Cауат ашу кезеңінде жазу дағдыларын тілді дамыту жұмыстары арқылы қалыптастыру Зерттеу мақсаты


Зерттеу негізінде мынандай міндеттер қойылады



бет3/6
Дата02.03.2022
өлшемі259,16 Kb.
#134006
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Копесканова Әсел 3-апта (копия)

Зерттеу негізінде мынандай міндеттер қойылады:
  • Сауат ашу кезеңдерінде бастауыш сынып оқушыларының жазу дағдысын дамытудың басты ерекшеліктері жайындағы білімнің көлемі мен мазмұнын байқау;
  • Сауат ашу кезеңдерінде бастауыш сынып оқушыларының жазу дағдыларын дамыту жұмыстарының ең тиімді әдіс-тәсілдерін байқаудан өткізу.

Білім деңгейін анықтау критерийлері:

Жоғары деңгей: бастауыш сынып оқушылары жазу дағдысын қалыптастырудағы тіл дамыту жұмыстарының қажеттілігін өте жақсы түсінеді, қызығушылығы тұрақты, көркем жазу дағдысы қалыптасқан, жазу тәртібін сақтайды, берілген жұмысты тез түсініп, жаттығуларды жылдам орындайды, әріп элементтерін байланыстырып, үзіліссіз жаза алады, баспа және жазба әріптерін айыра алады, кеңістікте бағдарлау дағдысы қалыптасқан, шағын мәтіндерді дұрыс құрастырып жазады және есту, есте сақтау арқылы сөздерді, сөйлемдерді жатқа жаза алады.
Орта деңгей: бастауыш сынып оқушылары жазу дағдысын қалыптастырудағы тіл дамыту жұмыстарының қажеттілігін жақсы түсінеді, қызығушылығы тұрақты, көркем жазу дағдысы орташа қалыптасқан, жазу тәртібін сақтайды, бірақ қателер жібереді, берілген жұмысты түсінеді, жаттығуларды баяу орындайды, әріп элементтерін байланыстырып, үзіліссіз жазу тәртібін сақтауда қателіктер жібереді, баспа және жазба әріптерін айыра алады, кеңістікте бағдарлау дағдысы орташа қалыптасқан, шағын мәтіндерді дұрыс құрастырып жаза алады, есту, есте сақтау арқылы сөздерді, сөйлемдерді жатқа жазуда қиналады.
Төменгі деңгей: бастауыш сынып оқушылары жазу дағдысын қалыптастырудағы тіл дамыту жұмыстарының қажеттілігін түсінбейді, қызығушылығы тұрақсыз, көркем жазу дағдысы орташа қалыптасқан, жазу тәртібін сақтамайды, берілген жұмысты түсінеді, жаттығуларды баяу орындайды, әріп элементтерін байланыстырып, үзіліссіз жазу тәртібін сақтамайды, баспа және жазба әріптерін айыра алады, кеңістікте бағдарлау дағдысы қалыптаспаған, шағын мәтіндерді дұрыс құрастырып жаза алмайды, есту, есте сақтау арқылы сөздерді, сөйлемдерді жатқа жазуда қиналады.
Педагогикалық тәжірибелік жұмыс барысында сауат ашу пәнінде бастауыш сынып оқушыларының жазу дағдысын дамыту тәжірибесін қалыптастыру бойынша зерттеу экспериментін ұйымдастыру үшін мынадай міндет қойылды: сауат ашу кезеңдерінде бастауыш сынып оқушыларының жазу дағдысын дамыту тәжірибесін қалыптастырудың жалпы қойылымын айқындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет