Бұл бағдарламаның дәстүрлі бағдарламадан ерекшелігі



бет21/35
Дата29.05.2024
өлшемі241,65 Kb.
#202997
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35
Байланысты:
жаңартылғын білім беру лекц (3)

Оқулықпен жұмыс
Оқулық – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына және пән бойынша оқу бағдарламасына сәйкес нақты оқу пәні бойынша білім мазмұнын ашатын және оқушының білімін кеңейтіп, терең меңгеруге көмектесуге арналған оқу кітабы. Ол белгілі бір жолмен сұрыпталған жүйеленген материалдан тұрады. Оқу материалы оқушылардың дайындық деңгейіне және жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін оқудың белгілі бір сатысында зерделенеді. Оқулықпен жұмыс істегенде оның мақсатты-ынталандырушы, функционалдық,
құрылымдық-мазмұндық белгілерін ескеру қажет: Оқулықтың мақсатты-ынталандырушы қыры:

  • оқушыларға ғылыми құралдарды, теорияны, әдістер мен тәсілдерді қолдану ережелерін үйрету;

  • оқушыларды өз бетінше ақпарат іздеуге, сараптамалық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға үйрету;

  • әлеуметтік тұрғыдан белсенді азамат тәрбиелеу, ізгілік мұрат және демократиялық құндылықтарды, қазақстандық патриотизм сезімін, ғылыми дүниетаным қалыптастыру;

  • ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыру.

Оқулықтың функционалдық қырын дидактикалық функциялардан көруге болады. Осыған байланысты оқулықтың негізгі және қосымша функцияларын атап көрсетуге болады. Негізгі функция ретінде оқу мақсатына сәйкес келетін үш функцияны атауға болады: оқыту, тәрбие беру және дамыту.
Оқулықтың басты функциясы болып табылатын оқыту функциясы сын тұрғысынан ойлау, білімді шығармашылықпен қолдану қабілетін, проблемаларды шешу қабілетін, ғылыми-зерттеу дағдыларын, қарым-қатынас дағдыларын (тілдік дағдыларды қоса алғанда), топта немесе жеке жұмыс істеу қабілетін, АКТ саласындағы дағдыларды қоса алғанда, оқушыларда білім, білік және дағдылардың барлығын қалыптастыруға, олардың қабілеттері мен дарынын дамытуға бағытталған.
Тәрбие беру функциясы шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас жасау қабілеті, өзге мәдениет пен көзқарастарға құрметпен қарау, жауапкершілік, денсаулық, достық, маңайындағы адамдарға қамқорлық таныту, өмір бойы білім алуға дайын болу және т.б. рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет