«bilimnur» баспа редакциясы «ЖАҢартылған білімге – жаңашыл ұстаз»



Pdf көрінісі
бет4/30
Дата23.01.2020
өлшемі10,09 Mb.
#56375
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
forum toptama2020 (1)

§ 12-13. 65-75 беттер
Пәнаралық 
байланыстар.
Денсаулық және 
қауіпсіздік 
техникасын сақтау. 
Ақпараттық-
коммуникациялық 
технологияларды 
қолдану.
28

Эралар
Дәуірлер
Қатпарлықтар
Кайнозой
млн жыл
Мезозой
млн жыл
Полеозой
млн жыл
Протерозой 
млн жыл
Архей  млн жыл
Физика, Химия,
Тарих пәнімен тығыз 
байланыста болады.
Жұмыс уақытында 
АҚТҚ-ны пйдалануда  
оқушылар қауіпсіздік 
техникасы ережелерін 
сақтайды, 
тазалық-гигиеналық 
талаптарды сақтайды.
Кері  байланыс
5 минут
Үйге тапсырма
    1 минут
Бағалау критерий
Дескриптор
Геохронологиялық кесте 
бойынша жер бетіндегі 
тіршілік пен тау түзілу 
процестеріне сипаттама 
жасайды. Тау 
жыныстарының 
геологиялық  жасын 
тұжырымдайды.                   
Геохронологиялық кесте 
бойынша жер бетіндегі 
тіршілікті тұжырымдайды
Тау түзілу процесстерін 
жинақтайды
Тау жыныстарының 
геологиялық  жасын 
тұжырымдайды.                          
ҚБ.«Стикер» әдісі арқылы бағалаймын»
Жасыл стикер-Бәрі түсінікті болды
Сары –Білгім келеді
Қызыл түс-Түсініксіз болды
Сабақтың сергіту 
жаттығулары мен 
белсенді жұмыс 
түрлері.
Саралау
-Сіз қандай тәсілмен 
көбірек қолдау 
көрсетпексіз? Сіз 
басқаларға 
қарағанда қабілетті 
оқушыларға қандай 
тапсырмалар 
бересіз?
Тақырып бойынша 
нәтижеге  жету  
мақсатында саралау 
тапсырмалары 
беріледі. Ойлау 
деңгейлеріне сай   
Саралау
Жеке жұмыс  ІІІ- тапсырма «Сұраққа жетіп ал» әдісі
Өз бетінше ойлап, ақпаратты меңгере алады. Ақпаратпен 
ықыласпен жұмыс жасайды. Мәтінге, әңгімеге сұрақ қояды. 
Таным әрекеті үрдісінде қарым-қатынас шеберлігі дамиды.  
Оқушылар оқығандары бойынша бір-біріне сұрақ қояды және 
талқылайды.
Мәтінді толық немесе бір бөлігін оқиды, мәтіннің 
күрделілігіне, оқушылардың даму ерекшелігіне қарай оқылған  
мәтіннің мазмұнына әр деңгейлі сұрақтар қою арқылы  білімді 
саралаймын.
А деңгейі-Жер бедерінің қандай түрлерін білесің?
В деңгейі-Жер бедерің  адамзат тіршілігіне әсері қандай?
С деңгейі-Геологиялық жыл санау барысында өткен оқиғалар 
мен үдерістерді ажрата алады.
1-ші доп – сұрақ қояды, 2-ші доп сол сұраққа жауап береді.Осы 
тапсырманы орындайды.
Кей   оқушылар   геологиялық  жыл   санау   кезіндегі  оқиғаларды 
ажырата   алмайды.Сондықтан   «жедел   жәрдем»   әдісімен 
белсенді оқушылар көмектеседі
Мақсаты: Ұзақ 
отырған адамның 
денесін ширату және 
тез шешім қабылдау.
Тапсырманы 
меңгереді.Қабілеті 
жоғары оқушыларға 
күрделі тапсырма 
беріледі. «Кластер» 
«Дауыстап ойлау» 
«Сұраққа жетіп ал» 
әдістері 
қолданылады.Жеке 
оқушылардың 
қабілеттері «Сұраққа 
жетіп ал»  әдісімен 
ҚБ «Бағдаршам» әдісі
«Шамадан,еттартқыш,қоқыс жәшігі»  әдісі арқылы 
мұғалім оқушылардың білім деңгейін анықтайды.
 Алған білімдерін шамаданға салады
Түсінбеген білімдерін қайта еттартқыштан өткіземіз 
Керек емес  артық  білімдерін қоқыс жәшігіне салады
Эралардың бір кезеңіне сипаттама беру
Бағалау- Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін 
қалай тексеруді жоспарлап отырсыз.?
«Миға шабуыл» әдісі арқылы ой қозғаймын, оқушыларға сұрақ 
қою арқылы диалогқа түсе отырып, қолдау көрсетемін. 
Топпен бағалау. Жұптық бағалау. Жеке бағалау жүрді.
29

берілген тапсымада 
анықталады.Ал кері 
байланыс  
«Шамадан,еттартқыш
, қоқыс жәшігі» 
әдісімен өткізіледі.
Сонымен қатар «Шапалақ», «Стикер» ,«Бағдаршам» 
қалыптастырушы бағалау  арқылы бағаланды.
Оқушылардың іздену, таным әрекетін дамыту, жұппен қарам-
қатынас жасағанда  қажетті, негізгі дағдыларды, адамгершілік 
қасиеттерді қалыптастыру. 
Сабақтың нақты мәнін терең ашуға  көмектеседі. Оқу 
жұмыстарын қызықты және өзара оқыту арқылы, бір-
бірінен оқып үйренуге ықпал етеді.
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТӘРБИЕСІ
ШҚО, Ұлан ауданы, Айыртау ауылы «Гагарин атындағы орта мектеп» КММ
Мектепалды даярлық топ тәрбиешісі Сағатбек Қанипа
     Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау қабілеті қарқынды дамыған.Өзіндік көзқарасы ортасы жайлы 
түсінігі,жеке басы мен өмірдегі орны ,дұрыс тәрбиесі мен білім алуы – балабақшадан басталады. Тіпті өзін-өзі 
бағалау деңгейінеде жетеді. Бала – біздің болашағымыз. Олай болса, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту 
баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі болып табылады. Балалар өз әрекетін үлкендердің 
бағасымен жекеленген істеріне қарай отырып,бағалауды үйренеді. Біртіндеп психиканың  дамуына қарай ойлау 
әтістері де өзгеріп жаңалана түседі және олардың психологиялық формасы да өзгереді. 
Қазіргі таңда мекепке дейінгі мекемедегі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты – баланың жеке 
басының   дұрыс   тәрбиеленіп,   дұрыс   дамуы   ретінде   қарастырылады.   Сонымен   қатар,   бала   тәрбиесі   оның 
жанұясынан бастау алады. Тәрбие жұмысын үйде – ата-ана жүргізсе, балабақшада оған – тәрбиешінің жауапты 
екені белгілі.  Баланы жақсы қасиетке баулитын құрал – еңбек. Осыған байланысты, балабақшада күн тәртібіне 
сәйкес, еңбек тәлімі меңгертіледі.Сіз,жоспарлы түрде оның танымың, жетістігін және тілін дамытуға жағдай 
жасай аласыз.
Отбасындағы тәрбие турасында айтпағымыз,баланың сөйлеу қабілеті әлі дамымай тұрғанда оның сөздеріне 
салып сөйлеу,мындай жағдайда балада« демек осылай дұрыс» деген түсінік қалыптасады.    
Олардың мектеп жасына дейінгі балалар білуге құмар келеді.Олардың «анау не?», «мынау не?»,«неге олай?»-
деген   сұрауына   жауап   беруді   талап   етеді.Оның   әр   сұрағына   ата-ана   байыппен,нақты   әрі   түсінікті   жауап 
бергендері дұрыс.Олай етпесеңіз балада сенімсіздік, жасқаншақтық, жасықтық қалыптасады немесе қулыққа 
салынуды үйренеді.Бірақ балаға да шексіз еркіндік беругеде болмайды. Міне осындай балалар тіпті, қасындағы 
достарының   сұрақтарына   жауап   қайтаруға   да   ынтасы   болмайды.     Бала   «тәйт»   дегенді   біліп   өсуі   тиіс.Бұл 
жастағы  балаларды барлық  қажетті  заттармен   қамтамасыз   ету аздық  етеді.  Оларды  қолдануына  тиімді  ,әрі 
кедергі келтірмейтіндей етіп орналастыру керек.
Әсіресе танымын кеңейтетін,ойнайтын,әрі ойландыратын ойыншықтар алу керек.Оларды баланың жасы мен 
қызығушылықтарына қарай таңдау керек. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, отбасы тәрбиесінің 
кішкентай балдырғандар үшін маңызы зор. 
Сәби – үйдегі туған-туыстарының барлық іс-әрекетін, сөйлеу мәнерін, жүріс-тұрысын көшіріп, қайталауға 
бейімді болады. Және баланың психологиясының іргетасы үйдегі үлкендердің мәдениеті мен әрекетіне қарай 
қалыптасады. Өйткені, өзге тәрбиенің қандай болатынын білмегендіктен, бала үйде ата-анасының күнделікті іс-
қимылынан тәрбие алады. Балабақшаға келген балалардың шығармашылық қабілетін, сөйлеу мәнерін дамыту 
арқылы тәрбиешілер оның өмірге деген құлшынысы мен қызығушы -лығын оятып, талғамын, жеке ой-пікірін 
тудырады.
Есейе келе баланың үлкендермен қатынасы өзгереді. Оның еңбектену,түсіну,қарым – қатынас жасау қабілеті 
шыңдалып мектепте білім алуға дайын болады. Ата –ана тиісті жерінде баласын қолдап, мақтап,кем-кетігін 
түзетіп отыру керек.Егер бала тапсырманы дұрыс орындамаса алдымен үлкен балаларға қойылатын талапта 
жоғары болу керек. Бірақ сол талап жасына сай келеме,жоқ па соған мән беріңіз.
Ал,   адамгершілік   құндылықтарды   талап   етпес   бұрын,   оның   не   екенін   күнделікті   тәрбие   барысында 
таныстырып,   балдырғанның   бойына   сіңіріп   отырған   абзал.   Бұл   жағдайда   тәрбиеші   апайлардың   білімі   мен 
белсенділігі, мейірімділігінің маңызы зор. «Бала – көңілдің гүлі, көздің нұры», «Отан – отбасынан басталады» 
дейді дана халқымыз. Қай заманда болмасын, кішкентай ғана отбасы мәселесі – тұтас елдің мәселесіне айналып 
кетуі де әбден, мүмкін. Сондықтан, бала тәрбиесі – аса үлкен мән беріп, назардан тыс қалдырмауды қажет етеді.
  Олай болса, бүгінгі тәрбиеленуші еліміздің ертеңгі тұтқасы десек, егеменді еліміздің болашағы, бүгінгі жас 
ұрпақты   тәрбиелеуде   баршамыз   тыңғылықты   еңбек   етуге   тиіспіз.   Біздің   мақсатымыз   ғасыр   талабына   сай 
білімді, жаңашыл, мәдениетті, жан-жақты жеке тұлға тәрбиелеу.
* * * * * * *
30

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ
Алматы қаласы № 174 мектеп-гимназиясының 
бастауыш сынып мұғалімі Масаева Жанар
Ойын оқу үрдісіндегі технологияның бір түрі. Кез-келген ойын арқылы оқушының сабаққа қызығушылығын 
арттыруға   болады.   Ойын     түрлері   –   қимылды   ойындар,   сюжетті   ойындар,   ұлттық   ойындар,   дидактикалық 
ойындар. Ойын мақсаты білімділік дағдыларын меңгерту нәтижисі: оқушының белсенділігі артып, есте сақтау 
қабілеті дамиды. Тапсырманы ынтамен орйндайды. 
Мен өз тәжірбиемде қазақ тілі сабағында пайдаланылатын ойындарды мысалға алайын.
«Түбір және қосымша» тақырыбында. Түбір сөздің өзгермейтін мағыналы бөлігі. 
 Бұл  ағаштың түбірі.   Оқу – шы, Оқу – лық, Оқу – дың, Оқу – ға
Ойынның мақсаты: түбір сөзінің мағынасын салыстыра отырып түсіндіру
 «Тостаған» ойыны
  
Сұрақтарға байланысты сөз таптарының атын жаз.
 «Шашылған сөздер»   Қазақстан жалауының түсі көк.
«Құрақ көрпе»
д
ы             ұ
ү
              қ
с
а
            ю
ы
              б
м
ә              о
і
т
Қосарлы дауысты дыбысты көк түспен боя
Жуан дауысты дыбысты жасыл түспен боя
Жіңішке дауысты дыбысты қызыл түспен боя
Дауыссыз дыбыстарды сары түспен боя
«Құрақ корпе» тақырыбына шағын әңгіме жаз.
 «Киіз үй тігіп ойнайық» ойыны
Мал
Қой
Ән 
Дәрі 
 
Әр уыққа сөзге тиісті жұрнақты қойып шаңыраққа қада.  
«Киіз үй» тақырыбына эссе жаз. 
Бұл тапсырмаларды орындап қоймай дәлелді  нақты жауап беруі 
керек. Кім ? Не?  сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есім дейміз. 
Қой –шы   жұрнақ сөз   Мағынасын өзгертеді. 
Қой не?    Қойшы кім?     қой    қойшы
Сабақ үрдісінде дидактикалық ойын қолданғанда оқушылар тегіс қамтылуы тиіс. Әр оқушыға, әр жұпқа, әр 
топқа үлестірмелі қималар жеткілікті үлестірілген тиімді. 
Септік тақырыбында  «Жеті күлтелі гүл»  ойынын қолданамын. Гүл жапырағына әр септіктің сұрағын жаз. 
Жапырақ пен күлтені алмалы етіп жасауға болады.
«Қызыл моншақ»    «Көк моншақ»  Шашылған моншақтарды тізіп шық. Дауысты дыбыстарды қызыл түспен, 
дауыссыз   дыбыстарды   көк   түспен   боя.     Ойынның   мақсаты   тапсырмаларды   дұрыс   орындап,   дәлелдерін 
ережелерді   қайталау   арқылы   білімдерін   бекітіп   отыру.     Балалар   ойынның   білім   беру   мақсатында   екенін 
байқамайды, көңілі көтеріледі. Өзінің бір нәрсе үйренгенін түсінеді.
* * * * * *
31

БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ АЯСЫНДА 
ТӨҢКЕРІЛГЕН САБАҚТЫ ҚОЛДАНУ
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Диқан тірек  мектебі (ресурстық орталық)
Қазақ тілі мен әдебиеті  пәні мұғалімі  Донбаева Шекер Тұрдықұлқызы
Жас  ұрпақтың  саналы  да сапалы  білім  алуының    бірден-бір  шарты мұғалімнің  жаңашыл  болуы. Себебі, 
еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан  қазіргі таңда сабақты жаңаша 
құрып, инновациялық түрлі тәсілдерді меңгеріп, педагогикалық білімін жетілдіріп, оны дер кезінде қабылдап, 
өңдеп, нәтижелі пайдалана білу әрбір ұстаздың міндеті болуы керек. А.Байтұрсынов былай деген: «Мұғалім 
қандай болса, мектеп те сондай болмақшы.» Демек, мұғалім білімді болса, ол мектептің балалары да   білімді 
болып  шығады. Мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ 
олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек.
Қазіргі заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен қарым-қатынас барысында әрбір жағдаят үстінде ерекше 
білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап етіп отыр. Оны қанағаттандыру үшін 
қазіргі заманның мұғалімі жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын,жан-жақты, жаңа педагогикалық 
инновациялық   технологияларды   меңгерген   болуы   керек.    Әр   мұғалім   өз   білімін   жетілдіріп,   дәстүрлі   бір 
сарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық әдістерді өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, 
сабақ тартымды  да  мәнді, қонымды болары сөзсіз.Мұғалімнің айтқанын өзіне қайталаудан гөрі, оқушыларды 
іздендіре отырып, ой - пікірін тайсалмай  ашық айтуға ұмтылдыру баланың ойлау қабілетін дамытады. Яғни, 
заманауи   жаңа   технологиялар   қарыштап   дамып   жатқан   қоғамда   мектепте     осы   әдістерді   пайдаланудың 
тиімділігі мол. Қазіргі   заманауи үлгіде білім беру әдістемесіне ең алдымен жаңаша оқытудың     әрбір әдіс-
тәсілін сабаққа күнделікті қолдану және АКТ-ны пайдалана отырып жұмыс жүргізу деп білеміз. Оқушылар 
топтық жұмыс жасауда ұйымшылдыққа, бірлесе отырып әрбір мәселені талдауға үйренеді. Сабақ барысында 
АКТ-ны қолдануда да сауаттылық танытып, интербелсенді тақтамен шебер жұмыс жасай  біледі. Бұл дегеніміз 
қазіргі білімнің берілу әдістемесінің заман талабына сай өзгеруі деп білеміз. Қазақ тілі мен әдебиеті  сабағында  
көптеген   электрондық   ресурстарды:   мультимедиялық   презентацияны   жаңа   тақырыптарды   өту   кезінде, 
шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында, сергіту сәттерінде пайдаланамын. Презентацияда барлық 
мүмкіндіктерді   қиыстыруға   болады:  түрлі  тақырыптық  суреттер,   тестілеулер,   бейнекөрініс,  аудио  жазбалар, 
музыкалық сүйемелдеулер және басқа да сілтемелер арқылы көрсетуге болады. Басқа ресурстарға қарағанда 
презентацияны «әмбебап ресурс» деп атауға болады. Презентация жасау материалдарды таңдап алуда, оның 
құрамын ойластыруда,оларды түрлендіруде мұғалімнен үлкен дайындықты қажет етеді.
Бүгінде ғаламтор   желісіне қосылу үшін көп уақытымызды алмайтын жағдайға жеттік. Ғаламтор желісіне 
жылдам қосылып, уақытты тиімді қолданып, белсенді жұмыс істеп жүрген жаңашыл мұғалімдеріміздің   көп 
екені белгілі. Қазіргі таңда оқушы тек білімді тұтынушы емес, білімді өз бетімен оқып, меңгере алатындай жаңа 
инновациялық әдістерді қолдануы қажет. Осы қажеттілікті толықтыру мақсатында «Төңкерілген сабақ» әдісін 
барлық   пәндерде   қолдануға   болады   деп   ойлаймын.   «Төңкерілген   сабақ»   дегеніміз   не?»   Енді   бұл   сұраққа 
жаңашыл ұстаз А.Әлімовтың сөзімен жауап берейін.  «Төңкерілген сабақ» дегеніміз не?» деген сұраққа жауап 
іздесек,   мына   жәйтке   назар   аударайық:   әдетте   біз   аралас   сабақта   жаңа   тақырыптың   теориясын   сыныпта 
талқылаймыз   (өзіміз   түсіндіреміз,   оқулықты   оқытамыз,   т.б.),   ал   үйге   практикалық   тапсырма   береміз 
(жаттығуларды орындау немесе есептерді шығару, т.б.). Теория – сыныпта, практика – үйде.Ал төңкерілген 
сабақта   бұл  оқу  әрекеттері   керісінше,  «төңкерілген»  болады:   теория  үйге  өздігімен  қарастырылуға  беріліп, 
сыныпта практикалық тапсырмаларды орындау ұсынылады. Теория – үйде, практика – сабақта. Қазіргі білім 
беру жүйесінде «Төңкерілген сабақ» әдісін қолдану мұғалімге өте тиімді, өйткені қазіргі жаңартылған білім 
жүйесінде   оқушыларға   берілетін   тапсырмалар   өте   көп,   бірақ   уақытымыз   тапшы.Шыны   керек,   берілген 
тапсырмалардың барлығын 40 минут сабақта өз деңгейінде       орындауға   уақытымыз жетпей жатады. Осы 
тығырықтан шығуға «төңкерілген сабақ» әдісі  көмектеседі.
Қазіргі   ақпараттық   технологиялар   дамыған   заманда     оқушылар     ұялы   телефон,   смартфон,   ноутбук, 
электронды   почта,   әлеуметтік желілерді еркін қолданады. Мұғалімдер   осы мүмкіндікті пайдаланып,жаңа 
өтілетін сабақты алдын-ала  үйге береді. Оқушылар үйде мұғалімнің  жасаған бейнежазбасы, презентациялары 
арқылы, аудио тыңдалымдары  арқылы  жаңа материалды өз бетімен оқып үйренеді. Кейде оқушылар  қажетті 
ғаламтор материалдарын да   тауып, оқып келеді. Ал   сыныпта оқушылар мұғалімнің көмегімен практикалық 
тапсырмаларды , жаттығуларды, шығармашылық тапсырмаларды   орындайды,   Яғни,   Блум жүйесі бойынша 
үйде – білу, түсіну, сыныпта – білімді қолдану, талдау, жинақтауды   көрсету. Мұғалім бұл әдісінде балаларға  
теориялық   материалдан   тұратын   бейне   материалдарды   жасайды.Бұл   бейне   материалдар   мұғалімге   бірнеше 
жылға жетеді десек те болады. Бұған қоса мұғалім үйге оқушыларға өзінің осы тақырып бойынша оқыған 
шағын лекциясын да беріп жібереді. Ол үшін мұғалім камераға не ұялы телефонға 8-10 минуттық өз лекциясын  
түсіреді.   Жолай   ол   дәрісінің   негізгі   ұғымдарын   тақтаға   жазып   немесе   слайд   көрсете   отырып   түсіндіреді. 
Осыдан   соң   мұғалім   лекциясын   оқушыларға   What’s  App,   электрондық   пошта,   әлеуметтік   желілер   арқылы 
жіберуіне болады. Оқушылар осылайша үйге берілген жаңа тақырыпты игеру барысында бірнеше ресурстарды 
(материалдарды, мәтіндерді, бейнежазбаны, слайдтарды) қолданады.  Оқушылар  үй тапсырмасын  бейнежазба, 
32

слайдтарды     көріп,  жаңа   материалдармен  таныс  болып,  ұғынады.   Оқушылар  сабаққа  келгенде,  олар  үйден 
теориялық материалмен танысып, практикалық тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен шешуге дайын болады. 
Дәстүрлі сабақта мұғалім теориялық материалды түсіндіруге сабақтың басым бөлігін жұмсап, қалған  уақытты 
тапсырмаларды орындауға  қалдыратын. Ал «Төңкерілген сабақ» әдісін қолдану арқылы мұғалім оқушыларды 
өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландырумен қатар, әрқашан да оқып-білім алуға ұмтылуға бағыт-бағдар беріп 
отырады. Бұл әдіс оқушылардың  сабаққа деген қызығушылығын, шығармашылық белсенділігін арттырады.
Қазіргі  жаһандану  заманында  өмір  сүріп   жатқан     жас   ұрпақты  қарапайым  дәстүрлі   сабақпен  қызықтыра 
алмайсың, оларды 10-15 минуттық уақытты алатын мұғалімнің түсіндіру жұмыстары да  жалықтырып жібереді. 
Қазіргі ақпараттық технология дамыған заманда   оқушылар ақпаратты кез келген әлеуметтік желіден, түрлі 
ақпарат   көздерінен   біліп     отыр.«Төңкерілген   сабақ»   әдісі   сабақты   өткізудің   және   білім   алушыларды 
қызықтырудың   басқа  жаңашыл  қыры немесе  бағыты  екенін   әдісті  қолданғаннан  кейін   көрдім.          Күрделі 
материал оқушыларға есте сақтауға қиындық туғызады. Осындай жағдайда мұғалімнің де, баланың да осы 
тақырыпқа қосымша уақыт бөлуіне тура келеді. Бейне сабақтың білім алушыға тигізер көмегі – тақырыпты 
меңгере алмай қалғандығы жайлы мұғалімге айтып отырмай-ақ өз бетімен жұмыс істеп, өзіне ыңғайлы уақытта 
бейне сабақты қосып көре алады. Ал, мұғалім – осы бейне сабақты бір рет қана дайындап қойып, қайта-қайта  
түсіндіріп отыруға кететін уақытын үнемдейді. Бір сарынды дәстүрлі сабақтарды өткізе бергеннен, арасында 
осындай    төңкерілген  сабақ  әдісін  қолдануды ұсынамын. Бұл   төңкерілген  сабақта да бірлескен  жұмыстар 
(жұптық,   топтық)   орындалады.   Оқушылар   үйден     слайд,     презентациялар   дайындайды.Сабақта   оларды 
қорғайды, пікірталастар, дөңгелек үстелдер өткізеді, жорға, тест сұрақтарын, ашық сұрақтарды құрастырады, 
оларға     топтағы   басқа   оқушылар   жауап   береді.   Әдебиет   сабағынан     көркем   шығармаларды   оқып,     үйден 
бейнефильм, роликтерді дайындайды, ұялы телефонға түсіріп сабақта көрсетеді. 
Оқушылардың өз қолымен жасағандарын сыныпқа жариялап, олардың жұмыстары талқыланып, талданып, 
оларға   кері   байланыс   берілгеннен   кейін   оқушылардың   рефлексиясы   ұйымдастырылып,   олар   алдымен   топ 
ішінде, содан кейін сыныппен жасағандарының, түсінгендерінің, білгендерінің, ұсынғандарының ішінен ненің 
және неліктен жақсы болғанын , ал нені және қалай жақсарту керектігін талқылайды, сабақ мақсатына жеткен-
жетпегендерін талдап-тұжырымдап, қорытындылайды.
Қажет болған жағдайда мұғалім оқушылардың топ жұмысына қосқан жеке үлесін анықтау үшін немесе әр 
оқушының тақырыпты игеру деңгейін нақтылау және бағалау мақсатында мынандай жеке жазу жұмыстарының 
бірін   орындауды   ұсынуына   болады:   эссе,   хат   жазу,   өлең,   жаттығуды   орындау,     басқа   да   шығармашылық 
жұмыстар т.б.
Қорыта айтқанда,  төңкерілген  сабақ – баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыруға  бағытталады. 
Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін  болашақ өмірінің  қажетіне  жаратып, пайдаға асыра білуі  
керек. Бұл— қазіргі  жаңаша оқытудың  мақсаты және  жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әкелетін бірден-бір 
жол  болып табылады.  
* * * * * * * *
ШҚО. Ұлан ауданы. Айыртау ауылы. «Гагарин атындағы орта мектеп» КММ.
Биология пәні мұғалімі  Шкибаева Майра Кабеновна 
Мектеп
«Гагарин атындағы орта мектеп» КММ
Күні 
Мұғалімнің аты-жөні:
Шкибаева   Майра  Кабеновна 
Сынып  9а 
Барлығы  - 18   Қатысқандар –   Қатыспағандар – 
Ұзақ  мерзімді 
жоспардың тарауы: 
Жасушалық биология 
Сабақтың тақырыбы:
Жасушалардың сызықтық ұлғаюын есептеу. Ұлғаю, актуальды өлшемі және 
суреттің нақты өлшемі.  Өлшем бірліктерін СИ жүйесіне аудару (сантиметр-
миллиметр-микрометр-нанометр)
Модельдеу «Микрофотографияларды пайдаланып жасушаның сызықтық  
ұлғаюын есептеу».
Осы сабақта қол 
жеткізілетін оқу 
мақсаттары
9.4.2.2 микрофотографияны қолданып, жасушалардың сызықтық ұлғаюын 
есептеу
Сабақ   мақсаты 
Барлық   оқушылар:  микрофотографияны   қолданып,   жасушалардың   сызықтық 
ұлғаюын есептейді
Оқушылардың   басым бөлігі:  микрофотографияны қолданып, жасушалардың 
сызықтық ұлғаюын есептейді, өлшем бірліктерін СИ жүйесіне аударады
Кейбір   оқушылар:  микрофотографияны   қолданып,   жасушалардың   сызықтық 
ұлғаюын есептеп,жасушаның нақты ұзындығын  пайдаланып, органоид қанша есе 
ұлғайғанын есептейді.
Бағалау  критерийі
 
Микрофотографияны   пайдалана   отырып,   жасушалардың   сызықтық   ұлғаюын 
есептейді.
33

Тілдік мақсаттар 
Оқушылар ... істей алады. 
Мәтінді оқи отырып, жасушаның сызықтық өлшем бірліктеріне анықтама береді 
(оқылым)
Өлшем бірліктерін пайдалана отырып,нысанның сызықтық ұлғаюын есептейді 
(жазылым),(айтылым)
Видеороликті көре отырып, тақырыпты сипаттап айтады(тыңдалым),(айтылым) 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет