Бірінші тарау


§2. Бөкейліктегі шаруалар соғысы



бет17/24
Дата05.02.2022
өлшемі2,59 Mb.
#1789
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24
§2. Бөкейліктегі шаруалар соғысы


Қазақстандағы тарих ғылымының майталманы, әйгілі білікті профессор Ермұхан Бекмаханов Бөкейліктегі 1836-1837ж.ж. шаруалар қозғалысының антифеодалдық сипатын аша отырып, оны “шаруалар соғысы” деп Дүние жүзінде шаруалар таптық қанауға билеуші топтың зорлығына қарсы ғасырлар бойы бас көтеріп, күрескені белгілі. Күрес түрлері де әртүрлі – бас көтеру, бунт көтеріліс. Ең жоғарғы түрі – шаруалардың феодал мен жаппай соғысы. Европа, Ресей т.б. солай болған. Соңғы кезде Ресейде Пугачев көтерлісінің мәнін кемітпек болған. Бірақ, шаруа да адам ғой, олда тіршілік еткісі келеді, адал еңбегіне тиісті ақы алып, бала сүйіп қызық көргісі келмей ме? Оған феодалдық қанау, билеуші топ озбырлығы зиянын тигізеді. Бекмаханов Ішкі тарапта патша әкімшілігінің демеуімен хане, сұлтандардың билігі орнағанын, оны “ханско-султанская верхушка” деп дәл, дәлелді баға береді. (…:…) Жалпы Бөкейліктегі қоғамдық өмірге қысқа нұсқа әрі айқын терең ғылыми талдау жасаған. Бекмаханов шаруалардың осы шекке баруы қоғамдық құрылыстың империя мен Нарында артта қалғандығы деп біледі. Міне жерде Мақамбеттің, “Алтын тақты хандардың, хандығынан не пайда. Кәріп пен қасірге, еш пайдасы болмаса”, - дегені оның саяси сауаттылығын, кедейге жанашырлығын, көтеріліс мотивін көрсетеді. Дені сау,есі бар кісі қару алып, өлімге басын тіге ме? Мақамбет содан “Қара қазан, Сары бала, Қамы үшін қылыш сермедік” – дегені еңбекші шаруа күресінің мақсатын айқындайды. Қазіргі кей авторлар көтеріліс жеке бірер адамның ырқымен, екі кісінің басараздығынан болды, немесе Жәңгір жүргізген ел басқару жүйесіндегі жаңалықты бұқараның түсінбеуінен (Ж.Қасымбаев, Ш. Аманжолов т.б.) басталған деушілер бар. ( :3) Көтеріліс бұқараның ісі, ол титығынажеткенде бас көтереді, онда да көргеннің артынан ілеспейді. Бұны Кіші жүздегі 1820-1838ж.ж. аралығындағы азаттық үшін тарихы көрсетеді. Қай уақытта да сенімді, алғыр лидер, сауатты батыл идеолог керек. Ондай тұлғаны қоғам өзі дайындады. Ол Мақамбет Өтемісұлы еді. Жәңгір губернаторға 13.12.37 жылы бұл көтерілістің “бірінші дем берушісі Мақамбет Өтемісов” – деген. Бұл көтеріліс тарихын зерттеуші А.Рязанов кітабында Мақамбет “был душою восстания”, “он писал воззвания по орде послания Джангеру хану и русскому правительству…” Он разъезжая по аулам агитировал и поднимал народ против Джангира”, - деген. Мәселе тек Жәңірде емес, ол басқарған, сақтаған ескі қоғамдық, құрылымда тозған ел басқару жүйесінде еді. Содан, Исатай шаруалар губернаторға Жәңгір ел басқара алмайды, - деген. Сонымен, 1836 ж. Ішкі тарапта қарама-қарсы тұрған екі лагерь қалыптасты. Сырттай бүтін бөлгенменен іштей күрес жүріп жатты. Ел мүмкіндігінше қыстауға орналасқанда, губернатордың бұйырығымен Теңіз жағалауындағы Пероховин ватагасына тергеуге 2 офицер келіп, екі жақтан жауап ала бастады. Губернатор бұларға. Тергеу барысында хан айыпты болса, оны әшкерлемей, шаруалардың кінәсіне көңіл аударуын, ал Исатай мен Мақамбет айыбы анықталса екеуінде қамауға алыңдар деген. Тергеушілер воисковой старшина Сиротин, есаул Узбеков және хан депутаты Мефтқали Шөкин қарашаның 2-нен жауаптау бастап, назарын бірден К.Жапаров өлімі төңірегіне аударады. Тергеушілер дұрыс жауап алмай, сөздерін бұрмалап, не тастап кетіп, өздерінше жүргізеді. Ақыру, қорқытуда болған. 6.8.10. – қарашада Исатай мен Мақамбеттен жауап алады, әңгіме К.Жапаров өлімі төңірегінеде жүреді. Ал Қарауыл хожа, Балқы би, Тоғым сұлтан т.б. туралы тәптеш дұрыс жүргізілмейді. Есмағанбет Жантөлеұлын Балқы би, Тоғым сұлтан т.б. туралы тәптеш дұрыс жүргізілмейді. Есмағанбет Жантөлеұлын Балқы би етіп тағайындаймын деп ақша, мал т.б. алғ,ан фактылар елеусіз қалдырады. Немесе, Т.Тыныштықов, Қаракөбен, Айғана т.б. шаруаларды қуадалап, талауы, қорқытуы, Балқымен қосылып заңсыз алым,салық жинауы, сұлтандардың озбырлығына, алдап мал, ақша алдына мән берілмейді. Бара-бара тергеу тек Исатай мен Мақамбетті кінәлауға бағытталғаны байқалады. Тергеу ұзақта, ұсақ әңгіме. Тергеушілер Қарауыл хожа аулына барып, қонақтап, мал болып жатқан. Тергеу барысындағы жәйді атаманға жазған, бірақ нәтиже бермеген. Тергеуге Исатай, Мақамбет жағы келмей қояды. 1837 ж. көктеміне тергеушілер кері оралады.
Патша өкіметінің қарулы әскеріне сенген хан мен сұлтандар, би мен байлар еңбекші елдің еңіреген өтініш құлақ аспады. Үстем тап қалайда көтеріліс басшыларын қолға түсіріп, шаруалардың қозғалысынжаншып, басуды көкседі. Бірақ Вятка, Уфа т.б. губернияларындағы орыс шрауларының қозғалысын басу мен айналысты, Орынбор басшыларының бұған мүмкіндігі болмады. Ал хан патша әкімшілігіне Исатай мен Мақамбетті ішкі тараптан аластамай шаруалар қозғалысы тиылмайтынын айтып, қайта-қайта хат жазып, жылай береді.
Ал ереуілшілер өз қатарын көбейтумен бірге қару-жарағын дайындап ат көлігін сайлап, үстем тап пен күресін жалғастыра береді. Олар өз ауылдарының билері мен байларына тікелей шабуыл жасап, теңдігін алуға тырысты. Беріш руының Бесқасқа бөлімінің шаруалары Сарман, Оразғали т.б. кісі болып, өздерінің биі Байтүмен Жабағинге шабуыл жасап, жылқыларын тартып алады. Ысық руының шаруалары белгілі батыр атанған балуан Қабыланбай Қалдыбай ұлының бастауымен өздерінің Ораз ауылының биі Андағожинге шабуыл салып, 142 жылқысын тартып әкетеді де, көтерілісшілерге береді. Сондай-ақ Масқар, Адай, Алаша, Есентемір, Жаппас т.б. рулардың шаруалары өз қанаушыларымен күреседі.
Шаруалар қимылының көлемі кеңейіп, барлық Ішкі тарапта жайыла береді. Алаша, Ноғай, Беріш т.б. рулармен оның бөліктердің /Теңіз округтері, Самсар округі/ басқарушылары, билері өз қарауындағы шаруалардың бағынбайтынын, ереуілшілерге ілесіп кететінін, немесе би мен байларға шабуыл жасайтынын Жәңгірге жиі баяндап отырды.
Ереуілшілердің қатары көбейді дегенмен, олардың саны бірде көбейіп, кейде кірт азайып отыратыны да болады. Бұл шаруалар көтерілісіне тән құбылыс және шаруалар көтерілісінің басты бїр ұлсїз жерї. 1837 жылы апрельде Байбақты руының Қынық бөлімінің бір ауылының биі Жүніс Жантелин Исатай мен кездесіп, көтеріліске қосылды. Себебі – Жүніс ауылының биі Жүніс Жантелин Исатай мен кездесіп, көтеріліске қосылды. Себебі – Жүніс ауылының Нарын құмындағы жерін /қазір Шыман қорығы деп аталады/. Хан жер ауып келген сұлтан Шыңғали /Шыман/ Ормановке береді. Шыман онымен қоймай, Сары өзеннің терістік бетіндегі Байбақты руы ауылдары жайлайтын “Қарасу” сайын, алқабын өзбетімен қоныстаған (1:34) Жүніс әуелі Исатай мен “Керім қатқыл”, сосын Көлбай деген жерде кздесіп, ханнан әркімнің қыстауын біреуден тартып алып, екінші біреуге беру ісін тоқтатуды және зекет мөлшерін азайту талабын қоятын болды болды/. Жүніс осы көктемде Исатайлар мен бірге 200 жігіттері мен жүріп, май айында Жәңгір Жасқұстан /Ордадан/ Орынборға шыққанда жолын тосады. Хан “Ұялы” деген жерге қонғанда Жүніс түнде ұрланып барып, ханға жолығып, Жәңгірден өз мекенін қайырып беруді сұрайды. (2:54) Хан бұл кезде Исатай қуғыншыларынан үрейленіп жүрген, Жүніске қоныс берем деп алдайды. Сол түні Ж.Жантелин жігіттерімен Исатайдан бөлініп жасырын кетеді. Бұндай дүрбелеңде саяси тұрақсыздық ауқатты шаруаларға тән қасиет. Исатайдың ханмен жеке сөйлесіп, тілдесу ниеті тағы сәті түспеді.
Көптеген шаруалар өздерінің бұл күресін шын берілгендігін, рухы беріктігін көтеріліс барысында және патшаның ауыр азапты тұтқынында да көрсетті. Қалдыбай, Қосаяұлы, Қабыланбай, Қалдыбай ұлы /Ысық руынан/, Танатар Естекбайұлы, Үбі Ұса ұлы, Тәни Түменұлы, Ырсалы, Көсепұлы /Беріш руынан/, Досақан Жәнібек ұлы /Адай/, Айтас Көсепұлы Уса /Тана/, Төлеген ұлы, Сарт Еділ ұлы /Жаппас/, Есенгелді Қаржау ұлы /Беріш/, Көбек Алғаұлы /Байбақты/ Айтмамбет Өтегенұлы /Табын/ т.б. көптеген шаруалар көтеріліс жеңілгесінде өздерінің табандылығын көрсетіп, күресін жалғастыра береді. Бұлардың Тәни, Үбі, Сарт, Еділ ұлы, Қалдыбай балалары /Ысық/ Төлеген Серекенұлы, Есенгелді, Мәстек Ақметұлы /Ноғай/ көтерілістен кейінде барынша күресіп, Мақамбеттен қол үзбеді.
Көтеріліс барысында шаруалардың көпшілігі өздерінің таптық мүддесі үшін жұмыла аттанып, білгенінше күресті. Көтерілісшілердің бір таңқаларлық ісі олар рулық, ағайындық түсініктен сытылып шығып, өз ағайындары – қанаушыларға қарсы шабуыл салғанын көреміз. Өздерінің ортақ жауларының кім екенін түсіну өте қиын, өте күрделі мәселе. Оған көптеген тарихи жағдай, уақыт керек. Біздің ойымызша, шаруалардың бұндай таптық санасының жіктеліп, өсуіне, негізгі жауының кім екенінің түсінуіне Мақамбет Өтемісұлының алғыр қимылы, азаттық рухы, от-жалынды сөздері үлкен көмек етті-ау дейміз. Біз қазір “таптық” деген сөзден тітіркенгенмен, оны мойындауға тура. Таптық күрес қазірде бар, тек түрі, әдісі өзгерді. Мақамбет түркіше, арабша, орысша сауатты, Россия, Орта Азия қалаларында болған, көп адамдар мен танысқан. Ол өз кезінің білікті адамы. Оның біліктілігі мен шешендігіне орыс тау-кен инженері, филолог, майор Е.П.Ковалевский таң қалған. Мақамбет сөйлескен кісісінің ой-өрісін танып көкейкесті мәселесін аңғарып отырған. Көтеріліс кезінде Мақамбет өне бойы үгіт жүргізіп отырған, батыл қимыл мен үлгі көрсеткен.
Патша мен Хан қызметшілері Исатайдың да шаруалар арасында үстем тапқа қарсы шебер үгіт жүргізгенін жазған. “Оның үгітіне шаруалар қайдан шыдасын, ілесіп кете береді”, деп қояды олар. Негізгі себеп жауыр болған сөз таптық қанау, отарлық езгі, тап жауы мен арпалыста теңдігі, еңбегін алу. От пен оққа қарсы өлімге бас тігіп бару үшін жеке адамдардың бас араздығы, немесе үгіт, өсегі жеткіліксіз. Оның әлеуметтік төркіні терең. Исатай мен Мақамбет өз кезеңінің саяси, әлеуметтік жағдайын өз әлінше жақсы түсінген. Исатайдың аса сақтығы да, патша әкімшілігіне, ханға арыз, хат жазуларыда саяси жағдайды түсініп барып істелген тактикалық шара.
Исатай қарулы қимылданда бас тартпайды. Өйткені Балқы би адамдары Исатайлық бір ауылға шабуыл жасап кісілерді ұрып, соғып тонайды. Көтерілісшілер содан мүддесі үшін ол 1837 жылы 4-июньде 200-дей адам мен Нарын құмының батысындағы “Теректі” деген жерде отырған өз туысы Балқы би ауылына шабуыл жасайды. Ертеңнен басталған қарулы соғыс, жанталасқан арпалыс ұзаққа созылады. Түгел қаруланған, әрі күтініп отырған. Балқы би адамдары қатты қарсылық көрсетіп, көп қорғанады. Соғыс тағдырын Қабыланбай мен Усаның өжет қимылы шешеді. Көтерілісшілер Балқының үйіне дейін жарып кіріп, талқанын шығарады. Ашынған шаруалар Балқының елді тонаудан жинаған мүлігін 20 түйеге тиіп шаруаларға апарып береді. Балқының халықты қанау есебінен салған ағаш үйін орыс шаруаларындай өртеп жібереді, көптеген адамдарын тұтқындайды. Теректідегі соғыс Хандық ішіндегі шаруаларға үлкен әсер етеді. Ішкі тараптағы халық екіге бөлінеді, біреуі көпшілік шаруалар Исатайлық екіншісі – хандық болады. Көтерілісшілер Тоғым Шығаев деген сұлтан ауылына, Байбақтының биі, Түмен Қозайдаров, Кетенің Бос Боздақов, Адайдың Сауғабай Үмбетов, Есенбай Қорамсин т.б. ауылдарына шабуыл жасап, малдарын мүліктерін тартып алып, елге зорлық істеген адамдарын сабап кетеді. (3:134) Есентемір руының шаруалары Таңат, Кедей, Ерші, Көшкін т.б. Исатайдың үгітіне ілесіп өз билеріне бағынбай, көтерілісшілерге қосылады. Бос Боздақовтың қарамағындағы Бектал, Бүкібай, Үкібай, Қашқы т.б. бойсұнбайды. (4:134) Ханның өз ордасындағы шаруаларда қобалжиды. Жәңгірдің Момыш деген ұстазы, ел аузындағы әңгіме бойынша, қашып кетіп, көтерілісшілерге қосылып, қару, жарақ жасауға көмектесіп, аяғына дейін көтеріліске қатысқан.
Көтерілісшілер июльде Уса, Қалдыбай, т.б. губернаторға жазған потация. Онда өздерінің не үшін бас көтергенін ашық айтады. Хан мен сұлтандардың, билер мен байлардың әділетсіздігін айта келіп, олар губернатордан ауылдарымен Жайық жағалауына көшіп келуге рұқсат сұрап, казак әскері ретінде Россияға адал қызмет жасауға дайынбыз - деп 615 адам көп қойып сендіреді. Немесе, Бозашыға барып шекара күзетейік депті. (9:18). Бірақ генерал Перовский көтерілісшілердің мұңы мен өтінішіне құлақ қоймады. Оның бұқара халықтың не себепті бірнеше жыл бойы 3 рет дүрбелеңге ұшырап, алысып жүргенін жете ойлауға ақылы жетпеді. Патша чиновниктерінің ежелгі залымдығына салып, Исатайды Орынборға кел деп шақырады, Орал әскерінің атаманына зеңбіректер мен басқа қару жарақты дайындап, қамалдарды соғыс жағдайына сай әзірлеуді бұйырады.
Патша өкіметі Орынбор губернаторына Ішкі тарап қозғалысты басу туралы 1837ж. көктемінде тағы тапсырма береді. Осыған орай, генерал Перовский көтерілісшілерді ыдырату туралы жоспар жасаған болады. Оның толық мазмұны бізге жетпеді, әйтеуір Шетел істер министрлігі бұны мақұлдап, губернаторге іске асыруға ұлықсат берген. (5:68) Орынбор шекара комиссиясы да көтерілісті басып, Исатай мен Мақамбетті тұтқындау үшін әскери команда жіберуді сұрайды. Орынбор әскери губернаторы Исатайды ұстау туралы Орал казак әскерінің атаманы генерал Покотиловке бұйрық береді. Егер де ол мүмкін болмаса, деген губернатор Исатай семьясын линияға жақындатып, қолайлы кезеңде ұстап алуды ескерткен. Осы кезге дейін патша әкімшілігінің көтерілісшілерге қанды сойқан салмай жүрген бір себебі – Исатай жолдастары атаманға ханның зұлымдығын жаза отырып, бір хатында егерде ханды тәртіпке шақырылмаса, бізді башқұрттар секілді өз ханы билеуінен алып, орыс әкімшілігі билесін және біздер, казактар секілді қарауыл жұмысын атқарайық деген. Бұған атаман мән беріп, губернаторге мәлімдеді. Ол “қазіргі жағдайда, хан жағынан өз жеке бостандығы үшін сенімді болмағандықтан, өздері қарулы партиялар жинаған, - дей келіп, Ішкі Ордада бір сенімді, тәжірибелі чиновникті жіберуді ұсынды (6:74) Покатилов болса хан Исатайлықтарды бекер ренжітіп жүрген болар және бұлар башқұрттарша басқарғанды қалай ма екен деп сұрап, қырға қарулы әскер жіберуді жан көреді. Сөйтіп, үстем тап өз арасының араздығы, сенімсіздігі де көрінеді. Көтеріліс басшылары шақырғанға келмейді және Орал әскер линиясына жақындамайды. Атаман Исатайды алдарқатып алып кету үшін Жайықтың төменгі линиясының командирі ротмистр Акутинді команда мен жібереді. Акутин әскери команда мен август айында Нарын құмына қарай шығады. Бұлардың келе жатқанын көтерілісшілер естісе керек, Исатай өз отрядымен қарсы келеді. Ротмистр Акутин Исатайға Орынбор басшылары мен сөйлесу үшін линияға жүруін талап етті. Исатай бұған әуелі көнбей, байлап әкетпесең де бармаймын” дей тұра, кейін келіседі. Өзінің 40 жолдасы мен Акутинге ілесе шығып, линияға қарай іңірге дейін бірге жүреді. Солдаттар оны қоршай береді. Қараңғы түсе өз тобымен кілт кері бұрылып алып, шаба жөнеледі. Акутин командасы оны қуып еді, алдында тұнжырап қалың қарулы топ тұр екен. Амалсыз Акутин кері бұрылады. (7:18) Сөйтіп, Исатай қарулы командадан оңай құтылу үшін ілесіп шыққан болды. Ал зеңбірегі жоқ патша әскері қарулы көтерілісшілер мен соғысуға бұрында батылы бармады. Бұдан кейін Исатай Перовскийге хат жазып, өзінің Акутинге неге ілеспегенін ашық айтады. Бас бостандығынан айрылғым келмеді дейді (8:475). Әлі де болса көтеріліс басшысын құртуды көздеп Исатайға губернатор енді генерал Покотиловтың өзін жұмсады. Бірақ Исатай генерал Перовский бара алмайтынын жазды. 1837ж. сентябрь айының басында атаман Жаманқала бекінісіне келіп көтерілісшілердің ойын білу үшін және Исатайды өзіне шақырып 2 отряд жібереді. Жайық әскерінің Орта және төменгі дистанцияларының командирлері бұдан бұрында Исатай мен Бекмағанбет Өтемісұлына өздеріне шақырып кісілер жіберген (10:18). Бірақ олар келмейді. Енді мына екі отрядтың біреуі Есауыл Донсков бастаған 60 казак, екінші 25 казак 2000 км жерге қырға шығып, барлауы тиіс болды да, қай жерде, қанша адам жиналғаны, олардың қаруы туралы анықтауы қажет болады. Бұлар Жайықтан батысқа Нарын құмына қарай шығып, қорықтыма, көтерілісшілерді көре алмай қайытты. Өзен дистанциясының командирі Сумкинде көтерілісшілерді арасына барлау мақсатында тыңшылар жібереді. Бірақ бұлардың кейбірі Исатай қолына түсіп, тұтқындалады, не көтерілісшілерді көрмей қайтады.
Енді генерал Покотилов шағын әскери команда мен Нарын құмы жағына өзі шығады. Мақсаты Исатайды алып кету. Кездескен адамдар мен ауылдарға "Маған Исатай керек, ешкімге тимейміз" деп сендіріп, өзі мен кездескісі келеді. Ал шаруалардың наразылығы неден басталады, оны анықтау мен патша генералының ісі болмайды. Бекетай құмға жақындағанда Покотиловтың алдынан көп шаруалар шығады да, “Қарауыл хожа көп жылдан бері біздге зорлық істеп, аяусыз қанап келгенін ешбір жазықсыз сабайтынын” айтып, оны орнынан алуды сұрайды. Көп адамдарды көргенде генаралда, оны орнынан алуды сұрайды. Көп адамдарды көргенде генералда, қасындағы казактар да абдырап қалады. Бұдан әрі генерал көп жүре алмай Исатайды шақырады. Көтерілісшілер Покотиловты өз тұрақтарына жібермей, және тез, бейбіт құтылу үшін “Исатай Орынборға бару үшін Өзен әскер дистанциясының командирі Сумкинге кетті” деп мәлімдейді. Атаман бұған сенген болып, амалы құрып кері кетеді. Сонымен, патша өкіметінің тағы зымиян әрекеті қалады. Бірақ, қамалдарда зеңбіректерді әзірлеп қою туралы бұйрықты атаман әлдеқашан берген. Орынбор әкімдері шаруалардың мүддесін түсінуден бас тартады.
Қарулы күрес пен қатар, Исатай Мақамбет бейбіт жол іздеп 1837ж. 11 сентябрьде Перовскийге тағы хат жазып, онда "біздің ауыр жағдайымызды жете ұғынатын және біздің өтініштеріміз бойынша жалпы халықтың тәптеш жүргізе алатын әділ чиновникті жіберсеңіз екен. Біз біресе біздің мұңымызды господин подполковник В.льтеергеқаамыз-дейді. (10:413) Бірақ, қаныпезер Перовский көтерілісшілердің үлкен дәйектілі мен парасатты тілегіне көңіл қоймайды.
Ал, көтерілісшілер өз күресін жалғастыра берді. Бұл күз айларында көтеріліс аса бір жылдамдықпен өршіп, бүкіл ішкі хандықты қамтыды. Шаруаларды белсендіруге дабыл болған қимылдың бірі көтерілісшілердің жексұрын Қарауыл хожаның аулына шабуылы. Қ.Бабажановтың рапорты бойынша Исатай мен Баймағамбет Өтемісұлы бастаған 260 көтерілісші Айдарлыдан шығып, 15 қыркүйек күні ертеңмен оның ауылына атой салып, үлкен соғыс болады. Хожа да адамдарын жинап, әзір отыр екен. Соғыс ұзаққа созылады. Қайсарлық көрсеткен ызалы шаруалар аянбай алысып, Қ.Бабажановтың Конкарев пен Кульпинский кордондары аралығындағы ауылын талқанын шығарады. Хожаның 550 жылқысын, 95 түйесін тартып алады және озбыр хожа, билерден 50 адамын тұтқындап әкетеді. Былай шыққасын тұтқынның көбін қайырады да, ішінен ең зұлым деген 20 хожа, билерді айдап әкетеді. Тығылып аман қалған Қарауыл хожа көтерілісшілер кетісімен жалмажан Астарахань казак әскеріне жүгіріп, қасындағы Көкдос кардонынан әскер алып және өз сыбайластарын жинап 300 кісі болып Исатайдың артынан қуады. Бұл ауыр шайқас күні болды. Хожа жаңа әскері мен көтерілісшілерді Рейм /Райым болар И.К./ қуып жетіп, соғысады. Күшінің бөлінгендігіне және аздығына қарамастан көтерілісшілер батыл қимылдап, ұңғыт әрекет жасайды. Хожаны казактарда сақтай алмайды. Тағы да талқаны шығып, хан мен хожа сыбайластары жеңіліп қалады.
“…Бұл күнде Бабажанов пен оның киргиздері /қазақтары, сыбайластары. И.К./ әбден тынышы кетіп, үлкен үрей үстінде”, - деп жазған Астрахан әскерінің офицері Орынбор әскери губернаторына. ( :191)
Жәңгір ханның Шекара комиссиясына тамызда жазған рапортында “кейбір киргиздер /қазақтар И.К./ талаудан қашып, Қамыс Самарды айналып өтіп, Қызыл оба, Талдыапан, Күртілдексу жағына көшіп кеткенін” мәлімдеген.
Мақамбет жырындағы әсерлі берілетін күрестер осы екі шайқасты да еске түсіретін болар. Ең бастысы шаруалар өз күштеріне сеніп көтеріліп, рухы, Мақамбеттің асқар да, биік рухы шарықтайды. Енді бүкіл тараптағы шаруалар көтеріледі. Қыркүйек, қазан айларында көтерілісшілер өздерін аяусыз қанаған, тонаған сұлтандар мен би-байлар барлық жерде шабуылға шығады. Исатай мен Мақамбет көтерілісшілерді бірнеше бөлікке бөледі. Бұлардың негізгі күштері Тауасар бейіті, “Құсқонбас”, Теректі, Жаманқұм т.б. жерлерде болады. Балқының Теректідегі қонысына көтерілісшілер өз штабын көшіреді. Қосынға бөлінген көтерілісшілер күллі Орданы аралап ханның зорлықшыл сыбайластарын, сұлтандар мен би-байларды шабады (12:162). Бұл әрине көтерілісшілердің күшін ыдырататын еді. Бірақ би мен байлардың тізесі батқандығы соншалықты, шаруалар өршіп кетті. Исатай 100 көтерілісшілерден құралған бір қосқынды Тәуке Бөкеев, Медет Шөкин деген сұлтандарды ұстау үшін, 60 көтерілісшіні Тана руының Жақан деген биін ұстауға жібереді. Өзі Бекмағанбет Өтемісұлы мен бір топты басқарып Теректіге Балқы ауылына тағы шабуыл жасап, сонда тұрады. Алаша, Төлеңгіт, Беріш рулары шаруаларынан құрылған қосын "Дүйсе" құмында тұрған озбыр Шотқара Нұралиев сұлтанның ауылына шабуыл жасап, оның Ақжан, Бекжан деген балаларынан да мүлкін тартып алды. Сұлтандар жаяулап қашып Таловка форпостысына барады (13:15) Нұралы хан ұрпағы мен хожа, саудагерлер, билерге шаруалардың ызасы соншалықты күшті еді, енді олар барлық жерде бас көтеріп, шабуыл жасай береді. Бұл стихиялы қозғалысты басқару да, бағыт беруде қиын болып, көтерілісшілердің күшін әлсіретіп, әрі негізгі мақсатынан бұрмалап әкете береді. Қазан айында сұлтандарға шабуыл күшейіп, олардың бас сауғалайтын дәрмені таусылады. Осындай қатерлі, бұқараның буырқанған жағдайында оқыған, “ақылды” хан халқын тыныштандыруға амал таппады, дәрменсіздігін көрсетті. Орынбор, Астраханнан әскер шақырта берді. Көтерілісшілер Ж.Шығаев, Тоғым Шығаев, Меңдігерей Бөкеев, Жанбөбек Бегалин т.б. сұлтандармен Балқы, Шомбал Ниязов, Мәкен Палуанкулов /Төлеңгіт/ т.б. билерге шабуыл жасайды. Бұлар Жәңгірден кейінгі шынжыр балық, шұбар төс, елге өктемдігін өткізіп, зар қақсатқан жексұрын билеушілер еді. Шаруалардың бұларға шабуыл жасауы ыза, кектен әдбен қайнаған. Ырсалы Көсепұлы бастаған көтерілісшілер Меңдігерей сұлтанға, Рақмет Бекұлы /кердері/ бастаған Байбақтының Дауымшар бөлімі шаруалары мен төлеңгіттерден құралған топ Медет Шөкин сұлтанға шабуыл жасап, бірталай мал, мүлкін тартып әкетеді. Бұл шабуылдардың бәрінде де төлеңгіттер жүр. Ол түсінікті де. Бұлар ең бір күйзелген әлеуметтік топ Шөке, Меңдігерей, Тоғым, Әділ Балпан, Сүйінішқали т.б. рубасқарушы сұлтандарға қарсы қару көтеру төлеңгіттердің көп қиындықтан барып, қайсар, қажырлы күреске шыққанын көрсетеді. Жанболат, Тұрманбет, Тлеулі, Нұрмұқамбет т.б. 7 Төлеңгіт бірігіп Шөке сұлтанға шабуыл жасап, оның 10234 сомдық мүлігін таратып алады. (14:75) Шаруалар төлеңгіттен шыққан байлар мен билерге де шабуыл жасады. Төлеңгіт биі Мәкен Палуануловтың малын таратып әкеткен. Сондай-ақ Айболат, Шотан, Намазбай, т.б. бай төлеңгіттердің түйелерін, пішенін, дүниелерін тартып әкетеді. Бұл төлеңгіттердің әлеуметтік жіктелуі нәтижесінде таптық қарсылықтың шыққанын көрсетеді. Сол секілді хожалар мен молдаларды да аямады. Орданың ахуны, әрі қазиы Хаммадовтың да малын, дүниесін алған, /607 қой, 22 сиыр, 9 түйесін алған/.
Үстем тапқа шабуыл барлық жерде жүріп жатты. Орданың солтүстігіндегі Таловка, Кеңсуат, Жолпақтал деген мекендерде Еркінәлі Сағындықұлы, Қармыс Малайсарыұлы /Барамық Алаша/ бастаған шаруалар Жанбөбек сұлтанға шабуыл жасаған. Ал, 70 көтерілісші осы сұлтанның Қызтөбе деген жердегі ауылын ұстайды.
Сонымен қатар шаруаларды алдап, жегідей жеген орыс, татар саудагерлерінде көтерілісшілер шабуыл жасап, мүліктерін тартып алады. Стихиялы соғыс Исатай, Мақамбетсіз-ақ әр жерде, бөлек жүреді. Басқару, біріктіру қиындайды. Сонымен көтерілісшілер соғысы бүкіл Орданы қамтиды. Үстем тас сасып, бас сауғалап Таловка, Глиянский секілді Өзен әскер линиясының форттарына барып тығылады. Көпшілігі Жәңгір хан ордасына барады. Хан Орынбор губернаторы Перовский мен Шекара комиссиясының председателі Генске хат үстіне хат жазып, көтерілістің /Жәңгірше. “Бүліншіліктің”/ кеңінен жайылып, енді ордаға жақындағанын мәлімдеп, әскери команда жіберуін өтінеді. Орынбор шекара комиссиясы 1837ж. 13 қыркүйектегі жауабында Исатай мен Мақамбет ұстау туралы жарлық болғанын үш рет хабарласа да, хан үрейі кетіп, команда жіберуін сұраумен болады. Орал әскері басшыларының Исатайға ештеңе істей алмағанын мысқылдай арыз ете келіп, хан батыл қимылды қарулы /зеңбіректі/ әскерді жіберуді өтінеді. Қазан айының басында көтерілісшілердің қимылы күшейіп саны көбейеді. Тек Темірбек құмында тұрған көтерілісшілердің саны 1500 адамға жетеді. Исатай осыдан Шомбол бидің ауылдарына барады. Бұндағы ойы, Жәңгірдің 12 биінің бірі Шомболды өз жағына шығару, оның ханды қорғауға алып барған көп адамдарын /Ордадан/ Жасқұстан шығарып алып, ханды әлсірету болған. Орал әскерінің тыңшы казактарының мәлімдеуінше /Өтепов, Юлаев дегендері/ Исатай өз күшін көбейтіп алып, су қатысы мен Жайықтан өтіп кету жоспары бар, ал қазір Жәңгірге кісі жіберіп, талаптарын қоюды, егер де орындамаса, келіспесе, ханның ордасын шауып, талан-таражға салмақ, - деп баяндаған. (15:193)
Жәңгірде қорғанудың амалын істеп, 12 қазанда ру басқарушыларына өз қарамағынан әскерге кісілер жинауға тағы да бұйырады. Бірақ бұл үлкен дүрбелеңде үстем тап жағына көп ешкім шыға бермейді. Билердің туысқандарының өзі былтырдан бастап-ақ Исатай жағына көптеп шығып кеткен. Бұл әрекеттен ештеңешығара алмай, билер жан сауғалап көтерілісшілерге қосылуға мәжбүр болған.
Исатай мен Мақамбеттің бір таңқаларлық тактикасы – Жәңгірді елден билерден бөлектеп жалғыз қалдырып, ешкім оны қолдамайтын жағдайға жету тәсілі біршама орындала да келді. Сұлтандар, билердің бірқатары бас сауғалап патша әскерінің қолтығына қашып барды, онда да Шомбол би ғана 100 шақты адам ілестіріп барды үшінші тобы амалсыз көтерілісшілерге қосылды. Сонда көтерілісшілердің саны осы кезде 3500 адамға жетті. Ал, ел аузындағы әңгімеде 7000 адам. Астрахань әскери губернаторының жазуынша 3000 астам. Жәңгір бұл мәліметтен хабары жоқ, тәуекел 2000 адам көтерілген деп сірә, әдейі азайтып жазған болар. Қалайда ішкі хандықтың қолына қару ұстайтын шаруаларының көпшілігі Исатайға ілесіп көтерілген шаруалар ханның ордасына қарай жақындайды, Қандыағашта жайлауда отырған. Жәңгір қысқы ордасына тығылады. Көтерілісшілер Жасқұстағы хан ордасына 4-6 км жақындап келіп, ұсақ шайқасқа кіріседі. Орданың маңындағы байлар, саудагерлер көтерілісшілердің қаһаріне ұшырап, дүние, мүліктері ақшалары ортаға түседі.
Сонымен қазан айы басталысымен көтеріліс қарқыны күшейіп, екпіні өршіп, енді өрістей келе ханның өзін құртуға бет алады. Бұл кезде көтерілістің бір ұраны – хан өкіметін құрту, шаруаларға әлеуметтік теңдік әперу. Әрине, бұл утопиялық ұғымдағы теңдік. Екінші ой – бұқара ханға өзі барып таппақ қоймақ. Дегенмен шаруалардың әлеуметтік белсенділігі артып, екі таптың арасындағы жік айқыны ашыла береді. “Хандықпысың”, “Исатайлықпысың” деген түсінік пайда болады. Ішкі тараптың барлық аудандарында қараманды Қара өзен маңынан Каспий теңізіне, Астрахань өңіріне дейінгі жерлердің бәрінде көтерілген шаруалар үстем тапқа батыл қимыл жасап жүргенін көреміз. 1837 жылдың қазан айы – Исатай мен Мақамбет бастаған антифедалдық шаруалар соғысының ең шарықтау кезеңі болады. Мақсат жиылып барып өз талабын орындату.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет