«Новый» кремі. «Новый» кремін «Шарлот» креміндей дайындайды да, тек оған жұмыртқа қосады. Сондықтан қантты сүтпен 104 – 1050С-қа (жіңішке жіп әдісі) дейін қайнатады да, сүзіп, 200С-қа дейін салқындатады. «Новый» кремін какао-ұнтағымен де дайындауға болады. Сапасына қойылатын талаптар: біртекті көтерілген, пішіні жақсы сақталған, беті жылтыраған, шоколад түсті қоспа; ылғалдылығы (22 – 2)%.
Новый» кремі (Любительский майымен).Сүтті қантпен 1050С-қа дейін қайна-тып, сүзеді де, салқындатады. Шәрбаттың төртінші бөлігіне қант және ваниль ұнтағын қосып 3 – 5 миннуттай шайқайды, қалған сүт шәрбатын ақырын-ақырын бірнеше рет қосады. Содан кейін тазаланған сары май ке-сектерін қосады да тағы да 5 – 7 минуттай шайқайды да, артынан коньяк және десертті шарап қосып, тағы да 10 – 15 минуттай жылдам шайқайды. Сапасына қойылатын талаптар: біртекті көтерілген, беті тегіс, жылтыр, пішіні жақсы сақталған қоспа; ылғалдылығы (22 – 2)%.