«Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты



бет23/24
Дата04.11.2016
өлшемі6,67 Mb.
#330
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24


Ұлттық рух – туған жердегі әлеуметтік–мәдени тұтастықтың бастауы – тілдің, ділдің, діннің бағдары, елдік пен ерліктің сауыты және самғауы; қазақтың сандық және сапалық өсуінің өмірлік құндылықтарын құптаудың демеушісі, қазақ ұрпағында патриоттық сана–сезімді жаңғыртудың қозғаушы күші. Ұ. р–ң түп–тамыры – кең даладағы балбас тастардың мұңы мен беймәлім мүрделердің тарихында, ел мен туған жердің бедерін сақтап, бірлестігін нығайытқан тағдырымызда, ірілікке ұйытқы болған діліміз бен дінімізде, рухани құндылықтарымызбен тіл қатыса білуімізде. Ұ. р–ң қуаты – ұлттық құндылықтар мен қаиеттерді қолдауда, қорғауда, халқымыздың басын біріктірген береке мен біріктіретін беделге иелік етуде. Ұ. р–ң негізі – Отандық сезімге лайықты бітім мен бірлікте, келісім мен бірігуде. Рухы биік, рухани қағидаларды жетік меңгерген халықтың қай салада болмасын озық болары хақ.

Өтпелі кезеңде рухани құндылықтар халықтың күнделікті өміріне, қоғамдық санаға, тұлғалық дұниетанымның қалыптасуына едәуір әсер ете бастады. Өз ұлтыңды ұлағаттамай, оның еңбеккері мен еңселілерін елемей, рух қайдан келмек, кімге енбек. Ұ. р–ң мән–мағынасын терең түсіну және дәйекті түсіндіру үшін әр ортада азаматтық белсенділік, интеллектуалды орындылық және әлеуметтік жауапкершілік қажет. Маманның да, халықтың де әлеуметтік күш–қуатын тұрақты жұмылдыратын қолжетім осында. Рухани дүниетаным өмір болмысын жан–жақты, толыққанды қарастырады, адам мен қоғам тіршілігінің дамуын жетілдіреді.

Рух – сергек жүректің әлемі. Сондағы өрелікте әрекетті ілгері бастайтын тірлік, болашақты ойлатқызатын ізгілік деп ұғынушылық басым. Содан рухты елдік пен ерлікті түгендеуші ішкі қасиет, оның қайнар көзіне үкідей сақ болдырғызатын қабілет–қайсарлыққа балаушылық қалыптасуда. Рух рабайы бес сапалы өлшемнен – тазалықтан, туралықтан, түсіністіктен, татулықтан, тұтастықтан білінеді. Тірі рух арқылы адамның бойында ұлттық, халықтық, елдік, мемлекетшілдік қан ойнады. Қаны қызулы жандардың, отандастардың бойында ұлт болмысын ұғынатын жігер, отаншылдық қайрат басым болды. Осындай күш–жігердің ілгері басуына септік тигізу – бүгінгі әлеуметтілік қажеттілікті мойындаушылық әрі құптаушылық. Қажеттілік деп отырғанымыз – елді біріктіретін күш–қуатты іске асыру, осы бағыттағы патриоттық, рухани, ұлттық тәрбиені жетілдіру.
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ– халықтың салт–дәстүр, ана–тілі, төл мәдениеті негізінде берілетін тәрбие. Ұғымын ғылыми айналымға ендірген Мағжан Жұмабаев, оны жас ұрпақты қазақ жанына қабыстырудың, әр тәрбиешінің қолданатын жолы, елді дағдарыстан шығарудың және дамытудың кепілдігі деп түсінеді. Ұ. т. барысында жеке тұлға: а) ана тілін, төл мәдениеті мен тарихын, ұлттық салт–дәстүрлерін меңгереді, ә) ұлттық сана–сезімді, ұлттық мінез–құлық пен намысты, ұлттық дүниетанымын қалыптастырады; б) ұлттық құндылық қасиеттерін игереді, озық жетістіктерді нақты жағдайда пайдалануды үйренеді. Ұ. т–ң қажеттігі – ұлтжанды азамат тәрбиелеу ұлттық болмысын көрсете алатын, жігер–намысы артық ұрпақты баулу; отансүйгіш өнегелілік пен ұлттық рухты ұлықтау; ұлттық сана–сезімі қалыптасқан ұлттық құндылықтарды ұштастыра алатын, ұлттық мүдде мен қоғамның өркендеуіне өз үлесін қоса алатын кемелді азаматтарды тәрбиелеу үлгісінде. Ұ. т – қазақ болудың шарты, ұрпақтың қазаққа жарауының құралы; күнделікті тәртіп пен дәстүрдегі серіктестікті ұрпақтан ұрпаққа беретін әлеуметтік әдіс, ағартушылықтағы халықтық мұраны жалғастыратын нысаналы бағдар.

Ұ. т–ң бастаулары: қазақ халқының тарихи тағдыры қалыптастырған мейірім, жарасым, төзім, шапағат, парасат, ізет, бақыт туралы арман–аңсары, халықтың мәдениеті мен әдебиеті, өнері мен салт–дәстүрі, тілі мен ділі, сенім–нанымы мен дінінде тарихи сүзгіден өткен рухани құндылықтар, ұлттық ойын–сауықтар басымдығы, жаңа тарихи кезеңде нақты бастан кешіріп отырған әлеуметтік–психологиялық ахуалдарды, кісілік қасиеттерді дәріптеу. Адами–мәдени даму негіздері: жалпыадамзаттық, ұлттық–мәдени құндылықтар, табиғат пен денсаулық құндылықтары; тарихи тамырлары: халық фольклорындағы тағылымдар, ұлттық және әлемдік өнер тәлімі, қазақ ойшылдарының Ұ. т–дегі ой–пікірлері.

Негізгі ұстындары: ұлттық сана, ұлттық тіл, ұлттық мәдениет, ұлттық діл, ұлттық салт–дәстүр мен әдет–ғұрып категориялары;

Психологиялық қырлары: ұлттық мінез–құлық, ұлттық сана–сезім тәрбиесі, көңіл–күй иірімдері, тұлғалық кәсіби сапалар, адамның тұлғалық ерекшеліктері, ұлттық өзіндік сана, ұлтжандылық, отансүйгіштік.

Абай, Шәкәрім адам тәрбиесінің ұлттық сипатына, Ұ. т. бағытына ықпал ететін адамның ішкі құндылықтарына айрықша мән береді. Олар үшін тәрбиедегі халықтық дәстүр адамгершіл қасиеттерді ұрпақ санасында қалыптастыратын басты көрсеткіш. Шәкәрімнің пайымдауынша, адамның тату тұруының, адам өмірін түзеудің негізгісі – адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл. Ал ақ жүрек адалдықтан, махаббаттан, мейірімділіктен, қайырымдылықтан құралады. Осы тектес қасиеттердің кісілік және елдік мәртебесін көтермелеу – ұрпақтың да, ұлттың да бас бағдары. Жан мен тәннің, ой мен ниет тазалығы, мінездегі әдептілік Ұ. т. арқылы қалыптасады. Осы тұрғыдан, Ұ. т. елдегі тұрақтылық пен келісімді, бірлікті нығайтуға бағытталады, жас ұрпақты терроризммен және қылмыскерліктен аулақтатқызатын мемлекет мүддесімен ұштастырылады. Адамның тұлғалық келбеті – қоғамның әлеуметтік–психологиялық және мәдени дамуының туындылары, жалғасы, көріністері. Республикамызда тұңғыш рет Абай атындағы ҚазҰПУ–нде «Ұлттық тәрбие» кафедрасы құрылды, «Ұ. т.» пәні оқытыла бастады, журнал шығады.
Ұждан ОЖДАН – адамның рухани–адамгершілік қасиеті.Мұхаммед пайғамбар: «Муфтилер саған пәтуа берсе де сен ұжданыңмен ақылдас» –деп бұйырады. Ұ. – адам блмысының «төрешісі», «қазысы». Ұ. үні – бұл адамға қойылатын қоғамдық талаптардың ішкі ояныстан бастау алатын ізгілік үні және адам адамгершілігінің көрсеткіші. Ұждан белгілі бір құндылығымен және тұрақтылығымен сипатталатын өмірлік іс–әрекет бағытына негіз болып табылады, борыш туралы ұғым да осыған сүйенеді.
ҰЙҒЫРЛАР – Орталық Азиядағы көне түркі халықтарының бірі. Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялық районының тұрғын халқы. Ұ. тілі түрік тілділердің ішінде оңтүстік–шығыс тобына жатады.

Сондай–ақ Қазақстанда, Қырғызстанда, Өзбекстанда және Таяу Шығыс елдерінде тұрады. Жалпы саны 8,5 млн. адам (2001). Ұ. – қазіргі ҚХР, Шыңжаң Ұ. автономиялық ауданының тұрғын халқы. Аздаған бөлігі Қазақстанда тұрады. Тілі – түркі тілінің оңтүстік–шығыс тобына жатады. XV ғ–да Жетісуға қоныс аударған Ұ–ларды тараншы (дихан)деп атаған. Абай «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деген тарихи еңбегінде ертеректе Енисей жағалауларынан Алатауға келген көшпелі халықтар (қырғыздардың ағайындары) тағдыры туралы: «Арғы жер бұрыннан ұйғыр нәсілді халықтың орнығып, иеленген жері болып, онан әрі бара алмапты. Ол ұйғыр халқының ханы өзіне қараған халыққа есептеп жүріпті» деген құнды мағлұматтар береді. Одан әрі қырғыздардың арғы тегін талдай отырып: «Қырғызға қырғыз деп ұйғыр хандарының бірі ат қойса керек. Шабуыл кезінде олардың атты әскері алдымен ұрысқа кірісетін болғандықтан ұйғыр хандары «Пруттарды» қырғыз атандырыпты» деген дерек келтіреді. Абайдың бұл мағлұматынан қырғыздардың бір кездерде Ұ. хандығының қарамағында болғанын білеміз.



Ұйғыр мәдениеті. Ұлттық кәсіптері. Әсемдікке, эстетикалық кемелділікке ұмтылу тіреуіштерді, ағаш қақпалар мен есіктерді, терезелердің қақпақтарын сәндік элементтермен, қыш ыдыстарды мозаикалық әшекейлермен көркемдейтін ежелгі ұсталардың жұмысынан көрініс тапты. Халық зергерлері құю, соғу, өрнек салу, оймалау, жапсырма және нәзік зерлеу сияқты әдістерді шебер меңгерген. Халық шығармашылығы олардың авторларының күнделікті үй тұрмысындағы заттардың эстетикалық, сәндік сапалары туралы ізденістерін дәлелдейді. Ұлттық музыкалық аспаптар: дутар, тамбур, най, сатар, годжак, равап, сурнай, карнай, бебельваз, бубен–дап және басқаларын дайындау өнері қайта жаңғырды.

Ұйғыр қолданбалы өнерінің ежелгі дамыған түрлеріне металды көркемдік өңдеу жатады, олар – ұсталық кәсіп, ыдыс–аяқ, зергерлік бұйымдар дайындау, ұйғырлардың металл бұйымдарының дәстүрлі жиынтығына әр түрлі мақсаттарға арналған ыдыстар: жуынуға, дәрілік тұнбаларға, шәйнектер, самаурындар, табақтар, жуынатын құралдар, тегештер, мантоваркалар енеді. Олардың арасында жай ғана пайдаланылатындары, сонымен қатар жоғары көркемдік үлгілері де кездеседі. Металды көркем өңдеуде зергерлік өнер ерекше орынға ие. Ұ–да барлық уақыттарда зергерлік бұйымдар кең қолданысқа ие болды, оларды еркектер де, әйелдер де тағатын болған. Ұ. тоқылған және киіз кілем бұйымдарын өңдеуде үлкен өнерге қол жеткізді. Ұйғыр киіздері мен түйіндік жүн және жібек кілемдер Шығыс Түркістанның алыс шектерінде де танымал болып, кеңінен экспортталатын тауар болды. Әлемдік нарықта ұйғыр кілемдері парсы кілемдерімен бірдей бағаланды.

Ұ. қолданбалы өнерінің ежелгі түрлерінің бірі – кесте тігу болып табылады. Ол көбіне үй өндірісі сипатында болады. Әрбір үйде әйелдер кесте тігу білді және өз отбасының қажеттіліктеріне қызмет етті. Қыздар өздеріне тойға жасау дайындады, оның көп бөлігін кестеленген бұйымдар құрады.

Қыш өндірісі – ұйғыр көркемдеу кәсібінің дәстүрлі түрі. Ағаш оюды сәнді безендіру түрі ретінде ұйғырлар дәстүрлі жиһаз, ыдыс–аяқ, балалар ойыншықтарын дайындау кезінде кеңінен қолданған. Былғары белбеулер ұйғырларда ерлер костюмының бұйымы болып табылған. Белбеулер өрнектеліп, оймаланып, нәзік оюмен өрнектелген, жартылай асыл тастар қондырылған фигуралы күміс жалпақ тіліктермен көркемделеді. Белбеулерді безендіруде полихромды қалқаланған эмаль, алтындау қолданылған.

Дәстүрлі киімдері. Материалдық мәдениеттің жекелеген сәттерін, атап айтқанда дәстүрлі киімді сипаттай отырып, оның көбіне өз белгілерінен айрылғандығын айта кету керек. Бұрын Жетісу ұйғырларының ерлер костюмы жіңішке тік жағалы ұзын кең пішілген желбегей жейде (койнэк) мен балағы етіктің ішіне салынатын кең шалбардан (тамбал) тұрған. Жейденің сыртынан қысқа башмет киіп, оның сыртынан жіңішке тік жағалы және тар жеңді ұзын халат (чапан) киген. Халатты мақта матасының ұзын кесегінен жасалған белбеумен (бэлваг) байлаған. Қысқы сырт киім ретінде қой терісінен жасалған тон (жута) қызмет етті. Аяқтарына ұзын қонышты тар жұмсақ етіктер (мэсэ) киген, оларды үйге кірерде шешіп қоятын былғары галоштармен бірге киетін болған. Тағалы етік (отук) киген. Бас киім ретінде жазда – тақия (допа), қыста – қой елтірісімен қапталған шұға бөрік (топа), ал байларда – кәмшат, бұлғын, құндыз терісімен қапталған бөрік қызмет етті.

Әйелдер мақта матасынан тігілген, кішкене тік жағалы туника тәрізді пішілген ұзын кең жейде, сонымен қатар толарсаққа қарай тарланып келетін кең шароварлар киген. Тұрмыстағы әйелдердің жейдесіндегі қиығы мен ілгегі алдыңғы жағында кеудесінде, ал қыздардыкі – иықтарында болған. Тұрмыстағы әйелдер жейдесінің оң жақ кеудесі кестемен безендірілген. Жейденің сыртынан үйде және көшеде әдетте үнемі ұзын, тізеге дейін жететін, ілгексіз жеңсіз киім (кэмзэл) киген. Көшеге шыққанда тар жеңді (чапан), ал оның сыртынан екіншісін – анағұрлым ұзын және кең халат (перенджэ), немесе қысқа сырылған көкірекше киетін болған. Қытайлық үлгіде пішілген, өзіндік өрнектермен (мади–хан) безендірілген көкірекше (хтай–чэкойнек) де киген. Қыста олар да қой терісінен тон киетін болған. Аяқ киім ретінде көбіне галоштармен бірге жұмсақ етіктер қызмет еткен. Бас киімдері – тақия немесе орамал, қыста жалпақ жылы тері бөрік болған. Бай әйелдердің мерекелік бас киімдері сүйір төбесі ұсақ бүрмеленіп, түрлі–түсті тастармен безендірілген зерлі дөңгелек бөрік болды. Бөріктің үстінен ұзын кездемелі орамал киілген. Әйелдер беттерін жаппаған, бөтен адамды көрген уақытта беттерін орамалмен сәл ғана бүркеген.

Ұлттық тағамдары. Ұ. аспаздық өнері халықтың материалдық мәдениетінің өзіндік ескерткіші болып табылады. Ол өзінің бойында Батыс пен Шығыстың, ежелгі мен қазіргінің өзара әсерін жинақтаған, сонымен қатар бұл ұлы шеберлік, фантазия, талғамның әсемдігі мен үйлесімділігі. Ұ. асханасы тағамдарының әр алуандығы мен әр түрлілігі соншалық оның бәрін қамту мүмкін емес.

Ұ. асханасының ең ұнамды және кеңінен таралған тағамдарының бірі «лагман» болып табылады. Бұл арнайы дайындалған құймамен бірге ұсынылатын, жуан кесілген шиыршықтардан созылған қамырдың жіңішке жіпшелерінен дайындалған ұзын кеспе. Ұ. асханасының әрбір тағамының өзінің белгісі бар. Бұл тағамды махаббат тағамы деп атайды. Ұ–да, жыл мезгіліне байланысты, «лагман» 4 түрге бөлінеді. Көктемде бұл тағам үшін құйма жасыл пияздан, джусай өскіндерінен, сельдерей мен шалғамнан дайындалады. Жазда – қиярдан, сарымсақтан, джусайдан, қысқа және ұзын үрме бұршақтан, қызанақтан, жасыл және қызыл бұрыштан, баклажаннан, басты пияздан дайындалады. Күзде – сәбізден, кольрабиден, шомырдан, шалқаннан жасалады. Қыста – кептірілген және тұздалған көкөністерден. Сонымен қатар «лагманның» кеспесінің қалыңдығына, ұнның түріне қатысты дайындау әдістерімен ерекшеленетін түрлері де бар.

«Манты» тағамдар белгісінде жігіттер тағамы деп аталады. Оларды бір біріне қойылған торкөздер – «каскан», немесе қамыстан тоқылған жайпақ ыдыстар «жимбил» жүйелерінен тұратын арнайы құрылғыларда буға пісіреді. Олар түшпаралар «чошуря» сияқты ішіне бірдеме салынып жайылған қамырдан дайындалады. Бұл тағамның әр түрлілігі дайындау әдісіне, қамырына және ішіне салынатын компоненттеріне байланысты. Манты тұзы жоқ, ашытылған қамырдан дайындалады, ішіне салынатын компоненттері де әр түрлі болады, бұл ет, пияз қосылған асқабақ, жусай, інжір, клевер, жасыл пияз, айва, көкөністер және т.б. болуы мүмкін.

«Чошуряны» жас жұбайларға некелері қиылғаннан кейін екінші күні, көп балалы және ауқатты болуға тілек белгісі ретінде дайындалады. «Чошуряны» бірінші тағам ретінде де, екінші тағам ретінде де ұсынуға болады. Ұйғырлар көбіне палау дайындайды. Негізінен бұл қонақтардың тағамы. Көпшілік үшін палауды тойға немесе еске алуға арнайы шақырылған «Аш–пяз» (аспаз) дайындайды. Палау дайындау үлкен шеберлікті қажет етеді. Палауды күріштен, еттен, сәбіз бен пияздан, көбіне сарымсақ немесе мейіз қосып пісіреді.

«Самса» — анағұрлым құрметті ежелгі ұйғыр тағамдарының бірі. Самсаның нағыз атауы – самсу. Бұл ішіне тартылған ет пен пияз, асқабақ, көкөністер мен жемістер салынған тағам. Самсаны тонда немесе тандырда (нан пісіруге арналған конус тәрізді пеш). Бұл майға пісірілген тандырлық самса. Самсаға қамыр дайындау әдістері оның қайда пісірілетіндігіне байланысты. Мысалы, тандырлық самса үшін қамырды тұз қосып, қатты етіп, қазандағы самсаға – жұмсақ, әлсіз қылып дайындайды, қамыр сондай–ақ қатпарлы немесе ашытылған болуы мүмкін.

«Самсамен» қатар «поря», «гош нан», «олук нан» туралы айтпай кетуге болмайды. "Поря" арасына, көк шөп, жусай, клевер, көктеген бидай, әскөк, орамжапырақ, кинза салынған самса тәрізді тағам. Ішіне ұсақ туралған ет пен пияз салуға да болады. "Гош нан" — етті нан, қазанда пісірілген, арасына ет пен пияз салынған самса.



«Олук нан» — буға пісірілген нан, сәбіз, асқабақ, жусай, жасыл пияздан және т.б. дайындалған орама. Ұ–дың аспаздық өнері Орта Азияның барлық аумақтарында танымал болды. Ұйғыр асханалары көптеген қалалар мен ауылдарда бар.

Ұлттық әдет–ғұрыптары мен дәстүрлері. Баланың тууына, жерлеуге, үйлену тойларына байланысты дәстүрлі әдет–ғұрыптар сақталады. Бұл дәстүрлер Ұ–дың үйлену тойында анағұрлым айқын көрініс табады. Ұ–да қалыңдық үшін өтем – қалың мал берілмейді, күйеу жігіт тек үйлену тойы салтанатын өткізу бойынша барлық шығынды көтереді. Үйлену тойы музыкамен, билермен және дәстүрлі халық әндерімен қатар жүргізіледі. Кешке күйеу жігіт үйінің маңында қалыңдықты үйге кіргізбес бұрын жанып жатқан отты үш рет айналдырады.

Ұ–дың баланың тууына байланысты салттары да өзгеше. Қазіргі Ұ. баланың тууына, оны тәрбиелеуге байланысты барлық салттарды орындайды: тууы, ат қою, нәрестені салтанатты түрде бесікке салу – «бошук–той», қырқынан шығару – «кирик суйи», дәстүрлі сүндеттеу – «суннэт той» және т.б. Бірінші баласын әйел дәстүрге сәйкес өз ата–анасының үйінде туады. Босануға дейін 20–30 күн қалғанда жас босанушының анасы күйеу баласының үйіне барып босанушыны өзімен алып кетуге – «тилэп елиш» – рұқсат сұрайды. Анасымен бірге сыйлықтары бар туыстары мен жақындары да келеді. Босанғаннан кейін бала мен жас босанған әйелді күту бойынша барлық қам–қарекет анасының мойнына жүктеледі. Жаңа туған нәресте мен оның анасы қырық күн бойы зұлым күштердің әсеріне ерекше ұшырағыш болады деп саналады, сондықтан оларды қорғау керек. Жалпы аналық пен балалыққа қатысты барлық салттар бір мақсатты көздейді, не болса да баланың өмірін сақтап қалу. Босанушыға осы кезеңде кіру шектеулі болады. 12–ші күні нәрестеге ат қойылады, бұл үшін күйеуінің туған–туыстары мен молда шақырылады. Қырық күнге дейін анасының үйіне сыйлықтар мен дайындалған тағамдар алып әйелдер келеді, бұл олардың анасының қызын күтуіне көмегі болып саналады. Қырықыншы күні баланы жуындыру рәсімі – «кирик суйи» өткізіледі. Бұл үшін бір ыдысқа бір салым тұз, адыраспан, 1–2 кесек шақпақ қант, тиын салынады. Барлық қатысушылар екі ағаш қасықпен су құйылған ыдыстан суды бос ыдысқа құяды. Бұл рәсімге қатысушы әрбір әйел нәрестеге өз тілегін айтуы керек. Осы суда, оны біраз жылытып, баланы жуындырады, сосын алғаш рет шашы мен тырнағын алады.

Ұ. әдебиетінің ертеректегі шығармалары ретінде «Хустанифт», «Алтунг яругті» атауға болады. Жиырмасыншы ғасырдағы ұ. әдебиетінде Х. Закирий, А. Қожамбердиев, А. Мухаммади, Н. Семятов, Ү. Мухаммади, Н. Исраилов, И. Сатаров, К. Хасанов, Ж. Босақов, Х. Абдуллин, И. Бахтия, Х. Искандаров, Х. Хамраев, З.Сәмәди сияқты ақын–жазушылар өз қолтаңбаларын қалдырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет