Шоколадты «Шарлот» кремі. Крем «Шарлот» кремі тәрізді даярланады. Тек жұмыртқа-сүт шәрбатын қосқаннан кейін ғана какао ұнтағын қосады. Сапасына қойылатын талаптар: біртекті көтерілген, пішіні жақсы сақталған, шоколад түсті қоспа; ылғалдылығы (24,5 - 2)%. - Шоколадты «Шарлот» кремі. Крем «Шарлот» кремі тәрізді даярланады. Тек жұмыртқа-сүт шәрбатын қосқаннан кейін ғана какао ұнтағын қосады. Сапасына қойылатын талаптар: біртекті көтерілген, пішіні жақсы сақталған, шоколад түсті қоспа; ылғалдылығы (24,5 - 2)%.
- Кофелі «Шарлот» кремі. Бұл кремді «Шарлот» кремін дайындағандай етіп даярлайды, бірақта жұмыртқа-сүт шәрбатымен бірге салқындатылған кофе шәрбатында қосады. Сапасына қойылатын талаптар: біртекті көтерілген, жылтыраған, пішіні жақсы сақталған, кофенің хош иісі бар; ашық кофе түсті қоспа; ылғалдылығы (25,4 – 2)%.
- Жаңғақ қосылған майлы «Шарлот» кремі. Бұл кремді де «Шарлот» кремі тәрізді дайындайды, тек жұмыртқа-сүт шәрбатымен бірге қуырылған жаңғақ ұнтақтарын қосады. Сапасына қойылатын талаптар: жаңғақтары біркелі таралған, біртекті көтерілген, пішіні жақсы сақталған, сары түсті қоспа; ылғалдылығы (24,6 – 2)%.
- Джем қосылған «Шарлот» кремі. Даяр болған «Шарлот» креміне шайқағаннан кейін джем қосып араластырады.Сапасына қойылатын талаптар: пішіні жақсы сақталған, біртекті көтерілген, джем иісі айқын сезілген қоспа; ылғалдылығы (26 – 2)%.
Агардағы «Шарлот» кремі. Агарды жуып, оған сүттің бір мөлшерін құйып, агардың ісінуі үшін 2 – 3 сағатқа қояды да, агардың толық ерігенінше қайна-тады. Алдында көрсетілген әдіспен сүттің қалғанынан жұмыртқа-сүт шәрбат-ын дайындайды. Ерітілген агарды ыстық жұмыртқа-сүт шәрбатына қосып, сүзеді де, 200С-қа дейін салқындатады. Майды тазалап, машинамен баяу 5 – 7 минуттай шайқайды да, шайқау жылдамдығын арттырады. Оған жұмыртқа-сүт, ваниль ұнтағын, коньяк қосады да 10 – 15 минуттай шайқайды. Бұл кремнің құрылымы өте тұрақты. - Агардағы «Шарлот» кремі. Агарды жуып, оған сүттің бір мөлшерін құйып, агардың ісінуі үшін 2 – 3 сағатқа қояды да, агардың толық ерігенінше қайна-тады. Алдында көрсетілген әдіспен сүттің қалғанынан жұмыртқа-сүт шәрбат-ын дайындайды. Ерітілген агарды ыстық жұмыртқа-сүт шәрбатына қосып, сүзеді де, 200С-қа дейін салқындатады. Майды тазалап, машинамен баяу 5 – 7 минуттай шайқайды да, шайқау жылдамдығын арттырады. Оған жұмыртқа-сүт, ваниль ұнтағын, коньяк қосады да 10 – 15 минуттай шайқайды. Бұл кремнің құрылымы өте тұрақты.
-
Достарыңызбен бөлісу: |