4.Бір гектар жерле өсетін ағаштар сағатына қанша көлемде көмірқышқыл газын өз бойына сіңіреді?
A.10 кг
B.7 кг
C.8 кг
D.12 кг
E.3 кг
Ағаштар мен бұталар ауа құрамының тазалығын сақтайды. Бір гектар жерле өсетін ағаштар сағатына 8 кг көмірқышқыл газын өз бойына сіңіреді.
5.Қандай мақсатта жөке, шаған, терек, қарағай, үйеңкі, шегіршін, қарағаштар көбірек егіледі?
A.Өнеркәсіптік мақсатта
B.Сәндік үшін
C.Шуды бәсеңдету үшін
D.Радиациялық сәулелерді ұстап қалу үшін
E.Шаң-тозаңды басу мақсатында
Қалалардағы шу адамның денсаулығына айтарлықтай зиян келтіреді. Шуды бәсеңдету үшін жөке, шаған, терек, қарағай, үйеңкі, шегіршін, қарағаштар көбірек егіледі.
6.Неге байланысты ағаш отырғызуға белгіленген шұңқыр мөлшерін азды-көпті өзгертуге болады?
A.Ауа райына байланысты
B.Температураға байланысты
C.Өсімдік түріне байланысты
D.Желдің бағытына байланысты
E.Жер жағдайына байланысты
Жер жағдайына байланысты ағаш отырғызуға белгіленген шұңқыр мөлшерін азды-көпті өзгертуге болады.
7.Жеміс ағаштарын егуді қандай күндері бастайды?
A.Ашық күндері
B.Жаңбырлы күндері
C.Желді күндері
D.Тұманды күндері
E.Бұлтты күндері
Жеміс ағаштары көктем мен күзде егіледі. Көктемде топырақтың тоңы еріп жібігенде, күзде жапырақтарын түсіре бастағанда отырғызған жөн. Егуді көбінесе бұлтты күндері бастайды.
8.Ағашты еккен соң, тамыры топыраққа бекігенше түрлі соққылардан сақтау үшін қандай шара қолданады?
A.Айналасындағы топырақты бөлек үйеді
B.Көп мөлшерде топырақпен үйеді
C.Қазыққа байлайды
D.Көп мөлшерде су құяды
E.Ағашты оқшаулап қояды
Ағашты еккен соң, топырағын шұңқырдың шетінен ортасына қарай тығыздап таптайды. Тамыры топыраққа әбден бекігенше әр түрлі қатты соққыдан сақтау үшін қазыққа байлайды.
9.Күзде жапырақтары түсе бастағанда немесе ерте көктемде бүршік жармай тұрып наурыздың аяғында отырғызылатын қайсысы?
A.Алма
B.Таңқурай
C.Қарақат
D.Алхоры
E.Өрік
Таңқурайды күзде жапырақтары түсе бастағанда немесе ерте көктемде бүршік жармай тұрып наурыздың аяғында отырғызады. Оның жер үсті өркенінің биіктігі 25-30 см болуы керек.
Пән: Биология, Бөлім: I тарау. Ағзалық әлем. Ағзалық әлемді жіктеу
1.Жерде тіршілік етіп, мекендейтін ағзалар (тіршілік иелері) жиынтығы:
A.Ағзалық әлем
B.Тірі табиғат дүниесі
C.Вирустар дүниесі
D.Саңырауқұлақтар дүниесі
E.Тіршілксіз әлем
Жерде тіршілік етіп, мекендейтін ағзалар (тіршілік иелері) жиынтығы ағзалық әлем деп аталады. Ағза жасушасының нәруыз, май, көмірсу және нуклеин қышқылынан құралатыны мәлім. Демек нәруыз, май, көмірсу, нуклеин қышқылы – ағзалық зат (органические вещества). Ағза жасушасының құрамында су және минералды тұздар да болады. Су және минералды тұздар – бейағзалық зат (неорганические вещества). Өйткені бұлар тіршілік иесіне тән тіршілік әрекетін білдіре алмайды, яғни ағзалық зат емес.
2.Биологияда ағзалық әлемді жүйелеудің ең жоғары тобы:
A.Саңырауқұлақтар дүниесі
B.Ағзалық әлем
C.Вирустар дүниесі
D.Тіршілксіз әлем
E.Тірі табиғат дүниесі
Тірі табиғат дүниесі дегеніміз – биологияда ағзалық әлемді жүйелеудің ең жоғары тобы. Дүние жүзіндегі ағзалық әлем, тірі ағзалар 5 дүниеге жіктеледі. Олар: бытыранықтар дүниесі, вирустар дүниесі, саңырауқұлақтар дүниесі, өсімдіктер дүниесі, жануарлар дүниесі.
3.Микроскоп арқылы ғана көрінетін, жасушасында ядросы жоқ тіршілік иелері:
A.Бытыранықтар дүниесі
B.Тірі табиғат дүниесі
C.Вирустар дүниесі
D.Ағзалық әлем
E.Саңырауқұлақтар дүниесі
Бытыранықтар дүниесі. Бұған микроскоп арқылы ғана көрінетін, жасушасында ядросы жоқ барлық бактериялар жатады. Бытыранық – «бытыра» + «нық» сөздерінен құралған сөз. (Орысша – «дробянка», латынша – «михи» – күрделі бөліне алмайтын түйіртпек мағынасында қолданылады.)
4.Жасушасы жоқ, тіршілік формасындағы ағзалық зат:
A.Ағза
B.Вирус
C.Саңырауқұлақ
D.Тірі табиғат
E.Бытыранықтар
Вирус латынша «у» деген сөз. Бұл – жасушасы жоқ, тіршілік формасындағы ағзалық зат. Бұлардың көпшілігін тек электрондық микроскоппен ғана көруге болады. Вирустар тек тірі жасушаға орнықса ғана көбейе алады. Жасушаға түсе алмаған жағдайда вирустарда тіршілік нышаны байқалмайды. Вирустар тірі жасушадан тыс қалса, кәдімгі ағзалық зат тәрізді күйде болады.
5.Ботаниктер төменгі сатылы өсімдіктерге жатқызып келген (ағза) тіршілік иесі:
A.Тірі табиғат
B.Вирус
C.Саңырауқұлақ
D.Бытыранықтар
E.Ағза
Ботаниктер саңырауқұлақтарды төменгі сатылы өсімдіктерге жатқызып келді. Алайда олардың екі түрлі қасиеті бар. Бірінші қасиеті өсімдіктерге тән. Саңырауқұлақтар орнынан қозғалып жүрмейді. Жасушасы тығыз қабықшамен (жасунықпен) қапталады. Витаминдер синтездей алады. Екінші қасиеті жануарларға тән. Даяр ағзалық заттармен қоректенеді. Жасушасы хитин қабықшамен қапталады. Ағзалық заттарды қорға жинайды. Сондықтан бұлар өз алдына жеке дүниеге жіктеледі.
6.Бейағзалық затқа жатқызылады:
A.Көмірсулар
B.Нәруыздар мен су
C.Майлар
D.Нәруыздар
E.Су және минералды заттар
Су және минералды заттар – бейағзалық заттар. Өйткені олар тіршілік иесіне тән тіршілік әрекетін білдіре алмайды, яғни ағзалық зат емес.
7.Тек тірі жасушаға орныққан кезде ғана көбейе алатын тірі ағзалар:
Вирустар тек тірі жасушаға орныққан кезде ғана көбейе алады. Жасушаға түсе алмаған жағдайда вирустарда тіршілік нышаны байқалмайды.
8.Тірі ағзалар дүниесінің қайсысында жасушасында ядросы жоқ барлық бактериялар жатады:
A.Вирустар дүниесі
B.Бытыранықтар дүниесі
C.Өсімдіктер дүниесі
D.Жануарлар дүниесі
E.Саңырауқұлақтар дүниесі
Бытыранықтар дүниесі микроскоп арқылы ғана көрінетін, жасушасында ядросы жоқ барлық бактериялар жатады.
9.Жабын қандай ерекше ағзалық заттан түзіледі:
A.Минералды тұз
B.Көмірсу
C.Су
D.Хитин
E.Майлар
Жабын ерекше ағзалық зат – хитиннен түзіледі.
10.Жүйке, сезіну, тынысалу, қажетсіз заттарды бөлу, асқорыту және басқа жүйелердің арнаулы жеке мүшелері бар тірі ағзалар жүйесі:
A.Жануарлар дүниесі
B.Өсімдіктер дүниесі
C.Бытыранықтар дүниесі
D.Вирустар дүниесі
E.Саңырауқұлақтар дүниесі
Жануарларда жүйке, сезіну, тынысалу, қажетсіз заттарды бөлу, асқорыту және басқа жүйелердің арнаулы жеке мүшелері бар.
Пән: Биология, Бөлім: I тарау. Бактериялар
1.Көзге көрінбейтін, ұсақ тірі ағзалардың құрылысын, қасиеттерін, пайдасы мен зиянын зерттейтін ғылым:
A.Физиология
B.Микробиология
C.Биотехнология
D.Геохимия
E.Экология
Микробиология (грекше «микрос» – кішкене, «логос» – ғылым) – көзге көрінбейтін, ұсақ тірі ағзалардың құрылысын, қасиеттерін, пайдасы мен зиянын зерттейтін ғылым. Левенгуктың ашқан жаңалығы микроорганизмдер дүниесін зерттеуге, микробиологияның дамуына жол ашты. Соның нәтижесінде бактериялардың табиғатта таралуын толық зерттеп білу мүмкіндігі туды.
2.Біржасушалы ағза:
A.Эхинокок
B.Гидра
C.Медуза
D.Бактерия
E.Қына
Бактерия (грекше «таяқша») – біржасушалы ағза. Бактериялардың басым көпшілігі таяқша пішінді болады. Дегенмен шар, үтір, оралма тәрізді пішінділері де кездеседі (2-сурет). Оның әрбір жасушасы қабықша мен цитоплазмадан, оқшауланбаған ядро затынан тұрады. Оқшауланған ядросы болмағанымен, цитоплазмада ядролық зат шашыранды түрде орналасады. Жасушаның өте тығыз көп қабатты қабықшасы болады. Ол қорғаныш, тірек қызметін атқарып, бактерияның пішінін қалыптастырады. Цитоплазманың құрамында нәруыз және май заттары бар.
3.Фотосинтез құбылысы жүретін көк-жасыл түсті бактерия өкілі:
A.Қына
B.Медуза
C.Бактерия
D.Цианобактерия
E.Гидра
Бактериялар негізінен түссіз, тек кейбіреулерінде ғана аздап бояғыш заттар кездеседі. Фотосинтез құбылысы жүретін көк-жасыл, қызыл түсті өкілдерін цианобактериялар деп атайды. Цианобактериялардың жасушаларының пішіні цилиндр, шар тәрізді. Сыртын қалың сілемейлі қабық жабады. Жасуша қабығы үш қабаттан тұрады. Сыртын және ішін цитоплазмалық жарғақша жабады. Сыртқы боялған бөлігі – хроматоплазма, ішкі түссіз бөлігі орталық плазма деп аталады. Хроматоплазмасында цитоплазманың тығыздалуынан пайда болған жарғақшаларды қоршай орналасқан хлорофилл және көк, қызыл пигменттері болады. Орталық плазмасының нағыз ядродан айырмашылығы – сыртын қоршаған 2 қабат жарғақшасы, хромосома жіпшелері, ядрошығы болмайды. Орталық плазма қатарласа орналасқан жіпшелер күйінде болады. Нағыз ядросы болмағандықтан, цианобактериялар жасушалары қарапайым екіге бөліну арқылы көбейеді.
4.Тығыз қабықпен қапталған ерекше жасуша:
A.Қабық
B.Спора
C.Қауашақ
D.Тұқымша
E.Циста
Тіршілігіне қолайсыз жағдайлар туса (мысалы, қорек, ылғал жеткіліксіз болса, температура күрт төмендеп немесе көтеріліп кетсе), бактериялар спора түзеді. Спора (грекше «спора» – сеппе, екпе, тұқым) – тығыз қабықпен қапталған ерекше жасуша. Спора күйінде бактерия қоректенбейді және қозғалмайды, тыныштық күйде сақтала береді. Өйткені споралары қорғаныштық қызмет атқарып, бактерияларды сыртқы орта жағдайына (қатты суық, құрғақшылық, суға қайнату және т.б.) өте төзімді етеді. Ол топырақта 20–30 жылға дейін тіршілік ете алады. Қатты соққан желдің әсерінен споралар алыс жерлерге таралады. Қолайлы жерге түссе, қоректеніп, бактерияға айналады. Осылай спораларға айналу арқылы бактериялар өз тіршілігін сақтайды.
5.Өлі ағзалардың денесінде тіршілік ететіндер:
A.Циста
B.Тұқымша
C.Спора
D.Қабық
E.Сапрофиттер
Тек азғана түрлері бейағзалық заттардан ағзалық зат түзеді. Бактерияларды қоректенуіне қарай сапрофиттер және паразиттер деп екі топқа бөледі. Көптеген бактериялар жануарлардың өлекселері мен өсімдіктердің қалдықтарында мекендейді. Өлі ағзалардың денесінде тіршілік ететіндер – сапрофиттер. Адамның, жануарлардың, өсімдіктердің денесінде мекендеп, тірі ағзаның жасушаларынан ағзалық заттарды сорып қоректенетін бактериялар паразиттер деп аталады.
6.Ағзаларда ауру тудырушы, тағамды бүлдіруші ұсақ ағзалар бар екенін тәжірибеде дәлелдеген ғалым?
A.М.Шлейден
B.Л.Пастер
C.А.Левенгук
D.Р.Браун
E.Р.Гук
1870-1880 жылдары француз ғалымы Луи Пастер ағзаларда ауру тудыратын, тағамдарды бүлдіретін ұсақ ағзалар бар екенін тәжірибе жүзінде дәлелді.
7.Бактерияның пішінін қалыптастырушы, қорғаныш қызметін атқарушы?
A.Көп қабатты қабықшасы
B.Оқшауланбаған ядро заты
C.Шашыранды ядролық заты
D.Цитоплазмасы
E.Талшықтары
Жасушаның өте тығыз көп қабатты қабықшасы болады. Ол қорғаныш, тірек қызметін атқарып, бактерияның пішінін қалыптастырады.
8.150-200 есеге дейін ұлғайтып көрсететін микроскоп жасап, ұсақ ағзаларды алғаш рет ашқан ғалым:
A.Р.Гук
B.Р.Браун
C.М.Шлейден
D.Л.Пастер
E.А.Левенгук
Ұсақ ағзаларды алғаш рет Антон Левенгук (1632-1723) ашқан. Ол 150-200 есеге дейін ұлғайтып көрсететін микроскоп жасаған.
Ядролыларға саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар жатады. Ағзалардың жасушаларындағы ядроның сыртын қоршаған екі қабат жарғақшасы бар.
10.Бөлініп ажырамай, сілемеймен қапталатын шар тәрізді цианобактериялар тобы:
A.Хамесифондар
B.Хроококкалар
C.Паразиттер
D.Сапрофиттер
E.Гормогониялар
Хроококкалар – шар тәрізді жеке жасушалар. Олар бөлініп ажырамай, сілемеймен қапталады.
Пән: Биология, Бөлім: I тарау. Ауру туғызатын бактериялар және олармен күресу шаралары
1.Ауада тез жойылатын бактериялар:
A.Құздама (ревматизм)
B.Оба мен көкжөтел
C.Оба, баспа, туберкулез
D.Ішек бактериясы
E.Іш сүзегі, дизентерия
Ауру туғызатын бактериялар ауада, суда, тағамда болатындықтан, солар арқылы сау адамдарға жұғады. Көпшілік орындарда, бөлмеде неғұрлым ауа таза болса, соғұрлым адамдар аз ауырады. Оба мен көкжөтел бактериялары ауада тез жойылады. Туберкулез таяқшалары лас шаңда 3 айға дейін тіршілік етіп, шаңмен бірге ауаға таралады. Сондықтан үйді, сынып бөлмесін күнде желдетіп отыру қажет. Оба бактериясы топырақта 25 күнге дейін, ал іш сүзегінің бактериясы 3 айға дейін сақталады. Ауру туғызатын бактериялар мен адамдардың жаппай ауруын індет (эпидемия) дейді.
2.Адамның өкпесінде туберкулез ауруын тудыратын бактерияларды 1882 жылы анықтаған:
A.С.Соколовский
B.Р. Кох
C.И.В.Павлов
D.Ж.Кудерин
E.М.Е.Петров
Адамның өкпесінде туберкулез ауруын тудыратын бактерияларды 1882 ж Р. Кох анықтады. Туберкулез жұқпалы ауру болғандықтан, сілекей тамшылары арқылы таралады. Мал туберкулезбен ауырғанда бұл ауруды қоздыратын бактериялар адам денесіне сүт арқылы беріледі. Тамақ, су арқылы сүзек, сaльмoнeллa ауруларын қоздырушы бактериялар жұғады.
3.Бактериялар зақымдайтын өсімдік ауруы:
A.Дизентерия
B.Баспа
C.Сүзек
D.Оба
E.Бактериоз
Бактериялардың көптеген түрі өсімдіктерді де зақымдайды, ол ауруды бактериоз дейді. Олар бау-бақша, техникалық жеміс-жидек өсімдіктерін зақымдап, зор нұқсан келтіреді. Бактериялар өсімдіктің сабағын, тамырын, жемісін шірітеді. Өсімдіктердің бактерия ауруларына қарсы негізгі күрес шаралары – тұқымды себер алдында улы химикаттармен өңдеу, ауруға төзе алатын іріктемелерді таңдап алу.
4.Бактериялар мақта өсімдігінде ... ауруын туғызады:
A.Бактериоз
B.Баспа
C.Гоммоз
D.Дизентерия
E.Сүзек
Бактериялар мақта өсімдігінде гоммоз (шайыр ағу) ауруын туғызады. Мақта тұқымында сақталған бактерия спорасы тұқыммен бірге өнеді. Мақта сабағын, жапырағын, қауашағын зақымдайды да, ірі қошқыл қоңыр түсті дақтар пайда болады. Оның беті сілемейленіп, жабысқақ болып тұрады, онда бактериялар шоғырланып, кейін кеуіп, қабыршақтанады. Одан соң жел ұшырып, екінші өсімдікке жұғады. Жапырағындағы лептесік саңылауы арқылы бактерия ішке өтіп, жасуша қабығы және цитоплазмасымен қоректенеді. Бұл ауруды болдырмау үшін мақта тұқымын үнемі химиялық заттармен өңдеп отыру керек.
5.Топырақта 25 күнге дейін сақталатын қоздырушы?
A.Клостериум бактериясы
B.Іш сүзегінің бактериясы
C.Оба бактериясы
D.Ботулинус бактериясы
E.Туберкулез таяқшасы
Туберкулез таяқшалары лас шаңда 3 айға дейін тіршілік етіп, шаңмен бірге ауаға таралады. Оба бактериясы топырақта 25 күнге дейін, ал іш сүзегінің бактериясы 3 айға дейін сақталады.
Ауыратын сиырдың сүті арқылы сарып (бруцеллез) ауруы таралады. Кейде сүрмеленген көкөністің құрамында кездесетін клостериум, ботулинус бактерияларының споралары жоғары температурада қайнатқаннан кейін де сақталады.
8.Сүзек ауруының қоздырушысының жұғу жолдары:
A.Ауалы-тамшылы
B.Ауа арқылы
C.Тамақ, су арқылы
D.Лас шаң арқылы
E.Сүт арқылы
Мал туберкулезбен ауырғанда бұл ауруды қоздыратын бактериялар адам денесіне сүт арқылы беріледі. Тамақ, су арқылы сүзек, сальмонелла ауруларын қоздырушы бактериялар жұғады.
9.Мақта өсімдігіндегі гоммоз ауруының белгілері:
A.Жемістерді шірітуі басталады
B.Жапырағында қоңыр қошқыл түсті дақтар пайда болады
D.Қауашағында, сабағында ақ түсті дақтар пайда болады
E.Өсімдіктің тамырын зақымдайды
Бактериялар мақта өсімдігінде гоммоз ауруын туғызады. Мақта сабағын, жапырағын, қауашағын зақымдайды да, ірі қошқыл қоңыр түсті дақтар пайда болады.
10.Үш айға дейін топырақта сақталатын бактерия?
A.Клостериум бактериясы
B.Іш сүзегінің бактериясы
C.Оба бактериясы
D.дизентерия бактериясы
E.Ботулинус бактериясы
Туберкулез таяқшалары лас шаңда 3 айға дейін тіршілік етіп, шаңмен бірге ауаға таралады. Оба бактериясы топырақта 25 күнге дейін, ал іш сүзегінің бактериясы 3 айға дейін сақталады.
Пән: Биология, Бөлім: I тарау. Бактериялардың табиғаттағы, халық шаруашылығындағы маңызы
1.Біздің ғаламшарымыздың тазалаушысы (санитары):
A.Бактериялогиялық қару
B.Цианобактериялар
C.Түйнек бактериялары
D.Шіріту бактериялары
E.Қыналар
Бактериялар тіршілік әрекеттеріне қарай алуан түрлі болады және олардың табиғаттағы маңызы өте зор. Сапрофитті бактериялардың көпшілігі өсімдіктер мен өлген жануарлардан, саңырауқұлақтардан қалған ағзалық заттарды ыдыратып, шірітеді. Шіріту бактериялары – біздің ғаламшарымыздың тазалаушысы (санитары). Себебі олар өсімдіктердің қалдықтары мен жануарлардың өлекселеріндегі күрделі ағзалық заттарды ыдыратады. Топырақта қарашіріктің түзілуіне себепші болады. Тау жыныстарын ыдыратып, жартастар мен сусымалы құмдарды құнарлы топыраққа айналдырады.
2.Асбұршақ, сиыржоңышқа, соя, шеңгел сияқты бұршақгүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктермен селбесіп тіршілік етеді:
A.Шіріту бактериялары
B.Цианобактериялар
C.Бактериялогиялық қару
D.Қыналар
E.Түйнек бактериялары
Түйнек бактериялары жоңышқа, беде, асбұршақ, сиыржоңышқа, соя, шеңгел сияқты бұршақгүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктермен селбесіп тіршілік етеді. Жер қойнауындағы селитраның (азотты тыңайтқыш), темір кенінің, теңіздегі күкіртті сутегінің, шымтезек пен көмірдің түзілуі де бактериялардың тіршілік әрекетіне байланысты. Бактериялардың халық шаруашылығында да маңызы зор. Оны өте ертеден-ақ, ірімшік жасау, сүт тағамдарын ашыту, тері илеу, сүрлем дайындау үшін қолданған. Сонымен бірге мата, былғары өнеркәсібіне кеңінен пайдаланады.
3.Ауадағы бос азотты синтездеп, азоттың табиғи тұздарына айналдыратын бактерия:
A.Бактериялогиялық қару
B.Цианобактериялар
C.Түйнек бактериялары
D.Шіріту бактериялары
E.Қыналар
Ал спирулина цианобактериясын нәруыз өндіру үшін көптеген елдерде арнайы су қоймаларында өсіреді. Цианобактериялар ауадағы бос азотты синтездеп, азоттың табиғи тұздарына айналдырады. Цианобактериялар жер бетінің барлық жерінде, тіпті ешқандай топырағы жоқ жартастарда да өсе береді. Жанартау атқылаған соң суынған лавалардың бетінде алғаш өсетін де осы цианобактериялар. Себебі олар ауадағы бос азотты синтездеп, нәруызға айналдырып, қоректенеді. Олардың қалдықтары шіріп, топыраққа айналады.
4.1 г қара топырақта:
A.1–2 млрд бактерия болады
B.5–6 млрд бактерия болады
C.15–16 млрд бактерия болады
D.10–12 млрд бактерия болады
E.25–26 млрд бактерия болады
Топырақ бактериялары өсімдіктерге қорек дайындайды. Топырақтағы қарашірікті минералды заттарға айналдырады, онымен өсімдіктер қоректенеді. Бактериялар топырақты минералды заттармен байытып қана қоймай, сонымен бірге топырақтың құрылымын жақсартады. Топырақ неғұрлым құнарлы болса, онда бактериялар да соғұрлым көп болады. 1 г қара топырақта 5–6 млрд бактерия болады. Топырақ бактериялары өсімдіктің өсуі мен дамуына ықпал жасайды. Өсімдіктің тамырында және оның айналасында көптеген бактериялар дамып, өсімдіктің тіршілігіне септігін тигізеді.
Кейбір бактериялар ауадағы азотты өзіне сіңіріп, топырақты азотты қосылыстарымен байытады (оған түйнек бактериялары жатады). Бактериялар сүттің құрамындағы қантпен қоректеніп, сүт қышқылын түзеді. Ал сүт қышқылы сүтті ашытып, айранға айналдырады. Сүт қышқылы бактериясын орамжапырақ ашытуға, шөптерден сүрлем жасауға пайдаланады. Түзілген сүт қышқылы орамжапырақ пен сүрлемді бұзылудан сақтайды.