Серуен № 1 Қыстың негізгі белгілерін бақылау
Көркем сөз:
Аппақ, аппақ ақша қар
Бірін ұстап алайын...
Ұстадым!Жоқ, ақша қар,
Қайдан іздеп табайын?
(Жақан Смақов)
Жұмбақ:
Далада қар жатса,
Өзенге мұз қатса,
Түк көргісіз боран соқса,
Жылдың бұл қай мезгілі дейміз біз?
Жорамал:
Түтін будақталып шықса, аяз болады.
Қимылды ойын:«Екі аяз»
Мақсаты: тез жүгіруге жаттықтыру.
Еңбек: ауланы қардан тазартып қою.
Қимылды жаттығулар: мұзды жолмен сырғанай білуге жаттықтыру.
|
Серуен № 2
Қар (ұлпаларын) ұшқындарын бақылау.
Көркем сөз:
Жазда көлге мұз қатты,
Табанымды мұздатты.
Мұз ойылып кетті тез,
Күліп едік, біз қатты.
Жұмбақ:
Қолы жоқ, сурет салады.
Тісі жоқ, тістеп алады. (аяз)
Қимылды ойын:«Ортаға түскен»
Еңбек: қар қамалдарын жасауға балаларды үйрету.
Жеке жұмыс: шаңғыда жүре білуге машықтандыру.
|