Д. Б. Абулкасова (қолы) (аты-жөні)



бет58/93
Дата05.02.2022
өлшемі1,19 Mb.
#16438
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   93
7 апта.
Дәріс №7
Тақырып: Қазіргі замандағы дүниежүзілік саясаттағы Үндістанның рөлі.
Дәрістің мақсаты: ІІ д.ж. соғыстан кейінгі Үндістанның тәуелсіздігін жариялауы, тәуелсіздігін алғаннан кейінгі Үндістанның саяси даму ерекшеліктері, д.ж. халықаралық қатынастағы орны.
Тірек сөздер: Раджендра Прасад. Дж. Неру, Үнді Ұлттық Конгресі, Лок сабха, Раджья сабха, «5 принцип».
Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:

  1. Үндістанның тәуелсіздігін жариялауы.

  2. «Коломбо жоспары» және оның маңызы (1954 ж.).

  3. 50-70 ж.ж. Үндістанның саяси және экономикалық дамуы.

  4. 80-90 ж.ж. сыртқы саясаты.

1947 жылы 15 тамызда Үндістанның тәуелсіздігі туралы Заң күшіне енеді, ол боынша Үндістанға Британ бірлестігі шеңберінде доминион статусы берілді. Елдің мемлекеттік-құқықтық құрылымына енгізілген өзгертулер оның жаңа тарыхының бастамасы болды. Құрылтай жиналысы өз заңдарын шығару құқығына ие болды.


Үндістан тәуелсіздігін жариялағаннан кейінгі алғашқы жылдарда бірқатар әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жүреді. Осындай өзгерістер қатарына жекелеген ұлттық аудандардың орта және ұсақ буржуазиясын нығайту жатады. Бұл жағдай осы аудандардың ішкі рыногында бір жағынан, ірі буржуазиямен арадағы бәсекелестік күрестің шиеленісуіне, екінші жағынан, ұсақ және орта буржуазияның күресінің шиеленісуіне алып келеді. Осы аталған процесс Үндістандағы штаттарды ұлттық және лингвистикалық негізде қайта құру қозғалыстарын дамытудың басты себебіне айналады. Ірі капиталистік монополиялық буржуазияның күштеуімен Үнді үкіметі және Үнді Ұлттық Конгресі жетекшілері елді тілдік (лингвистикалық) белгілері бойынша қайта құрудан бас тартты. Алайда жаппай күрестердің дамуы нәтижесінде үкімет кейбір талаптарды орындауға мәжбүр болады. 1953 жылы Үндістанның оңтүстігінде тұңғыш ұлттық штат – Андхра Прадеш құрылады. Елдің тұңғыш президенті болып Раджендра Прасад, ал премьер-министр болып – Джавахарлал Неру тағайындалады.
1950 жылы 26 қаңтарда Конституция күшіне еніп, бұл күн Республика күні деп жарияланады. Конституция бойынша Үнді Одағы тәуелсіз парламенттік республика деп жарияланады. Мемлекет басшысы – президент – зор артықшылықтарға ие болады: ол қарулы күштердің бас қолбасшысы, премьер-министрді және орталық үкімет министрлерін тағайындайды, конституция қызметін тоқтата алады.
Заң шығарушы жоғарғы орган екі палатадан тұратын – яғни Халықтық палата (Лок сабха) және Штаттар Кеңесі (Раджья сабха) – Орталық парламент болды. Халықтық палата тікелей сайлау жолымен бес жылға сайланады және уақыты біткен мезгілде құрамы қайта жаңғыртылады. Конституция бойынша, жалпыға бірдей сайлау құқығы енгізіліп, жасы 21-ге толған Үндістан азаматтары сайлауға қатысуға құылы болды (1988 ж. – 18 жасқа төмендетілді). Штаттар Кеңесі тұрақты орган, оның құрамының әр жыл сайын 1/3-і ауысып отырады. Кеңестің жеке депутаттары алты жылға сайланады, Кеңес еш уақытта толықтай қайта сайланбайды.
Тәуелсіз Үндістан халықаралық қатынастарда маңызды роль атқарады. Оның сыртқы саясаты империализмге және отаршылдыққа қарсы сипатқа ие болды. Оның қалыптасуына Дж.Неру үлкен ықпал етеді. Үндістан үкіметі 5 принцип (панча шила) қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі болып, әскери блоктар СЕАТО мен СЕНТО қызметін айыптайды. Үндістан Үндіқытай түбегіндегі жағдайдың тұрақталуына өз үлесін қосады. 5 принцип негізінде КСРО мен Үндістан арасындағы қарым-қатынастар дамиды. 1953 жылы тұңғыш үнді-кеңес сауда келісіміне қол қойылады. Содан бері Үндістан мен Кеңес Одағы арасында тұрақты экономикалық байланыстар орнатылуда. 1971 жылы тамызда бейбітшілік, достық және ынтымақтастық туралы кеңес-үнді Келісіміне қол қойылады. Бұл келісім тек қана саяси, экономикалық және мәдени байланыстардың одан әрі дамуына әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар Үндістанның халықаралық жағдайын нығайтады. Келісім 1971 жылы үнді-пакістан әскери шиеленісін реттеу ісінде маңызды роль атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет