Биотехнология негіздері



бет34/67
Дата01.12.2023
өлшемі0,52 Mb.
#194445
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   67
Байланысты:
Microsoft Word на 5 формат doc-emirsaba.org

селекция əдісі бойынша жабайы жасушалардың жедел бөлінуіне
жағдай жасалады. Сонан соң қоректік ортаға əдейілеп тимидин-
нің аналогін қосады. Оның молекулалары тимидиннің орнына
ДНК құрамына енеді. Соның салдарынан ДНК синтезу бүлінеді
де, жабайы жасушалар қысқа мерзім ішінде құрып кетеді




68
(«летальдық өсу» əдісі), ал мутант клеткалар бөліне алмайды,


өспейді, бірақ тірі қалады. Басқаша айтқанда, қажетті қасиеттері
бар жасушалар өспеу үшін ерекше жағдай туғызылады. Тірі
қалған мутант жасушаларды қолайлы қоректік ортаға көшіріп,
көбейтіп өсіріп, тұрақты линияларды алады.
Төзімді жасушаларды сұрыптау əдісі бір сатылы жəне көп
сатылы келеді. Бір сатылы сұрыптау кезінде жасушалар
селективтік фактор өте жоғары мөлшерде болған ортада өсірі-
леді. Бірақ əсерлі фактордың жоғары концентрациялары барлық
жасушалар бір мезгілде құрып кетуіне əкеледі,тіпті төзімді жеке
жасушалар да тірі қалмауы мүмкін. Көп сатылы сұрыптау
тиімді əдіс болып келеді. Бұл əдіс бойынша жасушаларды
алдымен селективтік заттың төмен концентрациясы бар ортада
өсіреді. Одан кейін жасушалар өсе келе селективті заттың
концентрациясы артығырақ қоректік ортаға көшіріледі. Бұндай
жағдайда тезірек өсетін төзімді жасушалар өсу жылдамдығынан
жабайы жасушалардан оза бастайды. Тежеуші заттының кон-
центрациясын біртіндеп өсіре отырып өте жоғары концентра-
цияда өсетін төзімді жасушаларды сұрыптап алады. Сонымен
қатар, көп сатылы сұрыптаудың нəтижесінде төзімділік белгісі
ылғи тұрақты болады.

3.2.5. Гаплоидты технология 
Өсімдіктердің жаңа сорттарды алу, сауықтырылған өсімдік-
терді тез арада алу үшін бірнеше биотехнологиялық əдістерді
пайдаланады. Олардың ішінде клеткалық селекция мен гаплоид-
тық технология, клондық микрокөбейтуді қолданады. Гаплоидты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет