінбей еңбектеп жылан да шығады, екпіндеп ұшып қыран да шығады
Азат басың – болсын құл, қолдан келмес іске ұмтыл
Оқыту жұмысының нәтижелі болуы оқыту әдістерін үйлесімді етіп таңдап ала білуге байланысты. Себебі 
оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ. Ал сабақтың мақсаты мұғалім мен оқушының ұжымдық, 
шығармашылық еңбегі, сондай-ақ сабақта оқыту мен тәрбиенің міндеттері, мақсаттары жүзеге асырылады, 
оқушылардың ой - өрісі кеңіп, қабілеті шыңдала түседі, өмірге деген көзқарасы қалыптасады.
Қорыта айтқанда, ұлы Абайдың лирикалық шығармаларын 5-8 сынып оқушыларына үйрету барысында ең 
қажетті сыналған әдістемелерді пайдаланып, оларды әрбір сабақта жаңалап, жетілдіріп отыру, әрбір тақырыпты 
өтуге творчестволықпен қатынас жасау бүгінгі күннің ең зәру мәселесі болып табылады. Себебі 
жастарымыздың дүние танымына, дүниеге көзқарасын қалыптасыруда, олардың заман дәрежесіндегі азамат 
болып өсуінде, биік интеллектуальдылыққа, «толық, кәміл инсан» болып жетілісуінде, олардың бойындағы 
эстетикалық талғамының ұштала түсуінде ұлы Абайдың шығармалары бірден бір рухани азық болып табылады.
* * * * * * *
 БАЛАБАҚША – ПЕРІШТЕЛЕР МЕКЕНІ
Павлодар облысы, Железинка ауданы, Жаңа жұлдыз ауылы
ЖББОМ "БӨБЕК" шағын орталығының nәрбиешісі 
Илесбекова Сандуғаш Тағабайқызы
  «Балабақша – періштелер мекені» деп айтылған сөздің өзі жүрегінді бір дір еткізерліктей-ақ... Яғни осы 
мамандықты   жақсы   түсіне   білген   адамға.   Балабақша   –   бақыт   баспалдағы.   Қазіргі   кезде   тәрбиеші   алдын 
көрмеген адам кемде-кем, сондықтан да бұл мамандық содан да киелі шығар. Балабақшаның балаға беретін 
тәлім   –   тәрбиесінің   қаншалықты   мықты   болуы,   сол   балабақшада   қызмет   ететін   педагогикалық   ұжымға, 
нақтырақ   айтар   болсақ,   ұстазға   байланысты.Баланын   болашаққа   қадам   алып,   жан-жағымен,   қоршаған 
ортасымен  танысып, ең  бірінші  білім, тәрбиемен сусындайтын орны – балабакша. Сондықтан тәрбиешілер 
бүгінгі күннің жаңалығынан сырт қалмай, үнемі ізденіс үстінде жүру керек. Дән егіп өсіруден, балапан салып 
ұшырудан, бала тәрбиелеп, балабақша бүлдіршіндеріне ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін түсіндіру ең қиын іс 
деуші едім қателігім екен. Оны осы бағытта жұмыс жасай келе нақтылы түсінгенімді мойындаймын. Осы бір 
балалар әлемінің теңізіне бойласам, ешқашан өз мамандығымды өзгерткім келмейді. Өйткені, бала-пәк, бала -  
тап-таза мөлдір бұлақтың бастауы сияқты. Көзін ашып, тұнығына қану үшін тәрбиеші де жылы жүрек, аялы  
алақаны және тәрбиешіге тән ең бірінші қасиет-баланы құрметтеу сезімі болуы керек екенін түсіндім. Мен 
балаларды   жанымдай   жақсы   көремін.   Өйткені,   бала   мен   үшін   тазалық   пен   пәктіктің,   шынайылық   пен 
туралықтың   айнасы.   Олар   қуанса   шын   қуанып,   ренжісе   шын   ренжи   біледі.   Олардың   жаны   жалғандықты, 
жасандылықты сүймейді, не айтса да әділ, шындықты айтады. Көздері мөлдіреген, жүздерінде күлкі ойнаған  
балаларға қарасаңызшы…Адам баласы балалық шақта қандай сұлу, қандай нәзік, қандай аңғал, қандай таза 
еді… Әр бала өзінше бір әлем… Жаны жақсылыққа құмар, арманшыл… «Басқаларды бақытты етуге тырыса  
отырып,   өз   бақытымызды   табармыз»   деп   әйгілі   әлем   танушы   Платон   бекер   айтпаған   ғой.   Тәрбиеші 
мамандығының   киесі   де,   қиындығы   да   осы   періштелерді   үлкен   өмірге,   қалтарыс   –   бұлтарысы   көп   өмірге 
даярлап, қанаты қайырылмайтындай етіп тәрбиелеуде емес пе?! Жасыратыны жоқ, осы мамандықты таңдаған 
жандардың кәсібіне көңілі толмай қиындығын айтатындары көп, ал мамандығын өзгертетіндер сирек… Оның 
себебі, сүйкімді балалардың киелі ортасы тәрбиешіні нәзік жіппен өзіне байланыстырып қоятындай. 
 Мен балабақшада бес жылдан астам еңбек етудемін, бұл еңбектен ешбір жалыққан емеспін. Өйткені менің 
жас бүлдіршіндерге арнаған осы уақытымды өмірімдегі ең бір бағалы уақытым, бақытты кездерім деп айта 
аламын.   Балалармен   жұмыс   жасау   мен   үшін   үлкен   -   бақыт.   Себебі,   тек   қана   бала   ешнәрсеге   алаңдамай 
мейірімділікке   сенеді.   Қарақаттай   көздерімен   қарай   тұра,   кішкентай   алақанын   менің   алақаныма   қойып,   өз 
құпияларын   айтып   маған   сенім   артады.   Пәк   көңілді   балалармен   қарым-қатынас   маған   қуаныш,   шаттық 
сыйлайды.   Күнде   ертеңгісін   балабақшада   жас   бүлдіршіндерді   қарсы   алып,   олардың   жағымды   үндерін, 
сыңғырлаған тәтті күлкілерін, «Сәлеметсіз бе?», «Қайырлы таң!» деген сөздерін естігенде, бойым бір серпіліп  
қалғандай болады. Балалармен болған әрбір уақытым мені жаңа бір әлемге жетелегендей. Әрдайым балалардың 
маған деген ықыласын, маған ұмтылған үмітке толы көздерін, не нәрсені білуге құштар шабытты, сұраулы 
жанарларын   байқаймын.   Олардың   менен   күтетіндері   өте   көп   екенін   сеземін…   Балабақшаға   бара   жатқанда 
басыма сол күннің  жұмысы туралы неше түрлі  ойлар келеді. Ойларым сан  түрлі  болады:  менің  кішкентай 
достарым қандай көңіл күймен келер екен? Күніміз қызықты өту үшін оқу – қызметінін, ойын түрлерін қалай 
өткізсем   екен,   деген   сұрақтарға   жауап   іздеймін.   Әрине   әрбір   оқу   –   қызметіме   жауапкершілікпен   қарап, 
дайындалуды еш жадымнан шығарған емеспін. Ол менің басты қағидам. Менің негізгі мақсатым: балаларға 
жақсы көңіл – күй сыйлай отырып, саналы тәрбие, сапалы білім беру. Мен оларға, олар маған ықыласын бір 
сөзбен айтып көрсетіп қана қоймай, бар жүрегімен және жан-тәнімен сезіне білуі қажет. Тәрбиеші жұмысы оңай 
емес, бірақ абыройлы, сыйлы, күрделі де, қызықты. Шынымды айтсам, кейде жұмыстан үйге келгенде қатты 
шаршағанымды   сеземін.   Бірақ,   сол   өткізген   күндерімді   ой   елегінен   өткізе   отырып,   балаларымның   ыстық 
7

ықыласын, маған ұмтылған үміт толы көздерін, тәтті қылықтарымен, сәбилік шын жүректерімен айтқан сөздері 
есіме   түскенде   шаршағанымды   ұмытып   кетемін.   Өзім   балалар   әлемінің   теңізіне   бойласам,   ешқашан   өз 
мамандығымды өзгерткім келмейді.
 Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен 
ағаш   болғанда   оны   түзете   алмайсың»   деп   бекер   айтылмаған   ғой.   Сондықтан,   алдымызға   келген   әр   бір 
бүлдіршінге  балабақшадан   бастап  тәлім-тәрбие  беріп   ұлтжандылыққа  тәрбиелейік.  Балабақша   бақыттың   ең 
бірінші баспалдағы, баланың болашағы, еліміздің бетке ұстарлары.
* * * * * * 
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША 
ИНФОРМАТИКА ПӘНІНІҢ ОҚЫТЫЛУЫ
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы 
Ақсай қаласының № 4 жалпы орта білім беретін мектебі
Информатика пәнінің мұғалімі Сисенова Гулим Салимовна
Білім мазмұнын жаңарту – білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің 
әдістері  мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады.  Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды 
бойына сіңірген, кез келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете 
білетін  тұлғаның  үйлесімді   қалыптасуына   және  зияткерлік  дамуына  қолайлы  білім   беру  ортасын  тудыру  – 
жаңартылған  білім мазмұнын  енгізудің нәтижесі болуы керек  [1]. Қазіргі  заман  талаптарына сәйкес қазіргі 
мектеп «білімді тұлға», яғни білім, білік пен дағдылары қалыптасқан жеке тұлғаны дайындаумен ғана шектеле  
қоймай, «өмірдің өзгерістеріне дайын болатын», белсенді және шығармашыл ойлайтын, интеллектуалды және 
жан-жақты   дамыған   жеке   тұлғаны   дайындау   тиіс.   Бұл   деген   мектептегі   білім   берудегі   жаңа   моделінің 
құрылымы әдеттегі дәстүрлі «Мектепте нені оқу керек?» емес, «Мектепте не үшін оқу керек?» деген мән мәтін  
аясында өрістелуі тиіс.
Білім  беру бағдарламасының   негізгі  мақсаты-білім  мазмұнының  жаңаруымен  қатар,  критериалды  бағалау 
жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап 
етеді. Білім алушылардың күтілетін оқу нәтижелері жетістігін бағалау жүйесі білім беру мазмұнының ажырамас 
бір бөлігі болып табылады. Жаңартылған орта білім беруді енгізу кезінде білім алушылардың оқу жетістігін 
критериалды бағалау жүйесі қолданылады. Критериалды бағалау жүйесі бұрыңғы дәстүрлі бағалауға қарағанда 
қалыптастырушы және жиынтық бағалау болып ерекшеленеді. Қалыптастырушы бағалауда білім алушыларға 
жаңа материалды меңгеру кезеңінде тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағанын және оқыту мақсаттарына 
қол   жеткізгенін   түсінуге   мүмкіндік   беретін   бағалау.   Жиынтық   бағалау   оқу   тоқсанының   соңында   оқу 
бағдарламасының бөлімдерін оқып аяқтағаннан кейін білім алушылардың меңгерген білімі мен қалыптасқан 
дағдылары деңгейін айқындайтын бағалау. Критериалды бағалау мұғалімдер мен оқушылар және ата-аналарға 
да өте тиімді бағалау түрі, өйткені мұғалім үшін — сапалы нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға, өз іс-
әрекетін   саралап   және   болашаққа   жоспарлай   алатын   мәліметтер   алуға   т.б.,   оқушылар   үшін   —   табысқа 
жетелейтін   бағалау   критерийлерін   түсінуге,   өзін   және   өзгелерді   бағалау   арқылы   кері   байланысқа   түсіп, 
түсінбегенін түзетуге мүмкіндік алады, сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге т.б., ата-
аналар   үшін   —   оның   оқуындағы   табыстылықты   бақылауға,   оқуына   қолдау   көрсету   үшін   бағыт   алуына 
мүмкіндік туғызады [2].
Қай   кезеңде,   қай   қоғамда   болсын   жеке   тұлғаның   қалыптасуы   ұстаздан   басталады.  Білім   саласындағы 
түбегейлі өзгерістер ұстазға үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, 
алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу-ұстаздың қолында. 
Жаңа бағдарлама бойынша жаңаша көзқарас қалыптасып, білім деңгейі биікке көтеріліп келеді. Қазіргі білім 
беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен-күнге басты талапқа айналып, осы әдістерді жетілдіре 
түсу   қажеттігі   күшейіп   келеді.   Мұғалімнің   шеберлігі   қандай   жоғары   болса   да,   мұғалім   оқушының   өз 
белсенділігін   туғыза   алмаса,   берген   білім   күткен   нәтиже   бермейді.   Оқушының   тұлға   ретінде   қалыптасуы 
белсенділік арқылы жүзеге асады.
Қазіргі  заман  талабына байланысты оқушының  информатика пәнінен  алған  білімін  іс жүзінде пайдалана 
алатындай   дәрежеге   жеткізудің   маңызы   зор.   Сондықтан   оқушыларға   білім   негізін   меңгертуде,   пәнге   деген 
қызығушылығын  арттыруда  және шығармашылыққа іздену қалыптастыруда практикалық  жұмыстың  алатын 
орны ерекше. Енді өз тәжірбиемнен:
«Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса  
айында бір өзіңнен өзің есеп ал!»-деп Абай атамыз айтқандай және  «Ұйықтар алдында өткен күнде өзіңнің  
не істеп, не тындырғаныңды ой елегінен бір өткізбей тұрып, көзіңді жұмушы болма,- деп Пифагор айтқан.  
Осы   ұлы   адамдардың   сөздері   әр   адамды   ойландыратыны   сөзсіз.   Оқушыларға   да   осындай   ой   сала   отырып 
өздерінің бір күніне есеп беруін сұраған жөн. «Күн тәртібі» практикалық жұмысының басталуы оқушының өз 
бір күнін қалай өткізгені туралы өзіне есеп беруден басталады. Өзіне есеп бере отырып бір күнінің кеткен 
уақытын жазып шығады. Яғни, бір күндегі немесе 24 сағаттағы өз өмірінің немен өткенін төмендегідей MS 
Excel программасына енгізеді.
8

MS   Excel   программасына   енгізіп   болғаннан   кейін,   осы   күн   тәртібін   диаграммаға   салады   да   пайызын 
көрсетеді. Осындай тапсырмалар оқушылар электрондық кестеде диаграмма құрып үйреніп, өз күн тәртібін 
жоспарлап үйренеді. Сонымен бірге информатика сабағында қазіргі кездегі жұптық, топтық жұмыстар, СТО 
көптеген   әдіс-тәсілдерін   пайдалану   арқылы   сыныпта   топтағы   сабаққа   қатыспай   қалған   оқушылар   мүлдем 
күннен күнге азайып келе жатыр, өйткені оқушылардың бойындағы қорқыныш мен қазір дұрыс айтпай қалсам 
«2» деген баға алам деген ой жоқ. Керісінше менің ойым құнды, өз ойымды білдіруім керек деген қағидамен әр 
оқушы сабақта өз ой-пікірлерін айтып белсенділік танытады. 
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жоғарыда айтып өткендей қазіргі кезде информатика сабағында 
5-11  сыныптар аралығында тоқсан бойынша БЖБ мен ТЖБ жұмыстары алынады. Ал бастауыш 3-4 сыныптарда 
екінші   тоқсаннан   бастап   бұйрық   бойынша     БЖБ   мен   ТЖБ   алынып,   орнына   оқушылардан   сынақ   алып, 
күнделікке есептелінді деп өзгерістер енгізілді. 
Қорытындылай келе барлық дамыған елдер өзінің бірегей жоғары сапалы білім беру жүйесіне ие. Дамыған 
елдердің   білім   беру   жүйесінде   мынадай   тенденциялар   байқалып   отыр:   білім   беру   философиясы   мен 
әдіснамасының жаңаруы; білім беру мазмұнын құру әдістерінің өзгеруі, білім беру жүйесінде жетілдірілген 
модельдердің   жасалуы;   білім   беруді   басқарудың   тиімді   жолдарының   қарастырылуы;   жаңа   білім 
технологияларының  енгізілуі;  оқушылардың танымдық  белсенділігі  мен  өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін 
дамытушы,   сындарлы   білім   беру   моделіне   көшуі;   терең   және   белсенді   кәсіби   бағдар   берудің   ерте   жастан 
басталуы;  ұрпаққа азаматтық  – патриоттық, рухани-адамгершілік, көпмәдениеттілік, денсаулық сақтау және 
экологиялық тәрбие беру ролінің күшейтілуі, білім ұйымдарының оқушыны әлеуметтендірудегі рөлінің артуы. 
Әлемдік білім беру жүйесіне негізделген осындай басым бағыттар ұрпақты озық, саналы дара тұлға деңгейінде 
қалыптастырады,- деп ойлаймын. «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны 
табатын өнер» деген, Жүсіпбек Аймауытов айтқандай  барлық ұстаздардан жаңашылдықты қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет