Қорытынды:
Күні:05.0.16
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Н. Айтұлы«Құттықтаймын анашым» Тақпақ
Мақсаты: 1.Анаға деген құрмет сезімдерімен ықыластырын білдіруге үйрету.
2. Өлең шумағын тыңдап және оны түсіну. Қойылған сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру
3. Балалардың тілдерін жаттықтыру, анаға деген сүйіспеншілік сезімін айтуды үйрету
Көрнекіліктер: Қуыршақ Айша. Көктем мезгілінің суреттері. Түрлі-түсті гүлдер.
Кезеңі
|
Тәрбиешінің іс –әрекеті
|
Баланың іс-әрекеті
|
+
|
-
|
Мотивациялық кезең
|
Қуыршақ Айшаның келуі.
-Сәлметсіңдер ме балалар. Алдымызда қандай мерекенің келе жатқанын білесіңдер ме?
Мұғалім: Айша , әрине біздің балалар біледі.Балалар, айтыңдаршы кімдердің мерекесі келе жатыр?
Айша: Жақсы. Ал мен не сыйлайтынымды әлі білмей жүрмін.
Мұғалім: Айша, сен уайымдама. Біз балалармен саған анамызға не сыйлайтынымызды айтып береміз.Біздің балалар аналарына арнап әдемі ашықхаттар да жасамақшы.(балалардың жартысын өнер орталығына отырғызады, дайын ашықхаттар және гүл күлтешелері таратылады)
|
Қуыршақпен амандасады.
Балалар аналар мерекесі екенін айтады.
|
|
|
Ұйымдастыру
кезеңі
Сергіту сәті
|
Балалар, аналарға мерекесінде көптеген әдемі гүлдер сыйлайды(Гүл шоғын ұсынып тұрған әкесі және балалары суретіне назар аударады). Ал гүлдерді баптап, күтіп өсіреді. Әдемі болып өскен гүлдерді бәрі-бәрі жақсы көреді ғой.
Мына гүлдерге қараңдаршы(жасанды гүлдерді көрсетеді)
Аналарымызға гүл жасадық, енді тақпақ сыйлайық
Құттықтаймын, анашым
Несіпбек Айтұлы
Құшағыңа кіргенде Жылынамын бip демде. Не жетеді көзіңе Мейірімді күннен де. Үн қатасың бал тілмен, Еркелеймін әр күн мен. Құттықтаймын, анашым, Ceгізінші наурызбен!
Сөздік ойын. «Басқаша айт»
Балалар, сендерді аналарың мен әжелерің қалай еркелетеді? Сендерге олай айтқандары қатты ұнайды, ия.
|
Желіммен гүл күлтешелерін жапсырады.
Гүлді құшырлана иіскейді.
Тақпақты тыңдайды суреттермен сәйкестендіреді.
|
|
|
Рефлексивтік түзетушілік
|
Ендеше, біз де анамызды мерекеде ерекше еркелетіп айтайықшы.
-Қандай мереке келе жатыр?
Анаға біз не сыйлаймыз?
Анамызды қалай еркелетеміз?
|
Сұрақтарға жауап береді.
|
Күтілетін нәтиже
Нені білу керек:
|
Аналар мерекесі туралы ұғымдары болады.
|
Нені игереді:
|
Суретпен сөз арасында байланыс орнатуды игереді.
|
Нені біледі:
|
Сөлеу барысында сөздерді өзгертіп айтуға үйренеді.
|
Қорытынды:
Күні:13.03.17
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Е. Өтетілеуұлы «Көктем өрнегі»
Мақсаты:
Көктем мезгілінің ерекшеліктері туралы мағлұмат бере отырып сөздік қорларын кеңейту.
Сөйлеу барысында ойларын дұрыс айтуға үйрету.Сурет пен сөз арасында байланыс орнату мғын игеруге дағдыландыру.
2-3 сөзден тұратын сөйлемдер құру іскерліктерін қалыптастыру.
Көрнекіліктер: Көктем суреттері. Бәйшешектер мен қызғалдақтар. Жаңбырлы күннің суреті.
Кезеңі
|
Тәрбиешінің іс -әрекеті
|
Баланың іс-әрекеті
|
Мотивациялық кезең
Ұйымдастыру
кезеңі
Сергіту сәті
|
Балалар, мен сендерге бүгін бір жұмбақ алып келдім. Шешуін тауып көріңдер.
Жарқырады күннің көзі
Еріп кетті мұздың өзі
Бақтар гүлге толады
Бұл қай кезде болады?
-Дұрыс айтасыңдар. Біз бүгін көктем туралы айтамыз. Көктемде ең алғаш қандай гүл өсіп шығады? Ия, бәйшешек. Біз өзіміздің тобымызды көктемге сай безендірейік.Ол үшін көп бәйшешек гүлдері керек. Сендер маған безендіруге көмектесесіңдер ме? Олай болса қазір біз бәйшешек гүлдерін жапсырайық.(Балалардың жартысын өнер орталығына отырғызады, қажетті құралдармен таныстырады, түсіндіреді)
Көктем өрнегі
Ермек Өтетілеуұлы
Қap eрідi, су ақты, Күндер келді шуақты. Байтақ дала келбеті Tүктi кілем сияқты. Көкке бояп өңірді, Көктем келді көңілді. Бау-бақшада, орманда Құстар әні төгілді. Жаңбыр жауып басылды, Күлімдейді көкте күн. Кемпірқосақ асылды Өрнегіндей көктемнің. Балалар, көктемде далада не пайда болады?
Аралар қалай дыбыстап ұшып келеді?
-Ыз-ыз-ыз-ыз
Қоңыздар қалай дыбыстап ұшып келеді?
-Ыж-ыж-ыж-ыж. Өте жақсы.
Балалар, көктем келгенде адамдар да, жануарлар да, тіпті жәндіктер мен өсімдіктер де қуанады.
Сурет бойынша «Көктем келді» өлеңін балаларға оқып береді.
-Балалар, көктемдегі жаңбырды жаудырайықшы.
Жаңбыр басында ақырын-ақырын жауды.(Саусақтарымен үстелдің бетін баяу соққылайды)
Барған сайын күшейді.(Тез-тез және қаттырақ соққылайды)
Найзағай ойнап, күн күркіреді.(Алақандарын соғады, аяқтарын тарсылдатады)
Қандай жақсы. Енді сендердің жаудырған жаңбырларыңнан кейін жер жап-жасыл болып құлпырып кетеді.
Көктем мезгілінде табиғат дыбыстарын атайықшы.
«Не қайтеді?» дидактикалық ойыны.(балаларға таратпа суреттер береді)
|
Жұмбақтың шешуін табады.
Балалардың жауабы.
Топты безендіруге ниет білдіреді.
Үлгіге қарап, трафаретті қолданып бәйшешек гүлін түрлі түсті майда жармамен жапсырады.
Жәндіктердің атауын айтайды, ұшып келетін құстар туралы айтады. Дыбыстарын келтіреді.
Өлең сөздерін тыңдайды, суреттерді қарайды.
Саусақтарымен, аяқтарымен, қолдарымен жаңбыр дыбысын береді.
Қолдарыңдағы суретте бейнеленгендердің атауын тауып атайды, не істейтінін айтады.
|
Рефлексивтік түзетушілік
|
-Көктемнің келгенде жаңбыр не істейді?
-Жаңбыр жауарда аспанда күн не істейді?
-Бұлақтың суы көктемде қалай ағады?
|
|
Күтілетін нәтиже
Нені білу керек:
|
Сөйлеу барысында ойларын дұрыс айтуға білуі керек.
|
Нені игереді:
|
Сурет пен сөз арасында байланыс орнату машығын игереді.
|
Нені біледі:
|
2-3 сөзден тұратын сөйлемдер құруға үйренеді
|
Қорытынды:
Күні:
Білім беру саласы:Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Түлкі мен тырна» орыс халық ертегісі
Мақсаты:
1. Түлкі мен тырна орыс халық ертегісі таныстыра отырып, балалардың сөздік қорын молайту
2. Жағымды, жағымсыз әрекеттерді атай білуге үйрету.Кейіпкерлерге қатыстырып антоним сөздерді дұрыс атап беруге үйрету. «Р» және «Л» дыбыстарын сөз ішінде анық айтуға дағдыландыру.
3.Балаларды сыйластыққа, қонақжайлылыққа тәрбиелеу
Көрнекіліктер:Түлкі мен тырна суреті
Кезеңі
|
Тәрбиешінің іс –әрекеті
|
Баланың іс-әрекеті
|
+
|
-
|
Мотивациялық кезең
Ұйымдастыру
кезеңі
Сергіту сәті
Рефлексивтік түзетушілік
|
Ойын бөлмесінде(мазмұнды ойын орталығында) ата-және әже қонаққа келеді.
-Балалар, біздің топқа бүгін ауылдан ата мен әже келді.
Сәлеметсіздер ме!
-Ол кісілер шаршап, шөлдеп келген болар. Дастархан жасап, шай берейік. Тек, дастарханға салатын тәтті тоқаштар алуды ұмытып кетіппін. Біз қазір тоқаштар әзірлеп жіберейік.(Балалардың жартысын өнер орталығына отырғызады, үлгімен таныстырады, түсіндіреді)
-Ата мен әженің де Кішкентай балалар қызықты ертегіні тыңдайды екен. Ендеше ата мен әже сендерге орыс халық ертегісін ала келіпті Кәне тыңдайық .
Түлкі мен тырна (орыс халық epmeгici)
Түлкі мен тырна дос болыпты. Бірде түлкі: Маған қонаққа кел, қымбаттым! Мен дәмді тамақ пicipiп қоямын, - деп тырнаны үйіне шақырыпты. Тырна түлкiгe қонаққа келеді. Түлкі ботқа пicipiп, жайпақ табаққа салып, тырнаның алдына қояды. Тамақ ал! Өзім пicipiп eдiм, - дейді. Тырна жайпақ табақты тұмсығымен шоқып-шоқып, ештеңе өңдіре алмайды. Ал түлкі болса, ботқаны тілімен жалап өзі-ақ тауысады. Бәрін жеп болған түлкі: - Айып етпе, үйімде бұдан өзге тамақ жоқ, - дейді. Тырна: - Осыған да рақмет. Енді сен маған қонаққа кел, - дейді. Келесі күнi түлкі тырнаның үйіне келеді. Тырна салқын көже дайындап, оны мойны тар құмыраға құйып, дастарқанға қояды. Түлкі келгенде тырна: - Же, қымбаттым, қысылма, - дейді. Түлкі құмыраны ары айналып, бepi айналып, ішіндегісін жей алмайды. Құмыраға басы сыймайды. Ал тырна ұзын тұмсығымен шоқи береді. Сөйтіп, бәрін жеп алады да, түлкігe қарап: - Ренжіме, қымбаттым. Бұдан өзге тамағым жоқ, - дейді. Бip аптаға тойып қайтқысы келген түлкі ренжіп, үйіне аш қайтыпты... «Не ексең, соны орасың» деген осы. Түлкі мен тырна (орыс халық epmeгici) Түлкі мен тырна дос болыпты. Бірде түлкі: Маған қонаққа кел, қымбаттым! Мен дәмді тамақ пicipiп қоямын, - деп тырнаны үйіне шақырыпты. Тырна түлкiгe қонаққа келеді. Түлкі ботқа пicipiп, жайпақ табаққа салып, тырнаның алдына қояды. Тамақ ал! Өзім пicipiп eдiм, - дейді. Тырна жайпақ табақты тұмсығымен шоқып-шоқып, ештеңе өңдіре алмайды. Ал түлкі болса, ботқаны тілімен жалап өзі-ақ тауысады. Бәрін жеп болған түлкі: - Айып етпе, үйімде бұдан өзге тамақ жоқ, - дейді. Тырна: - Осыған да рақмет. Енді сен маған қонаққа кел, - дейді. Келесі күнi түлкі тырнаның үйіне келеді. Тырна салқын көже дайындап, оны мойны тар құмыраға құйып, дастарқанға қояды. Түлкі келгенде тырна: - Же, қымбаттым, қысылма, - дейді. Түлкі құмыраны ары айналып, бepi айналып, ішіндегісін жей алмайды. Құмыраға басы сыймайды. Ал тырна ұзын тұмсығымен шоқи береді. Сөйтіп, бәрін жеп алады да, түлкігe қарап: - Ренжіме, қымбаттым. Бұдан өзге тамағым жоқ, - дейді. Бip аптаға тойып қайтқысы келген түлкі ренжіп, үйіне аш қайтыпты... «Не ексең, соны орасың» деген осы.
Сурет бойынша әңгіме.
-Балалар, ата-мен әже сендерге өздерінің ауылдарында наурызды қалай тойлайтындарын суретке салып алып келіпті.
-Суретте кімдер бар?
-Олар не істеп жатыр?
-Атаның басында қандай киімі бар?
-Қыздардар қандай киім киген? Дұрыс айтасыңдар, балалар. Олар әдемі,ұзын етекті көйлектер киген. Наурыз мейрамы күні барлық адамдар таза, әдемі және сәнді киімдерін киеді екен.
|
Балалар келген кейіпкерлермен амандасады.
Тоқаштарды мүсіндейді.
Тыңдайды
Тәрбиешінің сұрақтарына 2-3 сөзбен жауап береді
Тағамдардың атауын атайды, оның дәмінің, түсінің қандай екенін айтады.
|
|
|
Күтілетін нәтиже
Нені білу керек:
|
Наурыз мейрамында болатын әрекеттерді атай біледі.
|
Нені игереді:
|
Тағамға қатысты антоним сөздерді игереді.
|
Нені біледі:
|
«З» және «Ж» дыбыстарын сөз ішінде анық айтуға үйренеді.
|
Қорытынды:
Күні:26.06.17
Білім беру саласы:Коммуникация
Бөлімі:Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Мен тәртіпті баламын» Ө. Тұрманжанов өлең жаттау
Мақсаты:
Мен тәртіпті баламын өлеңін жаттата отарып, мағынасын түсіндіру,сөздік қорларын кеңейту.
Сөйлеу барысында ойларын дұрыс айтуға үйрету.Сурет пен сөз арасында байланыс орнату мғын игеруге дағдыландыру.
2-3 сөзден тұратын сөйлемдер құру іскерліктерін қалыптастыру
Көрнекіліктер:Баланың суреті, поровоз суреті
Кезеңі
|
Тәрбиешінің іс –әрекеті
|
Баланың іс-әрекеті
|
Мотивациялық кезең
Ұйымдастыру
кезеңі
Сергіту сәті
Рефлексивтік түзетушілік
|
Тәрбиеші басына күннің күліп тұрған бетпердесін киеді немесе қолына күн суретін ұстап келеді.
-Балалар, мен Көктем күнімін.Өзіммен бірге күлкі, қуаныш ала келдім. Сендермен бөліскім келеді. Қане, бір-бірімізге қарап күлейікші.
Балалар, біз бүгін көктемгі күнмен саяхаттаймыз. Күнмен бірге саяхатқа шыққыларың келеді ме?
Ендеше, Күннің қайда тұратынын айтыңдаршы. Әрине ол аспанда, биікте тұрады. Сондықтан да ол әлемдегі барлық қызықты көріп тұрады. Бүгін бізді қызықты жерлерге апарады. Ал біз оған естелікке көңілді күннің суретін салып берейік(балалардың жартысын өнер орталығына отырғызады)
Ал, енді біз «Паравозға» отырайық.Оған отыру үшін Мен тәртіпті баламын өлеңін айтайық.
Мен тәртіпті баламын
Өтебай Тұрманжанов
Моншадан келгенде
Суық суды ішпеймін.
Шалшық суды көргенде
Бәтеңкемен кешпеймін.
Тұрысымен төсектен
Сұрамаймын нанды да.
Үйге қонақ келгенде
Көп мазаламаймын да.
Мен тілалғыш баламын,
Мен тәртіпті боламын.
Балаларға суреттерді таратады.
-Бұл орман -жыңғыл орман. Мұнда неше түрлі ағаштар өседі. Қараңдаршы, олар қазір қандай болып тұр? Қандай ағаштарды көріп тұрсыңдар?
«Ал сенде не бар?» дидактикалық ойыны.
-Менде қайың бар, ал сенде не бар?(ойынды жалғастырады)
-Балалар, мен аспанға көтеріліп кетпей, сендердің жандарыңда жүру үшін сендер мені өздеріңе шақырып отырыңдар. «Күнді шақыру» (шапалақтау арқылы)
Жарық күнім, киінші (қолдарын кеуде тұсында айқастырып екі иыққа соғады)
Алтын күнім, көрінші (алақандарын соғады)
Алқызыл көйлек жарасар,(тізелерін соғады)
Бізге шаттық күн сыйлар!(бастарынан жоғары ұстап соғады)
-Міне, енді мен сендермен бірге ұзағырақ боламын.
Мен қыдырып жүргенде көптеген оқиғаларды көремін. Тіпті көп жануарлар мен өсімдіктерге көмектесемін.Сендер де менімен бүгін мына өсімдіктер мен жануарларға көмектесіңдер.
|
Бір-біріне қарап жымияды, күледі.
Кляксография тәсілімен күн көзін салады.
Күнге қатыстырып сөздер айтады.
дауыстап айтады.
Орман суретін қарайды.Ағаштардың атауын атайды, олардың көктемдегі бейнесін суреттейді.
Мұғалімнің сұрағына жауап береді, ағаштардың атауын көпше түрде айтады.
Алақандарымен шапалақтап соғады, сөздерді қайталайды.
|
Күтілетін нәтиже
Нені білу керек:
|
Ағаштар мен құстардың атауын біледі, көктем мезгіліне тән табиғаттағы құбылыстарды біледі
|
Нені игереді:
|
Зат есімге көптік жалғау жалғауды игереді.
|
Нені біледі:
|
Байланыстыра сөйлеуге үйренеді.
|
Қорытынды:
Күні:03.04.17
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Құстың ұясы» С. Көбеев
Мақсаты:
Құстар туралы білімін кеңейте отыра байланыстыра сөйлеуге үйрету
Құстар әлеміне саяхат жасап,сөздік қорларын байыту, ана тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Құстарға қамқорлық жасауға үйретуді жалғастыру.
Балалардың ойлау ,есте сақтау қабілеттерін дамыту
Көрнекіліктер: Қарға. Саяжайдың макеті. Ағаштар мен көк шөп макеттері.
Кезеңі
|
Тәрбиешінің іс –әрекеті
|
Баланың іс-әрекеті
|
Мотивациялық кезең
Ұйымдастыру
кезеңі
Сергіту сәті
Рефлексивтік түзетушілік
|
Қарға ойын бөлмесіне ұшып кіреді.
-Балалар, біздің тобымызға қандай құстың ұшып келгенін қараңдаршы. Сендер оны таныдыңдар ма?
Ол бізге алыс-алыс елдерден, жылы-жылы жерлерден ұшып жетті.Қарны да ашқан болар.Ал, біздің саяжайдағы жемсауытымыз бос тұр. Ондағы жемді басқа құстар жеп кеткен еді. Біз қарғаға арнап тағы да біраз жем салып берейік.(Балалардың жартысын өнер орталығына бөліп отырғызады) Құстың ұясы
Спандияр Көбеев
Балалар ойнап жүріп, ағаштың iшінен бip құстың ұясын көрді. Бұл ұяның iшiндe eкi балапан отыр екен. Балалар балапанды алып үйіне әкелді. Әкесі баласына айтты: «Бұл балапанды ұядан неге алдың,- деп. - Шешесіз балапандар тұра алмайды: балаларынсыз шешeci қайғырады, далада құр өліп қалады ғой»,- деді. Балалар балапанды аяп, ұясына апарып қойды.
-Қарғаның ән салғысы келіп тұр.Қане, барлығымыз оған ән салып берейік:
-Ға-ға-ға қарға
-Ге-ге-ге неге
-Ға-ға-ға талға
-Қондың ерте.
-Қарға өзінің ұясын қайда салады? Онда ағаштары бар жерге барып көрейік.Мүмкін оны сонда көрерміз.
«Не, қайда?»
-Балалар, мен құстарды көріп тұрған сияқтымын.Ал сендер ше? Қандай құстарды көріп тұрсыңдар? Торғай қандай құс? Ал, қарға ше? Олар қайда отыр?
-Балалар,торғай қандай үлкен бе, кішкентай ма?
-Қарға қандай, үлкен бе, кішкентай ма?
Ендеше біз қарға сияқты үлкен құс сияқты болайық(балалардың барлығын сергіту сәтін жасауға шақырады):
Аспанда қалқып ұшады
Қанаты көкті құшады
Өзен үстін айналады,
Қанатын талмай қағады
Шаршап талға қонады
Жарайсыңдар!
-Балалар, қарғалардың күні бойы не істейтінін көрейікші. Серуен кезінде де біз оларды көріп жүреміз, ия.
«Қарға қалай тамақтанды?»(сурет қолданады)
-Қарға не істеп отыр?
-Ал, енді біздің де қарғамызға жемсауытты толтырып қоялық.Ол енді біздің саяжайға үнемі келіп тұратын болады.
Біз оған не істедік?
Қарға тамағын қалай тапты?
|
Олар құсты ажыратады, атауын айтады.
Ермексаздан үзіп алып стол бетінде дөңгелетіп, ұсақ дөңгелектерді жемсауытқа салады.
Мұғаліммен бірге қайталайды.
Суреттен көрген құстардың атауын атайды, қайта отырғандарын айтады: үстінде-астында сөздерін қолданады.
Балалар құстардың көлемін айтады.
Қимыл-қозғалыстарды бірге жасайды.
Тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді, суреттерге қарайды, үстеулер мен жалғаулар қолданып сөйлемдер құрастырады.
|
Күтілетін нәтиже
Нені білу керек:
|
Жыл құстары және қыстайтын құстар туралы ұғымдары болады.
|
Нені игереді:
|
Септік жалғауларын зат есімдерге жалғауды игереді.
|
Нені біледі:
|
3-4 сөзден тұратын сөйлемдер құрауға үйренеді.
|
Қорытынды:
Күні:10.07.17
Білім беру саласы:Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Ғарышкер боламын .Сурет бойынша әңгімелеу
Мақсаты:
«Ш» дыбысын айтуға жаттықтыру, ғарышкер туралы білімдерін бекіту.
Аспан әлемі туралы түсініктерін жетілдіру, сұрақтарға 2-3 сөзден сөйлем құрастырып жауап беруді үйретуді жалғастыру. «Ш» дыбысын айтуға жаттықтыру
Балаларды адамгершілікке,тиянақтылыққа баулу.
Достарыңызбен бөлісу: |