7-8сабақ. Функция ұғымы.
Экономикада функцияның қолданылуы (сызықтық)
D қандай да бір сандар жиыны болсын. Егер әрбір х € D санына толық анықталған жалғыз у санын сәйкес қоятын f ережесі көрсетілсе, онда D жиынында анықталған сандық мәнді функция берілді дейді және оны y=f(x) x€D деп белгілейді. D – функцияның анықталу аймағы, ал Е={y€R: y=f(x) x€D} – функцияның мәндер жиыны деп аталады. Бұл жағдайда Е жиыны D жиынының f функция бойынша алынған бейнесі деп аталады. Функциялар әр түрлі болады. Біз сызықтық функцияны қарастырамыз.
Функцияларды әр түрлі тәсілдермен беруге болады.
1.Кестелік тәсіл. Функция кесте түрінде берілуі мүмкін. Экономикада сұраныс пен ұсыныс тақырыбын өткен кезде функция қолданылып, кесте түрінде беріледі. Сұраныс пен ұсыныстың өзгеруін көрсету үшін ең алдымен кесте толтырылуы қажет.
Мысал. Күніне сүтті 5 литрден сатады. Егер күн сайын сүтке деген сұраныс екі есе артатын болса, күн сайынғы сұранысты көрсетіңдер.
х-күндер, у – сұраныстың өзгеруі; у=2x
х
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
у
|
5
|
10
|
15
|
20
|
25
|
30
|
2. Графиктік тәсіл. Функцияның графиктері функцияға байланысты. Сұраныс пен ұсыныстың графигін біздің есепте түзу арқылы көрсетуге болады.
у
сұраныстың өзгеруі
х
3. Аналитикалық тәсіл. Аналитикалық тәсіл экономикада көп қолданылмайды. Бұл тек қана есептердің шешімін табуда қолданылады.
Есептер шығару
Функцияларының анықталу аймағын табу керек:
y=arcsin(2x+1)
y=сos(х-π/3)
y=2+4/х-3
f(x)=x+1/x функциясының -1; ½; 10 нүктелеріндегі;
f(x)=x2+2x функциясының –π/4; 0; 5π/12 нүктелеріндегі мәндерін тап.
3. Функциялардың графиктерін сал:
3.1 y=1/х-3
3.2 y=1+2sinx
3.3 y=2+1/x
Достарыңызбен бөлісу: |