Бөлімі: Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Біздің балабақша»М.Әлімбаев Мақсаты



бет8/8
Дата28.01.2018
өлшемі1,43 Mb.
#34837
1   2   3   4   5   6   7   8

Көрнекіліктер: Ай, жұлдыз- ғарыш әлемі. Зымыран.Қуыршақ-Жұлдызшы кейіпкер

Кезеңі

Тәрбиешінің іс –әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық кезең

Ұйымдастыру

кезеңі

Сергіту сәті


Рефлексивтік түзетушілік

Тәрбиеші балаларға Жұлдызшы болып киіндірілген қуыршақты алып келеді.

-Балалар, сәлеметсіңдер ме. Бізге бүгін қонаққа кімнің келгенін білесіңдер ме?(Жұлдызшыны көсетеді) Бұл кім?

Оның бас киіміне қараңдаршы. Ненің суреттері бар?

Дұрыс айтасыңдар, бұл Жұлдызшы ата.Ол күнде аспандағы жұлдыздарды санап отырады. Бүгін біз атаймен қызықты күн өткіземіз. Ол біздің қонағымыз. Ендеше, атайға арнап әдемі сурет салып берейік. (Балалардың жартысын өнер орталығына отырғызады, түсіндіреді)


Жұлдызшы: -Балалар, сендерге менің жұмбағым бар.Жауабын тауып көріңдер:

Күндіз мүлдем көрінбейді

Түнгі аспанда күлімдейді. Дұрыс айтасыңдар балалар.
-Балалар, Жұлдызшы атай біздің бақшада ғарышкер болатын бала бар ма екен, соны білуге келіпті.

Ғарышкер деген кім? Ия, ол ғарышқа ұшатын адам.Ол немен ұшады?

-Міне, атай, біздің балалар ғарышкер туралы біледі.

Жұлдызшы: -Әрине біледі.Бірақ, ғарышкер болу үшін олар өте көп нәрсе білуі керек. Менің арнайы тапсырмаларым бар. Егер оларды орындай алсаңдар сендер өскенде нағыз ғарышкер боласыңдар. Ал енді менің тапсырмамды тәрбиеші апаймен бірге орындаңдар.

-Атайдың қызықты тапсырмаларын бастайық.

«Зымыранды ұшыр»

Зымыран жерден көтерілді ш-ш-ш-ш-ш(баяу бастап, дауыс қарқынын жылдамдатады, дауысты қүшейтеді)

-Балалар, ғарышкер болу үшін спортпен айналысу, жаттығулар жасау қажет, қане, барлығымыз жаттығуға тұра қалайық.

Жол бойымен жүреміз(бір орында тұрып жүреді)

Бір, екі! Бір, екі!

Сымбатымызды түзейміз(бойын тіктейді)

Бір, екі! Бір, екі!

Екі қолды көтереміз

Бір, екі! Бір, екі!

Күнмен аспан көгіне.

Жол бойында үйшік тұр.(қолдарымен көрсетеді)

Биік те емес, аласа.

Жүрген ойнап ішінде

Тышқан болар үйінде

Отыра қап тығылды(отыра қалады)

Басы шығып үңілді.(бастарын созып бір-біріне қарайды)



Сөздік ойын .«Қандай» дидактикалық ойын.

-Атай бізге көктем туралы не білесіңдер дейді.

Қане, көктемде не болатынын айтып берейікші.
Жұлдызшы ата, көрдіңіз бе, біздің балалар сіздің тапсырмаларыңызды орындай алды. Жарайсыңдар, енді біз барлығымыз үлкен болғанда ғарышқа ұшамыз!

Балалар, атай бізге қандай тапсырмалар алып келді?

Ол біздің топқа не үшін келді?

Өз болжамдарын айтады.

Жұлдызшының бас киіміне назар аударады, ондағы суреттерді айтады.

Жұлдызды аспан суретін паралон таяқшалармен салады.

Жұмбақтың шешуін тауып айтады.

Сұрақтарға жауап береді

Дауыстарын құбылтып «Ш» дыбысын дыбыстайды.

Қимыл-қозғалыстарды жасайды.

Ойын барысында көктемде болатын құбылыстарды атайды, сөйлем құрастырады.

Сұрақтарға жауап береді, суреттерін кейіпкерге сыйлайды.



Күтілетін нәтиже


Нені білу керек:

Аспан денелерінің: жұлдыз, ай, күн атауларын біледі.

Нені игереді:

Дене қимыл-қозғалыстарын жасауды игереді.

Нені біледі:

Байланыстыра сөйлеуге үйренеді.

Қорытынды:



Күні:


Білім беру саласы:

Қатынас

Бөлімі:

Тіл дамыту

Тақырыбы:

Ы. Алтынсарин «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгіме

Мақсаты:

Байланыстыра сөйлеуге үйрете отырып, танымдық қабілеттерін дамыту және шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдіру.

Міндеті:

Балаларды «З» «Ж» дыбысын жеке және сөз тіркестерінде дұрыс дыбыстап айтып үйрету. Мәнерлілігін сезінуіне мүмкіндік туғызу.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

Құмырсқа, ара, қанқыз, көбелек, маса



Кезеңі

Тәрбиешінің іс –әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық кезең

Ұйымдастыру

кезеңі

Сергіту сәті

Рефлексивтік түзетушілік

Балалар отырған жерге құмырсқаның муляжын алып келеді.

-Балалар, менің қолымда не бар? Дұрыс айтасыңдар. Мен құмырсқаларды өте жақсы көремін ал сендер ше? Қане, оны еркелетейікші:

-Құртақандайым менің.

- Кішкентайым менің

-Еңбекқорым менің

-Жұмыскерім менің

Ол өзінің достарынан адасып қалған ғой.Біз оған жапырақтың суретін салып берейік.Содан кейін ол жапырақтардың үстіне шығып, өзінің достарын іздеп тауып алады.(балалардың жартысын сурет салуға отырғызады)

Балалар, біз оған өзінің достарын тауып беруге көмектесейік.

Сендер оларды білесіңдер ме? (Суретті көрсетеді)

-Олар қайда отыр?

-Барлығы не істеп отыр?

-Олардың барлығын не деп атаймыз?

Қараңдаршы, олар мына суретте не істеп жатыр деп ойлайсыңдар?

Ия. Олар қонаққа келгенде ән салады.

Ара әнін бастайды з-з-з-з-з-з

Қанқыз оны қостайды ж-ж-ж-ж

Көбелек пен құмырсқа

Үнсіз әнді тыңдайды.

Қазір мен сендерге жұмбақтар жасырайын. Ал, сендер не туралы екенін табыңдар:

Гүлдің әсем күлтешесі

Желмен бірге тербелген

Жұлғым келіп қол создым

Ұшып кетті кенеттен
Балдан белбеу тағады

Ұстасаң шағып алады

-Дұрыс таптыңдар шешуін.

Ал, қазір аралар сияқты ұшып, бойымызды сергітіп алайық(балалардың барлығын шеңбер бойымен тұрғызады)

Гүлден гүлге қонады (отырып, тұрады)

Бүйірі балға толады.(екі қолын бүйіріне таянады)

Қанаттарын қағады(екі қолын жайып қағады)

Іздеп үйін табады (ұшып айналады)
«Мен айтамын, сен тап» дидактикалық ойыны.

-(Сырты гүлді қорап тауып алады) Балалар, мына қорапты қараңдар. Бұл қораппен ойын ойнау қажет екен. Ол сиқырлы қорап.Ойын шартын түсіндіреді.

Жарайсыңдар балалар. Сендер құмырсқаның достарын тауып алдыңдар.

-Құмырсқаның қандай достары бар?

Олар қалай әндетеді?


Кілемшенің үстінде отырады.

Мұғалімнің айтқанын қайталайды.


Бояуды қолданып қылқаламмен жапырақтарды бояйды
Суретке назар аударады, қандай жәндіктерді көріп тұрғандарын айтады.

Дыбыстық жаттығуды бірге қосылып орындайды.


Жұмбақтардың шешуін табады.

Қимыл-қозғалыстарды қайталап жасайды.

Жәндіктерді сипаттайды, қалай дыбыстайтынын айтады, ерекшеліктерін айтады.



Күтілетін нәтиже


Нені білу керек:

Жәндіктердің атауын біледі.

Нені игереді:

Ж-З дыбыстарын жеке және сөз ішінде айтуды игереді.

Нені біледі:

Сын есімдерді белсенді қолдана отырып байланыстыра сөйлеуге үйренеді.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

32 технологиялық картасы


Тақырыбы: «Еңбек бәрін жеңбек»


Білім беру саласы:

Қатынас

Бөлімі:

Тіл дамыту

Тақырыбы:

Тату боламыз

Мақсаты:

Қазақ және орыс ұлтымен таныстыру, байланыстыра сөйлеуге үйрету.

Міндеті:

Ұлттар достығын түсіндіру.Тақпақтың мағынасын түсіндіріп, жатқа айтуға үйрету. Қазақ тіліне тән «Ә» «Ң» дыбыстарының дыбысталуын игеруге дағдыландыру. Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Достыққа, ыңтымақтыққа баулу.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

Қазақ және орыс ұлтынын қуыршақтары.


Кезеңі

Тәрбиешінің іс –әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық кезең

Ұйымдастыру

кезеңі

Сергіту сәті

Рефлексивтік түзетушілік

Ойын бөлмесінде орыс және қазақ қуыршақтары отырғызылады.

-Сәлеметсіңдер ме балалар.

-Балалар, сендер бір-біріңмен татусыңдар ма, бір-біріңді ренжітпей ойнайсыңдар ма?

Бүгін мен өзіммен бірге Айжан мен Дашаны алып келдім.

-Дашаның көзінің түсі қандай? Шашының түсі ше?

Дұрыс айтасыңдар.Даша орыс қызы.

-Ал, Айжанға қараңдаршы, оның көзінің түсі қандай? Шашының түсі ше? Ия.Ол қазақ қызы. Олар бір үйдің ауласында ойнайды екен. Бірақ екеуі жиі ренжісіп қалады. Айжан қазақша сөйлейді, ал, Даша дұрыстап қазақша сөйлей алмайды.

Балалар, біз Даша мен Айжанға әдемі шарлар сыйлайық. Ренжіспей ойнайтын болады.Айжан сендермен бірге барып шарларды қалай салатындарыңды көрсін.(Айжан қуыршақты және балалардың жартысын өнер орталығына отырғызады)

Біз Дашаны қазақша сөйлеуге үйретейік.

Ең бірінші біз өзімізді таныстырайық. Еркелетіп атымызды айтайық(шеңбер бойына балаларды тұрғызады, өзі бастайды):

-Әдияжан

-Қанатай


- Дәмеліжан

- Сұлтанжан т.б.

-Балалар, Дашаға Қуыршақ туралы тақпақ айтып берейік.

Қуыршағым жылайсың ә-ә- деп

Таңертең ерте тұрмайсың ң-ң-деп

Жата бермей тұрсаңшы

Беті-қолыңды жусаңшы!

Дашаға біздің тақпағымыз ұнаған сияқты. Ол сендерге би үйреткісі келеді.(Қуыршақты қолына ұстап тұрып жасайды)



Біз билейміз «Шарт-шұрт»(бір орында табандарын тарсылдатып, алақандарын соғады)

Таңертең, күндіз кеште де

«Шарт-шұрт, шарт-шұрт»

Ішің пысса қарама

Орыс па әлде қазақ па

«Шарт-шұрт, шарт-шұрт»

Биле бізбен қорықпа!

-Балалар, біз Дашаға өзімізде не бар екенін айтып берейік.(допты қолданады) «Менің .... бар» дидактикалық ойыны.

-Допты қағып алып, өздеріңде не бар екенін айтыңдар.

-Балалар, тату-тәтті болсаңдар ойын ойнаған да қызықты болады. Достары көп адамды ешкім ренжітпейді.

«Ағаш-тамырымен, адам-достарымен мықты» болады.

Өте жақсы балалар. Енді, Даша Айжанның сөздерін ұғатын болады.Олар ренжіспей ойнайтын болады.

-Даша кім? Оның шашы мен көздерінің түсі қандай?

-Сендердің шаштарыңның түсі қандай? Көздерің ше? Сендер орыссыңдар ма, әлде қазақсыңдар ма?




Тәрбиешімен амандасады.

Қуыршақтардың айырмашылықтарына назар аударады, ажыратып айтады.

Шардың суретін дәстүрден тыс технология қолданып салады.

Қасында тұрған баланың есімін еркелетіп атайды.

«Ә» және «ң» дыбыстарын қайталап айтады.


Аяқтарын тарсылдатады, алақандарын соғады.


Заттарды түстерімен байланыстырып айтады.Менде сөзін белсендіреді.



Күтілетін нәтиже

Нені білу керек:

Ұлттар туралы уғымын түсініп білу керек.

Нені игереді:

Қазақ тіліне тән «Ә» «Ң» дыбыстарның дыбысталуын игереді.

Нені біледі:

Зат есімге сын есімді қатыстырып, сөйлем құрауға үйренеді


Күні:24.07.17

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:Айналайын баладан

Мақсаты:

1. Айналайын баладан деген тақпақты тәрбие бере отырып айтқызу, баланың тілін дамыту.

2. Балаларды «Б» дыбысын жеке және сөз тіркестерінде дұрыс дыбыстап айтып үйрету , синонимдік қатар құру тақпақ мазмұнын айтуға үйрету.

3. Сөз қорын байыту, әдептілікке баулу



Көрнекіліктер: Қуыршақтың суреті.

Кезеңі

Тәрбиешінің іс –әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық кезең

Ұйымдастыру

кезеңі

Сергіту сәті
Рефлексивтік түзетушілік

Дөңгеленіп тұрайық,

Алақанды созайық.

Күннің нұрын алайық,

Қонақтарға шашайық ,балалар біреудің жылаған дауысы естілетін сияқты. Қош келдің қуыршақ.Атың кім?

Айгүл боламын

Неге жылайсың?

Сені кім ренжітті?

Ешкім


Ендеше неге жылайсың?

Апам маған мектепке барсын деген, бірақ мен бірде тақпақ білмеймін.

Оған бола көңіліңді түсірме біз қазір айналайын баладан деген тақпақ жаттаймын, сен де сабаққа қатысып, тақпақта жаттап ал.

Жақсы


Айналайын баладан

- Айналайын баладан,

Тауып алған даладан.

- Далада бала жата ма?

- Түсіп қапты шанадан.

-.......біздің қайда екен?

- Қыздарменен тойда екен.

- Тойда неғып жүр екен?

- Алма теріп жүр екен.

- Алмасынан кәнекей?

- Жаңа теріп жүр екен.

- Жаңасынан кәнекей?

- Қабы толмай жүр екен.
Бір, екі, бір, екі!

Төсекті өзім саламын

Тісімді де тазалаймын

Салқын суға түсемін

Бір, екі, бір, екі!

Таңды асыға күтемін!


Қонаққа кім келді?

Не жаттап үйрендік?




Барлығы қайталайды.

Амандасады

Тәрбиешімен бірге қайталайды.
Әркім өзіне ұнаған буынды қайталап айтады

Қимыл-қозғалыстарды келтіреді.





Күтілетін нәтиже


Нені білу керек:

«Б» дыбысының айтыл ерекшелігін біледі.

Нені игереді:

Тақпақты тыңдап, мазмұнын айтуды игереді.

Нені біледі:

сөзге синонимдік қатар құруға үйренеді.


Қорытынды:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

34 технологиялық картасы


Тақырыбы: «Өсімдіктер мен гүлдер әлемі»


Білім беру саласы:

Қатынас

Бөлімі:

Тіл дамыту

Тақырыбы:

Көңілді алаңқайда

Мақсаты:

«Ж» дыбысын жеке және сөз арасында айтуды жаттықтыру.

Міндеті:

Шығарманы жаттай отыра бала тілін жаттықтыру. Дыбыстарды жеке және сөз арасында естіп анық айтуға үйрету.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

Күлтеше, алаңқай, жасыл алқап суреттері. Бақ-бақ гүлі. Қоңыздардың суреттері таспаға жазылған дыбыстыры.




Кезеңі

Тәрбиешінің іс –әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық кезең

Ұйымдастыру

кезеңі

Сергіту сәті


Рефлексивтік түзетушілік



-Балалар, менің бүгін сендерге алып келген жұмбағым бар.Оны шешсеңдер бүгін біздің не туралы айтатынымызды білетін боласыңдар.

Сап-сары гүлі

Ағарды түрі

Қалмай желде

Ұшты лезде. Дұрыс айтасыңдар, балалар. Бұл- бақ-бақ гүлі.(Есіктен хат байланған шар ұшып кіреді).

-Ой, балалар.Бізге хат келді.Қайдан келді екен?

Мен оқып жіберейін.

«Құрметті балалар. Менің үйімнің есігінің алдында жасыл алаңқайда сары гүлдер бар еді.Таңертең қарасам, қонжық қызығып гүлдердің барлығын жұлып алыпты. Маған көмектесіңдерші. Менің есігімнің алды барлық аңдардың жақсы көретін жері «Көңілді алаңқай»деп аталады.Сау болыңдар.Сәлеммен кірпі.»

-Балалар, аңдар енді ренжитін болды . Біз олардың алаңқайларын қайтадан көңілді қылайық, бақ-бақ гүлінің суретін салып жіберейік(балалардың жартысын өнер орталығына отырғызады).
-Қараңдаршы, бақ-бақ гүлдері қандай әдемі! (Суретке назар аударады)

(қоңыздың ызылын үнтаспадан ойнатады)

-Естідіңдер ме? Бұл қоңыз ән салып отыр.Оның әніне қосылайық:

Жа-жа-жа, жа-жа-жа,

Мен отырмын бақ-бақта

Мен отырмын бақ-бақта

Жа-жа-жа деп ән сала

-Балалар қоңыздың әні жақсы екен. Ол бақ-бақты көріп қуанып отыр.



«Сөз ойлап тап» дидактикалық ойыны.

-Бақ-бақ туралы айтайықшы.Мен бақ-бақ туралы бастаймын. Ал, сендер оның неге ұқсайтынын тауып айтыңдар.


Саусақ ойыны. «Бақ-бақ гүлі»

Алтын түсті бақ-бақтар(алақандары гүлдің жабық бүріне келтіріледі)

Күлтешесін ашады(ақырындап алақандарын ашады)

Сезіп қалып сәл желді

Күлтешесі тербелді(саусақтарын қозғалтады)

Алтын түсті бақ-бақтар

Күлтешесін жабады(алақандарын біріктіреді)

Тербеледі, (біріктірілген алақандарын екі жаққа қозғайды)

Тәтті ұйқыға қанады(алақандарын сол қалпында жағының астына қояды)
«Алаңқай» дидактикалық ойын.

-Балалар, кірпінің алаңқайына қандай жануарлар ойнайтынын білгілерің келеді ме? Ендеше мен айтамын, ал сендер маған оның суретін тауып беріңдер.

-Балалар, біз бүгін қандай гүл туралы айттық?

-Ол қандай?

-Қандай дыбысты айтып үйрендіңдер?


Жұмбақтың шешуін табады.

Хат мәтінін тыңдайды.

Тәрбиешімен келіседі.

Бояумен бақ-бақ гүлдерін салады.

Қосылып қоңыздың әнін салады, «Ж» дыбысының айтылуын меңгереді.


Тәрбиешінің сөздерін мұқият тыңдайды, өз сөздерін қосып аяқтайды.

Саусақтарымен қимыл-қозғалыстарды қайталайды.


Мұқият айтылған сөзді тыңдайды, суреттердің арасынан тауып көрсетеді.



Күтілетін нәтиже


Нені білу керек:

«Ж» дыбысын анық айтып білу керек.

Нені игереді:

Сөз арасында естіп қабылдап игереді.

Нені біледі:

Байланыстыра сөйлеуге үйренеді.

Күні:21.08.17

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі:Коммуникация

Тақырыбы: Суды жақсы көремін, таза болып жүремін.

Мақсаты:


1. Тазалыққа тәрбиелей отыра сөздік қорларын байыту.

2. Сөздік қорларын дамыту. «С» дыбыстарын нақты созылыңқы айтуға үйрету,есте сақтау қабілеттерін дамыту

3. Тазалыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Емшібек атайдың суреті. Суға байланысыты суреттер мен құралдар. Таспа. Ауыл маны суреттермен макеттер.



Кезеңі

Тәрбиешінің іс –әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық кезең

Ұйымдастыру

кезеңі

Сергіту сәті


Рефлексивтік түзетушілік



Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін барлықтарың әдемі, тап-таза болып келіпсіңдер балабақшаға.Осындай тап-таза болу үшін сендер таңертең не істедіңдер? Өте жақсы балалар.(Есік қағылып, ішке Емшібек атай кіреді)

Емшібек: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендердің бақшаларыңа келгеніме қатты қуанып тұрмын.

Менің өзіммен бірге не ала келгенімді қараңдар(шыны ыдысқа құйылған суды көрсетеді) Бұл не балалар?

Мен адамдар мен жануарлардың барлығын емдеймін. Ине де саламын!(Сұқ саусағын шошайтады). Бірақ инені таза жүрмейтін, сумен дос болмайтындарға ғана саламын. Ал, сендер сумен доссыңдар ма, үнемі таза жүресіңдер ме? Қане, қолдарыңды көрсетіңдерші.(Балалардың қолдарын көреді) Орманда бір қоян ауырып жатыр.Ол тамақ ішерде қолдарын жумайды екен.

Мұғалім: Біз ол қоянға арнап әдемі леген жасап берейік.(балалардың жартысын өнер орталығына отырғызады)

Мұғалім: -Атай, біздің балалар суды жақсы көреді. Ол туралы жаңылтпаш та біледі.Балалар, атайға жаңылтпашты айтып берейікші.

Шуылдаған шудасын

Суға салдым, судан алдым

Суға малдым

Емшібек атай: Қандай тамаша! Су тіршілік көзі.


-Балалар, атайға қалай жуынатынымызды көрсетейік!(барлық баланы шеңбер бойына тұрғызады)


Таза , мөлдір су ағады

Барлық бала жуынады

Тіс щеткасын біледі

Ары-бері жүргізеді

Бетін, қолын

Құлағын, мойнын

Жуады.
«Не қалай жуынады?» дидактикалық ойыны.

(сурет пайдаланады)

-Міне, Емшібек атай, біздің балалар сумен дос және жуынғанды жақсы көреді. Ал мына легенді орманға ала кетіңіз. Барлық жануарларға су құйып бересіз.

Емшібек атай: Рахмет сендерге балалар! Сау болып тұрыңдар.

-Балалар, бізге бүгін қонаққа кім келді?

-Ол не істейді?

-Қоян неге ауырып қалыпты?

-Біз таза үруіміз үшін бізге не қажет?



Өздерінің таңертеңгі жеке бас гигиенасын айтады.


Емшібек атайдың сұрағына жауап береді.

Сұраққа жауап береді, қолдарын ұсынады.

Ермексазбен қоянның жуынуына арнап леген мүсіндейді.


Барлығы дауыстап жаңылтпашты жатқа айтып береді.

Таңертеңгілік жуыну әрекетін жасайды.

Жануарлардың қалай жуынатынн айтады, қимылмен көрсетеді.

Балалар, легендерін ұсынады.

Атаймен қоштасады.



Күтілетін нәтиже


Нені білу керек:

Су туралы жаңылтпаш біледі, жануарлардың дене мүшелерінің атауын біледі.

Нені игереді:

«С» дыбысын сөз арасында айтуды игереді.

Нені біледі:

Тазалыққа үйренеді, септік жалғауларын жалғап үйренеді.

Қорытынды:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

№ 36 технологиялық картасы


Тақырыбы: «Өсімдіктер мен гүлдер әлемі»


Білім беру саласы:

Қатынас

Бөлімі:

Тіл дамыту

Тақырыбы:

«Ауылда»

Мақсаты:

Үй жануарларының жазғы күтімімен таныстыру.

Міндетті:

Сұрақтарға толық сөйлеммен жауап беру іскерліктерін қалыптастыру. Үй жануарларына ықыласпен қарауға баптауға, күтуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

Үй жануарларының жазғы жайлауда жайлып жүрген суреттері. Ұсақ ойыншықтар. Ауыл макеті немесе суретті. Әженің суреті немесе қуыршақ. Таспаға жазылған дыбыстар мен әуендер.




Кезеңі

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық кезең


Ұйымдастыру

кезеңі

Сергіту сәті

Рефлексивтік түзетушілік



-Балалалар, бізді әже ауылға қонаққа шақырды.

Ауылға барғыларың келеді ме?

Ендеше, әжеге сыйлық та жасайық. Оған әдемі орамал ала барайық.(Балалардың жартысын өнер орталығына отырғызады)

-Ауылға біз немен барсақ екен?

Дұрыс айтасыңдар, машинамен де, поездпен де баруға болады.Ал біз автобуспен барамыз!Орындарыңа отыра қалыңдар.(Үнтаспадан көңілді әуен қосып қояды, басын әженің орамалын тағып алады)

-Сәлеметсіңдер ме қарақтарым.Келгендеріңе қатты қуанып тұрмын. Сендер ауылда нелер болатынын білесіңдер ме?(Фланель тақтаның жанына алып келеді)



«Бір сөзбен ата» дидактикалық ойыны

-Мұнда нелер бар екен? Бір сөзбен қалай айтасыңдар?

Сендер менің жануарларымның барлығын біледі екенсіңдер.Үйімнің ауласындағы құстар мен жәндіктерді де біледі екенсіңдер.Мен олардың барлығын жақсы көремін.

-Сонымен бірге мен бәліш пісіргенді де жақсы көремін.

Қане, барлығымыз бәліш пісіруге тұрайық.

Тәтті бәліш, тәтті бәліш

Қайда болдың?-әжемде

Пісірді әжем бәлішті

Міне, міне ала ғой

Ыстық-ыстық екен ғой

Үрлеп оны көрейік

Енді жеуге болады

Аузымыз нанға толады!
-Менің үйімде жануарлар өте көп. Оларды қоректендіруге көмектесіңдерші.

«Нені жақсы көреді?» дидактикалық ойыны

-Жарадыңдар балалар! Барлық жануарлардың атауын да біледі екенсіңдер, олардың нені жақсы көретінін де айта алдыңдар.Менің сұрақтарыма толық, дұрыстап жаап бердіңдер.Ал, енді автобустарыңа отырып, балабақшаға қайта қойыңдар. Қош- сау болып тұрыңдар.(Әуенді қосады, басындағы орамалды шешеді)

-Балалар, сендер қайда барып келдіңдер?

-Онда не бар екен?

-Сендер не істедіңдер?


Келіседі.


Бояуды қолданып дайын орамал кескіндерін безендіреді, үлгіге қарайды.

Өз ойларын айтады.

Алдын-ала тізбектеліп қойылған орындықтарға отырады, автобуста жүріп бара жатқан дыбысты шығарады.

Суреттегі жануарларды(жәндіктерді, құстарды) атайды, жалпы атауын береді


Тәрбиеші жасаған қимылдарды қайталайды.


Балалар, жануарлардың нені жақсы көретінін суреттен табады, сұраққа толық жауап қайтарады.


Әжемен қоштасады, орындақтарына отырады.



Күтілетін нәтиже

Нені білу керек:

Үй жануарлары туралы түсініктері қалыптасқан болады.

Нені игереді:

Жалпы атауларды қолдануды игереді.

Нені біледі:

Үй жануарларына ықыласпен қарауға үйренеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет