Биология кафедрасы



бет7/8
Дата18.06.2017
өлшемі4,01 Mb.
#19293
1   2   3   4   5   6   7   8

Баланың дем алуды реттеу қабілеті де нашар, бұл баланың сөйлеу қабілетімен бірге жетіледі де, 11-12 жаста ересек адамдармен бірдей болады. Өкпенің тіршілік сыйымдылығын спирометр деген арнайы аспаппен өлшейді. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы мен қалдық мөлшері өкпенің жалпы сыйымд ылығын құрады.

Тыныс алу жиілігі де баланың жасына лайық өзгереді.

Тыныс алу жиілігінің адамның жасына сай өзгеруі

2-кесте


Жасы

1 минуттағы тыныс алу жиілігі, рет

1

5

15-20



20-25

25-30


30-35

44

26

20



18

16

18




Газдың алмасуы. Адам мен жануарлардың өмірі үшін ауадағы газдардың ішіндегі оттегінің маңызы зор. Адам дем алғанда ішке кіретін ауаның құрамы, дем шығарғандағы сыртқа айдалатын ауадан өзгеше.

Тыныс ауасының құрамы


3-кесте




Газдардың мөлшері, %

Газдар

Сыртқы ауада

Дем шығарған ауада

Азот

Оттегі


Көмір қышқылы

78

20,92


0,033

78,8

16-17


3-4,5

2-ші кестеде көрсетілген газдардан басқа дем алғанда ішке кіретін ауаның құрамында судың буы, аргон, криптон, ксенон, неон, гелий және сутегі болады. Дем шығарған ауаның температурасы сыртқы ауадан жоғары болады, сондықтан сыртқа айдалатын ауадағы азоттың пайыздық мөлшері сәл көбірек, бұл жылытылғаннан кейін азот молекулаларының кеңеюіне байланысты. Ауадағы азот пен басқа газдардың организм үшін маңызы әлі толық анықталған жоқ. Олар пайдаланылмай сыртқа қайта айдалады. Бұрын бұл газдар адам организмі үшін маңызы жоқ дейтін еді. Ал қазір ұшақ, тік ұшақ, зымырандарды пайдаланып ғарыш кеңістігінің жоғарғы қабаттарына шыққандар үшін қажет екендігі анықталды. Сондықтан ұшқыш пен ғарышкерлердің, суға сүңгушілердің дем алатын ауасының құрамында азот, гелий бар. 3-ші кестедегі көрсеткіштерден дем алатын ауаның құрамындағы оттегінің азайып, керісінше, көмір қышқыл газының көбейетіні анық көрінеді.

Ересек адам 1 минөтте өкпесінсн 6-7 л ауаны өткізеді. Алмасатын ауаның мөлшері адамның салмағына және бойына байланысты. Адамның бойы неғұрлым биік және салмақты болса, соғұрлым оның өкпесі арқылы ауа көп өтеді. Мысалы, ұзын бойлы адамда бұл мөлшер 1 минутте 8 л болса, аласа бойлы кісіде 4,5 л.

Бірақ бұл заңдылықты балаға аударуға болмайды, ауа балаға ересек адамнан көбірек қажет. Тіпті 2-3 жастағы баланың өкпесі арқылы 5-6 л, кейде 7 л ауа өтеді. Мұндай ұзақ мерзімді гипервентиляция (лат. гипер+вентиляция -желдету) баланың дем алуының ерекшелігіне жатады. Осыған байланысты балалардың организмінен бу ретінде судың көптеп шығуы, бүйрек, тері арқылы көмір қышқылыпыцң сыртқа айдалуы байқалады.



Ереск кісіде тыныштық кезінде 3-4 % көмір қышқыл газы айдалатын болса, балаларда пайыздық мөлшері соғұрлым аз, мысалы, 5 жастағы балада - 1,7%. Дененің көрсеткіштері кеміген сайын сыртқа айдалатын көмір қышқыл газының мөлшері төмендейді. Бұл балалардағы гипервентиляцияға байланысты. Ал денеден айдалатын көмір қышқыл газының жалпы мөлшері, дененің 1 кг салмағына шаққанда, балаларда ересек адамға қарағанда көп болады.

3.Тыныс алудың нервтік және гуморальдық реттелуі. Тыныс алу мүшелерінің қызметінің реттелуі әр дәрежедегі реттеу жолдарымен іске асады.

Төменгі дәрежелі тыныс орталығы сопақша мида орналасқан. Ол бір-бірімен тығыз байланыстағы дем алу мен дем шығаруға жауапты екі бөлімнен тұрады.

Тыныс орталығының нейрондарының қозғыштығы көмір қышқыл газының концентрациясына байланысты, яғни гуморальдық реттеу жолы. Оның қандағы концентрациясы артқанда тыныс орталығының нейрондарының қозғыштығы күшейеді де, тыныс мүшелерінің қызметіне қозғау салады. Көмір қышқыл газның тыныс орталығына әсері екі түрлі жолмен іске асады: а) нейрондарды қоректендіретін қанның құрамының тікелей әсері; б) рефлекторлы жолмен көмірқышқыл газының арнайы хеморецепторларға әсері.

Бұлардан басқа да рефлекторлы түрде болатын тыныс алу мүшелерінің қызметінің реттелуінің де маңызы үлкен. Айталық, дем алғанда өкпе керіледі де, оның қабырғасындағы және қабырға аралық еттер мен диафрагмада орналасқан арнайы барорецепторлар тітіркенеді. Оларда пайда болған импульстер орталыққа тепкіш жол арқылы сопақша миға барып, оның нейрондарының қызметін тежейді де, дем алу тоқтап, дем шығару басталады. Өкпенің керіліп созылуы тоқтасымен тыныс алу орталығына баратын импульстер тоқталады, нейрондардың қозғыштығы артады да, қайтадан дем алу басталады. Тыныс орталығы бұзылса, дем алу тоқталып, тіршлік те жойылады.

Дем алу мен дем шығаруды реттеуге ми жарты шарларының қыртыстары да қатысады. Адам жатғығу арқылы өз еркімен дем алуды тоқтата алады. Бірақ бұл организмнің жаттығу дәрежесіне байланысты. Мысалы, әдейі жаттыққан индиялық иогтар ұзақ уақыт тынысын тоқтата алады.

Спортпен шұғылданатын адамдардың тыныс алуының минөттік көлемі 200 литрге дейін болатыны мәлім, ал спортпен айналыспайтын адамда ол не бары 70-80 л ғана болады. Ми қыртыстарының тынысты реттеуге қатысуының дәлеліне спортшылардың жарыс алдында, студенттердің емтиханға кірерде тынысы жиіленетіні мысал бола алады.

4.Тыныс алу мүшелерінің қызметіне сыртқы ортаның әсері және гигиеналық талаптар. Оттегінің жетіспеуіне байланысты өзгерістер. Адам дем алатын ауадағы оттегі аз болганда, организмде физиологиялық біраз өзгерістер пайда болады. Ал егер тым аз болса, онда ол өзгерітеp ауруға айналады. Тауға шыққанда адам оттегісі аз ауамен дем алады. 2,5-3 км биіктікте кейбір кісілср өзін нашар сезінеді, бастары ауырып, "жүректері айныйды", бұлшық еттерінің әлсіздігі пайда болады. Денесі шынықан спортпен шұғылданатын мықты кісілердің өзінде 5-6 км биіктікте жоғарыда айтылған белгілер байқалады. Әлі құрығаны сонша, тіпті қолын да қозғалта алмай қалады. Мұндай өзгерістің алдымен адамда өте күшті қозғыштық - "эфория", яғни жоғары дәрежеде көңіл шаттануы байқалады да, содан соң ол парықсыздык, немқұрайлыққа айналады. Эйфория кезінде адам себепсіз қатты күліп, шаттанып, айғайлап, әндетеді, бірақ өз қьлығындағы өзгерістерді аңғармайды. Мысалы, ересек адам өзінің фамилиясын жазудың орнына бірқатар таяқшаларды сызады, ұшқыш не істеп жатқанын түсінбей, бір кадрға бірнеше суретті түсіре береді. Оттегінің қысымы азайған кезде адам өз ісін бақылай алмайды. Сондықтан ұшақтардың ішіндегі қысым жердегі ауа қысымына тең етіп жасалынған. Содан барып жолаушылар арнайы жаттығудан өтпесе де ұшақтарда ұзақ уақыт ұша алады.

Организмге оттегінің мөлшерінің әсерін байқау үшін арнайы барокамералар жасайды. Ішіндегі ауаны copy арқылы оттегінің мөлшерін қажетінше азайтады. Мұндай жағдайда дегенмен шыққан ауаның, қанның, несептің, тіпті жұлын сұйығының құрамын да өлшеп білуге болады. Айта кететін жағдай, белгілі шамадағы таза оттегі адамды тез дұрыс қалпына келтіреді.



Ұрық анасының жатырында оттегімен плацента арқылы қаматамасыз етіледі, оның жүйке жүйесіндегі тыныс орталығы 7 айлығында толық жетілгенімен қызмет атқармайды. Бала туыларда оның анасымен байланысы тоқталады, сондықтан егер әйел ұзақ босанатын болса, ұрықтың қанында көмір қышқыл газы көбейеді де, баланың дем алуы басының жатырдан шығуынан бұрын басталады. Мұндай жағдайда баланың тыныс жолдарына ұрық сұйықтығы кіреді де, бала тұншығады, шетінеп те кетуі мүмкін.

Тұншығу (асфиксия) бала туғаннан кейін де болатын жағдайлар байқалады. Бала тірі, жүрегі соғып тұрады, бірақ дем алып, дем шығаруы не өте әлсіз, не дұрыс емес. Туа болған асфиксия тыныс жодарының бекітіліп қалуына немсе жүйке жүйесіндегі тыныс орталығы қызмет атқармағандықтан организмге оттегінің аз жеткізілуіне байлапысты. Асфиксияның жеңіл түрлері туа болуы мүмкін және жүре келе жүйке жүйесінің, жүрек-қан тамырларының, тыныс жүйесінің ауруларына, далаға шықпай, үнемі үйде отыра беруіне байланысты болуы мүмкін.

Таза немесе 50 % оттегімен дем алу жүрек, туберкулез ауруларында жағымды әсер етеді. Дегенмен оттегінің мөлшері жеткіліксіз болса да, тым көп болса да адам өміріне қатер туғызады. Яғни адам өмірі "тіршілік газының" мөлшеріне байланысты. 3 атмосферадан жоғары қысыммен таза оттегімен дем алғанда ұстама, өкпенің қабынуы сияқты аурулар пайда болып, тіпті өліп кетуі де мүмкін. Қалыпты жағдайда азот оттегін сұйлтатын заттың рөлінде болады. Ал 4 атмосфералық қысым кезінде азот есірткі іспетті есер етеді. Адамда мастану, орынсыз көп сөйлеу, күлкішіл, ақылының нашарлауы, тіпті бұзлуы, бұшық еттердің қызметінің дұыс бағытталмауы, ұытшақтық пайда болады. Сонымен қатар, ауаның құамындағы аз кездесетін газдар (гелий, аргон, ксенон, неон және криптон)да қысым күшейгенде әер етеді.

Адамның дем алатын оттегісі белсенді емес, ол белсенді болып, белок, көмірсутегі мен майлар мен қосылуы үшін химиялық жолмен өзгеруі тиіс. Бұған белсенді химиялық органикалық заттар - ферменттер қатысады. Қоректік заттардың клеткаларда тез тотығуына оксидаза ферменті қатысады.

Оттегінің қаннан альвеола қуысына, ал көмірқышқыл газының альвеола қуысына ғана өтіуі газдардың парциалдық қысымына байланысты. Парциалды қысым газдардың қосындысындағы белгілі бір газдың үлесіне тиетін қысымның мөлшері, ягии ол газдардың жиынтығындағы әрбір жеке газдын пайыздық мөлшері. Өкпе қуысындағы отгегінің парциалды қысымы веналық қандағы оның қысымынан 2 есе көп болады, ал көмірқышқыл газы - біраз кемдеу. Осыған байланысты оттегі альвеолярлық қуыстан қанға, ал көмір қышқыл газы қаннан альвеолярлық қуыстарға диффузды жолмен ауысады. Мұның нәтижесінде оттегінің мөлшері 16 %-ға дейін кемиді де, көмір қышқыл газы 4 %-ға дейін көбейеді. Ал ұлпалардағы оттсгі мен көмірқышқыл газдары бұған керісінше болады да, қанмен клеткааралық сұйықтарда газдар алмасады. 16-18 жастағы жігіттер оттегінің аздығына сезімтал болады.



Тыныс алудың дамуына дене еңбегінің әсері және гигиеналық талаптар. Тыныс алу мүшелерінің бәрінің физиологиялық көрсеткіштеріне дене еңбегі мен спорт әсер етеді. Мысалы: Өкпенің тіршілік сыйымдылығы: штангистерде - 4 л, футболистсрде - 4,2 л, боксерлерде -4,8л, қайықшыларда - 5,5 л. Тыныс алу жиілігі: спортсмендерде миөтіне - 6-8 рет, ал жаттықпаған адамдарда -14-20 рет. Спортпен шұғылданатын адамдардың тынысы терең болады, бұл организмнің үнемді қызмет етуінің белгісі. Мысалы, терең дем шығарғанда олардың сыртқа айдалған ауасының құрамындағы көмір қышқыл газы 2 есе кем болады. Мұндай терең дем алу жүрекке "массаж" жасайды да, оның қоректенуін және физиологиялық қалпын жақсартады. Тыныс алу мүшелерін жаттықтыру, шынықтыру балалар мен жастардың тыныс мүшелері арқылы пайда болатын ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады. Олай болса, дене шынықтыру мен спорт денсаулықты сақтауға қажетті жағдайлардың бірі.

Баланың дұрыс отыра білуі де маңызды. Бүкірейіп, кеудесін үстелдің немесе партаның шетіне тақап отырғанда кеудеге қысым жасалып, тыныс алу мүшелерінің қызметін төмендетеді, жүрек қан-тамырлардың өсуіне кедергі болу арқылы баланың бойының өсуіне бөгет жасайды. Салқын тию, тыныс мүшелерінің аурулары бала организмінің барлық мүшелерінің өсіп дамуына, қызмет етуіне жағымсыз әсср ететінін естен шығармаған жөн.



Оку-тәрбие жұмысын ұйымдастырғанда есте сақтайтын тағы да бір жағдай — дене еңбегі мен дене шынықтыру және ой еңбегі кезінде балалар тынысын тарылтады, сондықтан оның дұрыс болуын қадағалау қажет. Балаларға дұрыс демалуды жастайынан үйрету керек. Сонымен қатар, ой еңбегі мен дене еңбегін кезектестіру аса маңызды. Сондыктан мектеп жұмысында сабақ кестесін жасағанда бұл ерекшеліктерді есте сақтау керек. Сынып бөлмелерін, еңбек сабағының бөлмелерін жиі желдетіп отыру керек. Жоғарғы сынып оқушылары далада таза ауада тәулігіне 3 сағаттан, ал бастауыш сынып оқушылары 4 сағаттан кем болмауы тиіс. Әсіресе ауасы таза бөлмеде ұйықтау аса маңызды, сондықтан балаларды форточкалары ашық бөлмеде ұйықтауға әдеттендіру керек. Баланың киімі де дұрыс дем алу мен дем шығаруға әсер етеді. Сондықтан олардың киімі жеңіл, денесін қыспайтын, қимыл-қозғалысына бөгет етпейтін болғаны жөн.

Осы жазылғандарды қорыта келе, балалардың сабақ оқитын, еңбек ететін үйдегі бөлмелері мен мектептегі сынып бөлмелерінің, балалар бақшасындағы топтардың бөлмелерінің ауасын жиі-жиі желпіндіріп, тазартып отыру аса маңызды екенін айта кеткіміз келеді. Сонымен қатар, баланың далада, таза ауада көбірек ойнауы маңызды.

Ырғақты тыныс гимнастикасы баланың ақылының артуына жағымды есер етеді. Бастауыш сынып оқушыларына сабақ кезінде 1-2 минуттік демалыс беріп, тыныс гимнастикасын ұйымдастыру қажет: оқушы партада отырып, екі қолын бүйіріне таянып терең дем алып және дем шығарады. Мұндай гимнастика баланың сабаққа ынтасын арттырады.

Бақылау сұрақтар?

1.Организмде газ алмасу жүйесі.

2.Өкпе құрылысы.

3.Тыныс алудың ішкі және сыртқы түрлері.

4.Өкпедегі ауа алмасу.

5.Жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары.

6.Өкпе аурулары.

7.Созылмалы аурулар.

8.Өкпенің қатерлі ісігі.

Лекция №10

Тақырыбы: Сыртқа шығару органдарының жас ерекшеліктері. Бүйрек қызметтері.Терінің құрылысы мен қызметтері. Жеке бас гигиенасы.

Жоспары:

1.Зәр шығару жүйесі.Бүйректің құрылысы мен қызметтері.

2.Терінің құрылысы мен қызметі, жас ерекшелігі.

3.Терінің қорғаныш қызметі.Дене температурасын тұрақты ұстау.

4.Шаш пен тырнақ гигиенасы.

Лекция мақсаты: Несеп шығару жүйесінің анатомиясы мен таныстыру

Лекция мәтіні:

1.Зат алмасуының қалдықтарын денеден шығарудың маңызы. Зат алмасуы нәтижесінде тамақпен организмге келген күрделі органикалық және минерал қосындылар ыдырайды. Олардың тіршілікке қажетті заттары ішек-қарын мен бауырдан қанға өтіп, бойға сіңеді, ал зат алмасуынан пайда болған қажетсіз қалдық заттары клеткадан, ұлпалардан, денеден шығарылады. Көмірсуының қос тотығы мен су буы өкпе арқылы тыныс алу мүшелерінің жолдарымен сыртқа шығады. Органикалық, минералдық күрделі қосындылардың ыдырауының соңғы бөлшектері, аралық өнімдері, қорытылмай, бойға сіңбей қалған керексіз заттар, мысалы, крахмал, мочевина, фосфор қышқылы, кейбір тұздар, зиянды микроорганизмдердің токсиндері (улы заттары) ішек пен бүйрек арқылы шығарылады. Су мен онда еріген тұздар, сүт қышқылы, хлорлы қосындылар терлегенде термен шығарылады. Демек зат алмасуының ыдырау өнімінің соңғы қалдықтарын, зиянды, улы заттар денеден сыртқа өкпе, ішек, бүйрек, қан тамырлары, тері арқылы шығарып, дене тазартылып, организмнің ішкі ортасының қалыпты тұрақтылығы сақталады. Тіршілік үшін, денсаулық үшін сыртқа шығару мүшелерінің қызметінің маңызы өте зор.

Бүйректің құрылысы және қызметі. Сыртқа шығару мүшелерінің ішінде бүйрек ерекше орын алады. Адамның бүйрегі жүп мүше. Ол бел омыртқаларының екі бүйірінде, қабырғалардан төмен орналасқан. Оң бүйректің орналасуы сол жақ бүйректен сәл жоғарырақ. Екеуінің құрылысы бірдей. Бір бүйректің массасы 120-150 г. Сырты дәнекер ұлпасымен қоршалған. Бүйректі қалың бүйрек майы қаптап тұрады. Бүйрек сыртқы қызғылт қоңыр түсті қ ы р т ы с қабаты және ішкі ортаңғы ақшыл м и л ы қабаты болады. Бүйректің сыртқы жиегі дөңестеу, ішкі жиегі ойыстау келеді. Қан тамырлары, нервтері және несеп ағар түтікшелері бүйрекке ойыс жағынан кіреді. Бүйректің ойыс жағында бүйрек т ү б е г і болады, ол бүйрек тостағаншаларына жалғасады. Бүйректің тостағаншаға жалғасқан үшында бүртіктері болады.

Бүйректің қыртыс қабаты нефрондардан, яғни бүйрек денешіктерінен құралған. Бір бүйректегі нефрондар саны 1-1,2 млн. Олардың әрқайсының сырты Б о у м е н капсуласымен қоршалған. Нефронның ішінде Мальпиги шумақтары деп аталатын түйнектеліп шоғырланған қан тамырлары бар. Капсуланың өзі екі қуыс қабаттан тұрады. Ішкі қабаты Мальпиги шумағын қоршап жатады, ал сыртқы қабаты капсула ө з е г і н е айналады. Қыртыс қабатының бойындағы өзектер а л ғ а ш қ ы и і р і м каналдарына айналады. Олар бүйректің ішкі ми қабатына еніп, иірімдері жазылып, Генле иініне айналады да қайтадан қыртыс қабатына оралып, е к і н ші деңгейлі иірім каналға айналып несеп ж и н а ғ ы ш түтікке жалғасады. Жинағыш түтіктің ұзындығы 22 мм. Екінші деңгейдегі нефрон иірімдері артерия тамырлар шумағымен жанасып, екеуі құрамындағы заттармен алмасады. Мұны юкстагломерулалық комплекс деп атайды.Нефронның алғашқы иірім каналының ұзындығы 12-24 мм, ал екінші деңгейлі иірім каналдардың ұзындығы 5-8 мм. Бүйректің қызметі қан плазмасын зиянды, қажетсіз заттардан тазартудан басталады.

Натрий, калий, кальций иондары сияқты тіршілікке қажетті заттар көп мөлшерде болса, гомеостаз қалыпты деңгейінен өзгере бастайды. Сондықтан олардың концентрациясын бір қалыпта ұстап тұру үшін де бүйректің маңызы зор.

Демек бүйрек электролиттік және қышқыл-сілтілік тепе-теңдікті үйлестіріп, реттеп отырады. Оның бұл қызметі нефрон мембранасының заттарды сұрыптап өткізу қасиетімен байланысты орындалады.

Бүйрек үлпасында р е н и н және эритропоэ т и н ферменттері өндіріледі. Ренин артерия қысымын және қан тамырларындағы қанның мөлшерін реттеуге қатысады. Ал эритропоэтин эритроциттердің өндірілуіне әсер етеді.

Несептің түзілуі және қүрамы. Несеп нефронда түзіледі. Ол екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезенде алғашқы несеп, ал екінші кезеңде соңғы несеп түзіледі. Нефрон капсуласындағы тамырлар шумағыңда қан қысымы жоғары, сондықтан қанның сұйық бөлігі капсула ішіне сүзіледі. Мұның нәтижесінде а л ғ а ш қ ы несеп пайда болады. Алғашқы несептің құрамы қан плазмасымен бірдей, бірақ оның құрамында белок пен қан клеткалары болмайды.

Екінші кезеңде алғашқы несептің құрамындағы су, глюкоза, амин қышқылдары, натрий, калий иондары т. б. организмге қажетті заттар қайтадан қанға кері сіңеді, ал мочевина, несеп қышқылы, сульфаттар сияқты зиянды және тіршілікке қажетсіз заттар Генле иінінен кейінгі екінші деңгейлі иірім каналдарда қалып, нағыз несептің құрамына кіреді. Соңғы несеп нефронның жинағыш жолдарымен ағып, бүйректің бүртіктеріне, одан тостағаншасына, одан бүйрек түбегіне, содан соң үзындығы 30 см-дей несеп ағар арқылы қуыққа барады.

Қорытып айтқанда, несептің түзілуі күрделі үш қызметтің нәтижесі: 1. Нефронның капилляр шумағындағы сүзілу (фильтрация). 2. Иірімді каналдардағы кері сүзілу (реабсорбция). 3. Екінші деңгейлі иірім каналдардың эпителий клеткаларының белсеңді секрециялық қызметі. Мүнда аммиак, сутегі иондары, креатинин заттар соңғы несепке қосылады және кейбір улы заттар залал-сыздандырьглады.

Тәулік бойы бүйректен 2000 л қан айдалады, одан 150-180 л алғашқы несеп өндіріледі, бірақ соңғы несептің мөлшері 1,5 л ғана. Мұндай қарқынды сүзілу бүйрек каналшаларының өте үзын болуына байланысты. Олардың жалпы ұзындығы 120 км, ал сүзілуге қатысатын бетінің ауданы 40-50 м2.

Қуыққа айдалатын с о ң ғ ы несеп сарғыш түсті сұйықтық. Оның меншікті салмағы 1,010-1,025, реакциясы сәл қышқыл. Құрамының негізі - су (98-99 %), қалған 1-2 %-ы көптеген (130-140) химиялық заттар, олардың көбі мочевина, несеп қышқылы, креатинин. Дені сау адамның несебінің құрамында белок пен глюкоза қанты болмауы тиіс. Несептің тәуліктік мөлшері 1300-1500 мл.

Бүйрек қызметінің реттелуі. Бүйрек ұлпаларының рецепторларынан афференттік жүйке импульстері мен ондағы қан құрамындағы өзгерістер орталық жүйке жүйесіне, гипоталамус және ми қыртысы орталықтарына берілеці. Ал эфференттік нерв импульстері нейрогипофизге беріліп, ондағы несептің түзілуін реттейтін вазопрессин гормонын қанға шығарады. Бұл гормон қан айналыс жолымен бүйрек үсті безіне барып, альдостерон гормонының өнімін арттырады.

Альдостерон адреналинмен бірге бүйректегі реабсорбцияны (кері сіңу) реттейці. Вазопрессин гиалуроницаза ферментінің белсеңділігін жоғарьшатып, несеп жинағыш түтікшелердің клеткааралық заты гиалурон қышқылын ыдыратады. Мұның нәтижесінде жинағыш түтікшелердің қабырғасы суды жақсы өткізеді.

Адреналин артерия қан тамырларын тарылтып, нефрондарда сүзілу қысымын өсіріп, несептің түзілуін жеделдетеді және тұздардың шығуын тездетеді.

Жыныс гормондары бүйрек ішіндегі сүзу, кері сіңу құбылыстарына әсер ету арқылы судың және натрий тұзының мөлшерден тыс сыртқа шығып кетпеуін қадағалайды.

Бүйректің қызметін реттеуге соматотропин, тироксин, инсулин, серотонин, гистамин сияқты гормондардың қатысы бар деген болжамдар да баршылық, бірақ олардың әсер ету тетіктері әлі толық зерттелмеген.

Бүйректің құрылысы мен қызметінің жас ерекшеліктері

Бала бүйрегінің құрылыс ерекшелігі. Нәрестенің бүйрегінің массасы 11-12 г, 1 жаста - 36-37 г, 5 жаста - 55-56 г. Бүйрек ұлпаларының өсу қарқыны алғашқы 3 жыл ішінде, жыныстық жетілу кезеңінде және 20-30 жас аралығында жоғары болып, өсіп жетіледі.

Нәрестенің бүйрегінің сыртқы беті бөліктеніп тұрады. Ол бөліктер 2 жасқа қарай тегістеле бастайды да, 5 жаста жойылып, түгел тегіс болады. Бүйректің қыртыс қабатының қалыңдығы нәрестелерде 2 мм, ал оның ішкі ми қабаты 8 мм болады.

Нәрестелердің нефрондарының иірілуі аздау. 1 жаста иірімді өзектердің өсу қарқыны күшті, ал 3-4 жаста олардың саңлауларының диаметрі кеңейеді, қабырғасындағы клеткалардың құрылысы мен қызметі жақсы жетіледі.

Бала бүйрегінің қызмет ерекшелігі. Нәрестенің алғашқы 3-4 күнінде несеп өте аз шығады, ал бір аптадан кейін несеп көбейеді. 6 айда баланың несебінің мөлшері екі есе артады. 9 айда несептің құрамы тұрақтала бастайды. Мысалы, несептің құрамындағы хлордың мөлшері ересек адамдардағыдай болады, бірақ мочевина мөлшері аздау, өйткені бүл кезде баланың негізгі тамағы әлі де болса, сүт болады да, басқа жануар текті тамақтардың мөлшері аз болады.

1 жастағы балалар бүйрегінің гломерулалық сүзілу деңгейі өте баяу жүреді, кері сүзілу мен нефрон түтікшелерінде заттардың концентрациясының артуы, яғни қоюлануы жеткіліксіз. Несептің мөлшері 700 мл ғана болады. 4-5 жаста оның мөлшері 1000 мл-ге дейін кобейеді, ал 10 жаста тәулігіне 1500 мл несеп сыртқа шығады.



Қуықтың құрылысы мен қызметі.

Қуық -қуыс мүше. Оның сырты дәнекер және бұлшық ет ұлпаларынан тұрады. Сиымдылығы 300-800 мл. Қуықтың несеп шығатын жерінде сақина тәрізді бұлшық еттері күшті сфинктер (грек. сфинктер - қысып ұстайтын) бар. Бұл еттер жиырылып, қуықты аштырмай, несепті ұстап тұрады.

Сфинктердің ашылуы еріксіз рефлекторлы түрде болады. Нәрестенің қуығының ішіне несеп жиналып, оның қысымы су бағанымен 12-15 см-ге дейін көтерілгенде қуықтың қабырғасындағы рецепторлар тітіркенеді. Пайда болған қозу импульстері орталыққа тепкіш нервтермен жұлындағы және мидағы орталықтарға барады. Орталық жүйке жүйесінен орталықтан тепкіш нервтері арқылы қозу қуыққа келеді де, қуықтың қабырғасындағы еттері жиырылады, сфинктер еті босайды, содан соң қуық ашылады.



Ересек балаларда несептің сыртқа шығуы ерікті рефлекс тәртібімен жүреді. Өйткені несеп шығару рефлексінің орталығы ми қыртысында да бар.

Нәрестенің қуық еті, әсіресе оның сфиктер еті жетілмеген, сондықтан несеп жиі жене еріксіз рефлекторлы түрде шығады. Олардың бүйрек түтікшелерінің эпителий клеткаларының зат өткізгіш қасиеті жоғары болғандықтан несеп қүрамында лактоза, аздаған (аз мөлшерінде) мелшерде белок, мочевина, фосфатты және хлорлы қосындылар болатыны байқалған. Кейін 1 жасқа жақындағанда лактоза мен белок мүлде болмайды, ал қалғандарының мөлшері азаяды.



  1. жаста балалардың организміндегі осмостық қысым мен иондар алмасуының тетіктері толық жетіледі.

  2. жасқа жақындағанда нефрондардың сүзілу жөне иірім каналдардағы кері сүзілу мен секреция деңгейлері ересек адамның көрсеткіштеріне жақын болады.

Баланың алғашқы жылдарында бүйректің қызметін реттейтін вазопрессин мен адреналин гормондарының мөлшер деңгейі аздау болғандықтан, бүйректің эпителий клеткаларының және қан тамырларының қабырғасындағы рецепторлардың сезімталдығы төмен болады. Ал альдостерон гормоны жөнінде мүндай мәліметтер әлі белгісіз.

Энурез. Несептің денеден рефлекторлы еріксіз түрде шығарылуы емшектегі балаларда болатын жағдай, ал ересек балалар өз еркімен несеп шығаруды тоқтата алады. Екі жастан аса баланың несеп шығаруды реттеу тетіктері толық жетіледі де рефлекторлы еріксіз несеп шығару тоқталуы тиіс. Бірақ сәбилердің 5-10 %-ыңца 13-14 жасқа дейін түнде рефлекторлы еріксіз несеп шығару, яғни энурез байқалады. Несептің тоқтамауы немесе энурез (грек. ен — шығамын + ур - несеп) баланың ерекше ауруларының бір түрі. Ол ерте балалық шақта жиі кездеседі және ұзақ, кей кезде ем қонбайтын, кейде өткінші, жыныстық жетілу кезінде өзінен-өзі тоқталатын сырқат. Бұл сырқаттың себептері әртүрлі болуы мүмкін. Энурез кейде қуықтағы қабыну ауруларына, кейде бүйректің немесе нейрогендік себептердің әсерінен болуы ықтимал. Соңғысы психикалық дамудың кемшілігіне, немесе психикалық травмаға, немесе ауруға байланысты болуы мүмкін. Ондай балалар сүйіспеншілік көрсетуді, ересектердің немесе достарының мазағынан қорғауды қажет етеді. Ал баланы қорқыту арқылы қойғызамын деп тырысу мүлде жарамсыз әдіс.

Энурезі бар балаларды 4 топқа бөлуге болады: 1. Емделмейтін, тәрбиесі дұрыс болмаған ақылы кем балалар. Олардың несебінің тоқтамау себебі, көбінесе баланың ұйқысының жөнсіз қатты болуынан болады. 2. Ұзақ сырқаттылар, бірақ дұрыс тәрбиелеп, тамақтандырып (сусынды аз ішкізіп) емдесе, басылатын сырқат, бұларда энурез жыныстық жетілу кезінде гормон түзілу қызметі реттелгеннен соң ұйқының терендігі жөнделіп, түнде несеп тоқтамауы жиі басылып кетеді. 3. Үнемі емес, кейде мезгіл-мезгіл энурез байқалатын балалар. 4. Өте аз, анда-санда ғана энурез байқалатын балалар тобы. Энурез қыздардан гөрі ер балаларда жиірек байқалады. Бұл ауру кейде басқа аурулардың (мысалы, тері ауруының, ішек құрттарының болуына байланысты) салдарынан да болады. Сол сияқты, бүл ауру кейде жыныс мүшелерінің жағдайына байланысты туады, сондықтан балаларды жыныс мүшелерін таза ұстауға әдеттендіру керек. Әсіресе қыз балалардың жыныс мүшелерін жылы сумен жиі жуып, тазартып отырған абзал.Түнде несептің еріксіз шығуына жатар алдында сүйықты көп ішу де себеп болады. Ауруды емдеу арнайы диетаны ұстануға негізделеді. Энурез жиі байқалатын балаларға түске дейін қалыпты тамақ жеп-ішіп, түстен кейін тұзы аз тамақ (ет, жұмыртқа, май) ұсынылады немесе, керісінше, ұйықтар алдында тұздалған тамақ беріледі, кейде жатарда тұзды су беруге болады.



2.Терінің құрылысы мен маңызы. Адам терісі 3 қабаттан тұрады. Сыртқы қабаты эпидермис, ортаңғысы д е р м а және ішкісі гиподерма деп аталады. Ең қалың сыртқы қабатының қалыңдығы 1-2,5 мм. Бүл қабатта меланин пигменті өндіріледі. Сондықтан терінің түсі өндіретін пигментіне байланысты, егер ол аз өндірілсе тері ақшыл, көбірек болса - қоңырлау, ал тым көп болса, қара қоңыр болады.

Дерма қабатының клеткалары тығыз дәнекер ұлпадан тұрады. Онда қан тамырларының капиллярлары және нерв үштары бар. Дерманың бүршікті қабатында тер өндіріледі, ал торлы қабатындағы дәнекер клеткалар теріге беріктік қасиет береді. Терінің гиподерма қабаты қорғаныс қызметін атқарады.

Тері асты клетчаткада тері бездері орналасқан. Олардың өзегі терінің сыртына жіңішке саңлау түрінде ашьглады. Тер бездері алақан, мандай, қолтық, мойын, арқа және шаш терісінде көбірек болады.

Теріде май өндіретін май бездері болады. Олар алақан, табан терісінен басқа жердің бәріңде бар. Май бездерінің өзектері тері түгінің қапшығына ашылады. Олардың өнімдері терінің түгін және эпидермис қабатын майлап, құрғап қалудан сақтайды. Май бездері тәулігіне 20 г тері майын шығарады. Майланған теріден су, микробтар өтпейді жөне микробтарды өлтіретін заттары теріні тазартып отырады.



3.Тер және терлеу тетігі, оның жас ерекшелігі. Тер бездері арқьшы денеден сыртқа шығарылатын судың мөлшері 50 %, яғни 500-900 мл болады. Термен бірге мочевина, несеп қышқылы, креатинин, гиппур қышқылы, хлорлы натрий, калий және фосфаттар мен сульфаттар шығарылады. Тердің сыбағалы салмағы 1,012-1,010. Терлеу тәулік бойы үнемі үздіксіз жүреді, бірақ сыртқы ортаның температурасы жоғарылағанда жене ауыр еңбекпен шүғылданғанда, шынықтыру жаттығулары кезінде тер безінің өзектері кеңейеді де, тер үздіксіз көп шығады. Бүл кезде дененің жылуды ондіруі тежеледі, бүйрек капиллярларындағы қысым төмендейді де, несеп өндіру азаяды.

Тер бездерінің реттелуі симпатикалық жүйке жүйесімен қамтамасыз етіледі. Симпатикалық нерв талшықтарының теріге келетін холинергиялық үштарынан екі түрлі медиатор бөлінеді: ацетилхолин және адреналин. Егер ацетилхолин бөлінсе, жылы тер шығады, ал адреналин бөлінсе салқын тер шығады. Салқын тер адам қатты абыржып, қиналғанда, жағымсыз эмоцияның әсері кезінде байқалады.

Ересек адамның терісінен бала терісінің айырмашылығы бар. Бала терісінің сыртқы эпидермис қабаты өте жұқа, терінің қан тамырлары кең және көрініп тұрады. Терісі тегіс, қыртыссыз болады.

Жаңа туған сәбидің терісі өте жұқа, қалыңдығы 1,1 мм. 1 жасқа дейін тер бездері жылдам дамиды. Өсе келе коллагенді талшықтар көбейеді, ал созылғыш талшықтары 6 жастан кейін пайда бола бастайды.

Бала терісінде май көбірек болады. Әсіресе алғашқы 9 айда ол тез көбейеді. Содан кейін 5 жасқа дейін олардың көбеюі бәсеңдейді. Ересек адаммен салыстырғанда майлы клеткалар жаңа туған сәбиде 5 % көбірек болады.

Терінің температурасы нәрестелерде жоғарырақ және тұрақсыз келеді. Ыстық пен суықтың әсеріне сәйкес тері температурасының бейімделу өзгерісі 3-5 жастан бастап қалыптаса бастайды.

Бала 4 жасқа дейін аз терлейді, өйткені тер бездерінің қызметін реттеуші жүйке орталығы әлі жетілмеген. Оның толық жетілуі 5-6 жаста болады.

4.Тері мен шаш гигиенасы. Сыртқы жабын инфекциясының алдын алу.Тері гигиенасы. Тері майы, тер эпидермистің өлген клеткалары, теріге қонған заттар оны ластайды және бактерияға қарсылығын төмендетеді. Терінің керілуі оны қышытады, сөйтіп қасынуға мәжбүр етеді де аурудың дамуына жағдай жасайды (сыздауық, гидрадепит: ірің жара, экзема және басқа) .Паратифоз тобындағы микроптар жуылмаған қолдың терісінде алғашқы 10 минут ішінде негізінен өмір сүруге қабілетті болып қалады (5% өледі) ,ал мұқият жуылған қолда барлығы түгелге дерлік өледі (85% өледі). Сол себепті ауру тудырғыш микроптарға қолайлы жағдай туғызбау үшін қол-аяқ және бүкіл денені жиі-жиі жуып тұру керек. Таңертең бет пен қолды, ал кешке ұйықтар алдында аяқты жуу тері гегенасын сақтауға жатады. Бұдан өзге қолды күндізгі жұмыс аяқталған соң, түскі ас алдында, әр ас ішерден бұрын және қол кірленген кезде жуып, сүлгімен сүртіп, немесе «электр сүлгімен» мұқият кептіру керек. Балаларды жуындыру үйде ата-аналардың, ал мектеп-интернаттарда кезекші тәрбиешілдердің қадағалауымен өтуге тиіс. Жуыну бөлме температурасындағы суды падаланған жөн, өйткені одан жылы су бет пен қолдың терісін нәзіктендіріп, оның төмен температурағасезімталдығын арттырады. Бұндай жағдайда өлген эпителийдің жібететін, майды ерітіп, олардың жойылып кетуін жеңілдетедін сабынды қолданады.

Моншада, ванияда және душта жуыну гигиеналық талаптарға сай-аптасына кем дегенде бір рет, ал жазда 2-3 рер, ектеп жасына дейінгі балалар 2 күн сайын , емшектегі балалар күн сайын болуы қажет. «Балалар» сабыны немесе теріні тітіркендірмейтін басқа сабындары пайдалану керек. Шынығу мақсатында жылы сумен, ең соңында салқын сумен шайну қажет.

Ортаңғы және жоғары класс оқушылары жүрек-қан тамырларының жай-күйін ескере отырып, булы монша баруларына болады. Осының барлығы терінің қызметін жақсартады. Алайда, булы моншадан соң суық сумен жуынуға және ашық су көздеріне шомылуға болмайды.

Жылыдан суыққа күрт ауысу суық тиып қалуға әкеліп соғуы мүмкін және теріде өте ұсақ жарықшақтардың пайда болуына жағдай жасап, кір жоқ болса да қышындырады.

Теріні таза суақтау үшін жуынған сайын іш кмімдерді, ал аптасына бір рет төсеніштерді алмастырып отыру жөн.

Шаш гигиенасы. Шаш- теріні үстіңгі бөлігінің мүйіз қабығында өнімі. Сондықтан оған, әсіресе, шаң тозаң мол, тері майы көп бөлінетін, сөйтіп микроптардың, оның ішінде ауру туғызатын микроптардың өсіп өнуіне қолайлы жағдай туатын жаз мезгілдінде ерекше күтім керек.

Басты жылы сумен (жаңбыр немесе өзен суымен) иісті сабынды қолданып аптасына кем дегенде бір рет, ал 7-8 жасар балалар екі рет жууы керек.. Шашта бит пен сірке болған жағдайда басты томар дәрі ерітіндісімен немесе «Қ» сабынымен майлайды да бірнеше сағаттан соң жылы сумен шайып майда тарақпен тарайды. Осы тәсілді бірнеше рет қайталайды, егер бұл нәтиже бермесе, онда шашты қырғызып тастаған жөн. Ұзын шаш, егер гигиеналық күтім сақталмаса, паразиттердің өсіп-өнуіне қолайлы жағдай туғызатындығын есте ұстау керек.

Ер балалар мен қыздарға да эстетикалық тарақтардан өзге санитарлық-гегеникалық мақсаттарда қолданатын арнаулы тарақтар ұстауға кеңес беріледі.

Балалар жасөспірімдерге күзгі және қысқы суық ауа райында бас киімсіз жүруге болмайды. Әр тал шаш өте жіңішке қан тамыры- капилляр арқылы қамтамасыз етілетіні белгілі, суық ауа райы кезінде олар жылдам таралады да, соның салдарынан-шаштың қоректенуі бұзылады, шаш мезгілінен ерте түсіп қалады.



Қышыма. Қышыма-ересектерді де, балаларды да ауыртатын жұқпалы дерт. Оны қоздырушы-қышыма микробы теріге еніп кетіп, оның ішін кеулеуарқылы денені қышытады. Қасыған кезде іріңді жаралар мен экземалар пайда болады. Ауру сырқат жануарлармен, адамдармен қарым-қатынас жасаған кезде, олардыңзаттарын пайдаланған жағдайда (қозғап, іш кейім, өлген түлкінің терісін алу, монша шыбыртқысы) жұғады. Ауру балалар сырқатынан толық айықанша коллективке жібермей үйде емделеді. Сырқаттан сақтану мақсатында қлдың тазалығы ұдайы, кейде денет терісі де тексеріліп тұрады.

Шаш пен тері эпидермофитиясы. Терінің қыртыс қабаты- эпидермистің паразиттермен ауру эпидермофития деп аталады. Бір микробтар (грибок) теріні, екінші-берулері-терімен тырнақты және шашты зақымдайды. Көбнесе эпидермофития аяқ башпайларының арасын зақымдайды, бұндай кезде олар тершең болады және қатты қышытады.

Терінің қышыған жерлері – инфекция түсетін қақпа, ал сұйыққа толы көпіршікткер қоздырғыштрдың «резервуарлары». Ауру кейде экземаға асқынады. Эпидермофития дәрігердің қадағалауы ұзақ емдеуі қажет етеді.

Аурудың алдын алу шаралары: бұл ең әуелі тері гегенасы ережесін сақтау. Аяқты жуған соң башпай араларын мұқият құрғатып сүрту, ал инфекция бар деген күмәнді жағдайда йод немесе одеклон жағу керек. Монша, душ, жүзу бассейіндерін санитарлық жай-күіне бақылауды күшейту эпидермофитияның таралуына жол бермеу шараларының бірі болып табылады.

Көрсетілген шаралар сирек те болса кездесетін таз, теміретке, паршо, микроспория секілді тері ауруларының алдын алуға септігін тигізеді.



Бақылау сұрақтары

  1. Зат алмасудың қалдықтарын денеден шығарудың қажеттілігі мен маңызы қандай?

  1. Бүйректің құрылысы мен қызметі.

  1. Алғашқы несеп пен соңғы несептің қүрамындағы айырмашылықтар қандай және олар неліктен болады?

  2. Бүйректің қызметінің нервтік және гуморальдік реттелуі.

  3. Бала бүйрегінің құрылысы мен қызметінің жас ерекшеліктері қандай?

  4. Бала қуығының құрылысы мен қызметінің жас ерекшеліктері қандай?

  1. Энурез, оның түрлері мен себептері

  1. Терінің құрылысы мен қызметінің жас ерекшеліктері қандай?

  2. Терлеу және оның сыртқа шығару қызметінің маңызы қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет