ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ:
Липидтердің тасымалдану формалары – құрылысы, құрамы және ролі туралы түсінік. Липопротеиндер метаболизмі туралы түсінік. Атерогенді және антиатерогенді липопротеиндер туралы түсінік.
Липидтердің тасымалдану формаларына хиломикрондар мен липопротеиндер жатады. Липопротеиндер ТӨТЛП, ТТЛП, ТЖЛП болып бөлінеді. Олар бір-бірінен құрамы, ролі, түзілетін орны және тығыздығы бойынша ерекшеленеді. ХМ ішек қабырғасында түзіледі. ХМ ТАГ-ты тасымалдайды, олар тіндерде қалдық ХМ айналып, бауыр жасушаларымен жұтылады.бұлар –ең үлкен бөлшектер, құрамында 80% ТАГ болады. ТӨТЛП бауырда түзіледі, құрамында 55% ТАГ болады. Олар ТАГ-ты бауырдан тіндерге тасымалдайды. Тіндерде олар ЛПЛ әсерінен ТТЛП-ға айналады. ТТЛП дабауырда түзіледі. Олар холестеролды бауырдан тіндерге тасымалдайды және атерогенді болып табылады. ТЖЛП бауырда және ішек қабырғасында түзіледі. Олар холестеролды тіндерден бауырға тасымалдайды, антиатерогенді болып табылады.
Атеросклероз туралы түсінік. Атеросклероз дамуының биохимиялық механизмдері.
Атеросклероз – ірі және орташа артерия тамырларының созылмалы ауруы. Оның 270-ке жуық қауіптілік факторлары бар, олардың ішінде қант диабеті, семіздік, ер адам болу, егде жас, тұқым қуалаушылық, стресс, гипертония, дұрыс емес тамақтану, гиподинамия және басқаларын атауға болады. Бұл аурудың негізінде ТТЛП мөлшерінің көп болуы мен олардың модификациясы және артериялардың интимасында жиналуы жатыр. Түйіндер түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |