Бөлімі: Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Біздің балабақша»М.Әлімбаев Мақсаты



бет4/8
Дата28.01.2018
өлшемі1,43 Mb.
#34837
1   2   3   4   5   6   7   8


Қорытынды:

Күні:

Білім беру саласы:Коммуникация

Бөлімі:Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Ә. Табылды «Бір апта» жаттау

Мақсаты:

1. Шағын өлеңді жатқа айтуға үйрету.Қол мен саусақты жаттықтыруға ойындар мен ойыншықтарды пайдалануға іскерліктерін қалыптастыру.

2.Сөйлеу барысында дауыс ырғағы мен қарқынын қадағалап, кейіпкерлердің бейнесін, мінез-құлқын дұрыс жеткізуге жаттықтыру.

3.Балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Көрнекіліктер:

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс –әрекеті

Баланың іс-әрекеті

+

-

Мотивациялық –қозғаушы


Тәрбиеші балалармен шеңберде тұрып: баллар, бір –бірімізге көңіл күйлерімізді сыйлайықшы:

Қол ұстасып алайық,

Күлкімізді сыйлайық.

Қошеметте бізге керек,

Күн өтеді керемет!

Есікке қағып күлімдеп «Күн шуағы» (макеті) кіреді. Амандасады.

Тәрбиеші: Балалар кім бізге қонаққа келді?

Тәрбиеші: көрдіңдер ме күн шуағы қандай мейірімді, оның күлкісі қандай жарқын

Тәрбиеші: балалар күн шуағы қандай?

Тәрбиеші: Күн шуағы не істейді?

Тәрбиеші: күн шуағы бізді, жануарларды, өсімдіктерді жылытады, нұрын жан-жаққа шашады, үйіне кіреді, таңертең қайта шығады. (күн шуағын тақтанын үстіне орналастырады)

Таспа қосылып: жылаған дауыс шығады


Балалар тәрбиешімен бірге сөздерді айтып отырады

Баллар «Күн шуағымен» амандасады.

Балалар: күн шуағы келді

Балалар: күн шуағы дөңгелек, сары, ыстық.

Балалар ойланады











Ұйымдастыру

іс-әрекеті


  • Ассалаумағалейкум күн!

Жерге қараса, жап-жасыл шөпті көреді. Ағып жатқан өзенді көреді.

Оңға қарады, солға қарады, (тіл ұшы кезекпен оңға солға қарайды) жаттығулар жасауға асықты: төсенішке жатады (жалпақ тіл астыңғы ерінде жатады), құйрығын жоғары қарай көтереді, төмен түсіреді, жоғары-төмен, жоғары-төмен (баланың жасы мен физикалық жағдайына байланысты 3-4 рет қайталау). Тәрбиеші балалар жаттығуды қалай жасап отырғанын қадағалап отырады.

Тәрбиеші: тақпақты қайта айтады (балаларға тақпақты асықпай, сөздерді анық, жалғауларын толық айтуын талап етеді)

Тәрбиеші: көрдіңдер ме балалар, Күн шуағы сеңдерге қарап күлімдейді, (сұр қоянның көжегі жүгіріп келді) деп кішкентай сұр көжекті балалардың алдына қояды. Қоян анасы қуынады, күн шуығыда қуанады (балалар бір-бірімізге қарап күлімдейік)

Тәрбиеші: көжек анасынан қалып қойған себебі, ол мына қоржындағы ойынын ала келді

Бір апта

Дүйсенбіде доп ойнадық қорада, Сейсенбіде серуен құрдық далада. Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп, Бейсенбіде би биледік әндетіп. Жұма күні жидек тердік қыратта, Сенбі күні кино көрдік клубта. Жексенбіде үйде болып дем алдық, Осылайша өте шықты бір апта.


Балалар тыңдайды.

Балалар қоян
Балалар ойланып жауап береді

Үлкен


Балалар ойланып жауап береді

Балалар орталықтарға бөлініп сұр қоянға сәбіз суретін, ермексаздан, тұзды қамырдан сәбіз, алма мүсінің мүсіндейді.

Балалар тәрбиеші тыңдайды. Іштерінен қайталап отырады.


Рефлексивті-түзетуші

Тәрбиеші: бүгін бізге топқа қандай жануарлар келді?

Қандай жануарларға көмектестік?

Қандай жануар туралы тақпақ жаттадық?

Тақпақ не туралы?

Қоян Қандай?

Сұр қоянның тоңы тағы қандай болады?

Қоян қандай жануар?

Қорқақ, сасып отырады.

Қоян қалай қимылдайды?

Ытқып-ытқып секіреді.



Балалар ойланып жауап береді.


Күтілетін нәтиже:


Нені білу керек:

Шығарманың мазмұнын тыңдап, түсініп, есте сақтап айтып білулері керек.

Нені игереді:

Шығарманы жаттау барысында дауыс ырғағы қадағалап, кейіпкерлердің бейнесін, мінез-құлқын дұрыс игереді.

Нені біледі:

Шығармадағы сөздерді анық айтып беруге және сөйлеу қарқынын өзгерте біледі.


Күні:

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Серуенде»

Мақсаты:


  1. Сөз дыбыстарын дұрыс айтуға, сөйлеу мүшелерін дұрыс қолдана білуге үйрету.

  2. Балаларды жыл мезгіліне сай киіндіру, киімдерді атауға уйрету. Сөз дыбыстарын дұрыс айтуға, сөйлеу мүшелерін дұрыс қолдана білуге үйрету.

  3. 3-4 сөйлемдік әңгіме құрап айтуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Алмаз бен Азиза қуыршақтары. Қыс туралы суреттері.



Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Баланың іс-әрекеті

+

-

Мотивациялық -қозғаушы

Топтың есігін қағып Алмаз бен Азиза қуыршақтар кіреді: балалармен амандасады. (қолдарында үлкен сурет)

Тәрбиеші сәлеметсіздер ме, сіздер кім боласыздар?

Тәрбиеші: Сендердің қолдарында не бар?

Бірақ та біз білмейміз, мына мезгілдің қалай аталады?

Ендеше біздің балалар, жұмбақ арқылы айтып береді деп жұмбақ оқылады.

Жұмбақ жасыру:

Аяз қысып өрнек сызып,


Ағаштары қар жамылып,

Өзендер мұз боп қатады.

Бөбектерім айтындаршы,

Бұл қай мезгілде болады?

-Қалай білдіңдер, ал біз болса далаға шыққан жоқпыз, сондықтан қыс мезгілін білмейміз. ( қуыршақтар ренжулі айтады)

-Балалар, қуыршақтар ренжімеу үшін не істесекболады деп ойлайсыңдар?

Дұрыс.

Олай болса: І топ -шығармашылық орталығына барып, «Қысқы киімдер әшекелейді» қылқаламмен бояйды, ал ІІ топ- көркем әдебиет орталығына барып, Алмаз бен Азиза қуыршақтарды серуенге апарады. (балалар, белгі алып, екі орталыққа бөлінеді)



Балалар амандасады, әңгімесін тыңдайды.

Барлығы шеңберге тұрады

қуыршақтар

сурет
қыс мезгілі

Біз оларды серуенге алып шығайық

- Балалар екі орталыққа бөлініп оқу іс-әрекетіне кіріседі.

ал қәне балалармен бірге отыр балалар біздің айтып береді








Ұйымдастыру іс-әрекеті

Сергіту сәті

Қыс туралы әңгіме:

Ал енді суретке қарап, балалар бір сәт өзімізді – сыртта, таза ауада тұрғандай елестетейік (қыстың боранының даусымен сықырлап басқан қар дыбысы шығады)

-Айнала қандай?

-Далада суық па әлде жылы ма?

-Жерде, үйлердің төбесінде, ағаштарда не жатыр?

-Қар қандай?

-Жел суық па, жылы ма?

-Қыс қандай болады?

-Қыста адамдар қалай киінеді?

Өте жақсы сендер көп нәрсені біледі екенсіңдер.



Дыбыстық жаттығу:

ді-ді-ді - сөзің болсын мәнді,

ді-ді-ді - киімің болсын сәнді

Мақал-мәтел:

«Қыстағы суық- жаздағы ыстық»




Айнала аппақ.

Далада суық.

Қар жатыр.

Ақ, үлпілдек қар.

Жел суық

Қыс қарлы,боранды,аязды болады

Адамдар жылы киінеді, тоңбау үшін.
балалар тәрбиеші істеген әрекетке қарап не істегені жайлы айтады, қуыршақты серуенге киіндіреді

шештім


ағыттым

түсірдім


шештім

шештім


кидім
Балалар қайталайды, есте сақтайды

Мақал- мәтел тыңдап, талдау бере отыра сөздің антоним табады.









Рефлексивті-түзетуші

Алмаз бен Азиза қуыршақтар серуенге киініп , қуанып балалармен серуенге шығады.

«Ыстық доп» ойынымен балардан сұрақтар арқылы сабақты талдап қортындылауға беріледі.

Балалар «Ыстық доп» ойыны арқылы сұрақтарға тез жаңылмай жауап берулері қажет.



Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

Балалар қыс мезгілінің ерекшелектері туралы сурет бойынша әңгіме құрастыруа білуі керек.

Нені игереді:

Қысқы киімдерді ұқыпты киінуді үйрене отыра анықтауыш және синоним сөздерін игереді.

Нені біледі:

2-3 сөйлемнен әңгіме құрастырып біледі.


Қорытынды:

Күні:

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Қазақстан жалауы» Е. Өтетілеуұлы тақпақ .

Мақсаты:

  1. Балаларға ту туралы үзінді жатқа айтуға үйрету.

Балаларға ту туралы үзінді жатқа айтуға үйрету. Дауысты дауыссыз дыбыстарды таза, анық айтуды іскерліктерін дамыту. Ту туралы байланыстырып әңгіме құрастыруға дағдыландыру.

  1. Тілдегі барлық дауысты және дауыссыз дыбыстарды анық, таза айтуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: « Мемлекеттік ту»

Іс-әрекет кезеңі


Тәрбиешінің іс –әрекеті

Баланың іс-әрекеті

+

-

Мотивациялық -қозғаушы


Балалардың назарын Қыдыр атаға аудару.

Ата қонаққа келіп амандасады.

Мен сендерге Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне арналған мерекеге жақсы бір дүние әкелдім, ал ол не екенін білгілерің келе ме?

Ол үшін жұмбақ шешімін табыңдар.



Жұмбақ жасыру

«Түсі көк,

Биікте желбірейді»

Дұрыс, ендеше, мерекеге баруға даярланайық. Ол үшін: І топ -шығармашылық орталығына барып, ермексазбен қонаққа тағам жасасын мүсіндесін, ал ІІ топ- көркем әдебиет орталығына барып, тақпақты жаттап, мерекеге дайындалайық.



Балалар атамен амандасады, жұмбақты шешуге келіседі

Жұмбақ шешеді

Ту
Балалар мерекеге баруға келіседі7









Ұйымдастыру іс-әрекеті

Сергіту сәті



Дыбыстық жаттығу:

-кө-кө-кө- көк

-кө-кө-кө- көгілдір

үн-үн-үн-күн

-нек-нек- нек-өрнек

«Мемлекеттік ту» туралы әңгімелеу

-Балалар, біздің Республикамыз қалай аталады?

-Қазақстанның Ел басшысы кім?

Ал мемлекеттік ту туралы не білесіңдер?

-Қазақстан туы қандай түсті?

-Ортасында не орналасқан?

-Күн астында не бейнеленген?

-Шетінде не бар?

Авторы – кім? Шәкен Ниязбеков

Тақпақ оқылады

Балалардың көңілін тақтада ілінген суретке аудару.

Не көріп тұрсыңдар?

Ал ендеше біз Қазақстан жалауы



Ермек Өтетілеуұлы

Көк байрағы бабамның

– Бүгінгі ұрпақ алауы.

Тірегі әке-баланың

– Қазақстан жалауы.

Тақпақты сұрақтар арқылы талдау:

-Тақпақта не туралы естідіңдер?

-Ту қандай?

Сөздік жұмыс: желбіреп, көз тартады құбыла, елжіреп,

Кәне балалар, тұрамыз,

Үлкен шеңбер құрамыз.

Қолды алға созамыз,

Отырып, бір тұрамыз.

Оңға, оңға түзу тұр.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық



Дидактикалық ойын «Шынжыр»

-Тақпақты дауыс ырғағын өзгертіп оқу:

(ақырын, ақырында, тым ақырын, тез)

-Бір шумағын хормен оқу



Сюжетті суретті көрсету арқылы тақпақты мәнерлеп оқиды.

Балалар барлық дауысты және дауыссыз дыбыстарды анық, таза айтады

Балалар Мемлекеттік туға қарап, әңгімелейді

Біздің Республикамыз-Қазақстан

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев


Қазақстан туы көгілдір көк түсті

Ортасында сары күн орналасқан

Күн астында құс бейнеленген (Қыран құс)

Шетінде ұлттық өрнек бар.

Қазақтың оюлары
Балаларды жарты шеңберге отырады

Өлең жолдарын тыңдайды, суретті мұқият қарайды.

Е.Елубаев портретіне назарын аударады, қарайды
тірек сұлба арқылы
Сурет пен айтылған сөз арасындағы байланысты орнатады.
Барлық қимылдарды қайталайды, сөздерді айтады.

-Балалар өлеңді қайталап оқиды, жаттайды.

Өлең жолдарын сұлба көмегімен жаттайды

Қиялдайды, елестетеді, мәнерлеп айтып жеткізеді.









Рефлексивті-түзетуші


Кубизм әдісі арқылы сабақты қортындылайды.

Қыдыр ата: «Өте жақсы, сендер сұраққа да жауап бердіңдер, тақпақ та айтып бердіңдер, енді біз мерекеге де бара алатын болдық.

Қыдыр ата риза болып балаларға батасын береді


Өлең мазмұнын естеріне түсіріп , айтады.

Күтілетін нәтиже:


Нені білу керек:

Балаларды ту туралы тақпақты жатқа айтуа білуі керек .

Нені игереді:

Дауысты дауыссыз дыбыстарды таза, анық айтуды игереді.

Нені біледі:

Ту туралы байланыстырып әңгіме құрастыруды біледі.

Қорытынды:


Күні:

Білім беру саласы: Қоммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Д/о «Айслу адасып кетті, а-у-у»

Мақсаты:

  1. «А» «У» дыбыстарын нақты созылыңқы айтуға үйрету.

  2. Сөйлеу барысында дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс, анық айтуға үйрету.Дыбыстардың дұрыс айтылу артикуляцияларын игеруге қамтамасыз ету.

  3. Сөз қорын байыту, «А» «У» дыбыстарын нақты созылыңқы айтып білуге баулу.

Көрнекіліктер: Хат макеті.Айсулу қуыршағы. : тауық, қаз, балапан, бұзау. Балалар карточкалардағы суреттерді атайды: Маса,Қоңыз Даулпаз, Пойыз, Сиыр, Көкек, Дудочка ,Жел суреттерінде бейнеленген байланысты дыбыстар.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Баланың іс-әрекеті

+

-

Мотивациялық -қозғаушы


Балалар, бізге хат әже мен атадан келді, олардың немере қызы бір күні орманға кетті шаңғы тебіп, бір кезде ол адасып кетті. Балалар, көмектесіңдерші, біздің немеремізді іздеуге, ол үшін не істеу керек?

-Барамыз ба балалар?

Балалар, бүгін біз сендермен Айсұлуды іздеуге орманға барамыз.

Олай болса: І топ -шығармашылық орталығына барып, «Ормандағы ағаштарды ақ мақтадан қар жапсырайық», ал ІІ топ- әже мен атаның немере қызы Айұслуды іздеуге көмектессін.



Орманға барып Айсұлуды іздеуіміз керек .

Онда бару үшін жылы киіну керек.

Балалар екі топқа бөлінеді









Ұйымдастыру іс-әрекеті

Сергіту


Тілге арналған жаттығу мен фонетикалық жаттығулары.

Айсұлу адасып кетті, сол кезде жел соқты, у-у-у Балалар біз әндеткенді өте жақсы көреміз ғой. Қане, ерінді кішкене ашып, алға созу қажет. Кәне бірге көрсетейік , қалай жел соқты

Ағаштар бұталарымен шайқалады, осылай: у-у-у

(балалар қолдарымен бастарының үстерінде сермейді және дыбыс созып айтады)

Маша шошып кетті, ал мында қасқыр қатты ырылдап жатыр қандай қорқынышты: у-у-у,

ал бөлтірік ырылдау білмейді, ол ақырын, қысқа, жіңішке дауысымен ырылдады, осылай « у»

Енесі оны осылай ырылдауға үйретті: «у-у-у»

(Балалар қайталайды, тәрбиеші көрсеткенді)

Қәнекей біз бірге бөлтірікті ырылдауға үйретейік.

Айсұлу қасқырлардың ырылдауың естіп, оданда бетер қорықты.

- Айсұлуды құтқару керек!

Оны осылай шақырайық: «Ау-у-у-у!»

Айслұлу естімей жатыр, шақырайық каттырақ: « Ау-у-у!»

Айслұлу бізді естіп жүгіріп келді, (тәрбиеші қуыршақ Айслұды көрсетеді)

Айслұлу енді орманға жалғыс бармайтын болды.

-«Айслұлу адасып кеттіп, жылады :

« А-а-а» .

-Ал қасқыр: « У-у-у»

-Айслұлуға орманда қорқынышты

-Оны шақырайық: «Ау»»



Сурет бойынша әнгімелеу «Таңғажайып орман»

- Суретте қандай жыл мезгілі берілген?

- Сен оны қайдан білдің?

- Ағаштарда не байқадыңдар?

- Жерден не көрдіңдер?

-Суретке қараңдаршы орман қандай қалың?

Адасып кетуге болады, жолды білмесің бе?

-Ал сендер үйлеріңнің мекен - жайын білесіңдерме?

-Аты-жөндеріңді, егер адасып кетсеңдер, айта аласыңдар ма?

Балалар, сендер Айсұлуды құткарғандарың үшін ата мен әже сендерге қоржынмен сыйлық жіберіпті, қәне көрейік не бар екен оның ішінде.



Дидактикалық ойын «Бұл не зат»

Балалар дыбыстарды анық, таза айтады, тәрбиешінің сонынан қайталап айтады:

созып, қатты, ақырын, тез, тілдерің дамытады

балалар жұдырығымен көздерін уқалап, дыбыстарды айтады

балалар қасқырлар сияқты қатты ұлыйды,

алақанымен көздерін жабады,

қолдарын қайық секілді ұстайды және шақырады


сөздердегі дыбыстарың анық таза айтады

Балалар сурет бойынша әңгіме құрастырып, мұқият сұрақтарды тыңдап, жауап береді


«Жапалақтап қар жауып тұр. Айнала аппақ. Ағаштарды қар басқан. Жерде омбы қар.»

Балалар қоржыннан ойыншық, заттар алып, оның пішінін түсін айтады









Рефлексивті-түзетуші

Кубизм әдісін пайдаланып қорытындылау.


Текшелерде бейнеленген белгілерді айтуға

Күтілетін нәтиже:


Нені білу керек:

Сөйлеу барысында дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс, анық айтып білулері керек.

Нені игереді:

Дыбыстардың дұрыс айтылу артикуляцияларын игереді.

Нені біледі:

«А» «У» дыбыстарын нақты созылыңқы айтып біледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет