Д. Б. Абулкасова (қолы) (аты-жөні)



бет60/93
Дата05.02.2022
өлшемі1,19 Mb.
#16438
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   93
8 апта.
Дәріс №8
Тақырып: 1918-1945 ж.ж. халықаралық қатынастардағы Осман империясы және республикалық Түркия.
Дәрістің мақсаты: Екі д.ж. соғыс аралығындағы Түркияның саяси даму ерекшеліктерін, елдің тәуелсіздік жолындағы күрестің себептерін, қорытындыларын талдау.
Тірек сөздер: Мудрос келісімі, Уақытша үкімет, Мұстафа Кемаль, ТҰҰЖ.
Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:

  1. Ұлт-азаттық қозғалыстар. Тәуелсіздікті жариялау.

  2. 20-30 ж.ж. Кеңес-түрік қатынастары.

  3. ІІ д.ж. соғыс қарсаңындағы Түркия.

ХХ ғ. бас кезінде Осман империясы өзінің бұрынғы құдіретінен айырылады. Ғасырдың бас кезінде басқа да Шығыс елдері сияқты бірқатар капиталистік елдерге экономикалық және саяси тәуелділікке түседі. Кавказды басып алу кезінде жеңіліске ұшыраған Осман империясы 1918 жылы 30 қыркүйекте Антанта державаларымен Мудрос келісіміне қол қойып, бірінші дүниежүзілік соғыстан шығады.Империалистер Түркияға өз әскерлерін енгізіп, оның халқын құлдыққа түсіріп, ал Түркияның өзін отар елге және Кеңестік Россияға қарсы интервенция үшін базаға айналдыруды ойлайды. Ұлттық буржуазиялық ұйымдардың ішінен ұлт-азаттық күрестерге жетекшілік еткен генерал Мұстафа Кемаль үлкен роль атқарды. Сол кездегі буржуазиялық-революциялық ұлтшылдардың оның атымен «кемалистер» деп атады. Англия және оның одақтастары Түркиядағы оккупациялау аймағын кеңейтеді. Стамбулда және басқа да қалаларда митингілер мен демонстрациялар болып өтеді. 1919 жылдың аяғында сұлтан үкіметі депутаттар палатасына сайлау өткізіп, нәтижесінде ұлтшылдар жеңіске жетеді. 1920 жылдың аяғында Стамбулда депутаттар палатасының отырысы басталады. Алайда 1920 жылы 16 наурызда парламент таратылып, көптеген депутаттар тұтқындалады. Бұған жауап ретінде Мұстафа Кемаль парламент өкілдерін Анкарада өтетін Түркияның Ұлы Ұлттық жиналысының жұмысына (ТҰҰЖ) шақырады. Ұлт-азаттық қозғалыстың дамуындағы маңызды қадам – 1920 жылы 23 сәуірде ТҰҰЖ-ның шақырылуы болды. Елде қосөкіметтілік орнайды: Стамбулда сұлтан билігі орнатылса, ал Кемалистік үкімет Анкараны өз резиденциясына айналдырады. 1920 жылдың жазында анкара үкіметі сұлтан армиясының қалдықтарынан өзінің қарулы күштерін құра бастайды. 1920 жылы қыркүйекте коммунистік ұйымдар мен социалистік топтар бірігіп, Түркия Коммунистік партиясын (ТКП) құрады.


ТҰҰЖ өкіметінің нығаюы Антанта елдерін онымен келіссөздер жүргізуге және түрік ұлтшылдарын Кеңестік Ресейге қарсы күрес үшін пайдалануға итермеледі. Осы мақсатпен одақтастар сұлтан үкіметін және ТҰҰЖ үкіметін Лондондағы конференцияға шақырады. Алайда Лондон конференциясы (1921 ж. ақпан) сәтсіз аяқталғаннан кейін, грек әскерлері Антантаның қолдауымен кемалистерге қарсы күресін өрістетеді. Осындай жағдайда кеңес-түрік келіссөздері сәтті аяқталады. 1921 жылы 16 наурызда Москвада достық туралы кеңес-түрік келісіміне қол қойылады. 1921 ж. аяғы – 1922 ж. басында Анкараға белгілі қолбасшы, саяси және мемлекеттік қайраткер М.В.Фрунзе келеді. 1922 жылдың қыркүйектің ортасында гректер Анатолия территориясынан қуылады. 1922 жылы қазанда Антанта державалары мен Греция Түркиямен Муданья қаласында келісімге қол қояды. Тәуеліздік үшін болған түрік халықтарының күресі оның толық жеңісімен аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет