Стикер арқылы бағалау
2-тапсырма. (10 мин)
«Ойлан, жұптас, топтас» әдісі бойынша жұппен,топпен жұмыс жасайды..
Оқушыларға мәтін таратылады,нәтижесінде постер жасалып,қорғайды.Қазақ өлкесіндегі
сауда саттықтың түрлері
1 топ.Ел аралап жүріп жасайтын сауда
2 топ.Тұрақты сауда
3топ. Жәрмеңке
Критерийлері:
Қазақ өлкесіндегі сауданың кең өріс алу себептері мен
сауда қатынастарына жәрмеңкелердің әкелген өзгерістерін анықтау.
Дескриптор Білім алушы
1. Себептерін біледі.
2.Сауда қатынастарына жәрмеңкелердің әкелген өзгерістерін анықтайды.
3. Әлеуметтік,мәдени салаға қосқан үлесін сипаттайды.
4.Саудаға әкелінетін тауар түрлерін айтады.
Топтық бағалау.Әр топ бірін-бірі бағалайды.
3-тапсырма.
Картамен жұмыс. «Құмырсқа» стратегиясы. Тақтада ілулі тұрған картаға сүйене
отырып, контур картаға, ірі сауда жәрмеңкелерді түсіру.(3 мин)
Мұғалім ірі сауда жәрмеңкелердің атын айтқанда, оқушылар қай қалада орналасқанын
айтып, картадағы қалаларға жапсырады.
Критерийлері: Картадан жәрмеңкелерді көрсету,белгілеу.
Дескриптор Білім алушы
1.Контур картаға ірі жәрмеңкелерді түсіреді.
2.Жәрмеңкелер орналасқан қаланы айтады.
3.Картаға орналастырады.
Топ басшыларының бағалауы. М «Қолдап, қолпаштау»
4 тапсырма.Венн диаграммасы (5 мин)
Оқушыларға ХIХ ғ жәрмеңкелерді ЭКСПО -2017 көрмесімен салыстырып,1
ұқсастықпен,2 айырмашылығын анықтау.
Критерийлері: ХIХ ғ жәрмеңкелерді ЭКСПО -2017 көрмесімен салыстыру арқылы
қоғамдағы рөлін анықтау.
Дескриптор Білім алушы
1.1 ұқсастығын табады.
2.1 айырмашылығын табады.
3.2 айырмашылығын табады.
Топтық бағалау. Әр топ бірін-бірі бағалайды.
БББ кестесінің 3 бағанын толтырады. Кері байланыс.
Рефлексия.
Не білдім ? Не үйрендім? Не әлі түсініксіз?
Оқушылар стикерге өз ойларын жазып, жапсырады. Нәтижесінде ойларын айтады.
Өзіндік бағалау. Мұғалім бағалауы.
137
«ТАБИҒАТТЫ ТАНЫ» АТТЫ ФАКУЛЬТАТИВТІ КУРСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
Павлодар облысы, Аққулы ауданы,Черное ауылы
«Потанин жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Саматова Сауле Саматаевна
Адамзат тарихы табиғат тарихымен тығыз байланыста. Қазіргі заманда табиғат пен адамның өзара
әрекеттері үлкен көлемді экологиялық проблемаға әкеп соқты. Егер адам баласы табиғатқа ұқыптылықпен
қарамаса, оның кесірі адамның өзіне тиюі мүмкін.Осындай деңгейге жетпес үшін, әр адамды экологиялық
мәдениеттілік пен жауапкершілікке үйрету қажет. Бұл экологиялық тәрбиені бастауыш сыныпта-ақ бастау
қажет, себебі бастауыш сыныпта алынған білім үлкен сенімділікке ұласады.
Табиғат –бұл тірі, сезімтал және өте күрделі экожүйе: біздің ақырын басқан қадамымыз да оған сезіледі.
Болашақта ұрпақтарымызға не қалатыны әркімнің қолында. Барлық тіршілік иесіне жауапты адам ғана екенін
балалардың санасына жеткізе білу керек. Әрбір өсімдік,әрбір жануар экожүйеде маңызды рөл атқарады,
сондықтан табиғатқа да бағалы.
Табиғат - адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағын шашатын сұлулық пен әсемдік
әлемі, баға жетпес байлық. Ол – ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі, сондықтан халқымыз: «Табиғат -
адамзаттың өмір нәрі, қажеттінің табылар содан бәрі» - деп бекер айтпаған. Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке
тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық
білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналады.
Табиғатпен таныстыру – балалардың танымын дамытудың басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың
қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы
зор. Табиғатпен таныстыру барысында «Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер
мекені» екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі.
Адам- өзі табиғаттың бір бөлігі. Таза экологиясыз адамның денсаулығы жақсы болуы мүмкін емес. Балаларға
білім берумен қатар, қоршаған ортаға деген қамқорлық қарым-қатынас тәрбиесіне жағдай жасау маңызды.
Оқушылар сабақтарда экология проблемасы бойынша тек ауызша айтып қоймай, онымен қоса, өзінің туған
өлкесінің экологиялық жағдайының жақсаруына бағытталған, нақты игі істерді атқаруға жағдайдың болуы.
Экологиялық тәрбие -біздің заманымызда өте маңызды.Тиісті экологиялық білім алған балалар болашақта
табиғатқа қамқорлықпен қатынасатын болады.
«Табиғатты таны» атты факультативтік курсының жаңашылдығы экология пәніне қызығушылықтарын
оятуға бағытталатындығы ғана емес, сонымен қатар бұл курс бағдарламасы өзіне теориялық білімді практикада
қолданумен ұштастырған. Қоршаған ортаны және оның құрамдас бөліктерін-өсімдіктер мен жануарларды
зерттеуде – балаға табиғатты жаңаша қарауға көмектеседі.
Табиғаттың дамуы мен заңдылықтарын білгені қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға көмектеседі.
«Табиғатты таны» атты авторлық оқу бағдарламасының өзектілігі, ең алдымен экология жағдайының
ушығуының себебі, техногенді апаттардан, экологиялық ұқыпсыз жүргізілген шаруашылық пен табиғатқа
жауапсыз қарым-қатынас. Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы
қатардағы проблемалардың біріне айналады, тіпті ядролық соғыс қаупі де оның көлеңкесінде қалып қойды.
Адамның шаруашылық іс-әрекетінің қауырт дамуы айналадағы ортаға үдемелі, көбінесе бүлдірушілік сипатта
әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай-ақ,
топырақты, су көздерін, ауаны ластау арқылы жүзеге асады.
Тағы бір өзекті проблема бұл бастауыш сыныптарда жыл бойына берілген оқу бағдарламасында экологиялық
білімнің жоқтығы. Бастауыш сыныптарда дүниетану пәні сабақтарында балалар табиғат пен оның барлық
заңдылықтарымен танысады, дегенмен бұл білім жалпылама түрде ғана.
Бірақ осы жалпыламадан біз нақтыны көре алмаймыз. Балалар кейде өздерін қоршаған өсімдіктер,
саңырауқұлақтар, балықтар, құстар, жануарлар туралы білмейді.
Қазіргі уақытта экологиялық проблема адамзаттың проблемаларының ең маңыздысына жатады.
Бағдарлама мақсаты:
Факультативті курстың мақсаты:
•
өз туған өлкесінің табиғатын зерттеп қорғауға
белсенді іс-әрекет жасау;
•
қоршаған ортаға жауапкершілікпен қатынасуға
тәрбиелеу;
•
Өсіп келе жатқан ұрпаққа белсенді
экологиялық ұстаным қалыптастыру;
•
бастауыш сыныптарда экологиялық білімнің
негіздерін қалыптастыру.
Міндеттері:
•
өзінің туған өлкесін зерттеуге қызығушылығын
қалыптастыру;
•
қарапайым нәрседен таңқаларлық және
ерекшелікті байқауға тәрбиелеу;
•
алған білімдерін тереңдетіп оқыту;
•
балалармен табиғаттың нақты объектілерді
бақылап зерттеу;
•
Қазақстанның және өзінің облысының
қорғалатын территориясы жайлы жалпы білу;
•
Облысының және өзінің туған өлкесінің табиғи
ресурстарының қорғалуына, балаларды іс
жүзінде іс-әрекетке жұмылдыру;
•
Оқушылардың өз елінің және өз өлкесінің
қоршаған ортасына жауапкершілікпен
138
қатынасуға тәрбиелеу;
•
Балаларда экологиялық мәдениеттілік пен
рухани-эстетикалық қасиеттерін қалыптастыру;
•
Оқушылардың экологиялық білімін
жоғарылату.
Әдіс-тәсілдері:
•
Ауызша
•
Зерттеу
•
Іздеу
•
Көрнекілік
•
Практикалық
•
Ойын
•
Топтық жұмыс
Жұмыс түрлері:
•
Қосымша әдебиетпен жұмыс;
•
Бөлме өсімдіктерін күту;
•
Тақырыптық құжаттар мен стенд құру;
•
Сыныпты гүлдендіру;
•
Топсеруен;
•
Мектеп ауласын тазалау;
•
Экологиялық мазмұны бар буклет жасау;
•
Экологиялық көрме ұйымдастыру;
•
Әдеби шығармашылық;
•
Табиғат туралы бейнефильмдерді көрсету;
Жұмыс принциптері:
•
Ғылымилық;
•
Қолжетімділік;
•
Әріптестік;
•
Жүйелілік;
•
Түрлі іс-әрекеттерді алмасып ауысуы;
•
Кері байланыс;
•
Шығармашылық;
•
Қызығушылыққа тірелу;
•
Жас ерекшелікті ескеру;
Экологиялық тәрбиенің әдістері мен түрлері: бастауыш
сыныптарда экологиялық тәрбиенің мақсаты мен
міндеттері 4 компоненттермен айқындалады:
1.
Ғылыми-танымдылық;
2.
Құндылық;
3.
Нормативті;
4.
Практикалық-іс әрекеттілік.
Ғылыми-танымдылық компонент заттың құбылыстары мен ерекшеліктерін , байланыстарын айқындайды.
Құндылық компоненті адам мен табиғаттың өміріндегі зерттеліп жатқан объектілердің маңызыдылығын
көрсетеді.
Нормативті компонент – бұл адамның табиғатта өзін ұстаудың қағидаттары.
Практикалық іс-әрекетті компонент- адамның денсаулығы қоршаған ортаның жағдайына әрқашан
байланысты, сондықтан табиғатты қорғау керек деген үлкен қарттарымыз.
Аталмыш бағдарлама 1 сыныптың сабақтан тыс факультативтік курс ретінде қолдануға болады. Жыл бойына 33
сағат, аптасына 1 сағат.
Негізгі ұйымдастырушылық түрі:
Сабақ-викторина, сабақ-саяхат, сабақ-зерттеу,сабақ-ертегі,компьютерлік презентациялар. Көбінесе
үлкендермен бірігіп практикалық іс-әрекетке көп көңіл бөлінеді:бақылауды жүргізу, зерттеу, пікірталасты
қолдану, модельдеу, рөлдік ойындар, жағдаяттарды шешу, топтық ертегі құрастыру, сурет салу;энциклопедиялар
оқу, картамен жұмыс т.б. Мұғалім өтілген тақырыптарды бекіту үшін және жаңа тақырыпты зерттеуге тест
жұмысы немесе сауалнама алады.
Курс соңында білуі қажет:
•
Экологиялық мәдениеттіліктің негіздерін;
•
Өз туған өлкесінің ерекшеліктерін;
•
Жыл мезгілдерінің маңызды ерекшеліктерін;
•
Табиғаттың адам өміріндегі рөлін;
•
Жануарлар мен өсімідктерді;
•
Туған өлкесінің қорғалатын жануарлар мен өсімдіктерді;
•
Табиғатта өзінді ұстау ережелері:
•
Көп таралған мамандықтардың адам еңбегінің ерекшелігі;
•
Туған өлкесінің жануарлары мен өсімідіктері;
•
Заманауи экологиялық проблемалар.
Болжам бойынша табиғатты таны курсының қолданылуы келесі нәтижеге жетеміз деген ойдамыз:
1.
Курсты ары қарай жалғастыру;
2.
Өзінің мүмкінідктері мен өз-өзін бағалау;
3.
Адамға,қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру;
4.
Қазіргі жануарлар мен өсімдіктер әлеміне қызығушылығын арттыру;
5.
Жануарлар, өсімдіктер мен құстарға қамқорлық жасау.
6.
Табиғи ресурстарға үнемділікпен қарау.
139
«Потанин жалпы орта беретін мектеп»
«Табиғатты таны» атты факультативті курс
Жылына 33 сағат, аптасына 1 сағат
1 сынып
№
Тақырып
Сабақтың мазмұны
Оқыту түрі.
Тапсырмалар.
Күні
1
Кіріспе сабақ. Біздің
қоршаған орта.
Экология деген не? Табиғатты қалай
қорғайды?
Ойын «тірі және өлі»
6.09
2
Топсеруен. Күздің әуені
мен бояулары.
Күзде өсімдіктер мен жануарларды
бақылау. Күзгі табиғаттың сұлулығын
тамашалау. Жапырақ сыбдырын және
құстар әуенін тыңдау.
Суреттер сайысы.Күз
бояулары. Абай
Құнанбайұлының "Күз"
өлеңін оқып, талқылау.
13.09
3
Қоқыс қайдан пайда
болады? Және оны
болдырмау.
Мектеп алды учаскені, аула
тазалығыныа назар аудару.
Фото сайысы. «Қоқыстың
орны бар ма?
20.09
4
Практикалық сабақ.
Мектепалды учаскені
тазалау.
Ауыл тұрғындары мен мектеп
оқушыларына тазалық сақтаудың
үлгісін көрсету.
«Тазалықтың белгісі»
Суреттер сайысы.
27.09
5
Жапырақты және қылқан
жапырақты ағаштар.
Практикалық сабақ. Топсеруен.
«Ағашты таны».
«Ағашты жапырақтан
таны» ойыны.
4.10
6
Топсаяхат.
«Өзі тұратын туған жерінің
өсімдіктері мен жануарлар
дүниесімен танысу».
Саяхат кезіндегі
қауіпсіздік ережесі.
11.10
7
Менің ауламдағы
құстар.Торғай –әлемдегі
ең көп тараған құс па?
Біздің еліміздің кішкентай құсы-
торғаймен танысу. Құстар туралы
қызықты ақпарат.
Сурет салу.
18.10
8
Қарға ақылды, сымбатты
құс.
Қарға жайлы презентация.
«Қарға мен түлкі»
ертегіні оқу
«Ұшты-ұшты» ойыны.
25.10
9
Орман дәрігері-тоқылдақ.
Орман дәрігері деген не?
«Құстардың пайдасы»
әңгіме.
8.11
10
Аққу- киелі құс.
Аққу туралы
бейнематериал.Оқушылармен әңгіме.
Аққу,шортан һәм шаян
И.А.Крылов
15.11
11
Жыртқыш құс-үкі.
Үкімен танысу.Презентация.
Ойын «кім не жейді?»
22.11
12
Пратикалық
жұмыс.Құстарға арнап
жемсауыт жасау.
Тұрмыстық қалдықтардан құстарға
арнап жемсауыт жасау.
Жемсауыттарды
орналастыру.
29.11
13
Қарлығаш,қарлығаш
құйрығың сенің айыр...
Қарлығаш туралы қызықты мәлімет.
Қарлығаш немесе
мамамның әңгімесі
6.12
14
Көкектің басқа құстардан
ерекшілігі.
Көкек туралы мәлімет.
Б.Баймахановтың «Атша
көкек» аңызын
оқу,талқылау.
13.12
15
Құс патшасы-бүркіт.
Құс патшасы –бүркіт туралы
презентация.
Бейнефильм көру
20.12
16
Шымшық-ең пайдалы
құстар.
презентация
Сурет салу
27.12
17
Қараторғай-көршіміз.
Энциклипедиядан мәлімет оқу
Қосымша мәлімет
10.01
18
Жалпылама қорытынды
сабақ.
Практикалық сабақ «Құсты
дауысынан таны»
«Біз білеміз» ойыны.
17.01
19
Орманға топсеруен «Қыс
бояулары мен
дыбыстары»
Қысқы табиғатты бақылау. Өсімдіктер
тіршілігінде қардың маңызы.
Суреттер сайысы «қыс
қызығы»
24.01
20
Қу түлкі.
Түлкінің ерекшелігімен таныстыру
және түлкінің кейпін халық өнерінде
қолдану жайлы сабақ.
Талқылау: Түлкі
тышқанды қыста қалай
аулайды?
31.01
21
Жабайы жануарлар.
Ұзынқұлақ сұр қоян.
Қоян туралы презентация.
«Көжек» мәтінді оқу
Б.Тұрсынбаев
14.02
22
Қасқыр-қайсар аса сақ
хайуан.
Сөзжұмбақтар
шешу.Энциклопедиядан қасқыр
Сұрақ:Қасқырларды жою
керек пе?
21.02
140
жайлы мәлімет.
23
Орман иесі-аю.
Жұмбақтарды шешу,мұғалімнің аю
жайлы мәліметі. «Сұр аю» портретін
құрастыру.
Сұрақ: Қыста аю азығын
қайдан алады?
28.02
24
Әрі епті, әрі жеңіл
қимылдайтын-тиін.
Тиіннің ерекшілігімен таныстыру.
Тиін туралы өлең оқу.
7.03
25
Сусар-тиіннің аңшысы.
Сусармен таныстыру. Сөзжұмбақ
шешу.
Бейнефильм көру.
14.03
26
Орман көрігі-бұғы.
Мұғалімнің бұғы туралы әңгімесі,
жұмбақтар шешу.
Сурет салу
4.04
27
Кірпі
Энциклопедиядан мәлімет.Сөзжұмбақ
шешу.
Кірпіге кірпік не үшін
керек?
11.04
28
Көртышқан-жерасты
жануар.
Энциклопедиядан мәлімет.Ойын.
Мәселелі сұрақ:
көртышқан пайдалы
ма,зиянды ма?
18.04
29
Жабайы жануарлар
турады жалпылама сабақ.
Ойын «сипаттамасы бойынша тап».
Сөзжұмбақ, жұмбақ шеш,
«Бұл қызықты жануар»
25.04
30
Көктемгі орманға
топсеруен. «Көктемнің
бояулары мен
дыбыстары»
Орманда өзіңді ұстау ережесі.Оянып
жатқан табиғатты тамашалау.
«Көктемнің бояулары мен
дыбыстары»
Суреттер сайысы
«Көрікті көктем»
Абай Құнанбайұлының
өлеңін оқу,талқылау.
2.05
31
Жалпылама сабақ. Не
білдің?
Не үйрендің?
Мәселе: барлық жануарлар қорғауды
талап ете ме?
«Тірі табиғатты біл және
сақта» ойыны.
6.05
32
«Ескі-құсқы бүлінген
қағазды жина» акциясы-
ағашты сақта.
Ескі-құсқы бүлінген қағаздарды
жинаудың маңызы: қаланы, ауланы,
ауылды қоқыстан қорғау, ағаштарды
сақтау.
Акцияға қатысу.
16.05
33
Қорытынды сабақ.
Топсаяхат.
Постер жасау. Туған жерін тамашалап
қайту.
Көрме ұйымдастыру.
Туған жер туралы
жұмбақ, жаңылтпаш
жаттау.
23.05
Пайдаланған әдебиеттер мен сайттар тізімі:
1.
https://bilimland.kz/kk/courses/dunietanu
2.
https://
www.tarbie.kz/23223
3.
Менің алғашқы энциклопедиям 2011ж.Алматы
4.
Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар №2.2010ж
5.
Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар №10.2011ж
6.
Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар №4.2008ж
7.
Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар №7.2011ж
8.
Қазақстандағы жануарлар әлемі 2009ж. Алматы
9.
Жануарлардың мекен ауыстыруы 2011ж.Мәскеу
10.
Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы 2004 ж.Арман
11.
https:/
/kk.wikipedia.org/wiki
12.
https://kitaphana.kz/ru/downloads/referatu-na-kazakskom/244-ekologia/3016-ekologialik-problemalar-html
13.
https://uskz.org/load/ash/avtor/tu_an_lke/14-1-0-1560
* * * * * * * * *
141
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қараоба ауылы
Ғ.Қараш атындағы Қараоба мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі Каюпова Ақмарал Ерсаевна
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пәні: Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Орманға саяхат. Өө дыбысы мен әрпі
Күні:15.01.2020 ж.
Сынып: 1 ә
Мұғалімі: Каюпова Ақмарал Ерсаевна
Сабақтың тақырыбы
Табиғатқа саяхат. Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу
мақсаттары (оқу
бағдарламасына
сілтеме)
1.2.6.1* мұғалімнің көмегімен ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме,
ертегі) ажырату
1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны
бойынша қойылған сұраққа жауап
1.2.4.1 мұғалімнің көмегімен қарама- қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы
сөздердің мағыналарын ажырату
1.1.4.1 мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша
болжау
1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі
сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
Сабақтың мақсаттары
Барлығы:Жаңа білімді меңгереді.
Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды
дарыту
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсету және салауатты өмір салтын
ұстануға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс
жаратылыстану, дүниетану
АКТ қолдану
дағдылары
Электронды оқулық,
Тілдік құзыреттілік
Тілдік дағдылар:
Тыңдалым-тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну.
Айтылым- өз пікірін айту
Терминология: Көңілді серуен
Сөз тіркестері: Көрші-көрші
Сабақ барысы
Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Күлім қағып қолымды,
Бір, екі, үш деп соғайын.
Қарап тұрып көршіме,
Қолымды мен бұлғайын.
Ыстық алақаныммен
Қолыңды бер қысайын.
– Балалар бір-бірінің қолын қысып,қуаныштарын білдіреді.
Балалар бүгінгі сабағымыздың мақсаты:Ө дыбысы мен әрпін қайталау.Ө дыбысы
бар сөздерді айту,буынға бөлу.Буындардан сөз құрау.
(ТЖ) "Ой қозғау"
« Ия-жоқ» әдісі арқылы оқушыларға сұрақтар қою:
1.Дыбыстар үшке бөлінеді(жоқ)
2.Дыбыстарды айтамыз,естиміз (ия)
3.Әріптерді көреміз, жазамыз (ия)
4.Ө дыбысы дауыссыз дыбыс (жоқ)
Тақтамен жұмыс
Тақтадағы суреттерден ө дыбысы бар сөздерді тауып.,сол сөзді оқиды, буынға бөледі.
142
Дескриптор
1.Сөздерді оқиды
2.Сөздерді буынға бөледі
Қ.Б.
Өте жақсы
Жақсы
Талпыныс керек
Сабақтың ортасы
(ЖЖ) Оқулықпен жұмыс
Мәтінді оқу.
Көңілді серуен
Көркем мен Серік серуенге шықты. Олар ауыл шетіндегі сырғанаққа келді.
Қолдарында шана. Шанамен сырғанады. Аққала соқты. Серуен көңілді өтті.
- Мәтін өлең бе, әлде әңгіме ме? (әңгіме)
Дескриптор
1.Мәтінді мұқият оқиды
2.Мәтіннің мазмұнын айтады
Қ.Б.
3 жұлдызша-өте жақсы
2 жұлдызша –жақсы
1-жұлдызша –талпын
Жаңылтпашты оқу
Үйіне көрші
Келді ме екен,көрші
(Омоним сөздер - айтылуы мен жазылуы бірдей бірақ мағыналары әртүрлі) мыс: шаш
-адам шашы, шаш- суды шаш т.б түсіндіру
Топтық тапсырма: 1-топ
"Сөз жұмбақ"
2-топ:Сөздерге дыбыстық талдау жасау (өрмекші,көмек,өрт)
3-топ:Сөздерді буынға бөлу(көбелек,көрші,көкек)
Қ.Б. топтар бірін-бірі шапалақтау арқылы бағалайды
Сергіту сәті
Жел үрлейді у-у
Құйын келіп билейді гу-гу
Қатты –қатты жел соқты
Жапырақтар қол соқты
Ойын: Өз орныңды тап
Сөздерді орналастыру
Бір буынды сөздер
Екі буынды сөздер
Үш буынды сөздер
(өрмекші, өрт,өрік, көлік, көйлек, көбелек, төл ,көл)
Аяқталуы
Кері байланыс
Пазл әдісі арқылы буындардан сөз құрау
Кө-лік, көр-ші, кө-кек, кө-мек.ө-рік.кө-бе-лек, өр-мек-ші
Дескриптор
Буындардан сөз құрайды
Сөздерді қатесіз оқиды
Рефлексия
Үлкен Ө әрпі-мен бәрін түсіндім
Орташа Ө әрпі-мен жартылай түсіндім
Кішкене Ө әрпі-мен түсінбедім
(Оқушылар стикерге өз аттарын жазып,тақтаға жапсырады)
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау
көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары
оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап
отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру
деңгейін тексеру жоспарыңыз?
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен
сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
143
|