Біз шаруалардың наразылығы туғызып, саяси белсенділігін арттыруға басты себептер деп отарлық езгі, жер тапшылығы дедік. Келесі себеп-ханның үзіліссіз алым-салық пен салымның (повинность) санын, көлемін көбейтуі. Зерттеуші Қасымбаев хан салығының 20 шақты түрін атаған, бұда толық емес. Алым-салық жинау қазақта болмады деген хате. Кіші жүзде ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ. соғым, зекет, пітір, құшыр т.б. жинау болған. Бұл наразылық туғызып, салық жинаушыны сабау, өлтіру болған. Ол өз алдына әңгіме. Ал Жәңгір бұны өзінің баюы, отаршының қажеті үшін жинаған. Өлкетанушы Ж.Ақпай А.Харузиннің: жангир “всегда входил в интересье народа”, - дегенін ( :198) Сөзбе-сөз көшіреді. Бұл хате хан. Салық алым мөлшерін өзі белгілеген, есебі сақталмаған. Орынборға т.б. шынын айтпаған. Мысалы, соғым 10 бай мен 5 кедейден біреу, зекет 40 қойдан 1 қой деген. Бұдан ол халық мүддесін ойламағаны көрінеді. Шындығында әлде қайда көп. Бұдан ол халық мүддесін ойламағаны көрінеді. Соғымнан 420 мыңнан 700 мың сомға дейін ақша, 500 түйе, не жылқы жинаған. 2. Зекет 1830ж. 82000 сом жиналса, 1844ж. 930 мың 185сом. 3. Хан кеңсесіне – 1500 – 3000 сом, 4. Писары 10-12 адам 450 сомнан халықтан алған. 5. Шабармандар – 15 кісі, оларға ат киім, жалақы әр рудан төлеген. 6. Хан үйіне қызметкер - әр рудан киім, ат, жалақы. 7. Кеңсе бастығына 3000-6000 сом. 8. Дау шешу үшін депутат болған, олда сол ру есебінен. 9. Салық жинаушыға 700 сомнан дейді бірақ олар білгенін істеген. 10. Емшіге – 428 сом, 11. Ветеринар – 700 сом. 12. Рубасы өз білгенінше. 13. Ауыл, ру бөлімі билері де. 14. Почтамейстер – жылына 600 сом. 15. ОШК нұсқауымен Камышин т.б. Жасқұсқа, одан Тинянскийге почта жүргізген Черноярдағы почтаны ұстаушы 5 жылқы, 50 қой алған. Сондай мөлшерде Қаракөл, Шоқай, Жасқұста почта станциялары алып, арнайы салған үйде тұрып, шабындық, көлік, арба, жегу әбзелі т.б. жабдықталған – деп жазған хан. 16. Попқа 2 жылқы берген. 17. Қыста тебіндегі жылқы қосынан 2 жылқы, 18. Базарда сатылған 1 бас малдан 2 сом. 19. Күзде әр үй 2 түйе жүк пішен әкеліп береді. 20. Ханға сый деп әр үй 1 түйеден. 21. Ауқаттыдан ұзындығы 3 сажын ақ киіз. 22. Саудагерден неше түрлі алым. 23. Жабағы жүн – 5 пұд, не 20-25 сом. Молда ұстау ауыл мойнында. 25. Пітір. 26. Құшыр. Бұл мәлімет көбі шаруалардың арыздарынан алдық. А.Рязанов хан 1830ж. сомға 2000 сиыр. А.Харузин – 4000 бас жылқы жинады депті. Ал зекет деп хан 1836ж. 18000қой, 800 өгіз, 1000 жлқы, 700 түйе жинаған ( :669) Бұл дұрысы. Бұған біз көрші орыстар барып жұмыс істеу үшін ұлықсат қағаз – билет, айына 50 тиыннан жиналатынын қоспадық. Бұдан жылына 50.000 сом жинап, ОШК ұстауға жаратылады екен. Хан патшаға барып деп елден “Жылу” жинаған және жыл ара, не жыл сайын астанаға не “сыйлық” жөнелткен. Профессор Қасымбаев Жәңгірдің патша қызметкерлерімен қатынасының бірталай сырын айтқан. Оларға да “құр қол” бармайды ғой. Ханның елден басқа да алымдары бар, қайсы бірін тізсін. Мысалы, Тарғын өзенінен ескі тоғанды аршып, кеңіту үшін елден көлік, арба, жұмыс қолын т.б. жинаған. Хан тоған салдым, оған 6000 сом жараттым деген. Ондай сомға тоған салына ма? Біз почтаның Жасқұстан Бөрілі, Ұялы арқылы Глинянге баратынын сол жердегі Масқар, Төлеңгіт рулары ауылдарына жүктелгенін тәптештемедік. Бұнымен қатар Орал әскері қазақтан малын жайғаны үшін, Теңіздегі помещиктер жағалауда қыстағаны, мал жайғаны үшін арендаға ақша, мал төлегенін еске салайық. Ханның “қонақ асы”, “ханның үш асы”, “тұяқ” т.б. болған. Хан алым асылқтың мөлшерін, санын жасырған. Астрахан губернаторы сұрауына Жәңгір “соғыс қарамағындағылардың хан үстеліне әкелетін сиы, “ол әр шаруаның хәліне қарай сұлтандар, билермен жиналады” – деген. ( : ) Соғым көбіне кқшалай алынып, әр жылқы 40 сом демей, 70-100 сом алған. Бөкей Ордасын басқарған Уақытша Совет (Б.О.Б.У.С.) қызметкері Ващенко: “… соғымға деп кей жылдары 6000 сом қоса алған”, - деп жазады. () :33 Ал Иванин М. “10000 сом жинаған”, - дейді. ( : 9) Бұның бәрі толық мәлімет емес. 1827, 1829 ж.ж. көтеріліске қатысқан Қаратоғай Мәмбет ұлы (алаша р.), Ғаббас Қошайұлы (Ноғай - қазақ) т.б. Орынборға 1840 ж.ж. ханның елден әлі де көп алым-салық жинайтынын, оның санын, мөлшерін, жинушыларды жазған. Мысалы, Беріш руы 34 ауыл, 151 соғым, Алаша 22 ауыл, 92 соғым, Байбақты руы 33 ауыл 100 соғым, небәрі 12 рудан 770 соғым алды, - деген ( 48). Төрт ру мәліметі жоқ, сұлтандар, хожа, молдалар, дарқан салық төлемеген. Ғаббас 11.12.1842ж. шағымында хан жыл сайын елден ақшалай алым (сбор) жинағанын, мысалы, Шеркеш – 50000 сом, Ноғай – қазақ – 40000 сом, Қызылқұрт, Алаша р – 30 000-нан, Адай, Жетіру, Тана, Кете р. – 25000 соманан төлетіп, 410 000 сом алған. ( :18) Ғ.Қошаев т.б. зекет салығы мөлшері, сомасы туралы әр түрлі мәлімет бар, көбіне әдейі кемітіп берген. Жоғарыдағы мәліметтерді жинақтай, зерделей келіп, хан тек зекеттен 1млн. сом соғымнан да сондай пайда тапқаны көрінеді. Басқа алым, салық салым, жылу жинау халыққа 2 млн. сом шамасы зиян келтіреді деуге болар. Тек мал өніміне ғана күнелткен халыққа бұл тым ауыр жүк. Хан өз халқын өзі аяусыз қанаған.
Жәңгірдің келесі жігерлі шұғылдан жұмысы – сауда. Бұнымен Бөкей, Шығай т.б. сұлтандар, билер, байлар, тіпті хожа Қ.Бабажановта шұғылданған, бірақ олар халықты Жәңгірдей өз халқын өзі өрескел қанамаған. Ханның сауда, несие беру, алыпсатарлық т.б. қаржы операцияларымен құйтырқы жұмыстарын проф. Қасымбаев Ж. бір шама айқын, дәлелді баяндап, Жәңгір, “саудамен өз халқын тонаған” деп тұжырым жасайды. ( : ) Хан ауқаттыларда бір-бір түйеден көлйкке жинап алып, Сарытау, Аштарқан, Цариқын, Теке т.б. базарларында сатқан. 1827 жылдан орыс, татар т.б. саудагерлер Жасқұста жәрмеңке ашу, тұрақты сауда орнын белгілеу туралы мәселе көтерген. Ақыры Орынбор 1831ж. жәрмеңке ашуды қолдап, сауда орындарын т.б. қажеті үшін қаржы бөлген, құрылысшы мамандарын жіберген. Жәңгір бұларға бақылаушы болып шыға келген. Жәрмеңкеде хан өзі болып, әр бір сатылған малдан 1-2 сом ақша алған. Мынадай күлкілі жәй халық жадында сақталып, бізгге де жетті. Бір шаруа ішпей-жемей 2 түйені баптап, сатуға жәрмеңкеге әкеледі. Бір уақытта қасынан үлде мен бүлдеге оранған екі келіншек өтіп бара жатады. Шаруа әлгілерге қарап аузын ашып шіркін-ай, мына келіншектің, мықынына қолы жеткен жігіттің не арманы бар екен, - депті-мы. Бұны тыңшының біреуі естіп, жалмажан базардағы ханға жеткізеді. Хан әлгі бишараны шақыртып алып, сен Фатима ханымға тіл тигіздің – деп айыптап, айыбына 2 түйесін тартып алыпты. Жәрмеңке ханның табыс табу көзінің бірі болған. Жәңгір жоғарыда аталған қалалармен сауда жасап, олардан астық, құрал-жабдық т.б. әкеліп елге саттырған. Сөйтіп хан қарабасының баюы үшін қызмет істеген. Жерсіз қалған, алым-салықтан шаруалар Жайық сыртына көшіп қаша берген. 1820ж. ішкі тарапта 13 мыңнан астам шаңырақ болса, 1830ж. 10.350 шаңырақ қалған. Мал саны күрт азайып 16 млн. бастан 2 млн-дай қалған. (…) Мал шығынын жұттан, қысқы бораннан сақтау қамын ойластырмаған, яғни малды ықтыны, тебіні бар жерге жайғастыру шарасы істелмей, 1827ж. 120 мың бас мал боранға ұшырап, ығып, далада, не орыс селоларында жоқ болғаны белгілі. Теңіз жағалауын заңсыз иеленген помещиктер Бөкей, Шығай кезінде қыстау, жайылымға аренда алып дәнігіп, оның мөлшерін, түрін көбейте берген. 1824ж. қазақ сұлтан, билері осы мәселені ханға жазып, көмек сұрап ,ді, ол губернаторға хат жазумен Сары, Қара өзендер аралығын, Самар көлдерін Орал әскері тартып алып еді, оны шешуге де белсене араласпады. Астанаға талай барып, сановниктермен ауыз жаласып жүргенде бұл екі өзекті мәселені шешуді қоймаған баспасөзге де айтпаған.
Жәңгірдің ішкі тарап шаруашылығы мәселелері мен шұғылданғаны жөнінде архив құжаттары кездеспеді және бұрын, соңғы зерттеушілерде, популистерде атамайды. Сонда хан халқына қандай пайда келтірді? Сонда да күмәнданушы үшін Бөкей ордасының ХІХ ғ-ғы тарихы, Жәңгірдің қызметі дәйекті зерттеліп, деректі баяндалуы, объективті баға берілуі жөн.
Сонымен біз Жәңгірдің алғашқы он жыл қызметіне шолу жасадық, хан қызметіне баға беруді оқырманның билігіне қалдырдық. Біз әлі де бұл мәселеге оралармыз.
Бұл он жылда Мақамбет қайда болғаны, не істегені жөнінде толық мәлімет кездеспеді. Жоғары айтылған оқиғалар сөзсіз оның көз алдында өтіп, көзқарасын қалыптастырды. Болған оқиғалардың бірқатарын түсінсе, көбін жастық пен түсінбеуі де мүмкін. Хан ордасына қашан келгені де белгісіз. Бірақ оны Ордаға келуіне себеп-оның ақындығы, әншілігі, домбырашылығы, шешендігі екені сөзсіз. Өйткені басқа адам онда тұрақтамаған. Осы, 1830ж.ж. шамасы ол үйленген. Кей автор Мақамбет сақая келе, 1834ж. үйленді дейді. Бұл дерексіз әңгіме, делбар.Жаңақала ауданында Мерген, Бірәлиев, …Сеитов, Аманғали Қанатов т.б. Мақамбеттің қайыны Байбақты руы Дауымшар атасының Бірәлі Есейұлы деген, атында атады. Атырау Пединститутінде істеген Қасен М.Есмағұловке маған бұл сөзді растап, қыздың есімі Айғанша деген. Оралдың Фурманов ауданында, “Айғанша” деген жер бар, бұл Бірәлінің бір тұрағы. Айтушылар Айғанша жасынан пысық, өнерпаз, қуатты болып, жылқы баққан, дойыр, сойыл жақсы меңгеріпті. Бұл мәліметті кітап жазам дегесін. Әбуталиповке беріп, едім, оқсата алмады ғой. Мақамбет пен Айғанша 1825-1829 ж.ж. арасында табысқан болар. Кәриялар екеуі үйленген. Айғанша қайтыс болған дейді. Біз Алматы архивіндегі 4 қордан біз келген-кеткен қағаздар тізімі журналындағы 1832 ж. 21 тамызда Жәңгір Бөкеевтің қатынас қағазында: “Мақамбет Өтемісов Әжмәмбет Досалиев дегенді қалың мал үшін түрлі нәрселерді беріп қанағаттандыруды” – деген қысқа сөйлем бар. Сонда Мақамбет Ә.Досалиевтің ұрпағын іздеу керек болды. Сонда ақын 1831ж. не 1832ж, басында тағы үйленген болады. Мақамбеттің балалары туралы Т.Боранғалиев тағы долбар айтады. Оның мақаласындағы долбарға түсінік берейік десек. “Егемен Қазақстан” газеті соңғы жылдары жазылған 5 мақаламызды жарияламады, пікір алысуға жол бермеді. Автор Мақамбеттің “Жалғыз ұлым Мақмұт, Бекетай құмда ода бар” дегенді жоққа шығарып, Мақмұт оның баласы емес депті. Әдетінше, дәлелі жоқ. 1859 ж. тізімде Мақмұт 25 жаста, Өтеміс жанұясы тізімінде жазылған, ал,1861 ж. тізімде бар. Кәриялар оны аталыққа (шежіре) Мақамбеттің баласы деп жазған. Бұндай мақала зерттеу емес, ұлы Мқамбетті кемсіту. Ешбір дәлелсіз Т.Боранғалиевтің Мақамбетті “батыр” деуге қандай қақы бар? Батыр атағын ісіне қарай халық берді, жадында сақтады. Редакция Ұлы Мақамбеттің аруағын, халықтың ниетін силауы тиіс қой! Бұл Мақамбеттің халық алдындағы еңбегін жоққа шығару. Сөз бостандығы, демократия деп ойына келгенді жариялай беруге бола ма? Бұл қазаншының еркі бар, қойдан құлақ шығарса, - ғой. Халықтық жтиканы сақтап үйренейік. Ол бір заман тым қиын болды, Өтеміс әулетінің быт-шыты шықты, әке баладан, әйел ошағынан айырылды. Мақамбет жанұясын түгендеп үлгірмеді, Нұрсұлтанды Жәміл Елемісұлы тауып алып келген дейді. Ал оның анасы кім еенінде білмейміз. Сірә 1834-1835ж.ж. Мақамбет өмірінде күрделі жай болған, оны топшалау қиын. Бәрі де ел ішінде хан бастаған ылаңға байланысты шиеленісе берген.
Шиеленіс, наразылық тууының 4-ші себебі – хан, сұлтандарды, билердің, байлардың шаруаларды қанауды күшеюі, зорлық, қорлық жасауы болды. Құныққан салық жинаулар шаруаның хәл, жайына қарамай мал ішінен тәуірін алған, зекет соғымды бірнеше алуыда болған. Алым, салықтан құтылу, не азайту мүмкін болмайды. Шаруа ығысып Жайық аспақшы болады, бірақ онда да жеңілдік жоқ. Тіршілік көзі мал болғасын шаруа бар малының санын жазысып, кемітуге тырысуы да амалсыз іс. Теңіз жағалауында Татан ұлдары деген зекет төлеуден бас тартып, мал санын жасырады. Бұны естіген осы өңірдің билеушісі Қарауыл хожа Бабажанов сол ауыл биіне әлгі шаруаларды дойырмен ұрып, жазалап, керек алым-салықты тартып әкеткен. ( :42). Ал байбақты руы Күшпен, Қара ауылдарына малдары үшін төленетін ақша салығын жинауға барған сұлтан мен 2 биді әбден ашынған шаруалар сабап, өлтірген. ( :1). Қ.Мәмбетұлы, Ғ.Қошайұлы т.б. Орынборға жазған шағымдарында: хан тарапынан бізге жылсайын әртүрлі талау жүргізіледі. Хан әр руға 1-2 сұлтанды салық жинауға жібереді, ол олардың зияны ханнан да асып түседі. “Біз мұқтаж болғасын салық төлеуден бас тартсақ, олар бізді сабайды және азаптайды, ол біз қарсылассақ бізді ханға сүйрейді, хан бізді шақырып алып одан да қатал жаза қолданады. Біздерден түйелер мен жылқыны он-ондап өндірумен қатар, оның үстіне бір-бір ат, шапан тағы алады. Біз өз меншігімізге қожа болудан айрылдық”, - деген ( :21) Ж.Қасымбаев “Жангир обирал собственный народ”, - деп жүргені, тек өзі бұдан дұрыс тұжырым жасамайды. Әйгілі профессор Бекмахановтың “ханско-султанская верхушка занимался произволом и насилием против крестьян” дегені шындық. Тек патша авторларындай қазіргі әдебиетші, журналистер, өлкетанушылардың шаруа мүддесін қорғамай, тарихи шындықты жасыру оқырманды алдау ғой.
Біздің кәриялар халық көзінің тірі кезінде Жәңгірге жемқор, жебір. Озбыр, сұрамсақ деп ат қойды деген. Ол раста болар. Әнес Сарай хан ОШК төрағасы Генс пен дос болды деп дәріптейді. Дұрыс шығар. Хан Орынборға Ішкі тараптағы түрлі қылмысты, даулы істерді тәптештеу үшін тергеуші қоюды сұрайды. Генс бұндай істерді өзің терге деп Жәңгірге жүктейді. Сот ісінде де жергілікті патша әкімшілігі сауаттылық көресете алмады. Хан осыны пайдаланды. Ол ел наразлығын туғызған көтерілістерден тиісті қорытынды шығармады, жебірлігін жалғастыра берген. Мысалы, кісі өлімі ісінде құн төлеуді қолданды. Бұл хан, билерге пайдалы еді. “Жеті жарғы” бойынша ер адам құны 1000 бас қой. 1829ж. кісі өлтіргені үшін Қарабеков дегеннен “құн” деп ханның өзі Шөке Н. 2000 бас қой алып, өлген кісі жесіріне ештеңе бермеген. ( :384). Шөке сұлтан біреудің балтамен қолын шапқан, байбақты Есімбайдың көзін шығарған. Шаруаны соққыға жығу, жалқысын т.б. алу Шөкеге т.б. қаліпті іс. () :385 . 1834ж. Алаша руының азаматын төлеңгіт Ғалиев өлтіргені үшін 2000 қой, 19 сиыр, 40 жылқы төлетеді де, оны хан, Шөке сұлтан, Алтай би бөліп алады да, қазалы үйге 200 қой берген. ( :382). Сондай-ақ, Шүкіров Ж. деген Ш.Қонысбаевты өлтіргені үшін 2000 бас қой төлеген. () :383 . Бұндай фактылар тағы да бола тұрса да, баспасөзде белгілі болса да қазіргі авторлар жасырады. “Оқымысты” хан Тәніш деген қызды жұрттың көінше сабаған.
Ханнан сұлтандар, билер қалыспаған. Шаруалар ханға көрген жәбірін айтайын десе Жәңгір қабылдамаған. Бұның бір жағынан шаруалардың шаруасын шайқап, тұрмысын күйзелтсе, екіншіден, қоғамда наразылықты өршітіп, қарама-қарсы екі топ пайда болуына әкелген. 1827, 1829ж. көтерілістер себептері де осы, бірақ одан хан, сұлтандар тиісті қорытынды жасамады. Біз жоғарыда айтқандай кедейлену көбейіп, бір қатары Жайық асты десек, қалғанының көшетін әлі болмай байға “қоңсы” болған, көрші орыс байларына, ОКӘ офицерлеріне, балықшыға тұз өндірушілерге барып, болмашы ақыға жалданған. Оған әлі болмағандар “байғұс” аталып, Жайық бойындағы ОКӘ мекендерін жағалап, жолым үйлерін бекініс, форпост сыртына тігіп, казактарға жалданған, “… К линии подкочевывают одни белые киргизы: сюда гонить одна лишь нужда, крайняя нищета и необходимость заработать насущный хлеб у русских” сосын: “… киргизы постепенно русеют”, - дейді Щапов. ( :16) Не қайыршы болады. Бұл тұрмысты жазу тым қиын. Қазақ баласын асырап алмағасын ұнға, 25-50 сомға орыстарға сатқан. Бала аты, жөнін өзгертіп, христиан дініне кірігізіп, ата жұртынан айырылған. Оралқаласындай 1835ж. Сондай 67 қазақ баласы болған. Орынбордан Үйшікке дейін осылай. Құлдыққа сатылған қазақ балалары туралы архивте талай мыңдаған істер бар. Әнес Сарай т.б. бұндай жазбай, байғұсты “байғыс” деп, олардың әлеуметтік жәйін аша алмаған және олар орыстармен бірге тұрған депті. Бұл жалған мәлімет.Әскери форт, бекіністерге қазақты кіргізбеген, кей жалшы жұмысын істеп, сыртындағы жатағына қайтқан. Бұның бәрін Мақамбет көрген, білген. Содан болар, ол: “Аузы түкті сары орыс, кімге зорлық қылмаған”, - деген.
Феодалдық қанау мен отарлық езгінің зияны, зардабы тым көп, оның бәрін түгендеп жазу аса ауыр. Неше түрлі жантүршігерлік фактылар. Мынадай оқиғаны еске салайын. К.Матаев (Табын) деген 17 жасар бозбала 1824ж. жағалап Ілбішінге барып, өлер болғасын В.Харкинге барып, алумызды орыстар шауып, дүние, малды талап, әкемді өлтірді, тұлдыр жетіммін, не істесе десеңде көнейін, мені казөак әскері қатарына алыңыз – деп жылап, жалынды. Орыстандыруға құмар казактар оны өз қатарына алады, дініне кіргізеді. ( :7) Тағы бір сұмдық, атаман Донсков Д. қарулы командамен келіп, Жайық маңында егін егіп, қоныстанған Кердері аулына келіп: 2 адам малымызды ұрлаған, соны іздеп жүрміз – деген. Бұл белгілі, әзір сылтау, ұрыну. Сол күні әлгі ауылды шауып, 18 адамды өлтіріп, 2 тұтқындаған. Егіншілер дүние, малынан айырылып, босып кеткен. ( :150) Орынбор губернаторы осының бәрін біле отырып, еш шара қолданбаған. Онымен қоймай, кедейге қамқорсып, Ресейдің губерниясына аударып, несие, мал беріп, орнықтырып, дініне кіргізген. Бұл орыстандырудың, қазақты азайтудың зұлым амалының бірі кешеге дейін қалмады ғой. Бұның бірі көрінісі – болмашы кінә үшін айыптап, каторгіге, не Сібірге жер аудару болған. Бұның бәрі тәуелсіздігінен айырылған қазақтың әркімнің тепкісінде болып, қор болғанының ащы көрінісі, кісілігінен айырылған. Әрі бармай, біздің Теке қаласында 1815ж. 18 қазақ жалшы болып жүргенде, қожаларының қысымымен күзде Орал казак әскері қатарына алыңыз деп арыз жазуға мәжбүр болады. Кешікпей олар балаларымен 28 адам казак болып, христиан дініне кіргізілді. Қожайынның фамилиясымен Буренин Павел Петрович, Петр Аблаев, Григорин Иванович Садорыкин, Иван Иванович болып аталды. ( :3). Орыстандыруда кедей қазақ балаларына түрлі қысым жасап, не алдап, мүшкіл жайын пайдаланған. 1812ж. Тама руы аташал атасының баласы Есболов Қонысбай арыз беріп, “по бедности моей, без пропитания…” – дей келіп казак әскеріне алуды өтінген, “мәңгі қызмет атқарайын”,- деген. ( :). Орыстандырудың тағы бір тәсілі жылы сөйлеп, қамқорси алдап христиан дініне кіргізе берген. Сарыбай Есмурзин (Жаппас руы, алшын бөлімі) кдейліктен 14 жасар ұлын Степной бекінісі тұрғынына жалшылыққа берсе бала үгіт пен қысымға ұшырайды, 100 сом беріп христиан дініне кірігізіп, Васильев Яков деген есіммен Верхне-Уральск уезіне жөнеелтеді. ( :14) Ресей азаматтары қазақты, әсіресе балаларын арзан жұмыс қолы ретінде кеңінен пайдаланып, аяусыз қанаған, әсіресе 12-15 жасардағыларды. Таңат ұлы Айтас 13 жасында інісімен ауру анасын асыру үшін “Красный Умет” деревнясы орыстарының сиырын жазбай баққанына 30 сом ғана алады. Тағы бір 12,15 жастағы 2 бала көрші селоның малын бағыпты. ( :33). Титімдей бала түгелі үлкендерге орыстар арасында жұмыс істеу қауіпті, әр жәбірлеу, тілдеу, кемсіту, дәлелсіз айыптау, қорлау болған. Сенбеушілік, бәле-жала жабуда кездеседі. 1836ж. Теке қаласына жақын Рубеж өзені аңғарында 14 жасар Жолдыбаев Құттығали деген 14 жасар бала мал бағып жүрсе біреудің даладағы 2-3 мая пішені өртенсе, оны әлгі бала жауып, түрмеге жауып, Орынборға жөнелтеді. (60) Бұндай фактыны тағыда атауға болады. Қазақты азайтудың бір жолы – Жайыққа жақындағанды ұстап, соттап, жер аударған. Байбақты руының 4 азаматы Нарыннан келіп Жайық өтпек кезінде ОКӘ-рі ұстап, Теке қаласының әскери соты бәрін Архангельскіге жер аударған, көлік мүліктерін 8 сиырын олжалаған. Алаша руы Сары арысы, Әукетай аулының Тұрдығұл Рақмет (33 жаста), Қалдыбаев Бойдақ, Өтебаев Құрман т.б. Жайық өтем деп қолға түсіп, бәрінің көлік, мүлкін олжалап, өздерін Архангельскіге, Үркітке жер аударған. ( :10) Қиын тұрмыстан басын қатерге тігіп Әжібай, Чапай Сағыз ұлдары Жайыққа жасырынып келіп, балық аулап отырғанда қолға түсіп, бір балық үшін көп азап шегеді. ( :247) Қорғаншысы жоқ, бодан ел азаматтары әлеуметтік дағдарыс зарпынан ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кте берген. Казак тептер болған, солдатқа барған татар, ноғай, қазақ ауыр жұмысқа, қорлыққа шыдамай қаша берген. Абдуллин Х., Абдіғапаров М., Негметуллин Ф., Григорьев т.б. солдат, казак болудан қашып келген. ( 66) Ресейдің өз ішінде шаруалар, солдаттар билеуші, қанаушы топқа наразы болып, әлсін-әлі бүнт көтерген, не армиядан, помещиктен қашқан. 1825ж. декабристер көтерілісі болғаны белгілі. Бірақ Кіші жүзде әлеуметтік күйзеліс тым күшті болып, бала сатуға барған.
Бұл Кіші жүзден тараған құбылыс. Біз бұл екі территория халықтың ауыр әлеуметтік жағдайын азаттық, тәуелсіздік үшін арпалысын талай жазып жүрсекте өлкетанушылар, әдебиетшілер халық қайғысынан гөрі хан, сұлтандардың жалған өмірін жаза беруде. Тіпті патша чиновнигі Е.П.Ковалевскийдің 1839-1840ж.ж. өз көзімен көріп жаны түршіге жазған қазақ тұрмысын қазіргі авторлар елемейді. Дегенмен тағы да есімізге алайық. Өйткені, оқиға Мақамбет жүрген, тұрған жерлерден суреттеледі. Біз – дейді Е.Ковалевский, - талай жалаңаш, ашыққан, азған, жәбірленген киргиздерді (қазақтарды) көрдік. Ол бишаралар қалың, күртік қарға суықтан тығылып, немесе қамыс арасына жасырынып, қаңғумен табылған терінің бір пұшпағын, не өсімдіктің тамырын қорек етеді, - деп жазған (71). Иесіз, сусыз Үстірт жазығында әр жерде 2-3-тен аласа, ыстлған, жыртық, қазақтың ескі киіз, не шым үйлері, жер кепе, там кездесе берген. Бұларда қазақтың сайғақшылары тұрады екен. Оларда еш мал болмайды. Бұлар қазақтың ең жарлы тобы, киіктің көп жүретін жолының маңында тұрады. Олар киік жолын бағып тор құрады, не шұңқыр қазып оның бүркеп аңдаусызда түсіріп, қорек етеді. Сөйтіп, күзде жылдық ет жинап, кептіріп алады да, терісін киім, төсем, төсек жасайды екен. Бір сайғақшы қарттың үйіне Е,Ковалевский кіріп қараса, төсекте жатқан кісінің көзінде ешбір өмір бөлгісі, жылылық жоқ екенін кріп, шошиды. Үйде ешбір мүлік, ыдыс-аяқ, төсем жоқ. Басып қағып жүргендер көп болған. Үстірттің “Шың” адырындағы қазақтардың күнелтісі тым нашар екен. ( :118) Бір қызығы, Шынәлиев Кәрім атай 1927ж. осы Шыңнан келген кәрия Мақамбет толғауларын, өмірін жақсы біледі екен, Орынборда бізге талай айтқан де-п сендіреді. Мүмкін, Үстірт, Шың мен Мақамбет талай жүріп, Қаразымға барды ғой, жолай әр жерде кідірген болар. Қайтарда 1839ж. басында хатты Мақамбет осы маңнан жөнелткен. Бұлардың ішінде Жәңгір, Балмағанбет сұлтаннан т.б. қашқандарда болар. Е.Ковалевский барымтаның ауылдар арасы қатынасымен саудадағы зиянын жазған. Сонымен, патша үкіметі, оның жергілікті әкімдері, Жәңгір хан, Баймағанбет сұлтан Кіші жүз жұртында сауатсыз, халық мүддесіне қайшы саясат жүргізіп, қоғамдағы шаруашылық дағдарысын, әлеуметтік күйзелісті одан әрі өршітіп, тек өз мүддесін ойлап, қоғамға ауыр зардабын тигізді.