4.Шашақ гүлшоғырдың жеке гүлдері:
A.Бұтақтанады, сабаққа сағақтары арқылы орналасады
B.Кез-келген жерінен гүл шығады
C.Сабақ бұтақтанада, оның ұшы гүлмен бітеді
D.Сабаққа гүл сағақтары арқылы кезектесіп орналасады
E.Сабақтың ұшында гүл сағақтары арқылы орналасады
Шашақ гүлшоғырдың жеке гүлдері орталықтан таралатын сабаққа гүл сағақтары арқылы кезектесіп орналасады. Сабақ ұшына жақындаған сайын сағақтары қысқарып, ұшындағы гүлі ең соңында ашылады (қарақат, қырыққабат, мойыл, мия, қараған).
5.Күрделі шатыр:
A.Жай шатыр гүлшоғырынан құралады
B.Шатыр гүлшоғыры гүлмен бітеді
C.Кез-келген жерінен гүлшоғыр шығады
D.Гүлшоғырынан сабаққа сағақтары арқылы орналасады
E.Сабақ гүлшоғырынан құралады
Күрделі шатыр – жай шатыр гүлшоғырынан құралады. Себебі жай шатырдағы жеке гүл сағақтарында бірнеше гүлден топталып, шоғырланған (сәбіз, балдырған, аскөк).
6.Қалқанша гүлшоғырды анықтаңыз:
A.Мойыл
B.Алмұрт
C.Жүгері
D.Жүзім
E.Гүлшетен
Қалқанша гүлшоғырының негізгі сабағында ұзын сағақты гүлдер кезектесе шоғырланған. Төменірек орналасқан гүлдерінің сағақтары ұзарып, гүлшоғырдың беткі деңгейімен бірдей болып теңеледі (алма, алмұрт, долана)
7.Себет гүлшоғыры:
A.қысқарған әрі жалпақ
B.2 немесе 4 гүлден құралады
C.негізгі сабағында ұзын сағақты гүлдер кезектесе шоғырланған
D.масақ гүлшоғырына ұқсас
E.түрі өзгерген шатыр
Себет гүлшоғыры қысқарған әрі жалпақ. Жуан негізгі сабаққа ұсақ гүлдер орналасады.
8.Күрделі гүлшоғырға қайсысы жатады?
A.собық
B.шоғырбас
C.жай шатыр
D.шашақ
E.сыпыртқы гүлшоғыр
Күрделі гүлшоғырлар жай гүлшоғырлардың ары қарай бірнеше қайтара бұтақтануынан пайда болады. Олар: күрделі шашақ (сыпыртқы гүлшоғыр), күрделі масақ, сырға, күрделі шатыр, күрделі қалқанша.
9.Собықтың масақ гүлшоғырынан айырмашылығы:
A.гүлдері сағақсыз бекінеді
B.сабақ ұшына жақындаған сайын сағақтары қысқарады
C.орталық негізгі сабағы жуан, жамылғы орама жапырақтары бар
D.оның негізгі сабағы қысқарады
E.негізгі сабаққа сағақсыз гүлдер топтанып тығыз орналасады
Собық масақ гүлшоғырына ұқсас. Айырмашылығы орталық негізгі сабағы жуан және жамылғы орама жапырақтары бар (жүгері, қалла).
10.Жай гүлшоғырдың орталық негізгі сабақтары қысқарған түрі:
A.шоғырбас
B.шашақ
C.қалқанша
D.собық
E.жай масақ
Орталық негізгі сабақтары қысқарған жай гүлшоғырына жай шатыр, шоғырбас, себетжатады.
Пән: Биология, Бөлім: IV тарау. Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану мен ұрықтану
1.Гүлдің көбеюге қатысатын бөлімдері:
A.Жай аталық пен аналық
B.Аталық пен жатын
C.Аталық пен аналық гүлшоғыр
D.Гүлшоғыры мен аналық
E.Аталық пен аналық
Жынысты көбею – аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы. Гүлдің көбеюге қатысатын бөлімдері – аталық пен аналық.
2.Бунақденелілер арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктер:
A.Шие, алхоры, алма ағаштары, лимон, шай, асқабақ
B.Алма, шие, пияз,сәбіз, лимон, шай, асқабақ
C.Арпа, жиде, алхоры, тал, лимон, шай, асқабақ
D.Гүлшоғыры мен аналық
E.Аталық пен аналық гүлшоғыр
Бунақденелілер арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктер: шие, алхоры, алма ағаштары, лимон, шай, асқабақ.
3.Жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктер:
A.Асбұршақ, құлмақ, жүгері
B.Қарағай, қарасора, жүгері
C.Алма, құлмақ, қарасора, жүгері
D.Қант қызылшасы, құлмақ, қарасора, жүгері
E.Жүзім, шие, құлмақ, қарасора, жүгері
Жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктер: қант қызылшасы, құлмақ, қарасора, жүгері, қарабидай, қайың, емен. Тозаңдануы ауа райына байланысты. Бұлтты, жаңбырлы күнде жаңбыр суы тозаңдарды шайып, өсімдік түсімін кемітеді.
4.Аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы:
A.Жынысты көбею
B.Өздігінен тозаңдану
C.Бунақденелілер арқылы айқас тозаңдану
D.Айқас тозаңдану
E.Жел арқылы айқас тозаңдану
Жынысты көбею – аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы. Гүлдің көбеюге қатысатын бөлімдері – аталық пен аналық.
5.Аталық тозаңының аналықтың аузына түсуі:
A.Жынысты көбею
B.Өздігінен тозаңдану
C.Тозаңдану
D.Бунақденелілер арқылы айқас тозаңдану
E.Айқас тозаңдану
Тозаңдану – аталық тозаңының аналықтың аузына түсуі. Тозаңдану өздігінен және айқас тозаңдану деп екіге бөлінеді.
6.Бір гүлдің өз аталық тозаңының сол гүлдің аналығының аузына түсуі:
A.Жынысты көбею
B.Бунақденелілер арқылы айқас тозаңдану
C.Өздігінен тозаңдану
D.Айқас тозаңдану
E.Тозаңдану
Өздігінен тозаңдану – бір гүлдің өз аталық тозаңының сол гүлдің аналығының аузына (қос жынысты гүл) түсуі. Өздігінен тозаңданатын өсімдіктер гүл жарған кезде және гүл жармай (бітеу гүлде) тұрғанда тозаңданып үлгереді. Мысалы, жер жаңғағы (арахис), шегіргүл, саумалдық, бетеге, тары өсімдіктерінің гүлдері ашылмай тұрып тозаңданады.
7.Бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүлдің аналығының аузына түсуі:
A.Бунақденелілер арқылы айқас тозаңдану
B.Айқас тозаңдану
C.Жынысты көбею
D.Өздігінен тозаңдану
E.Тозаңдану
Айқас тозаңдану – бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүлдің аналығының аузына түсуі. Айқас тозаңдануды – бунақденелілер арқылы және жел арқылы айқас тозаңдану деп екіге бөледі. Бунақденелілер арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктердің гүлдері ашық реңді, хош иісті, тозаңдары өте ірі және тәтті шірне бөледі.
8.Берілген сипаттамалардан будақденелілер арқылы айқас тозаңдану түрін анықтаңыз
A.реңсіз, иіссіз, шірне бөлмейді
B.аталықтарының жіпшелері өте ұзын, төмен қарай иіліп тұрады
C.ашық реңді, тозаңдары өте ірі, тәтті шірне бөледі
D.тозаңдары өте майда, жеңіл, көп болады
E.гүл серіктері өзгеріске ұшыраған, тозаңының сыртқы қабаты тегіс
Будақденелілер арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктер гүлдерінің құрылысы алуан түрлі. Ашық реңді, хош иісті, тозаңдары өте ірі және тәтті шірне бөледі.
9.Ұрықтанған соң тұқым бүршігінен не дамиды?
A.тұқым
B.тозаң
C.жеміс
D.ұрық
E.спермий
Ұрықтанған соң тұқым бүршігінен тұқым. Жатыннан жеміс дамиды.
10.Өздігінен тозаңданатын өсімдік:
A.қарабидай
B.жер жаңғағы (арахис)
C.қант қызылшасы
D.алма ағаштары
E.лимон
Өздігінен тозаңдану – бір гүлдің өз аталық тозаңының сол гүлдің анадығының аузына түсуі.Өздігінен тозаңданатын өсімдіктер гүл жарған кезде және гүл жармай тұрғанда тозаңданып үлгереді. Мысалы, жер жаңғағы (арахис), шегіргүл, саумалдық, бетеге өсімдіктерінің гүлдері ашылмай тұрып тозаңданады.
Пән: Биология, Бөлім: IV тарау. Жемістер
1.Шырынды жемістер:
A.Жидек тәрізді
B.Шырыны мол, жұмсақ
C.Шырыны жоқ
D.Жарнағында су көп
E.Шырыны қою, қатты
Шырынды жемістер шырыны мол, жұмсақ болады. Олар жидек, жидек тәрізді, сүйекті шырынды деп бөлінеді. Жидек жемістің сыртқы қабығы жұқа, жұмсақ, ішінде тұқымдары көп шырынды. Мысалы: қызанақ, қарлыған, алқа, жүзім, қарақат, картоп, баклажан жемістері.
2.Жидек тәрізді жемістер:
A.Бір ұялы, көп тұқымды
B.Көп ұялы, көп тұқымды
C.Шырынды аз тұқымды
D.Жидек тәрізді, сүйекті
E.Көп ұялы, сүйекті
Жидек тәрізді жемістер – көп ұялы, көп тұқымды. Жемістің сыртқы қабатында эфир майы көп, сары, қызғылт – сары түсті. Ортаңғы қабаты мақта тәрізді борпылдақ, кебу, ақ түсті. Сыртқы қабаты мен ортаңғы қабаты бірігіп жеміс қабығын түзеді. Ішкі қабаты етті, қалың, шырынға толы. Мұндай жемістілерге – апельсин, мандарин, лимон жатады.
3.Бір тұқымды жемістер:
A.Шие, өрік, бүлдірген
B.Жүзім, баклажан, асқабақ
C.Алмұрт, апелсин, мандарин
D.Қияр, капуста, алма
E.Шие, алхоры, өрік, шабдалы
Бір тұқымды жемістерге шие, алхоры, өрік, шабдалы және т.б. жатады. Сүйекті жемістердің құрғақ түрі де кездеседі, мысалы, бадам, грек жаңғағы, кокос пальмасы және т.б.
4.Бұршаққап:
A.Жүздеген, тұқым саны біреу
B.Бір ұялы, тұқым саны біреу немесе бірнешеу
C.Үш ұялы, тұқым саны біреу немесе бірнешеу
D.Екі ұялы, тұқым саны біреу немесе бірнешеу
E.Төрт ұялы, тұқым саны біреу немесе бірнешеу
Бұршаққап – бір ұялы, тұқым саны біреу немесе бірнешеу болатын құрғақ жеміс. Тұқымдары жеміс жақтауының жиегіне бекиді. Піскенде екі жағындағы жіктері (тігістері) өздігінен қақырап ашылып, тұқымдары сыртқа шашылады (асбұршақ, беде).
5..Қос ұялы, ішінде ұзынша тартылған жұқа жарғақты пердесі бар:
A.Бұршаққын
B.Дәнек
C.Тұқымша
D.Бұршаққап
E.Қауашақ
Бұршаққын – қос ұялы, ішінде ұзынша тартылған жұқа жарғақты пердесі бар. Тұқымдары пердеге бекінеді. Піскенде жемістің қос жақтауы төменгі жағынан бастап қақырайды. Жемістің бұл түрі қырыққабат, шомыр, шалқан да болады. Ұсақтау түрі бұршаққынша деп аталады.
6.Бір үш, бес және көп ұялы, көп тұқымды жеміс:
A.Тұқымша
B.Дәнек
C.Бұршаққын
D.Бұршаққап
E.Қауашақ
Қауашақ – бір үш, бес және көп ұялы, көп тұқымды. Түріне қарай қақырау жолы да түрліше. Мысалы, меңдуанада қауашағының қақпақшасы ашылады. Сасық мендуана, сүттіген, шегіргүлде, қызғалдақта жіктері шытынап, ұзынынан жарылып қақырайды.
7.Бір тұқымды жеміс:
A.Дәнек
B.Қауашақ
C.Бұршаққап
D.Бұршаққын
E.Тұқымша
Дәнек – бір тұқымды жеміс. Тұқымы жеміс серігімен тұтасып бірігіп кеткен. Бидай, жүгері, арпа, тары, күріш жемістері дәнек деп аталады.
8.Құрғақ жемісті анықтаңыз:
A.Шие
B.Алма
C.Бұршаққап (асбұршақ)
D.Алмұрт
E.Жүзім
Құрғақ жемістердің қабығы қатты, сүргектенген, құрғақ болады. Қауашақ, бидай, тұқымша, емен жаңғағы, асбұршақ,орамжапырақ жатады.>бұршақ)
9.Бұршаққын қандай тұқымды жеміске жатады:
A.Қос ұялы
B.Шырынды жеміс
C.Бір ұялы
D.Бір және көп ұялы
E.Бір тұқымды жеміс
Бұршаққын қос ұялы, ішінде ұзынша тартылған жұқа жарғақты пердесі бар. Тұқымдары пердеге бекінеді. Піскенде жемістің қос жақтауы төменгі жағынан бастап қақырайды. Жемістің бұл түрі орамжапырақ, шомыр, шалқанда болады.
10.Дәнекті жеміс:
A.Алхоры
B.Шие
C.Бидай
D.Таңқурай
E.Жүзім
Дәнек – бір тұқымды жеміс. Тұқымы жеміс серігімен тұтасып бірігіп кеткен. Бидай, жүгері, арпа, тары, күріш жемістері дәнек деп аталады.
Пән: Биология, Бөлім: IV тарау. Тұқым. Қос жарнақты және дара жарнақты тұқымдардың құрылысы
1.Дәнектің едәуір бөлігін:
A.Тұқым кіндігі
B.Эндосперм
C.Бүршікше
D.Тұқым жарнағы
E.Тұқым қабығы
Дәнектің едәуір бөлігін – эндосперм алып жатады. Эндосперм жасушаларында крахмал, нәруыз, май заттары жиналады.
2.Қос жарнақты өсімдік:
A.Бидай
B.Тары
C.Жуа
D.Қауын
E.Үрмебұршақ
Қос жарнақты үрмебұршақ (фасоль) тұқымы. Тұқымның қабығы (қауызы), жарнағы және ұрығы болады. Үрмебұршақ тұқымының пішіні бүйрекке ұқсайды. Оның ойыс жағында жеміске бекінген жерін тұқым кіндігі дейді. Тұқым кіндігінен тұқымның ішіне ауа, су кіреді.
3.Дара жарнақты өсімдік:
A.Асқабақ
B.Қияр
C.Бидай
D.Пальма
E.Күнбағыс
Бидайдың жемісі бір тұқымды дара жарнақты өсімдік. Піскенде қабығы ажырамай, тұқымға тығыз жанасып бірігіп кетеді. Қанша жібітсе де қабығын ажырату қиын. Бидай тұқымы әрі жеміс, әрі тұқым болып есептелетіндіктен дәнек дейді.
4.Қоректік заттар қоры жиналады:
A.Ұрықта
B.Қабығында
C.Эндоспермде
D.Жарнағында
E.Алғашқы тамыршада
Коректік заттар қоры эндоспермде жиналады, жарнағында болмайды. Дара жарнақтылардың тұқым жарнағы, тұқым өнген кезде эндоспермдегі қоректік заттарды ерітетін зат бөледі. Ерітетін зат органикалық заттарды сұйылтады.
5.Тұқымды кеуіп кетуден, мезгілсіз өнуден, зақымданудан, шіруден сақтайды:
A.Тұқым қабығы
B.Ұрық
C.Жарнақ
D.Алғашқы тамырша
E.Эндосперм
Тұқым қабығы (қауызы) қалың, тығыз, сырты тегіс жылтыр, түрлі түсті. Қабығы тұқымды кеуіп кетуден, мезгілсіз өнуден, зақымданудан, шіруден сақтайды. Қабығын сылып алса (суға жібіген тұқымда тез сылынады), ішінен екі тұқым жарнағы көрінеді. Тұқымда екі тұқым жарнағы бар өсімдіктер қос жарнақтылар деп аталады. Қос жарнақтыларда (күнбағыс, қауын, қарбыз, асқабақ, қияр және т.б.) ұрыққа қорек болатын заттар жарнақта жиналады. Жарнақты ұзынынан екіге жарса, бір ұшында жабысып тұрған ұрығы болады.
6.Ұрық тұрады:
A.Тұқым қабығынан
B.Тұқым жарнағынан
C.Тамыршадан
D.Тұқым кіндігінен
E.Алғашқы сабақша, алғашқы тамырша,бүршікше
Ұрық – алғашқы тамырша, алғашқы тамырша, бүршікшеден тұрады.
7.Эндосперм жасушаларында жиналады:
A.су, ауа
B.майлар
C.крахмал
D.крахмал, нәруыз,май затттары
E.ерітетін органикалық заттар
Эндосперм жасушаларына май заттарын,крахмал, нәруыз заттарын жинақтайды.
8.Дара жарнақты тұқымның құрлысы:
A.алғашқы тамырша, алғашқы сабақша, бүршікше
B.қабығы, бір жарнақ, эндосперм,ұрық
C.Екі жарнақ
D.Қауыз
E.Тамырша мен бүршікше
Тұқымда бір тұқым жарағы бар өсімдіктер дара жарнақты өсімдіктер деп аталады. Олар бидай, лалагүл, жуа, банан, сүсін, пальма, құртқашаш жатады.
9.Дара жарнақтылардың тұқым жарнағы қандай қызмет атқарады:
A.Жарнағында қоректі заттар болмайды
B.Ұрыққа қорек болатын заттар жарнаққа жиналады
C.Ұрыққа май қорын жинайды.
D.Дара жарнақтылар тұқым жарнағы,тұқым өнген кезде эндоспермдегі қоректік заттарды ерітетін зат бөледі.
E.Эндосперм жасушаларында крахмал, нәруыз заттар жиналады.
Дара жарнақтылар тұқым жарнағы тұқым өнген кезде эндоспермдегі қоректік заттарды ерітетін зат бөледі. Ерітетін зат органикалық заттарды сұйылтады.
10.Дара жарнақты өсімдіктерге жатпайды:
A.Лалагүл
B.Кербезгүл
C.Күнбағыс
D.Жуа
E.Пальма
Дара жарнақты өсімдіктерге жатады. Банан, сүйсін, құртқашаш, жуа, лалагүл, кербезгүл,бидай.
Пән: Биология, Бөлім: IV тарау. Тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар. Өскіннің пайда болуы
1.Тұқымның өнуіне, бөртуіне қажет:
A.Су
B.Қарашірік
C.Тыңайтқыш
D.Топырақ
E.Калии
Кебу тұқым өну үшін су, жылу, ауа қажет. Су – тұқымның өнуіне, шығымдылығын сақтауға, бөртуіне қажет. Тұқымның жасушасында суды сіңіретін крахмалды, нәруызды заттар көп. Судың сіңірілу мөлшері тұқымның сыртындағы қабығына байланысты. Қабығы неғұрлым тығыз, қатты болса, соғұрлым су баяу сіңеді. Тұқымның ісініп жарылуына, қоректік заттарын сұйылтып, ерітіндіге айналуына су керек.
2.Жылу:
A.Қарашірік үшін қажет
B.Тыңайтқышты жылыту үшін қажет.
C.Топырақты кептіру үшін қажет
D.Тұқымның өнуі үшін қажет
E.Тұқымның пісуі үшін қажет
Жылу – тұқымның өнуі үшін қажет. Бидай, қарабидай, арпа, сұлы, зығыр, беде, жоңышқа, асбұршақтар үшін ең төменгі температура 1-5°С. Жүгері, күнбағыс тұқымдарына + 10°С. Асқабақ, қауын, қияр, күріш, мақта, темекі +15°С-та өнеді.
3.Тұқымның өнуі дегеніміз:
A.Ұрықтан өскіннің дамуы
B.Тамырдан өскіннің дамуы
C.Қарашіріктен өскіннің дамуы
D.Жапырақтан өскіннің дамуы
E.Ағаштан өскіннің дамуы
Тұқымның өнуі дегеніміз ұрықтан өскіннің дамуы. Суға салынған тұқымның тыныс алуы жылдамдайды. Ұрықтың қоректенуіне оңай болу үшін қоректік қор заттары ерітіндіге айналады. Сыртындағы қабығы жарылып, ең алдымен ұрықтың алғашқы тамыршасы төмен қарай бағытталады. Топыраққа бекініп, су мен еріген минералды заттарды өзіне сіңіріп сора бастайды. Қос жарнақты тұқымда ұрық тамыршасынан алдымен негізгі тамыр өседі.
4.Асқабақ, қауын, қияр, күріш, мақта, темекі өнуі үшін керек температура:
A.+15
B.1-5°С
C.+25
D.+35
E.+5
Бидай, қарабидай, арпа, сұлы, зығыр, беде, жоңышқа, асбұршақтар үшін ең төменгі температура 1-5°С. Жүгері, күнбағыс тұқымдарына + 10°С. Асқабақ, қауын, қияр, күріш, мақта, темекі +15°С-та өнеді.
5.Таңқурай, бүлдірген, долана өсімдігінің таралу жолдары:
A.Өздігінен
B.Өсімдік арқылы
C.Жануарлар,бунақденелер,құстар арқылы
D.Жел арқылы
E.Cу арқылы
Тұқымының сыртында ілмешектер, тікенектер,желімтек түктер болады. Жемісі ашық реңді,шырынды, тұқымы майлы. Таралу жолы құстар, бунақденелілер жануарлар арқылы.
6.Өздігінен таралатын өсімдік:
A.Жалбыз
B.Бақбақ
C.Шоңайна
D.Таңқурай
E.Жауқазын
Құрлысының ерекшелігі жемістері қақырағыш ширатылғыш өсімдіктер
Олар шегіргүл, ат талшын, шытырлақ, қараған, жауқазын жатады.
7.Бидай, қарабидай, арпа, сұлы, беде,жоңышқа, асбұршақтар үшін ең төменгі температура:
A.+ 25° C
B.+ 0-5° C
C.+15 ° C
D.+ 10° C
E.+ 7 ° C
Жылу – тұқымның өнуі үшін қажет. Бидай, қарабидай, арпа, сұлы, беде,жоңышқа, асбұршақтар үшін ең төменгі температура 0-5° C.
8.Өскін:
A.Қосалқы тамырлы өсімдік
B.Сабағы бар жас өсімдік
C.Ұрық тамыршасы болады
D.Жер асты тамыры жақсы дамыған
E.Сабағы жапырағы бар жас өсімдік
Топырақтың бетіне шыққан сабағымен жапырағы жетілген жас өсімдікті өскін деп атаймыз.
9.Бидай мен сұлыда ұрық тамыршасы:
A.9
B.3
C.4
D.2
E.1
Даражарнақты тұқымдардың өскіндерінде (жүгері,құмай,тары) бір немесе бірнеше (бидай мен сұлыда) 3, қарабидайда 4, арпада 5,6 ұрық тамыршасы болады.
10.Жемістері қақырағыш ширатылғыш өсімдіктер:
A.Шоңайна, кәріқыз, айдаршөп
B.Қараған, бөрібұршақ, шегіргүл
C.Қарағай, тал мақта,қайың
D.Қамыс, жалбыз,бөденешөп
E.Қоға, қияқ, терек
Өздігінен таралатын өсімдіктер. Олар шегіргүл, ат талшын, шытырлақ, қараған, жауқазынжатады.
Пән: Биология, Бөлім: IV тарау. Көгалдандыру. Ағаштар мен бұталарды отырғызудың мерзімі, тәсілдері
1.Егу үшін алынатын көшеттердің мөлшері:
A.Биіктігі 20-30 см-ден кем болмауы керек
B.Биіктігі 80-90 см-ден кем болмауы керек
C.Биіктігі 20-25 см-ден кем болмауы керек
D.Биіктігі 10-11 см-ден кем болмауы керек
E.Биіктігі 50-60 см-ден кем болмауы керек
Егу үшін алынатын көшеттердің мөлшері алма, алмұрт ағаштарының көшеттері биіктігі 50-60 см-ден, тамырының ұзындығы 35 см-ден кем болмауы керек. Алхоры, шие, өрік, шабдалы ағаштарының биіктігі 40-50 см болады. Қарлыған (тұшала), қарақаттардың 2 жылдық өркендері алынады.
2.Таңқурайды отырғызады:
A.Қазан, наурызда
B.Қыркүйек, сәуірде
C.Желтоқсан, ақпанда
D.Шілде, мамырда
E.Тамыз, маусымда
Таңқурайды күзде айында жапырақтары түсе бастағанда немесе ерте көктемде бүршік жармай тұрып наурыздың аяғында отырғызады. Алдымен тереңдігі 15-20 см, ені 50 см ұзын арықша жасайды (қатар аралығын 2 м өсімдіктің бір-біріне ара қашықтығын 0,5 м). Арықша ішінен 30х30 см етіп қазылған шұңқырға егеді. Жер үсті өркенінің биіктігі 25-30 см болуы керек.
3.Қара қарақат, қарлыған (тұшала) өркендерінің биіктігі:
A.20 см болуы тиіс
B.70 см болуы тиіс
C.40 см болуы тиіс
D.60 см болуы тиіс
E.80 см болуы тиіс
Қара қарақат, қарлыған (тұшала) өркендерінің биіктігі 20 см болуы тиіс. Таңқурайдағыдай алдымен арықша қазады. Арықшаның ішінен 30х30 см шұңқырға органикалық және минералды тыңайтқыштарды (200 г фосфор, 50 г калий тұзы) салады. Егіле салысымен суару керек.
Достарыңызбен бөлісу: |