Қимылды ойын: «Ұстап ал»
Еңбек: қарды күреу жұмысын жалғастыра түсу.
Жеке жұмыс: қарды жұмырлап, қатты қысып, оны оң және сол қолыңмен 3-4 метр аралықтағы нысанаға лақтырып, тигізе білуге жаттықтыру.
|
Серуен № 4
Қырауды бақылау
Көркем сөз:
Тазартып бар кір – шаңнан,
Қыс өнерін бастады.
Терезеге қыраудан,
Сурет салып тастады.
Жорамал:
Ағашқа қырау түссе аяз боладыТұман болса – күн жылынады.
Егерде түнде қырау түссе – күндіз қар жаумайды.
Жұмбақ: Қант сияқты ақ,
Ұлпа боп жерде жатады. (қар)
Қимылды ойын:«Белбеу соқ»
Еңбек: бір – біріне кедергі жасамай, күрекпен жұмыс істеуге үйрету.
Жеке жұмыс: тәжірибе жасау: мұз - су - бу (заттың бір түрден басқа түрге айналуы).
|
Серуен № 5
Ауа райының жайсыз жағдайын бақылау
Көркем сөз:
Қыстың кенже баласы ақпанбысың,
Аспан астын ораған ақ қармысың.
Алай – түлей бораның, аязыңда,
Әппағым – ау аз – аздан шақтармысың?!
Жаңылтпаштар:
Қар аппақ, дала аппақ – бәрі аппақ...
Қыс қыспаса, қыс па?
Құс ұшпаса, құс па?
|
Достарыңызбен бөлісу: |