Буйраева Ж.Ө., Ахантаева Ә. Ж. ҚАзақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет62/78
Дата31.12.2021
өлшемі1,51 Mb.
#107177
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   78
Байланысты:
buiraeva zho akhantaeva zh kazakstan tarikhy
buiraeva zho akhantaeva zh kazakstan tarikhy, 0012237a-acb08d87
Халық тылда орасан зор еңбек ерлігін көрсетті.
 
Ауыл шаруашылығында еңбектенген 
ерлердің майданға тартылуымен олардың орнын қариялар, әйелдер мен балалар басты. 1944 
жылы  қолхоздағы  еңбекке  жарамды  ерлердің  сандық  үлесі  –  20%,  әйелдер  –  58%, 
жасөспірімдер – 22% болды. Яғни, майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде әйелдер, 
балалар мен қарт адамдар қамтамасыз етті. 
Соғыс  жылдарында  колхоздар  мен  совхоздар  майданға  тек  азық-түлік  емес,  сонымен 
бірге  тірі  мал,  тіпті,  ауыл  шаруашылық  техникасын  жіберіп  отырды.  1942-1943  жылдар 
аралығында республика ауыл шаруашылығынан 4111 трактор, 1184 жүк машиналары, 30318 
жылқы майданға жіберілді. Сондықтан да соғыс жылдары егін салу жұмысының 50%-ін  ірі 
қара атқарды. Тылдағы еңбекшілер жоғарыдан берілген жоспарды орындау барысында күні-
түні  еңбек  етті.  Соғыстың  бірінші  жылы  мемлекетке  100  млн.  пұт  астық  тапсырылды.  Бұл 
көрсеткіш 1940 жылмен салыстырғанда 24 млн. пұтқа артық. Колхозшылар мен совхозшылар 
өз  еркімен  еңбек  күнін  таңғы  бестен,  кешкі  22.00-ке  дейін  ұзартқан.  Әрбір  шаруа  2-3 
адамның  жұмысын  атқарды.  Әйелдер  балаларын  балабақшаға  тапсырып,  күні-түні  жұмыс 
істеп, колхоз жұмысын белсене атқарды. 
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент ауданының Куйбышев атындағы колхозында 74 
жастағы қарт ана – Анар Садықова – жұмыс істесе, Семей облысы, Абай ауданының «Шолақ 
еспе»  артелінде  70  жасар  қария  –  Кенебаев  еңбектеніп,  жоспарды  асыра  орындады.  1941 
жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының «Құрман» колхозының егіншісі Шығанақ Берсиев  1 
гектардан 155,8 ц. тары алып, әлемдік рекорд жасаса, ал 1945 жылы  – 1 га-дан 202 ц. тары 
алып,  өзінің  алғашқы  көрсеткішін  бірнеше  рет  өсірді.  Шиелі  ауданы,  «Авангард» 
колхозының  даңқын  шығарған  күріш  егуші  Ким  Ман  Сам  1  га-дан  154,9  ц.  күріш  өндірді. 
Күріш өсіруші Ыбырай Жақаев 1943 жылы 1 га-дан 172 ц. күріш өнімін алып әлемдік рекорд 
жасады.  Астық  өнімі  үшін  алған  106000  сомды  Ы.Жақаев  қорғаныс  майданына  жіберді. 
Республикада  Ш.Берсиев,  Ким  Ман  Сам,  Ы.Жақаевтың  жолын  қуушылар  аз  болмады. 
«Ойыл»  ауданы,  «Кемерші»  совхозының  Зәуре  Баймулдина  звеносы,  Шелек  ауданы 
“Төңкеріс”  колхозынан  Малжегерова  звенолары  1  га-дан  95-100  ц.  тары  мен  күріш  алды. 
Соғыс  жылдарындағы  әйелдер  ерлігі  ерекше.  Ақтөбе  облысы,  Мартук  ауданының 
Дзержинский  атындағы  қолхозында  Агафья  Швалькова  соғысқа  кеткен  күйеуінің 
комбайынын жүргізіп, 2 күнде 87 гектардан астық жинады. 
1942 жылы Қазақстанда егін жақсы шығып, республика бойынша 84,3 млн.  пұт астық 
жиналды.  Батыс  Қазақстан,  Оңтүстік  Қазақстан,  Жамбыл,  Алматы,  Қызылорда,  Қарағанды, 
Семей облыстары астық жинау жоспарын 102,2-тен 114,9-ке асыра орындады. 1943 жылдан 
бастап республикада егін егісі қысқара бастады. 1940 жылы егістік 6808,6 мың га болса, 1945 
жылы 6039,9 гектарға кеміді.  
1942  жылы  бүкілодақтық  малшылар  жарысынан  қазақстандықтар  бірінші  орын  алды. 
Сандық көрсеткіш бойынша 1942 жылдың соңында мал басы 1,5 млн. немесе 1942 жылдың 
басындағы көрсеткіштен 17%-артты. Мал басын өсіруден Қызылорда, Қарағанды, Павлодар 
облыстары алда болды.  
1942 жылдан бастап колхоз-совхоздарда 12-16 жас арасындағы жасөспірімдердің еңбегі 
заңдастырылып, жұмыс жоспарын орындамаған жасөспірім  қылмысты ретінде жазаланды.  
Қазақстандықтар соғыс жылдары майданға өз қаржысына алынған қару-жарақ, техника 
да жіберіп  тұрды. Мысалы, Шымкент теміржол жүйесінің комсомолдары Москва түбіндегі 
майданға  танк  колоннасын    жабдықтау  үшін  қаржы  жинауды  бастайды.  Шымкент 
комсомолдарының  бұл  бастамасын  бүкіл  Қазақстан  қолдап,  жиналған  11  650  мың  сомға 
жасалған  45  танк  1942  жылдың  қыркүйегінде  «Қазақстан  комсомолы»  деген  жазумен 
Сталинград  майданына  жөнелтілді.  Жүздеген  оқушылар  егіс  алаңдарында  жұмыс  істеп, 
металл  қалдықтарын  жинап,  «Қазақстан  пионері»  фондына  4  млн.  сом  ақша  жинады.  Бұл 
ақша  «Қазақстан  піонері»  атты  коллонаны  жабдықтауға  жұмсалды.  С.И.Киров  атындағы 
Қазақ  мемлекеттік  университеті  студенттерінің  ұйымдастыруымен  жоғарғы  оқу 


136 
 
орындарының студенттері «Кеңестік студент» деген танк колоннасын жабдықтауға 600 мың 
сом  ақша  жинады.  Танк  колонналары  мен  ұшақ  бөлімдерін  жасақтауға  Республикада  480 
млн.  жуық  ақша  жиналып,  Қорғаныс  Комитетіне  тапсырылды.  1943  жылы  Алматы 
қаласында  С.Луганскиймен  кездесу  ұйымдастырылып,  бұл  кездесуден  кейін  Алматы 
жастары  400  мың  ақша  жинап,  батырға  жаңа  ұшақ  сыйлады.  Сондай-ақ,  соғыс  жылдары 
жинаған  қаржыға    И.  Павловқа,  Н.  Добровольскийге,  Р.  Бекетовке  арнайы  ұшақтар,  Кеңес 
Одағының батыры Қ.Сыпатав атындағы су асты қайығы жасалынды. Республика тұрғындары 
өздерінің жеке  жинағынан майдан қорына 4,7 млн. сом ақша беріп, 20-дан астам құрамалар 
мен әскер бөлімдерін шефке алып жауынгерлерге 2 млн. астам жылы киім, 1600 мың сомның 
сыйлығын жөнелтті.  
Сонымен қатар қазақстандықтар қоршауда қалған қалаларға қамқорлық көмек көрсетті. 
Қазақстан  жаудан  азат  етілген  Орал  облысының  10  қаласын,  35  ауданын,  Лениград 
облысының 12 қаласын, Калинин облысының аудандарын қалпына келтіруге көмектесті. Сол 
сияқты  Москва,  Курск  облыстары,  Солтүстік  Кавказ,  Белоруссия,  Украина  және  т.б. 
республика  тұрғындарына  көмектесті.  Қазақстан  комсомолдары  қамқорлыққа  алған 
Сталинградта  трактор  зауыты  мен  «Красный  октябрь»  зауытын  қалпына  келтіру 
жұмыстарына  1943  жылы  1439  қазақстандық  комсомол  аттанды.  Түрксіб  теміржолшылары 
батыстағы темір жолдарды қалпына келтіру үшін 20000-нан астам мамандарды жіберді. 
Соғыс жылдары Қазақстанға 20 ірі ғылым институттары көшіп келді. Олардың ішінде 
КСРО  Ғылым  Академиясының  физиология  институты,  Украина  Ғылым  Академиясының 
физика-механика институты, Москва,  Ленинград, Киев  институттары болды. Осы  жылдары 
Қазақстанда  И.П.  Вернадский,  В.А.  Обручев,  И.И.  Мешанинов,  А.И.  Бах,  Л.С.  Берг,  А.Е. 
Фаворский,  Б.Д.  Греков,  С.Н.  Бернштейн  және  т.б.  атақты  ғалымдар  жұмыс  істеді. 
Қазақстанға  Ресей,  Украина,  Белоруссиядан  100-ден  аса  жазушылар  уақытша  көшіп  келді. 
Олардың ішінде А. Толстой, С.Маршак, С.Михалков, К. Паустовский, М. Зощенко, О. Форш, 
С. Сергеев-Ценский, Л. Квитко сияқты атақты  жазушылар болды. Соғыс жылдары партизан-
ақын Ж.Саинның топтамасы, Қ.Аманжоловтың  «Ақын өлімі туралы  аңызы»,  М. Әуезовтың 
«Абай жолы» эпопеясының бірінші кітабы, С. Мұқановтың «Өмір мектебі», Ғ. Мүсіреповтың 
«Қазақ  солдаты»,  Ғ.  Мұстафиннің  «Шығанақ»  повесі,  Ж.  Жабаевтың  «Ленинградтық 
өренімі» дүниеге келді.  
Сонымен  бірге  Қазақстанға  20-дан  аса  театрлар  мен  музыкалық  мекемелер,  өнер 
қайраткерлері 
көшірілді. 
1941-1945 
жылдары 
Алматының 
біріккен 
орталық 
киностудиясында  кеңес  киноматографиясының  алтын  қорына  енген  мына  фильмдер 
түсірілді:  «Секретарь  райкома»,  «Они  защищает  Родину»,  «Воздушный  извозчик»,  «Два 
бойца», «Фронт», «Жди меня», «Парень из нашего городка» т.б. Соғыс жылдары Қазақстанда 
500-ге  тарта  кино  қызметкерлері  мен  әртістер  еңбектенді.  Мысалға,  С.  Эйзенштейн,  Ф. 
Эрмлер,  Г.  Рошаль,  Э.  Тиссе,  Н.  Черкасов,  Г.  Александров,  С.  Васильев,  И.  Пырьев,  Л. 
Орлова, Н. Крючков,  В, Марецкая және т.б. Орталық киностудия қызметкерлерімен бірігіп, 
М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, А. Тәжібаевтің қатысуымен «8 - ші гвардиялық»,  «Абай өлеңдері», 
«Жауынгер ұлы», «Саған, майдан»  фильмдері түсірілді. 
Соғыс 
жылдары 
КСРО 
Ғылым 
Академиясының 
Қазақстандық 
бөлімінде 
астрономиялық обсерватория, тіл, әдебиет пен тарих, химия-металлургия, топырақтану мен 
ботаника,  зоология  және  өлкетану  институттары  ашылды.  Қ.И.Сәтпаев  бастаған 
қазақстандық  ғалымдар  қара,  түсті  және  жиі  кездесетін  металдарды,  тау  пайдалы 
қазбаларын, су және гидроэнергетикалық ресурстарды соғыс қажетіне қолдану бағытындағы 
ғылыми жұмыстар жүргізді. 
Соғыс  жылдары  Қазақстанға  жоғарғы  оқу  орындары  көшіріліп,  көптеген  орыс-қазақ, 
қазақ-украина мектептері, балалар үйі мен интернаттар ашылды. Олардың ішінде  – Москва 
авиация  институты,  Москва  түсті  металл  және  алтын  институты,  біріккен  Украина 
мемлекеттік  университеті болды. Сонымен бірге соғыс жылдары Алматы мемлекеттік  шет 
тілдер институты, Шымкент технологиялық институты, Қазақ мемлекеттік консерваториясы, 
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты ашылды. 


137 
 
Соғыстың  алғашқы  күндерінен  бастап  «Барлығы  майдан  үшін,  барлығы  жеңіс  үшін!» 
деген ұранмен соғысқа аттанған ерлердің орнын әйелдер, қариялар мен балалар алмастырды. 
Тыл еңбеккерлерінің де жауды жеңудегі патриотизм үлгісін көрсетті.     
 
Бақылау сұрақтары: 
 
1.
 
Москва түбіндегі шайқаста қазақстандықтардың қандай үлесі болды? 
2.
 
Кеңес Одағында мекендеген немістерге әкімшіл-әміршіл жүйе фашистерден Отан 
қорғауға рұқсат етті ме? 
3.
 
Екінші дүние жүзілік соғыста Қазақстанға Ресейден қандай мәдениет мекемелері 
көшірілді? 
4.
 
Қазақстандықтар қоршауда қалған қалаларға қандай көмек көрсетті? 
5.
 
Қ.И.Сәтпаев бастаған қазақстандық ғалымдар қандай ғылыми жұмыстар жүргізді? 
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет