Қорытынды:
Күні:
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Шырша» Е. Ерботин тақпақ
Мақсаты:
Жаңа жыл, ертеңгілік сөздерін түсініп айтуға үйрету. Тақпақты жатқа айтуға дағдыларын қалыптастыру.
Жаңа сөздердің мағынасын түсініп, оны дұрыс қолдана білуге үйрету.Тақпақты жатқа мәнерлеп айтуға үйрету.Жаңа тақпақ жолдарын мағынасын түсіндіру. Есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Мәнерлеп айтып , дұрыс дыбыстауға баулу.
Көрнекіліктер: Дымбілмес суреті. Шырша суреттері мен карточкалар. Қысқы мереке. Жаңа жыл мерекесі. Аяз ата, Ақшақар, суреттері.
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің іс -әрекеті
|
Баланың іс-әрекеті
|
+
|
-
|
Мотивациялық -қозғаушы
|
Балаларға Дымбілмес қолындағы суретін көрсетіп, жұмбақ жасырады.
«Өзі жасыл, тікенектері бар,
әдемі, мынау не?»
Мынау шырша ма?
Ал бізде тағы да өте әдемі шырша бар, біз оны жаңа жыл мерекесіне әшекеледік, ол біздің топты ортада безендіріп тұрады. Біз оған өлеңдер айтып, оның қасында би билейміз. Сен білесіңбе, кім бізге жаңа жыл мерекесіне келеді?
Дымбілмес: «жоқ», ендеше жұмбақ тында
Жұмбақ жасыру
«Ақсақалды шал жылына
Бір-ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді.
Ол кім балалар?»
Біз Аяз атаға тақпақтар оқимыз, ол бізге көп сыйлық әкеледі.
Дымбілмес: «Олай болса мені тақпақ айтуға үйретіндерші, мен де сыйлық алғым келеді»
Жақсы, онда екі топқа бөлінейік: І топ- шығармашылық ортада- шыршаны ойыншықтарымен әшекелейді, ІІ топ- көркем әдебиет орталығына барады- Дымбілмеске тақпақ үйретеді
|
Балалар шеңбер бойы тұрады. Балалар Дымбілместі
қарсы алады, сұраққа жауап береді.
Дымбілместің жұмбағының шешуін айтады.
Иә, шырша, ол жасыл, тікенекті.
Ортада ойыншықтармен
безендерілген шыршаны көріп, суреттеп атайды.
Тірек- сурет арқылы «жасыл шырша» деп жауап
береді.
Балалар тыңдайды, жауап береді.
Аяз ата
Балалар екі топқа бөлінеді
|
|
|
Ұйымдастыру іс-әрекеті
Сергіту
|
Д/о: «Шырша құрастыр»
Тақпақ оқылады
Шырша
Есентай Ерботин
Жасыл шырша төрдегі Дейді: «Бәрің көр мені!» Кеткен әсем құлпырып, Ойыншықтар тұр тұнып. Түрлі түсті шамдары – Түнде ғажап жанғаны. Көргендерді елітеді Керемет бip epтeгi.
Ал қазір балалар, жаңа жылға тақпақтар үйренеміз сендер бірге қайталап есте сақтайсыңдар.
«Шырша» Е. Өтетілеу
Тәрбиеші автор Е. Өтетілеу портретін көрсетіп, ол кісі туралы мәлімет береді.
Суретке қарап әңгіме құрастыру «Қара да, айт»
Шырша қайда өседі?
Шырша қайда тұр?
Біз шыршаға қандай сөздер айтамыз?
Шыршаны кесуге болама?
Сөздік жұмыс: Тауда, қуант, таңырқат, жарқырат
«Қатырмақ» ойыны
Көңілді әуен ойналады, Аяз ата таяғын балалардың қолдарына тигізуге тырысады, қай баланың қолы тисе сол тақпақ, өлең айтады
Дыбыстық жаттығу
Ша-ша-ша ортада тұр шырша
Қар-қар-қар- ақ Ақшақар
Ді-ді-ді- сыйлық әкелді
|
Мен сендерге жасыл ұшбұрыштар әкелдім,
Балалар жасаған шыршаларына карайды.
Балалар жаңа жылға тақпақты тындап
Сұраққа жауап береді
Балалар қолдарын алға созып шеңберге тұрады,
Аяз атаның сиқырлы таяқшасын күтіп тұрып, ойнайды
Тірек сұлба арқылы өлең жолдарын тыңдайды,
суретті мұқият қарайды, бірнеше рет
қайталап, есте сақтайды
|
|
|
Рефлексивті-түзетуші
|
Балалар Дымбілмес бүгін қандай мерекеге тақпақ жаттады?
Оқу іс әрекеті ұнады ма?
«Кубизм әдісімен» оқу іс әрекетін корытындау
|
Жаңа жыл мерекесіне
Мерекеге Аяз ата мен Ақшақарды күтеміз,
олар балаларға сыйлық үлестіргенді жақсы көреді
|
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:
|
Жаңа сөздердің мағынасын түсініп, оны дұрыс қолдана білу керек.
|
Нені игереді:
|
Жаңа тақпақ жолдарын мағынасын түсініп игереді.
|
Нені біледі:
|
Тақпақты жатқа айтуға біледі.
|
Қорытынды:
Күні:
Білім беру саласы:Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Е. Өтетілеуұлы «Біздің шаңырақ» тақпақ жаттау
Мақсаты:
1.Отбасы мүшелерін сөзбен дұрыс атап айтуға (Ата, әже, әке, ана т.б) сөздік қорларын молайту. Суреттегіні, бөлмедгіні атап беру.
2.Балалардың тілін, сөйлеу мәнерін дамыту
3.Балаларды отбасын сүйіп, құрметтеп, сыйлауға баулу.
Көрнекіліктер: Отбасы суреттері
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің іс –әрекеті
|
Баланың іс-әрекеті
|
+
|
-
|
Мотивациялық –қозғаушы
|
Балалар мен балабақшаға келе жатып Диасты кездестірдім. Диас апасымен демалыс күні жиһаз дүкеніне баруға келісіпті.
-Білесіңдер ме, жиһаз дүкенінде не болады?
Ал қонаққа Диасқа барасыңдар ма?
Ендеше екі топқа бөлініп: І- топ шығармашылық орталығында «қарындасыңды» мен жапсырады, ал ІІ- топ Диасқа қонаққа барады
|
Балалар шеңбер бойы тұрады.
Иә, білеміз, онда жиһаздар сатылады.
Балалар қонаққа баруға келіседі
|
|
|
Ұйымдастыру іс-әрекеті
Сергіту
|
Сурет бойынша әңгіме «Отбасының» суреті бойынша әңгімелеу
«Дидактикалық ойын: «Жанұясына айтып бер»
Диас апасымен үйге келіп, жиһаз дүкені туралы анасына айтықысы келді
Диас бірақ, ұмытып қалыпты қәне айтып беруге көмектесейік:
-Дүкенде не сатылды?
-Керует қандай болды?
-Үстел қандай болды?
-Шкафқа не салып қоямыз?
- Диван қандай түсті болды?
-Диванда не бар?
-Кішірек диван қандай түсті?
-Диасқа қандай диван ұнады?
-Айтып беріңдерші жасыл диванда не бар?
Ал енді әкесі жұмыстан келді, әкешіме, жиһаз дүкенінде не көргенін айтып берейікші?
«Анасы мен әкесі сөйлесіп болып, жасыл диванды сатып әперуге келісті.
Диас өте қуанышты болып, әкесімен шешесіннің беттерінен сүйіп алды»
Дидактикалық ойын «Не жасырылғанын тап».
Отбасы мүшелері мен әр түрлі заттар орналастырылады.
|
Балалар суреттерге қарап дүкеніндегі көп әр түрлі жиһаздар атауларын; үстел, орындық, керует, шкаф, диван, кресло жиһаздарын атайды.
Балалар сол сұрақтарға жауап береді
Балалар есте сақтайды, көздерін жұмады, ашады, жасырылған жиһазды айтады
Балалар тілдерін дамытып, сөздерді қайталайды
Балалар суреттерге қарап, есте сақтайды,
жасырылған
|
Рефлексивті-түзетуші
|
«Біз не білдік?». Кубизм әдісімен жиһаздарды салыстыра отыра сабақты талдап қортындылап беріледі.
|
Балалар шеңбер бойы тұрып кубикті бір –біріне беріп кез келген суретке мәлімет береді.
|
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:
|
Үй-ішіне қажетті жиһаздардың жеке бөліктерін сөзбен дұрыс атап айтуға (дөңгелек үстел, түсі қызыл, төрт аяғы бар; ) білулері керек.
|
Нені игереді:
|
Жаңа мағналы сөздердің мағнасын игереді.
|
Нені біледі:
|
Заттың санын (бір, көп) және сынын (үлкен, кіші, биік, аласа, қасында, жоғарыда) т.б білдіретін сөздерді біледі.
|
Қорытынды:
Күні:
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Мысық неге тамақ ішкен соң жуынады?» Литва халық ертегісі
Мақсаты:
1.Мысық неге тамақ ішкен соң жуынады? Литва ерегісін әңгімелеу арқылы балалады тазалыққа үйрету.
2.Сөздерді көпше түрінде айтуға іскерліктерін дамыту.
3.Балалрды тазалыққа, тиянақтылыққа, әдепке баулу.
Көрнекіліктер: Мысықтың ыдыстардың суреті
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің іс - әрекеті
|
Баланың іс-әрекеті
|
+
|
-
|
Мотивациялық -қозғаушы
|
Балалардың назарын қуыршақ Дильназға аудару. Балалар, бүгін мен қуыршақтарды қонаққа шақырдым, маған шай беруге көмектесесіңдер ме?
Ендеше, екі топқа бөлініп:І топ - шығармашылық орталығында, мысықты жапсырайық
ІІ топ – мазмұнды орталығына барып, қуыршақтарға шәй берсіп, литва ертегісін айтып берейін .
|
Балалар назарын қуыршақ Дильназға аударады, көмектесуге келіседі
Балалар екі топқа бөледі
|
|
|
Ұйымдастыру іс-әрекеті
Сергіту
|
Мысық неге тамақ ішкен соң жуынады? (Литва халық ертегісі) Күндердің күнінде бір торғай ұшып келіп, бір шаруаның қорасына қонады да, шашылған дәндерді жей бастайды. Мұны көріп, қожайынның мысығы бір мүйістің тасасында тұрып ториды. Аңдып отырған мысық бір мезетте шоршып барып торғайды бас салады. Қанатын қапсыра тістеп тұрып: - Енді бір жақсылап тоятын болдым, - дейді. - Ей, мысық мырза, ұялсаңызшы! Жуынғанды ұмытып барасыз ғой, өзі. Өзіңіздің қожайыныңыз да, оның әйелі де дүниедегі бүкіл адам атаулы ең алдымен жуынады, содан кейін барып тамақ жейді, - деді торғай. - Оның да дұрыс екен-ау, - деп, мысық жақсылап жуынып, сүртіну үшін алдыңғы аяғын тұмсығына апарды. Сол кезде торғай ұзақ ойланып жатпай бір жағына жып береді. Қанатын қағып, ұшады ды кетеді! Мысық ыза болып қалады. Содан бері қарай мысық атаулы тамақ жегеннен кейін жуынатын болған екен.
Дидактикалық ойын «Көпше- жекеше»
«Мен бір кесе көрдім, ал балар көп...
Мен бір таба көрдім, ал балалар көп...»
«Су қиылған немесе тағам салынған ыдыстың бетін ашық қалдыруға болмайды»
|
Балалар үстел мен үш орындық қойуға көмектеседі,шайнек, кесе, шынаяқ, қантсауыт, май сауыт деп атауларын атайды.
Тосапты құмыраға кұйамыз
Шай қасығымен
Балалар санайды: бір, екі, үш литвадеп: үш қасық, үш кесе, үш тосапқа құмыра қоямыз
Бір шайнек
Кесе үшеу керек
Балалар қуыршақтармен танысып бір-бірден шақырады дастархан басына, және хормен айтады
мысалы: «Амина жейғой тосап құлпынайдан»
«Дильназ таңқұрайдың тосабын жей ғой, міне саған қасық»
-
|
|
|
Рефлексивті-түзетуші
|
Бүгін біз не туралы әңгімелестік?
Бізге кім келді?
Дильназ қуыршақ ризашылығын білдіреді
|
Балалар тірек сұлба арқылы рет ретімен
айтып береді
|
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:
|
Ыдыс-аяқ түрлерін дұрыс атауларын, олардың не үшін қажеттігін білулері керек.
|
Нені игереді:
|
Меңгерген, үйренген сөздерді дұрыс қолдануды игереді.
|
Нені біледі:
|
Сөздерді көпше түрінде айта біледі.
|
Қорытынды:
Күні:
Білім беру саласы:Коммуникация
Бөлімі:Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Ата ақылы» С. Мәуленов
Мақсаты:
1.
2.
3.
Көрнекіліктер
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің іс –әрекеті
|
Баланың іс-әрекеті
|
+
|
-
|
Мотивациялық –қозғаушы
|
Тәрбиеші балаларды Амина қуыршақпен таныстырады. Аминаның ренжулі екеніне көңіл аударады. Жақсы, олай болса, Аминаның көңілін көтеру үшін оған қызықты өлең айтып берейік.
Ата ақылы
Сырбай Мәуленов
Кім үлкенді тыңдаса,
Кім үлкенді сыйласа. Сыйлы болады өзі де, Үлкен болған кезінде.
|
Балалар назарын, қөңілін Амина қуыршаққа аударады
Балалар ойланып, өз ойларын айтады.
|
|
|
Ұйымдастыру іс-әрекеті
Сергіту сәті
|
Амина ойын жақсы көресің бе? Ендеше кәне бірге ойнап көрейік.
Дидактикалық ойын «Қайсысы ұзын-қысқа»
Жанылтпаш жаттау
«Ақ көйлек, көк көйлек, көп көйлек»
-Баяу, жылдам, өте жылдам, тез, созып, әндетіп айтқызады.
Дидактикалық ойын «Түрлі түсті баулар»
Тәрбиеші балалардың назарын қуыршақтардың бәтеңкелерінің түрлі-түсті бауларына аударады.
-Баулардың түсі қандай?
«Қоян, қоян тұршы,
Бетіңді жушы,
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы,
Әдемі көйлек киші»
|
Балалар киімдерді атайды
Қызыл.Көйлек ұзын
Қоңыр шалбардың қалтасы бар
Көк пальто да жағасы үлпілдек
(Балалар жалғастырып сөйлем құрастырады)
Тірек сурет арқылы жаңылтпашты жаттайды.
Балалар бір-бірінің сонынан қайталап айтады, тілдерін дамытады
Антоним сөздерін айтуға үйренеді
Ұзын т.б.
Қысқа
Қысқа
Қысқа
|
|
|
Рефлексивті-түзетуші
|
«Аминадан қандай киім жасырылған?» Тақтайшаға киімдерді іліп, не жасырылғанын сұрайды.
|
Балалар көздерін жұмып, ашып айтады, жасырылған затты, есте сақтауға үйренеді.
|
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:
|
Киім бөлшектерінің атауларын дұрыс айтып, ажырата білулері керкек.
|
Нені игереді:
|
Антоним, синоним сөздерін қолдануды игереді.
|
Нені біледі:
|
Жаңылтпаш мазмұнын түсініп айта біледі.
|
Күні:
Білім беру саласы: Комминикация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Не деу керек?» Ә. Дүйсенбиев
Мақсаты:
1. Сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйрету. Сурет бойынша әңгіме құрастыру
Сөздік қорын заттардың қасиеттері мен сапасын көлемі, түсі пішіні қандай материалдан жасалғанын және не үшін керектігін білдіретін сөздермен толықтыру.
Балаларды әдептіліке, инабаттылыққа, тәртәпті болуға баулу.
Көрнекіліктер: Пошташы Печкин суреті.
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің іс -әрекеті
|
Баланың іс-әрекеті
|
+
|
-
|
Мотивациялық -қозғаушы
|
Балаларға есік қағып қолында қорапшасы бар Пошташы Печкин келеді.
Балалар, мына қорапша сиқырлы мен сендерге сыйлық жасағым келіп тұр, бірақ та сендер түрлі-түсті гүлдің жапырақтарын жинап алсаңдар ғана қорапша ашылады.
Балалар, түрлі-түст гүлді жинаймыз да сыйлықты аламыз ба?
Ендеше екі топқа бөлінейік: І топ- шығармашылық орталықта Пошташы Печкинге сыйлық жасайды, ал ІІ топ- дамыту орталығында оқу іс-әрекетін өткізеді.
|
Балалар шарты шеңбер бойы тұрады, амандасады, қорапша да не бар екенін шешуге келіседі.
қорапша да қандай сыйлық бар екен.
балалар екі топқа бөлінеді, гүлдің жапырақтарындағы тапсырмаларды орындап оны жинауға келіседі
|
|
|
Ұйымдастыру іс-әрекеті
Сергіту
|
Не деу керек?
Әнуарбек Дүйсенбиев
Апаң сенің базардан
Алма сатып әкелді,
Ең үлкенін, жақсысын
Саған таңдап әперді,
Не деп барып жеу керек?
Балалар жүр көшеде,
Естіледі шу-айғай.
Сенде шықтың, көршіңді
Қағып кеттің байқамай,
Сен не деуді ұмыттың?
Әжен, түскі тамаққа
Қант-кәмпиттісалдымол. Жұрттан бұрын ыдысқа
Әй-шәйі жоқ салдың қол,
Жөн еді не айтқаның?
Добын апар Назардың, -
Дедіағаң,бармадың, Тапжылмадың, сазардың,
Аға тілін алмадың,
Сен қай сөзді айтпадың? Дидактикалық ойын «Не болды, не шықты?»
Қорапшаның ішінен бір неше адамдардың көмекші заттарын алып шығады атайды
Дұрыс.
«Біз кішкентай баламыз,
Өсіп-өніп толамыз,
Көкке қарап, талпынып,
Күнге қолды созамыз.
Қанат қағып ұшамыз,
Қарлығаштай қалықтап,
Бір отырып, бір тұрып,
Бір тынығып алайық.»
Дидактикалық ойын «Не үшін керек»
Мольбертке тізіп суреттерді іледі, пысықтайды.
-Нені көріп тұрсыңдар?
-Көлемі қандай? Түсі қандай?
-Бұл зат қандай пішінге ұқсайды
-Олар адамдарға керек пе?
Жарайсыңдар!
|
Балаларға әр жұмбақты шешкен үшн
Пошташы Печкин гүлдің жапырақтарын
ұсынады, балалар қуанып алады
Балалар қимылдарын жасап, сөздерді қайталайды
Балалар сұрақтарға жауап береді
|
|
|
Рефлексивті-түзетуші
|
«Шынжыр» ойынымен балалар Пошташы Печкинге үйдің көмекші заттарын анықтай отыра оқу іс-әрекетін талдап бекітуге беріледі.
|
Балалар шынжырға үйдің көмекші заттарын анықтап әңгімелеп айта отыра пошташы Печкинге сыйлықтарын беріп шығарып салады.
|
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:
|
Балалар сурет бойынша әңгіме құрастыра білулері қажет
|
Нені игереді:
|
Өз ойларын толық, байланыстырып жүйелі жеткізуін игереді.
|
Нені біледі:
|
Сурет бойынша әңгіме құрастыра біледі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |