Cауат ашу кезеңінде жазу дағдыларын тілді дамыту жұмыстары арқылы қалыптастыру Зерттеу мақсаты


Зерттеудің ғылыми жаңалығы және практикалық маңыздылығы



бет2/6
Дата02.03.2022
өлшемі259,16 Kb.
#134006
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Копесканова Әсел 3-апта (копия)

Зерттеудің ғылыми жаңалығы және практикалық маңыздылығы:
  • тіл дамыту жұмыстары арқылы бастауыш сынып оқушыларының жазу дағдысын қалыптастырудың мәні мен мазмұны анықталып, теориялық негіздемесі жасалынды;
  • сауат ашу кезеңінде тіл дамыту жұмыстары арқылы бастауыш сынып оқушыларының жазу дағдысын қалыптастыру мүмкіндіктері анықталды;
  • бастауыш сынып оқушыларын тіл дамыту жұмыстары арқылы жазу дағдысын қалыптастыру мазмұны мен әдістемесі жасалды.

«Сауат ашу» пәнінің мақсаты – айтылым, тыңдалым, жазылым және оқылым дағдыларын қалыптастыру арқылы тұлғаның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау.
Әліппеге дейінгі кезең. Бұл – «Әліппе» мерзімінің жеделдетілуіне, үш айда сауаттандыру ісін аяқтауға байланысты. Дегенмен, осы аз уақыттың өзінде мұғалімдер пайдалы әдіс-тәсілдерді қолдана білсе, оқушыларды мектепте дұрыс жүріп-тұруға, сыныпта отыра білуге төселдіруге болады.
Әліппе кезеңі. Бұл кезеңде дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болып бөлінуі, ашық естілетіні; дауыссыз дыбыстардың ұяң, созылыңқы, кейбір шұғыл түрлері таныстырылады яғни, дыбыстық талдау-жинақтау дағдылары жетілдіріледі. Әліппе әріптерін меңгеріп, әріптердің баспа және жазба түрлерін бас және кіші әріпті ажырата білуді үйренеді. Буындардың екі дыбысты тұйық, ашық, үш дыбысты бітеу буындар оқылады. Екі, үш, төрт әріптен құралған сөздер, екі сөзден құралған сөйлем оқылады және ауызша, жазбаша тілін дамыту арқылы сөйлеу әрекеттері жетілдіріледі.
«Әліппеден» кейінгі кезең. Бұл кезеңде оқушылардың оқу және жазу машықтары жетіле түседі. Мәтіндерді дұрыс, ырғақты оқу, «іштей оқу», түсініп, мәнерлеп, шапшаң оқу және тыңдау-түсіну, байланыстырып сөйлеу, каллиграфия нормаларын сақтап, сауатты, қатесіз жазу дағдылары қалыптастырылады. «Әліппе» соңында берілген материалдардың білімдік, тәрбиелік жағынан мән беріліп, «Әліппемен» қоштасуға арналған өлең, тақпақтарды оқып үйренеді. Бұл кезеңнің ерекшелігін, маңызын жете көрсету үшін «Әліппе серігін», түрлі суретті кітапшаларды кеңінен пайдалану да ескеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет