Серуендеу бақылау,еңбек,қимылды ойындар.
|
10:30-
12.10
|
№ 1 Қар үстіндегі іздерді бақылау.
Мақсаты: балаларды қар үстіндегі адамдардың, жануарлардың, құстардың ізін айырып, білуге үйрету. Балаларды байқағыш, ойлау қаситтерін қалыптастырып, толықтыра түсу.
Қар үстіндегі іздерге назар аударып, оны анықтай білуге көңіл қою. Ауа райының қай кезінде іздер жақсы көрінеді?
Еңбек: құс тар үшін жемсалғыш жасап, оны ағашқа іліп қою, жем салу.
Мақсаты: қыстаған құстарға, хайуанаттарға қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Қимылды ойын: «Ақ қоян»
Мақсаты: балаларды ептілікке баулу.
|
№ 2 Қар (ұлпаларының) ұшқындарына
бақылау жүргізу.
Мақсаты: балаларды қар ұшқындарының қалай пайда болатынын, олардың құрлысымен таныстыру, сонымен бірге балаларды байқағыштыққа тәрбиелеу.
Балаларға қар ұлпасын қағып алып, зейін қойып, анықтауғаұсыну. Қар ұшқыны алты қанаттан тұрады, олар бір—біріне өте ұқсас келеді.
Қар ұшқыны жаңбыр сияқты, бұлтта жаратылады. Су буы өте жоғары көтеріледі: сол жоғарыда ауаның температурасы өте төмен болғандықтан, сол су буларынан кішкентай ғана мұз қиыршықтары пайда болады. Алты қырлы мұз түйіршіктері өсіп кішкентай жұлдызшаларға айналады, сөйтіп қар ұшқындары жерге түседі.
Қимылды ойын «Ортаға түспек»
Мақсаты: тез жүгіріп секіруге, ептілікке үйрету.
Еңбек: қар атжалдарын жасауға балаларды үйрету.
.
|
№ 3 Қар жауып тұрған құбылысты бақылау.
Мақсаты: қардың жауып тұрғанын бақылау, ауа райына байланысты құбылыстарды түсіндіру, аязды күнде қар жеңіл болады, олар ауада би билегендей, жылырақ күнде қар ауырлау тартады,- қалықтап жерге түседі, суық күнде қар ұшқындары жеделдеп жауады.
Тапсырма: «Қыс» тақырыбына символдар арқылы суреттер салуды ұсыну.
Қимылды ойын: «Аңшы мен қояндар»
Мақсаты: жылжымалы лақтырған нысанға затты тигізу, жүгіруге өрмелеп шығуға жаттықтыру.
Еңбек: Тәрбиеші жұмысты әркімге бөліп беруге көмектеседі. Бірі қарды жинаса, енді бірі оны тасиды, шанаға артады, ұжым болып бәрі қарды тазалауға қатысады.
Мақсаты: жұмысты бірігіп атқаруға бағыт беру.
Жеке жұмыс: «Адасқан қар қиыршықтары» тақырыбына шығармашылқ әңгіме құрастыру.
Жұмбақ: Құм сияқты ұсақ болғанымен, жер бетін жауып үлгереді.
(қар)
|
№ 4 қырауды бақылау.
Мақсаты: балаларға қыраудың қалай болатынын айтып кету. Қырау түскен ағаштарды бақылау. Темір затқа үрлеп көрейік. Оған қырау түсті, біздің буымыз суықтан қырауға айналды. Сонымен қырау бұл кәдімгі бу, ол әйнек шынысына, ағаш бұтақтарында, бұтақтарында, басқа заттарда қатып, қырауға айналған. Қырау әдетте күннің ашығында пайда болады.
Қимылды ойын: «Суыққойлар»
Мақсаты: қимылды жаттығуларды жасауды үйрету, тапқырлық таныта білу.
Еңбек: бір біріне кедергі жасамай, жұмыс істеуге үйрету.
Жеке жұмыс: тәжірибе жасау: мұз бу су (заттың бір түрден басқа түрге айналуы)
Жорамал:
Ағашқа қырау түссе, аяз болады.
Тұман болса, күн жылынады.
Егерде түнде қырау түссе, күндіз қар жаумайды.
Жұмбақ:
Қанат сияқты ақ,
Ұлпа боп жерде жатады.
|
№ 5 Мұз сүңгісін бақылау.
Мақсаты: балаларға мұздың қасиеті туралы мол түсінік беру. Байқағыштық қасиетті қалыптастырып, іске баға беріп, қортынды жасай білуге үйрету.
Тапсырма: «Сүмелек мұз» тақырыбына сурет салу.
Сұрақтар:
Сүмелек мұз жөнінде не айтуға болады?
Ол қандай? Сәбіз сияқты
Сүмелек мұз қай жерде, қалай пайда болады?
Күнгей жақта ма, әлде терістік жақта ма?
Олар қайдан пайда болады?
Осыдан қандай қортынды жасауға болады?
Қимылды ойын: «Үйсіз қалған қоян»
Мақсаты: ойынның тәртібін сақтай отырып, секіріп алға жүгіру.
|
|
|
|
|
|