Бөлімі: Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Біздің балабақша»М.Әлімбаев Мақсаты



бет1/8
Дата28.01.2018
өлшемі1,43 Mb.
#34837
  1   2   3   4   5   6   7   8
Күні:

Білім беру саласы:Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Біздің балабақша»М.Әлімбаев

Мақсаты:Балабақшада қолданылатын түрлі-түсті, көлемді, пішінді ойыншықтарды ажырата отырып ойнау.

Білімділік:Есте сақтау қасиеттерін дамыта отырып, ойын түрлерін ажыратуға үйрету.

Дамытушылық:Ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік:Мәдениетті ойнауға, адамгершілікке, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: Түрлі ойыншықтар суретер


Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Баланың іс-әрекеті

+

-

Мотивациялық -қозғаушы


Топтын есігін қағып Білгіш бала кіреді: балалармен амандасады қолында үлкен сурет.

Тәрбиеші: сәлеметсіз бе! Cіз кімсіз? Мен Білгішпін. Тәрбиеші: Сіз қайдан жүрсіз?

Білгіш: мен алыс «Біліңдер, үйреніңдер» елінен келдім. Біздің патшамыз бізге тапсырма берді, кімде кім басқа елдерден жақсы, қызықты жаңалық пен білім тауып әкелсе, соған үлкен білім кітабын сыйлаймын. Міне мен сеңдердің қалаларына келдім. Сеңдердің балабақшаларың туралы жаңалық жинап патшама айтып барамын.

Тәрбиеші қалай балалар көмектесеміз бе?Ендеше М. Әлімбаевтің Білгішке айтып берейік.

Балабақша есігін Үшке тола ашқанбыз. Балапандай өсіріп, Мәпелейді бақшамыз. Бұл – екінші үйіміз, Бір туғанбыз бәріміз. Біз - осы үйдің гүліміз, Біз – осы үйдің сәніміз.


Балалар Білгішпен амандасады, әңгімесін тыңдайды.

Иә көмектесеміз.

1-2 бала тақпақ оқиды.

Мамаңа еріп келдің сен,

Папаңа еріп келдің сен.

Қаладағы ең жақсы үй,

Балабаша мен білсем.

Себебі ме, себебі, себебі,

Барлық мама келеді,

Барлық папа келеді.









Ұйымдастыру іс-әрекеті


Тәрбиеші белгі беріп, балалар екі орталыққа бөлініп, бірі құрастыру орталығына барып, «Менің балабақшам» атты бейнесін түрлі-түсті геометриялық пішіндерден құрастырады.

Сергіту

Бас бармағым бастап берді,

Саусақтарым ән сап берді.

Шылдыр шүмек шылдырлады.

Кіші бөбек былдырлады.

Балалар мен Білгіштін назарын үстел басында тұрған саңдыққа аударады.



Балалар екі орталыққа бөлініп оқу іс-әрекетіне кіріседі.


Білгіш пен балалар «Көңілді тіл орталығына барып орындықтарға жайғасып отырады.

Балалар тәрбиешімен бірге қайталап отырады




Рефлексивті-түзетуші

Тәрбиеші: Балалар, кім бүгін келді бізге?

Қайдан келді?

Білгішке біздің көмегіміз тиді ме?

Қалай көмектестік?

Не туралы?

Біздің балабақшамыз қандай?

Онда кімдер болады?


Білгіш

Алыстан
Иә біз оған көмектестік

Тақпақ айтып бердік

Біздің балабақша туралы

Үлкен, жылы, кең

Балалар

Жаңа жаңалықтар үшін.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

Сөздерде және сөз тіркестірінде [Б] сын анық, таза айтып білу керек.

Нені игереді:

Сөйлеу қарқынын өзгерте білу ептілігін игереді.

Нені біледі:

[Б] сын анық, таза айтып білуді үйренеді.

Қорытынды:

Күні:

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: М.Әлімбаев «Менің ойыншығым»

Мақсаты: Балаларды сурет бойынша 2-3 сөзден тұратын қысқа әңгіме қүрастыруға үйрету.

Білімділік:Есте сақтау қасиеттерін дамыта отырып, ойын түрлерін ажыратуға үйрету.

Дамытушылық:Ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік:Мәдениетті ойнауға, адамгершілікке, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: Аю ойыншығы немесе ересек адам. Ойыншық арба. қуыршақ, машиналар, үйрек, тауық, ит, мысық, дауылпаз, керней, паровоз ойыншықтары.

Іс-әрекет кезеңі


Тәрбиешінің іс –әрекеті

Баланың іс-әрекеті

+

-

Мотивациялық –қозғаушы


Тәрбиеші: Есік қағып (ересек адам аюдың киімін киіп) кіреді. Қолында ойыншық арбаға тиелген неше түрлі ойыншықтар (арбада көлемі, түстері, қандай материалдардан жасалған әр-түрлі ойыншықтар салынған: қуыршақ, машиналар, үйрек, тауық, ит, мысық, дауылпаз, керней, паровоз)

Аю: сәлеметсіздер ме балалар!

Тәрбиеші: балалар, қараңдар бізге аю қонаққа келген сияқты кәне қарайықшы: балалар тәрбиешімен топқа келген аюға қарап амандасады.

Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе! Сіз кім боласыз?

Тәрбиеші: қайдан жүрсіз?

Аю: Мен орманда жидек теріп жүргем, бір уақытта мына арбаны көрдім, ішінде толған бірденелер, білмеймін, ойладым мүмкін сеңдерге керек болар?

Тәрбиеші: Кел аю шаршаған боларсың, демінді бас. (аюды ортаға шақырады)

Тәрбиеші бір белгі беріп балаларды екі орталыққа бөліп бірі шығармашылық орталығына барады, бірі кітап орталығына барады да М. Әлімбаевтің Менің ойыншықтарым қлеңін қайталайды

Жүрмейсің бе абайлап, Болмасаңшы ұрыншақ. Асыр салып көп ойнап, Ақсап қапсың, құлыншақ.

Ашытпайды көзіңді, Шомыла ғой, балақай! Қарашы енді өзіңе, Аппақ болдың, алақай!



Балалар тәрбиешімен жарты шеңбер бойы тұрады

Балалар аюмен амандасады


Шығармашылық орталығындағы балаларды екі топқа бөліп дайын екі панога өздері ұнататын ойыншықтарды жапсырады (балалардың алдында бірнеше ойыншықтар үлгілері тұрады және оларға басқа жағына жабысатын «липучка» тәрізді лентасы жабысқан ойыншықтардың пішіндері болу керек: мұнара болса – қызыл, сары, көк, жасыл, сопақшаға тәрізді пішіндер болу керек; жеңіл көлік- кабинасы, кузовы, донғалақтары болу керек.)Балаларға тапсырма: берілген үлгіден бір ойыншықтын макетін құрастырп беру керек. Сонында екі панно болып шығу керек.

2-4 рет қайталайды










Ұйымдастыру іс-әрекеті



Тәрбиеші: аюды ортаға шақырып дем алыңыз деп орындық береді

Қол ұстасып, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Бір-бірімізге қарайық,

Күліп ойын бастайық!

Дидактикалық ойын: «Сенің ойыншығын қандай?»

Мақсаты: Сөздік қорын заттардың қасиеттері мен сапасын (көлемі, түсі, пішіні, қандай материалдан жасалғаны және не үшін керектігі) білдіретін сөздермен толықтыру.

Шарты: Арбадағы ойыншықтарды балаларға таратылады.

Тәрбиеші:

Қол ұстасып, тұрайы,

Үлкен шеңбер құрайық.

Бір-бірімізге қарайық,

Күліп ойын басйық

Балалар тәрбиешімен аюмен өлең жолдарын қайталайды.

Балалар арбадағы ойыншықтарды қарап анықтайды

Ойланады


Балалар айтып береді

Ойланады жауап береді.




Рефлексивті-түзетуші



Балалар, бізге қандай жануар қонаққа келді?

Тәрбиеші: Аю не тауып алды?

Тәрбиеші: Қандай ойыншықтар?

Тәрбиеші: Қандай ойыншықтар болады?




Аю

Арба ойыншықтармен

Балалар ойыншықтарды атап береді.

Жұмсақ, қатты

Дауылпаз

Балалар айтып береді.

Балалар ойланады (шашпаймыз, сындырмаймыз)


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

Балалар ойыншықтар туралы шағын әңгіме құрастырып білуі керек.

Нені игереді:

Ойыншықтардың түр сипатын айтуды игереді қажет.

Нені біледі:

Ойыншықтарды ерекшеліктеріне (түсі,


Күні:

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: ««Астана-арман қала» М. Әміреұлы»

Мақсаты: 1.Сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйрету.

2.Балаларды өз қаласының көрікті жерлерін атай білуге талпандыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіре отыра байланыстырып сөйлеуге дамыту.

3. Туған қаласының тұрғылықты ғимараттары бойынша байланыстырып әңгіме құрастыруға білуге , тиянақтылыққа тәрбиелеу..

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: әсем, көшелері,үлкен, кен, саябақтар гүлзарлар, ғимарат макеттері, көлік түрлері (жеңіл көлік, автобус, трамвай, кеме, жедел жәрдем, өрт сөндіруші көлігі, троллейбус, маршрутті такси, ракета, ұшақ.)


Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Баланың іс-әрекеті

+

-

Мотивациялық -қозғаушы


Тәрбиеші: балалар, сеңдер әке-шешелерімен, ата-әжелерімен алыс жерлерге саяхатқа бардыңдар ма?

Тәрбиеші: Ал менімен бірге дәл қазір саяхатқа барғыларың келе ме?

Ендеше саяхатқа аттанайық, ал қай жаққа саяхатқа баратынымызыды мына суреттен тауып аласыңдар

(туған қалаларыңның таныс жерлерінің фото суреттерін ұсынады)

Балалар суреттерді анықтап туған қаламыз деп тұжырым жасайды.

Тәрбиеші: балаларды үлкен, кең, автобус макетіне отырғызады

Өлеңді қайталату

Сарыарқа төсінде, Сән беріп Есілге. Жас қала – Бас қала, Астана өсуде.

Күн болып қарайды, Шуақ боп тарайды. Әлемге нұр шашқан, Астанам арайлы.

Туғандай қиялдан, Үйлері бір арман. Аспандап барады, Аяулы ұлы ордам.



Балалар жарты шеңбер бойы отырып тәрбиешіні тыңдап сұрақтарына жауап береді.
Иә барғымыз келеді

Ойланып жауап береді.


Балалар автобус макетіне отырады.


2-4 рет қайталайды







Ұйымдастыру іс-әрекеті


Алдын ала ән-күй залында немесе басқа кең жерде қаланың бір қиылыс орталығын ұйымдастырып безендіреді. Автобус қаланың шетіне келіп тоқтайды. Тәрбиешімен балалар автобус макетінен шығып жазық аланқайына барады.

Таспа қосылып: жылаған дауыс шығады.

Тәрбиеші: Балалар бір дыбыс шығып тұрған сияқты, естіп тұрсыңдар ма?

Кәне тыңдайықшы.

И-и-и-и-и Шымылдық арасынан (қатты картоннан батарейкаларына қосылған үш шамы бар Бағдаршам макетін алып шағады)

Тәрбиеші: Балалар, сеңдер таңыдыңдар ма кім бізге келді?

Дұрыс

Бағдаршам сеңдермен амандасады.



Тәрбиеші: не болды неге жылап тұрсыз?

Таспаға жазылған бағдаршамның сөзі айтылады:

«Менің шамдарым жұмыс істемей тұр, оны бұзған бұзық бала, енді адамдар мен көліктер қала көшелерінде қалай жүреді?» И-и-и-и

Тәрбиеші: Иә өкінішті, балалар не істеуге болады?

Бағдаршам: Менде білмеймін.

Тәрбиеші: балалар мүмкін біз жақсы істер жасап бағдаршамның шамдарын жөндеп бере аламыз?

Ендеше біріміз құрастыру орталығына барып бағдаршамның суретін ұсақ құрылыс материалдарынан құрастырып көріндер, суретін салып көріңдер.

Ал қалғанымыз «Көңілді тіл орталығына барайық»

Топта алдын ала дайындалған «Біздің қаламыз» атты үлкен үлестірмелі (Балаларға таныс қала көшелері, трамвай мен жеңіл көлік түрлері, адамдар жаяу жүргінші жолдарымен баражатқан сәттері және атақты ескерткіштермен зәулім ғимаратты үйлер) сурет ілініп тұрады.

Тәрбиеші: балалар, мына суретке қараңдаршы, не көріп тұрсыңдар?

Тәрбиеші: дұрыс айтып тұрсыңдар.

Тәрбиеші:Үстелдегі орналасқан туған қаланың фотосуреттерін ұсынады: Мына суреттер сеңдерге таныс па?

Мысалы Павлодар

Тәрбиеші: Балалар біздің қаламыз Павлодар болса, онда қала тұрғындарын қалай айтады?

Тәрбиеші: Павлодарлықтар деп түсіндіреді (балаларға павлодарлықтар деп қайталатқызады)


Балалар жазық кең аланқайға барып тәрбиешіні тындайды.

Жоқ

Балалар бағдаршам

Балалар ойланады

Балалар ойланып жауап береді.

Балалар: машиналар, адамдар, трамвай

Балалар мұқият тыңдап естеріне сақтайды.


Иә мынау біздің қала (атауын айтады)

Балалар ойланады

Қайталайды.

Балалар ойланып жауап береді.










Рефлексивті-түзетуші

Тәрбиеші: Балалар, біздің қаланың аты қалай аталады?Біз қандай қалада тұрамыз?

Біздің қаламызда қандай зәулім ғимараттар мен үйлер бар?

Қала көшелерінде қандай көліктер жүреді?

Біз қандай жақсы іс жасадық?







Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

Туған қаланың көрнекті көпшілік орындарымен таныстыру.

Нені игереді:

Сөз таптарын қолдана отырып күнделікті өмірде өз ойларын жеткізуге игереді.

Нені біледі:

Туған қаласының тұрғылықты ғимараттары бойынша байланыстырып әңгіме құрып білуге үйренеді.



Қорытынды:

Күні:

Білім беру саласы:Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Қазақ тілі» Ө. Ақыпбеков

Мақсаты:1. Шығармашылық тілді дамыта отыра өлеңді жатқа айтуға үйрету.

2. Олеңді оқып, жаттау барысында балаларды балабақша қызметкерлерінің аты-жөнімен, мамандық атауларымен таныстыру

3. Олардың еңбегін бағалай білуге, құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: Таспаға жазылған дыбыстар мен ән. Қаңбақ шал суреті. ыдыстар: кастрюль, қазан, шайнек, ожау, плита, фонендоскоп, ойыншық шпателі, шприц, ақ халат, тонометр; кітап, доп, қалам, машинанын рулі.


Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Баланың іс-әрекеті

+

-

Мотивациялық -қозғаушы


Таспа қосылып: желдің, дауылдың жазбасы қосылып топқа Қаңбақ шал кіреді:

Қаңбақ шал: сәлеметсіңдер ме балалар!

Тәрбиеші мен балалар амандасады (сәлеметсіз бе!)

Қаңбақ шал: сеңдер мені таңыдыңдар ма?

Тәрбиеші: балалар, бұл Қанбақ шал

Иә мен Қаңбақ шалмын.

Тәрбиеші: Қаңбақ шал қайдан жүрсіз?

Қаңбақ шал: бүгін көрмеге барғам мына суреттермен танысайын деп, (суреттерді көрсетеді) бір уақытта қатты жел соғып ұшып кеттім, енді міне сеңдерге жолықтым. Енді көрмеші алыста қалды, суреттермен кім таныстырады?




Балалар тәрбиешімен орталықта әңгімелесіп оқу іс-әрекетіне дайындылып жүреді
Балалар жоқ

Балалар тәрбиеші мен қаңбақ шалдың диалогын тыңдайды.

Балалар орталықа бөлініп оқу іс-әрекетіне кіріседі.









Ұйымдастыру іс-әрекеті



Тәрбиеші: Қаңбақ шал көрсетіңіз суреттеріңізді мүмкін біз сізге көмектесеміз?

Қаңбақ шал (тәрбиеші, тәрбиешінің көмекші, аспазшы, медбибі) суреттерді көрсетеді.

Тәрбиеші: Қаңбақ шал отырыңыз.

Тәрбиеші:

Қазақ тілі Өтепберген Ақыпбеков
Қазақ тілі – ата-анаң, Қуат алар Отан да одан. Дүниенің бар асылы Тең келмейді ешбір оған.

Балалар, біздің топка ата қандай дыбыс шығарып кірді? (өзі көрсетеді)

(О-о-о-о-о А-а-а-а-а)

балалар атаға орындық береді


Балалар қайталап көрсетеді О-о-о-о-о А-а-а-а-
Балалар жел

2-4 рет қайталайды

Балалар У-у-у-у-у
Балалар: О-о-о-о-о А-а-а-а-а У-у-у-у-у



Рефлексивті-түзетуші

Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізге кім келді?

Тәрбиеші: Біз орталықта не істедік?

Тәрбиеші: компотқа қандай азықтарды салдық?

(Тәрбиеші балалармен ойнап жүрген суретті көрсетіп) балалар мына сурет туралы не айтуға болады?




Ата, Қаңбақ шал
Атаға көмектестік

Тәтті компот пісірдік

Алма, алмұрт


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

Өлеңді жатқа айтып білулері керек.

Нені игереді:

Жаңа сөздердің мағынасын түсініп игереді.

Нені біледі:

Дыстарды естуге, дұрыс анық айтып білуге үйренеді.


Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет