Серуен № 14 Желді бақылау. Қимылды ойын:«Әткеншек» Еңбек: алаңшаны көркейту үшін түрлі-түсті мұз кесінділерін дайындап қою.
Жеке жұмыс: екі аяқпен бірдей қарлы жолмен секіру.
Серуен № 15 Тайғанақты бақылау. Көркем сөз: Далада қар борайды
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады қатады
Жып-жылтыр боп жатады.
Қимылды ойын: «Қай топ тез жиналып сапқа тұрады»
Серуен № 16 Бұрқасынды бақылау. Көркем сөз: Жұмбақ. Қуып едім мойнын бұрмады,
Ұстайын деп ем қолға тұрмады. (боран).
Ырым. Егер күннің жанында тұман болса-бұрқасын болады.
Қимылды ойын: «Түйілген орамал»
Серуен № 17 Қала көшелерін бақылау Көркем сөз: Жұмбақтар: Менің үш көзім бар,
Бір көзім «кідір» дейді,
Бір көзім «жүгір» дейді,
Бір көзім «абайла» дейді,
«Қарап ал маңдайға!» - дейді (Бағдаршам)
Қимылды ойын:«Жанады жанбайды»
Серуен № 18 Ауа райын бақылау. Көркем сөз: Далада қандай тамаша,
Ақ мамыққа оранған.
Ақ дастархан жапқандай,
Көз тоймайды қарасаң.
Қимылды ойын:«Арқан тарту» Еңбек: ойнайтын ауланы қардан тазарту.
Денсаулық Кар № 15 «Бір-бірімізбен сәлемдесейік» ойыны Мақсаты: қимыл-қозғалыс белсенділігін дамыту, бұлшық етке түсетін күштен арылту.
(Мадияр, Айзере)
Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы: отбасы дәстүрлері туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату.
Таңғы сәт «Мамандықтар» (картотека № 24) Апталық тақпақ Ақ халатты киемін
Аппақ болып жүремін
Аппақ болып жүргенді
Өзім жақсы сүйемін
Дәрігермін мен деймін
Кәрі әжемді емдеймін
Көп көп ішіп дәріні
Кәрілікті жең деймін
Карточка № 3 «Жыл мезгілдері» Мақсаты:Балалардың жыл мезгілдері туралы білімдерін бекіту,мезгілдерді атауларын үйрету(қыс,көктем,жаз,күз).
Карточка № 8 «Үй жануарлары мен жабай жануарларды ата» Мақсаты:Үй жануарлары мен жабайы жануарлар туралы білімдерін бекіту.
Карточка № 9 «Ақылды машиналар» Мақсаты: Істейтін қызметтеріне қарай машиналарды топтастыруға,аттарын дұрыс атауға үйрету.
Карточка № 10 Қайсысы қайда тіршілік етеді Мақсаты:жануарларды ұқсас белгілеріне қарай табу,олардың мекен-жайын анықтау.
Карточка № 15 «Жалпы атауын ата» Мақсаты:Балаларға заттарды жеке-жеке таныта келе, ен соңында заттардың жалпы атауын бір сөзбен ойлана отырып шешуде тапқырлыққа, шапшандыққа баулу.