Бірінші тарау



бет16/24
Дата05.02.2022
өлшемі2,59 Mb.
#1789
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24
ЇЇЇ – ТАРАУ
Ішкі тарапта ежектесудің қалыптасуы.
Шаруалар шайқасы.
§1. Ылаңның басталуы.

Қара қазақ баласын,


Еш уақытта налытпан”
Мақамбет

Мақамбеттің Жәңгірге: “Хан емессің ылаңсың, Қарашұбар жылансың” деуге негіз бар екенін біз жоғарыда көрсеттік. 1832 жылы басталған жерді сату, біреудің жерін сыртынан басқаға сату жалғаса беріп, шаруалардың ертеңгі күнге деген сенімін кеміте береді. Жерді сатып хан шаруадан бір алса, ол жердің шекарасын көрсетем Меңдігерей Бөкеев т.б. тағы мал, ақша, шапан т.б. алған. Ал хан, сұлтандар, Балқы, Шомбал, Қарауылхожа, Жанбөбек Бекқалиев, Тоғым Шығаев, Шотқара т.б. бірнеше жерден алған. Мысалы, Қарауыл хожа Бекетай құмында, Теңіз жағалауында Кокарев кордоны қасында т.б. жерде ағаш үйлері, жайылымы, қыстауы болған. Жанбөбек, Шомбал, Балқы биде бірнеше жер бөліктері бар. Ал Исатай, Мақамбет, Тінәлі, Қалдыбай, Ырсалы т.б. жерсіз қалады. Бұл наразылық туғызды дедік. Тек Исатай ғана 1834ж. 25 жыл жайлаған қонысынан айрылса да дауласып жаңа қоныс алады. Ол Шеркеш жері Манаш, құмда Мыңтөбе аумағы еді, басқалары жер ала алмады. Бұрын хан аламсақ алым, салықты шектен тыс көп алады деп бас көтерсе, енді шаруа оған ашық бармады. Бірақ билеушілер қанауын күшейте берген. Шаруалар амал жоқ әуелі өз үйінде өзі қорғанған, наразылық білдірген. Солардың алғашқысы Исатай болса керек. Мақамбет “Тайсойғандағы толғауында: “… Мына отырған Иса-екем,


Төрт-бес жылдай алысып,
Ханның бір тауын қайтарған”, - депті 1838ж.
басында.Ақын шаруалардың хан, сұлтанға қарсы бас көтеруінің мерзімін айтып отыр. Зерттеуші А.Рязанов өзінің кітабында Исатай бастаған қозғалыс 1834ж. басталды деген. Бірақ, ашық қарулы бас көтеру туралы нақты мәлімет, құжат атамайды, бізде кездестірмедік. Жалпы наразылықтың қаулуын айтқаны болар. Бұл дұрыс. Жәңгір жерді сатуды ерте ұлықсатсыз бастаған. Масқар руы М.Аллаяровке хан “Бөрліден” 1825ж. жер беріп, 40 қой, 2 ат, 2 түйе, 3 шапан, 100 сом алған (1:609). Осындай нарызылықты, тіпті шаруалардың бағынбау фактыларын көре біле тұра Хан, Меңдігерей, Қарауылхожа, Жанбөбек Бекқалиев, Тоғым Шығаев, Шөке т.б. сұлтандар, билер сыбайластарымен озбырлығын жалғастырып, жағдайды ушықтыра береді. Ханның жұмысымен таныс полковник М.Иванин: “…Жангир распоряжался землею как своею собственностью и выдавал ярлыки на крупные участки”, - дей келіп, бұған нарызылар: “…әуелі генерал Перовскийге шағымданып еді, бірақ ханның жақтастары олардың талабын қанағаттандырылмады. Олардың шыдамы таусылып, Орданың оңтүстігіннен хан жарлығымен берілген жер бөліктеріне ешкімді жібермеді: бұны бунт деп Исатайға ілескен киргиздарды бағындыру үшін казак отрядын жіберді” – деп зерттеушілердің назарынан тыс қалған кейбір жайлардың бетін ашады. (1:187) Ә.Сарай хан Генс пен дос деп дәріптейді, Иваниннің хан жақтастары деп отырғаны осы Генс болар, өйткені ол көтеріліс себептерін білседе, шынын айтпаған. Екіншіден, Теңіз жағалауындағы жер бөліктеріне бұрынғы иелері хан берген жарлыққа қарамай, басқаны жолатпаған. Соның ішінде Исатай т.б. болып тұр. Үшіншіден, Мақамбеттің: “Қиғаш үшін қандастық, Жайық үшін жандастық, Тептер үшін тебістік, теңдікті малды бермедік, теңдіксіз жайға көнбедік”, - дегені Қиғаш, Жайық (Кіші) Тептер – үш өзен Исатайдың т.б. 25 жылдан бергі қонысы еді. Сол үшін хан адамдарымен арпалысты. 1834ж. Исатайға ханның Манаштан қоныс беруі де осы арпалыс нәтижесі. Казак отрядымен жандасу 1833ж. шамасы Қиғаш өзені өңірінде болғанда, Исатай бұны асқындырмай ұңғыттығымен шешкен болып отыр. Беріш, Айғана, Қаракөбен, Жұмағазы т.б. билердің Исатаймен араздасып, ырыз қуу осы жер үшін. Олар осы жерде қалды. Исатайдың ағаш үйінде қалған мүліктерін тонай берген. Хан қылығына наразылық Қамысты-Самар, Сары өзен бойында Жаманқұм, Бекетай, Жиделі құмы т.б. жерлерде де болған. Опасыз хан біреудің жерін екінші кісіге сатуын жалғастыра берген. Ішкі тарап шаруаларының наразылығын қанаушы тап түсінбей, озбырлығын жүргізе береді. 1834ж. князь Юсупов қазақтардан Теңіз жағалауына қыстағаны үшін 7000 сом өндірген, 100000 бума қамыс шауып, жинап беруді талап етті. Исатай осы жұмысты істегені, борық тартқаны туралы әңгіме бізге де жетті. Ал осы жылы граф Безбородко үшін деп Қарауыл хожа 2000 тақты жинады. 1835 жылы да, елдегі шиеленісті кезде де Қарауыл хожа теңіз жағалауындағы қазақтан тағыда 10000 қой жинап, оның бірталайын 9000 сомын өзі алған. ( :1) Қит етсе “айып” төледі. Билеуші топтың азғандағы сонша Беріш руының басқарушысы Балқы Құдайбергенов шай-секеріме деп қарауындағылардан ақша жинаған. Онымен қоймай, Балқы соғымға деп бір-бір қой, қонақтарыма деп ауыл билерінен тағы 5 сомнан ақша алған. ( :303) Қарауыл хожа одан әрі кетіп, ханнан келген билерге деп 1835ж. әр үйден 2 қазы, 2 шұжық, 2 сом ақша жинаған. ( :2) Оның үстіне шай-секеріме деп 5 сомнан ақшаны, тағы 6 сомнан жинапты. Ал хан өкілдері жүрген жерінде әркімнің малын шімірікпей айдап кете берген. Хожаға келген Сегізек, Бекболат деген билер Мақамбеттің бір атын, Әлібай Тайманұлының сиырын өрістен әкеткен. Алаша руы басшысы Жанбөбек Бекқалиев, Адай руы басы Тоғым Шығаев, Байбақты рубасы Шөке Нұралиев, Ысық рубасы Меңдігерей Бөкеев сұлтандар т.б. осылай талаумен ел үстінен күнелткен. Бұдан көретініміз ауыл билерін ру, оның бөлімдері басшылары аяусыз қанайды екен. Ауылдың көбі 10-15 шаңырақтан құралады. Кей ауыл 100-300 шаңырақ, бірақ көпшілігі 10-20-дан. Бұл саяси бөлініс әлеуметтік дифференсацияны жасырып тұр. Билер кастасы 2 топқа бөлінгені байқалады: ірі феодалдар мен орта, кедей шаруалар. Екі бірдей қанаушыларыда соңғы екеуі. Бұған қоса сауда ісі ірі билердің сұлтандардың, хожалардың байлардың қолында болып, шаруаны қанаудың басты бір ырғағы (рычаг) болған ( :13) Бұның бәрі қазақтың европа елідегідей қысымға түсіп, алым-салық салым (повинность) айып (штарф), алыпсатарға, ірі байға “өмірік” т.б. төлеген. Бөкей кезінде-ақ ақша айналымы дамуы. Жәңгір кезінде өрістеп, міндет болды. Сонымен жерді тартып алу мен алым-салыққа қатарласа түрлі салым көптігі шаруаларды титықтатып, мал, дүниесіне ие болудан қалады. “Суға кеткен тал қармайды” дегендей өзі шаршап жүрген ел үстіне Жәңгірдің Зұлқарнайы келіп, қыдырады, теңіз маңындағы билер шағым еткен болар, ол 1835ж. жазда билерді жинап, ішінде Исатай бар, жиын өткізіп, 11 жасар сұлтан әліне қарамай: “Қарауыл хожа орнынан аластатылады” деп сендіреді. Әкесінің жылпыстығы баласына да жұққан ғой. Артынан Исатай Зұлқарнайға хатты жазды, аяқсыз қалады.
Осы бір қиын кезеңде Мақамбеттің үш өлеңі бар: Исатайдың хан сарайынан кеткенде Мақамбеттің Жәңгірге айтқаны, деген 1834, 1835ж.ж. хан патшаға сыйлық жіберген кезде болар. Осыған орай болар, Мақамбеттің, “хан жағынған патшаға” деген өлеңі бар. Жәңгір патша чиновниктеріне жағымпаз екендігі елге белгілі. 3-шісі: Мақаңның Орда да Кетерде Жәңгірге:
“…Хан емессің қасқырсың
Қара албасты бақырсың
Хан емессің ылаңсың
Қара шұбар жылансың,
Хан емессің аянсың,
Айыр құйрық шаянсың”, - дегені Жәңгірдің
тарихи, саяси портретіне дәл келеді. Бұны батыл және шешендік пен Мақамбет айта алады. Мақамбет қарабастың қамы үшін жүрмеген ерекше адам. Оның шаруа қуса ептілігі, ұңғыттығы, тіл білуі кісіге жанаса білуі Жәңгірден басым болмаса кем емес. Бірақ, аз өмірінде көпті көрген “түйгені мол” азамат өз өмір бейнесі (образ жизни) халыққа қызмет етуге бейімделген және қанша қиналса да сол бағытынан “Ер жігіт діңіне берік болсын” - деп (Т.Шамиденов айтқан) яғни алған бетінен қайтпасын деп өзінде, өзгені де ұлы арманға жетелеген. 1834ж. 9-маусымда өз аулына би (старшына) болып, хан бұйрығымен тағайындалса да хан сарайында болып, елдегі шиеленісті болдырмауға тырысқаны жоғарғы өлеңнен көрінеді.
Жәңгірдің сөзіне сенсек, ол губернаторға Мақамбет осы “бүліктің басында және соны ұйымдастырушысы деген. Олай болса хан Исатайға жаңа қонысты, Мақамбетке би лауазымын 1834ж. қысталаң жағдайда беруге мәжбүр болған. Бірақ бұнымен ежектесу тоқтамай үстем тап зорлығын тимаған, 1835 ж, шиеленіс жалғасқанын атадық. Күзінде Исатай, Мақамбет, Уса Төлегенов, Қалдыбай Қосаяков т.б. ханға Қарауыл хожа үстінен шағым жазады. Ондағы фактілердің бір қатарын біз жоғарыда жаздық. Хан жәйді түсінбеді, орлықшыларға хат мазмұнын айтқан. Бұл билеушілер мен шағымданушылар іргесін одан әрі ашып, өштестіреді. Ханға арқа тіреген билер Исатаймен үндес шаруаларға ашық шабуыл жасап, дүние, мүлкін, тонап, өздерін “арызқой” деп жәбірлеп, өлтіреміз деп қорқытқан. Бұл хан, сұлтан бастаған ылаң еді. Өз өмірімізге қауіп төнгесін, – дейді кейін тергеушілерге. Е.Жантөлин, - біз алыстағы Исатайға паналай бардық, - деген. Қаракөбен, Айғана, Төлеген Тыныштықов т.б. қорғануға тура келген. Мақамбет бұл тексерісте басшы болған, егесті бейбіт жолмен шешуге ұмтылған. Сол үшін Исатай т.б. атынан ханға Орынбор губернаторына, ОШК-на, ОКӘ-рі атаманына мәлімдеме, шағым, петиция, арыз жазған. А.Рязанов Исатайдың ханға жазған хатының датасын шатастырады, қате пікірде бар. (20) Ханға шағым 1835ж, күзде дедік. Соған хан 5.03.36ж. жауап, Исатайды Жасқұсқа кел, дауды ақылдасайық, келмесең өзіңді кінәлі болғанын – деп бопсалайды. Бұл белгілі тәсіл еді. Досы Ш.Жақсыбаевты осылай шақырғанына барғанда ұстап, жөнелткен. Патша әкімшілігінің айла-шарғысын азда болса көріп, білген Мақамбет Исатайды ханға жібермей қойған. Осыны күткен хан 17.03.36ж. Қарауыл хожаға қарауындағыдан қол жинап, Мақамбет пен Исатайды ұстап, ордама әкел деп пәрмен береді. Бұл Исатайларға да жетеді. Істің шиеленісін көріп, қорғануға дайындалады. Қарауыл хожа қол жинап, 800 қарулы кісі Манаш маңына 25-наурызда келіп, Қиялы бейіті қасында орнығып, Исатай Мақамбетті алдап ұстамақ болады.
( :364) Манаш та 200-дей жігіттер жиналып, қонысты айнала қоршап, малды ортаға қамап, соғысқа дайындалады. Хожа: Исатай ханға барсын, - дейді. Қарауыл хожа Исатайларды майданға шақырады. Исатай Ордаға бару қауіпті, кісіңді тарат, - деген. Бұл зұлымның қауіпті ұсынысы еді. Қоршаудағылар 200 адам қорықпай майданға шығады, бірақ хожа шайқасудан тайынады. Исатайлардың айбары жеңеді, біраз сөзбен салғыласудан соң хожа масқара болып, шегініп кері кетеді. Хожаның ылаңы іске аспады. Исатай мен Мақамбет алғаш рет ханның тауын қайтарады. Бұл хабар лезде Нарынға қайылып, Исатай, Мақамбетті “батыр” деп қадір тұтады.
Халық республикасы

Хан, Қарауыл хожа қолына қарсы батыл қарсы тұрып, тіпті 200-дей “жүрек жұтқан” жігіттер Мақамбеттің бастауымен сойыл, шоқпар, найза, қылыш, қорағаш пен қаруланып, кейбірі (Мақамбет, Жақия т.б.) сауыт киіп, (Мақамбет сауыты Орал мұражайында еді. И.К.) мылтық асынып, айбар шегін ашық майданға барғаны туралы өзі елге тез жайылып, жұртты таң қалдырып, үлкен ерлік деп санаған. Ханның қарулы қол жинауға қақы жоқ еді, сондықтан болған оқиғаны Орынборға хабарлаудан қорықты. Содан Исатайға елшілер жіберіп, Ордаға алдырғысы келді, бірақ оған сенбеді. Исатай ауылы, жолай қосылғандармен Айдаралы да 10 күн болып, Мыңтөбеге барады. Бұларды қолдаушылар көбейіп 20 ауыл қосылады. Ереуілшінің ықпалы Самар көлдері, Нарын құмы, Сары өзен бойындағы ауылдарға тарайды. Сары өзендегі алаша руы басшысы Жанбөбек Бекқалиев сұлтанға, Ноғай – Қазақ Шомболға қарсы қобалжу басталады. Трапта қоғамдық қозғалыс басталады. Оны ең алдымен кедейлер, төлеңгіттер қолдап, стихиялы қозғалып ереуілге қосылады. Шаменбай деген Төлеңгіт өз қожасынан ат мініп, аш қылыш тағып қашып Ақхожа дегеннің ауылына келеді. Қайда барасың? – дегенге. Ол: Исатай, Мақамбетке барам, олар теңдік әпереді дейді, менде қатарға кірем, әйел алам, - депті. Хожа ауылы жабылып Шаменбайды тұтқындап, қамап қояды. Түнде Шаменбай терезедегі темір торды бұзып, ереуілге қосылады. Хан сыбайлас билердің ауылынанда шаруалар қашып, Исатай тобына қосылады. Қаракөбен Өтепов би қарауынан 14 адам қашып, Мақамбеттерге қосылғанын хан мәлімдеген. Адай руының Өтес би қарауынан 14 адам қашып Мақамбеттерге қосылғанын хан мәлімдеген. Адай руының Өтес бөлімінен 6 адам, Беріштің Тоқмақ бөлімінен 10 ауыл қосылған. ( :57) Сондай-ақ, Ж.Баяров, А.Жантоков, Төлеген Тыныштықов (қысқаша: Төлеген Т.- дейміз) билер қарауынан 100-ге жақын адам қашып, ереуілге қосылады, тізімі бар, Беріштің Тұрымтай атасын Төлеген Серекенов (жырау, кейін Мақамбет жырын таратушы И.К.) 30 шақты шаруаларды бастап келген. Бүкіл Нарында қобалжу басталады. Кей шаруалар өздеріне зорлық істеген, ызасы өткен сұлтандар мен билерге қыр көрсетіп, шабуыл жасайды елден жинаған мал, мүлкін тартып ала бастайды. Бас көтерген шаруаның стихиялы батыл қимылы жөнінде бай, билердің арыздары ханға құйыла бастаған. ( :32) Сұлтандар, рубасылар рапорт жазып, қарауындағылардың бағынбайтынын мәлімдейді. Озбыр Қуаныш сұлтан 1836ж. 13 маусымда ханға Исатай мен Мақамбет төңірегіне көп шаруа жиналып, би, байға шабуылдайтынын жазады. Осы айда Ж.Бекқалиев 2 рет, Шөке, Медет, Тәуке сұлтандар, Қонажан Сарақов (Муғабай Үмбетов т.б. билер шаруалар қимылы жөнінде ханға шағым еткен. (13)


Исатай мен Мақамбет бұл стихиялы іске тікелей басшылығы айтылмайды. Бұлар өз қатары келгендері ұйыстырып, шаруалардың жағдайын өзгерту, хан саясатын қалай өзгерттіре жазғы пішен шабу науқанын өткізу, шабындық бөлу, кедейлерге жәрдемдесу жөнінде жиындар өткізіп, пікір алысады. Бұл ақылдасудың басты идеологі Мақамбет болады. Ол озбырлыққа қарсы бірлесе күресуге шақырып, үндеу таратады. Өздерінше келесі мәселелерді талқылап шешу үшін “Маслихат” деген жиынды ұйымдастырады. Ел аузында “Мың төбенің басында күнде жиын” деген өлең сөзі содан қалыпты. Маслихаттың пайда болуы қазақтың ұлттық демократиялық қайта жанданып, оны хан автократиясына қарсы қояды. Бұл құбылыс ХІХ-ғ-дың жаңалық, әрі саяси көзқарастың оқымысты ханға қарағанда ілгерлеуі, прогресс еді. Маслихатқа әр ауылдан, қоныстан өкілдер қатысады. Шешімі көптің қолдауымен алынады. Маслихаттың шешімі бәріне міндет саналады. Бұл жиынды, жалпы ереуілшілер өмірін бақылап жүрген Жәңгірдің туысы Медет Шөкин ереуілшілер алабын “Республика” деп, мәселе көптің толқысымен шешілетіндігін мәлімдеген. Бұл монорхистің шындықты мойындауы еді. Исатай, Мақамбет көтеріліс аяқталғанша мәселені көптің ұйғаруымен шешкен. Маслихат тарихы әлі зерттеуді күтіп тұрған қызық мәселе.
Көкек айынан бастап ереуіл басшылары патшаға сүйенген ханмен тайталасу елге қауіп әкелетінін түсінсе керек, қалайда мәселені бейбіт жолмен шешудің жолын іздестірген. Оның бірі – теңіз өңіріне ОКӘ-ң жүзбасы Донсков 25 сарбаздарымен келіп, Ресей қашқындарын іздейді, Исатайға көлік, жолбасшы тауып бер деген. Сұрағанын беріп, Мақамбет екеуі ілесіп жүреді. Қашқын татар көп болатынын жоғарыда айттық. Донсков 3-4 қашқынды, тіпті Бөкейде, Шығайда қызмет істегенді табады, жанұясымен екен. Бұларды феодалдар ұрлыққа барымтаға жұмсайтын. Бұдан хан жағы қауіптеніп шыршық іздейді. Оған сылтауда табылады. 1836 жылы мамырда Күшік Жапаров деген малшыны біреу өлтіреді. Бұны би Т.Тыныштықов хан айтса, ол жалмажан лекарь мен сұлтанды жіберіп, акт жасатып, әлгіні Исатай, Мақамбет өлтірді, деп айып тағып, губернаторға рапорт жазады, тергеуді сұрайды. Осы уақытта Астрахан губернаторы патшаға Бөкейлікте бүлік болуда деп хабарлайды. Орынбор шамданып қалады, ханнан түсініктеме етсе, ол Исатай, Мақамбетті бұзақы, екеін аластаңыз деген.
Бұдан хабары жоқ Исатай, Мақамбет ханға барып, өздері бетпе-бет сөйлеспек болып 17 кісі болып жолға шығады, жолай: ханға мұңымызды айтамыз деп жария жасайды. Бұны естіген шаруалар: “Е, мен де барам, сіздермен” – деп ілесе береді. Кешікпей бұлардың саны жүз адамға жетеді. Бұл ханға жетеді, ол жалмажан кісі жіберіп, Исатайға ордаға келме – деп, жолдағы ауыл билеріне, Исатайларды қабылдамаңдар, қонаға, ас-су бермеңдер – деп бұйырады. Исатайлар оғанда қарамай жүре береді. Ертеңіне, Толыбай қонысына Балпан сұлтан хан жарлығын айтып, хан, хан санаты қол қойған хатты беріп, қандай тілегің бар жазып жібер, - депті. 12 күнге дейін жауабын берем – деген, бұғанда сенбей жүрмек болып еді, Балпан: “мен сендерді жібермеймін” , – деп тұрып алады. Мақамбет бұның бәрі жылпыс Жәңгірдің кәдуілгі айла – шарғысы дейді. Исатай т.б. амалсыз ханға хат жазып, беріп жібереді де ауылына оралады. Айтқан мерзімге, кейінде ханнан жауап келмейді. Ол тағы алдады.
Соңына 30 сраптан (шілде) 1836ж. деп жазылған шағым-хатта шаруалар Беріш рубасы Құдайбергенов Балқы теңіз жағалауының басқарушысы Қарауыл Бабажанов бізден өлшеусіз алым-салық, алады, бізге зорлық жасап, аяусыз қанайды – дей келіп, ағайындарын қанаумен байыған. Егіз, Балқы, Мүсіреп, Шомбол, Алтай, Айғана, Бос, Қонажан, Қаракөбен т.б. көптеген билер өз туыстарына зорлық жасайды, елдің берекетін алып, өз тумаларын біріне-бірін “айдап салып” араздастырып, өне бойы әділетсіздік істейді. Би Құдайбергенов, - депті шағымданушылар, - кедей адамнан ешбір шағым қабылдамайды, ал ауқатты шаруадан ақша алып ісін тез және тергеусіз бітіреді”, - дейді. (8:303) Қарауыл хожаның жебірлігін, зорлықшылдығын атап, Балқы екеуінің зұлымдығын әшкерелей келіп, бұл асқынған басшыларды тәртіпке шақыруды сұрайды. Ханда хан санаты да бұндай мәселені шеше алмайтындығын көрсетеді. Хан хан кеңесінде ертеңіне, 1-шілдеде тіркелген, ұйғарымы жазылмаған. Бұл хаттағы фактылар хан жағындағы билердің саяси келбетін анықтап таптық мәнін ашады. Бай мен мен кедей бар жерде қанау бар, әділетсіздік бар деген осы. “Қарға қарғаның көзін шұқымайды” дегендей әдетінше арызды тексермеді. “Оқымысты” “көреген” хан билеуші топтың заңсыз әрекетін, бассыздығын тимады, ел екі жақ болып ежектесуге жол береді. Ушықтыра берді. Ылаңның шығуына хан, сұлтандар, билер себепші болғанын көреміз. Мақамбеттің ақылымен болар, Исатай, Уса Төлегенов т.б. Орал әскері атаманы Покотиловке мәлімдеме жазып, болған оқиғаны мәлімдеп, бізді талабымызды, кінәсіздығымызды анықтау үшін тергеуші жіберуін сұрайды. Шаруалар күресін тоқтатпайды, өз қатарларын күшейтіп, жексұрын байлар мен сұлтандарға билерге қарымта шабуыл жасап, теңдігін алуға тырысады. Июль айының басында Шөке, Жанбөбек, Медет сұлтандар, Сауғабай Үмбетов, Бисенбай Алтынбаев т.б. билер Исатай мен Мақамбет қасында шаруалар жиынының көп екенін және олардың әзірлігі бар екендігін баяндап, үрейлене хабарлайды.
Көптеген сұлтандардың мәлімдеуінше көтеріліс басталды, басшылары бүтін Ішкі тарапты аралап, шаруаларды күреске шақырып, оларға озбыр өз би-байларынан теңдік алуға көмектесіп отырған. Ноғай-қазақ руының басқарушысы Шомбал Ниязов өз қарамағындағы қашқындар мен қайыршылар Исатайға қосылатынын мәлімдеген.
Осылай көтеріліс нышаны көрінеді. Хан бейбіт жолмен мәселе шешпей, алдап кетті. Ереуілшілер қатары көбейе келе, 20-дан астам ауыл болған. Енді бұлардың алдына қыстау мәселесі тұрды.
Күз бастала ереуілшілер тобымен көптеген ауыл болып, Каспий теңізі жағалауына қарай көшті. Теңіз жағалауындағы қыстауға ыңғайлы қамысты, сулы, жайылым бар жер Хан мен сұлтандар сыбайластарында, ірі байллардың қолында. Сол кездегі ірі бай, әрі би Жұмағазы Баяров /Беріш руынан/ иелігіне көтерілісшілер баса-көктей келеді.
Теңіз жағалауындағы басқарушысы Қ.Бабажановтың ханға жазған рапортында Исатай, Мақамбет өз жолдастары мен ауылдарды аралап халықты бірігуге шақырады және өз жақтарына шыққан қолдаушыларды Тақ салған кордонынан Жайық өзеніне дейін қастауға жайғастыратынын мәлімдейді. (9:130) Ал бағынбағандарды қоныстарынан қуып, мені өлтірмек дейді.
1836ж. қазан айындағы сұлтандар мен билер ханға шаруалардың ешбір сұраусыз, киіп-жара келе, қыстауға жайлы орындарды алатынын өз рапорттарында қайта-қайта жазған ( :102). Ереуілшілер Теңіз жағалауындағы Кульпин кордоны маңында тұратын ханның жарамсақ билерінің бірі Сүініш Өтеповті ұстап алып, сабап малдарын тартып әкетеді. Сондай озбыр бай Жұмағазы Баяровтың бір үйір жылқысын алып, інісін тұтқындаған. Айғана биді де өз ағайындары сабап, екі жолдасы мен тұтқындап әкеткен. ( :44) Көтеріліс өршіп, кек қайыру шаруалар соғысына айнала бастады. ( :61)
Сөйтіп көтерілісшілер өз туыстарының тыныштығын алып, сүлектей сорып келген би-байлардан талай жылдан бері ұзында өшін, қысқа да кегін алып, үстем таптың үрейін алады. Бұл секілді күрес тараптың басқа бөліктерінде де жүріп жатты.
Кіші жүздің төрт бөліктерінің басқарушылары Орынборға өз қарамағындағы шаруалардың бойсұнбаушылық әрекеттерін үрейлене хабарлайды. Әсіресе Исатай мен Мақамбет халықты азғыртуда, зорлық жасауда деп губернатормен Орынбор шекара комиссиясына хат жазып, көмек сұрады. Оның үстіне Жәңгір хан 1836ж. май айында болған Қ.Жапаровтың өлімін Мақамбетке қарсы пайдаланбақ болды. Өйткені хан бұл көтерілістің негізгі дем берушісі, ұйымдастырып, басқарушысы Мақамбет деп генерал Перовскийге жазған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет