«Биология» пәнінен оқу бағдарламасы Түсінік хат


Оқу пәнінің 11 сынып оқу пәнінің базалық мазмұны



бет5/10
Дата20.11.2016
өлшемі1,99 Mb.
#2128
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

3. Оқу пәнінің 11 сынып оқу пәнінің базалық мазмұны
27. «Кіріспе (1сағат»).

28. «Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы және дамуы (8сағат)»:

1) Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы алғашқы көзқарастар (2сағат):

тіршіліктің пайда болу процесін және мәнін түсіндіретін алғашқы ғылыми талпыныстар, Ф.Редидің тәжірибелері, В.Гарвейдің ой-пікірлері, Л.Пастердің тәжірибелері, тіршіліктің мәңгілік теориясы, жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы материалистік көзқарастар, көрсетілім: Л.Пастер тәжірибелерінің сызбанұсқасы;

2) «Жер бетінде тіршілік пайда болуының алғышарттары (2сағат)»:

жер бетінде тіршілік пайда болуының алғышарттары: ғарыштық және ғаламшарлық алғышарттар, Жер дамуының ерте кезеңдеріндегі алғашқы атмосфера және химиялық элементтердің, бейорганикалық және органикалық молекулалардың эволюциясы, көрсетілім: ғаламшарлық жүйелердің қалыптасу кезеңдерінің сызбанұсқасы.

3) «Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар (4сағат)»:

тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар, А.И.Опариннің теориясы, С. Миллердің тәжірибелері; протобиополимерлердің пайда болу теориясы, протобионттардың эволюциясы:ішкі ортаның қалыптасуы, органикалық табиғи катализаторлардың жарыққа шығуы, генетикалық кодтың пайда болуы; биологиялық эволюцияның бастапқы кезеңдері: фотосинтездің жүруі, эукариоттардың, жынысты көбеюдің және көпжасушалылықтың пайда болуы, көрсетілім: біржасушалы эукариоттардың,көпжасушалы организмдердің пайда болуының және өсімдіктер мен жануарлар дүниесі дамуының сызбанұсқасы.

29. «Эволюциялық ілім (23 сағат)»:

1) «Тірі табиғаттың эволюциясы туралы көзқарастардың Дарвинге дейінгі дамуы (3сағат)»:

биология дамуының Дарвинге дейінгі кезеңі.Ғылымда «Әуелбастан мақсатқа сәйкестілік» және тірі табиғаттың өзгермейтіндігі туралы көзқарастардың үстемдігі, өсімдіктер мен жануарларды жіктеп жүйелеу бойынша К.Линнейдің жұмыстары.Ж.Кювье және Ж..де Сент-Илердің еңбектері. Ж.Б.Ламарктың эволюциялық теориясы, алғашқы эволюционис ттер, көрсетілім: эволюциялық идеялардың дамуына үлес қосқан ғалымдардың портреттері мен өмірбаяндары;

2) «Дарвинизм (10 сағат)»

Ч. Дарвин ілімі қалыптасуының алғышарттары: жаратылыстану ғылымдары саласындағы жетістіктер, Ч. Дарвиннің экспедициялық материалдары. Ч. Дарвиннің қолдан сұрыптау туралы ілімі, Ч. Дарвиннің табиғи сұрыпталу туралы ілімі, түр - эволюциялық бірлік, жалпыға бірдей жеке дара өзгергіштік және ұрпақтар сан мөлшерінің артықтылығы, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу;

көрсетілім:

Ч.Дарвиннің «Бигль» кемесімен саяхаты кезіндегі жүрген жолдары және жинаған материалдары;

№ 1 зертханалық жұмыс .»Мәдени өсімдіктердің іріктемелерін пайдаланып қолдан сұрыптаудың нәтижесін,түр критерийлерін, өзгергіштікті зерттеу»;

3) «Микроэволюция (5 сағат)»:

мутациялардың эволюциялық рөлі, популяциялардағы генетикалық процестер, Харди-Вайнберг заңы, табиғи сұрыпталудың формалары, организмдердің тіршілік ортасына бейімділігі табиғи сұрыпталудың нәтижесі екендігі, микроэволюция, түртүзілу туралы қазіргі көзқарастар (С.С.Ч етвериков, И.И.Шмальгаузен);

түртүзілудің жолдары және жылдамдығы;географиялық және экологиялық түртүзілу. Модификациялардың эволюциялық рөлі; физиологиялық бейімділіктер. Эволюцияның қарқындылығы.

көрсетілім: географиялық түртүзілу процесін бейнелейтін сызбанұсқалар; тірі өсімдіктер мен жануарлар,кеппешөптер мен жинақтамалар,жекедара өзгергіштік пен өсімдіктердің әртүрлі іріктемелерінің және жануарлардың қолтұқымдарының, сонымен қатар организмдердің тіршілік ортасына бейімделуі және түртүзілудің нәтижелерін бейнелейтін сызбанұсқалар;

№ 2 зертханалық жұмыс «Организмдердің тіршілік ортасына бейімділігін зерттеп білу»;

4) «Эволюцияның негізгі заңдылықтары, макроэвлюция (5сағат)»:

эволюциялық процестің негізгі бағыттары, биологиялық прогресс және биологиялық регресс (А.Н.Северцов), биологиялық прогреске жетудің жолдары, эволюцияның негізгі заңдылықтары: дивергенция, конвергенция, параллелизм; организм топтары эволюциясының ережелері.Эволюция нәтижелері:тірі табиғат құрылым деңгейінің күрделенуі, түрлердің көптүрлілігі, бейімділіктің салыстырмалы сипаты (органикалық мақсатқасәйкестілік);

көрсетілім: гомологтық және аналогтық мүшелердің мысалдары,олардың құрылысы, онтогенезде пайда болуы,прогрессивті эволюция жолдарының арақатынасы, Қызыл кітапқа енгізілген және мемлекеттік қорғауға алынған өсімдіктер мен жануарлардың өкілдерін сипаттайтын мысалдар.

30. Жердегі органикалық дүниенің дамуы (14 сағат):

1) Өсімдіктер және жануарлар эволюциясының негізгі келбеті (10 сағат)

архей және протерозой замандарында тіршіліктің дамуы .Жердегі тіршіліктің алғашқы іздері.Қазіргі барлық омыртқасыздар типтерінің шығуы, алғашқы желілілер, су өсімдіктерінің дамуы;

палеозой заманында тіршіліктің дамуы, өсімдіктер эволюциясы;

алғашқы төменгі сатыдағы өсімдіктердің,қырықжапырақтардың, тұқымды қырықжапырақтардың,ашық тұқымды өсімдіктердің шығуы. Омыртқалылардың (балықтардың, қосмекенділердің, жорғалаушылардың) шығуы.

мезозой заманында тіршіліктің дамуы., жабық тұқымды өсімдіктердің шығуы және таралуы. Құстар мен сүтқоректілердің шығуы.Ертедегі ашық тұымды өсімдіктер мен жорғалаушылардың жойылуы.

кайнозой заманында тіршіліктің дамуы, гүлді өсімдіктердің қарқынды дамуы, бунақденелілердің көптүрлілігі (параллельді эволюция), ұрықжолдас ты сүқоректілердің дамуы, аңдардың шығуы, маймылдардың пайда болуы, адам тұқымдасының алғашқы өкілдерінің шығуы. Төрттік кезең: сүтқорек тілердің эволюциясы. Маймылдардың дамуы; адам эволюциясының бағыттары, адам мен адамтәрізді маймылдардың жалпы ататектері.

көрсетілім З.Бурианның түрлі замандар мен кезеңдердегі флора мен фаунаны бейнелейтін қолдан салған суреттері,тірі табиғат дүниелері (патшалығы) дамуының сызбанұсқасы; өсімдіктер мен жануарлардың тасқа айналған қалдықтары,өсімдіктердің ертедегі тау жыныстарында қалған іздері мен таңбалары.

2) «Адамның шығу тегі (4 сағат)»:

адамның тірі табиғаттағы орны. Homo sapiens-түрінің жануарлар дүниесіндегі жүйелік орны, адамның жануарлар дүниесінің түрлі жүйелік топтарына жататынын айқындайтын белгілері мен қасиеттері, адам эволюциясының кезеңдері: ежелгі адамдар,ертедегі адамдар ,осы заманғы алғашқы адамдар. Биологиялық түр ретінде адамның қасиеттері.Homo sapiens-түрінің популяциялық құрылымы, адам нәсілдері;нәсілтүзілу;адам нәсілдерінің бірлігі, адамның биоәлеуметтік тіршілік иесі ретінде қасиеттері, антропогенездің қозғаушы күштері, Ф.Энгельс маймылдың адамға айналуындағы еңбектің рөлі туралы, адамның қалыптасуында сөздің,ақыл-ойдың және қоғамдық қатынастардың рөлі, адам эволюциясында әлеуметтік және биологиялық бағыттардың өзара қарым-қатынасы, «Әлеуметтік дарвинизм» және нәсілшілдіктің кертартпалық мәні, адамның әлеуметтік дамуындағы қоғамдық тіршіліктің жетекші рөлі, адамзат қоғамының биологиялық қасиеттері.

көрсетілім: адамның және омыртқалы жануарлардың қаңқаларының модельдері.

31. «Организм және ортаның өзара қарым-қатынастары, экология негіздері (20 сағат)»:

1) Биосфера туралы түсінік (3 сағат)

биосфера-жердің тірі қабығы, биосфераның құрылымы :литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфераның құрам бөліктері:тірі зат, оның түрлік құрамы, әртүрлілігі және биомассаға қосқан үлесі, биожанама(енжар,биоен жар) заттар (В.И.Вернадский). табиғаттағы заттардың айналымы.

көрсетілім:биосфераның құрылымын және оның құрам бөліктерін сипаттайтын сызбанұсқалар, биосферадағы тірі организмдер әртүрлілігі мен түрлік құрамының кестелері.

2) «Бірлестіктердегі тіршілік (2 сағат)»:

Тірі организмдер бірлестіктерінің қалыптасу тарихы.Құрылықтардың геологиялық тарихы;оқшаулану,климаттық жағдайлар. Биогеография.
Құрылықтың және дүниежүзілік мұхиттың негізгі биомассалары. Биогеографиялық аймақтар.

көрсетілім құрлықтардың тарихын бейнелейтін карталар;құрлықтық биомассаның таралуы.

3) «Организм және ортаның өзара қарым-қатынастары (12 сағат)»:

тірі организмдердің табиғи бірлестіктері, биогеоценоздар, биогеоценоздардың құрамдас бөліктері: продуценттер, консументтер редуценттер, биоценоздар, олардың түрлік әртүрлілігі, популяциялар тығыздығы, биомассасы. Экология,оның міндеттері, экологиялық факторлар

ортаның абиотикалық факторы, температураның,жарықтың, ылғалдылықтың және басқа факторлардың бірлестіктер тіршілігіндегі рөлі, орта факторларының әсер ету қарқындылығы,шектеуші фактор, орта факторларының өзара әсері, төзімділік шегі.

ортаның биотикалық факторлары, қоректік тізбектер және торлар, экологиялық пирамидалар: сандық,биомассалық,энергиялық, биогеоценоздардың алмасу себептері, жаңа бірлестіктердің қалыптасуы.

антропогендік факторлар, олардың биоценоздарға әсері(адамның табиғаттағы рөлі), табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, табиғатты ластанудан қорғау, табиғат эталондары мен ескерткіштерін сақтау, ғаламшар тұрғындарын табиғат ресурстарымен қамтамасыз ету, табиғи кешендер түзудің шаралары, экологиялық білім, тәрбие,мәдениет, жер ғаламшарының экологиялық апаттары. Қазақстанның экологиялық апатты аймақтары.

көрсетілім, «Биосфера», «ҚР экологиялық апатты аймақтары» тақырыптары бойынша электрондық оқулықтардан үзінділер оқу және талқылау.

4) «Организмдер арасындағы қарым-қатынастар (3 сағат)»

организмдер арасындағы қарым-қатынастың формалары, жағымды қатынастар: симбиоз, кооперация, мутуализм,комменсализм, антибиотикалы қ қатынастар :жыртқыштық, паразитизм, бәсеке, бейтарап қатынастар-нейтрализм.

көрсетілім:тірі табиғаттың түрлі дүниелері өкілдерінің симбиоздық (селбесу) тіршілігінің мысалдары.

32. «Бионика (2 сағат)»:

өсімдіктер мен жануарлардың құрылымдық принциптерін адамның щаруашылық әрекетінде пайдалану, табиғаттағы тірі тіршілік иелерінің формалары және олардың өнеркәсіптік аналогтары (құрылыстық ғимараттар,машиналар,механизмдер, қондырғылар).

көрсетілім: тірі организмдер құрылымына ұқсас өнеркәсіптік аналогтардан мысалдар және оқулықтан осы тақырыпқа сай сурет,кестелерді қарау.



4. 10-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
33. 10-сынып оқушылары:

1) тірі табиғаттың негізгі құрылым деңгейлерін;

2) жасушалық теорияның негізгі қағидаларын;

3) жасушаның химиялық құрамын;

4) нәруыздардың, нуклеин қышқылдарының, липидтердің, АТФ және бейорганикалық заттардың жасуша және организм тіршілігіндегі рөлін;

5) генетикалық код, геннің құрылысы мен қызметін;

6) прокариоттар және эукариоттар, автотрофтар және гетеротрофтар жасушаларының құрылысы мен қызметін;

7) пластикалық және энергиялық алмасу мен олардың маңызын, өсімдіктердегі пластикалық алмасу ерекшеліктерін және ғарыштық рөлін;

8) зат алмасудағы ферменттердің рөлін;

9) хромосомалар, олардың тұқым қуалау ақпаратын сақтау және ұрпақтарға берудегі рөлін;

10) хромосомалар санының, пішіні мен мөлшерінің, әр түр өкілдеріне тән тұрақтылығын;

11) митоз, мейоз, ұрықтану және олардың маңызын;

12) генетикалық әдістерді, адам генетикасын зерттеу әдістерінің ерекшеліктерін;

13) тұқымқуалаушылықтың заңдылықтарын, модификациялық және үйлесімдік өзгергіштіктерді, олардың себептерін;

14) фенотип қалыптасуда генотип пен орта жағдайларының маңызын, мутациялардың эволюциядағы,генетиканың селекция мен денсаулық сақтаудағы рөлін;

34. 10-сынып оқушылары:

1) автотрофтар мен гетеротрофтар, прокариоттар мен эукариоттар жасушаларын;

2) митоз бен мейозды анықтау;

3) организмдердің көбею әдістерін ажырата білу;

4) фенотип пен генотипті, гомо және гетеро зиготаны салыстыру;

5) организмдердің мутациялық және модификациялық өзгергіштіктерін анықтау;

6) эволюция үшін мутацияның маңызын түсіндіру;

7) селекция үшін генетика заңдарын негіздеу.

5. 11-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

35. 11-сынып оқушылары:

1) тірі табиғаттың эволюциясы туралы түсінік;

2) Ч.Дарвин ілімі қалыптасуының алғышарттары;

3) Ч.Дарвиннің қолдан және табиғи сұрыпталу туралы ілімі;

4) тіршілік үшін күрестің формалары;

5) мутациялардың эволюциялық рөлі ;

6) табиғи сұрыпталудың формалары;

7) түр түзілу туралы қазіргі көзқарастар;

8) эволюциялық процестің негізгі бағыттары,

9) биологиялық прогреске жету жолдары;

10) эволюцияның негізгі заңдылықтары: дивергенция, конвергенция, -параллелизм;

11) архей,протерозой ,палеозой,мезозой кайнозой замандарында жерде тіршіліктің дамуы;

12) биологиялық түр ретінде адамның қасиеттері;

13) биоәлеуметтік тіршілік иесі ретінде адамның қасиеттері;

14) «әлеуметтік дарвинизмнің», кертартпалық зөлі;

15) организм және ортаның қарым-қатынастары;

16) биосфераның құрылымы және оның құрам бөліктері;

17) ортаның биотикалық, абиотикалық және антропогендік факторлары;

18) орта факторлары әрекетінің қарқындылығы, шектеуші фактор;-

19) организмдер арасындағы өзара қарым –қатынас формалары;

20) антропогендік факторлардың биоценоздарға әсері;

21) экологиялық кешендер түзудің шаралары.

36. 11-сынып оқушылары:

1) жер бетінде тіршіліктің пайда болу процесін материяның эволюциялық түрөзгерістері тізбегіндегі табиғи оқиға ретінде материалистік тұрғыда түсіндіру;

2) алуантүрлі организм түрлері шығуының және олардың тіршілік ортасына бейімділігінің себептерін эволюцияның қозғаушы күштері мен олардың мәні туралы білімге сүйеніп түсіндіру;

3) экологиялық жүйелерде түрлердің бірлесіп тіршілік етуге бейімділік белгілерін айқындау;

4) өнеркәсіп пен ауылшаруашылығындағы экологиялық заңдылықтар туралы мәліметтерді іс-тәжірибеде қолдану;

5) биоценоздың түрлік құрамына талдау жүргізу;

6) биоценоздардағы қарым-қатынас формаларының түрлерін анықтау;

7) нақты орта жағдайларындағы қоректік жүйелерді сипаттау;

8) орман шаруашылығы, балық шаруашылығы т.б., ұйымдастыру үшін экологиялық білімді дұрыс пайдалану;

9)табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау міндеттерін шешу үшін білім мен заңдарды қолдану;.

10) зертханалық және практикалық жұмыстарды орындауда техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау.

37. Жеке-тұлғалық нәтижелер

38. 10-11 сынып оқушылары көрсете білуі тиіс:

1) ғылыми және көпшілікке арналған әдебиеттерді пайдалануда арнайы пәндік және атау көрсекіштерін қолдануға даярлығын;

2) кеңейтілген жоспар-мәтіннің тезисін құтастырып, конспекттер,рефераттар құрастыру;

3) рефераттар,презентациялар даярлау;

4) жұмыстар орындауда электрондық ресурстарды,интернетті пайдалана білу;

5) оқулық мәтінімен жұмыс істеу негізінде кесте, сызбанұсқалар құрастыру;

6) зертханалық және практикалық жұмыстар орындауда техникалық қауіпсіздік шараларын сақтау;

7) жер бетінде тіршіліктің дамуы мен адам эволюциясының кезеңдерін бейнелейтін кестелер құрастыруда оқулықтың және басқа оқу құралдарының мәтіндерін пайдалану;

8) биологиялық нысандармен жұмыс істеу үшін оқулықтың мәтінін пайдалану;

9) «әлеуметтік дарвинизм» және нәсілшілдікке дәйекті сын айта білу.


6. Жүйелі-әрекеттілік нәтижелер 10-11 сынып оқушылары

қолдана білуі тиіс:
1) жасушалық теория туралы білімдерін органикалық дүниенің бірлігін дәлелдеуге пайдалану;

2) шағылыстыру сызбанұсқаларын құруда, зат және энергия алмасу мен,генетикалық және молекулалық биологияға есептер шығаруда арнайы генетикалық ұғымдар мен белгілерді пайдалану;

3) ғылыми және көпшілікке арналған әдебиеттермен жұмыс істеуде пәндік және атаулық көрсеткіштерді пайдаланып дағдылану;

4) мәтін тезистерін конспектілерді, рефераттар т.б. дайындауда кеңейтілген жоспар құрып дағдылану;

5) электрондық материалды интернетті пайдалануға дағдылану;

6) оқулықпен жұмыс істеу барысы нда мәтіндерінің мазмұнына сай кестелер сызбанұсқалар құрастырып дағдылану;



БИОЛОГИЯ

6-сынып


(барлығы 68 сағ, аптасына 2 сағ)




Тақырыптың атауы

Сағат саны




Кіріспе (1 сағат).




1.

Ботаника - өсімдіктер туралы ғылым. Жер бетінде өсімдіктердің көптүрлілігі туралы жалпы мәліметтер. Ботаникалық білімнің негізгі қолданылуы. Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Қазақстанда кең таралған өсімдіктер.

1




І тарау. Өсімдіктермен жалпы танысу (3 cағат).




2.

Мәдени және жабайы, біржылдық және көп жылдық, дәрілік және әсемдік өсімдіктер. Өсімдіктердің тіршілік формалары: ағаштар, бұталар, бұташықтар, шөптесін өсімдіктер.

1

3.

Өсімдіктердің белгілері. Гүлді өсімдіктер. Гүлді өсімдіктердің мүшелері. Өсімдіктер тірі организм және биожүйе ретінде. Тұқымды және споралы өсімдіктер.

№ 1 зертханалық жұмыс.

Споралы және тұқымды (ашықтұқымды және жабықтұқымды) өсімдіктер: көкек зығыры, қырықжапырақ, кәдімгі қарағай, жұмыршақ, қызанақ.


1

4.

Өсімдіктердің тіршілік жағдайлары, оларға әсер ететін негізгі экологиялық факторлар. Өсімдіктердің тіршілік орталары. Өсімдіктердің көптүрлілігі. Өсімдіктердің табиғи жағдайлардағы өзгерістері, олардың өсімдік тіршілігіндегі маңызы. Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

Топсеруен:

1. «Айналамыздағы өсімдіктер әлемі».

2. «Өсімдіктер тіршілігіндегі күзгі құбылыстар».

Практикалық жұмыс.

Бөлме жағдайындағы, баудағы, саябақтағы, бақшадағы және мектеп учаскесіндегі өсімдіктерді күтіп баптау.



1




ІІ бөлім. Өсімдік жасушасының құрылысы (5 сағат).




5.

Ұлғайтқыш құралдар: микроскоп, ұлғайтқыш әйнек. Ұлғайтқыш құралдарды қолдану тәсілдері. Препараттар даярлау. Материалдар және құрал жабдықтар. Қауіпсіздік техникасы.

№ 2 зертханалық жұмыс.

Ұлғайтқыш құралдармен және зертханалық құрал-саймандармен танысу.


1

6.

Жасуша - өсімдік организмінің негізгі құрылым бірлігі. Өсімдік жасушасының құрылысы: қабықша, цитоплазма, ядро, пластидтер, жасуша шырынына толы вакуоль, қосындылары. Пішіні мен мөлшері бойынша жасушалардың алуантүрлілігі.

№ 3 зертханалық жұмыс.

Пияз өңінің, жапырақ эпидермисінің микропрепараттарын даярлау.


1

7.

Жасушалардың тіршілік әрекеттері. Жасушаның өсуі және бөлінуі. Жасушаның тыныс алуы және қоректенуі. Цитоплазманың қозғалысы. Жасушалардың тіршілік әрекеттерінің қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі.

№ 4 зертханалық жұмыс.

Элодея жапырағын, жапырақ өңін мысалға алып өсімдік жасушасының құрылысын зерттеп білу.


1

8.

Жасуша құрамындағы органикалық заттар: көмірсулар, нәруыздар, майлар және бейорганикалық заттар: су, тұз ерітінділері. Қоректік заттардың қорға жинақталуы.

1

9.

Ұлпалар туралы түсінік. Өсімдік ұлпаларының түрлері: түзуші, жабын, негізгі (ассимиляциялық және қорға жинақтаушы), өткізгіш, механикалық ұлпалар. Өсімдік мүшелерінің жасушалық құрылысы. Өсімдік — көпжасушалы организм.

1




ІІІ бөлім. Гүлді өсімдіктердің мүшелері, жемістер және тұқымдар (14 сағат).







I тарау. Тұқым (2 сағат).




10.

Тұқымның сыртқы және ішкі кұрылысы. Тұқымның типтері. Даражарнақты және қосжарнақты гүлді өсімдіктердің тұқымдарының құрылысы.

№5 зертханалық жұмыс.

Даражарнақты және қосжарнақты өсімдік тұқымдарының құрылысы. Көкөніс дақылдарының алуантүрлі тұқымдарымен танысу.


1

11.

Тұқымның органикалық және бейорганикалық заттары. Тұқымдағы өсімдік ұрығы. Тұқымдардың алуантүрлілігі. Тұқымдардың өнуі, топыраққа сіңіру тереңдігі. Тұқымдардың таралуы, шаруашылық маңызы.

1




II тарау. Тамыр (3 сағат).




12.

Өсімдіктің вегетативтік мүшесі ретінде тамырдың сыртқы және ішкі құрылысы.

№6 зертханалық жұмыс.

Өскіндерден тамырдың сыртқы құрылысын зерттеп білу (ас бұршақтың, асқабақтың, үрме бұршақтың және бидайдың).


1

13.

Тамыр аймақтары: бөліну, созылу, сору, өткізу. Тамырдың ұшы – тамыр оймақшасы. Тамырдың өсуі. Тамыр түктері, олардың тамыр және бүкіл өсімдіктің тіршілік әрекеттеріндегі рөлі.

№7 зертханалық жұмыс.

Тамырдың өсу (созылу) аймағын тауып анықтау.


1

14.

Тамырдың түрлері (негізгі, жанама, қосалқы). Тамыр жүйесінің типтері: кіндік және шашақ тамырлар. Атқаратын қызметіне байланысты тамырдың маңызы: өсімдіктің қоректенуі, топыраққа бекінуі, көбеюі, қоректік заттарды қорға жинақтауы. Атқаратын қызметіне байланысты тамырдың түрөзгерістері.

№8 зертханалық жұмыс.

Тамырдың түрөзгерістері.


1




Ш тарау. Өркен (5 сағат).




15.

Өсімдік өркендерінің құрылысы мен маңызы. Бүршік – өсімдіктің ұрықтық (бастапқы) өркені. Вегетативтік және генеративтік бүршіктер. Бүршіктен өркеннің дамуы. Жылдық өркен. Өсімдіктің бұтақтануы. Бұтақтануды көбейтудің тәсілдері.

№ 9 зертханалық жүмыс.

Вегетативтік және гүл бүршіктерінің құрылысы.


1

16.

Жапырақ өркеннің бүйірлік жанама мүшесі. Жапырақтың сыртқы және ішкі құрылысы. Жапырақтың жұмсақ бөлігі және жабындық ұлпа. Лептесіктер. Жапырақтың алуантүрлілігі, олардың өсімдік тіршілігіндегі рөлі. Жапырақ - өсімдіктің фотосинтез жүретін арнайы мүшесі, су булану және газ алмасу. Жапырақтың түр өзгерістері.

№10 зертханалық жұмыс.

Жапырақтың сыртқы құрылысы. Жапырақтағы лептесіктерді табу.

№11 зертханалық жұмыс.

Жапырақтың ішкі құрылысы. Жапырақтың түрөзгерістері.


1

17.

Сабақ - өркеннің негізгі бөлігі және қоректік заттарды өткізу мүшесі. Сабақтың буындары мен буынаралықтары. Сабақтың ішкі құрылысы. Сабақтың бойлап және жуандап өсуі. Камбийдің рөлі. Жылдық сақиналар.

№ 12 зертханалық жұмыс.

Ағаштың көлденең кесіндісіндегі жылдық сақиналарды қарау.


1

18.

Өркеннің көптүрлілігі: вегетативтік және генеративтік, жерүстілік және жерастылық, қысқарған және ұзарған өркендер. Өркеннің түрөзгерістері.

№13 зертханалық жұмыс.

Тамырсабақтың, түйнектің және пиязшықтың құрылысын қарау.


1

19.

Қыс кезіндегі өсімдік өркендері. Қыс кезіндегі жапырағын тастаған ағаштар және бұталармен, ағаштардағы және шөптесін өсімдіктердегі қайта жаңаратын бүршіктермен танысу.

Топсеруен.

1. Өсімдіктің қысқы тіршілігі.

Жапырағын тастаған ағаштар мен бұталар.



1




IV тарау. Гүл, жеміс (4 сағат).




20.

Гүл, оның құрылысы мен маңызы. Гүлсерігі. Тостағанша. Күлте. Гүлдің негізгі бөліктері: аналығы және аталығы. Даражарнақты және қосжарнақты өсімдік гүлдерінің ерекшеліктері. Гүлшоғырлары, олардың биологиялық маңызы.

№14 зертханалық жұмыс.

Гүлдің құрылысын қарау.


1

21.

Өсімдіктердің гүлдеуі және тозаңдануы. Тозаңданудың түрлері (өздігінен тозаңдану, жел, бунақденелілер, су, құстар арқылы айқас тозаңдану және қолдан тозаңдандыру).

№15 зертханалық жұмыс.

Бунақденелілермен және желмен тозаңданатын өсімдіктердің гүлдерін салыстыру.


1

22.

Жемістердің түзілуі; өсімдіктердің тұқым арқылы көбеюі және таралуы. Жемістің түрлері: құрғақ және шырынды, қақырайтын және қақырамайтын, біртұқымды және көптұқымды жемістер.

1

23.

Тірі организм ретінде өсімдік мүшелерінің өзара байланысы. Өсімдіктер және қоршаған орта.

Топсеруен.

1.Терезе алдындағы өсімдіктер әлемі.


1




ІV бөлім. Өсімдіктердің негізгі тіршілік әрекеттері (6 сағат).




24.

Топырақтан суды және минералды заттарды сіңіру. Органикалық және минералдық тыңайтқыштар. Фотосинтез, күннің жарығы мен хлорофиллдің осы процестегі рөлі. Күн энергиясын органикалық заттардың химиялық байланыстарында қорға жинақтайтын автотрофтылар ретінде жасыл өсімдіктердің рөлі.

1

25.

Өсімдіктердің тыныс алуы. Олардың оттекті сіңіріп, көмірқышқыл газы мен суды бөліп шығаруы. Өсімдіктің тыныс алу процесінің қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі.

1

26.

Жасыл өсімдіктердің ғарыштық рөлі: органикалық заттарды түзу, энергияны жинақтау, көмірқышқыл газы мөлшерінің тұрақтылығын сақтау және атмосферада оттекті молайту, жерде топырақ түзілу әрекетіне қатысу.

1

27.

Өсімдік тіршілігіндегі судың рөлі. Суға қатынасы бойынша өсімдіктердің экологиялық топтары.

1

28.

Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбейуі, оның биологиялық маңызы. Өсімдіктердің ұрықтануы мен зиготаның түзілуі туралы түсінік. Вегетативтік көбею, оның түрлері және табиғаттағы биологиялық рөлі, өсімдік шаруашылығында пайдалану.

№16 зертханалық жұмыс.

Бөлме өсімдіктерін қалемшелеу.


1

29.

Өсімдікттердің өсуі және дамуы. Өсімдіктердің өсуі мен дамуының қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі. Өркен мен тамырдың өсуге бағытталуы. Өсімдік дамуының кезеңдері (ұрықтық, жастық, жетілу және қартаю). Өсімдік тіршілігінің ұзақтығы.

1




V бөлім. Өсімдіктер дүниесінің негізгі бөлімдері (21 сағат).




30.

Өсімдіктер систематикасы туралы түсінік. Өсімдіктер дүниесі. Оның дүние тармақтарына бөлінуі: Дүние тармағы, Бөлімдер, Класстар, Тұқымдастар, Туыстар, Түрлер. Түр — өсімдіктер систематикасының негізгі бірлігі.

1




V тарау. Балдырлар бөлімі (2 сағат).




31.

Балдырлардың бөлімдері. Біржасушалы және көпжасушалы балдырлардың жалпы сипаттамасы.

№17 зертханалық жұмыс.

Бір жасушалы және көпжасушалы балдырлардың микроскоптық және сыртқы құрылысы.


1

32.

Тұщы су және теңіз балдырларының көптүрлілігі. Балдырлардың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы.

1




VI тарау. Мүктәрізділер бөлімі (2 сағат).




33.

Мүктердің әртүрлілігі. Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер ретінде жасыл мүктердің жалпы сипаттамасы. Мүктердің көбейуі және дамуы.

№18 зертханалық жұмыс.

Мүктердің сыртқы құрылысы.

Зертханалық жұмыстың нәтижесін қорытындылау.



1

34.

Шымтезек мүгі. Мүктердің табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы. Мүктәрізді өсімдіктерді қорғау.

1




VII тарау. Қырықжапырақтәрізді өсімдіктер бөлімі (3 сағат).




35.

Қырықжапырақтардың, қырықбуындардың және плаундардың жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер ретінде жалпы сипаттамасы, көбейуі және дамуы. Қырықжапырақтәрізділердің өткен замандарда өркендеп өсіп кең таралуы. Қазіргі қырықжапырақтәрізділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

№19 зертханалық жұмыс.

Қырықжапырақтәрізділердің сыртқы құрылысы.


1

36.

Қырықбуындардың құрылысы, көбейуі және дамуы. Қырықбуындардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

1

37.

Плаундардың құрылысы, көбейуі және дамуы. Плаундардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

1




VIII тарау. Ашық тұқымды өсімдіктер бөлімі (4 сағат).




38.

Тұқымды өсімдіктер ретінде олардың жалпы сипаттамасы және көптүрлілігі. Мектеп маңындағы қылқан жапырақты өсімдіктер.

№20 зертханалық жұмыс.

Ашықтұқымдылардың сыртқы құрылысы.


1

39.

Кәдімгі қарағайдың мысалында қылқан жапырақты өсімдіктердің тұқым арқылы көбейуі.

№21 зертханалық жұмыс.

Қылқанжапырақты өсімдіктердің бүрлері мен тұқымдарының құрылысын зерттеп білу.


1

40.

Қылқан жапырақты өсімдіктер мен қылқан жапырақты ормандардың табиғаттағы және адам шаруашылығындағы маңызы.

1

41.

Жалпақ жапырақты, қылқан жапырақты ормандарды қорғау.

1




IХ тарау. Жабық тұқымды (Гүлді) өсімдіктер бөлімі(9 сағат).




42.

Олардың жалпы сипаттамасы. Жабық тұқымды өсімдіктердің көптүрлілігі. Қосжарнақты өсімдіктердің тұқымдастары. Жабық тұқымды өсімдіктердің табиғаттағы және адам шаруашылығындағы маңызы. Гүлді өсімдіктердің қосжарнақтылар және даражарнақтылар кластарына бөлінуі.

1

43.

Крестгүлділер тұқымдасы. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары. Жабайы өсетін, мәдени, дәрілік, маңызды халық шаруашылығының өсімдіктері.

№22 зертханалық жұмыс.

Крестгүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлі мен жемісінің құрылысы.


1

44.

Раушангүлділер тұқымдасы. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары. Жабайы өсетін, мәдени, дәрілік, маңызды халық шаруашылығының өсімдіктері.

№23 зертханалық жұмыс.

Раушангүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлі мен жемісінің құрылысы.


1

45.

Алқа тұқымдастар. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары. Жабайы өсетін, мәдени, дәрілік, маңызды халық шаруашылығының өсімдіктері.

№24 зертханалық жұмыс.

Алқа тұқымдасы өсімдіктерінің гүлі мен жемісінің құрылысы.


1

46.

Бұршақ тұқымдастар. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары. Жабайы өсетін, мәдени, дәрілік, маңызды халық шаруашылығының өсімдіктері.

№ 25 зертханалық жұмыс.

Бұршақ тұқымдасы өсімдіктерінің гүлі мен жемісінің құрылысы.


1

47.

Күрделігүлділер тұқымдасы. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары. Жабайы өсетін, мәдени, дәрілік, маңызды халық шаруашылығының өсімдіктері.

№26 зертханалық жұмыс.

Күрделігүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлі мен жемісінің құрылысы.


1

48.

Лалагүл тұқымдастар. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары. Жабайы өсетін, мәдени, дәрілік, маңызды халық шаруашылығының өсімдіктері.

№ 27 зертханалық жұмыс.

Лалагүл тұқымдасы өсімдіктерінің гүлі мен жемісінің құрылысы.


1

49.

Жуа тұқымдастар. Гүлі мен жемісінің құрылыс ерекшеліктері, тіршілік формалары. Жабайы өсетін, мәдени, дәрілік, маңызды халық шаруашылықтық өсімдіктер.

№ 28 зертханалық жұмыс.

Жуа тұқымдасы өсімдіктерінің гүлі мен жемісінің құрылысы.


1

50.

Астық тұқымдастар. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары. Жабайы өсетін, мәдени, дәрілік, маңызды халық шаруашылығының өсімдіктері.

№ 29 зертханалық жұмыс.

Астық тұқымдасы өсімдіктерінің гүлі мен жемісінің құрылысы.

Топсеруен:

1. Қалалық саябақтағы және мектеп маңындағы өсімдіктер дүниесінің өкілдерімен танысу.

2. Өсімдіктер дүниесі өкілдерінің көктемгі оянулары.



1




VI бөлім. Жердегі өсімдіктер әлемі көптүрлілігінің тарихи дамуы (3 сағат).




51.

Өсімдіктер әлемінің дамуы. Өсімдіктердің күрделену процесі ретінде эволюция туралы түсінік. Өсімдік топтарының көптүрлілігі эволюцияның нәтижесі екендігі.

1

52.

Мәдени өсімдіктердің шығу тегі және көптүрлілігі.

№1 практикалық жұмыс.

Бөлме өсімдіктерін күтіп баптаудың көктемгі жұмыстары.


1

53.

Негізгі халық шаруашылық дақылдары - бидай мен картоптың пайда болу тарихы.

№2 практикалық жұмыс.

Мектептің тәжірибе учаскесі үшін тұқымдар таңдап алу және көшеттер өсіру.


1




VІI бөлім. Вирустар дүниесі (2 сағат).




54.

Тіршіліктің қарапайым құрылымдық формасы ретінде вирустардың құрылысындағы ерекшеліктер.

1

55.

Вирустық жұқпалармен зақымдану және таралуы. Вирустық жұқпалардың алдын-алу және күресу шаралары.

1




VІІI бөлім. Бактериялар дүниесі (3 сағат).




56.

Бактериялар тірі организмдердің ежелгі тобы екендігі. Бактериялардың жалпы сипаттамасы. Бактериялық жасушаның өсімдік жасушасынан айырмашылығы. Прокариоттар және эукариоттар туралы түсінік.

№30 зертханалық жұмыс.

Пішен таяқшасы бактериясының сыртқы көрінісін қарау.


1

57.

Пішіндері, қоректенуі, тыныс алуы бойынша бактериялардың әртүрлілігі.

№31 зертханалық жұмыс.

Бұршақ өсімдіктерінің тамырындағы түйнек бактерияларын қарау.


1

58.

Бактериялардың таралуы. Бактериялардың табиғаттағы және адам өміріндегі (экологиялық, ауру тудырғыш, биотехнологиялық) маңызы.

1




ІХ бөлім. Саңырауқұлақтар дүниесі. Қыналар — ерекше, симбиоздық организмдер (4 сағат).




59.

Саңырауқұлақтардың жалпы сипаттамасы. Қоректенуі, тыныс алуы, спора арқылы көбейуі. Көп жасушалы саңырауқұлақтар. Қалпақшалы саңырауқұлақтар. Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар. Микориза туралы түсінік. Саңырауқұлақтардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

№32 зертханалық жұмыс.

Түтікшелі және қатпарлы қалпақшалы саңырауқұлақтардың жемісті денесінің құрылысы.


1

60.

Зең саңырауқұлақтар: мукор, пеницилл. Біржасушалы саңырауқұлақтар - ашытқы саңырауқұлағы.

№33 зертханалық жұмыс.

Микроскоптық мукор саңырауқұлағының сыртқы құрылысын зерттеп білу.


1

61.

Саңырауқұлақтардың көптүрлілігі: сапрофиттер, паразиттер, симбионттар. Өсімдіктерді паразиттік саңырауқұлақтардан қорғау тәсілдері.

№34 зертханалық жұмыс.

Ағаш қабығының саңырауқұлағы жемісті денесінің сыртқы құрылысын зерттеп білу.


1

62.

Қыналар, олардың құрылысы, қоректенуі және көбейу ерекшеліктері. Қыналардың көптүрлілігі. Қыналардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Қыналардың индикаторлық рөлі.

№35 зертханалық жұмыс.

Қыналардың екі-үш өкілдерінің талломының құрылысын зерттеу.


1




Х Бөлім. Табиғи бірлестіктер (6 сағат).




63.

Биологиялық жүйе ретінде өсімдіктердің табиғи бірлестіктері (биоценоз — фитоценоз) туралы түсінік. Өсімдіктердің табиғаттағы тіршілігі.

№1 практикалық жұмыс.

Мектептің оқу-тәжірибе учаскесіндегі және мектеп айналасындағы өсімдіктер бірлестігін жабдықтау бойынша көктемгі жұмыстар.


1

64.

Биожүйе ретінде өсімдіктердің табиғи бірлестіктерінің сипаттамасы: тіршілік ортасы, түрлік құрамы, бірлестіктегі түрлердің саны, қабаттылығы, өсімдіктер арасындағы өзара байланыстар.

№2 практикалық жұмыс.

Бөлме өсімдіктерін күтіп-баптаудың көктемгі жұмыстары.


1

65.

Өсімдіктердің табиғи бірлестіктерде бірге тіршілік етуге бейімділіктері. Түрлі қабаттағы өсімдіктердің негізгі қасиеттері.

№3 практикалық жұмыс.

Мектептің тәжірибе учаскесіндегі жұмыс.


1

66.

Өсімдіктердің, жануарлардың, саңырауқұлақтардың, бактериялардың және олардың тіршілік орталарының жиынтығы ретінде биогеоценоз туралы түсінік.

№4 практикалық жұмыс.

Мектеп айналасындағы өсімдік бірлестіктерін көркейту бойынша көктемгі жұмыстар.


1

67.

Экожүйелер туралы түсінік. Өсімдіктер бірлестігінің орны және рөлі.

Топсеруен.

1. Бірлестіктегі өсімдіктер тіршілігі.

2. Орман (саябақ) табиғи бірлестік екендігі.



1

68.

Адамның табиғаттағы рөлі. Табиғат байлықтарын үнемді пайдалану, өсімдіктерді қорғау, өсімдік ресурстары, табиғатты қорғау, экология туралы түсініктер. Қызыл кітап.

Топсеруен:

3.Табиғи бірлестіктер тіршілігіндегі көктем.

4. Жылдың көктем мезгіліндегі өсімдіктердің тіршілігі.



1

Каталог: download -> version
version -> БАҒдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Абылай хан
version -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Mұхтар Омарханұлы Әуезов
version -> ТҮркістан қаласы
version -> Абай Құнанбайұлы
version -> Міржақып Дұлатұлы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет