«bilimnur» баспа редакциясы «ЖАҢартылған білімге – жаңашыл ұстаз»


Оқушылар сөз тіркестерін тауып, сәйкестендіреді



Pdf көрінісі
бет17/30
Дата23.01.2020
өлшемі10,09 Mb.
#56375
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30
Байланысты:
forum toptama2020 (1)


Оқушылар сөз тіркестерін тауып, сәйкестендіреді.
Сөздер
Сөздер
Сәйкестендіру 
жауабы
А
Тазалық 
1
күшейту
В
Иммуни
тетті 
2
айналысу
С
Дене 
шынықт
ырумен 
3
сақтау
D
Дұрыс
4
тамақтану
Дұрыс жауап: А3, В1, С2, D4.   
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды,  қайталайды.                                             
Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді. Сұрақтарға жауап береді. 
Тілдесім. Диалог құрады. Екпінді меңгереді. Тыңдалым. Оқылым. Тыңдайды
мәтінді дұрыс оқуға машықтанады.                                                                     
Жазылым. Айтылым. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазады, сөз екпінін 
қойып оқиды, мәтінді екінші жақтан баяндайды, сөйлем құрайды, дауысты 
дыбыстардың астын сызады.                              
Айтылым, cұрақтарға жауап береді.                       
 Тілдесім. Диалог құрады.                                            
Топтық жұмыс. Постер жасайды.                               
Оқылым. Айтылым. Әр қатардағы артық сөздің себебін түсіндіреді, қатаң 
дауыссыз дыбыстарды  атайды.                                                                                     
Жазылым.  Сөйлемді  толықтырып жазады.                   
 Жұптық жұмыс. «Ойлан, жұптас, бөліс». Бейнебаян бойынша сұрақтарға 
жауап береді:

Иммунитет дегеніміз не?

Иммунитетті күшейту үшін не істеу керек?

Тазалық сақтаудың маңыздылығы қандай?

Қандай тағамдарды таңдап жеу керек?
 Қалыптастырушы  бағалау: оқушылар  мәтінді оқиды, жаңа  сөздерді  табады, 
өзін-өзі  бағалайды 
Кері  байланыс «Гүлдер және жапырақтар » 
Әдісі. арқылы  оқушылардың сабақтағы алған ақпараттары мен көңіл-күйін, 
ұсынысын білу. Қызыл гүл-сабақ  өте  қызықты. Сары гүл – егер.......онда  тіпті  
қызықты  болар  еді.  
Ж.Жеке жұмыс. Жазылым тапсырмасы. Оқушылар бейнебаян негізінде 
«Денсаулық - зор байлық» тақырыбында жаңа сөз тіркестерін (иммунитетті 
күшейту, тазалық сақтау, дене шынықтырумен айналысу, дұрыс тамақтану) 
пайдалана отырып, 70 сөзден тұратын эссе жазады.
118

Бағалау критерийлері:
ОМ
Дескриптор
Ж2 Эссе  жазу.
Эссе құрылымын  сақтай отырып, адамды, 
табиғатты, белгілі бір оқиғаны  сипаттап жазады.
Айтылым. Оқулықтағы 11-тапсырманы  орындатады.
«Кім көп сөз біледі?» ойынын ұйымдастырады.
Айтылым. Ойынның шартын орындайды.
Оқулықтағы  12-тапсырманы орындатады.
апырақтар- өйткені,менің  күткенім  болмады.
Кері  байланыс:   Бүгінгі сабақта не білдіңіздер? 

- Есіңізде не қалды?       - Сабақ ұнады ма?
Соңы   (5 минут)
Рефлексия
Қосымша ақпарат
Саралау – оқушыға мейлінше 
қолдау көрсетуді қалай 
жоспарлайсыз? Қабілетті 
оқушыға тапсырманы қалай 
бересіз, түрлендіресіз?
Бағалау – оқушы білімін 
тексеруді қалай 
жоспарлайсыз? 
Пәнаралық байланыс –Денсаулық 
және қауіпсіздік, АКТ-мен 
байланыс. Құндылықтармен 
байланыс (тәрбие элементі).
Оқушылар топпен,жұппен, жеке 
жұмыс жасайды.
Оқушылардың білімін 
тексеру үшін олардың жас 
ерекшелігін ескеріп,  жұмыс 
беремін.
Қалыптастырушы бағалау
Әр сабақта пәнаралық байланыс 
болады. Оқушылар АКТ-ны 
қолданып, пәнге деген 
қызығушылықтарын арттырамын
Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? 
Бүгін оқушылар не үйренді?  Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде 
өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар 
сәйкес болды ма? Уақытты қалай пайдаландым? 
Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?
Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос 
орынды пайдаланыңыз. Сол жақта 
берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Сабақтың мақсаттары мен міндеттері оқу 
мақсатына сай.
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)
1:                                                                                       2:
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға 
қатысты)? 
1:                                                                                        2:
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы 
мүмкін қандай ақпарат білдім?
1:                                                                                       2:
* * * * * * * *
Ұзақ мерзімді тараудың жоспары:               Мектеп: № 50 Абай атындағы орта мектеп
3 –бөлім. Отбасылық дәстүр мен мерекелер     Мұғалімнің аты- жөні: Оспанова Нұргүл 
Қатысқандар:                                                  Қатыспағандар:  
Сабақтың тақырыбы:
Отбасылық мерекелердің тәрбиелік мәні
Осы сабақта қол 
жеткізілетін оқу 
мақсаттары(Оқу 
бағдарламасына сәйкес)
5.О5. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу. Мәтін мазмұнын түсінуге,нақты 
ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру.
5.ӘТН1. Орфографиялық норма.Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, 
емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу.
Сабақтың мақсаты
Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау арқылы ақпаратқа сай сұрақтар құрастыру , 
орфографиялық нормаларды сақтау.
Бағалау критерийі

Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдай алады

Мәтін мазмұнын түсінеді,ақпаратты анықтап, сұрақтар құрастыра алады

Орфографиялық нормаға сай жаза алады 
Құндылықтарға баулу
«Мәңгілік ел» идеясы барысында отбасындағы  өзара сыйластыққа, ондағы 
құндылықтарға  құрметпен қарауға, ынтымақтастықты сезінуге баулу.
Пәнаралық байланыс
Музыка, өзі - өзі тану, әдебиет
Алдыңғы білім
 Мереке туралы мағлұмат біледі.Отбасылық   ғұрыптар жайлы өз пікірлерін 
айтады.  
119

 
Сабақтың барысы
Сабақтың 
жоспарланған 
кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы
3-минут
2- минут
С. «Сәлемдесу» ширату жаттығуы. Оқушылар  шеңбер бойымен тұрып, 
көршісінің аттас саусақтарына кезек – кезек тигізіп тілек айтады. Бас 
бармақтан бастайды:
-Мен саған тілеймін (Бас бармағын тигізеді)
-Бақыт(Сұқ саусағын тигізеді)
-Денсаулық (Ортаңғы)
-Барлығында(Атаусыз саусақ)
-Барлық жерде(Шынашақ)
-Сәлеметсің бе! (Алақанын бір – біріне тигізеді)
 Ой шақыру мақсатында «Сиқырлы сандық» әдісі арқылы тірек сөздер 
беремін. Тірек сөздер: Шілдехана, беташар, тұсаукесер, сүндет той.
Сол тірек сөздер арқылы оқушылар өз ойларын қорытып айтады. 
Осыдан кейін оқушыларды отбасында тойланатын мерекелерге «Шақыру 
қағазы» әдісі арқылы шақырамын да  4 топқа біріктіремін.
1- топ шілдехана барады
2-топ беташарға барады
3-топ тұсаукесерге барады
4- топ сүндет тойға барады
- Ал енді балалар  қағаздағы сөздің мағынасына назар аударайықшы. Балалар 
өз ойларын айтып шығады.Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтамын.
«Шілдехена»
«Беташар»
«Тұсаукесер»
«Сүндет той» 
деген топ 
аттары 
жазылған 
үлестірме 
қағаздар
Сабақтың 
ортасы
5 - минут
15 - минут
10-минут
Мағынаны тану кезеңі
С.Оқылым алды кезеңі
«Суретті әңгімеле» әдісі.
Сурет беріледі,сол суреттегі бейнеленген бейнені оқушылар суреттеп айтады. 
Дескриптор:  Сурет бойынша ой қорыта алады.
ҚБ: Құнды пікірді мадақтау
Ж.Оқылым тапсырмасы
7 - тапсырма
«Әдеби үйірме» әдісі.
Оқушыларға тақырыпқа сәйкес мәтін беріледі. Топтағы оқушылардын бірі 
Баяндап беруші -  оның міндеті өз көзқарасы тұрғысынан өз ойына сүйене 
отырып, осы оқиғаның мазмұнын айтады
Зерттеуші – мәтінге байланысты басты оқиғаны жан- жақты меңгереді, 
сипаттайды.Сонымен қатар жаңа сөздерді түсінеді
Сұрақтар құрастырушы – мәтіннің жалпы мазмұны бойынша сұрақ қоюдың 
өлшемдерін сақтай отырып,сұрақтар құрастырады.
Сілтемелер табушы – әңгіменің руханилығын ашатын немесе құптайтын кез- 
келген сілтемелерді, афоризмдер, мақал – мәтелдерді табу.
Бейнелеуші – суреттеуші – мәтіндегі оқиғаға ауызша суреттеу
Дәнекерлеуші -  негізгі идеяны бүгінгі өмірмен байланыстыру.
Дескриптор:
- Мәтін мазмұнын түсініп оқиды
- Мәтін бойынша сұрақтар құрастырады
- өмірмен байланыстыра алады
ҚБ: Бірін - бірі бағалайды
Оқылымнан кейінгі тапсырма
 «Қабырғадағы жазу» әдісі бойынша әр топ өз қабырғасындағы ілулі тұрған 
мәтінді бір оқушыдан бір сөйлемнен оқып, топтағы қалған оқушыларға 
жаздырады. Жазып болған соң топпен барып орфографиялық нормаға сай 
қателері бар ма, жоқ па тексереді.
Дескриптор:
 - Есте сақтау қабілеттері дамиды
 - орфографиялық нормаға сай жазады
ҚБ: Өзін - өзі бағалайды
Интерактивті 
тақта
оқулық
120

Сабақтың соңы
Рефлексия
3- минут
Үйге тапсырма
2 – минут
 С. «Менің сөзім» әдісі бойынша оқушылардың сабақта алған білімін, білігін 
бағалау. Сыныптан бір оқушы тұрып, сабақтан бүгінгі  үйренгендерін қорытып 
айтады.Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды.Сөзді сол оқушы 
жалғастырып, сабаққа рефлексия жасайды. 
Тойға, қуанышқа, отбасылық мерекеге байланысты 
мақал – мәтелдер жазып келу
Саралау- сіз қандай тәсілмен 
көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз 
басқаларға қарағанда қабілетті 
оқушыларға қандай тапсырма 
бересіз?
Бағалау – сіз оқушылардың 
материалды игеру деңгейін қалай 
тексеруді жоспарлап отырсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік 
техникасын сақтау.
Пәнаралық байланыс
Сабақ бойынша рефлексия
 
* * * * * * * * *
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:      
  бөлім: Көшпенділер мәдениеті
Мектеп: №228 Ш.Бәкіров атындағы орта мектеп
Күні: 
Сынып: 7
Мұғалімнің аты-жөні: 
Елшібаева Маржан Нурболатқызы
Қатысқандар: 
Қатыспағандар: 0
Сабақтыңтақырыбы
Ер  қанаты– ат
Осы сабақта 
қолжеткізілетін оқу 
мақсаттары (оқу 
бағдарламасына сәйкес)
7Т/А6Сөйлеу мәдениетін дамыту: Коммуникативтік жағдаятқа сай көркем 
бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен 
тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез 
және дұрыс шешім қабылдай білу.
Сабақтың мақсаты
Сөйлеу мәдениетіне сәйкес көркем бейнелеуіш, эмоционалдық-экспрессивті 
сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолдануға баулу, 
диалогке қатыстыра отырып, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білуге 
үйрету.
Бағалау критерийі
Пікірталаста эмоционалдық-экспрессивті сөздерді, мақал-мәтелдерді,  тұрақты 
тіркестерді еркін қолдана алады.
Сөйлеу мәдениетін сақтап, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай алады.
Құндылықтарға 
Баулу
«Мәңгілік ел» идеясы негізінде тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығын 
қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс
Тарих,  әдебиет
Алдыңғы білім
Атты әскер. Жылқы жануары, оның пайдасы жайлы біледі 
    Сабақ барысы
Сабақтың 
жоспарланған 
кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы
2 минут
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу.  Үй тапсырмасын сұрау.
«Кім   көп   табады?»   әдісі 
арқылы   берілген   сөздерден 
фразеологизмдерді табады.
ҚБ.  Қызығушылықты ояту.
Ширату жаттығулар.
«Қара жорға» биі 
Біздің ел ертеден-ақ жылқы баққан ,
Қолға алғаш үйретіп, ноқта таққан.
Жүйріктерін ішінде таңдап мініп,
Сын сағатта ерлері жауға шапқан.    (Т. Оразхан)
Қазақ үшін жылқы ең қасиетті, ең қадірлі мал. Көшпенділерді жылқы 
малынсыз   елестету   еш   мүмкін   емес.   Қазақ   жылқы   малын   төрт 
«Кім көп 
табады?» әдісі 
үй 
тапсырмасын 
сұрау.
121

түліктің төресі дейді. Жеті қазынаның бірі - жүйрік ат   - деп айта 
отырып оқушыларға сұрақтар қоямын.
«Миға шабуыл» әдісі
Біз неліктен жылқы ең қасиетті мал деп айттық?
Көшпенділерді жылқы малынсыз елестету неге  мүмкін емес.
Қазақ  неліктен жылқыны төрт  түліктің төресі деді?
Ер қанаты – ат дегенді қалай түсінесің? 
Оқушыларға   жылқы   жайында   айтып   кетемін   де,   ой   қозғау 
сұрақтарын  қою миға шабуыл жасау арқылы бүгінгі сабағымыздың 
тақырыбын ашамыз.
Топтарға біріктіру.  Оқушыларға сөздер қиындыларын беремін. Әр 
қиындыларда Қарақасқа, Байшұбар, Тайбурыл, Құлагер, деген сөздер 
болу керек.  Оқушылар сол сөздер бойынша топтарға бөлінеді.
Қиындыларды 
құрастыру 
арқылы 
топтың атын 
шығады. 
(Тұлпарларды
ң атымен)
Сабақтың ортасы
Мағынаны тану кезеңі.
Тыңдалым алды тапсырмасы.
Топпен жұмыс. «SWOT-талдау» әдісі Жылқының күшті жақтары, әлсіз жақтары, мүмкіндіктері мен қауіптері 
туралы айтады.
Дескриптор: Жылқы малының түрлі қырларын біледі.
ҚБ. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағаланады.
Тыңдалымтапсырмасы.Жылқы жануары туралы бейне көрініс көрсетемін.
С.   Пікірталас. «Неге?..Неге?...Неге?» әдісі   «Жүйрік аттың тағдыры – қаһарман батырдың тағдыры және 
халықтың тағдыры». Неге?
(Батырлар жыры үзінділерінен фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, көркемдегіш тәсілдерді пайдалана отырып 
пікірталасқа түседі.)
Дескриптор:   Оқушыларға өз көзқарасын білдіреді.  Өз ойын жеткізу дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
ҚБ. Құнды пікірлер мадақталады.
Сергіту сәті.  «Ғажайып қоржын» ойыны.
Қоржынға түрлі заттар салып (мысалы; қамшы, жүген, үзенгі,т.б)  заттарды әр топтан 1оқушы алып сипаттайды.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.
Өз  топтарының атауы болып тұрған тұлпар мен оның иесі туралы шағын эссе жазу. (90-100 сөз)
(Топтар өз эсселерін топта талқылайды және жеңімпазды сынып алдында оқимыз.)
Дескриптор:  Тақырыпты ашады-1балл
Тұрақты тіркестерді, мақал-мәтелдерді орынды қолданады-2балл
Емле заңдылықтарын сақтайды-1балл
ҚБ. Критерий бойынша бағаланды.
 Бейне көрініс көріп,топтық жұмыс  «SWOT-талдау» әдісі арқылы жүргізіледі.
 YouTube   Бейне көрініс  Интербелсенді тақтадан   Сергіту сәті.
«Ғажайып  қоржын» әдісі     Эссе жазу арқылы өз көзқарастарын білдіріп, оқыған  ақпараттары бойынша ой 
қорытады.  
Сабақтың соңы  Кері байланыс.  Рефлексия
«Табыс сатысы» әдісінде кәдімгі сатының суреті беріледі.
1-ші баспалдағы Мен......білемін,
2-ші баспалдағы Мен ......түсінемін,
3-ші баспалдағы Мен................жасайаламын.
Үй тапсырмасы
«Сәйкестендіру» әдісі иесінен адасқан тұлпарлардың ретін көрсетіп келу.
«Табыс сатысы» әдісімен кері байланыс жасау
Интербелсенді тақтадан үй тапсырамсы көрсетіледі.
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек 
қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға 
қарағанда қабілетті оқушыларға қандай 
тапсырмалар бересіз? 
Бағалау – Сіз оқушылардың 
материалды игеру деңгейін қалай 
тексеруді жоспарлап отырсыз?
Денсаулық және 
қауіпсіздік 
техникасын сақтау
Пәнаралық байланыс
122

1.Топтық, жұптық жұмыстар арқылы 
оқушыларға өзара қолдау, көмек көрсету 
арқылы  жүзеге асады.
2.Барлық оқушыларға мәтін, бейне көрініс 
бойынша тапсырмалар беріледі. 
3.Ер қанаты – ат, жеті қазынанның бірі, 
жылқының жақсы қырларынан және пайдасы 
туралы ақпараттар біліп танысады. 
Топқа бөлу, тұлпарлар аты жазылған 
қиындыларды құрастыру арқылы топтың 
атын шығару. Интербелсенді тақтадан 
берілген дұрыс жауаптарымен өзін – өзі 
бағалау.
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы 
бағалау.
Құнды пікірлермен мадақтау.
Өзара бағалау.
Кері байланыс («Табыс сатысы» әдісі)
Тарих, әдебиет пәндері. 
Оқуды жақсарту үшін 
АКТ қолданылады, 
сұрақтар көрсету үшін 
интербелсенді тақта 
қолданамын. 
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу 
мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс 
жүргізілді ме?  Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ 
жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?
Бұл тарауды сабақ туралы 
рефлексия жасау үшін 
пайдаланыңыз. Сол бағандағы 
өзіңіз маңызды деп санайтын 
сұрақтарға жауап беріңіз. 
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША ИНФОРМАТИКА
 ПӘНІНДЕ ҮШ ТІЛІДІЛІКТІ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Егінді ауылы, А.Асылбеков атындағы ЖОББ
 мектебінің  математика және информатика  пәні мұғалімі, 
Үштілдік CEPT сертификатының  С1 деңгейінің маманы Абаева Кулшат Мырзабековна
Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына 
үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Көп тіл білетін тұлғаны  
қалыптастыру   үшін   оқу   үрдісін   ұйымдастырғанда   оқытудың   мазмұны,   принциптері   ерекше   іріктелгенде, 
жоспарлау,   оқытудың   сәйкестігі   көзделген   арнайы   технология   жасалып,   осы   оқытудың   нәтижесі   назарда 
ұсталғанда көп тіл білетін тұлғаның қалыптасуы мүмкін. 
Үш тілде оқыту – заман талабы. Негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік анықтауға 
қабілетті   мәдениетті   тұлғаны   дамыту   және   қалыптастыру.   Үштілдік   туралы   Қазақстан   Республикасының 
Мәңгілік   Елбасы   Н.Ә.Назарбаев   білім   және   ғылым   саласы   қызметкерлерінің   III   съезінде   сөйлеген   сөзінде: 
«Ағылшын тілінің қажеттілігі әлемге тән қажеттілік, бүгінгі күн талабы. Ал орыс тілін жақсы білу – біздің 
байлығымыз» десе, 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде 
халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс 
тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деген болатын.
Қоғамның бүгінгі әлеуметтік тапсырысы жаңартылған білім мазмұны бойынша барлық пәндердің ғылыми 
дайындығын әлдеқайда жоғары деңгейін қамтамасыз ету; сонымен қатар білім беруде осы бағытта пәндерді 
ағылшын тілінде оқытуды жүзеге асыру. 
«Жаңа   әлемдегі   жаңа   Қазақстан»   атты   Жолдауында   “Тілдердің   үштұғырлығы”   мәдени   жобасын   жүзеге 
асыруды ұсына отырып, қазақ елін әлемдегі үш тілді қатар тұтынатын білімді де білікті ел ретінде танытуымыз  
қажет   екенін   және   мемлекеттік   тіл   –   қазақ   тілі,   ұлтаралық   қарым-қатынас   тілі   –   орыс   тілі   мен   жаһандық  
экономикаға табысты кірігу тілі – ағылшын тілі болуы тиіс екенін ерекше атап көрсеткен.
Қазіргі таңда келешек ұрпақты интеллектуалды тұлға етіп дамыту, көптілді меңгерту – білім беру жүйесінің 
өзекті мәселесі. Жолдаудағы тілдерді дамыту аясында үштілділік - әр азаматтың табыстылығының міндетті 
шарты және 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар санының кемінде 20 пайызды құрау керектігі 
туралы ұстанымды жүзеге асыру шарт. 
Айта кетелік, үш тұғырлы тіл жай ғана әдемі тұжырымдама немесе тілдік саясаттың жаңа формасы ретінде 
пайда болған жоқ, ол – өмірлік қажеттіліктен туындаған игілікті идея. Өйткені, қазіргі кезде күллі әлемге есігін  
айқара   ашып,   “ақылды”   экономиканы   енгізіп   жатқан   елдер   қарыштап   дамуда.   Ал   бұл   бағыттағы   толайым 
табыстарға, ілім-білімге алып барар жол – ғаламшардағы үстемдік құрған тілдерді үйрену. Қай заманда болсын, 
бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін 
кеңейтіп   отырған.   Бүгінгі   таңда   Орталық   Азияның   көшбасшы   мемлекетіне   айналған   Қазақстан   үшін   үш 
тұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылудағы бірінші баспалдағы.
Қазіргі кезде информатика пәнінің ұстаздары ағылшын тілін оқытудың әртүрлі деңгейлеріне сәйкес оқытудың 
жаңа   технологияларын,   ақпараттық   және   компьютерлік   жүйелер   арқылы   ізденіс   жұмыстарын   жандандыра 
түсудің мүмкіндіктерін жасауда. Шетел тілін оқытуда информатика пәнінде лингафондық құрал-жабдықтар, 
аудио,   видео   кешені   –     ауызша   және   жазбаша   аударудағы   білімін   жетілдіру,   сөздік   қорын   қосымша   жаңа 
сөздермен байыту, толықтыру, ой-өрісін дамыту мақсатында қолданылады.     
123

Сондай-ақ   информатика   пәнің   оқыту   процесінде   мультимедия   бағдарламасының   көмегімен,   ғаламтордан 
алынған әлемдік жағдайлар, педагогикалық технологиялардың түрлі әдіс- тәсілдері, коммуникативтік бағыттағы 
оқыту   элементтері   кең   қолданысқа   берілген.   Мектепте   информатика   пәнін   оқытудың   негізгі   міндеті   – 
ақпараттарды  түрлендіру,  тасымалдау   және   пайдалану   процестерін   меңгеру,  компьютерлік   технологияларды 
тиімді пайдалану тәсілдерін игеріп, қазіргі әлемнің информациялық бейнесін жасауға өз үлестерін қосатын 
деңгейге жету үшін мектепте информатика пәнін түрлендіріп қызықты оқу тәсілдерін үш тілде қолдану қажет. 
Информатиканы   ағылшын   тілінде   оқытудың   ана   тілінде   оқытудан   ерекшелігі   информатика   терминдерін 
ағылшын   тілінде   енгізу,   әртүрлі   пәндегі   бір   ғана   терминдердің   ағылшын   тіліндегі   мағынасы   түрліше 
болатынына   оқушылардың   назарын   аудару.     Сонымен   бірге   мультимедиялық   кабинеттерде   қолданылатын 
құралдардың , қондырғылар мен материалдардың атауларын оқушылар ағылшын тілінде білу, информатикалық 
есептердің шығарылуын ағылшын тілінде түсіндіре білу,  сабақты бекіту кезеңінде сұрақтарға ағылшын тілінде 
жауап беру, алынған нәтижені түсіндіру, сәйкес қорытынды жасау қажет. 
Информатика   пәнінде   ағылшын   тілінің   кіріктірілуі   білім   беру   мазмұнының   икемді   болуының   және 
түрленуінің   бір   жолы   болып   табылады.   Кіріктірілген   оқытуды   ұйымдастыруда   оқушылардың   жас 
ерекшеліктерін   еске   ала   отырып,   оларды   тұлға   ретінде   дамытуға   және   олардың   шығармашылық   ойлауын 
қалыптастыруға тірек болатын түрлі білімнің тоғысуы арқылы әлемнің сан түрлі болмысын таныту мүмкіндігі 
пайда   болады.   Информатика   пәнінде   ағылшын   тілін   кіріктіру   үдерісін   ұйымдастырудың   басты   формасы   – 
кіріктірілген   сабақ.   Психологиялық-педагогикалық   тұрғыдан   алғанда,   кіріктірілген   сабақ   шәкірттердің 
танымдық әрекетін белсендіруге ықпал етеді, ынталандырады, оқу пәнін жемісті меңгеруінің шарты болып 
табылады және оқушылардың құзыреттілігін қалыптастырады. 
Кіріктірілген сабақты өткізуде, барлық сабақты өткізу сияқты, оқыту әдістемесі маңызды орын алады. Бүгінгі 
күні CLIL пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту білім беру әдістемесінің ең жемістісі болып саналады. Бұл әдіс екі 
пәнді, оның бірі шет тілін, кіріктіре оқытуға мүмкіндік береді. Ерекше, осы пәнге тән терминдерді, белгілі бір 
тілдік құрылымдарды, оқып-біледі, пәндік терминология арқылы оқушының сөздік қоры да байып, дамиды. 
Пәнді үш тілде оқыту барысында ойлаудың жаңа деңгейі яғни кең арналы, кіріктірілген ойлау қалыптасады. 
Мұндай ойлауда бір пән арқылы ғана қалыптасатын ойлаудың тар шеңберінен тысқары шығатын, пәнаралық 
байланыс   аясын   кеңейтетін,   оқу   материалдарын   қайталаудан   сақтайтын   деңгей   пайда   болады.   Соның 
барысында   оқушылардыңинформатика   пәнінен   ойлау   әрекеті   белсендіріліп,   алатын   ақпараттың   аясы   кеңи 
түседі, сөйтіп, оқушының оқып, білім алсам деген мотивациясы тереңдей түседі. 
Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. 
Еліміздің   шет   елдермен   қарым-қатынасымыз   күшейіп   отырған   қазіргі   заманда   оқушылардың   шет   тіліне 
қызығуын,   білімге   құштарлығын   ояту,   танымдық   белсенділігін   арттыру   басты   міндет.   Демек, 
оқушыларымыздың ағылшын тілін білуі – уақыт талабы.
Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі – ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі  
күннен-күнге   өзекті   болып   келеді.   Тілді   ақпараттық-коммуникативтік   технология   арқылы   оқыту   –   тіл 
үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.  
Сонымен, үш тілде оқытуда ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті 
мол,   жаңа   технологияларды   жетік   меңгерген,   жаңа   заман   талабына   сай   бәсекеге   қабілетті   бола   алатын  
тәжірибелі ұстаз қажет. Осындай педагогтардың білім беру нәтижесінде оның жұмыс барысына тәжірибелік  
мақсат   қойылады,   оған   білім   алушы   жеке   тұлғаның   сөздік   қорларын   байыту,   сауатты   жазуға   үйрету, 
сөйлесуге, көргендерін, естігендерін әңгімелеп беруге үйрету қажет. 
Қорыта   айтқанда,   информатика   пәнінде   жаңа   технологиялардың   көмегімен   жеке   тұлғаны   үш   тілде 
меңгертуге,  сондай-ақ   білімін  жетілдіру мен  оқу сапасын  арттыруға  болады.     Қай   халықтың, қай  ұлттың 
болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да – ол 
білім ордасы. Ал, ол білім ордасының білім деңгейін көтеру және онда жаңа ақпараттық технологияларды  
пайдалану   арқылы   оқу-тәрбие   үрдісін   тиісті   деңгейге   көтеру,   педагогикалық   ұжымның   жүйелі 
жұмыстарының нәтижесінде ғана жүзеге аспақ.
* * * * * * * * *
124

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы «Теңге бөбекжай-бақшасы»
Тәрбиеші Джайбергенова Шолпан 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет