Cыра қайнату саласы кәсіпорындарының жұмысымен жалпы танысу және шикізат дайындау мен сусло қайнату дағдыларын нығайту



бет4/10
Дата08.02.2022
өлшемі468,16 Kb.
#119412
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Рамазан Практ.

Сarlsberg сыра зауыты



1847.Я. К. Якобсен Carlsberg негізін салды


1811 ж. Carlsberg негізін қалаушы Якоб Кристиан Якобсен дүниеге келді. Бақи болған әкесінің жолын қуған Я.К. Якобсен 1835 ж. сыра қайнату ісін бастады. Якобқа тумысынан сыра қайнату өнері берілген еді. Сыраға деген құмарлығы мен бала кезінен жаратылыстануға қызығушылығы шабыт берген Я.К. Якобсен сыра сапасын арттыруға арналған кәсіби жолға түсіп, қалған өмірін осы мақсатқа арнады. Якобтың осы өмір жолындағы алғашқы кездескен бекеті Бавария еді. Осы жерде Якоб Рафаэль Цеттельмейер басқарған Мюнхендегі Spaten сыра қайнату орнында сыраның жаңа сұрпын қайнату технологиясын үйренді. 1845 жылдың жазында, Spaten сыра ашытқысы салынған екі қыш құмыраны арнайы ыңғайлап, қалпақ қорабына салып алған Якоб, қарапайым пошта дилижансына отырып, Данияға қайта оралды. Ұзақ жолда ашытқыны суық күйінде сақтап жеткізу үшін, ол жиі тоқтап,


құмыраларды суық суға батырып отырды. Лагердің алғашқы партиясын Я.К. Якобсен анасының жуынатын тегенесінде пісірді. Ары қарай оңтайлы сапасына қол жеткізгенше, ол сыраны қайнататын цехта тазарта берді. Осы лагер сұрпын өндіру үшін сыйымды тоңазытқыш орынжайы бар сыра қайнататын жаңа зауыт қажет болды. Якобсен Копенгагеннің сыртында жаңа сыра зауытын тұрғызып, оның атауының негізіне бес жасар ұлы Карл мен «белес» дегенді білдіретін «bjerg» дат сөзін біріктіріп алды. Осылайша, 1847 ж. Carlsberg компаниясы пайда болды. Тек 21 жылдан соң, алғаш рет Ұлыбританияға экспортқа кеткен кезде ғана Carlsberg маркалы сырасы халықаралық абыройға ие болды.
1867.Сыра қайнататын зауыт үлкен өрттен зардап шекті
Я.К. Якобсен бұл жағдайды пайдаланып, өзінің сыра зауытын қайтадан жетілдіруге бел буды. Ол өнім сапасын жақсартуға және сатуды айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берген суыту жүйесін орнатты. Осы тұста сыра қайнатудың құпияларын меңгерген Якобсеннің ұлы Карл Еуропадан оралды. Ол сыра зауытының енді ғана тұрғызылған бір қанатында жекеменшік сырасының сұрпын қайнату туралы ұсыныс алды. Карл бұл филиалды Ny Carlsberg (жаңа Carlsberg) деп атады. Ең алдымен ол өндіріс көлемін өсіріп, және әкесіне тиесілі зауыт қуаттылығымен шығарылатын сыраны екі есеге қысқарта отырып, нарық сұранысын қанағаттандыруды шешті. Әкесі атауын өзгерткен Gamle Carlsberg (бұрынғы Carlsberg) компаниясының сатылымын Ny Carlsberg компаниясының сатылымы бар-жоғы 10 жыл ішінде басып озды. Карл өз сырасын Carlsberg сауда маркасымен сатты және оның сырасының жарамдылық мерзімінің қысқа болғаны әкесінің көңілінен шықпады. Осының негізінде әкесі мен ұлының арасында отбасылық дау шықты. Я.К. Якобсен өз адвокаттарының көмегімен сот арқылы Карлды филиалды иелену құқығынан айыру мәселесін шешуді талап етіп, сот арқылы оның өндірісінің көлемін шектеуге тырысып бақты. Ол тіптен Карлды сыра зауытының атауын өзгертуге мәжбүрлемекші болды. Сондай-ақ Якоб сауда белгісінің жекеменшік дизайнын қалдыруға талаптанды, бірақ Карл онымен келісуден бас тартты. Ақыр соңында әкесі мен ұлы 1886 жылдың қазан айында, Я.К. Якобсен дүниеден өтер алдында татуласып тынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет