Бөлім: Кіріспе. Тірі ағзалар, қасиеттері, маңызы


Фотосинтездің ашылу тарихы қай жылдан бастау алады?



бет4/7
Дата18.11.2019
өлшемі91,64 Kb.
#52019
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
биология


6.Фотосинтездің ашылу тарихы қай жылдан бастау алады?

A.1920 жылдан

B.1689 жылдан

C.1774 жылдан

D.1630 жылдан

E.1818 жылдан

Фотосинтездің ашылу тарихы 1630 жылдан басталады. Голландиялық Ван Гельмонт өсімдіктер органикалық заттарды топырақтан алмай өздері түзетінін дәлелдеген.

7.Алғаш өсімдіктердің органикалық заттарды өздері  түзе алатындығын дәлелдеді?

A.В.И.Вернадский

B.С.Н.Виноградский

C.Ван Гельмонт

D.К.А.Тимирязев

E.Дж.Пристли

Голландиялық Ван Гельмонт өсімдіктер органикалық заттарды топырақтан алмай өздері түзетінін дәлелдеген.

8.Фотосинтез әсерінен түзілген қант хлоропластарда өзгеріп, қандай затқа айналады?

A.оттегіге

B.крахмалға

C.суға

D.нәруызға
E.көмірқышқыл газына


Қант хлоропластарда өзгеріп крахмалға айналады. Қараңғыда крахмал қайтадан қантқа айналып, суда еріп, басқа мүшелерге тарайды.

9.Жапырақта бөлінген оттегі ауаға қалай таралады?

A.бағаналы және борпылдақ жасушалар арқылы

B.өң жасушалары арқылы

C.жанаспалы жасушалар арқылы

D.борпылдақ жасушалар арқылы

E.бағаналы жасушалар арқылы

Көмірқышқыл газы мен тамырдан келген су қосылып, алдымен қант (глюкоза) түзіледі. Бөлінген оттегі өңдегі жанаспалы жасушалардың саңылауы арқылы ауаға таралады.

10.Жарық әсерінен фотосинтез кезінде атмосфераға қандай зат бөлінеді?

A.көмірқышқыл газы

B.крахмал

C.сутегі

D.су
E.оттегі


Фотосинтез кезінде оттегі бөлінеді. Жасыл өсімдік оттегіні тек жарықта ғана бөлетіні белгілі болды.


Пән: Биология, Бөлім: IV тарау. Жапырақтың суды буландыруы. Жапырақтың түрөзгерістері

1.Өсімдіктер суды:

A.Жапырақтары арқылы буландырады

B.Сабағы арқылы буланады

C.Ауа арқылы буландырады

D.Жапырақтары арқылы буландырады

E.Тамыр арқылы буландырады

Өсімдіктер суды жапырақтары арқылы буландырады. Су – жапырақ өңіндегі жанаспалы жасушалардың саңылаулары арқылы буланады. Су жеткіліксіз болса, саңылау жабылып, булану тоқтайды. Өсімдікке су жетіспесе өсуі баяулайды, солып, қурайды.

2.Судың қатысуымен жапырақта:

A.Жапырақта органикалық заттар түзіледі

B.Минералды заттар топырақта түзіледі

C.Органикалық тұздар сабақта түзіледі

D.Қышқыл тұздар жапырақта түзіледі.

E.Органикалық заттар тамырда түзіледі

 Судың қатысуымен жапырақта органикалық заттар түзіледі. Су булануының маңызы – ыстық күндері жапырақты күн сәулесінен қызып кетуден сақтайды. Ауық-ауық суды буландырып тұратындықтан жапырақтар ыстық күндері жап-жасыл қалпында сақталады. Жапырақтың суды буландыруы фотосинтезбен тығыз байланысты. 



3.Жапырақ тақтасы түгелдей тікенге айналған өсімдіктер:

A.Түйетікен, шағыртікен

B.Сарыағаш, кактус, кәріқыз, қарлыған

C.Итмұрын, кәріқыз, қарлыған

D.Қырыққабат, кәріқыз, қарлыған

E.Сексеуіл, кәріқыз, қарлыған

Жапырақ тақтасы түгелдей тікенге айналғандар: сарыағаш, кактус, кәріқыз, қарлыған.

4.Бунақденелілерді (насекомдарды) ұстау құралына айналған жапырақтар:

A.Сексеуіл, мұртша, қабыршақ

B.Сарыағаш, кактус, мұртша, қабыршақ

C.Түйетікен, мұртша, қабыршақ

D.Тікен, мұртша, қабыршақ, шырынды жапырақ

E.Мұртша, қабыршақ кәріқыз, қарлыған

Түрін өзгерткен жапырақтар: тікен, мұртша, қабыршақ, шырынды жапырақ, бунақденелілерді (насекомдарды) ұстау құралына айналғандар.

5.Мұртшаға айналған жапырақтар:

A.Үрмебұршақ, қабыршақ

B.Бұршақ, кәріқыз, қарлыған

C.Асбұршақ, үрмебұршақ

D.Түйетікен, асбұршақ, үрмебұршақ

E.Тас бұршақ, үрмебұршақ, шырынды жапырақ

Мұртшаға айналған жапырақтар: асбұршақ, үрмебұршақ және т.б. өсімдіктердегі жапырақтарының орталық жүйкесі мен майда жапырақшалары мұртшаға айналған. Мұртшалары әлсіз сабақтарының жарыққа қарай көтеріліп, өсуіне сүйеніш.

6.Қабыршаққа айналған жапырақтар:

A.Асқабақтың ішкі бөліктерін зақымданудан қорғайды

B.Пиязшықтың ішкі бөліктерін зақымданудан қорғайды

C.Үрмебұршақтың ішкі бөліктерін зақымданудан қорғайды

D.Асбұршақтың ішкі бөліктерін зақымданудан қорғайды

E.Сабақтың ішкі бөліктерін зақымданудан қорғайды

Бүршіктердің сыртындағы қабыршақтар, тамырсабақтағы қабыршақтардың барлығы түрін өзгерткен жапырақтар. Бүршіктің, пиязшықтың ішкі бөліктерін зақымданудан, улы газдардың зиянды әсерінен қорғайды. Орамға айналған жапырақтар жүгері собығының сыртын орап тұрады.

7.Шыбынжұттың (шыбын аулағыш) жапырақ тақтасы:

A.Қаусырмалы, бес жақтаулы

B.Қаусырмалы, төрт жақтаулы

C.Қаусырмалы, үш жақтаулы

D.Қаусырмалы, алты жақтаулы

E.Қаусырмалы, екі жақтаулы

Шыбынжұттың (шыбын аулағыш) жапырақ тақтасы қаусырмалы, екі жақтаулы. Жақтауларының жиектері ұзын түкті, беті қысқа сезімтал түкті. Сағағы жалпақ болғандықтан қонған шыбын жапырақ тақтасына жеткенде сезімтал түктердің әсерінен жақтаулар қусырылады.

8.Жанаспалы жасушалардың саңылаулары арқылы:

A.Фотосинтезге көмірқышқыл газы енеді

B.Жапыраққа көмірқышқыл газы енеді

C.Қоршаған ортаға көмірқышқыл газы шығады

D.Сабаққа көмірқышқыл газы сіңеді

E.Жапыраққа тыңайтқыш енеді

Жанаспалы жасушалардың саңылаулары арқылы жапыраққа көмірқышқыл газы енеді, су буланады. Жапырақта қант түзілу үшін күн сәулесі керек. Күн сәулесі жапырақты қыздырады. Судың булануы жапырақты салқындатады.

9.Шөл, шөлейтті жерде өсетін өсімдіктердің жапырақтары:

A.Жапырақтары ірі, қою жасыл түсті

B.Жанаспалы жасушалары да көп

C.Жапырақтары ұсақ, түкті болғандықтан суды аз буландырады

D.Фотосинтез процесі сабақтарында жүреді

E.Өсуі баяулайды, солып, қурайды

Шөл, шөлейтті жерде өсетін өсімдіктердің жапырақтары ұсақ, түкті болғандықтан суды аз буландырады. Кейбіреулері қабыршаққа айналып, түрін өзгерткен, бозғылт сұр түсті. Қазақстанда өсетін сексеуілдің жапырақтары өте майда қабыршаққа айналған.

10.Су жеткіліксіз болса:

A.Өсуі баяулайды, солып, қурайды

B.Саңылау жабылып, булану тоқтайды

C.Жапырақтары ұсақ, қою қызыл түсті.

D.Жанаспалы жасушалары аз

E.Жапырақтары ұсақ, түкті болғандықтан суды аз буландырады

Су – жапырақ өңіндегі жанаспалы жасушалардың саңылаулары арқылы буланады. Су жеткіліксіз болса, саңылау жабылып, булану тоқтайды.

1.Түйнек арқылы көбейетін  өсімдік:


A.Құлпынай

B.Картоп


C.Қырыққабат


D.Пияз


E.Шомыр


Түйнек арқылы көбейтуге картоп алынады. Егер түйнек үлкен болса, әрқайсысына 1-2-ден бүршіктерін қалдырады да, бірнешеге бөліп отырғызады.

2.Пиязшықтары мен көбейетін  өсімдік:

A.Пияз, сарымсақ, лалагүл, қызғалдақ

B.Қойбүлдірген , құлпынай

C.Қырыққабат, қойбүлдірген, құлпынай, қызғалдақ

D.Шомыр, қойбүлдірген, лалагүл, қызғалдақ

E.Сәбіз, пияз, сарымсақ, лалагүл, қызғалдақ

 

Пиязшықтары мен пияз, сарымсақ, лалагүл, қызғалдақ және т. б. көбейеді. Мысалы, қыста қызғалдақ гүлдерін пиязшығынан өсіреді.



3.Мұртшалары мен көбейетін  өсімдік:



A.Қырыққабат, қойбүлдірген, құлпынай, қызғалдақ

B.Қойбүлдірген , құлпынай

C.Пияз, сарымсақ, лалагүл, қызғалдақ

D.Шомыр, қойбүлдірген, лалагүл, қызғалдақ

E.Сәбіз, пияз, сарымсақ, лалагүл, қызғалдақ

Мұртшалары мен қойбүлдірген, құлпынай көбейеді. Сабағының түбіндегі ұзын мұртшаларының топыраққа жанасқан жерінен қосалқы тамырлар шығады. Бүршігінен өркендер дамиды. Мұртшадан өрбіген жас өркендерді бөліп алып, жеке-жеке отырғызады.

4.Жас өркендері арқылы көбейетін  өсімдік:

A.Лалагүл, қызғалдақ қойбүлдірген

B.Қойбүлдірген терек, қарағаш

C.Терек, қарағаш, лалагүл, қызғалдақ

D.Тал, терек, қарағаш, үйеңкі

E.Терек, қойбүлдірген, құлпынай

Жас өркендері арқылы тал, терек, қарағаш, үйеңкі және т.б. өсімдіктер көбейеді. Көбейту үшін қыстық (жапырақсыз) және жаздық өркендер (жапырақты) алынады. Қыстық өркендерді күзде дайындайды. Жапырақтарын түсірген кезде немесе көктемде бүршігін жармай тұрғанда ұзындығы 20-30 см 1, 2, 3 жылдық өркендерін алады. Көктемге дейін құмға көміп, көктемде топыраққа отырғызады.

5.Қатар  өскен екі өсімдікті біріне-бірін жанастыру:

A.Жанастыра телу

B.Телу

C.Мүшелеп телу

D.Кесінділеп телу



E.Көзшелеп телу

 Жанастыра телу – қатар өскен екі өсімдікті біріне-бірін жанастырады. Жанасар жағындағы қабығын азғана сүрегімен қоса сыдыра тіліп тастайды. Жөке немесе кендір жіппен байлап қояды. Ұласу мерзімі 1-2 жыл.



6.Бір өсімдік өркенінен бүршігі бар бөлігін кесіп алып, екінші өсімдікке ұластыру:

A.Жанастыра телу

B.Мұртшалары арқылы көбейту

C.Жас өркендері арқылы көбейту

D.Кесінділеп телу

E.Көзшелеп телу

Кесінділеп телу - бір өсімдік өркенінен бүршігі бар бөлігін кесіп алып, екінші өсімдікке ұластырады.

7.Тамыр кесінділері арқылы көбейетін өсімдік:

A.қойбүлдірген

B.таңқурай

C.құлпынай

D.итмұрын

E.жауқазын

Тамыр кесінділері арқылы таңқурай, алхоры, шие, беже (айва), раушан және т.б. көбейеді.

8.Бір өсімдіктің бүршігін аздаған сүрек бөлімімен қоса кесіп алып, екінші өсімдік қабығына кигізу:

A.Кесінділеп телу

B.Жанастыра телу

C.Сабақ өркендері арқылы көбейту

D.Мұртшалары арқылы көбейту

E.Көзшелеп телу

Көзшелеп телу - бір өсімдіктің бүршігін аздаған сүрек бөлімімен қоса кесіп алады. Екінші өсімдіктің қабығын сүрегіне дейін «Т» әрпі тәріздендіріп тіледі. Бүршікті қабыққа кигізе жанастырып, жөкемен байлап қояды.

9.Сабағы, жапырағы, тамыры арқылы көбею  өсімді мүшелерінен көбеюдің қай тәсіліне жатады:

A.Жанастыра телу арқылы көбею

B.Мұртшалары арқылы көбею

C.Телу арқылы көбею

D.Түрі өзгерген мүшелер арқылы көбею

E.Негізгі өсімді мүшелердің бөліктері арқылы көбею

Өсімді мүшелерінен көбею тәсілдері: 1. Түрі өзгерген мүшелер арқылы көбею 2. Негізгі өсімді мүшелердің бөліктері арқылы көбею (сабағы, жапырағы, тамыры ). 3. Телу арқылы көбею

10.Сәндік үшін сабақ өркенінен көбейетін көпжылдық өсімдік:

A.қынагүл

B.сүмбілшаш

C.кринум

D.раушан


E.жауқазын


Сабақ өркенінен сәндік үшін өсірілетін көп жылдық гүлдерді (қалампыр, қазтамақ, қынагүл (колесус), традесканция, фикус және т.б.) көбейтеді.



Пән: Биология, Бөлім: IV тарау. Гүлдің құрылысы

1.Жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері:

A.Гүл бөлімдері

B.Күлте


C.Гүл табаны


D.Гүл сағағы

E.Тостағанша

Гүл бөлімдері – гүл сағағы, гүл табаны (тұғыры), тостағанша жапырақша, күлте жапырақша, аталық пен аналықтан тұрады. Гүл сағағы – жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері. Сағағы арқылы сабаққа бекінеді. Гүл сағағы болмаса, отырмалы гүлдер дейді (беде, қашқаргүл (астра).

2.Гүлдің  барлық бөлімдері бекінетін  жері:

A.Күлте


B.Гүл сағағы


C.Тостағанша

D.Гүл бөлімдері

E.Гүл табаны

Гүл табаны (тұғыры) – гүлдің барлық бөлімдері бекінетін гүл сағағының жоғарғы жағындағы кеңейген жері.

3.Гүлдің  сыртында біріккен жапырақшалардан тұратын бөлім:

A.Гүл табаны

B.Гүл сағағы

C.Күлте

D.Гүл бөлімдері

E.Тостағанша



Тостағанша көбінесе жасыл түсті, гүлдің сыртында бірікпеген жеке немесе біріккен жапырақшалардан тұрады. Тостағанша 2-ден (көкнәрда) бірнеше ондаған санға (шай өсімдігі) дейін жетеді. Атқаратын қызметіне байланысты әр түрлі өзгеріске ұшырайды. Мысалы, жемістер мен тұқымдарды желмен тарату үшін (бақбақта) үлпекке айналады.

4.Тостағанша  жапырақшалардан кейін орналасқан гүл бөлімі:

A.Гүл бөлімдері

B.Гүл табаны

C.Күлте


D.Гүл сағағы


E.Тостағанша

Күлте – тостағанша жапырақшалардан кейін орналасады. Күлте жапырақша лары бір-бірімен бірігіп кеткендерге: інжугүл, қоңыраугүл жатады. Бірікпей жеке орналасатын күлтелер: қызғалдақ, көкнәр, итмұрын. Күлте түбіндегі жіңішкерген жерде тәтті шірне бөлетін шірнеліктер орналасады. Күлтенің хош иісі, тәтті шірнесі, ашық реңдері гүлді тозаңдандыратын бунақденелілерді еліктіреді.

5.Гүлдің  көбеюге қатысатын бөлімі:

A.Тостағанша

B.Гүл сағағы

C.Аталық

D.Күлте


E.Жатын


Аталық – гүлдің көбеюге қатысатын бөлімі. Әрбір аталық – аталық жіпшесінен және тозаңқаптан тұрады. Аталықтың жіңішкерген жері – жіпшесі. Тозаңқап бір-бірімен байланысқан екі бөліктен құралған. Әр бөлігінде 2-ден тозаң ұясы бар. Тозаңқапта мыңдаған тозаң түйіршіктері түзіледі, пісіп жетілгенде тозаңдары сыртқа шашылады.

6.Аналықтың  бір және көп ұялы ең негізгі бөлігі:

A.Гүл сағағы

B.Аталық

C.Күлте


D.Тостағанша


E.Жатын


Жатын (түйін) – аналықтың ең негізгі бөлігі бір және көп ұялы. Жатынның ішінде бір (бидайда) немесе бірнеше мыңдаған (көкнәр) тұқымбүршігі бар. Тұқымбүршігі жатында дамитындықтан, жатын қабырғасына бекінеді. Жатынның сыртын екі қабат қабықша (жамылғы) қаптайды. Қабықшасының түйіскен жерінде тесігі бар. Одан тозаң түтігі тұқымбүршігіне енеді. Тұқымбүршігінің ішіндегі ұрық қалтасында жұмыртқажасуша (аналық жыныс жасуша) болады. Сондықтан ұрықтану аналықтың ішінде жүреді.


7.Қандай гүлдерде гүл серігі болмайды?

A.Өздігінен тозаңданатын

B.Жынысты көбейетін

C.Желмен тозаңданатын

D.Бунақденелілермен тозаңданатын

E.Шөлде өсетін

Гүл серігі жай және қос гүлсерікті деп бөлінеді. Желмен тозаңдануға бейімделген гүлдерде гүл серігінің екеуі де болмайды. Оларды гүлсеріксіз гүлдер деп атайды.

8.Аналықтың қандай қасиеті тозаңның аналық аузына түсіп, тез өнуіне жағдай туғызады?

A.Пішінінің өзгеруі

B.Ұнтақ тәрізді болуы

C.Тез жетілу қабілеті

D.Жабысқақ сұйықтық бөлуі

E.Бунақденелілерді еліктіруі

Аналық – гүлдің жеміс түзуге қатысатын негізгі бөлігі. Гүлдің дәл ортасында орналасады. Аналықтың жабысқақ сұйықтық бөлуі тозаңның аналық аузына түсіп, тез өнуіне жағдай туғызады.

9.Тозаңның құрамында нелер болады?

A.Минералды тұздар

B.Қант


C.Дәрумендер


D.Май


E.Аталғандардың барлығы


Тозаң – сыртқы және ішкі қабықшасы бар жасуша. Тозаңның құрамында май, қант, минералды тұздар, нәруыз, дәрумендер болады. Бунақденелілер қоректену үшін гүлге қонады.

10.Гүлдің қай құрылымы тұқым бүршігін температураның ауытқуынан, зиянды бунақденелілерден қорғайды?

A.Гүл табаны

B.Тостағанша жапырақша

C.Күлте жапырақша

D.Жатын

E.Тозаңқап

Тұқым бүршігі жатында орналасқан. Ол тұқым бүршігін температураның ауытқуынан, зиянды бунақденелілерден қорғайды. Аналықтың құрылымы тозаңдану мен ұрықтануға бейімделген.



Пән: Биология, Бөлім: IV тарау. Қос жынысты және дара жынысты гүлдер. Гүл формуласы

1.Бір гүлде аталық пен аналық болса:

A.Бір үйлі

B.Қос  жынысты

C.Бірнеше үйлі

D.Дара жынысты

E.Екі үйлі

 

Бір гүлде аталық пен аналық болса (мақта, қызанақ, картоп, лалагүл) – қос жынысты. Тек аталығы бар болса аталық гүл, аналығы ғана болса аналық гүл дейді. Аталық гүлдер мен аналық гүлдер бір өсімдікте болса – бір үйлі (жүгері, асқабақ, қайың, орман жаңғағы).



2.Бір гүлде аталық немесе аналық қана болса:



A.Бірнеше үйлі

B.Дара жынысты

C.Бір үйлі

D.Екі үйлі

E.Қос  жынысты

Аталық немесе аналық қана болса дара жынысты дейді. Тек аталығы бар болса аталық гүл, аналығы ғана болса аналық гүл дейді. Аталық гүлдер мен аналық гүлдер бір өсімдікте болса – бір үйлі (жүгері, асқабақ, қайың, орман жаңғағы).

3.Гүл  құрылысындағы, гүл бөліктерінің атын бас әрппен белгілеу:

A.Белгі

B.Таңба


C.Формула


D.Үлгі


E.Арифметика


Формула дегеніміз гүл құрылысын дағы, гүл бөліктерінің атын бас әрпімен белгілеу. Халықаралық атауы: тостағаншасы– Са(Саlyx), күлтесі Со(Соrolla), жай гүлсерік Р(Реrіgonіum), аталық А(Аndroeceum), аналық G(Gynoeceum). Аталық гүл  (Марс белгісі). Аналық гүл  (Шолпан белгісі).

4.Қызғалдақ (тюльпан) гүлінің формуласы:

A.К 5+3 А 3+3 Ж (4)

B.К 2+3 А 3+3 Ж (4)

C.К 3+5 А 3+3 Ж (1)

D.К 3+3 А 3+3 Ж (3)

E.Т5 К5 А∞Ж∞

 

Қызғалдақ (тюльпан) гүлінің формуласы: К 3+3 А 3+3 Ж (3)  талдауы: дұрысгүл, қос жынысты жай гүлсерікті, күлтесі 6 – екі шеңбер құрып орналасқан, аталығы 6 – екі шеңберге орналасқан, аналығы біріккен 3 жеміс жапырақшасынан тұрады. Гүл формуласы қазақша әріптермен былай таңбаланады: Т – тостағанша жапырақша; К – күлте жапырақша; А – аталық; Ж – (жатын) аналық.



5.Итмұрын  гүлінің формуласы:



A.К 2+3 А 3+3 Ж (4)

B.К 3+5 А 3+3 Ж (1)

C.К 3+3 А 3+3 Ж (3)

D.  Т5 К5 А∞Ж∞

E.К 5+3 А 3+3 Ж (4)

 

Итмұрын гүлінің формуласы: Т5 К5 А∞Ж∞ талдауы: дұрысгүл, қос жынысты, қос гүлсерікті, тостағаншасы 5, күлтесі 5. Аталық пен аналығы көп (шексіз).



6.Алма ағашы гүлінің формуласы:



A.Т 0 К (5) А (5) Ж(2)

B.К 3+3 А 3+3 Ж(3)

C.Т(5 )К5А ͚ Ж(5)

D.Т(5)К5А6Ж6

E.Т (5) К5А 0 Ж(3)

Алма ағашы гүлінің формуласы: Т (5)К5А ͚ Ж(5) . Талдауы: тостағаншасы біріккен 5, күлтесі бірікпеген (жеке-жеке) 5, аталықтары көп; аналығы біріккен 5 жеміс жапырақшалы. 

7.Қияр аналық гүлінің формуласы:

A.К 3+3 А 3+3 Ж(3)

B.Т(5)К5А20Ж1

C.Т (5)К5А ͚ Ж(5)

D.Т 0 К (5) А (5) Ж(2)

E.Т (5) К5А 0 Ж(3)

Қияр аналық гүлінің формуласы: Т (5) К5А 0 Ж(3). Талдауы: аналық гүл, тостағаншасы біріккен 5; күлтесі біріккен 5; аталықтары жоқ; аналығы біріккен 3 жеміс жапырақшалы.

8.Бақбақ  гүлінің формуласы:

A.Т (5)К5А ͚ Ж(5)

B.Т (5) К5А 0 Ж(3)

C.К 3+3 А 3+3 Ж(3)

D.Т 0 К (5) А (5) Ж(2)

E.Т(5)К5А20Ж1

Бақбақ  гүлінің формуласы: Т 0 К (5) А (5) Ж(2) . Талдауы: тостағаншасы үлпекке айналып, өзгеріске ұшыраған; күлтесі біріккен 5; аталықтары біріккен 5; аналығы біріккен 2 жеміс жапырақшалы;

9.Аталық гүлдер бір өсімдікте, аналық гүлдер екінші өсімдікте дамыса:

A.бір үйлі

B.дара жынысты

C.жыныссыз гүлдер

D.қос үйлі

Eқос жынысты

Аталық гүлдер мен аналық гүлдер бір өсімдікте болса – бір үйлі (жүгері, асқабақ, қайың, орман жаңғағы). Аталық гүлдер бір өсімдікте, аналық гүлдер екінші өсімдікте дамыса – екі үйлі (қос үйлі) (қарасора, қалақай, терек, тал) болғаны.

10.Екі үйлі (қос үйлі) өсімдікті анықтаңыз:

A.Терек


B.Асқабақ


C.Орман жаңғағы

D.Жүгері

E.Күнбағыс

Аталық гүлдер бір өсімдікте, аналық гүлдер екінші өсімдікте дамыса – екі үйлі (қос үйлі)(қарасора, қалақай, терек, тал) болғаны.

Пән: Биология, Бөлім: IV тарау. Гүлшоғырлар, биологиялық маңызы

1.Гүл шығаратын өркенде белгілі ретпен орналасатын ұсақ гүлдер тобын:

A.Гүлшоғыр деп айтады

B.Бір үйлі деп айтады

C.Дара жынысты деп айтады

D.Екі үйлі деп айтады

E.Бірнеше үйлі деп айтады

Гүлшоғыр деп гүл шығаратын өркенде белгілі ретпен орналасатын ұсақ гүлдер тобын (жиынтығын) айтады.

2.Гүлшоғырлар:

A.Кез-келген жерінде дамиды

B.Сабақтың астында дамиды

C.Бір үйлі сабақта дамиды

D.Сабақтың ұшында дамиды

E.Сабақтың қолтығында дамиды

Гүлшоғырлар сабақтың ұшында дамиды. Өсімдік түріне байланысты бір гүлшоғырда гүлдердің саны екіден бірнеше жүзге дейін жетеді.

3.Жай гүлшоғырларының жанама сабақшалары:

A.Сабақ бұтақтанады, оның ұшы гүлмен бітеді

B.Кез-келген жерінен бүршік шығады

C.Бұтақтанбайды, оның ұшы гүлмен бітеді

D.Сабақтың ұшында жапырақ дамиды

E.Сабақтың астында бүршік дамиды

Жай гүлшоғырларының жанама сабақшалары бұтақтанбайды, оның ұшы гүлмен бітеді. Мысалы: шашақ, жай масақ, собық, жай шатыр, шоғырбас (шоқпарбас), себет  гүлшоғырлары жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет