Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері
|
Тақырыптар/Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны
|
Оқу мақсаттары.
|
Сағат саны
|
1-тоқсан
|
|
Экожүйелер
|
Ортаның экологиялық факторлары: абиотикалық (температура, жарық, рН, ылғалдылық) биотикалық (микроағзалар, жануарлар, өсімдіктер.
Қоректік тізбектер және қоректік торлар.
Модельдеу «Қоректік тізбек пен торды құру».
|
7.3.1.1 - жергілікті жер экожүйесі қоршаған орта факторларының тірі ағзалардың тіршілік әрекеті мен таралуына әсерін зерттеу
7.3.1.2 - табиғи қоректік тізбектерді салыстыру;
7.3.1.3 - қоректік тізбектер және қоректік торларды құрастыру
|
1 2.09
|
Экологиялық сукцессиялар: Бірінші және екінші реттік сукцессиялар. Экожүйелердің алмасуы.
|
7.3.1.4 - экологиялық сукцессия үдерісін сипаттау
|
1 9.09
|
Адам экожүйенің бір бөлігі. Антропогендік фактор.
Адам әрекеттерінің экожүйеге жағымсыз әсері.
|
7.3.2.1 - адам мен экожүйе арасындағы қарым-қатынастарды сипаттау
7.3.2.2 - экожүйеге жағымсыз әсер ететін адам тіршілігінің салаларына мысалдар келтіру
|
1 16.09
|
Қазақстанда ерекше қорғалатын аймақтар. Жергілікті жердің ерекше қорғалатын аймақтары.
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы. Жергілікті өңірдің ҚР Қызыл кітабына енгізілген жануарлары мен өсімдіктері.
|
7.3.2.3 - ерекше қорғалатын Қазақстан Республикасының табиғи аймақтарының өсімдіктері мен жануарларын сипаттау
7.3.2.4 - жергілікті өңірдің Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлары мен өсімдіктеріне мысал келтіру
|
1 23.09
|
Тірі ағзаларды жүйелеу
|
Тірі ағзалардың бес патшалығына жалпы сипаттама: прокариоттар, протисталар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар. Өсімдіктер мен жануарлардың негізгі жүйелік топтары: Патшалықтар. Типтер. Бөлімдер. Кластар. Өсімдіктер мен жануарларды жүйелеудің маңызы.
|
7.1.1.1 - жүйелеудің маңызын түсіндіру;
7.1.1.2 - жүйелеуде тірі ағзалардың орнын анықтау
|
1 30.09
|
Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктер.
Дихотомиялықәдіс.
Дихотомиялық кілттерді қолдану.
БЖБ
|
7.1.1.3 - омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың құрылысының ерекшеліктерін сипаттау
7.1.1.4 - жекелеген ағзаларға қарапайым дихотомиялық кілттерді қолдану
|
1 7.10
|
Жасушалық биология
Су және органикалық заттар
|
Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі түсініктері. Өсімдіктер және жануарлар жасушаларын салыстыру. Жарық микроскобынан көрінетін жасуша құрылымдары: пластидтер, вакуоль, ядро, цитоплазма, жасушалық мембрана, жасушалық қабырға.
|
7.4.2.1 - «жасуша», «ұлпа», «мүше», «мүшелер жүйесі» ұғымдарды түсіндіру;
7.4.2.2 - өсімдіктер және жануарлар жасушаларын ажырату
|
1 14.10
|
Судың қасиеттері: беттік керілу, судың қозғалысы, еріткіштігі, қайнау және балқу температурасы, жылусыйымдылығы. Судың биологиялық маңызы және оның еріткіш ретіндегі, температураны сақтау мен реттеудегі ролі.
|
7.4.1.1 - судың қасиеті мен тірі ағзалар үшін маңызын сипаттау;
7.4.1.2 - тірі ағзалар тіршілік әрекеттері үшін микро- және макроэлементтердің ролін сипаттау
|
1 21.10
|
Азық – түліктердегі органикалық заттар: нәруыздар, майлар, көмірсулар. Өсімдіктерде макроэлементтердің тапшылығы (азот, калий, фосфор,). Тыңайтқыштар: органикалық және минералдық (азотты, калийлі жәнефосфорлы).
|
7.4.1.3 - азық – түліктерде көмірсулар, нәруыздар және майлардың бар екендігін дәлелдеу
7.4.1.4 - минералды тыңайтқыштардағы азот, калий және фосфордың өсімдіктер үшін маңызын танып білу
|
1 28.10
|
|