Бірінші тарау


§2 Ішкі тараптың ХІХ-ғасырдың 2 – ширегіндегі өмірі



бет14/24
Дата05.02.2022
өлшемі2,59 Mb.
#1789
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24
§2 Ішкі тараптың ХІХ-ғасырдың 2 – ширегіндегі өмірі.


Хан Бөкейдің тұсында,
Секер шайнап бал іштік.
Хан Жәңгірдің тұсында,
Қасықтап қара қан іштік.
(Халық өлеңі)


1825-1845ж.ж. Еділ мен Жайық аралығын мекендеген алапта қазақ және басқа елдер тарихында болмаған жәй – бір ханға қарсы 9 жылда 3 рет көтеріліс болды және соңғысы антифеодалдық деп аталады. Бұл ерекше оқиға тарихта кездеспейтін ұзаққа созылған арпалыс еді. Тарихшы А.Рязанов 1797-1837 ж.ж. 40 жылды казак халқының азаттық, тәуелсіздік үшін күрес кезеңі деп атаған (…) Рязанов А., Савичев Н., Шахматов т.б. көптеген тарихшылар, М.Әуезов, С.Мұқанов, С.Асфандияров, Қ.Досмұқамбетов т.б. әдебиетшілер, қоғам қайраткерлері 1836-1838ж.ж. Исатай Мақамбет бастаған көтеріліске жоғары баға бергені белгілі. Бірақ, қазіргі журналистеріміз бұл көтерілісті аузына да алмай, лепіріп Жәңгір ханды ешбір сенімді дерексіз дәсерлей беруде. Хан болсын, басқа болсын халқына адал қызмет істеген адамды мақтауға қарсылық жоқ. Біз Совет империясы кезінде өз тарихымызды білуден бездік, саясаттан қаштық. Оқытқанын менсінбедік. Өйткені тарихымызды терең, зерттеуге мүмкіндік бермеді, қысым жасады, қаржыны өте аз бөлді. Содан тарихымыз үстіртін, сұрықсыз етіп баяндап, тек Ресейге қосылғанда ғана “көзіміз ашылып, кісі болғандай” етіп суреттегені белгілі. Бізден: “қазақтың бір қаласын аташы?” – деген сұрақты талай естігенбіз. Егін егіп, қоныс салуды қазақ орыстан үйренді деп талай қақсаған. Бұның империялық насихат екенін біле бермейтін айту және қауіпті. Осындайдан келіп оқыған ағайындарымыздың қазақ тарихы жөніндегі білігі тым тайыз еді де, “Иісі қазақта бірінші рет Жәңгір қала салған” дегенге, немесе Жәңгірдің: “үй салуда мен үлгі көрсеттім” – деп Ресейде айтқан сөзіне сенеді. Бұл да империяның бодан елдегі насихаты екенін әлі түсінбейміз. Мақамбет Жәңгір кезінде күшті идеологиялық күрес жүріп жатты: бір жағында – Мақамбет қара қазақ баласын тірлігімде налытпан” – деп халық мүддесін қорғаса, 2-ші жағында Жәңгір: “Я защищал русских” деп жан бағып, тағын сақтаған, империя мүддесін қорғаған. Бұл керіс сөзден емес істен, халық тұрмысымен шаруашылығынан туындағанын популистер анықтай алмайды. Бөкей, Шығай кезінде шарықтаған шаруа Жәңгір кезінде құлдырай берген. Біз алда соның себептерін еске салмақпыз, халық наразылығы туындаған саясатпен тағы таныстырмақпыз. Жәңгірдің әкімшілік қызметі күрделі емес, жазуға қиындығы аз. Менің мақалаларым мен кітаптарымда ханның қызметі негізгі бағыты қысқаша қамтылған (…). Солардың бір қатарын оқырманның есіне салып, одан әрі анықтап, толықтыруға тырысамыз. Соңғы жылдары ханның мектебі мен жанұясы жөнінде авторлар патша чиновниктерінің жазғанын көшіріп, қайталап жүр. Ол зерттеу болмайды ғой, жансақ, хате мәліметтер көп. Нағыз тарихшының 1-ші парызы фактіні бұрмаламай, не жасырмай турасын жазу, мұқият тексеру. Біздің хан, сұлтандарда еш өшпенділігіміз жоқ. Олай болса зерттеушіде, оқырманда бізге күмәнданбасын. Ал Жәңгірдің өмірбаянын жазудағы мәліметтің әртүрлі болуы ханның өзінен. Мысалы, бір хатында ол 1801 жылы туған профессор Қасымбаев Ж. хан 1803 жылы десе өлкетанушы Ж.Ақбай 1804ж. не басқаша. Жәңгір 20.05.37ж. губернаторға жасым 33-те, 2 әйелімен 11 баласының есімдерімен жастарын жазған. Оған сену қиын. Әнес Сарай кітабында ханның әйелдері туралы Б.Аманшин, М.Құлкенов т.б. жазғанын айтады. Б.Аманшин 1-ші әйелі шеркеш Мүсіреп Айдаболов қызы Жүзім десе, Құлкенов ол Керей руының қызы деген. Қарауыл хожа қызы, Жүзімге хан 1822-1823ж.ж. үйленген деуші де бар.
( :44) Балаларында М.Тәжімұратов секілді ботастыра берген. Ал Жәңгір 20.5.37ж. рапортында 1-ші әйелім “султанья” (сұлтан қызы) Асрепова Юзим, 30 жаста деген. Бұны құлпыстағы жазу растайды. Бір фактының өзі жоғарыдағы авторлар мәліметінің жалғандығын көрсетеді. Балаларының жастарында хате жазады. Біз мұның бәрін зертемедік, ол ұзақ әңгіме Жәңгір есімінің этимологиясын білмегендер оны да бұрмалайды. Жалпы көптеген сөз қолдануда салақтық, не білместік көрсетіп жүр, сөз төркінін ажыратпайды. Әлі күнге “Өмір салты” деген жасанды сөз тіркесін, “орда” “аймақ”, т.б. жиі айтады. “Образ” деген сөздің аудармасын көп іздедім, ақыры А.Байтұрсынов жазбаларынан (архивте) оны “берне” депті. “Бернелеп сөйлеу” бар емес пе? Сосын “Егем. Қаз-ға” жариялап едім, ( : ) ешкім елең етпей, әлі хате жазады. Сондай-ақ, Орда, аймақ – манғұл сөздері, бізге орыстар кіргізді. Аймақ орнына аумақ, алап, алап, алқап деген сөздер бар, бірақ оларды тіпті қолданбайды. Әлі шетел сөзіне әуеспіз. Т.Боранғалиев Мақамбет жөніндегі мақаласындағы көп былықтың ішінде “Жәңгір” деген “Жангар” деген қалмақ сөзінен екен. “Мақамбеттің оны “қалмақ” деуі содан депті. ( :12) Жәңгірдің “Жаһангир” деген сөздің қысқарған түрі екенін оқушыда біледі. Әйтсе де дерек келтірейін: “Ғала қаһлу, уа ғала жаһлу хан Жаһангер Бөкей ұлына. Беріш рулының старшыналары” деп ханға барып, түсінеміз Исатайларды қабылдамай, кері қайтарған соң 1836ж. 30-саратанда жазған арызы. Тексеріңіз? А.С.Пушкин: “Бөгденің шанасына жабыс па” – деген, оны қазақша өзің білмейтін іске басың ды сұқ па? – дейді. Енді біз оның қызметіне тоқталайық.
“Жәңгір – дейді Энес Сарай, - кеңестік дәуір кезінде қызыл империяның ықпалымен жағымсыз бейнеленген, жақсы істері бүркемеленген тұлға”, - деп ешбір дәлелсіз, дерексіз қате тұжырым жасапты. Ә.Сарай өз сөзіне өзі қарсы шығады. Өйткені Жәңгірге бағаны Совет өкіметінен бұрын Ішкі тарап жұрты: “Хан Жәңгірдің тұсында, қасықтап қара қан іштік”, - деп баға бергенін Ә.Сарай кітабында жазып отыр. Бұдан артық Жәңгірдің қанішерлігі жөнінде не дәлел керек? Қайта, патша кезінде Жәңгір қызметі туралы 2 түрлі пікір патша, Жәңгір кезінде қалыптасты емес пе, оны неге жасырамыз? Т.Боранғалиев бастаған қаламгерлер (жұрт бұларды оппозиция дейтін көрінеді) патша авторларының жазғандарын көшіріп, сылдыр сөзбен ханды қазір мақтап жүргені де белгілі. Ал, мерзімді баспасөз БАҚ бұларды қорғап, мақалаларымызды жариялайтыны жұртқа белгісіз.
Енді Жәңгірдің атқарған қызметі жөнінде білгенімізді ықшамдап баяндайық. Жәңгір 12 жаснан Астрахан губернаторы С.С.Андреевскийдің қарауында оқи бастаған. Бұған дейін ол араб, парсы, татар тілдерін білгені белгілі, көп автор Жәңгір және оның аға, інілері қайда оқып, мұсылманша білім алғанын ескермейді. Жәңгір 1839ж. патшаға: әкесі Бөкей оны Ноғай – қазақ жұртына (бұлар Шалгез тегі ежелгі қояс тайпасы, Үйсін т.б. тайпалар қалдығынан құралады. Сондықтан кейде “жұрт” дейді. Бұл дұрыс болар) аға би (старшина) етіп тағайындағанын, қызмет істегеніне 25 жыл толып, асқанын, генерал атағын беруді сұраған. Бірақ патша ол қызметін ескермеді. 1815 ж. Бөкей хан өлерінде хан тағын Жәңгірге мұра етіп қалдыруға үкімет ризалығын алған. Әкесі өлісімен Жәңгір 1815-1816ж.ж. таққа отырғысы келіп, тырысты, өзін қолдаған сұлтандармен билердің Орынборға хат жазуын ұйымдастырады. Бірақ, губернатор оқуын жалғастыруын талап етіп, Астраханға кетуге мәжбүр етеді. 1820ж, Жәңгір оқуымды бітірдім деп ауылына оралады. Әртүрлі “алып-қашпа” әңгіме бар, тек 1822 жылы Орынбор губернаторы П.К.Эссен патшаға Жәңгірді “Кішкене Қырғыз – қайсақ Ордасына” (ол кездегі Ішкі тараптың ресми атауы “Меньшая Киргиз – Кайсацкая Орда”) хан етіп тағайындауын сұраған. Патша 1823ж. 22 маусымдағы жарлығымен Жәңгірді Орынбор Шекара комиссиясына тәуелді (“подзависимостью” деген И.К.) етіп, хан тағайындаған. Бұдан келіп, ағайынның: Жәңгір халық сайлаған қазақ ханы емес, кәдімгі патша чиновнигі деуі орынды екенін, Жәңгір өзі қызметімен дәлелдейді. Шығай сұлтан билеуі кезінде Ішкі тарап өзінің дамуының шарықтау шегіне жетті: жанның саны “141.598 адам, мал 06.0 млн. бас, қолөнері дамып, базарға товар шығарып, сауданы шырпытып тұрған. 1824 ж. 24 маусымда Теке қаласында Жәңгірдің таққа отыру рәсіміне қатысқан. Ресей әскери штабының полковнигі Ф.Берг 1824ж. Ішкі тарапта сауда дамығанын, қазақ саудагерлері Ресей купецтерінің ІІ-ші, тіпті 1-гильдейіне мүше екенін Сыртқы істер министрлігіне жазған рапортында мақтаған. Ішкі тарап шекараса біркелкі анықталып, ішкі саяси жағдай біршама тұрақтады. Жанбай, Манаш, Қарақамыс, Дүйсе, Толыбай, Шөпшағыл, Ұялы, Қарасу, Жалпақтал, Мереке, Жақсыбай т.б. елді мекендер пайда болды. Шөп шауып, пішен жинау, үй, қоражай, лапас т.б. салу қалпіне келе береді. ОШК қызметкері А.Кузнецов 1824 ж.ж. Сары, Қара өзендер алқабында 3 мыңдай қазақ қыстаулары барын жазады. Бұл аз уақытта болған үлкен өзгеріс. Жәңгір хан бұған не қосты. 1890 ж.ж. Бөкейлікте болған А.Харузин “расцвет ханского могущество был во времена умного Джангира”, … “он умел приобрести общес уважение и укрепление влияния”, - депті. ( :34). Бірақ бұл сөздерін ешбір фактімен дәлелдемеген, тек жылтыр сөз. Ал, қазақ жөнінде ол: “Киргиз степняк, рожден кочевником, скотоводом, таким и он останется кочевником, таким и он умерет кочевником и скототводом”, - деп сәуегейлік жасайды. ( :32). Автор Жәңгір түгелі өз кезеңінде Ішкі тарапта болған өзгерісті көрмей тұрған ғой. Бұндай, мәселеге үстіртін, бұрмалап қарайтын автор көп. Т.Боранғалиев, Әнесі Сарай т.б. Советтік империя Жәңгір ханның жағымсыз жағын көрсетіп, жағымды істерін жазбады деулері бекер. Академик Салық Зиманов өзінің “Россия және Бөкей хандығы” деген кітабында (1982ж.) Бөкей ордасын “хандық”, “государственное образование”, деп Жәңгір сауда, алым, салық, қаржы істерінде т.б. өзгерістер енгізді, - деген, бірақ қандай екенін, қашан болғанын нақты атамайды. Атауы да, мүмкін емес. Өйткені архивте бұны растайтын құжаттар кездеспейді. Сәкең тек сенатор Ф.Энгель ұсынған қазақты отырықшыландыруға бағытталған жерді жеке иелікке беру жөніндегі реформаны Жәңгірдің қалай бұрламалап орындаған тарихын дәлелді және дәйекті баяндаған.
( :60) Бұл ішкі тарап өміріндегі өзекті мәселе. Бұны білген Ф.Энгель Сары, Қара өзендер мен Самар көлдеріндегі, Каспий жағалауындағы бос жерге ұқыпты, ұңғыт қазақтарға иелік беріп, олар онда үй-жай салып, бара-бара егін егіп, айнала пішен жауып машықтанып, орнығып басқаларға үлгі болар еді де, Жайықтан “Сыртқа” өтем деушілер тиылар еді деген. (:293) Бұл шараны Сенат мақұлдап, орындалуын Орынборға жүктесе, ОШК оны Жәңгірге тапсырады. Жәңгір бұны өзінің жеке басымен таптық мүддесіне пайдаланады. Уақытша Советтің 1847ж. тексеруі бойынша хан бос жерді, бос емес біреудің, ауылдың, рудың пайдаланып келген жерін сыртынан “туысқандарымен сыбайластарына, байларға бөліп, сатқан”, - деп тұжырады. ( :19) Біреудің біреуге, не жер бөлігін екіншіге сатқанын, әр-берден соң жерді сажындап, адымдап, жіппен өлшеп сатқан. (:19). Сонда хан, інісі Меңдігерей ең шұрайлы Тарғын (Торгун) өзені, Самар көлі жағынан, Тарғын төбе, Үштарғын, т.б. жерді 400 мың десятинадан (кей автордың: хан жанұясы 400 мың дес. жер алды деуі бұрмалау, хате), Қарауыл хожа Бабажанов, сұлтан Ш.Ормановтар 7000 мың десятинадан, Ш.Ниязов – ноғай – қазақ – 1.800 мың десятина жер алған (Сонда), жер мәселесін зерттеуші А.Ереновтың есептеуінше 4 млн. 700 дес. жер хан, сұлтандар мен рубасылардың меншігінде болады, ол халықтың пайдалануына жердің 1/3 бөлігі қалады (….). Жерді жекеменшікке бөлу прогрессивті қадам, ал хан оны түсінбей өз туыстарына бөліп, қоғамды кері тартты. Көп ауылдар, ру бөліктері жерсіз қалады. Ал, көп жерге ие болған алпауыттар жерді тиімді пайдалануды ойламады, егін егіп, пішен шауып, отырықшыландыруды қолға алмады. Олар оңай жолды қолданды, жерді шаруаларға жалға беріп, пайда тапты. Кәриялардың хан жерді “күлдікке” бөлді, “өмірлікке” берді деуі осы еді. Бұл жаңалық емес. Кіші жүзде де жерге жеке меншік болды. Мысалы, Дәулеталиев дегеннің қыстауы, қора жайымен, егіні, шабындығы болған, оны Щапов деген комендант 1820ж. тартып алған. Жәңгір біреудің жерін тартып алып, көп шаруа жерсіз қалады. Мысалы, Исатайдың 1808 жылдан бері мекендеген Қиғаш пен Жайық (Кіші) аралығында Күйген арал, Қара қамыс, төбелерін (бугры) хан тартып алып, басқаға береді. Исатай хан мен айтысып жүріп, қашықтағы “Манаш” тұрағын, одан әрі Мың төбені алады. Мақамбет, Қалдыбай Қосаяков, Уса Төлегенов т.б. жерлерінен айырылады. Наразылық туады, ел ішінде тыныштық кетеді. Жер мәселесі 3-ші рет көтерілістің басты себебі болады. Бірақ бұны әдебиетшілер, популистер аузына да алмай, айналып кетеді. Осы шамада Бекмағанбет, Мақамбет, Қожақмет т.б. Өтемісұлдары бұрынғы жер иелігінен айырылып, Ақжонас жайлауында тұр. Зерттеушілер бұның мәнін әлі анықтай алмай келеді.
Жәңгір жүргізген жер бөліс, ОШК т.б. пайымдауынша Бөкейлікте наразылықты ұлғайтып, кедейленуді көбейтіп, дауды өсірген. Өйткені жер әділетсіз бөлінген. Ол жөнінде халық жадында талай фактілер қалған. Қара өзеннің Ақкөл маңында тұратын Тама руының бір ауылы: Хан жерді пара бергенге сатып жатқан көрінеді, қонысымыздан айрылмайық, - деп өзара ақша жинап, Мыса деген биін жібереді. Мысахан үйіне “әрең сәлем бере” кіреді. Шай үстінде “келіннің көрімдігі” деп үлкен дорба ақшаны шылдыратып төге береді. Кейін қымыз құйғанда “үйіңнің көрімдігі” деп бір жеңінен алтын, күмісті жарқыратып шашады. Кетерде хан Мыса аулына өз жерін иелену жөнінде куәлік береді. “Мыса” деген тұрақ әлі бар. Байбақты руының 500 нар, 1200 жылқы айдаған, жазда шанаға 2 нар жегетін тентек бойы Бірәлі Есейұлыда ханға келіп, өзі Бөкейден алған жерін қайта бекітуді сұрайды. Хан мыңқылдап, жөнін айтпапты. Бірәлі түрегеліп дорбаны хан басына төңкеріп: саған керегі ақшама, мә, - деп күмісті төбесінен құя беріпті. Хан ыржыңдап күле берген. Сондағы “Бірәлі бөгеті”, “Есей Саралжыны” деген әлі бар. Етікші Боранбайұлы Ғ. (беріш) үйде отырып, жерінен айырылады. Бір күні шешесі келіп, 2-3 бас малды жаятын жайылым жоқ десе, келесі де көрші сиырды атпен қуып шықты, үйде үнсіз тықылдата бергенше ханнан жер сұрасайшы, - депті. Амал жоқ етікші жолға дайындалып “құр қол” барғанды хан үйіне жолатпайды, арызын тыңдамайды, ол қарызданып қымбат былғары, ұлтан, шеге т.б. алып етік тігеді. Бір күні жолға шығады, шешегі кетерде: мен өлсем көмегін жерің жоқ ханнан жер сұра, - деп қақсайды. Етікші хан Ордасына барса, әуелі оны кіргізбейді. Кедейлерді үй маңына жолатпайды екен. Етікші кіріп, сәлемдесіп, шай үстінде әкелген етігін ханға береді. Ол әрі-бері қарап, таңдана отырып: мәсімнің кебесі жоқ екен, - деп кінә тағады. Етікші мәсіні қолына алып, білінбей тұрған кебісті шешіп алып ханға береді де: міне әрі мәсі, әрі етік тақасы бар, - депті. Хан таң қалып, риза болады. Сәлден кейін хан: Сыртта Сізге сыйға түйе байлаулы тұр, - депті. Шай ішіп болғасын етікші сыртқа шығып әлгі түйені қараса қарт мал екен, орнынан тұрмайды. Үйге оралса, хан: көп айналдыңыз ғой сыртта, - десе керек. Етікші: Е, сыртта Сіз берген түйемен сырластым, сірә Сіздің атаңыз Нұралыны көрген сияқты, - дейді. Хан үннен қалады. Кетерде хан етікшіге: келген жұмысыңызды айтыңыз – депті. Сонда етікші: Үйден шығарда шешем мен өлсем көметің жерің жоқ, ханнан жер сұра, - деген, жұмысым сол. Хан жер бөліп, қолына куәлік береді. Бұндай тарихи әңгімелер көп еді, біз уақытында мән бермедік қой. Халық ханды оның қылығын көбіне келеке қыла сөйлейді. Ал, хан өзін-өзі мақтайды, 1827ж. Ф.Энгельге көтеріліс туралы “Я защищал интересы русских”, 1844ж. көктемде Қазан қаласында қазақты “рухы есер” (буйный духом)… полудикие киргизы , Жайық Сыртындағы “есер, өз ырқымен жүретіні есінен кетпейді”, ханның өз иелігіндегі бодандары (“подданые его” жаңа “қоғамдық құрылымға көнгісі келмейді” деген. Ханға ислам діні қызметкерлеріде кедергі екен. Сонда да өз Ордасында көп іс жасаған. Қазақты қысқы мал азығын дайындауға, қора-жай салуға мәжбүр етті. Алда жойылымды жақсарту үшін артезиан құдығын ортатпақ. (“Северная Пчела”. 25.5.44ж. С-Пг.) Бұндай мақала көп. Оқырманды шатастыру ханнан басталғаны көрінеді.
Мақамбет қоғам қайраткері, батыр ретінде тарихи аренаға шығуына 1830ж.ж. Ішкі тараптағы аса шиеленіскен саяси, әлеуметтік т.б. жағдай себеп болғаны белгілі. Халық наразылығының, күйзелісінің бір себебін – отарлауды қысқаша шолып өттік. Келесі себептері – тараптың ішкі саясатынан туындайды. Ол да отарлауға байланысты. Өйткені, 1827, 1829 ж.ж. көтерілістер жер жетіспеушілігі, билеуші топтың шаруа мүддесін қорғамай, отарлаушы мен “ауыз жаласып” кеткенінен, ханның қатаң алым, салық саясатынан болған. Біз жоғарыда орыс помещиктері Каспий жағалауын заңсыз иеленгенін, Сары, Қара өзендер аралығын, Самар көлдерін Орал әскері тартып алғанын айттық. Хан бұл жер мәселесін шешуді Орынборда да, 1826ж. Мәскеуде де үкімет алдына қоймаған.
Мәскеуге ханға ілесіп барған сұлтан Қайыпқали Есімұлымен би Шеркеш Жақсыбайұлының т.б. Жәңгірден көңілі қалған жері осы. Бұл екеуі екінші себебі туралы тергеушілерге ханның шексіз алым-салығы депті. (: ) 1827ж. толқу наурызда басталған, Жәңгір оны естісімен зәресі ұшып Камышин қаласына қашып кетіп, Орынбор басшыларының кері, ордаңа қайт! – талабын қапелімде орындамады. Көтерілісшілер “жерімізді қайырсын” – деген ұраны орындалмайтын болғасын, Жайық өтіп, патша әскерімен беттесуден қашып, ескі қонысына ұмтылады. Бірқатарын кері қайтарады. Қ.Есімовты алаша руы басынан босатып, Текедегі абақтыға жауып, кейін босатты. Бірақ жер мәселесі шешілмеді, озбырлық жалғаса берді. 1829ж. көктемде көтеріліс Жәңгірге қарсы тағы басталды. Хан Каспий, Самар көлдері, өзендер аралығындағы жерді қайтару ісін шешпеді, шаруалар мүддесін қорғамады. Ал, С-Петербургтан келген сенаторға хан: “мен орыстардан мүддесін қорғадым”, - депті. Бұған кейін орыс масайрап, А.Левшин бұны өз кітабында жазыпты. ( :232). 1829ж. толқуға ОКӘ-ң атаманы, т.б. офицерлерінің арандатуы да болғаны анықталып, губернатор басы атаман, генерал Д.М.Бородин етіп, 20-дан астам офицерді орнынан алған. Бұлар Самар көлдерін заңсыз иеленіп, өз малдарын орналастырып, әрі шаруаларға зорлық жасаған. Жәңгір бұл жолы қашпай, өз сыбайластарынан қол жинаған, Үндеу таратып, шаруаны қыстауын тастамай, хан өкіметін мойындап, көшпеуге шақырады, мойын ұсынғандарға кешірім болады дейді. Бірақ, хан сөзіне тұрмайды, екіжүзділік көрсетеді. Көтерілісшілер патша әскерімен соқтығысудан қашып атаман мен астыртын келісіп, Жайықтан өтіп кетпекші болады. Генерал Бородин губернатордың бұйрығы бойынша көштің алдынан әскери тосқауыл қойып, жібермей “кері оралыңдар” деп, сөйлесуге келген Қ.Есімовті тұтқындайды. Көтерілісшілер көші кері шегініп, жағдайды талқылайды. Жаңақала кәрияларының айтуынша басшылары 3 түрлі ұсыныс жасайды. Байбақты руының бір биі Шеркеш Жақсыбайұлы. Хан қыстауына қайта оралғандарға кешірім жасаймын, - депті, қайтайық, - деген. Алаша руының бір батыры Қаратоғай Мәмбетұлы: Біз Жәңгірдің бір сөзіне де сенбейміз, ол тағыда алдайды, қыстауымызға барамызда, қорғанып жатамыз, - дейді. Солай істепті де. Ал Байбақтының батыры Науша Қаржауұлы: Бізде Жәңгірдің жылпыс сөзіне сенбейміз. “Қарыс ақылдан, тұтам қайрат артық”, мен орыс әскерін жарып өтіп, Жайықтан асамын. Маған еретіндеріңдер соңымнан”, - деп ұшып тұрып, көк бедеуге мініп, “Алаш, алаш”- деп айқай салады. Қарға бойлы Науша шымыр денелі, найзагер, соғыс тәсілін біледі екен, өзіне ілескендер көшін Жайықтың "Шаппа өткелі" деген жеріне әкеледі. Өзі қайратты жігіттерді ұтымды пайдаланып, көшті қорғап, қайта-қайта шабуылға шығып, жеңістік бермей, көші аман-есен түгелдей өтіпті, – дейді. Бірәлі Мергенов, Әйіп Бектасов деген кәриялар. Ал, Шеркеш, - дейді әлгі кәриялар өзі, “лашын” дейтін тазысын ілестіріп, Глиянскіге (“Ескі қала” дейді) Жәңгірге келген. Ол келді деп естігенде хан: басқа үйге түсіріңдер де, тұтқындаңдар, ол сөйлесе шешен, кісіні өз ырқына көндіреді, - депті. Айтқанындай Шеркешті басқа үйге түсіреді, шешініп, жайлан, - деп мәймөңкелейді күтушілер. Шеркештің мойнында патшадан алған алтын медалі бар екен, онымен тұтқындауға болмайды екен. Медальдада шегеге ілгізеді. Сол уақытта урядникпен солдат келіп, қол аяғына бұғау салып, алып кетіп, сол түнде Текеге жөнелтеді. Онымен бірге тазысы ілеседі, қанша қуса да, қалмай, Текеге барып, жыл күтіп, иесімен Сібірге кетті, - дейді кәриялар. Жәңгірдің жанқияр досына істеген кешірімі осылай. Қайыпқали Текеде бір жыл жатып, қашып шығып, ұстатпай кетеді. Бұған сірә Мақамбеттінде қатысы болса керек. Патша чиновниктері намыстанып, Қ.Есімұлын “бұзақы”, “жыртқыш”, бөкейлікте хан тағына отырғысы келді, – деп жала жауып, ел талап жүр, шекараны бұзбақ деп арандатып бақты. Бұл айтылғандарды біз тексердік, жалған сөз болды. (…) Істің мән-жайын білмей Жәңгірдің қазіргі жанашырлары Қ.Есімұлын патша авторларының сарынымен “таққа таласты” бүлікшіл деп дәлелсіз қаралауда. Қ.Есімұлының “айыбы” отарлаушы мен оның сыбайластарының зорлығына қарсы шыққан, білгенінше күрскен. Бұл зерттеушісін күтіп тұрған үлкен ғылыми мәселе. Тарихшы В.Ф.Шахматов Мақамбет жөнінде нұқаттай жаңалық табылса, бізге қымбат- десе, журналист Т.Боранғалиев “Егемен Қазақстандағы” (12.07.2002ж.) мақаласында Мақамбетті кемсіту жөнінде бірталай “тырнақ астынан” кір іздейді. Т.Б.Мақамбеттің “Туғаннан өлгенге дейінгі тірлігінің түгендеп отырудың кімге керегі бар”, - деп көлгірсиді. ( : ). Бұл тарихты білмеу, халық санасын силамау ғой. 1829 ж. Мақамбет “Кіші жүзен Ордаға қарай жасырын өткені үшін ұсталды. Оған Хиуа жақтан жасырын контрабанда тауар өткізумен айналысады деп айып тағылды” деп ешбір дерексіз, көріп келген кісідей жазады. Тарихи әдебиетте, архивте Мақамбет 1829ж. жазғытұрым көтеріліс кезінде Нарын жағынан Жайықтан ұлықсатсыз өтпек болғанда 2-3 жолдасымен ұсталды делінеді. Бұл көтеріліске Мақамбеттің өміріндегі ауыр кездің бірі – осы 1829-1830ж.ж. Калмыков (князь қала) абақтыда жатқан тұсы. Профессор Кәкішев Т. Мақаңның осы бір қиын кезеңде айтқан өлеңін тауып, жариялаған: “Кеше бір зынданда жатып құбылдық.
Қамалған көп дұшпанға қор болдық.
Терезеден телміріп,
Ағайын мен туғанды,
Бір көруге зар болдық…” – деп ақын 1829-31ж.ж. айтып отыр. (1:16) Біз Тайпақ ауданында (Батыс Қаз-н) Қанаш Иманбаев ағайдан Мақамбеттің 11 күйін жазып алып, Қ.Ақмедияровқа бергенбіз, ол нотаға түісіріп, кітап етіп шығарды. Қанекең Мақанның “Терезе шілтер” деген күйінен бастап, оны Калмыков абақтысында жатқанда шығарды – деп түсіндірді. ( : ) Олай болса Т.Боранғаливетің Мақамбеттің ақындығы көтерілістен кейін пайда болды деуі жаңсақ. Мақамбеттің ақындығы мен күй шығару қабілеті ерте оянған болып тұр. Орда ауданы мұғалімі Ғ.Зарипов, Н.Биқанов кәриядан Мақамбеттің “жағынған хан патшаға” деген өлеңін алып, жариялады. ( :5) Бұл да осы кезеңде айтылған және тарихи шындық.
“Халық айтса қалт айтпайды” дегендей халық Жәңгір өз қызметін патшаға, оның Орынбор, Петербордағы чиновниктері жарамсақтанып, жағынудан, үйір-үйір жылқы, табын түйе Орынбор базарына жетпей, әркімнің шарбағына кіретінін айтатын.
Олай айтуға негіз көп 1825-1826ж.ж. патшаға барам деп елден жылу жинаған. Орынбордан әрең т.б. ұлықсат алып, 1826ж. Мәскеуде патшаның таққа отыру рәсіміне қатынасты. Газеттер бұны эгзотика көріп, жаза бастаған. Одан келе, Кенжеғали Құрманғожаев деген үйшіге киіз үйді алтын, күміс, сүйек, қымбат тастармен әшекейлеп, Петерборға апарып, патшаға сыйлаған. 1828ж. бұлықты көпшікті, күміспен күптелген қазақы ер-тұрман жасатып патшаға сый еткен. Бұнымен қатар үйірлеп жылқы патшаға, басқаға да жіберген. 1830, 1834-37,41ж.ж, патшаға жылқы жібергені архивте сақталған. Патша да Фатимаға қымбат асыл тастар безендірілген 150 мың сомның көйлегін т.б. жіберген. Бұл елге тарап, ханның беделі өседі. Патша министрлерімен Жәңгір оңай сөйлесетін болған, олардың да орап, тілегін орындатқан. Орынбор губернаторы бөгетте жасағысы келген, бірақ ішкі тарап Бөкей кезінде-ақ Астрахан губернаторымен де қатынасып, тілек, шағым айтуға ерікті еді. Орынбор одан да сескенген. Орынбор Жәңгірдің кеңсесі тұрақты бір жерде болуы үшін ханға үй салып бермек болды. 1825ж. көктемде П.К.Эссен Астрахань губернаторына: ханға үй салып берейік деп едік, ол қашақтап орнын көрсетпей жүр – депті. Ақыры, 1826 ж. Орынбор Тафаевты жіберіп, қазына ақшасына “Жасқұс” деген тұрақта декабрьде үй салып, кілтін берген. Кейін хан өзіне аға, інісіне үй салдырған. Әуелі казак әскеріне казарма, орыс, татар саудагерлері дүкен, қойма, үйлер салған. Сонда, 1840ж. 41 үй болған, оны қала деуге бола ма?
Онымен қоймай хан “үй салуда мен бірінші бастап үлгі көрсеттім” деген сөздеріне қазірде мән береді. Әрісін айтпағанда, ағасы Шығай Бөкейден кейін, ОШК-на 1817ж. қазақтарды отырықшыландырайын деп едім, соларға “үлгі” ретінде өзім үй салайын деген, өтінішін 1819ж. П.К.Эссенге қайталаған. Сосын 1820ж. Каспий жағасында ағаш үй салады. Бірақ, помещик бұл жер менікі, босат кіжіңдеген. П.Эссенге шағымдаған. 1828 ж. 16 көкекте П.К.Эссен ханға: Сіз ішкі орданы “Меньшая Киргиз-кайсацкая Орда” деп бұрынғыша атайсыз, одан да “Внутренняя Букеевская Орда” деп ресми аталған. Ал халық өзінше “Патша әкімшілігі қазақтың ішкі ісіне көп араласпаған, тек өз мүддесін қорғаған. Содан хан ішкі ел билеу, сот, жер мәселелерін өзінің мүддесіне қарай атқарған. Бұл қасіретті, әлі ұзақ әңгіме. Сөйтіп, хан патшаға жағыну арқасында бірталай еркіндік алды. Бірақ ел мүддесіне пайдаланбай, өз қарабасының баюына құлданғанын проф.Қасымбаев Ж. өз кітабында айқын жазады. 1825ж. ақпанда губернатор Жәңгірге Шығай үйін ол жерден әкетсін, болмаса терезелерін суарып алыңдар деген. Кешікпей казактар келіп күштеп көшірген. Бұны хан біледі.
Ал Орда әкімі: “Иісі қазақта бірінші рет Жәңгір қала салған”, - дейді. ( : ) Сонда Алматы, Тараз, Түркістан т.б. қазақ қалалары емес пе? Тіпті Жайықта Сарайшық т.б. бар ғой! Үйсітіп, чиновниктер, популистер оқырманды, ел басында шатастыруда. Бұндай жалған, не бұрмалауды зерттеп, анықтап, түсіндіретін ғылыми мекеме жоқтығы өкінішті. Ал біздің маманның мақаламызды, “Егемен Қазақстан”, “Орал өңірі” т.б. жарияламайды. Сонда оқырман тарихи шындықты қалай біледі.
Хан өз халқына пайда қандай келтірді? Евреинов А., Харузин А., Хрузин А., Хруничев С., Бабажанов С. т.б. патша авторлары еш дәлелсіз, Жәңгірді “жер – көкке” тигізбей мақтай жазған. Алекторов А.Е. Ішкі тарапта алғаш мектеп ашқан Жәңгір және ол басқалары да 1840 ж.ж. орысша оқуға шақырды дейді. Бұл насихат қой. Қазақ жерін мұсылман мектебі болғанын, жеке мектепте, Бөкей Өтеміс т.б. балалары оқығанын жоғарыда айттық. Ал ресми түрде Үкімет қазақтан кадр дайындау үшін Орынборда Кадет корпусын ашты, ол Кіші жүз шаруаларынан жыл сайын жиналған 50 мың сомға ұсталды. Орын танудан қашқан ағайын оған балаларын бере қоймады. ОШК Жәңгірді үгіттеді, ол 1833ж. Зұлқарнайын Мақамбетпен Орынборға жіберді. Сонымен бұл училище қазақ жерінде қазақ қаржысына салынған, қазақ қаржысына қазақ балаларын оқытқан алғашқы қазақ оқу орны емес пе?
Тарих ғылымының пайымын білмей, өлкетанушылар сөзімен облыста: 1841 ж. 6 желтоқсанда Орда да тұңғыш қазақ мектебі ашылды” – дейді. Біріншіден, біз бұл қазақша мектеп емес, жекенің, үйіндегі орыс тілін оқытатын 20 шақты мұсылман мектебінің бірі. Онда араб, парсы, татар, орыс, тілдерін, іслям ілімін оқытатын бастауыш білім ғана береді. ( :19) Осындай белгілі жайға кей азаматтар “құлақ аспай” тыңдаушыларын шатастырады. Сондай-ақ, хан қазақ жастарының Ресей жоғарғы оқу орындарына түсінуіне жол ашты деп, мысалға ХХ-ғ-да жасаған. Ғ.Мұсағалиев Мысыр университетін бітірген десе, ( : ) Ордадағы мектепте орыс, қазақ тілінде сабақ оқытылды деп дәлелсіз, өтірік жазады ( : ). Өйткені қазақ жазуы (алфавиті) жоқ елде, қазақ тілі оқытыла ма? Сосын, Жәңгір мектебі Орда да емес, Тарғында, жаңа салынған, жарық үйде 6.12.40ж. ашылды деп ханның кеңсе бастығы Матвеес жазады, өзі ішінде болды. Бұл мәлімет қате болмас. Тағы бір жәй, Ресейге ұлықсатсыз ешкімде бара алмайды, тек Жәңгір ғана патшаның ізімен Мәскеуге жиі барған, өзін көрсету үшін орыс басылымдарын пайдаланған. С-Петербургтегі “Северная пчела” 1826 жылдан хан туралы жазған. Ал басқа мұсылман мектебінің, не азаматтың өзін-өзі жария (самореклама) қылып, мақтанатын мүмкіндігі мүлде болмаған. Ішкі тараптағы орыс, татарлар оларды елемеген. Тіпті С.Бабажанов мұсылман мектебінің жақсы тұсын көрмей, 4-5жыл оқығанда жазу үйретпейді деп кінәлаған. Бұрмалаулар көп қайсы бірін жазасын. Ал Жәңгірдің аптека, ветлаборатория, музей, архив ашқандығы туралы еш құжат жоқ. Сірә бос сөз. 1839ж. Жәңгір Орынборға үйімде мектеп бар, сонда орыс тілін оқыту үшін кісі жіберуді сұраған. 1840ж. желтоқсанда В.Ольдекоп – Мәскеу университетін бітірген ветврач келіп, әрі мектепте сабақ берген. Мүмкін сол лаборатория құрады деп мақтануы. 1929 ж. хан елді қарусыздандыру үшін қолдағы қаруларды жинаған, содан тәуірін өзі алған. Келді-кетті қағазды тіркеп, жауап жазатын Бөкей кезінен кеңсе болған Жәңгір писарьлардың санын көбейтіп, меңгеруші жолдаған. Оларға жалақы 650 сомнан, елден жинаған, меңгерушіге 3000-6000 сомнан. Өзі де, атағын жаю үшін, Ресейдің белгілі адамдарынан хат жазысып тұрған.
Біреулер Жәңгір Нарында ағаш отырғызып арман шаруашылығының іргесін қалады – деп дәлелсіз жазады. Біз жоғарыда Нарынның 1/3 бөлігі орман дегенбіз. 1827ж. Ордада болған сенатор Энгель Нарын орманмен жабулы (“покрыто лесом”) және оны аяусыз отауда – деген. “Оқымысты” хан орманды қорымады. Ал Ордада жұмыс істеген. (1847-50 ж.ж.) А.Ереинов “Нарында орман болған, ол 1850ж. тек томарлары қалған, - дейді. ( : ).
Міне біз Жәңгір хан атқарды деген жұмыстардың жалғандығын көреміз. Талаптанған кісіге бұның бәрін тексеріп анықтауда қиын емес. Проф. Қасымбаев Ж. ханның көптеген кемшілігін атай келеді де, кенет: бір жағынан, елді басқарудың тозған түрін консервациялауды (сақтауды И.К.) жалғастыруға тырысқан күштер қимылдады, екіншіден, “Хан мен сыбайластары Орда да, жаңа қоғамдық қатынастар орнатуға бар күшін жұмсады”, - дейді ( :68). Ал ол қандай басқару түрі, қандай қоғамдық қатынастар екенін атамайды. Осындай түсініксіз, екі жақты, айналымы пікірлер бұл авторда көп оның бәріне түсінік беру – көп жұмыс. Біз мақалаларымызда көп мәселеге ғылыми, дерекке сүйеніп түсінік бергенбіз. ”




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет