Бөлім: Кіріспе. Тірі ағзалар, қасиеттері, маңызы


Пән: Биология, Бөлім: II тарау. Өсімдіктердің өсімді (вегетативті) мүшелері. Тамыр және тамыр жүйесі



бет2/7
Дата18.11.2019
өлшемі91,64 Kb.
#52019
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
биология
срс

Пән: Биология, Бөлім: II тарау. Өсімдіктердің өсімді (вегетативті) мүшелері. Тамыр және тамыр жүйесі

1.Өзіндік құрылысы бар белгілі бір қызмет атқаратын ағзаның бір бөлігі:

A.Мүше

B.Дене
C.Гүл



D.Тостағанша

E.Күлте
Мүше – өзіндік құрылысы бар белгілі бір қызмет атқаратын ағзаның бір бөлігі. Жоғары сатыдағы өсімдіктер тіршілікке қажетті, әр түрлі қызмет атқаратын мүшелерден тұрады. Өсімдіктің мүшелері өсімді (вегетативті) және көбею (генеративті) болып 2-ге бөлінеді. Өсімді мүшелеріне – тамыр, сабақ, жапырақ жатады.

2.Өсімді мүшелер:

A.Тозаң, сабақ, жапырақ

B.Күлте, сабақ, жапырақ

C.Гүл, сабақ, жапырақ

D.Тамыр, сабақ, жапырақ

E.Тостағанша , сабақ, жапырақ



Өсімді мүшелеріне – тамыр, сабақ, жапырақ жатады. Қоршаған орта жағдайларының әсеріне байланысты ұзақ жылдар бойы өсімдіктер біртіндеп жеке-жеке мүшелерге жіктелді. 

3.Өсімді мүшелер тек:

A.Гүлді өсімдіктерде жақсы дамыған.

B.Тостағаншада жақсы дамыған.

C.Күлтеде жақсы дамыған.

D.Тамырлы өсімдіктерде жақсы дамыған.

E.Тозаңда жақсы дамыған.

Қоршаған орта жағдайларының әсеріне байланысты ұзақ жылдар бойы өсімдіктер біртіндеп жеке-жеке мүшелерге жіктелді. Өсімді мүшелер тек гүлді өсімдіктерде жақсы дамыған.

4.Мүше:

A.Өзіндік құрылысы бар белгілі бір қызмет атқаратын ағзаның бір бөлігі

B.Гүлді өсімдіктерде қызмет атқаратын ағзаның бір бөлігі

C.Күлтеде қызмет атқаратын ағзаның бір бөлігі

D.Тостағаншада қызмет атқаратын ағзаның бір бөлігі

E.Тозаңда қызмет атқаратын ағзаның бір бөлігі

Мүше – өзіндік құрылысы бар белгілі бір қызмет атқаратын ағзаның бір бөлігі. Жоғары сатыдағы өсімдіктер тіршілікке қажетті, әр түрлі қызмет атқаратын мүшелерден тұрады.

5.Өсімді мүшелер:

A.Төрт түрлі жүйе құрайды

B.Бір түрлі жүйе құрайды

C.Екі түрлі жүйе құрайды

D.Тостағаншада екі түрлі жүйе құрайды

E.Үш түрлі жүйе құрайды

Өсімді мүшелер екі түрлі жүйе құрайды: өркендер жүйесі (сабақ, жапырақ), тамырлар жүйесі (тамыр). Олар өсімдікке өсу, қоректену, көлемін ұлғайту және тіршілігін сақтап қалу үшін қажет.

6.Тамыр жүйесі:

A.Жапырақ

B.Сабақ
C.Гүл

D.Тостағанша

E.Тамыр
Тамырлар жүйесі тамыр. Олар өсімдікке өсу, қоректену, көлемін ұлғайту және тіршілігін сақтап қалу үшін қажет.

7.Тамыр:
A.Өсімдіктің жер асты мүшесі

B.Өсімдіктің ұшындағы мүшесі

C.Өсімдіктің жоғарғы мүшесі

D.Өсімдіктің беткі мүшесі

E.Өсімдіктің сыртқы мүшесі

Тамыр – өсімдіктің жер асты мүшесі. Қызметі: тамыр – топырақтан сіңірілген суды және онда еріген минералды тұздарды сабаққа өткізеді;өсімдікті топыраққа берік орнықтырады; қоректік заттарды қорға жинайды,көбеюге қатысады.

8.Тамырдың қызметі:

A.Ерімеген минералды тұздарды сабаққа өткізеді

B.Еріген газды сабаққа өткізеді

C.Минералды тұздарды ауаға өткізеді

D.Еріген минералды тұздарды сабаққа өткізеді

E.Қатты тұздарды сабаққа өткізеді

Тамыр – өсімдіктің жер асты мүшесі. Қызметі: тамыр – топырақтан сіңірілген суды және онда еріген минералды тұздарды сабаққа өткізеді;өсімдікті топыраққа берік орнықтырады; қоректік заттарды қорға жинайды,көбеюге қатысады.

9.Негізгі тамыр:

A.Тұқымның ұшынан дамиды

B.Тұқымның басынан дамиды

C.Тұқымның сабақ тамыршасынан дамиды

D.Тұқымның ұрық тамыршасынан дамиды

E.Тұқымның жапырақ тамыршасынан дамиды
Негізгі тамыр тұқымның ұрық тамыршасынан дамиды. Ол төмен қарай бағытталып, топыраққа тереңдей береді. Негізгі тамырдың жан-жағынан жанама тамырлар таралады. Топырақтан қоректік заттарды соруға қатысады.

10.Шашақ тамыр жүйесінде:

A.Кіндікше тамыр болмайды

B.Жіңішке тамыр болмайды

C.Тамырлар болмайды

D.Жанама тамыр болмайды

E.Негізгі тамыр болмайды
Шашақ тамыр жүйесінде негізгі тамыр болмайды. Болған күнде де өте нашар дамып, жуандамай, басқа тамырлармен бірдей өседі. Жуандығы біркелкі жанама немесе қосалқы тамырлар шашаққа ұқсап топталып тұрады. Мысалы, пияз, бидай, жүгері, арпа, сұлы, тары, күріш, сарымсақ және т. б. Тамыр жүйесіндегі тамырлардың бірі – тірек, екіншісі – өсу, үшіншісі сору сияқты әр түрлі қызмет атқарады. Ол сабақ сияқты ұшынан шектеусіз өсе береді.
Пән: Биология, Бөлім: II тарау. Тамыр бөлімдері

1.Тамыр оймақшасының сыртқы қабатындағы жасушалар:

A.Жасушалар тәтті зат бөледі

B.Жасушалар шырышты зат бөледі

C.Жасушалар қышқыл зат бөледі

D.Жасушалар майлы зат бөледі

E.Жасушалар қантты зат бөледі

Тамыр оймақшасының сыртқы қабатындағы жасушалар шырышты зат бөледі. Ол зат тамыр ұшындағы жаңадан пайда болған нәзік жасушаларды жарақаттанудан қорғайды. Тамырдың топырақтағы қозғалысын жеңілдетеді. 

2.Өсу бөлімінің:

A.Негізгі жасушалары бөлінбейді

B.Тамыр бөліміндегі жасушалары бөлінбейді

C.Жанама тамыр жасушалары бөлінбейді

D.Негізгі буынаралық жасушалары бөлінбейді

E.Жас жасушалары бөлінбейді

Өсу бөлімінің жас жасушалары бөлінбейді. Ұзынынан созылып ұзарып, тамыр ұшының топыраққа терең енуіне әсер етеді. Алғашқы өткізгіш ұлпалар осы бөлімде түзіле бастайды.

3.Тамырдың ішкі қабатынан:

A.Өткізгіш цилиндр түзіледі

B.Ең ішкі алғашқы қабық түзіледі

C.Ең сыртқы цилиндр түзіледі

D.Алғашқы цилиндр түзіледі

E.Орталық цилиндр түзіледі
Ортаңғы қабатынан алғашқы қабық, ішкі қабаттан орталық цилиндр түзіледі. Жасушалары дамылсыз бөлініп, басқа бөлімдерінің қалыптасуына себепші болады.

4.Сору бөлімі:

A.Ұшындағы бөлімінен кейін орналасқан

B.Негізгі бөлімінен кейін орналасқан

C.Сыртқы бөлімінен кейін орналасқан

D.Өсу бөлімінің алдында орналасқан

E.Өсу бөлімінен кейін орналасқан

Сору бөлімі – өсу бөлімінен кейін орналасқан, қалың түктері бар бөлік. Тамыр түктері тамырдың сыртын қаптап жатқан жұқа өң қабықшасы жасушаларының созылуынан пайда болады. 

5.Өсу бөлімінен кейін орналасқан, қалың түкті бөлік:

A.Тамырдың өсуі

B.Тамыр бөлімдері

C.Сору бөлімі

D.Тамыр оймақшасы

E.Өткізу бөлімі

Сору бөлімі – өсу бөлімінен кейін орналасқан, қалың түктері бар бөлік. Тамыр түктері тамырдың сыртын қаптап жатқан жұқа өң қабықшасы жасушаларының созылуынан пайда болады. 

6.Су мен қоректік заттарды өсімдіктің жер үсті мүшелеріне өткізеді:

A.Тамыр оймақшасы

B.Сору бөлімі

C.Тамыр бөлімдері

D.Тамырдың өсуі

E.Өткізу бөлімі

Өткізу бөлімі – су мен онда еріген қоректік заттарды тамырдан өсімдіктің жер үсті мүшелеріне өткізеді. Бұл бөлімде тамыр түктері болмайды, жанама тамырлар дамиды.

7.Әрбір түк:

A.Ядросы және вакуолі бар бірнеше ұзын жасуша

B.Жұқа қабықшасы, цитоплазмасы, ядросы, вакуолі бар жасуша

C.Вакуолі бар 2-3 ұзын жасуша

D.Цитоплазмасы, ядросы бар жеке қысқа жасуша

E.Жұқа қабықшасы жоқ вакуолі бар жасуша

Әрбір түк – жұқа қабықшасы, цитоплазмасы, ядросы және вакуолі бар жеке ұзын жасуша. Ол топырақ түйіршіктерімен тығыз жанасып, су мен онда еріген минералды тұздарды сорады. Жас тамырға тірек қызметін атқарады.

8.Су мен онда еріген минералды тұздарды соратын ұзын жасуша:

A.Өріктің түгі

B.Сабақтың түгі

C.Тамырдың түгі

D.Ағаштың түгі

E.Жапырақтың түгі
Әрбір түк – топырақ түйіршіктерімен тығыз жанасып, су мен онда еріген минералды тұздарды сорады. Жас тамырға тірек қызметін атқарады.

9.Тамыр қарқынды өсетін мезгіл:

A.Жаз

B.Күз
C.Қыс



D.Шілде
E.Көктем

Тамырдың өсуі. Тамырлар ағаш түрлеріне байланысты жылдың әр мезгілінде әрқалай өседі. Көктемде тамыр қарқынды (жылдам) өссе, жапырақтар мен өркендер де тез өседі.

10.Тамыр қоректік заттар қоры мен суды бірқалыпты толық пайдаланады:

A.Қыс кезінде

B.Баяу өскен кезінде

C.Өспеген кезінде

D.Ақырын өсу кезінде

E.Қарқынды өсу кезінде
Тамырлар қарқынды өсу кезінде қоректік заттар қоры мен суды бірқалыпты толық пайдаланады. Тамыр ұшынан өседі, себебі түзуші ұлпалардан тұратын өсу нүктесі бар.

Пән: Биология, Бөлім: II тарау. Тамыр – өсімдіктің топырақтан қоректену мүшесі. Тыңайтқыштар

1.Өсімдіктерде қорек:

A.Жасушаның цитоплазмасы арқылы сіңіріледі

B.Жасушаның ядросы арқылы сіңіріледі

C.Жасушаның қабықшасы арқылы сіңіріледі

D.Жасушаның іші арқылы сіңіріледі

E.Жасушаның вакуолі арқылы сіңіріледі
Өсімдіктерде қорек жасушаның қабықшасы арқылы сіңіріледі. Қоректік заттар қозғалып, сабақта, тамырда, жемісінде және т. б. мүшелерінде сақталады. Оны өсімдіктер түнде және қыста пайдаланады.

2.Өсімдіктердің топырақтан қоректенуін:

A.Вакуолі арқылы қоректену дейді

B.Минералды қоректену дейді

C.Сумен қоректену дейді

D.Жасушамен қоректену дейді

E.Цитоплазмасымен қоректену дейді
Керексіз заттар сыртқа шығарылмай вакуольде және қабықшасына жиналады. Күзде керексіз заттар, қабық, сарғайып түскен жапырақтармен бірге кетеді. Өсімдіктердің топырақтан қоректенуін минералды қоректену дейді.

3.Өсімдіктердің жақсы өсіп, дамуы үшін:

A.Топырақта азот, фосфор, калий қажет

B.Топырақта азот,темір, калий қажет

C.Топырақта тұз, ас содасы, калий қажет

D.Топырақта магни, күкірт, калий қажет

E.Топырақта күміс, фосфор, калий қажет

Қоректік заттар тамырға өткен соң ұлпаларға таралады, онымен барлық тірі ағзалар қоректенеді. Өсімдіктердің жақсы өсіп, дамуы үшін топырақта азот, фосфор, калий болуы өте қажет.

4.Егер өсімдікте азот жетіспесе:

A.Қоректік заттар қорға жиналмайды

B.Жасуша қабықшасы түзілмейді

C.Ақырын өсіп, жапырақтары түсе бастайды

D.Өте жылдам өсіп, жапырақтары қызара бастайды

E.Өте баяу өсіп, жапырақтары бозара бастайды
Егер өсімдікте азот жетіспесе, өте баяу өсіп, жапырақтары бозара бастайды. Ағаштардың жанама бұтақтары дамымай қалады. Бидайдың түптенуі баяулап, төменгі жапырақтары сарғайып, қызарады да, ақырында қурап түседі.

5.Өсімдікке фосфор жетіспесе:

A.Өте баяу өсіеді

B.Өсімдік өте аласа болып өседі

C.Жапырақтары сарғайады

D.Жемістің түзілуі баяулап, салмағы кемиді

E.Жанама бұтақтары дамымай қалады
Фосфор жасуша қабықшасын түзеді. Өсімдікке фосфор жетіспесе, жемістің түзілуі баяулап, салмағы кемиді.

6.Калий жеткіліксіз болса:

A.Жемістің түзілуі баяулап, салмағы кемиді

B.Жапырақтары сарғайады

C.Жанама бұтақтары дамымай қалады

D.Өте баяу өсіеді

E.Өсімдік өте аласа болып өседі

Калий жеткіліксіз болса өсімдік өте аласа болып өседі. Жапырақтары мен сабақтары нашар дамып, тірек ұлпасы жетілмейді. Өсімдіктің сабақтары әлсіз болып, жатып қалады. Калий тамыр мен түйнек жақсы дамып, қоректік заттардың қорға жиналуы үшін керек.

7.Тамыр мен түйнек жақсы дамып, қоректік заттардың қорға жиналуы үшін:

A.Калий

B.Фосфор



C.Азот

D.Торф (шымтезек)

E.Құс саңғырығы

Калий тамыр мен түйнек жақсы дамып, қоректік заттардың қорға жиналуы үшін керек. Өсімдіктер қоректену үшін өте қарапайым заттарды пайдаланады. Қорек заттары біртіндеп жылжып, басқа мүшелеріне өтеді.

8.Өсімдіктердің тіршілігі үшін:

A.Су, минералды тұздар және ауа қажет

B.Қи, су, минералды тұздар металдар қажет

C.Тас, минералды тұздар және ауа қажет

D.Күкірт қышқылы, минералды тұздар қажет

E.Қалдық заттар, минералды тұздар қажет

Табиғатта әр түрлі жағдайлардың әсерінен топырақтың құрамы ұдайы өзгеріп отырады. Өсімдіктердің тіршілігі үшін су, минералды тұздар және ауа қажет. Сондықтан топырақты құнарландыру үшін тыңайтқыштар шашады.

9.Минералды тыңайтқыштарға:

A.Азот, фосфор, калий (күл) жатады

B.Су, азот, фосфор, калий (күл) жатады

C.Тас, азот, фосфор, калий (күл) жатады

D.Қи, азот, фосфор, калий (күл) жатады

E.Күкірт қышқылы, азот, калий (күл) жатады

Минералды тыңайтқыштарға азот, фосфор, калий (күл) жатады. Тыңайтқыштарды белгілі мерзімде, өсімдіктердің өсуі мен дамуының әр кезеңінде шашады. Табиғатта әр түрлі жағдайлардың әсерінен топырақтың құрамы ұдайы өзгеріп отырады. Өсімдіктердің тіршілігі үшін су, минералды тұздар және ауа қажет. Сондықтан топырақты құнарландыру үшін тыңайтқыштар шашады.

10.Тыңайтқыштар:

A.4 топқа бөлінеді

B.1 топқа бөлінеді

C.5 топқа бөлінеді

D.2 топқа бөлінеді

E.3 топқа бөлінеді

Тыңайтқыштар органикалық және минералды болып 2 топқа бөлінеді. Табиғатта әр түрлі жағдайлардың әсерінен топырақтың құрамы ұдайы өзгеріп отырады. Өсімдіктердің тіршілігі үшін су, минералды тұздар және ауа қажет. Сондықтан топырақты құнарландыру үшін тыңайтқыштар шашады.

Пән: Биология, Бөлім: II тарау. Тамырдың түрөзгерістері

1.Асханалық жемтамырлар:

A.Айва, сәбіз, шомыр, тарна (брюква)

B.Қызылша, сәбіз, шомыр, тарна (брюква)

C.Қияр, алма, шомыр, тарна (брюква)

D.Алма, сәбіз, шомыр, қылшы

E.Бүлдірген, сәбіз, шомыр, талмұрт

Органикалық заттар өсімдіктердің негізгі тамырларының жасушаларында қорға жиналып, жуандап, түрін өзгертеді. Мысалы: сәбіз, қызылша, шомыр, шалқан және т. б. Жемтамырлар дағы қорға жиналған қоректік заттарды өсімдіктер көктемде пайдаланады. Жемтамырлар асханалық (қызылша, сәбіз, шомыр, тарна (брюква).

2.Паразитті тіршілік ететін өсімдіктердің тамырлары:

A.Түйнекті тамырлар

B.Емізік тамырлар

C.Жанама тамырлар

D.Қосалқы тамырлар

E.Тіреу тамырлар

Емізік тамырлар – паразитті тіршілік ететін өсімдіктердің тамырлары. Бұлардың пішіні, түсі басқа өсімдіктердің тамырларына мүлде ұқсамайды. Тамырлары басқа бір өсімдіктің сабағы немесе тамырына жанасқан кезде ғана пайда болады. Емізік тамырдың өсуі паразит өсімдіктердің ерекше органикалық қышқыл бөліп шығаруынан басталады.

3.Нарғызгүл (георгин), батат, шырыштың тамыры:

A.Жанама тамырлар

B.Қосалқы тамырлар

C.Түйнекті тамырлар

D.Тіреу тамырлар

E.Емізік тамырлар

Нарғызгүл (георгин), батат, шырыштаушымылдықөсімдіктерінің тарамдалған тамырлары қоректік заттарды қорға жинайды. Сондықтан жуандап, шырынды түйнекті тамырға айналады. Түйнектамырлар өсімдік қыстап шығу үшін және жыныссыз көбею үшін керек. 

4.Тропиктік ормандағы ағаштарда болатын қосалқы тамыр:

A.Қосалқы тамырлар

B.Тіреу тамырлар

C.Түйнекті тамырлар

D.Жанама тамырлар

E.Емізік тамырлар

Тіреу тамырлар – тропиктік ормандарда өсетін ағаштарда болатын қосалқы тамыр. Мысалы, үнді фикусы басқа ағаштың діңіне жабысып өседі. Дами келе қосалқы тамырлар шығып ұзарып, топыраққа (жерге) жетеді. Қосалқы тамырлардың саны көбейіп, жуандайды.

5.Топырақта өспей, екінші өсімдікке инеше қадалып тұратын тамыр:

A.Түйнекті тамырлар

B.Емізік тамырлар

C.Қосалқы тамырлар

D.Жанама тамырлар

E.Тіреу тамырлар

Емізік тамыр алдымен сабақ өңінде өсінді түрінде шығады. Ол өзіне жанасқан басқа өсімдіктің өңіне (қабығына) еніп, емізік тамырға айналады. Емізік тамырлар топырақта болмайды, екінші өсімдікке инеше қадалып тұрады. Бұл – паразит өсімдіктердің тіршілік ету жағдайына бейімделгендігінің айғағы. 

6.Оттегі жоқ, батпақты, сазды жерлерде өсетін өсімдіктің тамыры:

A.Ауа тамырлар

B.Тіреу тамырлар

C.Емізік тамырлар

D.Түйнекті тамырлар

E.Қосалқы тамырлар

Тынысалу қызметін атқаратын тамырлары бар өсімдіктер оттегі жоқ, батпақты, сазды жерлерде өседі. Ауа тамырлары деп те атайды, ол сабақтан дамиды. Ұштары батпақтан шығып тұрады, қабығы жұқа болады (мангр ағашы, айұрық (плюш), монстера, сауыр (кипарис) және т. б.) қосалқы тамырларға жатады. Ағаш діңіне жабысып өскен сүйсіннің (орхидея) ауа тамырлары қосалқы тамырларға жатады. Ағаш қабығынан сырғып аққан жаңбыр суын сіңіреді.

7.Түйнектамырлар:

A.Өсімдікті жинау үшін керек

B.Тіреу тамырлар жыныссыз көбею үшін керек

C.Өсімдік қыстап шығу үшін және жыныссыз көбею үшін керек

D.Cелбесіп тіршілік ету үшін керек

E.Жынысты және жыныссыз көбею үшін керек

Түйнектамырлар өсімдік қыстап шығу үшін және жыныссыз көбею үшін керек. Түйнекті тамырлар. Нарғызгүл (георгин), батат, шырыш, таушымылдық өсімдіктерінің тарамдалған тамырлары қоректік заттарды қорға жинайды. Сондықтан жуандап, шырынды түйнекті тамырға айналады.Жемтамырдан түйнектамырдың айырмашылығы жемтамырдың тек негізгі тамырына ғана қоректік заттар жиналады. 

8.Табиғатта тіршілігін сақтап қалу үшін өсімдік мүшелері әр түрлі жағдайда түрін өзгерту арқылы бейімделуін не деп атайды?

A.Метаморфоз

B.Өзгергіштік

C.Дивергенция

D.Регенерация

E.Түрөзгеріс

Өсімдіктің барлық мүшелерінде сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне байланысты түрлі ауытқулар мен өзгерістер болады. Табиғатта тіршілігін сақтап қалу үшін өсімдік мүшелері әр түрлі жағдайда түрін өзгерту арқылы бейімделуін түрөзгеріс дейді.

9.Жемтамырлардың жемістері қандай топқа жатады?

A.Асқабақ тұқымдастарға

B.Сүйекті жемістер

C.Жидек тәрізді жемістер

D.Құрғақ жемістер

E.Шырынды жемісте

Жемтамырлар шырынды, құрамында органикалық заттар мен дәрумендер болады. Жемтамырлардың жемістері құрғақ жемістер тобына жатады.

10 Өсімдік қыстап шығуы үшін және жыныссыз көбею үшін керек:

A.Емізік тамырлар

B.Түйнектамырлар

C.Тыныс алу қызметін атқаратын тамырлар

D.Жемтамырлар

E.Тіреу тамырлар

Жемтамырлардан түйнектамырлардың айырмашылығы жемтамырлардың тек негізгі тамырына ғана қоректік заттар қоры жиналады. Түйнектамырлар өсімдік қыстап шығуы үшін және жыныссыз көбею үшін керек

Пән: Биология, Бөлім: III тарау. Өркендер мен бүршіктер

1.Жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас сабақ:

A.Қысқарған өркен

B.Жапырақ қолтығы

C.Өркен

D.Сабақ



E.Буынаралығы

Жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас сабақты өркен дейді. Оның тамырдан айырмашылығы жапырақ шығарады, буын және буынаралығы болады.

2.Өркеннің негізгі орталық тірек бөлімі:

A.Жапырақ қолтығы

B.Өркен
C.Буынаралығы

D.Қысқарған өркен

E.Сабақ
Өркеннің негізгі орталық тірек бөлімі – сабақ. Оның тамырдан айырмашылығы жапырақ шығарады, буын және буынаралығы болады. Сабақтың жапырақ өсетін жуандау жерін буын, ал бір буын мен екінші буынның арасын буынаралығы дейді.

3.Жапырақтың сабаққа орналасқан жерін:

A.Сабақ


B.Жапырақ қолтығы
C.Буынаралығы

D.Қысқарған өркен

E.Өркен
Жапырақтың сабаққа орналасқан жерін жапырақ қолтығы дейді. Қолтық бүршік (жанама бүршік деп те атайды) жапырақ қолтығында орналасады. Өсімдік түріне қарай бір жапырақтың қолтығында бір немесе бірнеше бүршіктер (сарымсақ, қарабүлдірген) болады. Қолтық бүршіктен жан-жаққа бұтақтар өсіп таралады.

4.Қосалқы бүршіктердің ерекшелігі:

A.Өсімдіктің кез келген жерінен дамиды

B.Жапырақтан, тамырсабақтан, мұртшадан дамиды

C.Буынаралығынан бұтақтар өсіп таралады

D.Жан-жаққа жапырақтар орналасады

E.Сабақтан, жапырақтан жан-жаққа бұталар өсіп таралады

Бүршіктің және бір түрі қосалқы бүршік деп аталады. Қосалқы бүршіктердің ерекшелігі олар өсімдіктің кез келген жерінен тамырдан, тамырсабақтан, сабақтан, жапырақтан дамиды. Мысалы, қалуеннің (осот) тамырынан жер бетіне қаулап өсетін атпалар (тамыр атпасы), кескен ағаштың томарының айналасына өсетін шыбықтар және т.б. 

5.Бұйыққан бүршіктер:

A.Гүлшетен , үшқат, сары қараған, ырғай, тобылғыда болады

B.Бір жылдық шөптесін өсімдіктерде болады

C.Герань, қызғалдақ, раушан, ырғай, тобылғыда болады

D.Түймедақ , жауқазын, сары қараған, ырғай, тобылғыда болады

E.Көп жылдық тамырда болады
Бұйыққан бүршіктер гүлшетен, үшқат, сары қараған, ырғай, тобылғы бұталарынан басқа көп жылдық шөптесін өсімдіктерде де болады. Әсіресе бұталардың түптенуі осы бүршікке байланысты.

6.Бүршіктің сыртын:

A.Мөлдір қабыршақтар қаптайды

B.Жұқа, тығыз қабыршақтар қаптайды

C.Бір жылдық қалыңқабыршақтар қаптайды

D.Қалың, тығыз қабыршақтар қаптайды

E.Таяз қабыршақтар қаптайды

Бүршіктің сыртын қалың, тығыз қабыршақтар қаптайды. Қабыршақтың саны өсімдік түріне қарай 1, 2, 3 және одан да көп болады. 

7.Қабыршақ:

A.Түрі өзгерген сыртқы тамырлар

B.Түрі өзгерген сыртқы қабықтар

C.Өзгерген сыртқы өң

D.Түрі өзгерген сыртқы жапырақтар

E.Түрі өзгерген өркендер
Қабыршақ – түрі өзгерген сыртқы жапырақтар. Қабыршақтар құрғақ, жабысқақ, шырышты, түкті, қоңыр, қызғылт, сарғылт түсті болады. Қабыршақтарының түкті, жабысқақ болуы су булануын азайтып, үсуден, құстардың шоқып, зақымдауынан қорғайды. 

8.Бастапқы сабақ:

A.Бүршіктің ішкі жағында дәл ортасында орналасады

B.Бүршіктің астында орналасады

C.Жіңішке жапырақтарда орналасады

D.Бүршіктің ішкі жағында дәл ортасында орналасады тұрады

E.Бүршіктің шеткі жағында орналасады

Бүршіктің ішкі жағында дәл ортасынан біркелкі тығыз ақшыл-сары түсті бастапқы сабақты көреміз. Оның жан-жағынан бастапқы жапырақшалар көрініп тұрады. Бастапқы сабақтың ұшы өсу нүктесімен бітеді.

9.Гүл бүршігі тек:

A.Ұзарған өркенге орналасады

B.Жұқарған өркенге орналасады

C.Жапыраққа орналасады

D.Сабаққа орналасады

E.Қысқарған өркенге орналасады
Гүл бүршігі тек қысқарған өркенге орналасады. Ұзынынан жарып қарағанда бастама сабақтың жан-жағына гүлшанақтар (ашылмаған гүлдер) бекиді.

10.Гүлшанақ:

A.Жапырақ шығарып, жеміс береді

B.Бүршік шығарып, жеміс береді

C.Сабақ шығарып, жеміс береді

D.Алма шығарып, жеміс береді.

E.Гүл шығарып, жеміс береді
Гүлшанақ гүл шығарып, жеміс береді. Бірі – өсу, екіншісі – көбею бүршігі. Бүршік бастама сабақтан, бастама жапырақтан тұратындықтан, өркен дамиды.

Пән: Биология, Бөлім: III тарау. Сабақтың түрлері, құрылысы

1.Өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын орталық тірек:

A.Қысқарған өркен

B.Өркен
C.Буынаралығы

D.Жапырақ қолтығы

E.Сабақ
Сабақ – өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын орталық тірек. Қызметі: 1) сабаққа – бүршік, жапырақ, гүл, жеміс бекінеді; 2) қоректік заттар сабақ арқылы қозғалады; 3) органикалық заттар қорға жиналады; 4) көбеюге қатысады.

2..Желі сабақты өсімдіктер:

A.Жүгері, асқабақ, қияр, қауын, қарбыз

B.Жүгері, бидай, асқабақ, қияр

C.Жүгері, бидай, терек, емен, қайың

D.Асқабақ, қияр, қауын, қарбыз емен, қайың

E.Асқабақ, қияр, қауын, қарбыз


Мұртша да желі сабақ тобына жатады. Желі сабақтың буынаралықтары қысқа. Топыраққа жанасқан жерінен тамыр шықпайды (асқабақ, қияр, қауын, қарбыз).

3.Шырмалғыш сабақты өсімдіктер:

A.Шырмауық, құлмақ жатады

B.Бидай, шырмауық, құлмақ жатады

C.Жүгері, шырмауық, құлмақ жатады

D.Жүгері, асқабақ, қияр, қауын, қарбыз жатады

E.Асқабақ, шырмауық, құлмақ жатады

Шырмалғыш сабақтар нәзік болғандықтан айналасындағы өсімдіктерге шырмалып өседі (шырмауық, құлмақ), мұртшалары болмайды.

4.Өрмелегіш сабақты өсімдіктер:

A.Асбұршақ, жабайы бұршақ, жүзім, құлмақ жатады

B.Асбұршақ, жабайы бұршақ, жүзім жатады

C.Шырмауық, асбұршақ, жабайы бұршақ, жүзім жатады

D.Асбұршақ, жабайы бұршақ, жүзім қарбыз жатады

E.Жабайы бұршақ, жүзім шырмауық, құлмақ жатады
Өрмелегіш сабақтар – мұртшасы арқылы басқа өсімдікке жабысып, өрмелеп өседі (асбұршақ, жабайы бұршақ, жүзім және т. б.).

5.Қабықтың ішкі құрылысы:

A.Тін, қабық, камбий, сүрек, өзек

B.Қабық , камбий, сүрек, өзек

C.Қабық, камбий, сүрек, өзек

D.Қабық, камбий, сүрек, өзек, тоз, тін

E.Өң , қабық, камбий, сүрек, өзек
Сабақтың ішкі құрылысын ағаш діңінің көлденең кесіндісінен көреміз. Ішкі құрылысы 4 қабаттан тұрады: қабық, камбий, сүрек, өзек.

6.Тозда тыныс алуға қатысатын пішіні төмпешікке ұқсаған жасушаларды:

A.Өң дейді

B.Тін дейді

C.Жасымықша дейді

D.Сүрек дейді

E.Қабық дейді

Тоз қалың болса да ішкі жасушалардың тыныс алуына оттегін өткізеді. Тозда тыныс алуға қатысатын пішіні төмпешікке ұқсаған жасушаларды жасымықша дейді. Жасымықшалар өркендердің сыртынан бұртиып айқын білінеді.

7.Үлкен ағаштарда өң түлеп түскенде орнын:

A.Тоз алмастырады

B.Жасымықша алмастырады

C.Қабық алмастырады

D.Өң алмастырады

E.Тін алмастырады
Үлкен ағаштардағы өң түлеп түсіп, орнын тоз алмастырады. Тоз қалың болса да ішкі жасушалардың тыныс алуына оттегін өткізеді.

8.Қабықтан кейінгі орналасатын қабат:

A.Өзек

B.Камбий
C.Сүрек



D.Тін

E.Қабық
Камбий – қабықтан кейінгі орналасатын қабат. Камбий ағаштардың бір жылдық өркенінде пайда болады. Барлық жасушалары бөлінуге қабілетті. Камбий жасушалары қыста бөлінбейді. Көктем шығысымен қарқынды бөліне бастайды. Камбий жасушаларының бөлінуінен ағаштар жыл сайын жуандай береді.

9.Камбийден кейін орналасатын қабат:

A.Қабық


B.Камбий
C.Тін

D.Өзек
E.Сүрек


Сүрек – сабақтың едәуір бөлігін алып жататын камбийден кейін орналасатын қабат. Жасушаларының пішіндері мен мөлшері біркелкі емес. Ұзын, жіңішке жасушалары қосылып, түтікше құрайды. Түтікшенің айналасын беріктік қасиет беретін қалың қабықшалы сүрек талшықтары қоршайды.

10.Сүрек:

A.Сүректен кейін орналасатын қабат

B.Өзектен кейін орналасатын қабат

C.Қабықтан кейін орналасатын қабат

D.Камбийден кейін орналасатын қабат

E.Тіннен кейін орналасатын қабат
Сүрек – сабақтың едәуір бөлігін алып жататын камбийден кейін орналасатын қабат. Жасушаларының пішіндері мен мөлшері біркелкі емес. Ұзын, жіңішке жасушалары қосылып, түтікше құрайды. Түтікшенің айналасын беріктік қасиет беретін қалың қабықшалы сүрек талшықтары қоршайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет