Бөлімі: Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Біздің балабақша»М.Әлімбаев Мақсаты



бет3/8
Дата28.01.2018
өлшемі1,43 Mb.
#34837
1   2   3   4   5   6   7   8


Қорытынды:

Күні:

Білім беру саласы:Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Құстың ұясы» С. Көбеев әңгіме
Мақсаты:

1. Үй құстары туралы түсініктерін молайта отыра [К-Қ-Г-] естіп, дұрыс айтуын бекіту.

2. Үй құстары туралы түсініктерін молайту. К-Қ-Г дыбыстарын естіп, дұрыс айтуын бекіту.Үй құстарыңың қалай дыбыстайтының ажырата білу. Дауыс және артикуляциялық аппаратын дамыту.

3.Құстарды құрметтеп, бағуға баулу

Көрнекіліктер: Таспаға жазылған құстардың дауыстары, құстардың суреттері; құстардың басқа киетін масқалары (бет пердесі). Үйрек, қаз суреттері немесе ойыншықтары.


Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Баланың іс-әрекеті

+

-

Мотивациялық -қозғаушы


Топқа Негешбек кіреді (қолында бір неше үй құстардың суреттері)

Негешбек тәрбиеші мен балалармен амандасады

Негешбек балалар мен тағы сеңдерге келдім, маған сеңдердің көмектерін керек.

Тәрбиеші: не болып қалды?

Негешбек: Біздің мұғалім тапсырма берді: Мына суреттердегі құстарды (балаларға көрсетеді) қайда тұрады, қандай дауыс шығарады, туралы жоба дайындауға берді, соған ақпарат жинап жүрмін.

Тәрбиеші: балалар Негешбектін суреттері сеңдерге таныс па?

Суретте құстар бар деп жауап береді.

Тәрбиеші: демек Негешбекке сеңдер жоба құрастыруға көмектесе аласыңдар?

Ендеше: көмегіміз оңтайлы болсын деп, біріміз шығармашылық орталығына барып үй құстарының бейнесін мүсіндейсіңдер, қалған балалар көңілді тіл орталығына барады.


Балалар Негешбекпен амандасады

Балалар Негешбекті тыңдап отырады.

Балалар қарап ойланып жауап береді.
Балалар иә көмектесеміз








Ұйымдастыру іс-әрекеті


Тәрбиеші: Негешбекті балаларды тіл орталығына шақырып таспаны қосады (Таспа қосылып: үй құстарының дауыстары естілініп тұрады).

Тәрбиеші: Қандай дауыстар шығып тұр?

Балалар құстардың дауыстары естілініп тұр

Тәрбиеші: Қайта таспаны қосып (тауық, үйрек, әтеш (қораз), қаз) құстарынын дауыстарын тындатқызады.



Дидактикалық жаттығу: «Құстар ауласында»

Аулада тұратын құстардың бет әлпетін жасап көрейікші.


Топта алдын ала жасалған құстардың үйшіктері мен қонақтайтын астаулары жасалған макеттері (қағаз бетіне әр құстардың бейнесін бөлек-бөлек салынады)

Тәрбиеші: Құстардың үйшіктеріне назар аударады.

Тәрбиеші: Мына үйшіктерде қандай құстар тұратынын анықтап көрейік

Бірінші үйшікке жақындайды:

Тәрбиеші: балаларға ескерту жасайды (құстарды шошытып алмайық, есікті ақырын қағып көрейік)

Негешбек: тук-тук-тук.


Тәрбиеші: таспаны қосып: Кыт-қыт-қыт

Негешбек пен балалар тындап жауаптарын айтады.

Тауықтың дауысы шығады

Тәрбиеші: Бірге айтып көрейік

Тәрбиеші: үстелде дайындалған тауықтардың суреттерін ұсынып үйшікке орналастыруын сұрайды.
Дидактикалық жаттыгу: «Дұрыс орналастыр»

Тәрбиеші: Тауық қыт-қыттайды деп түсіндіреді.

Тәрбиеші балаларды екінші үйшікке жақындатып жұмбақ жасырады:

Шашы жоқ,

Тарағы бар.

Егiнi жоқ,

Орағы бар. (Қораз)

Тәрбиеші: дұрыс қораз (әтеш)

Әтештін суретін көрсетеді, қалай дауыстайтынын түсіндіріп айтады (таспаны қосып тыңдатқызады)

Тәрбиеші: әтеш шақырады деп түсіндіреді

Тауық пен әтеш жемді қалай жейді?

Көрсетіп түсіндіреді (шоқиды)


Динамикалық үзіліс: таспа қосылып: «Шөжелерім» атты әнімен қимыл жасайды

Тәрбиеші: мына жұмбақтарға ұйқысын тауып айтадыңдаршы:



Кеудесi қайқандап, өзі мәз

Жүредi байпандап.... (Қаз)
Маңайын толған көрек,

Суда жүзеді….. (Үйрек)

Тәрбиеші: қайдан біліп қойдыңдар?

Тәрбиеші: үйрек пен қаз тауық пен әтешке ұқсайды ма?

Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар үйрек пен қаз тауық пен әтешке ұқсамайды.

Тәрбиеші: үйрек пен әтеш жемді, шөпті қалай жейді?

Тәрбиеші: үйрек пен қаз шөпті үзіп, жұлып жейді

Тәрбиеші: қаз қалай дауыстайды?

Тәрбиеші: қаз қаңқылдайды; үйрек барқылдайды, қырқылдайды.

Тәрбиеші: Негешбек міне барлық құстарды үйшіктеріне орналастырдық.

Негешбек: рахмет балалар мен енді жобамды тез құрастырып жаза аламын.

Тәрбиеші: Тоқтай тұр Негешбек бізбен ойын ойна деп ойынға ойнауға тартады.

Дидактикалық ойын: «Қандай құс?»

Мақсаты: Есту қабілеттерін жетілдіріп, тілдегі дауыс ырғағының мәнерлілігін сезінуіне мүмкіндік туғызу. Дауыс және артикуляциялық аппаратын дамыту.

Құралдар: Таспаға жазылған құстардың дауыстары, құстардың суреттері; құстардың басқа киетін масқалары (бет пердесі)

Шарты: балалар шеңбер бойы отырады. Шымылдықтын артынан құстардың бас қиімін (бет пердесін) 1 бала киіп дауыстайды (тәрбиешінің нұсқаулығымен) шеңберде отырған балалар ойланып тауып алады. Барлықтары жасырылған құстын қимылын жасайды. Таспа қосылып баланың айтылған дауысымен салыстырылынады, құстын суреті тақтаға ілінеді. Дұрыс тапқан бала шымылдықтын артына барып бас қиімді тандайды. Солайынан ойын жалғаса береді.

Тәрбиеші: Шығармашылық орталығындағы балалардың жұмыстарны талдайды, бағалайды. Негешбеке құстардың (тауық, әтеш, қаз, үйрек) мүсіндерін сыйлайды.

Негешбек: Рахмет балалар деп қоштасып кетеді.

Негешбекпен балалар тыңдайды.

Балалар тыңдайды жауаптарын айтады

Балалар құстардың бет әлпетін имметацияландыру әрекеттерді жасайды. (әр-түрлі жүру тәсілін жасайды)


Балалар бірге ақырын тук-тук-тук деп қағады

Балалар қайталайды Кыт-қыт-қыт
Балалар тауық құсын орналастырады

Балалар ойланып жауап береді

Балалар тәрбиешімен бірге (ку-ка-ре-ку) деп айтады

Балалар әтеш суретін алып үйшікке орналастырады.


Балалар ойланып жауаптарын айтады

Балалар ойланып жауап береді.

Балалар жоқ

Балалар ойланып жауап береді


Балалар га-га-га

Балалар тәрбиешімен қаңқылдайды, барқылдайды деген сөздерді қайталайды.

(қаз бен үйректі үйшікке орналастырады).

Негешбекпен балалар ойын шартын бұзбай ойнайды.

Балалар жұмыстарын Негешбекке сайлайды, қоштасады.



Рефлексивті-түзетуші

Әтеш шақырады.

Тауық қыт-қыттайды.

Балапан шиқылдайды.

Қаз қаңқылдайды.

Үйрек барқылдайды, қырқылдайды.

Тәрбиеші балаларға мына сөздерді айта отыра, қимылдарын жасауын талап етеді, қандай үй құсы деп сұрайды)




Әтеш - шақырады (ку-ка-ре-ку)

Тауық – қыт- қыт - қыттайды

Қаз - қаңқылдайды

Үйрек – барқылдайды

(қимылдарын жасайды)



Күтілетін нәтиже:


Нені білу керек:

К-Қ-Г дыбыстарын мен сөздерді дұрыс айтып білулері керек.

Нені игереді:

Тілдегі дауыс ырғағының мәнерлілігін сезіп игереді.

Нені біледі:

Үй құстарын дауыстырынан танып, ажыратуға біледі.


Күні:

Білім беру саласы:Коммуникация

Бөлімі:Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Торғай мен қарлығаш» А. Байтұрсынов әңгіме

Мақсаты

1.Әңгіме желісі бойынша зат есімдер мен көмекші есімдерді байланыстырып қолдануға үйрету

(торғай, қарлығаш)

2.Сөздіктерін антоним сөздерімен толықтыру. Дала құстарынмен таныстыру, олардың дыбысын ажырата, салыстыруға білуге уйрету, ой-өрісін, тілдерін дамыту.

3. құстарды қорғай білуге тәрбиелеу



Көрнекіліктер: Торғай мен қарлығаштың суреті


Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс –әрекеті

Баланың іс-әрекеті

+

-

Мотивациялық –қозғаушы


Тәрбиеші: балалар, бізге біздің достарымыздан кірпі мен жаутаң хат келді оқиды: «Сәлеметсіңдер ме балалар! Біздің орманда бір нәрсе болып жатқан сияқты, тым-тырыс. Құстар көрінбейді, дауыстары естіліңбейді. Балалар біздің құстар сеңдерге ұшып келген жоқ па? Егер келсе бізге хабар беріңдер.

Тәрбиеші: балалар, сеңдер балабақшаға кележатқанда құстарды көрдіңдер ме?

Балалар ойланып жауап береді (тәрбиеші көмектеседі)

Торғай, өарлығаш

Ендеше балалар біздің достарымызға көмектесейік.

Таспа қосылып: құстардың дауыстары шыға бастайды (балалар тыңдайды)

Тәрбиеші: қандай дыбыстар шығып тұр?

(тәрбиеші құстардың суреттерін тақтаға орналастырады)

Тәрбиеші: қараңдар балалар, біздің топқа қандай құстар ұшып келді
Тәрбиеші: Балалар, құстарымызды шошытып алмайық, әйтпесе олар бізден де ұшып кетеді, деп балаларды екі орталыққа бөлуін сұрайды (бірі шығармашылық орталығына барып құстарға ермексаздан, тұзды қамырдан домалатып жем, бидай мүсінің жасайды; қалған балалар көңілді тіл орталығына барады.


Балалар жем тыңдап отырады.
Торғай, қарлығаш
Балалар құстардың дауыстарын тыңдайды.

Балалар құстардың дабыстары шығып тұр


Балалар ілініп тұрған құстарға қарап сараптайды.

Балалар шығармашылық орталығына барып құстардың суретін; ермексаздан, тұзды қамырдан домалатып жем, бидай мүсінің жасайды.










Ұйымдастыру іс-әрекеті


Тәрбиеші: Балаларға ортаға шақырып жұмбақ жасырады:

Бір-ақ уыс көлемім

Шыбын-шіркей қорегім.

Бау-бақшаны қорғаймын,

Ал атым ше? (Торғаймын)

Тәрбиеші: қандай құс деп ойлайсыңдар


(бір бала шығып суреттердің арасынан керекті құстын суретін алып мольбертке орналастырады)

Тәрбиеші: Дұрыс.Торғай қандай? (бір-ақ уыс көлемі – яғни кішкентай деп түсіндіріп, қайталатып бекітеді.

Торғай не істейді?

Тәрбиеші: Торғай қандай дыбыс шығарады?

Таспаны қосып тыңдатқызады



Торғай мен қарлығаш

Ахмет Байтұрсынов

Торғай жыланның жұмыртқасын тауып алып, ұясына салып басып жүріпті. Бұлай icтеп жүргенін Қарлығаш көріп, Торғайға айтыпты: -Мұның не бейшара? Ақылың алмасқан ба? Мұнан не қайыр, не жақсылық күтіп жүрсің? Өскен соң жамандығы ең әуелі өзіңе тиeдi. Айтпады деме! Басыңа тигенде білерсің. Торғай Қарлығаш сөзің тыңдамай, жылан жұмыртқасын баса бepiптi. Күнi толған соң жұмыртқадан жылан баласы шығыпты. Өсіп үлкейіп, жылан болып алып, әуел бастан Торғайдың өзің шағып өлтіріпті. Сонда Қарлығаш көріп айтыпты: - Айтқаным келмей қалмас, кербаққан тілімді алмас.

Сергіту

Құстардын бет әлпетін имметация арқылы қимыл жасау.



Торғай торғай торғайсың

Таяу келіп қонғайсың

Жем шашайын тойып ал

Сонда аязға тоңбайсың

Қарғаға біз ұқсайық

Қане қанат жасайық

Қарға сияқты жүрейік,

Жан-жағымызға қарайық.

Біз бойымызды жазып болдық, ал біздің топқа тағы бір құс ұшып келді (сауысқанды орналастырады)

Тәрбиеші: Балалар мына құсты танисыңдар ма?

Тәрбиеші: бұл құстын аты сауысқан.

Сауысқанның түсі қандай? Қандай дауыс шығарады?

(тәрбиеші толықтырады: сауысқан сақылдайды, өті сақ құстын бір түрі деп түсіндіреді).



Құралдар: доп

Шарты: Балалар шеңберде тұрады балалар. Допты ұстап алғанда, айтылған сөздерге қарама-қарсы сөзді айтып беру керек.

Мысалы: тәрбиеші

Құрғақ- бала – дымқыл

Үлкен – кішкент

Суық-жылы

Қара-ақ

Тәтті- ащы



Жуан-жіңішк

Ұзын-қысқы

Биік-аласа

Аш-жа


Жұмсақ-қатты

Қорқақ-батыл

Тәрбиеші: жақсы балалар, құстар біздің топқа бекер ұшып келген жоқ. Құстармен танысып, олар қандай екенің білдіңдер. Енді кірпі мен жаутаңға осы құстарды жіберейік.

Тәрбиеші: шығармашылық орталығындағы балалардың салған құстардың суреттерімен ермексаздан жасаған жем мен бидай мүсіндерін қоропшаға салып орманға жіберейік деп түсіндіреді.


Балалар ойланып жауаптарын айтады.

Балалардың жауаптары. Кішкентай, жем шоқиды.

Балалар тыңдап қайталайды

Балалар торғайдың шырылдаған дауысын келтіріп айтады: Чик-чирик-чирик

Балалар қарғаның суретін тауып пысықтап мольбертке қояды.


Балалар: қарға үлкен
Балалар ойланып жауап береді

Балалар жаңылтпашты қайталап есте сақтайды.

Балалар допты ұстаған кезде, қарама-қарсы сөзді тауып айту керек.

Балалар ойланып жауап береді (егер балалар айта алмаса)

Балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.



Рефлексивті-түзетуші

Балалар, бүгін біз не туралы әңгімелестік, естеріне түсіріңдерші.

Қандай достарымызға көмектестік?

Торғай, қарға, сауысқан бір сөзбен қалай айтамыз?

Қарға, торғай, сауысқан қандай дауыс шығарады?

Балалар ойланып жауап береді.

Кірпі мен жаутаңғы көмектестік

Дала құстары

Қарға –қарқылдайды

Торғай – шырылдайды

Сауысқан – сақылдайды





Күтілетін нәтиже:



Нені білу керек:

Жаңылтпашты айту барысында сөйлеу қарқынын өзгерте білулері керек.

Нені игереді:

Сөйлеу барысында бір сөзді екінші сөзбен байланыстыруды игеруге үйренеді.

Нені біледі:

Дала құстарын танып, дауыстарын ажырата, салыстыруға біледі.


Күні:

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: ««Түлкі мен қоян» ертегі

Мақсаты: 1.Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету.

2. Сөзді тыңдап және оны түсіну, әңгімеге араласып, өзіне қойылған сұрақтарға жауап беруне үйрету. Балаларға таныс әдеби шығармалар мен ертегілердің үзінділерін драмалауға қатыстыру.

3.

Көрнекіліктер: үй жануарларының төлдердің суреттері.Таспаға жазылған көңілді ән. Жіп орамасы.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс –әрекеті

Баланың іс-әрекеті

+

-

Мотивациялық –қозғаушы


Психологиялық жаттығу:

Қөздеріміз қарайды,

Құлақтарымыз тыңдайды.

Зейінді боламыз,

Апайға қарап тапсырманы орындаймыз.

(тәрбиеші балаларға: мен ауада не салып тұрғанымды байқап отырыңдар)

Тәрбиеші: мен ненін суреттін салдым?

Дидактикалық жаттығу: «Неге ұқсайды?»

Мақсаты: Балалардың көру қабылдауын дамыту.


Балалар тәрбиешімен бірге жаттығуды орындайды.

Балалар тәрбиешіні тыңдайды

Тәрбиешінің ауада қолымен салып тұрған суретін байқап отырады.


Балалар барлығы сабаққа белсене қатысты.

Сұрақтарға жауап бере алмағандар:




Ұйымдастыру іс-әрекеті


Таспа қосылып көңілді ән қосылып үлкен домалақ жіп орамасы домалап кіреді.

Тәрбиеші: қуанып, балалар мынау не домалап келген?

Тәрбиеші: дұрыс бұл жіп орамасы. Жіп орамасы қандай?

Тәрбиеші (жіптін шетін алып, балаларға білдіртпей тақтаға домалатып жібереді), балалар жіп орамасы қайда домалап барады, тақтаға жақындап (тақтада үлкен үй жануарларынын (бұзау, құлын, лақ, қошақан, бота) суреттері ілініп тұр.

Тәрбиеші: балалар, қараңдар мына суретте не көріп тұрсыңдар?

Түлкі мен қоян (ертегі) Бip күні болдырып келе жатқан Түлкі жортып жүрген Қоянды көрді. Өтірік ауырған болып ағаш жанына сұлай кетеді де, қасына шақырады. - Қоянжан-ау, Қоянжан, неге сонша жортасың? Менен неге қорқасың? Бала жастан бipгe өскен, тоғайдың дәмін бip жеген көрші емес пе едік. Мен ауырып жатырмын. Жақынырақ келсеңші, қоштасайық, - депті. Сонда Қоян: - Eкi құлағым сөзіңде тұр, eкi көзім өзіңде тұр. Ciз етті жақсы көреді дейді жұрт. Сол рас па? – депті. - Рас болғанда қандай? Tiпті, ет жемесем басым ауырады. - Mінe, осыңыз жаман ғой. - Иә, соған өзім де қынжылып жатырмын. Кеше бip тауық жеп едім, оған жаным ашып, жылап та жібердім. Өйткені ол да тipi жүргісі келеді ғой. О, шіркін тipшілік! – депті. Қоян: - Ciз оны өлтірмей тұрып, ойланып көрдіңіз бе? – депті. Сонда Түлкі: - Мен дәл сол жерде ойлануды ұмытып кетіппін. Жаныма батып, ауырып жатқаным да соның өкініші, - дейді. - Ұмытшақ болған жаман ғой. Мен де содан қорқамын, сондықтан да жортамын, - деп Қоян тұра жөнеліпті.



Балалар ертегіні тыңдайды.

Ертегіде кездескен жаңа, қиын сөздерді түсіндіріп, талдайды.

Балалар жаңа, қиын сөздерді түсініп, қайталайды.

Тәрбиеші: балалардың назарын қайтадан суретке аударады

Сұрақтар:

Қандай төлдер суретте бар?

Олар не істеп тұр?

Бұзау қандай дыбыс шығарды? Ол не деді?

Қошақан қандай дыбыс шағарады?





Балалар жіп


Балалар жіп орамасы домалақ, қызыл

Балалар ойланып жауап береді.


Балалар кішкентай
Шығармашылық орталығында балалар төлдерге әдемі шелекпен астау жапсырады.

Балалар жаттығу шартын тындап. Тәрбиешімен төлдердің дауыстарын еліктеу арқылы жасайды.


Саусақтарын бүгіп отырып сөздерін айтып отырады.

Балалар иә келеді

Балалар ойланады, пайымдайды.

Балалар сөзді қайталайды.
Балалар ойланып жауап береді.

Балалар и










Рефлексивті-түзетуші

Сабақ қызықты болды А?

Не ұнады?

Домалап не келді?

Ойындар ұнадыма?

Төлдер қалай дауыстайды?

Төлдерді қалай күтеміз?

Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар төлдердер сеңдерге риза. Топтың есігі ашылып медбибі балаларға сүт, айран, қаймақ, т.с.с. сүт тағамдарын әкеліп ұсынады.

Ойланып жауап береді

Жіп орамасы домалап кірді
Жем, су, шөп, береміз.
Сүт, айран, қаймақ сүт тағамдарын дәмін татады.





Сұрақтарға жауап бере алмағандар:

Күтілетін нәтиже:


Нені білу керек:

Төлдерді ажырата отыра байланыстырып әңгіме құрастыруға білулері керек.

Нені игереді:

Сурет бойынша 3-4 сөзден әңгіме құрастыру барысында жаңа сөздерді дұрыс игереді.

Нені біледі:

Ертегі бойынша сұрақтарға дұрыс жауап беруге біледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет