§4. Алшын даласындағы шаруалар қозғалысы
Нарыннан келген Исатайды Кіші жүз шаруалары бірден қолдап көтеріліске шықты. Енді соның себептеріне қысқаша тоқталайық. Шаруалар қанаушы озбыр би, старшиндар мен сұлтандарға қарсы ашық күреске де шығып жүрген. Озбырлыққа шыдамаған шаруалар 1833 жылы №12 дистанция бастығы С.Өтеулинді өлтірген. (1:2) 1833 жылы сұлтан Әли Жолбарыс ұлына қарамағындағы шаруалар салық төлемей, бағынбай наразылық білдіріп, содан ол Шекара комиссиясына шағым етуге мәжбүр болған. (2:2) Ыза кернеген шаруалар Кіші жүздің орта бөлігін билеуші сұлтан Жүсіп Нұралиевтің өзіне шабуыл жасап, өлтірмек болғасын, патша әкімшілігі арнайы әскери команда бөліп, қорғаған. (3:3).
Кіші жүзге шектен тыс алым мен озбырлық әрекеттері үшін шаруалар өздерінің би, старшиндарын, сұлтандарды өлтіруге дейін барған. 1837 жылы күзде елден алым жинауға шыққан сұлтан Сүйінішқали Мақмұтовты шаруалар өлтірген. Сол кезде алым, салық жинай елге шыққан Бүркітов деген сұлтанды да ыза кернеген шаруалар өлтірген. Бұл фактілер Кіші жүзде тап күресінің шиеленісіп келгенін көрсетеді. Бұл секілді наразылық, бас көтеру әр жерде болып тұрған. Бірақ олардың күші мен қимылы біріктірілмеген.
Сонымен қатар, патша әкімшілігі мен Орал казак әскерінің қиянатына қарсы наразылықтар Кіші жүзде жылдан-жылға өрістеп, жайыла бастайды. 1831-32 жылдары-ақ, Табын, Шекті руының Жайық, Елек өзендеріндегі қонысын тартып алуымен наразылығы күшейіп, Жоламан Тіленші ұлы мен Асау Барақ ұлы бастаған елдің үкіметке бағынбай соғыса оңтүстікке кеткен. Бұларға қарсы патша әскері шығып, Баймағанбет сұлтанның бастауымен наразы ауылдарды Борсық құмдарына дейін қуып барған.
Бұл секілді наразылықтар, үкіметке бағынбай, Жайық бойынан тыныштық пен теңдік таба алмағасын олар Шың, Үстірт Сам далаларымен Жем өзені жағына көшіп барулары кейінде де болды. Әсіресе 1836-1837 жылы Орал линия тұрғындарының озбырлығына шыдамай көптеген қазақ ауылдары көше бастады. Кіші жүздің батыс бөлімін билеуші Баймағанбет сұлтан Орынбор басшыларына: осы жылы менің қарауымдағы қазақтар менен босану /яғни, тәуелсіз болу үшін/ өзара жиі кеңесуде еді, содан бірқатары линиядан көшіп кетті, - деп мәлімдеді. (4:5).
1837 жылы 5 тамыздағы рапортында Баймағанбет сұлтан Байбақты, Тана руларының 15 шақты би, старшиндары бастаған ауылдары Жайық өзені өңірінен көшіп Хиуаға кетті, - деген. Жем, Сам, Үстірт, Маңқыстауға қарай көшкеннің бәрін патша чиновниктері Хиуаға өтті деп есептеп, оларға деген өшпенділікті күшейте түсетін. Тіпті, Сам, Үстірт даласына қарай кеткендердің бәрін патша әкімділігі Хиуаға кетті деп санап, олардың неге кеткен себептерін анықтау мен әуреленбеді. Баймағамбет аталған рапортында, 17 басшы адамдарының тізімін береді. Олардың көбімен алда кездесетін болғандықтан, атай кетейік. Ол Байбақтының Қарабала бөлімінен Күндекер Ақбаев, Нарынбай Қошқаров, Өгіз Баркенов т.б. туыстарымен Тоқсаба бөлімнен Айдекен ұлдары: Көшмен бөлімінен – Төлебай, Исбет Тайлановтар, Тана руының Қараман бөлімінен – Ж.Ниязов, Берсүгір, Сүгір; Сұлтан Сыреке Сүйіндіков өз жақтастары мен ауылдастары Ханкөл, Сасықкөл, Тайлақ, Құрайлы, Дуан, Қоңыркөл деген жерлерде пішен мен қамысты өртеп кеткен. (5:2)
Қырдағы отряд бастығы жүзбасы Иванов 1837ж. 23 маусым рапортында Тама руынан Амангелді бастаған 19 кісі т.б. Табын руынан Тұран, Шекті руынан Сапар Төлегенов бастаған ауылдар линиядан қашып, оңтүстікке көшуге елді үгіттейтінін мәлімдеген. (6:3) Бұлардың бәрі Кіші жүздің Орта бөлігі қанауынан бұл секілді мәліметті Кіші жүздің Орта бөлімінің сұлтан – правителі Жүсіп Нұралиевке берген. Ол, Орал, Орынбор линияларында, Елек өзені бойында жүрген ауылдар 1838 көктемде Хиуа жағына көшкен деген. Бұл секілді отарлық езгімен феодалдық қанауға наразы болып, қарсылық білдіріп көшкен ауылдар көп болды. Бірақ, олардың басын біріктіріп, үлкен бір ұйымдасқан күшке айналдырушы, жетекші, басшы болмады. Бұл наразылық пен көшкендер ашық қимылда жасамады. Сондықтан болар, революцияға дейінгі авторлар, және жоғары Баймағамбет сұлтанда Кіші жүзде 1836-1837 жылдары ашық көтеріліс, қалыптасқан қозғалыс болмағанын, қайта тыныштық болғанын көрсетеді. Бұл өңірдегі белгілі адам Қайыпқали Есімов қозғалыс бастағаны туралы дерек кездеспеді.
Сонымен, Кіші жүздің 1838-1837ж.ж. шаруалардың патша әкімшілігіне, билер мен сұлтандарға жалпы наразылығы күшейіп, ыза керней түссе де ол ашық, ұйымдасқан қарсылыққа ұласпаған. Бұларды біріктіріп, басын қосып, ұйымдастыратын тәжірибелі, сенімді қайраткер болмады дейді Шахматов В. Екіншіден, наразы топ құрамы – шұбар. Олар отарлық езгіде наразы сұлтандар, билер, әрі феодалдық қанаудан қашқан шаруалар. Олардың басты жауы – патша әкімшілігі, Баймағамбет, Жүсіп т.б. сұлтандар мен билер, байлар, помещиктер, купецтер.
Исатай мен Мақамбет Баймағамбет әскерінің қудалауы мен Тайсойғаннан 25 жолдастарымен шығып, Сағыз өзеніне қарай жүріп, 1838 ж. 21 қаңтар, жолшыбай Сайқұдық деген сорда Маңғабай Тұрлыбаев /Кете/ деген шаруаны кездестіреді. Қуғыншыларға бұлардың жолын айтып қоюынан қауіптеніп, Исатайлар Маңғабайды өздері мен бірге әрі ала кетуге мәжбүр болады. Исатайлар 60 ат қосағында, Сайқұдықтан Барлыбай бейтіне жетіп киіз үйде түнейді, ертеңіне Сағыз өзеніндегі “Бұрма” сайға қонады. Таңертең, яғни, 23 қаңтар “Қоняды шоқа” тауына қарай жүріп, Сағыз бен Қайнар өзендері арасына түнейді. Келесі күні Бетқұдық үстімен Иманқара тауына кідіріп, одан әрі Жылгелді жазығына, Жем өзені қасына қонып, жараланған биені сояды (7). Осы түнде Маңғабай қашып шығып, көргенінің бәрін айтып келеді. (8:379)
Патша әкімшілігі мен Баймағамбет сұлтан отрядтар шығарып, тыңшылар жіберіп, ішкі тараптан шыққан көтеріліс басшыларын іздеп, алас ұрса да, ұстай алмайды. Бұндағы басты себеп, елдің отарлаушы топпен жергілікті билеуші топқа деген наразылық талай шайқаста болып, қажып келе жатқан көтерілісшілерді мүсіркеп, ат, көлік, киім, киіз үй, тамақ беріп, көмектескен. Қаракөл, Қарабау, Тайсойғанда бір – ай үстінде болғанда оларды ешкім ұстап бере қоймады. Бұл Исатайды ұстап берушіге Баймағамбет 2000 сом “сыйлық” беретінін де жариялады. Сонда да оны ешкім көрсетпеді. Дегенмен сұлтандар мен билер жағынан тіміскілеу, іздеу тоқталмады. Амалсыз Исатайлар күш жинап, қайта күреске шығу үшін ел аралап, Борсық құмына қарай таратты. Олар шектінің Шүрен, Назар тахталары отырған жерлермен Желтау, Доңыз тау, Шатыркөл үстімен әрі өтті. Билеуші топтың тиым салуына, қорқытуына қарамастан көтерілісшілер Желтауға кеткен Құлан Жүсіпов деген бидің ауылында паналайды.
Исатай бұл жерге келіп ханға қарсы күресу үшін үлкен жұмысты бастады. Қасындағы жолдастарын жан-жаққа әр ауылға ру-рудың мекендеріне жіберіп, үгіт жұмысын күшейтеді. Мақамбет Доңыз тауындағы ауылдарға келіп үгіт жүргізіп, өздерінің соңғы жылдарындағы күресін әңгіме мен де, өлеңмен жеткізеді. Шаруаларды қарулы күреске жұмылдырып біріктіруде Мақамбеттің еңбегі зор болды. Ол өзінің “О, Шонты би, Шонты би!” деген т.б. өлеңдерінде күрестің мақсатын ашып, өздерінің басынан өткен қиындықтарын баяндап, Исатайдың қажырлы үлкен еңбегін көпшілікке паш етеді. Екпінді, рухты Мақамбет жырлары шаруалардың көкейіне орын алып, жігерлендіреді.
Бұл кезде патша әкімшілігі мен Баймағанбет алыста жатып алас ұрып, Кіші жүздің оңтүстігіндегі билерге әлсін-әлі хат жазып, Исатайды ұстап беруді талап етеді. Доңыз таудағы Байтарин Изамбет деген биге, “Исатай сіздің қарамағыңыздағы ауылда 10 күн жатыпты, неге ұстап бермейсіңдер”, - деп бейбалам салады. Шынында да, тыңшылардың жеткізуінше, Исатай 1838ж. 18 наурызда Байтөре ауылында болады, ал ұстап береміз деп уәде берген билер оны істемейді. (9:450) Баймағанбет оларға Исатай үшін 2000 сом сыйлық беретінін, 12 қаңтарда жазғанын тағы еске салады. Ал, егерде оны ұстамасаңдар ауылдарың өткен жылғы Бозашыда адайларды казак-орыстардың талқандауындай хәлге ұшырайсыңдар деп қорқытады.
Онымен қоймай Исатай, Мақамбет жүрген жердегі ауылдардың билеріне шекара әкімшілігі, Баймағанбет пен сұлтандар арнайы кісілер жібереді, тыңшылар қояды. Баймағанбет өкілдері билерге келіп, Исатай адамдарын ұстап беруді айтады. Бірақ, көтерілісшілер бұл уақытта қалың көпшіліктің құрметіне бөленген. Оның үстіне мұндағы ауылдың көбі патша әкімшілігінен безініп келген, Баймағамбет секілді. “Хан”, сұлтандарды шекара әкімдерін жаратпайтын. Сондықтан, ойында қараулық бардай істі жүзеге асыруы қиын еді. Губернатор Перовский Исатайды ұстау үшін төмендегі Жайық бойына 1838ж. наурызда өзінің көмекшісі полковник Данилевскийді жібереді. Оған бір әскери полкты қоса беріп, Жайық линиясын күшейтіп, Исатай адамдарының қимылына кесел жасауды міндеттейді. Дегенмен Жем бойындағы Шектінің билері Төре, Баджан Кидаевтар Сұлтан Аспандияр Сюгалинге Исатайды ұстауға келісім береді, бірақ ретін таба алмаса керек және ел қамқорлығын да тия алмайды. Көрші ел Исатайға азық, түйе, қазан, киіз үй, ал, Құдайберген Тәңірбергенов 2 жақсы ат береді. Наурыз айы мен сәуірдің басында Ерсары Тәңірбергеновтың үйінде Исатайдың 15 жолдасы тұрады. (10:459)
Баймағанбет сұлтан Алаша руының бір басқарушысы Сарыбөпе Кенжегаринді, Сатай Кенжегаринді, Сарықожа Сарыбөпиновты №3,4 дистанция бастықтары Мырза, Өтебай дегенді т.б. адамдарын Исатайлар артынан тағы жібереді. Соңғы екеуінің 10 наурызда берген рапорты бойынша Қарабау, Қаракөлден бастап Сарыкөлде, Ақтамда, Шошқа көлде болып, 2 кісіні ұстаған. Жақып Айшуақов сұлтан өзінің 56 кісісімен Тайсойғаннан Барлыбай, Бұрмасай, Қоянды шоқа, Итқұдық, Иманқара мен Шыңкелдіге дейін барып, Исатай Үстіртке асты, Қайыбалдіге қосылды депті. Өз тыңшыларының мәліметі бойынша 1838ж. 30 сәуірде жазған рапортында Байманағнбет Исатай 2 жолдасы мен Шошқа көлден кетіп, 25 наурызда Б.Тоқманов пен Ерші, Карта, Оймауыт деген жерде тұратын Жүсіп Құланов деген бидің, ауылына барады. Шекті руының Көнегес бөлімі тұрған Бұлқын мекеніне кетеді. Ал Исатайдың үш адамы Қайыболдіге жіберіледі. Бәрі де шаруаларды көтеріліске шақырады. Бұл Исатайдың қызу қолға алған көп жұмысының бір елесі ғана.
Шектінің ішіне тыңшылықта жүрген Батырхан Шахмарданов деген татар молданың айтуына қарағанда Исатай мамыр айында адайларға барып, өз жәйін айтты. Сол жерге Қайбалді де келіп, рулардағы әр тактадан 100 атты адам жиналсын деп ұйғарып, бұйрық береді.
Исатай Төлеген Серекенұлын “Қара қазан”, “Сары бала қамы үшін” Шеркеш, Ысық, Таз руларының ауылдарына жіберіп, өзінің үндеу хатын жариялады. Сағыз бен ойыл өзендері арасында тұратын бұл рулардың ауылдары Исатай үндеуін естіп, толқи бастайды да, “Топырақ шағылға” көшеді. Шеркеш руының кейбір ауылдары батыс жақтан Ойылдың арғы бетіне көшеді. (11:514)
Орынбор саудагері Деевтің осы кезде ел арасынан келген кісілерінің мәліметінше Табын мен Тама руларының ауылдарында да толқу күшейді.
Исатайдың бұл аумаққа келгендегі қолға алған басты мәселесі – бұрын ру араздығымен бірін-бірі барымталауда болған рулар мен адамдарды бітірістіріп біріктіру болды. Осы күнге дейін ел аузында сақталған және Ығылман Шөрек ұлының "Исатай - Мақамбет" дастанында баяндалатын ру таласын тоқтату туралы Исатайдың өз уақыттағы көп қызметі архив материалдарымен қуатталып отыр. Әлімұлы мен Адай арасындағы араздықты тоқтатып, барымтаны тыю, келістіру үшін Исатай Сам даласына кетеді. Сөйтіп, аз уақыттың ішінде патша өкіметіне наразы азаматтардың басын қосып, жаңа қол құрады. Исатай шаруалардың саяси көзқарасын, ескі түсініктерін ескеруге де мәжбүр болады. Бұл жата дүбірге Қайыбалды сұлтан мен оның артына ерген елде қосылады. Қайбалды Есімов 1827-1829ж.ж. шаруалар қозғалысын басқарып, ел ішінде Жәңгірге, Баймағанбетке, патша әкімшілігіне қарсы күрескер ретінде белгілі еді. Патша әкімшілігі, бастығы Перовский болып Қайбалдыны “сатқын”, “бүлікшіл”, бақ үшін таласқан карьерист т.б. неше түрлі теңеулер мен балағаттап, онымен байланысуға тиым салған. Қайбалды мен байланысқаны үшін Новоалександровск бекінісінің коменденты губернаторден сөгіс алады. Бұл әрекеттерден Қаразым ханы еді, Қайбалдыны Кіші жүздің оңтүстік бір бөлігіне хан етті. Бұл кездегі Қайбалды қызметін нақтылы зерттемесе де, біздің тарихшымыз В.Ф.Шахматов оның қозғалысын бір жылдары “монархиялық қозғалыс” дей салған. Бұл әлі де нақтылы зерттеуді керек ететін мәселе. Ал біз қарап отырған тарихи кезеңде Қайыбалдымен оның қарауындағы ел патша чиновниктерінің 1836-1837ж.ж. Адай ауылдарына істеген сорақылықтарына қарсы көтерілген. Бұл ұлт-азаттық күрестің бір буыны еді.
Сонымен екі жақтан бірдей қаналған шаруалар патшалық өкіметке қарсы күреске көтерілді. Бұл қозғалыста шаруалардың таптық мүддесі мен ұлт-азаттық күресінің мақсаты ұштасып жатты. Жаңаша қарасаңда бұл екі ағымды жасыра алмайсың. Қозғалысқа шаруалар, билер, балықшылар қатысты. Қозғаушы күштерінің шұбар болуы, оның нашар ұйымдасуына әкелді.
Бұл көтеріліске Шонты Жамантаев, Мәстібай Тоқалов, Төлебай т.б. қатысып, басынан бастап-ақ тыңшылық қызметін атқарады. Шонты би 8 маусымда сұлтан А.Сүгалинге көтерілісшілер Табынның Шөмші тактасының ауылдарында Жем өзені бойында “Көкпекті жазығында” 100 шақты кісі екенін мәлімдеді. Қайбалды, - дейді Шонты би, Байұлының азаматтарын өз қатарына шақырып жатыр. 20 маусымда ол айтқан жеріне келмесек біздерді атының тұяғымен таптаймын, - деп қорқытады, - деп мәлімдеген. Ал, Исатай бұл кезде Оймауыттағы Жүсіп Құланов ауылына кісі жинауға кетті, - деген. (12:549)
Орал казак әскерінің наказной Атаманы генерал Покотиловтың Орынбор губернаторіне берген 1838 жылғы 24 маусымдағы мәлімдемесіне Кіші жүз даласына жіберген жансыздарымыздың баяндауынша Исатай, Мақамбет, Үбі, Сарт Еділ ұлы Әлімұлының Назар ауылында, қарауында 500 кісі бар деп жазған. Ал, мамыр айында Үшбөкенбайда оған Қайыпқали келіп қосылды. Бұлардың жиынының мақсаты – барымталасқан қазақтарды біріктіру , - деп атаман, одан әрі, “Исатайдың да, Қайыпқалидың да линияға зиян келтіру ойы жоқ” – деп қорытады. (13:24) Бұны анықтау үшін Қайыпқалиға “қызына құда түсу” сылтауымен Қара Шигазин деген сұлтан барып келген.
Қайыпбалды Байбақтының Төлебай, Күндекер, Жұмыр, Сасық, Төрәлі деген билеріне жазған хатында қаруланып, жолға азық, әр үйден бір-бір азамат пен келуді міндеттеген. Бұл қағазды Төлебай Баймағанбетке жеткізеді. (14:544)
Баймағанбет сұлтан өз тыңшыларының мәліметіне сүйеніп, Исатай Адай, Табынның Шөмішті бөлімінен т.б. рулардан 2000 кісі жинап “Көппекті” де жатыр. Исатай өзі Шектінің Тілеу, Қаракесек, Қабақ бөлімдерін аралап үндеу таратуда деп Орынбор Шекара комиссиясына мәлімдеген. (15:6)
Исатай туралы Жәңгір ханда мазасызданып, оның жүріс, әрекетін білу үшін Кіші жүзге тыңшыларын жіберіп отырды. Ішкі тарапқа да бақылауды күшейтті. Ханның сенімді адамының бірі – старшина Сарықұл Жайлауов Исатайға Түркменбай /Жаппас/ деген шаруа Кіші жүзге сауда мен сарып, Чина деген өзен бойында (16) жолыққанын, батырдың Қойбас, Жақсығұл, Сарт /Жаппас/ деген ішкі жүз адамдарына хат жазып, сәлемдеме жібергенін мәлімдейді. Сонымен қатар, Исатай әйеліне көйлек, жейде, ішкиім т.б. нәрселер, Жақияның әйеліне посылка жібергенін айтады. Сөйтіп батыр ішкі тарап шаруаларымен де байланысын жандырып, “мені ұмытпағандар дайындалсын” – деп үгіт таратады. (17:6) Надір Қашқынұлы секілді көтерілісші бұл үндеуге тағы да рухтанып, ат сатып алып, күреске дайындалады. Біз, - дейді, - жаңағы старшина “тым үлкен қорқыныштымыз, біз жіберген шпион оралып, Сығыз өзенінің басында 2800 адам келгенін”, - мәлімдейді. (18:6) Исатайдан ішкі тарапқа Мастек Ақмет ұлы деген Ноғай келіп, “қимылсыз отыруға болмайды” деп насиқат жүргізеді. Теректі қонысынан түскен мәлімдемеде ішкі хандықта сол кезеңнің тағы да шиеленіскенін көреміз. Қызыл-құрт руының адамдары Исатай көп әскермен Ішкі тарапқа өтетінін баяндайды. Шошақ Күнтуған ұлы дегеннің жауабында "Исатай Кіші жүзден үзіліссіз хабар жіберіп отырады" – деген.
1838 жылғы қозғалысқа қатысқан Өтебай Бекетов дегеннің мәлімдеуінше Табын руының Асау батыр ауылында көтерілген 400 адам жиылған. Ойыл өзені маңындағы “Қисық Там” деген жерде Қайыпқали сұлтан, Жүсіп /Назар бөлімінен/, Құдайберген /Кете/, Есет /Алтыбас Алаша/, Науша батыр т.б. 600 адаммен болғанын айтады. (19:12)
Көтерілісшілер арасына патша әкімшілігі де өз тыңшыларын үзіліссіз жіберіп отырады – дедік. Олардың бірқатары өз әкімдерінің ыңғайына жығылып, көтерілісшілер Жайық өзені бойындағы тұрғындарына шабуыл жасамақ деген пікірді де айтып келеді. Бірақ, бұл арандатуға мән берілмеген. Шынында да көтерілісшілердің негізгі мақсаты патша өкіметінің сенімді билеушісі Баймағанбет пен басқа сұлтандарға билеуге қарсы бағытталған. Олардың қимылы кейін осыны көрсетеді. Орыс тұрғындарына ұрынбайды.
Орынбор соғыс губернаторы Перовский бұл көтерілістің себебін анықтауға талпынбай және мәселені бейбітшілік жолымен шешуді ойланбастан тағы да әскер күшін дайындап, енді Кіші жүзге жан-жақтан полковниктер бастаған жазалаушы отрядтар шығарады. Баймағанбет сұлтанға көмекке полковник Геке бастаған отрядты жібереді. Профессор Қасымбаев Ж. кітабында 1838ж. 2 июльде (дұрысы 12.07.38ж. И.К.) Гекенің регулярлы әскері мен Жәңгірдің жарлығымен құрылған отрядтардың біріккен қимылы 2 жылға созылған күрестің тағдырын шешті – дейді ( :106). Бұл фальсификация Жәңгірдің Кіші жүзде билігі жүрмейді.
Геке Орынбордан бір отряд пен шығып, 1838 жылы 8 шілде күні Илецкая Защита бекінісіне келіп қонады. Одан бір топ әскер және қоысп алып, 9 шілде де 40 шақырым жүріп, Баймағамбет жолшысымен кездесіп, отрядымен үлкен Қобда өзенінің жағасында түнейді. Бұл уақытта Исатай қолының Қиыл өзеніне келуімен байланысты Баймағанбет өз командасымен Геке белгілеген жерге Қиыл өзеніне келе алмай, “Шекі қырған” өзені жағына кетеді. Геке 10 шілде де Қобда өзенін кешіп өтіп, оңтүстікке жүріп, сол күні кешкі сағат 7-де Баймағанбет пен кездеседі. (26:14) Сол түні екеуі әскерімен тағы 50 шақырым жүріп, таңда Ақбұлақ өзенінің жағасына келеді. Отрядтар демалады да, оның оң жағына күшті бақылаушылар қалқанын қояды.
Геке мен Баймағанбет қулық ойлап, Исатай тобына Балта деген Ысық руының адамын жансыз етіп жібереді. Сенімге кіру үшін Балта Ысық руының Қыдырғұл атасының билері атынан қағаз жаздырып, онда біз Ойылдан көшіп, Төс ағашта сізді ерге қосылу үшін күтіп отырмыз деп жазылған (21:70) Бұл қағаз ертеңіне Исатайдың қалтасынан табылды. Балта Исатайларға Баймағанбет басқа ауылдарға салық жинауға командамен кетті деп теріс мәлімет береді де, өзі көтерілісшілердің екі топқа жарылып, бір тобы /көпшілігі/ бір күндік қашықтыққа оңға кеткенін, ал Исатай шағын тобы мен Ақбұлақ өзеніне қарай келе жатқанын айтып келеді.
Көтеріліс басшыларының бұл кезде қандай жоспары болғаны туралы нақтылы дерек жоқ. Дегенмен екі тобы да көтерілісшілер санын көбейтпек болған деген пікір бар. Бұл жөнге келеді.
12 шілде де таңда Геке, Баймағанбет әскерін түнде жеткен Исатайдың Қожақмет Өтемісұлы бастаған барлаушылар тобы шабуылдап, 2 кісісін тұтқындап, ал Қожақмет сұлтан Сүгалинді найзамен жарақаттайды. Қалғандары есі кетіп лагеріне қашып келеді. Бұларды көріп, Гекенің адамдары қобалжи бастайды. (22:50)
Кешікпей өзеннің қарама-қарсы жағасындағы биік қабағына 500 кісісімен Исатай келеді, дөңнен төмен түсіп, жарқабаққа жақындайды. Геке, Баймағанбет тобы көтерілісшілерге зеңбіректен оқ ата бастайды, көтерілісшілердің 2 адамын өлтіреді, бірнеше кісіні жарақаттайды.
Бірақ көтерілісшілер абдырамайды. Баймағанбет өз командасымен өзеннен өтіп, зеңбірек атып, қарсы жүреді. Көтерілісшілер жаймен кері шегінеді. Баймағанбет адамдары шабылдай түсіп, көтерілісшілер шегіне сытылып кетер болғасын, алдап, өтірік кері қашады. Бұлардың адамдарының “аз екенін” көріп, және Баймағанбет тобының алдауратып кері шегінген тәсілін түсінбей көтерілісшілер ілгері ұмтылады. Бұл уақытта полковник Геке 2 отрядын сай жылға мен жасырып, көтерілісшілердің екі қанатынан соғуға жібереді де, зеңбіректерді жақындатады. Сөйтіп, Исатай адамдары үш жақтан бірдей шабуылға түсіп және жақыннан зеңбіректер мен дүмпелейді. Зеңбіректің бірнеше оғы Исатай адамдарының қалың шоғырына түседі. 70-80 көтерілісшілер өледі. Амалсыз шегінуге тура келеді. Казак-орыстар мен Баймағанбет көтерілісшілердің жан-жақты қамап 15 шақырым қуады. Исатай өз адамдарының ең артында кейін қалғандарын қызғыштай қойып, садақ пен атып, найза мен қағып келе жатады. Ақырында оны Баймағанбет адамдары мен Балта опасыздың көрсетуімен Исатайды танып, оған оқ жаудырады. Бірақ, сауыт киіп алған батырға мылтық оғы дарымайды. Ал, ат пен қуып жете алмайды. Бұған ыза болған Хорунжин Петров атынан түсе, жерге жата қалып, Исатайдың атына оқ атып, жаралайды. Аты жаралы болған батырға көмекке Мақамбет пен Үбі келіп, кезек аттарын ұсынады, мінгесейік дейді. Бірақ Исатай оған көнбей “баламды сақтаңдар”, “өздерің қашып құтылыңдар”, - деп ілгері жібереді. Аз ғана көтерілісшілер Исатай төңірегінде біраз соғысады, бірақ жаудың басым күші бұларды ығыстырып, Исатайды оңашалайды. Көп кешікпей Баймағанбеттің нөкерінен 3 адам баласын қорғап, аты жаралы болған Исатайды қуып жетіп, біреуі найзамен қағып, оны атынан құлатады. Жерге түскесін, жаяулай, қолындағы қылышымен батыр 3 кісіні жолатпайды. Сонда Көпен Сүбулин деген артынан келіп, батырдың қылышын қолынан қағып түсіреді, сонда Табын Сетбай Игитов, Жапар Елекбаев, үшеуі жабылып батырдың қолын артына қайырып ұстап тұрады (23:140). Сол уақытта казак-орыстарда келіп, Исатай басы үшін жарияланған 500 сом ақшадан айрылғанға іші күйді ме, біреуі аттан түсе қала тұтқындаулы батырдың кеудесінен мылтықпен атып жібереді. Онымен қоймай Иван Богатырев деген урядник қылыш пен өлген кісінің басын шауып түсіреді. Сөйтіп, есіл ер қанышерлердің қолынан азаттық үшін Ұлы күресте қаһармандықпен қаза болды. Орынбор, губернаторіне осының бәрін баяндап жазған Геке, рапортының аяғында “Исатай ақырында өз ерлігінің құрбаны болды. (24:98) – деп мойындайды. Исатайдың қажырлығы мен ерлігіне, жолдастарын қорғаймын деп өжеттікпен қаза болуына дұшпандары да таң қалады”.
Геке мен Баймағанбет тобы ұрыс біткесін түнеген жеріне (Ақбұлақ өзенінің жағасына) қайта келіп, түстенеді. Сосын Баймағанбет 200 казакпен 2 зеңбірек алып манағы ұрыс болған жерге барып, өліктерге келетін көтерілісшілерді аңдып, ұстамақ болып келеді. Бірақ, олар қаза болған 70-80 көтерілісшінің сүйектерін таба алмайды. Барлық құрбан болғандарды алып кетіпті.
Сөйтіп, патша мен сұлтандардың әскері мен алғаш шайқаста Исатай басшы қайсарлықпен қаза болып, көтеріліс басшысыз қалады. Патша өкіметі Кіші жүзге жан-жақтан жазалаушы отрядтар шығарып, көтерілген елдің зәресін алып, бас қосып бірігіп күш көрсетуіне барынша кесел жасайды. Әйгілі батыр басшысынан айрылған көтерілісшілер қатары адырай бастайды. Ел жөңкіліп оңтүстікке көше бастайды. Үлгірмегендері Мансуров, Подуров, Геке деген полковниктермен т.б. басқарған жазалаушы отрядтардың талауына түсіп, райынан қайтып, Баймағанбет, Жүсіп сұлтан правительдерді мойындап, бас июге мәжбүр болады.
Көтерілісшілердің жеңілуінің басты себебі – көтерілген шаруаларда бірлік болмады. Жоламан, Амангелді, Асау, Жылгелді дегендер т.б. бір топ елді басқарып, өз алдына жеке-жеке болды. Көтерілісшілердің әлеуметтік құрамы да шұбарлау, араларында таптық мүддемен көтерілген езілген шаруалармен қатар, отарлық езгіге қарсы көтерілген билермен кейбір сұлтанда болды. Олардың ішінде Төлбай, Балта, Қазы, Шонты би секілді сақтандарда болды. Бұл жолы да көтерілісшілердің айқын күрес программасы, күресу тәсілі болмады. Көтеріліс басшысы жазалаушыларды алдаймын деп жүріп, өзі алдауға түсті. Бұл кемшіліктердің бәрі шаруалар көтерілісіне тән құрбылыстар. Күрестің айқын программасын, тактикасын тек ғылыми теория мен қаруланған жұмысшы тобының саяси партиясы ғана жасай алады. 1836-1838 жылдары шаруалар көтерілісінің тарихи ұлы маңызы – қазақ еңбекшілерінің таптық санасын оятып, жарқын болашақ үшін ауыр күреске шыңдады.
Сонымен, 1836-1838 ж.ж. шаруалардың антифеодалдық, антиколониалдық қозғалысы жеңіліспен аяқталды. Патша мен хан, сұлтандардың қарулы күші елді қанға бөктірді. Бірақ, көтерісшілердің бұл күресінің тарихи маңызы зор еді. Көтеріліс шаруалардың хан мен сұлтандарға, байлар мен хожаларға, патша чиновниктері мен офицерлеріне, орыс помещиктер мен купецтеріне қарсы жиналған ашу мен ыза, кек пен өшпенділіктің табиғи нәтижесі болды.
Ең алдымен, шаруалар бұл көтеріліс кезінде үлкен күрес мектебінен саяси шынығу мектебінен өтті. Езілген тап бұрынғы әлеуметтік қаналумен мына қарулы көтеріліс барысында үстем тапты жек көру, патша чиновниктері мен помещиктерді, сұлтандар мен бай-билерге қарсы бітіспейтін өшпенділігін көрсетті.
Көтеріліс еркіндік пен Жер, әлеуметтік теңдік пен тіршілік үшін болған кемшіліктерді шаруаларға айқындап, қазақ байлары мен патша өкіметі бір бағытта екенін көрсетті. Сондықтан шаруалар өз теңдігі мен бақытын тең “білікті күші мен найзаның үшы мен” бір ауыздан сөз шығарғанда, біріккенде ғана алуға болатынына көзі жетті.
Исатай мен Есенгелдінің, Таңатар мен Қаратоғайдың, Ырсалы мен Көбектің, Ысмайыл Өтеміс ұлы мен Ысмайыл Қалдыбай ұлының Тінәлі мен Тәнидің, Айтас пен Мәстектің, Кебек мен Еділбайдың т.б. жүздеген көтерілісшілердің жанқиярлық ерлік істері езілген ұлттың, таптың талай ұрпағын, теңдік, еңбекші ел үшін тәрбилеуге үлгі болып келеді.
Патша өкіметі хан сұлтандар шаруаларды қатал қудалап, аюандық пен жазалап отырса да, езілген ұлт, тап көтеріліс соңынан Исатай мен Мақамбет бастаған ұлы дүбірді еш есінен шығармай, көкірегінде ұзақ сақтап, ата жауымен тағы да алысуға жігерленді.
Шаруалар өздерінің көсемдері Исатай мен Махамбеттің, Қобланбай мен Қалдыбайдың:
Жетімдерге жерге берген,
Жесірлерге жем берген, - әділ ісін мәңгі ұмытпай, қастерлеп, олар істерін, есімдерін ардақтап келді, олар туралы талай өлең, жыр, аңыз - әңгімелер шығарған. Өз заманының әйгілі жыраулары Мұрат Мөңкеұлы, Ығылман Мөрекұлы т.б. бұл көтеріліс, оның қаһарман басшылары, қарапайым көтерілісшілері туралы жырлап өткен.
1838ж. шаруалардың азаттық күресі мақсатына жете алмады. Оған себеп көп еді. Патшалық авторлар бұл қозғалысты терең зерттеу алмады “бүлік”, “бунт”, Қайыпқалидың хан тағы үшін күресі т.б. дәйексіз пікірлер айтқан. Дұрысын айтуымыз керек Совет тарихшылары Исатай көтерілісі тарихын байыпты зерттеп, ғылыми талдау жасап, ақ-қарасын шынайы көрсетті. Дегенмен бұл мәселеге 50 жылдардың ызғарлы әсері болды, кейбір авторлар Қ.Есімовті бөліп тастады, көтеріліске билер тобы басшылық еткеннен жеңілді деушілер табылды. Бәрінен де В.Ф.Шахматов пен Е.Бекмахановтың сараптауы басым, тұжырымдары дұрыс болды. Ал проф. Қасымбаев айтылмаш еңбегінде көтерілісті басқарған 16 би әлеуметтік жағынан қобалжып, кейбірі опасыздық жасады депті, дәлелі жоқ. Қарулы күрестің жеңілуіне Мақамбет идеологиясы, Жәңгірдің бұқараға әйгілігі әсер етті, - дейді. Еш дәлелсіз (1:104). Исатайдың патшаның регулярлы әскерімен Жәңгір құраған отрядтардың 1838ж. 2 шілдеде біріккен күшімен соңғы шайқасы 2 жылға созылған қарулы күрестің тағдырын шешті, - депті. (2:106) Жәңгір жазалаушы отрядтар құрады деп оқырманға тағы жалған мәлімет береді. Көтеріліс 1838ж. Кіші жүзде болды, губернатор көтерілісті басуды Геке бастаған казак әскерімен Кіші жүздің Батыс бөлігін билеуші – сұлтан Баймағанбет Айшуақовке жүктеді. (3:212) Бұл тарихи әдебиетте бұрыннан белгілі жәй. Ал, Қасымбаев Б.Айшуақовтың есімін әдейі жасырып орнына Жәңгірді жазып отыр. Тарих ғылымының зерттеушіге қоятын талабы көп, солардың бастысы – оқиғаларды бұрмаламай, мәселеге әділ қарау (добросовестность авторы), 2-шісі оқиғаларды бірізділікпен (последовательность изложения) баяндау болды. Ж.Қасымбаев бұл талапты бұза береді. 3-ші талап - өзіңнен бұрынғы автордың баяндауын, фактілерін барынша қайта тексеру, мүмкін болса жаңаша қарау. Бұл нағыз тарихшының ісі. Кешіріңіз, осы жолдың авторы В.Шахматовтың Исатай көтерілісі туралы кітабындағы фактілерді архивте түгел тексерді, сөйтіп материалды меңгерді. Ал, Ж.Қасымбаев Қ.Есімов туралы патша авторларының, Жәңгірдің сөздерін қайталап таққа таласты, 1832 жылдан ел талап жүрген, ал 1838 ж, көтеріліс басқарды, - дейді. Бұл фактіні (1832 жылғы т.б.) өзім тексердім, бірнеше архив істері бар, бірақ нақты ештеңе жоқ. Бұны Орынбор басшысы кезінде тексеріп жалған, арандату мәліметтері екенін білді. Бұны Орынбор басшысы кезінде тексеріп жалған, арандату мәліметтері екенін білді. Қ.Есімов жөнінде кейбір ғылыми дәйекті пікірлер жазған, жаңылысы да бар. Менің пікірім - әйгілі профессор Ермұқан Бекмаханов. Ол кісі фактіні, құжатты тексермей аяғын аттамайды, бірден-бір сөз айтпайды. Бізге де соны үйретті. Исатай көтерілісін “шаруалар соғысы” деп жоғары баға берді, оның болу, жеңілу себептерін дақпа-дақтап көрсетті. Жәңгірдің қызметіне әділ түсінік берген. Ал Ж.Қасымбаев ешбір дерексіз Қайыпқали Жәңгірдің империямен жақындау линиясына қарсы болды”, - көрші елдің саясатынан қазақтың қаліпті ел билеу дәстүріне қауіп төнгенін көрді”, - депті (4:111). Бұл сөз рас болса, онда Қайыпқали халық болашағын ойлаған көреген Қ.Есімов үндеушіге қарақазан сары бала қамы үшін күресейік – деген ғой. Ж.Қасымбаев кітабында Жәңгірдің халықты билеу, соттау жөнінде құқын кеңейту жөніндегі әрекетін әлсін-әлі жаза береді. (5:114) Автор ханды “прозорливый! (көреген) ловкий, чутки, икемді деп орынды – орынсыз мадақтай берген. Бұл түсінік жәй. Бір жағынан автор тарихи деректер негізінде ханның озбыр, жебір, жемқор екенін көрсетсе, екіншіден, көбіне құр сөзбен “көреген” деп дәріптей берген. Бұл екі беттілік емес пе? Бұл келеңсіз, дәйексіз әңгімелерге жол ашады. Бұндай ала-құла әңгімелер бұқараның басынан өткен қаралы жылдарды бүркемелей жасырып, шындықты бұрмалауда. Сонда ханға қарсы болған 3 көтерілісті қалай қашанғы жасырасың? Әлде бұларда да Жәңгір сөзімен түсіндіреміз бе? Проф. Қасымбаев: “Каждое усиление “социального противоборства” жалобы Пограничной комиссии Жангир интерпретировал якобы от природного буйства и дикой грубости” – дегенін (6:28) жазады. Дұрыс ұғым.
Қазақстан Ресей тарих ғылымдарының зерттеулеріне сүйеніп және өзі де зерттеп Е.Бекмаханов Бөкейліктегі шаруалар көтерілісі “соғыс” деп бағалап, ол хан, сұлтандар тобымен отаршылардың езгісіне қарсы бағытталған азаттық күрес деп тұжыраған. (7:62) Көп ғалымдардың бұндай тоғысқан тұжырымын өзгерту үшін жаңадан толық, жан-жақты зерттеу жүргізіп, бұлтартпайтын тексерілген құжаттар табу керек. Әзірге бұл жоқ. Олай болса Бөкейлік Кіші жүз тарихының қалыптасқан ғылыми концепциясының орнына популистердің дерексіз, дәйексіз құр сөздерін чиновниктердің, оқу орындарының пайдалануына еш қақы жоқ.
Халық тарихын, оның трагедияға толы, жанкешті арпалысты өмірін, азаттық күрес неден, қалай басталып, қанды кешкен қилы кезеңін кімнен, неге болғанын зерттеп, анығын айтқан жөн, әрі пайдалы.
Кіші жүздегі 1838ж. көтеріліс тез басылу себептері көп. Отарлық езгі мен феодалдық қанаудан қажыған шаруалардың билеуші топпен отаршыға қарсы наразылық қимылдарын біз жоғарыда айттық: алым, салық көбеюі, отаршының талауы, қоныс салып, егін егуге, орманды, өзендерді, тұзды пайдалануға, балық аулауға, үй тұрғызуға тиым салғанын тағы еске салмасақ болмайды. Исатайдың отаршы мен оның қазақ сыбайластарына қарсы күреске шақырған 1838ж. үндеуі тез тарап құптау көбейді. Он екі Байұлы мен Жетіру тайпасының көп ауылдары толқи бастаған, бүкіл Кіші жүз бойына таралар түрі бар еді. Бірақ көтерілістің жеңілу себептері белгілі, дегенмен айта кетейік: бытыраңқылығы, әскери өнерді білмеуі, қару кемдігі т.б. Бұған қосарымыз – көтерілістің біртұтас, бір мезетте берлесе болмауы да шешуші роль атқарады. Қазаққа қашанда бірлік, бірауыздылық жалпы халықтық мүддені бәрінен де жоғары қою жетпейді. Бұл мезгілде бар күшті жию дегеннің азаттық күресте басты роль атқарады. Отаршыға қарсы Жоламан Тіленшіұлы күресін 1820 ж.ж. бастады, бірақ Табын руының бір бөлігін басқарады. Ал 1838ж. Жоламан Исатайға қосылмай өз бетімен жүрді, шекара әскери линиясына жақындайды. Ел кезіп, құлақтары түрік патша тыңшылары бұны Орынборға жеткізеді. Губернатор полковник Мансуров, подполковник Подуров отрядтарын шығарады. Ол қыркүйек айында Жылкелді мен Жоламан тобын қудалап, 7119 бас қой, 314 ешкі, 320 сиыр, 115 бұзауын тартып алады. Жоламан Қобда өзенінен қашып Ырғызға кетеді. (8:33). Бірікпеген қазақ қолдарын Геке осылай күз бойы бөлектеп қуа береді.
Профессор Қасымбаев өз кітабында билер арасында іру, сатқындық болғанын қайта жазған, бірақ аты-жөнін көрсетпейді. Бұл жалпылама сөз. Біздің білетініміз Ысық руының Қадірғұл атасының азаматы Балта 1838ж. шілдеде жағынып, Баймағанбет сұлтанға өз ауылы азаматтарының Исатайға: біз сізге қосыламыз, қай жерде қосылайық, деген хатын көрсетеді. Сұлтан қулық істейді, Балтаны осы хатымен Исатайға жіберіп, Балта келе батырға біздің ауыл өз тұрғынынан көшіп, Сіздерге келе жатыр. Қиылдың аржағында Баймағанбет сұлтан 150 адамымен салық жинап жүр, - дегенін жоғарыда айтқанбыз.
Гекенің 1838 ж. қыркүйектегі Перовскийге жіберген рапортында Қ.Есімов жұртқа таратқан Үндеуін Табын руының Шөмішті бөлімінің батыры Асау Барақовқа да жетеді. Өткен жазда ол Қ.Есімовті мойындамай, Исатайды “қашқын” (Асау өзі атамекенінен 20 жылдан бері айырылып, қуғынға ұшырап, қашқын болған) деп “айыптап”, “аталарының ақ патшаға берген антына берік боламыз”, - деген. Бұны естіген Баймағанбет Асауды кездесуге шақырып еді, өзі келмей 2 інісімен баласын жібереді. Сұлтан мен Геке бұларды жылы шыраймен қарсылап құрметтеп, мақтаған. (9:38) Асау Қайыпқалиға сен орыстар қойған хан емессің, біз алым, салықты орысқа төлейміз – деуі де бар. Осы өңірде молда, әрі тыңшы Батырша Шагимарданов Исатай туралы мәліметті Орынборға жеткізіп отырған, соның бірінде Қ.Есміов Асау ауылына келіп еді, соғыс болып, 300 адамынан айырылды, - деген. Бұл “еңбегі” үшін Асау патшадан алтын медаль, ұлы Тұрлан інісі Жәнібек сый-сияпат алған (10:330). Ұлы дүрбелеңнің мән, мақсатын түсінбеушілер, ұлттық мүддені аяққа басушылар қай уақытта да болған. Мақамбеттің: “Ер жігіт діңіне (діңі – адамшылық санасы) берік болсын – деуі осындайдан. 1837ж. Есет Көтібарұлы патша әкімшілігімен күресін бастаған, бірақ ол да үлкен қозғалысқа қосылмай, кейін қалды. Геке Исатайға қосылушылар көптеп “Көкпекті” даласына қарай ағылады да, ал Исатай қаза болғасын олар бас сауғалап тарап кетті”, - дейді.
Көтерілістің аяғы тым ауыр қазалы болды. Халықтың бір кездегі өлермен, қасіретті күндерін бұл күнде бірде-бір автор аузына алмайды. Бұл сыңаржақтық тыиылар емес. Біз халықтың қайғылы кезеңін бұдан бұрында ықшамдап жазғанбыз. Жұртымыздың көрген қорлығы қайғы, қасіретін бәрін жазып болмас. Халық жадында сол кездің қаралы оқиғалары күні бүгінге дейін сақталып келеді, әлі де жинауға болады. 1837ж. 15 қарашада көтерілісшілер жеңілгеннен кейін жазалаушы шағын (70-120 солдаттар) топқа бөлініп, Исатайларды ұстауға тырысады. Бірақ сұлтан Шыман Орманов, Шөке Нұралиев бастаған 400 адамнан құралған хан қолы Исатайдан зәресі ұшқан соншалықты солдаттарымыз ел ішіне бөлініп, аяғын аттап баспайды. Геке амалсыз оларды өз отрядтарына бөліп жібереді. Бұлар енді “Мыңтөбе” маңымен Жайық жағын аңдып, исатайлықтардың қашқан ауылдарын ұстауға кіріседі. Жайыққа қаша көшкен. Еділ Сартұлын ұстап, 60 шаңырақ ауылын талайды. Әр жерде көтеріліске қатысқанды біртіндеп ұстай берген. Қалдыбай Қосаяқ ұлы, Қабыланбай, Есмайыл, Қали, Сапалақ, Қалдыбайұлдары, аты аңызға айналған Тәни Түменұлы, Айтас Көсепұлы, Таңатар Естекбайұлы, Досақан Жәнібекұлы, Наурызалы Қаржауұлы, Аманбай Көбекұлы, Еділбай Сәрсенбіұлы, Сарт Ерәліұлы, Алдияр Исәлі Шонайұлдары, Көшім Сартұлы т.б. қолға түсіп, шұғыл Теке қаласына жөнелтіліп, абақтыға қамалады. Шыман төре көтеріліс басылғасын есін жиып, исатайлықтарды іздеп, жазалауға енді белсенді кіріседі, ауыл – ауылды аралап “бұзақыны! Іздей: бұл ауыл хандық па, Исатайлық па? – дейтін көрінеді. Егер де қасындағы біреуі исатайлық – десе, сол ауылдың быт-шытын шығарады екен. Беріш руының бір ауылына келсе тұрғындары қашып көлдегі қамыс арасына тығылады. Сонда Шыман көлге от салады. Тұрғындар бала-шағасымен еңіреп көлден шығады. Төре ауылға ойына келгенін істеген деп қариялар күрсінетін. Бұл көл содан “Күйген көл” деп атаныпты. Шыман тобының елге істеген қатыгездігінің шегі жоқ – деуші еді кәриялар. Шыман бесіктегі баланы найзамен түйреп алып, жоғары көтергенде айтатын. Хан қолы мен казактар ауылдарға келіп, мал-мүлкін талаумен шектелмей пішен, отынын, азығын тартып әкеткен. Ешбір кінәсі жоқ адамдар талауға ұшыраған. Бұл жылы қыс ерте түсті, қалың қар жауып арты аязға айналады. Желтоқсан айы бөкейліктер үшін қаралы ай болады, суықтан, аштан өлу көбейеді. Осы кезде кей ауылдарда Геке өз рапортында: киргиздердің киіз үйіне, не томға кірсең жан шошырлық, - дейді, жанұя түлегімен төсегінде қатар жатып, өлген, - деп қай үйге барсаң да бишара киргиздер өлгесін көресің, - деп жазған (3:376). Бұндай сойқаннан шошыған көп ауыл хан мен Шыманды “қанішер” деп қарғай Нарыннан безіне қаша көшіп, суыққа ұрынып, не қолға түсіп, құзғынға жем болған. 1847 ж.ж. Бөкейлікті басқаратын Уақытша Советте (ББУС) жұмыс істеген. А.Евреинов Жәңгір қызметін тексеріп, көтеріліс жеңілгесін 3000 шаңырақ жоқтығын жазады. Ханның 1835ж. мәліметінде Бөкей ордасында 16500 шаңырақ жоқтығын жазады. Ханның 1835ж. мәліметінде Бөкей ордасында 16500 шаңырақ тұрады деген, ол 1838 мәліметте 12750 шаңырақ қалыпты. Бұл адам шығынының “адыра қалған Нарында” көп болғанын көрсетеді. Хан-сұлтандардың озбырлығы халықтың демографиялық өсуіне тағы зиянын тигізеді.
Исатайлықтар Алшын даласында да патша әскерімен күресте бірталай шығынға ұшыраған. 1838ж. 12 шілдедегі алғашқы шабуылда-ақ исатайлықтар зеңбірек оғының астында қалып, 70-80 адамынан айрылған, кейінгі атакада шегіну сондай шығынға ұшыраған, көп адам қолға түскен, ішінде Қожақмет Өтемісұлы бар. Тұтқындалғандарды Теке қаласына жөнелтіп, бәрін Орал казак әскерінің әскери соты жауаптап, тергеді де үкім шығарды. Ең алдымен қала сыртына шығарып, сотталғандардың көбін шпецругенмен соғып жазалады. Шпецруген дегеніміз – мылтықтың шомпылы сияқты солқылдақ сым темір, 250 солдатты қарама-қарсы тізіп тұрғызады да, арасын 1,5 м-дей ашық жол қалдырып, сол жолмен сотталғанды жалаңаш жетектеп, әр солдат кезегі келгенде құлаштап “айыптыны” жалаңаш арқасын соға береді. Сөйтіп 500-750ғ 1500 соққы береді. Арқа етінің мылжасы шығады. (11:349) Исатайдың ұлы Жақияны 750 соққыға басқаларына 500, Қабланбай 1500 соққы берген. Қарттарын Сібірге айдаған, жастары каторгіге Киев, Рига, Своебор қамалдарына жөнелткен. Жақияны солдатқа жіберген.
Азаттық үшін терін төгіп, жанын қиғандардың есімдерін тізбелеп қастерлейік Отаршы мен озбырлығы қарсы талай ұрпақтың сағын сындырып, өмірін әкетті. Солардың ішінде ханға қарсы күрескендердің орны бөлек, бірақ олар көп біз түгелдей алмаспыз. Мысалы, Симбирск губернаторы 1838ж. шілдеде каторгіге айдалып бара жатқан 20 кісінің 12-сі қарауылға шабуыл жасап, “Аскөл” деген жерде қашқанын. Орынбор губернаторына жазып, тізімін, жасымен бойын, өңін сипаттай берген. Макит Бөлекбаев, Сағыбай Үргенішбаев (өлген). Ұстатпай кеткендер: Сүйлеймен Өтемісұлы бойы 2 аршын 5,2 вершок, шашы, сақалы бурыл, қой көзді, 26 жаста. Аймұқамбет Тоғаев (Исатайдың немере інісі) өңі аққұба, 32 жаста, Қали Сабалақ Қалдыбайұлдары, Шидебай Адайбеков, Тәни Түменұлы бар (13:42). Осы кезде Есмаил Өтемісұлы, Есмайыл Қалдыбайұлы, Исәлі Шонавтан қашып келіп, Жайық асқанын хан Жәңгір губернаторға хабарлаған. Сол үшін Шыбынтай Құлмәліұлының әулетін ұстатқан (14:46) Қашқан 8-ң екеуі Шудабай Адайбеков, Жармұқамбет Тоғаев ұсталған. Екеуі Николаев уезінде тұрғылықты орыстар қуалап, қысылғасын Ырғыз өзеніне түсіп, суға кеткен. (15:67) В.А.Перовский 1837ж. 17 желтоқсанда көтеріліске қатысқандарға кешірім жасап өткенді ұмытайық деген, бірақ оны ханда басқаларында орындамаған. Көтерілісшілерді іздеу, қудалау қалмаған, хан Мақамбеттің 3 жолдасымен Нарынға келгенін біліп, Орынборға жазып, шу көтеріп, Естек, Мәстек, Ақметовтерді ұстауды өтінген. Төлеген Серекенов, Үбі Усин Иманбай Қалдыбаев, Қасен Өтемісов т.б. көптеген көтерілісшілер, Досмағанбет Исатаев Кіші жүзде бас сауғалап жүрді, не Қаразымға кетті. Шалдарды губернатор Нарынға қайтартып еді, хан оларды Сібірге айдатты. Тіпті балаларды да хан мүсіркемеді. Өз ауылынан ұсталған Көшім, Ерше, Шоқым, Нұрша Сартұлдары т.б. хан кері Текеге қайтарып (10-16 жастағылар), Сібірге жіберткізді. Тұтқындалып, жер аударылған көтерілісшілер Сібірден қашып келуіде болды. Тәни Түменов 4 рет қашып келді, сонда 1866 ж. патша әкімшілігі тағы ұстап жөнелтті. Үбі Усин 1856ж. қашып түнде үйіне келіп, жанұясын жасырын Маңғыстау жағына көшіріп әкеткен. Бұл азаттық үшін күрескендердің азабы арылмағандығы Иманбай Қалдыбаев, Қасен Өтемісұлы т.б. патша әкімінің құпия тапсырмасын Қаразымда орындап жеңілдік алды. Көбінің тағдыры қасіретті, ол ұзақ әңгіме. Бірақ, бәрінің дерлік азаттық үшін күрес рухы, Исатай мен Мақамбетке деген сүйіспеншілігі сөнбеген. Халық оларды әлі күнге дейін қастерлейді.
Достарыңызбен бөлісу: |