Абай атындағы ҚазҰПУ-ң ХАБАРШЫСЫ «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(57), 2018
287
- жоспарлау, жобалау дағдысының болуы;
- мақсат қойып, міндеттерді бҿлу қабілеті;
- іс-ҽрекетін ҧйымдастыру жҽне оған талдау жасау мҥмкіндігі жҽне т.б.
Оқыту технологияларын, ҽсіресе жаңартпа технологияларды пайдалану оңай іс емес, ол оқыту-
шыдан білімділікті, іскерлікті, еңбекқорлықты, шығармашылықты, жаңашылдықты жҽне мол дайын-
дықты қажет етеді.
Аталған мҽселе жайында педагогика ғылымдарының докторы И.Нҧғыманов: «оқушының жеке
тҧлға болып дамуы мен алған білімін іске асыруда сҿйлеу тілін, ҽрекетін, сҿйлеу мҽдениетін, ҽдебін
қалыптастыру педагогиканың қазіргі кездегі кҿкейтесті мҽселелерінің бірі болып табылады» - дейді
[4]. Тіл мҽселесіне қазақ халқының зиялылары: А.Байтҧрсынов, М.Жҧмабаев, М.Балақаев, К.Аханов,
Н.Уҽлиев, Р.Сыздықова, А.Жапбаров, Ҽ.Болғанбаев, С.Исаев, А.Ысқақов, Қ.Жҧбанов т.б. ғалымдар
ерекше мҽн берген.
Жас ҧрпақты ҿзінің ана тілінде еркін, мҥдірмей сҿйлетіп ҥйрету ҥшін оқыту ҽдістемесін жетілдіре
тҥсу − бҥгінгі кҥннің аса маңызды мҽселесі. Бҥгінгі кҥннің талаптарына сҽйкес білім мазмҧнын жаң-
ғырту, ҿмір талабына орай дамыта оқыту, оқытудың жаңаша ҽдіс-тҽсілдерін қолданып заман ағымы-
на ілесе алу қазіргі мҧғалімдерге кҿптеген жауапты істерді жҥктейді. Мектеп табалдырығын алғаш
рет аттаған бҥлдіршіндер ҥшін тіл – білім алудың қайнар кҿзі болып саналады. Олардың санасын
білім нҽрімен сусындату ҥшін қазіргі мҧғалімнің тілі де жетік болып, сҿйлеу қабілеті, балалармен
тілдесу мҽдениеті де аса жоғары болуы қажет. Сондықтан да білім беру субъектілері (мҧғалімдер,
тҽрбиешілер, сонымен қатар ата-аналар) бала тілін дамытудың маңызын толық тҥсініп, оны дамы-
туға барынша атсалысулары қажет. Себебі бастауыш сынып оқушыларының сҿйлеу ҽрекеттері жо-
ғары деңгейде дамитын болса, онда оның кез келген пҽндер бойынша білім алуы да жеңілдейді,
сыныптастарымен ҿзара қарым-қатынасы да жақсарады, жалпы қоршаған ортаны тез жҽне жеңіл
танып, дҥниеге жағымды кҿзқарас қалыптасады.
Сҿйлеу – адамның тілдік амалдар арқылы пікір, ой білдіру ҽрекеті. Сҿйлеу анатомиялық мҥше-
лердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен, адамның психикалық қабілетіне, қоғамдағы пікір ал-
масу тҽжірибесіне сҥйенеді. Сҿйлеу ҥрдісі айтылатын пікірдің мазмҧнына, пікір айтудың жағдайына
(пікірді ауызша не жазбаша айту, диалог тҥрінде айту, кҿпшілік алдында айту, тыңдаушының білім
дҽрежесін, жас мҿлшерін ескеру т.б.) сай тҥрінде қҧрылады. Сондықтан сҿйлеудің коммуникативтік
жағдайға сай стилі қалыптасады. Сҿйлеу мен тіл бір емес. Егер тіл қарым-қатынас қҧралы болып
табылса, сҿйлеу сол қҧралдың нақты қолданыста кҿрінетін тҥрі болып табылады. Сҿйлеуге тҽн
қасиеттер: дыбысталу, тембрлік сипат, артикуляциялық анықтық, темп, акцент.
Адам баласының сана-сезімінің дамуында дыбыстық тілдің пайда болуының маңызы зор болды.
Сҿйлеудің пайда болуының нҽтижесінде адам ағзасы анатомиялык ҿзгерістерге тҥсіп, дыбыс
артикуляциясына қабілеті бар сҿйлеу аппараты жасалды. Осының арқасында адам жеке дыбыстарды
ғана емес, тҥрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мҽн-мағынасы бар сҿздерді айта алатын қабілетке ие бол-
ды. Сҿйлеу адам санасының басты белгісі. Ол бізді жануарлар ҽлемінен ерекшелендіріп тҧратын
негізгі жан қуаты. Сҿйлеу мен сананың пайда болып, біртіндеп қалыптасуын тек биологиялық жағ-
дайлардан емес, ең бастысы қоғамдық-ҽлеуметтік, тарихи факторлардан іздестіруіміз қажет. Сана
мен тіл адамзат қоғамының тарихи дамуының, олардың іс-ҽрекетпен айналысуының, еңбек қҧрал-
дарын жасап, пайдалана білудің нҽтижесі болып табылады.
Тіл – адамзат қоғамының белгілі бір кезеңінде туып, заңды тҥрде дамыған семантикалық жҥйе [4].
Оның ең басты қызметі ақпарат хабарлардың жасалу, сақталуымен жҽне оларды таратумен байла-
нысты. Тіл адамды қоршаған шындық ҿмір туралы білімді сақтаумен бірге, жаңа білімді қабыл-
дайтын, сҿйтіп, адамның ойлау ҥрдісін жетілдіріп қамтамасыз ететін қоғамдық сипаты бар қҧбылыс.
Тіл адамзат қоғамының негізгі коммуникативтік қҧралы. Тілдің дыбыстық табиғаты оның заттық
кҿрінісі болып табылады.
Сҿйлеу тіліне ең алдымен, анықтама беретін болсақ, «Сҿйлеу тілі – кҥнделікті қарым-қатынаста
пайдаланылатын ҽдеби тілдің бір тҥрі. Сҿйлеу тілі белгілі бір жағдайда сҿзбе-сҿз тікілей жалғанатын
қатынас тілі болғандықтан, ол сҿйлеудің ауызша формасымен тығыз байланысты болады. Ал ауызша
сҿйлеуде еркіндік басым келеді, яғни ҥйреншікті жағдайда адамдар еркін сҿйлейді. Сонымен бірге
сҿйлеу тілі жазбаша тҥрде де қолданылады [5].
Оқушылардың сҿйлеу тілінің қабілеттерінің қалыптасуы жҽне дамуының нҽтижелі шарттары
қандай? Ең бірінші шарт ол – қарым-қатынастың қажеттілігі. Демек, ҿз пікірімен немесе ақпаратпен
бҿлісу тілегі мен қызығушылығын туғызатын, сҿйлеу тілінің ынтасын айқындайтын жағдайларды
қалыптастыру керек. Екінші шарт ол – қарым-қатынас ортасын қҧру. Қарым-қатынас ортасы – бҧл
ата-аналардың, жақындардың, достардың ҽңгімелері, кҿркем ҽдебиет, бҧқаралық ақпарат қҧралдары,
мҧғалімнің сҿйлеу тілі, оқулықтардың тілі.
|