Мемлекеттік қаржылар. Мемлекеттік қаржылар – мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің иелігіндегі қаржы ресурстарын құру және мемлекеттің жұмыс істеуі үшін қажетті қаржы ресурстарын пайдаланумен байланысты ұлттық банктің бір бөлігі мен қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлумен байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттік қаржылардың құрамына мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие кіреді. Мемлекеттік бюджет – экономиканы, әлеуметтік-мәдени, қорғаныс пен мемлекеттік басқару қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталған елдің елдің ортақтандырылған бюджет қорын құру және пайдаланумен байланысты мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасында ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуге қатысты туындайтын ақа қатынастарын бейнелейтін экономикалық категория. Мемлекеттік бюджеке орталық және жергілікті бюджеттер кіреді.
Бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар – қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді қолданылатын және кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін қамтылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың ерекше нысаны.
Оның негізгі қалыптасу көздері:
А) арнайы мақсатты салықтар, займдар;
Ә) бюджет субсидиялары;
Б) қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары;
В) ерікті түрдегі жарналар.
Бюджеттен тыс қорлар маңызды әлеуметтік шараларды уақтылы қаржыландыру және түскен қаржыларды мақсатты түрде толық көлемде пайдалануға кепілдік береді; қаржы қиындықтары болған жағдайда мемлекттік биліктің қаржы резерві ролін атқарады.
Мемлекеттік несие – мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы ақшалай қатынастар, оның ішінде мемлекеттік билік органдары қарамағына уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдыру және оларды мемлекеттік шығындарды қаржыландыру үшін пайдалану.
Қаржы жүйесіне сақтандыруды да жатқызуға болады, біраұқ көптеген ғалымдар оны қаржымен байланысты дербес категория деп тұжырымдайды.
Сақтандыру – сақтандыру оқиғаларына орай отбасы табыстарындағы шығындарды немесе шаруашылық жүргізуші субъектілерге тигізілуі мүмкін залалды мақсатты сақтандыру қорының ақшалай салымдары есебінен жабуды оның қатысушылары арасында жабық қайта бөлу қатынастарының жиынтығы.
Сақтандыру өзінің әлеуметтік сақтандыру (барлық әдістер), жеке сақтандыру, мүлікті сақтандыру, жауапкршілікті сақтандыру және т.б. тәрізді негізгі звенолары бар ерекше сала.
Несиелiк серiктестiк – банк болып табылмайтын, өзiнiң қатысушыларына несие беру және қызмет көрсету мақсатында құрылған, өз қызметiн Ұлттық банктен қарыздық және басқа да банк операцияларын жүргiзуге асырушы заңды тұлға. Несиелiк серiктестiк жабық акционерлiк қоғам және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк түрiде құрылатын және өз қызметiн жүзеге асыратын коммерциялық ұйым. Несиелiк серiктестiктiң қатысушылары жарғылық қорының елу пайыздан астамы мемлекетке жататын өкiлеттi атқарушы және сот билiгiнен, қаржылық капиталы мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардан, сондай-ақ, оны тiркеген мемлекеттiң заңымен сәйкес келетiн оффшорлық аймақтағы компания статусы бар заңды тұлғалардан басқа жеке және заңды тұлғалар (резиденттер және резидент еместер) болуы мүмкiн.Несиелiк серiктестiктердiң жарғылық капиталы пай қосу және мiндеттi кiру жарнасын төлеу жолымен қалыптасады. Мұндағы қосқан үлестер мүшелiктен шығып қалған жағдайда қайтарылмайды. Несиелiк серiктестiктердiң мүшелерiне кооперативтер, жалгерлiк кәсiпорындар, банктер, шағын және орта бизнес, жеке тұлғаларыф кiредi. Несиелiк серiктестiктердiң Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ одан тысқары жерлерде филиалдарын, өкiлеттiлiктерiн және еншiлес серiктестiктерiн ашуға құқығы болмайды.«Несиелiк серiктестiк туралы» ҚР заңына сәйкес несиелiк серiктестiк– бұл оның қатысушыларының бос ақшалай қаражаттарын жұмылдыру жолымен қаржылық көмек көрсету барысындағы қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мақсатында заңды және жеке тұлғалардың ерiктi түрде бiрiгуiнiң нәтижесiнде құрылған, банк болып табылмайтын және ҚР Ұлттық банкiнiң лицензиясы негiзiнде жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлға. Несие-жинақтау ассоциациялары – клиенттерге керi сатып алынатын және процент түрiнде табыс түсiретiн сертификат сату арқылы капиталы құрылатын мекеме. Ассоциация капиталының көп бөлiгi ипотекаға салынады.
Несиелiк одақтар – бұл белгiлi бiр жеке тұлғалардан немесе ұсақ мекемелерден ұйымдастырылатын несиелiк кооперативтер. Оны кәсiподақтар, iрi кәсiпорындар, шiркеулер ұйымдастырады. Олар негiзiнен АҚШ-та, Ұлыбританияда, Канадада кең таралған.