Өсу – тіршіліктің белгісі. Өсу жылдамдығы барлық өсімдіктерде бірдей емес. Мысалы, ағаштар баяу өссе, бамбук (ол ағаш емес) өте тез өседі. Сабан сабақтың әрбір буынаралықтарының түбінде түзуші ұлпа болады. Өсуі күндіз де, түнде де қарқынды жүреді.
2.Қолтық бүршіктерден:
A.Шөптер, өркендер дамиды
B.Жанама тамырлар дамиды
C.Жемістер дамиды
D.Бұтақтар, тамырлар дамиды
E.Бұтақтар (жанама өркендер) дамиды
Қолтық бүршіктерден бұтақтар (жанама өркендер) дамиды. Үлкен қалаларда, демалыс орындарындағы ағаштар мен бұталардың ұштарын шырпып белгілі пішінге келтіреді.
3.Камбий:
A.Соратын ұлпаға жатады
B.Қорға жинайтын ұлпаға жатады
C.Түзуші ұлпаға жатады
D.Сүзгілі ұлпаға жатады
E.Өткізгіш ұлпаға жатады
Камбий түзуші ұлпаға жатады. Камбийдің бір маусым ішінде бөлінген жас жасушалары қабық пен сүрекке қарай ығысады. Сүрек бөліміне ығысқан жасушалар тобы көбірек болғандықтан сүрек қабаты қалыңдау болады. Бұл құбылыс жыл сайын қайталанатындықтан сабақ жуандай береді.
4.Ағаш діңінің көлденең кесіндісіндегі жылдық шеңберден:
Ағаш діңінің көлденең кесіндісіндегі жылдық шеңберден тіршілік жағдайының қолайлы немесе қолайсыз болғандығын аңғаруға болады: жылына бір шеңбер түзілетіндіктен, жылдық шеңберге қарап, өсімдіктің жасын анықтайды.
Жарықта жапырақтағы крахмал суда ерімейтіндіктен, крахмал күйінде сабақ бойымен қозғалмайды. Крахмал қантқа айналуы керек. Қант суда жақсы еритіндіктен қабықтағы сүзгілі түтіктер арқылы өсімдіктің барлық мүшелеріне барады. Органикалық заттар қабықтағы тін талшықтары (сүзгілі түтік) арқылы қозғалады.
6.Сабақтың сояуға айналып, түрін өзгертуінің себебі:
A.Түрін өзгерткендіктен
B.Жай сабаққа айналуынан
C.Ылғал жетіспегендіктен
D.Түрі әр түрлі болғандықтан
E.Күрделі сабақ болғандықтан
Долана ағашының сояуын бөліп алу өте қиын. Сүрегі ілесе жұлынады. Сабақтың сояуға айналып, түрін өзгертуінің себебі: 1) ылғал жетіспегендіктен; 2) жабайы өсетіндіктен, қолайсыз жағдайға бейімделуден.
7.Шырынды сабақтар:
A.Бидайық, қоңырбас
B.Сүмбілшаш, қоңырбас
C.Кактус, сүттіген
D.Пияз, сарымсақ
E.Бүлдірген, шыршай
Шырынды сабақтар кактус, сүттіген өсімдіктерінде болады. Ылғал жетіспегендіктен бұл өсімдіктер сабақтарына су және онда еріген заттарды жинайды, жасыл түсті болғандықтан органикалық заттар сабақтарында түзіледі.
8.Түрі өзгерген, үлкен, алып бүршік:
A.Кактус, сүттіген
B.Сүмбілшаш, қоңырбас
C.Кауданды (кочан) қырыққабат
D.Бүлдірген, шыршай
E.Пияз, сарымсақ
Кауданды (кочан) қырыққабат түрі өзгерген, үлкен, алып бүршікке жатады. Жан-жағындағы қоршап жатқан шырынды жапырақтарының ішкі жағында орналасқандары ақшыл түсті. Қауданын дәл ортасынан қақ жарып қарасақ, алып бүршік екенін ажырату қиын емес.
Түйнектің сыртын тоз қабық қаптайды. Картоп өсімдігінің түбіне топырақты неғұрлым көбірек үйіп түптесе, соғұрлым түйнектер көбірек түзіледі.
10.Картоп жемісі:
A.Жидек жеміс
B.Жидек, алмұрты жеміс
C.Бүршік жеміс
D.Тамырсабақты жидек жеміс
E.Түйнекті жидек жеміс
Картоп жемісі – жидек жеміс, жер асты түйнегі түрін өзгерткен өркен. Жер асты түйнекке жер алмұрты (топинамбур) жатады.
Пән: Биология, Бөлім: III тарау. Сабақ бойымен қоректік заттардың қозғалуы
1.Жапырақтағы крахмал суда ерімейтіндіктен:
A.Құрғақ күйінде сабақ бойымен қозғалмайды
B.Қант күйінде сабақ бойымен қозғалмайды
C.Крахмал күйінде сабақ бойымен қозғалмайды
D.Сұйық күйінде сабақ бойымен қозғалмайды
E.Қоймалжың күйінде сабақ бойымен қозғалмайды
Жарықта жапырақтағы крахмал суда ерімейтіндіктен, крахмал күйінде сабақ бойымен қозғалмайды. Крахмал қантқа айналуы керек. Қант суда жақсы еритіндіктен қабықтағы сүзгілі түтіктер арқылы өсімдіктің барлық мүшелеріне барады.
2.Органикалық заттар қабықтағы:
A.Қабыршақтар арқылы қозғалады
B.Гүлдер арқылы қозғалады
C.Тін талшықтары (сүзгілі түтік) арқылы қозғалады
D.Тамыр арқылы қозғалады
E.Ағаш талшықтары арқылы қозғалады
Органикалық заттар қабықтағы тін талшықтары (сүзгілі түтік) арқылы қозғалады. Қабығы кесілген бұтақта қосалқы тамырлар кесілген жерінің жоғарғы жағынан шығады. Кесілген жердің төменгі жағында тамырлар пайда болмайды. Қоректік зат кесілген жерден төмен қарай өте алмайды. Ал қабығы кесілмей салынған бұтақта қосалқы тамырлар бұтақтың ұшынан дамиды. Бұл органикалық заттар тек қабықпен қозғалатынын дәлелдейді.
3.Өсімдіктің өсе бастаған жас мүшелерінің қорегіне жұмсалады:
A.Қатты заттар
B.Желім заттар
C.Қоймалжың заттар
D.Органикалық заттар
E.Құрғақ заттар
Органикалық заттар өсімдіктің өсе бастаған жас мүшелерінің қорегіне жұмсалады. Қорекке ортақ етпей, күнбағыс, жүгері, қызанақ сияқты өсімдіктердің түбінен қаулап шыққан артық өркендерін жұлады. Жапырақ қолтығынан шыққан өркендерді де жұлып тастайды. Мұндай жағдайда жүгерінің собығы, күнбағыстың себеті өте ірі болады.
4.Су мен минералды заттар сабақтың:
A.Жапырағымен қозғалады
B.Тамырымен қозғалады
C.Сүрек қабатымен қозғалады
D.Қабықша қабатымен қозғалады
E.Тамыр оймақшасымен қозғалады
Боялған суға салынған өркеннің жапырағы мен гүлін ұстарамен көлденеңінен және ұзынынан теңдей екіге қақ жарып қараса (ұлғайтқыш әйнекті пайдаланып). Қабық пен өзек қабаты боялмай, тек сүрек қабатының боялғаны байқалады. Бұл тәжірибеден су мен минералды тұздар сабақтың сүрек қабатымен қозғалатынын білеміз.
5.Жүгерінің собығы, күнбағыстың себеті өте ірі болуы үшін:
A.Жапырақ қолтығынан шыққан өркендерді жұлып тастайды
B.Қабықша қолтығынан шыққан өркендерді жұлып тастайды
C.Сабақ қолтығынан шыққан өркендерді жұлып тастайды
D.Сүрек қолтығынан шыққан өркендерді жұлып тастайды
E.Тамыр қолтығынан шыққан өркендерді де жұлып тастайды
Органикалық заттар өсімдіктің өсе бастаған жас мүшелерінің қорегіне жұмсалады. Қорекке ортақ етпей, күнбағыс, жүгері, қызанақ сияқты өсімдіктердің түбінен қаулап шыққан артық өркендерін жұлады. Жапырақ қолтығынан шыққан өркендерді де жұлып тастайды. Мұндай жағдайда жүгерінің собығы, күнбағыстың себеті өте ірі болады.
6.Су мен минералды тұздар сабақтың қай қабатының бойымен жылжиды?
A.Қабықтың бойымен
B.Тамырдың бойымен
C.Түзуші ұлпаның бойымен
D.Сүректің бойымен
E.Өзектің бойымен
Су мен минералдық заттар сүрек бойымен қозғалады. Тәжірибе жасау арқылы, сүрегі алып тасталған өсімдіктің тез қурап қалатынын көруге болады.
7.Жарықтың әсерінен крахмал өсімдіктің қай бөлімінде түзіледі?
A.Тамырда
B.Жапырақта
C.Сабақта
D.Жемісте
E.Түйнекте
Жарықтың әсерінен жапырақта крахмал түзіледі. Ол суда ерімейтіндіктен, сабақ бойымен қозғалмайды.
8.Тамыр қысымына байланысты сабақ бойымен не көтеріледі?
A.Органикалық заттар
B.Қанттар
C.Су
D.Майлар
E.Ақуыздар
Судық сабақ бойымен көтерілуі тамыр қысымына байланысты. Тамыр қысымы ағаштың жапырақтары түгел шығып болғанға дейін сақталады.
9.Органикалық заттар қозғалатын тін талшықтары немесе сүзгілі түтіктер қайда орналасқан?
A.Сүректе
B.Камбийде
C.Өзекте
D.Тамырда
E.Қабықта
Органикалық заттар қабықтағы тін талшықтары арқылы қозғалады. Суда еріген қоректік заттар осы сүзгілі түтіктер арқылы өсімдіктің барлық мүшелеріне барады.
10.Күнбағыс, жүгері, қызанақ сияқты өсімдіктердің түбінен қаулап шыққан артық өркендерді неліктен жұлып тастайды?
A.Өсімдіктердің тамырын шірітіп жібермеуі үшін
B.Өсімдіктердің жанындағы орындарды босату үшін
C.Өркендердің ары қарай өз бетінше дамуы үшін
D.Күн көзін көлеңкелемеуі үшін
E.Қорекке ортақ етпеу үшін
Қорекке ортақ етпеу үшін күнбағыс, жүгері, қызанақ сияқты өсімдіктердің түбінен қаулап шыққан артық өркендерді жұлып тастайды. Жапырақ қолтығынан шыққан өркендерді де жұлып тастайды. Мұндай жағдайда жүгерінің собығы, күнбағыстың себеті өте ірі болады.
Пән: Биология, Бөлім: III тарау. Сабақтың түрөзгерістері
1.Долана, жабайы алмұрт, жабайы алма ағаштарындағы тікенекті сояулары:
A.Түрін өзгерткен бұтақ
B.Түрін өзгерткен сабақ
C.Түрі өзгерткен тамыр
D.Түрін өзгерткен өркен
E.Түрін өзгерткен жапырақ
Долана, жабайы алмұрт, жабайы алма ағаштарындағы тікенекті сояулары түрін өзгерткен сабақ. Сояу сабақтың бұтақтарына жатады. Долана ағашының сояуын бөліп алу өте қиын. Сүрегі ілесе жұлынады. Сабақтың сояуға айналып, түрін өзгертуінің себебі: 1) ылғал жетіспегендіктен; 2) жабайы өсетіндіктен, қолайсыз жағдайға бейімделуден
2.Шырынды сабақтар:
A.Қарағаш, сүттіген өсімдіктерінде болады
B.Кактус, сүттіген өсімдіктерінде болады
C.Герань, раушан өсімдіктерінде болады
D.Гегань, түймедақ өсімдіктерінде болады
E.Кактус, алма өсімдіктерінде болады
Шырынды сабақтар кактус, сүттіген өсімдіктерінде болады. Ылғал жетіспегендіктен бұл өсімдіктер сабақтарына су және онда еріген заттарды жинайды, жасыл түсті болғандықтан органикалық заттар сабақтарында түзіледі.
3.Кауданды (кочан) қырыққабат:
A.Саны өзгерген, үлкен, бүршікке жатады
B.Сабағы өзгерген, алып бүршікке жатады
C.Түрі өзгерген, үлкен, алып бүршікке жатады
D.Тамыры алып бүршікке жатады
E.Үлкен, жуан алып бүршікке жатады
Кауданды (кочан) қырыққабат түрі өзгерген, үлкен, алып бүршікке жатады. Жан-жағындағы қоршап жатқан шырынды жапырақтарының ішкі жағында орналасқандары ақшыл түсті. Қауданын дәл ортасынан қақ жарып қарасақ, алып бүршік екенін ажырату қиын емес. Қырыққабат – 2 жылдық өсімдік, бірінші жылы қаудан түзсе, екінші жылы ұзын сабақ, гүл шығарып, жеміс береді. Жемісі құрғақ, бұршаққын деп аталады, сондықтан қырыққабаттың қауданы жеміс емес.
4.Тамырсабақ, түйнек, пиязшық:
A.Түрін өзгерткен жер асты өркендерге жатады
B.Үлкен, түрін өзгерткен жуан алып бүршікке жатады
C.Сабағы өзгерген, алып бүршікке жатады
D.Саны өзгерген, үлкен, бүршікке жатады
E.Түрі өзгерген, үлкен, алып бүршікке жатады
Тамырсабақ, түйнек, пиязшық түрін өзгерткен жер асты өркендерге жатады. Тамырсабақтың буын аралығының ұзын немесе қысқа болуына байланысты ұзын тамырсабақты, қысқа тамырсабақты өсімдіктер деп бөлінеді. Тамырсабақтар – жатаған (бидайық, қоңырбас, бетеге), қысқарған (бүлдірген, шыршай), шырынды (қырлышөп, құртқашаш), түйнек тәрізді (канна) деп бөлінеді. Тамырсабақта қоректік заттар қоры мол жиналатын дықтан суыққа өте төзімді.
5.Тамырсабақ:
A.Тамыр шығармайтын көп жылдық жер асты өркен
B.Жеміс беретін көп жылдық жер асты өркен
C.Сабақ шығаратын көп жылдық жер асты өркен
D.Жапырақ шығармайтын көп жылдық жер асты өркен
E.Гүл шығармайтын көп жылдық жер асты өркен
Тамырсабақ – жапырақ шығармайтын көп жылдық жер асты өркен. Тамырсабақтың тамырдан айырмашылығы: 1) тамырсабақтың ұшында – бүршік, ал тамыр ұшында оймақша болады; 2) тамырсабақ буын және буын аралығынан тұрады.
6.Жер асты қолтық бүршіктен дамитын өркеннің ұшындағы бүршік:
A.Жеміс
B.Жапырақ
C.Гүл
D.Түйнек
E.Сабақ
Түйнек – сабақтың түп жағындағы жер асты қолтық бүршіктен дамитын өркеннің ұшындағы бүршік. Бүршік білеуленіп, жуандап өсіп түйнекке айналады. Түйнектің бүршік қолтығында түссіз жетілмеген жапырақтары майда қабыршақ тәрізді.
7.Түрін өзгерткен шырынды, қысқарған жер асты өркен:
A.Пиязшық
B.Сабақ
C.Жапырақ
D.Жеміс
E.Түйнек
Пиязшық (жуашық) – түрін өзгерткен шырынды, қысқарған жер асты өркені. Жер асты пиязшықты өсімдіктерге – пияз, сарымсақ, сүмбілшаш (гиацинт), лалагүл, жабайы жуа, қызғалдақ, бәйшешек, қазжуа жатады. Пиязшықтың төменгі ұшындағы тығыз жерін қысқарған сабақ немесе түбіртек дейді.
8.Тамырсабақта қай салаларда пайдаланатын әр түрлі заттар қорға жинақталады?
A.Медицина мен тоқыма өнеркәсібі
B.Машина жасау өнеркәсібі
C.Жеңіл және тамақ өнеркәсібі
D.Өнеркәсіп пен медицинада
E.Қағаз жасау өнеркәсібі
Тамырсабақта өнеркәсіп пен медицинада пайдаланатын әр түрлі заттар қорға жиналады. Мысалы, бояғыш заттар, эфир майы мен ұшқыш қышқылдары бар шүйіншөп, қант, крахмал және т.б.
9.Картоптың жемісі қандай?
A.Бұршаққап
B.Сүйекті жеміс
C.Құрғақ жеміс
D.Түйнек
E.Жидек жеміс
Картоптың түйнектері уақыты жеткенде гүлдеп, жеміс түзіледі. Картоптың жемісі – жидек жеміс, жер асты түйнегі – түрін өзгерткен өркен.
10.Жер асты пиязшықты өсімдіктерге төмендегілердің қайсысы жатады?
A.Лалагүл
B.Құртқашаш
C.Долана
D.Бидайық
E.Картоп
Пиязшық – түрін өзгерткен шырынды, қысқарған жер асты өркені. Пиязшықтар жер астында да, жер үстінде де дамиды. Жер асты пиязшықты өсімдіктерге – пияз, сарымсақ, сүмбілшаш, лалагүл, бәйшешек жатады. Пән: Биология, Бөлім: IV тарау. Жапырақ. Жапырақтың ішкі құрылысы
1.Жапырақтың қызметі:
A.Көбеюге қатыспау
B.Азот шығару
C.Органикалық зат түзбеу
D.Органикалық заттарды қорға жинау
E.Органикалық заттарды ыдырату
Қызметі: 1) ауадан көмірқышқыл газы мен су буын сіңіріп, жарықтың әсерінен органикалық зат түзу (фотосинтез); 2) жасушадағы артық суды буландыру; 3) газ алмастыру; 4) органикалық заттарды қорға жинау; 5) көбеюге қатысу.
E.Шырмауықта, жүгеріде, күріште
Қынапты жапырақтар – бидайда, жүгеріде, қамыста, балдырғанда, күріште және т. б. болады.
3.Жапырақтың өсуі, тіршілік ету ұзақтығы:
A.Өсуі 25-30 күнге созылады
B.Өсуі 10-20 күнге созылады
C.Өсуі 30-40 күнге созылады
D.Өсуі 15-18 күнге созылады
E.Өсуі 20-25 күнге созылады
Жапырақтың өсуі, тіршілік ету ұзақтығы. Жапырақ ағаштың бір жылдық өркенінде түзіледі. Алдымен жапырақ ұшынан өседі. Өсуі 30-40 күнге созылады
E.Соя,бөрібұршақ, қарасора
Саусақ салалы күрделі сағақта 5-7, одан да көп жапырақшалар саусаққа ұқсап бір жерден таралып орналасады, мысалы: атбас талшын, бөрібұршақ, қарасора.
5.Жұп қауырсындылар:
A.Терек, сары қараған, чина, қоянбұршақ
B.Бидай, сары қараған, чина, қоянбұршақ
C.Соя, қарабидай, жүгері, арпа
D.Сары қараған, чина, қоянбұршақ, жүгері
E.Асбұршақ, сары қараған, чина, қоянбұршақ
Жапырақша саны жұп болса жұп қауырсынды, тақ болса тақ қауырсынды күрделі жапырақ дейді. Жұп қауырсындылар – асбұршақ, сары қараған, чина, қоянбұршақ.
6.Жапырақтары қауырсын тәрізді торлы жүйкелі өсімдіктер:
A.Жолжелкен, тал, терек, алма, алмұрт
B.Інжугүл, жолжелкен
C.Үйеңкі, үпілмәлік (кенедән), бегония
D.Бидай, жүгері өсімдіктері
E.Тал, терек, алма, алмұрт
Қауырсын тәрізді торлы жүйкелену негізгі орталық жүйкенің жан-жағынан жанама жүйкелер теңдей таралады. Майда жүйкелері торлап жатады ( тал, терек, алма, алмұрт ағаштарының жапырақтары).
7.Жапырақтары параллель (қатарласа) жүйкелі өсімдіктер:
A.Тал, терек, алма, алмұрт
B.Үйеңкі, үпілмәлік (кенедән), бегония
C.Бидай, жүгері өсімдіктері
D.Інжугүл, жолжелкен
E.Тал, терек, алма, алмұрт
Параллель (қатарласа) жүйкеленуде жүйкелер жапырақтың ұшына дейін қатарласа созылады (бидай, жүгері өсімдіктері).
8.Жарық мол түсетін үстіңгі өңнің астына жанаса жататын жасуша:
E.Астыңғы жасушалар
Бағаналы жасушалар жарық мол түсетін үстіңгі өңнің астына жанаса жатады. Бағана тәрізді ұзын, бір-біріне тығыз орналасқандықтан осылай аталады.
9.Жасушалары тығыз орналаспай арасында кеңістіктері болатын:
A.Бағаналы жасушалар
B.Астыңғы жасушалар
C.Жанаспалы жасушалар
D.Бопылдақ жасушалар
E.Торлы жасушалар
Жасушалары тығыз орналаспай арасында кеңістіктері болса – борпылдақ жасушалар деп аталады. Жапырақ жүйкелері де осы қабатта. Су мен минералды заттар жапыраққа жүйке арқылы өтеді.
10.Күн сәулесі мол түсетін жерлерде өсетін өсімдіктердің жапырақтарында:
A.Астыңғы жасушалар саны көп
B.Торлы жасушалар саны көп
C.Бағаналы жасушалар саны көп
D.Бопылдақ жасушалар саны көп
E.Жанаспалы жасушалар саны көп
Күн сәулесі мол түсетін жерлерде өсетін өсімдіктердің жапырақтарында бағаналы жасушалар 2-3 қатар болып орналасқан. Жанаспалы жасушалар саны көп. Көлеңкеде өсетін өсімдіктердің жапырақтарында бағаналы жасушалар 1-2 қатар немесе тіпті болмайды. Хлоропластары ірі, хлорофилдері көп. Пән: Биология, Бөлім: IV тарау. Жапырақта органикалық заттардың жарықта түзілуі
Жапыраққа күн сәулесі түскенде хлоропластар ауадан көмірқышқыл газын сіңіреді. Жарықтың әсерінен хлоропластарда күрделі процесс жүреді.
2.Фотосинтез:
A.Жасушалардың қатысуымен көмірқышқыл газын сіңіреді
B.Күн энергиясының қатысуымен болатын құбылыс
C.Оттегімен байытады
D.Өткізгіш жасушалар қатысуымен болатын құбылыс
E.Хлоропластардың қатысуымен болатын құбылыс
Ауаны көмірқышқыл газынан тазартып, оттегімен байытады. Күн энергиясының қатысуымен болатын құбылысты фотосинтез дейді.
3.Өсімдіктердегі қанттың түзілуі:
A.Жасушалардың қатысуымен көмірқышқыл газын сіңіреді
B.Көмірқышқыл газының қатысуымен тек тамырда болады
C.Тамырдың қатысуымен болатын құбылыс
D.Жарық, су, көмірқышқыл газының қатысуымен тек хлоропластарда болады
E.Сабақтың қатысуымен болатын құбылыс
Өсімдіктердегі қанттың түзілуі жарық, су, көмірқышқыл газының қатысуымен тек хлоропластарда болады.
4.Көмірқышқыл газы мен тамырдан келген су қосылып:
A.Ауа түзеді
B.Тамыр түзіледі
C.Түйнек түзіледі
D.Алдымен қант (глюкоза) түзіледі
E.Қант кристалға айналады
Көмірқышқыл газы мен тамырдан келген су қосылып, алдымен қант (глюкоза) түзіледі. Бөлінген оттегі өңдегі жанаспалы жасушалардың саңылауы арқылы ауаға таралады. Қант хлоропластарда өзгеріп крахмалға айналады. Қараңғыда крахмал қайтадан қантқа айналып, суда еріп, басқа мүшелерге тарайды.
5.Фотосинтездегі хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған:
A.К.А.Тимирязев
B.В.А. Селевин
C.Ж.М.Кудерин
D.Б.М.Мусин
E.А.Ы.Жандеркин
Фотосинтездегі хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған атақты орыс ғалымы Климент Аркадьевич Тимирязев (1843-1920).