Ұлпа гүл ( Hydrangea),ұлпа гүлдер тұқымдасына жатады.
Гортензияның өзіне тән ерекшелігі- гүл шоғы шатыр тәріздес болып өте жиі бітеді. Гүлдерінің түсі қызғылт, ақ, көгілдір, көк және қызыл болып келеді. Үйде өсірілетін гортензияның диаметрі 30см үш немесе бес шатыр гүлі болады. Жақсылап күтілсе ұлпа гүл көктемнің басынан қысқа дейін гүлдейді. Ұлпа гүлдің шыққан жері- Қытай.
Ұлпа гүлді көбейтудің негізгі әдісі- қалемшелеу. Қалемшелеуді қаңтар айынан сәуірге дейін жүргізуге болады. Қалемшені өсіп тұрған өсімдіктің жіңішке немесе өгей бұтақтарынан әзірлейді.
Қалемшені отырғызар алдында ғана кесіп алады. әрбір қалемшенің 2-4 буыны (бүршігі немесе жапырағы) болуын ескеру керек. Ол үшін топырақты орташа ылғалдап, оған күніне 2-3 рет су бүркіп тұрады. Бастапқы кезде жас өсімдікті көлеңкелеуге тура келеді. Әбден өсіп жетілгеннен кейін, оларды бөліп жеке құмыраға отырғызады. Көктемде күн жылынғаннан кейін жас өсімдікті далаға шығарып, жерге отырғызады. Одан кейін оған су бүркіп, суарып және арам шөбін атап отырады. Осындай күтімдегі жас өсімдік жаздай гүлдеп тұрады. Ал күзге дейін гүлдемеген өсімдіктерді үйге кіргізіп, бір қалыпты күтеді. Мұндай өсімдік үй жағдайында гүлдейді. Гүлдеп болғансын өсімдікті қыста салқын подвалда сақтайды. Ал жазға қарсы ыдысымен тағы да далаға шығарып жерге көмеді. Далаға шығарылып, топыраққа көмілгенсін, өсімдік бір-екі айдан кейін гүлдей бастайды.
Үйде ұлпа гүлді көлеңкелеу жерге қояды. Гүлдеп болғаннан кейін өсімдікті солған гүлдерінен тазартып, артық ұзын бұтақтарын кесіп тастайды.